Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеудің негіздері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Қылмыстық процестегі дәлелдемелер теориясының маңызы

1.1 Дәлелдемелер
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 6
1.2 Дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер теориясындағы
орны ... ... ... ..12
1.3 Қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... 17

2. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеудің негіздері

2.1 Дәлелдемелерді жинау және іс жүргізуге бекіту ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.2 Дәлелдемелерді зерттеу мен бағалаудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.3 Дәлелдеуде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану ... ... ... ... ... ...35

3. Дәлелдемелерді жіктеудің нысандары

3.1 Дәлелдемелердің қатыстылығы және іске жіберілуі ... ... ... ... ... ... ... .42

3.2 Дәлелдемелер мен процессуалдық ақпараттың арақатынасы ... ... ... ... ..47

3.3 Дәлелдеу тақырыбы және дәлелдеу шектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62

Кіріспе

Дәлелдеме сот әділдігінің басты сипаты. Сот ісін жүргізуді жүзеге
асыратын адамдар мен органдардың бүкіл қызметі іс бойынша шындықты
анықтауға және осы арқылы істі әділетті шешуге бағытталған. Дәлелдемесіз
нақты адамға үкім шығаруға құқықтық негіз жоқ.
Келтірілген түйінді жағдайлар қылмыстық процесте дәлелдеме ұғымын заңды
түрде бекітудің негізіне алынған болатын. Мәселен ҚІЖК-нің 115 – бабында
былай деп жазылған: Осы негізде анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот осы
Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын,
айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және
айыпталушының кінәлілігін не кәнілі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс
шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс
жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады[2, 38
бет].
Сонымен, дәлелдеменің белгілері мыналар болып табылады:
дәлелдемелердің ҚІЖК-не сәйкес жолмен алынуы;
дәлелдемелерде анықталатын жағдайларға қатысы бар іс жүзіндегі деректердің
болуы;
дәлелдемелерді жинақтау және солардың негізінде қылмыстық жазаға жататын
әрекеттің бар екендігін немесе болмағандығын анықтау;
мұндай анықтауды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың ғана
құқығына беру;
жасады деп айып тағылып отырған әрекетте адамның кінәлі екендігін не
кінәсіздігін анықтау.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымында соңғы уақытқа дейін дәлелдемені
құқықтық категория ретінде түсінуде бірлік болмады. Осыған байланысты үш
көзқарас қалыптасқан
1. Дәлелдеме екі жақты табиғаты бар категория. Бір жағынан бұл
фактілер, ал екінші жағынан фактілердің көздері. Бұл ілім дәлелдемені екі
жақты түсіну деген атақ алады.
Осы көзқарасты негіздей отырып М.С. Строгович былай деп жазады:
Дәлелдеме ұғымының екі мағынасы бар. Дәлелдеме бұл біріншіден, қылмыстың
болғандығы немесе болмағандығы, оны жасаудағы белгілі бір адамның
кінәлілігі немесе осы адамның жауапкершілік деңгейіне байланысты болатын
істің басқа да жағдайлары анықталатын фактілердің бір тобы. Екіншіден,
заңда қарастырылған көздер дәлелдемелер болып табылады, олардан тергеу мен
сот іс үшін маңызы бар фактілер туралы мәліметтер алады және сол арқылы осы
фактілер анықталады.
2. Іс жүзіндегі деректерді және олардың іс жүргізу көздерінің бірлігіне
сүйенеді.
3. Іс жүргізу дәлелдемелерінің мәнісін ғылыми пайымдаудағы үшінші
бағыты – дәлелдемелерді қылмыстық іс жүргізу заңдары белгілеген көздерден
алған іс жүзіндегі деректерді дәлелдемелер ретінде танудан тұрады.
Дәлелдемелер мен олардың көздері өзара байланысты, бірақ сәйкес келмейді.
Дәлелдемелерді жіктеудің теориялық та, практикалық та маңызы бар.
Теориялық маңызы мынадан көрінеді: жіктеу зерттелетін объектілерге жүйелік
көзқарастың негізі болып табылады. Қызмет ретінде дәлелдеу процесінің
күрделілігі мен әр қилылығына, іс жүргізушілік дәлелдеуге тартылатын
объектілердің шексіздігіне, сондай-ақ дәлелдемелер мен мазмұнының алуан
түрлілігіне байланысты дәлелдемелерге қатысты бұл өте маңызды.
Дәлелдемелерді жіктеудің практикалық маңызы туралы айта кетіп А. А. Хмыров
былай деп атап өтеді: "оларды жинаудың, зерттеудің және бағалаудың
ерекшеліктерін алдын ала анықтайды, жекелеген дәлелдемелер түрлерінің, іс
жүргізушілік режимін, соңдай-ақ оларды пайдаланудың жолдары мен әдістерін,
олардың дәлелдеудегі маңызын дұрыс анықтауға көмектеседі. Жіктеу істің мән-
жайын жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеуге жәрдемдесуі тиіс
және жинақталған дәлелдемелер жиынтығын бір жүйеге түсіруге, дәлелдеуге
жататын іс жағдайларының қайсысы жеткілікті түрде толық анықталғанын,
қайсысы әлі де анықталмағанын не қосымша нақтылануға мұқтаж екенін білуге
көмектеседі".
Жоғарыда аталған негіздерге сәйкес дәлелдемелердің жіктелуі мен олардың
негіздері, дәлелдеудің шарттары туралы қарастыра отырып біз аталған
мәселелерді талдап көрсетіп оның негіздерін айқындауды мақсат еттік.
Осылайша Дипломдық жұмыс үш тарауға бөлініп қарастырылды. Соңында қорытынды
негіздемелерге сәйкес ұсыныстар арқылы айшықталып, қолданылған
әдебиеттердің тізбесі берілді.
Дипломдық жұмыстың зерттеу деңгейі қылмыстық іс жүргізу барысындағы
дәлелдемелерді жинау және іс жүргізуге бекіту, дәлелдемелерді зерттеу мен
бағалаудың маңызын, дәлелдеуде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға
қатысты қолданылуы мәселелеріне байланысты теориялық және тәжірибелік
мәліметтер жан – жақты талқыланып, қарастырылды.
Жұмысты жазу барысында қазақстандық осы мәселені зерттеуші ғалымдардың
еңбектері қолданылды. Еңбектері қолданылған мынадай авторларды атап
көрсетуге болады Төлеубекова Б.Х., Сулейменова Г.Ж. Сарсенбаев Т.Е.,
Алауханов Е.О., Аубакиров А.А. т.б.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің
қатыстылығы және іске жіберілуін, дәлелдемелер мен процессуальдық
ақпараттың арақатынасын, дәлелдеу тақырыбын және дәлелдеу шектерін
қарастыру.
Жұмыстың негізгі міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес
келесідей міндеттерді алға қою мен шешу:
- қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер ұғымы мен олардың маңызын
анықтау;
- қылмыстық іс жүргізу құқығындағы дәлелдеу құқығы және оның
дәлелдемелер теориясындағы орнын айқындау;
- қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұнын айқындау;
- дәлелдемелерді жинау және іс жүргізуге бекітудің, оны зерттеу мен
бағалаудың маңызын көрсету;
- дәлелдеуде пайдаланылатын ғылыми-техникалық құралдарды көрсету;
- дәлелдемелердің қатыстылығы мен іске жіберілуін, дәлелдемелер мен
процессуалдық ақпараттың арақатынасын ашып көрсету;
- дәлелдеу тақырыбы және дәлелдеу шектерін айқындау
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде Қазақстан
Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс
жүргізу кодексі және т.б. ғылыми еңбектер мен зерттеу жұмыстары
пайдаланылды.
Зерттеу барысында теориялық деректер мен тәжірибелік фактілерге іс
жүзіндегі фактілерге жүйелі түрде талдау жасау, синтездеу және топтастыру
әдістері қолданылады.
Зерттеу объектісі қылмыстық іс жүргізу заңдары мен заң нормаларын
саралау болып табылады.
Зерттеу пәні қылмыстық іс жүргізу заңдарын топтастыруға байланысты
қатынастар саналады.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы: Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы дәлелдеу
құқығы және оның дәлелдемелер теориясындағы орнын, қылмыстық процестегі
шындықтың ұғымы мен мазмұнын зерттеп-зерделеуді жаңаша заңдық-теориялық
тұрғыдан келіп, оны жеке тақырып ретінде қарауымыздан көрінеді. Сонымен
бірге зерттеудің ғылыми жаңалығының тағы біріне жататын жай ол,
дәлелдемелерді жинау және іс жүргізуге бекітуді тәжірибе жүзінде жасасу,
оны зерттеу мен бағалаудың маңызы, дәлелдеу шегіне байланысты әдістемелік-
нормативтік актілерді зерделеу болып табылады.
Бұл жұмыстың зерттелуінің практикалық негіздері: дипломдық зерттеу
нәтижелері дәлелдемелерді жинау және іс жүргізуге бекіту, зерттеу мен
бағалаудың маңызы бойынша зерттеуде ғылыми мақсатта және оқытушылық
мақсатта қолданылуы мүмкін.
Дипломдық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші тарауда, қылмыстық процестегі дәлелдемелер теориясының маңызы,
дәлелдемелер ұғымы, дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер теориясындағы
орны, қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны қарастырылады.
Екінші тарауда, қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеудің негіздері,
дәлелдемелерді жинау және іс жүргізуге бекіту, дәлелдемелерді зерттеу мен
бағалаудың маңызы, дәлелдеуде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану
қарастырылады.
Үшінші тарауда, дәлелдемелерді жіктеудің нысандары, дәлелдемелердің
қатыстылығы және іске жіберілуі, дәлелдемелер мен процессуалдық ақпараттың
арақатынасы, дәлелдеу тақырыбы және дәлелдеу шектері қарастырылады. Зерттеу
нәтижесі мен ұсыныстар қорытындыда қарастырылған.
1. Қылмыстық процестегі дәлелдемелер теориясының маңызы

1.1 Дәлелдемелер ұғымы

Құрылым деп қандай да бір біршама тұйық жүйенің құрамдас бөліктерінің
өзара орналасуы мен байланысын, оның ішкі құрылысын түсіну қабылданған.
Қылмыстық іс жургізу курсының бағдарламасы, оның құрылымы мен ішкі
өзара тәуелді логикасы — тұтас алғанда қылмыстық сот ісін жургізудің мәні
мен мазмұнын айқындайтын, өз алдына нормалар жиынтығы болып табылатын
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің құрылымымен байланысты.
Сонымен бірге бұл — дәйектіліктің таза сыртқы сипаты бар қылмыстық іс
жүргізу нормаларын дәйекті түрде қылмыстық іс жүргізу Құқығының мәнін
пайымдау, түсіну дегенді білдірмейді. Сөз болып отырған жағдайда логикалық,
ұғымдық, мәнділік дәйектілігі сақталуға тиіс. Қозғалыс қарапайымнан
күрделіге, механикалық дәйектілікпен өрбитін логикалық дәйектілікті толық
сайма-сай келтірудің мүмкін еместігі кез келген салалық заңдардың
ерекшелігі болып табылады. Бұл белгілі бір ұғымды ашып көрсетуге кірісе
отырып, біздің ҚІЖК-нің тарауларындағы баптарды, сондай-ақ мәселені түсіну
үшін қажетті құқықтық негізді құрайтын, түрлі заң актілерінде бекітілген
нормаларды мысал ретінде алатынымызды білдіреді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы құрылымы жағынан Жалпы және Ерекше
бөлімдерге бөлінеді. Мұндай бөлудің екі ұдайы сипаты болады.
Бір жағынан Қылмыстық іс жүргізу кодексі кұрылымының ерекшелігін
білдіреді, мұның өзі қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымынан тар.
Екінші жағынан мұндай саралау әдістемелік тұрғыдан орынды.
Жалпы бөлім қылмыстық іс жүргізудің құқық жүйесіндегі мақсаттары,
міндеттері және орны көзқарасы тұрғысынан онын тұжырымдамасын айқындайтын
негізгі, принципті түрде маңызды және елеулі ережелерді ашып көрсетуге
арналған. Жалпы бөлім құқықтың қызмет түрі мен саласы ретінде қылмыстық іс
жүргізудің мәні мен мазмұнына тұтас түсінік береді. Жалпы бөлімнің
тұжырымдамалық ережелері Ерекше бөлімді құрудың іргетасы және әділ сот
мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдаланылатын әдістер мен тәсілдерді
түсінудің кілті болып табылады. Жалпы бөлімде қаланған категориалдық,
институционалдық ұғымдар Ерекше бөлімде ортақ мақсаттағы бірқатар істердің,
ұғымдары түріңде, яғни, белгілі бір іс жүргізу әрекеттерінің
(операциялардың, рәсімдердің) тәртібі мен дәйектілігі туралы нақты құқықтық
ұйғарымдар түрінде өзінің дамуын табады.
Сонымен, Қылмыстық іс жүргізу құқығының Жалпы және Ерекше бөлімдері
өзара тек пен түр ретінде қатынасып, тектік басталуы (анағұрлым кең
ауқымды, жан-жақты қамтитын) Жалпы бөлімге тиесілі болады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының Жалпы және Ерекше бөлімдерінің
біртұтастығы қылмыстық іс жүргізу заңдарының мәні мен мазмұнының
біртұтастығымен, әр түрлі деңгейде болғанымен екі бөліммен де реттелетін
тәсілдер мен әдістер арқылы қол жеткізілетін және шешілетін мақсаттар мен
міндеттердің ортақтығымен алдын ала белгіленген [3, 79 бет].
Мысалы ҚІЖК-нің "Қылмыстық ізге түсу" атты 3-тарауында іс жүргізу
қызметінің түрі ретінде қылмыстық ізге түсу ұғымын тұжырымдауға,
материалдық-құқықтық негізге байланысты қылмыстық ізге түсуді жіктеуге,
қылмыстық ізге түсу функцияларын жүзеге асырудың сыртқы көрінісі мен
өлшемдерін белгілеуге және т.т. мүмкіндік беретін ортақ нормалар бар. Осы
тараудың өзегі "Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырудың жалпы шарттары" атты
36-бап болып табылады. Сонымен, тарау мен ондағы бар баптардың атауларының
өзі, ұйғарымнамаларды баяндау сипаты осы тарауда қаланған нормаларды
қорытындылаудың деңгейі туралы баяндайды. Атап айтқанда 36-баптың 1-
бөлігінде былай деп жазылған:
"Қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындау мақсатында қылмыстық
ізге түсу органы өз құзыреті шегінде қылмыстың белгілерін тапқан әрбір
жағдайда қылмыс оқиғасын белгілеуге, қылмыс жасауға кінәлі адамдарды
анықтауға, оларды жазалауға заңмен көзделген барлық шараларды қолдануға,
сонымен бірдей кінәсіз адамдарды ақтау шараларын қолдануға міндетті".
Қылмыстық ізге түсу процедурасын тікелей баяндау "Қылмыстық іс бойынша
сотқа дейінгі іс жүргізу" атты 6-бөлімде дербес-түрде баяндалған, дұрысын
айтқанда осы сөз болып отырған тұстан ҚІЖК-нің Ерекше бөлімі басталады.
Баптардың қарапайым тізбесі ("Қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздер",
"Алдын ала тергеудің міндеттілігі", "Алдын ала тергеу жүргізудің басталуы",
"Алдын ала тергеудің аяқталуы", "Прокурордың алдын ала тергеу барысындағы
өкілеттіктері" және басқалары) Жалпы бөлімде бекітілген тектік ережелерді
терең түрде егжей-тегжей нақтылайды [4, 117 бет].
ҚІЖК-нің Жалпы бөлімі басты, негізге алынатын ережелердің жиынтығын
білдіре отырып, Ерекше бөлім ауқымында қылмыстық іс жүргізу тәсілдері мен
әдістерін құралдық тұрғыдан дамытуға арналған негізді құрайтын институттар
мен ұғымдардың тізбесінде қамтиды. ҚІЖК-нің Жалпы бөлімі бес бөлімнен
тұрады, олар:
1. Негізгі ережелер;
2. Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік оргаңдар мен тұлғалар;
3. Дәлелдемелер және дәлелдеу;
4. Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары;
5. Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер.
ҚІЖК-нің Ерекше бөлімі жеті бөлімнен тұрады:
6. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу;
7. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу;
8. Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау;
9. Сот шешімдерін орындау;
10. Соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс
жүргізу;
11. Қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің
ерекшеліктері;
12. Айрықша іс жүргізу.
Аталған бөлімдердің әрқайсысы тарауларға бөлінген. Олардың ҚІЖК-дегі
саны — 56. Әр тарауға баптар біріктірілген, олардың саны реттелетін
құқықтық қатынастардың көлеміне байланысты өзгеріп отырады.
Құрылым сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізуді реттейтін заңдар
жинағындағы не Кодекстің бөлігіндегі нақты норманың орнын белгілеуді
білдіреді, мұның айта қаларлықтай әдістемелік және практикалық маңызы бар.
Біріншіден, бұл реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесінің иерархиясын
тәртіптеу үшін жағдайлар туғызады.
Екіншіден, оның нормативтік ұйғарымдардың кезектілігін де білдіреді,
өйткені кезектілік сақталмаса іс жүргізу құбылыстарын түсінуде хаос тууы
мүмкін (мәселен, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу туралы бөлім
бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу туралы бөлімнің алдында болуға тиіс).
Үшіншіден, қылмыстық іс жүргізудің құқықтық қатынастарына қатысты нақты
көріністердің ережелердің жалпы жинағындағы орнын білу тікелей іс жүргізу
қызметінде уәкілетті органдардың қажетті ұйғарымдарды таңдау кезінде
практикалық дұрыс бағдар ұстануына көмектеседі [5, 49 бет].
А. М. Лариннің пікірі бойынша ҚІЖК-нің құрылымын ішкі және сыртқы деп
саралауға болады. Ішкі құрылым дегеніміз — ҚІЖК-нің Жалпы және Ерекше
бөлімдерінің арасындағы, сондай-ақ бөлімдердің, тараулардың, баптардың,
бөліктердің және баптардың тармақтары арасындағы қатынастар. ҚІЖК-нің
сыртқы құрылымы дегеніміз — басқа заңдармен және осы сала мен аралас
салаларға жататын заңға тәуелді нормативтік актілермен, сондай-ақ кешенді
заңдармен байланысты білдіреді.
ҚІЖК — толып жатқан түрлі жақтарды, жай-жапсарларды қамтитын күрделі,
ауқымды, сан мағыналы құбылыс. Оның мәніне әр түрлі анықтама берілуінің
себебін осымен түсіндіруге болады. Дәстүрлі көзқарас — қылмыстық іс жүргізу
құқығының ережелер (нормалар) заңында көрсетілген, қылмыстық процесс
мақсаттарына жету мен міндеттерін шешу мақсатында қылмыстық істерді тергеу,
қарау және шешу жөніндегі қызметті реттейтін әлеуметтік-шартты жүйе деп
түсіндіреді.
Кеңестік кезеңдегі құқық дамуының энциклопедиялық анықтамасы мынаған
саяды:
- қылмыстық іс жүргізу құқығы — өз нормалары қылмыстық істерді
қозғауға, алдын ала тергеуге, сотта қарауға байланысты қызметті, оның,
тәртібі мен мазмұнын реттейтін құқық саласы;
- оның тәртібі мен мазмұны;
- бұл жағдайда пайда болатын құқық қатынастары. Ал құқық саласы —
өздері реттейтін бір тектес қоғамдық қатынастар ортақтығы біріктірген құқық
нормалары мен институттардың ерекшеленген тобы. Басқа салалар арасында
қылмыстық іс жүргізу құқығы іргелі салаға жатады.
Құқықтық реформа кезеңіндегі энциклопедиада қылмыстық іс жүргізу құқығы
— қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тәртібін белгілейтін және алдын ала
тексеру, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының қылмыстық іс
қозғау, тергеу, үкімді орындаумен байланысты мәселелерді сотта қарау және
сотта шешу жөніндегі қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі деп
белгіленген.
Дәлелдеме ұғымының екі жақты сипаты болады:
а) тектік сипаттағы философиялық ұғым;
ә) түрлік сипаттағы іс жүргізу құқықтық ұғымы.
Философия көзқарасы тұрғысынан дәлелдеме дегеніміз – шындықты
анықтаудың процесі (әдісі), пайымдаудың шынайылығын негіздеу. Кең
мағынасындағы дәлелдеме қандай да бір пайымдаудың шынайылығын айқындайтын
кез келген рәсім, бұл кейбір қисынды пайымдауларды, кейбір табиғи
құбылыстар мен заттарды сезім арқылы қабылдау жолымен жүзеге асырады. Тар
мағынасында – бұл шынайы алғышарттардан дәлелденетін тезистерге бастайтын
дұрыс ой қорытындыларының тізбегі [6, 11 бет].
Сонымен, философиялық түсінік дәлелдемені екі мағынада қамтиды: а)
дәлелдеме—шындықты анықтаудың процесі не әдісі; ә) дәлелдеме — тану мен
бағалаудың статистикалық объектісі.
Дәлелдеме ұғымының қылмыстық іс жүргізуінің мәнін формальды қисынмен
жұмыс істейтін дефинициядан (анықтаудан) ажырата отырып, А. И. Трусов былай
деп жазды: "...Сот дәлелдеуде жалаң ойлармен ғана емес, ең әуелі
фактілермен жұмыс істейді" [7, 91 бет].
Ол соттық дәлелдемелердің мынадай негізгі белгілерін негіздейді:
соттық дәлелдермен іс жүзіндегі деректерді білдіреді;
жалпы кез келген іс жүзіндегі деректер соттық дәлелдемелер болып
танылмайды, нақты көмегімен жағдайды айқындауға септігі тигендері,
қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы барлары ғана соттық дәлелдемелер бола
алады;
соттық дәлелдемелер арқылы заңда көзделген қылмыстық іс жүргізушілік
нысандарда, яғни белгілі бір тәртіппен фактілер анықталады немесе жоққа
шығарылады.
Р. С. Белкиннің пікірі бойынша "жинақталған, зерттелген және бағаланған
дәлелдемелер дәлелдеудің, яғни шындықты анықтаудың мақсатына қол жеткізудің
құралы ретінде қызмет етеді.
Дәлелдеме — шындыққа көз жеткізудің құралы". Сонымен бірге "дәлелдеме
шындықты жасаудың құралы емес"[8, 57 бет].
Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің мәні туралы жалпы түсінік шыңдықты
тану процесімен өзара байланысқа түскен кезде дәлелдеме — қылмыстық іс
жүргізу құқығының аса маңызды сипаттарының бірі болып табылады деп айта
аламыз.
Дәлелдеме сот әділдігінің басты сипаты. Сот ісін жүргізуді жүзеге
асыратын адамдар мен органдардың бүкіл қызметі іс бойынша шындықты
анықтауға және осы арқылы істі әділетті шешуге бағытталған. Дәлелдемесіз
нақты адамға үкім шығаруға құқықтық негіз жоқ.
Келтірілген түйінді жағдайлар қылмыстық процесте дәлелдеме ұғымын заңды
түрде бекітудің негізіне алынған болатын. Мәселен ҚІЖК-нің 115 – бабында
былай деп жазылған: Осы негізде анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот осы
Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын,
айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және
айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс
шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс
жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Сонымен, дәлелдеменің белгілері мыналар болып табылады:
дәлелдемелердің ҚІЖК-не сәйкес жолмен алынуы;
дәлелдемелерде анықталатын жағдайларға қатысы бар іс жүзіндегі деректердің
болуы;
дәлелдемелерді жинақтау және солардың негізінде қылмыстық жазаға жататын
әрекеттің бар екендігін немесе болмағандығын анықтау;
мұндай анықтауды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың ғана
құқығына беру;
жасады деп айып тағылып отырған әрекетте адамның кінәлі екендігін не
кінәсіздігін анықтау.
Заң іс үшін маңызы бар іс жүзіндегі дерек көздерінің толық тізбесін
белгілейді. Мұндай көздер қатарына сезіктінің, айыпталушының,
жәбірленушінің, куәгердің жауаптары; сарапшы қорытындысы; заттай айғақтар;
іс жүргізудің хаттамалары және өзге де құжаттар жатады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымында соңғы уақытқа дейін дәлелдемені
құқықтық категория ретінде түсінуде бірлік болмады. Осыған байланысты үш
көзқарас қалыптасқан
1. Дәлелдеме екі жақты табиғаты бар категория. Бір жағынан бұл
фактілер, ал екенші жағынан фактілердің көздері. Бұл ілім дәлелдемені екі
жақты түсіну деген атақ алады.
Осы көзқарасты негіздей отырып М.С: Строгович былай деп жазады:
Дәлелдеме ұғымының екі мағынасы бар. Дәлелдеме бұл біріншіден, қылмыстың
болғандығы немесе болмағандығы, оны жасаудағы белгілі бір адамның
кінәлілігі немесе осы адамның жауапкершілік деңгейіне байланысты болатын
істің басқа да жағдайлары анықталатын фактілердің бір тобы. Екіншіден,
заңда қарастырылған көздер дәлелдемелер болып табылады, олардан тергеу мен
сот іс үшін маңызы бар фактілер туралы мәліметтер алады және сол арқылы осы
фактілер анықталады [9, 44 бет].
2. Іс жүзіндегі деректерді және олардың іс жүргізу көздерінің бірлігіне
сүйенеді.
3. Іс жүргізу дәлелдемелерінің мәнісін ғылыми пайымдаудағы үшінші
бағыты – дәлелдемелерді қылмыстық іс жүргізу заңдары белгілеген көздерден
алған іс жүзіндегі деректерді дәлелдемелер ретінде танудан тұрады.
Дәлелдемелер мен олардың көздері өзара байланысты, бірақ сәйкес келмейді.
Сонымен, "дәлелдеме" категориясының мазмұны іс жүргізу мағынасында екі
жағдайдан қалыптасады:
1) дәлелдеме—бұл іс жүзіндегі деректер;
2) іс жүзіндегі деректер өздерінің көздерімен тығыз байланыста болады,
бірақ олармен сәйкес келмейді және дербес сипаты болады.
Л. М. Карнееваның пікіріне қайта оралсақ, дәлелдеме ретінде іс
жүзіндегі деректер" мәнін түсінуде бір ауыздылығымен ерекшеленбейді.
Әдебиетте үш бағытты байқаймыз.
М. А. Чельцов, М. С. Строгович, Р. Г. Домбровский жақтайтын бірінші
бағыт іс жүзіндегі деректерді фактілер ретінде ғана түсіндіреді.
Бұл түсінікке қарама-қайшы Л. Д. Кокорев, П. С. Элькинд, Ф. Н.
Фаткуллин фактілер туралы мәліметтерді де, тергеуші және сот тікелей
қабылдайтын дәлелдемелік фактілерді де іс жүзіндегі деректердің мазмұнына
қосады.
Және ақырында, біз жоғарыда атап өткендей, П. М. Карнеева фактілердің
өзін емес, фактілер туралы мәліметтерді ғана іс жүзіндегі деректер деп
түсінуді ұсынады [10, 58 бет].
Соңғы көзқарас мынадай түсініктер бойынша дұрыс.
1. Қылмыстық сот ісін жүргізу шектерінен тыс қарапайым, жалпы түрдегі
іс жүзіндегі деректер — өткен уақытта шын мәнінде орын алған оқиғалар
туралы ақпарат, яғни бұл объективті түрдегі шындықтың өзіне тән көрінісі.
Мәселен, қылмыскер мүлік ұрлады делік. Факт ретінде ұрлық, біздің
еркіміз бен санамыздан тыс өз алдына жеке тұрады.
Осы факті туралы тергеу органдарына белгілі болған сәттен бастап
тергеушінің алдында, сөз жоқ, өткен уақыт бейнесін қалпына келтіру және оны
іс жүргізушілік жолмен бекіту міндеті туындайды.
Өткен уақыттың бейнесі таным, яғни адам санасында көрініс табу жолымен
қалпына келуі мүмкін. Бірақ осы өткен уақыт бейнесін тергеуші де сот та
тікелей қабылдай алмайды. Бұл жерде ойша елестету ғана орын алуы мүмкін.
2. Заттық айғақтар фактілер болып табылады деген пікір қате..
Мәселе мынада, олар заттық әлемнің бұйымдары болып табылатындықтан қандай
да бір фактінің орнына жүрмейді, бар болғаны өткен уақытта орын алған
әрекеттің іздерін сақтайды.
3. Қылмысқа байланысты фактілерді қабылдаған адамдардың жауаптары басқа
ештеңе де емес, олар өздері қабылдаған оқиға туралы мәліметтерді хабарлау
ғана. Бұл жерде субъективті фактор да аз рөл ойнамайды (құлағының нашар
естуі, көз жанарының әлсіздігі, мінез-құлқының ырықсыздығы, қорқыныш,
қиялға берілу бейімділігі және т.т.). Мұның бәрі олар хабарлайтын
мәліметтердің мазмұнына өз ізін қалдырады. Субъективтік факторлардың
ықпалы, сондай-ақ бірыңғай фактілер және фактілер туралы мәліметтер ретінде
түсінуге мүмкіндік бермейді (фактілер туралы мәліметтер фактілердің
өздерімен сәйкес келмеуі мүмкін) [11, 118 бет].

1.2 Дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер теориясындағы орыны

Қылмыстық іс жүргізу құқығы өз жүйесі, оның өзара байланыстары мынадай:
1) құқық нормасының элементтері арасында;
2) құқық институттарына біріккен нормалар арасында;
3) қылмыстық процесс кұқығы саласының институттары арасында;
4) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен құқықтың өзге де сабақтас салалары
арасында. Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығы құрылымы сыртқы қасиеттерді
көрсетсе, жүйе оның мазмұнды жағын бейнелейді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының іргелі салаларға жатқызылуы олардың
диалектикасындағы ішкі заңдылықтарды танып-білуге, іс жүргізу нұсқаулары
логикасының ғылыми тұрғыдан әзірленуіне, нақ соған тән әдістер мен құралдар
көмегімен құқық қолдану практикасының қажеттеріне ғана емес, сондай-ақ
нақты құқық қатынастарының даму дәрежесіне сай келетін іс жүргізу
новеллаларын конструкциялау мүмкіндігіне байланысты мақсаттар мен
міндеттердің болуымен айқындалады, бұл жердегі даму дәрежесі қоғамдық
қатынастардың даму дәрежесінің туындысы болып табылады. Қылмыстық процесті
қызмет түрі ретінде де, ғылым ретінде де, құқық саласы ретінде де дамытудың
басты бағыттарын таңдау өзіне негізделген қажетті теориялық база жасау
іргелі білімдер саласына жатады. Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесіндегі
өзара байланыстардың екінші және үшінші дәрежелеріне келетін болсақ, бұл
жерде негізгі орын қылмыстық іс жүргізу институты ұғымына берілген [12, 87
бет].
Қылмыстық іс жүргізу институты қатынастардың нақты саласын реттейтін,
тек сол қатынастарға тән ерекшеліктерді біріктіретін заң нормаларының
жиынтығы болып табылады.
Құқық институты — қоғамдық қатынастардың біршама дербес жиынтығын
немесе олардың әлдебір құрамдас бөліктерін, қасиеттерін реттейтін өзара
байланысты нормалар жүйесі екенін негізге алатын болсақ, онда қандай да
болсын институттың мәнін түсіну құқықтың сабақтас салаларынан ғана емес,
сондай-ақ білімнің сабақтас салаларынан (мысалы, философиядан,
саясаттанудан, социологиядан және т.т.) бастау алатын ұғымдарға жүгінуді
қажет етеді. Қылмыстық іс жүргізу институттары ішкі құрылымдары бойынша
қарапайым институттан көп сатылы институтқа дейін түрленеді. Құқық
институтының бірыңғай құрылымы жоқ және ондай құрылым орнатуға болмайды.
Сонымен бірге құқық саласының тұтастығы мен толықтығы, құқық нұсқамалары
жүйесінің ішкі қисындылығы мен үйлесімдігі туралы мәселенің шешімі құқық
институттарының қандай дәрежеде әзірленуіне байланысты, оның өзі сайып
келгенде құқық қолданудың тиімді болуына әсер етеді.
Күрделі, көп сатылы құрылымы бар қылмыстық іс жүргізу институттарына
жататындары:
қорғау,
азаматтық талап,
айыптау институттары.
Олар ұғым, категория сияқты шағын элементтер жиынтығынан құралып қана
қоймайды, сонымен бірге қарапайым құрылымы бар өзге институттарды да
қамтиды.
Қарапайым құрылымы бар институттарға жәбірленуші, сезікті, айыпкер,
азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, куә, сарапшы, маман институттары
жатады. Осы институттардың ерекшелігі — олар іс жүзінде іс жүргізу құқығы
қатынастарын реттейді, ол қатынастардың сипаты сот ісіне қатысушы ретінде
сол тұлғалардың құқықтық мәртебесін негізге ала отырып анықталады.
Қылмыстық іс жүргізу институттарының қарапайым және күрделі
құрылымдарының арақатынасын мына мысалдан байқауға болады құрылымы күрделі
азаматтық талап институты өз құрамына құрамдас элементтер ретінде азаматтық
талап етуші институтын, азаматтық жауап беруші институтын қамтиды, оларда,
тиісті азаматтық талап етуші мен азаматтық жауап берушілердің құқықтық
мәртебесін айқындайтын қарапайым құрылым бар. Мұнымен қатар азаматтық талап
институты бірқатар ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып іс-қимыл жасайды
[13, 62 бет].
Қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымы реттелетін қатынастарды бөліп
шығарып, іс жүргізу институттарына жатқызуға мүмкіндік беретін өлшемдер
белгілеген. Ондай өлшемдер мыналар:
нормалар тобының мазмұны мен реттелетін қатынастар шеңберіндегі олардың
жалпы бағытының бірлігі;
іс жүргізу қатынастарының нақты саласын реттеудің аяқталғандығы, тұтастығы;
нақ осы қатынастарды реттеу үшін қолданылатын принциптердің, іс жүргізудің
ерекше әдістері мен құралдарының болуы;
— нормалардың бөлім, тарау не бірқатар баптарда берілген бөліктер
түріндегі (сиректеу — дербес құқықтық акті түріндегі) нормативтік-құқықтық
акті шеңберінде сырттай, құрылымдық жағынан жекеленуі.
Қылмыстық іс жүргізу институтын тек кең ауқымды түсінік базасы
негізінде ғана ұғынуға, қабылдауға және дамытуға болады.
Қылмыстық іс жүргізу ұғымы — қылмыстық іс жүргізу институттарының
мазмұнын құрайтын элементтердің мәні туралы жинақталған ұғым беретін
формула. ҚІЖК-нің 43 тармақтан тұратын 7-бабы негізгі ұғымдарға түсінік
беруге арналған. Алайда оның өзі қылмыстық іс жүргізу құқығында қылмыстық
іс жүргізу институттарының мәнін түсінуге көмектесетін 43 ұғым ғана бар
екенін білдірмейді. Ұғымдар әлдеқайда көп. Олардың ҚІЖК-нің басқа
нормаларында болуы мүмкін. Мысалы, іс жүргізушілік мәжбүрлеу институттарына
байланысты ұғымдар "Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары" деген 4-бөлімнің
түрлі баптарында берілген: ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы
қолхат беру (144-бап), жеке кепілдік (145-бап), кепіл (148-бап), алып келу
(158-бап).
Іс жүргізу құқығы ұғымы мен институтының қайсысы бастапқы екені
жөніндегі сұрақтың шешімі методологиялық құндылық болып табылады. Бұл
сұраққа бір мағыналы жауап жоқ. Институттардың бірі дамыған ұғымдар
негізінде қалыптасқан, сондықтан соңғыларына қосымша сипатта болады. Басқа
институттар, жан-жақты талдап жетілдірілгендіктен, жаңа ұғымдар тұжырымдау
үшін өздері негіз болады, өйткені дәстүрлі формулаларды түрлендіру
мақсаттарына қызмет етеді, бұл жағдайда олар ұғыммен салыстырғанда бірінші
орынға қойылады. Бұл деңгейдегі білім қылмыстық іс жүргізу проблемаларын
талдау кезінде перспективаны анықтау үшін қажет. Егер институт бастапқы
болса, онда заңға енгізу үшін ұсынылып отырған ереже, әзірше болжам
болғандықтан, міндетті түрде ресми мақұлдауды қажет етеді. Яғни норманың
тиімділігі өмірге икемділігі құқық колдану тәжірибесінің жинақталуына қарай
айқындалатын болады. Егер институт соңғы болса, құқыққа енгізілетін ұғымды
құқық қолдану практикасы өмірге әкелген объективті қажеттілік деп ойлауға
негіз бар. Мысалы, айып ұғымы бастапқы болғандықтан, айыптау институтын
қалыптастыруға негіз болды. Ал айыптау институты, өз тарапынан, кінәлілік
ұғымын дамыту мен одан әрі жетілдіруге негіз болды [14, 137 бет].
Қылмыстық іс жүргізу құқығының жүйесіне сабақтас құқық салаларының
категориялдық аппаратын тарту тән. Мысалы, азаматтық талап қою институты
азаматтық-құқықтық қатынастар саласындағы ұғымдарға сүйенеді. Құқықтағы осы
кірігу құбылысы объективті сипатта болып, ұлттық құқық жүйесінің тұтастығын
дәлелдейді, оның түрлі элементтері өзара ішкі логикамен байланысты, бірін-
бірі толықтырып, байытады, форма мен мазмұн бірлігін сақтайды.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық іс жүргізу заңы арасындағы
арақатынасты түсіну жалпы құқық пен заң арақатынасын түсінумен байланысты.
Егер құқық — мемлекет күшімен қорғалатын жалпыға міндетті әлеуметтік
нормалар жүйесі болса, заң осы "мемлекет күшінің" аса маңызды құрамдас
бөлігі болып табылады. Бұл жағдайда заң, бір жағынан, нормативтік-құқықтық
актілердің түгелдей бәрі деп түсінілсе, екінші жағынан ол — мемлекеттік
өкіметтің ең жоғарғы өкілетті органы қабылдаған нормативтік акті. Заңдар
мемлекеттің құқық жүйесінің негізін қалайды.
Заң—құқықтың құрамдас бөлігі. Құқықпен заңның ажыратылуын жақтаушылар
құқық пен заң — өзара байланысты, бірақ бір мағыналы емес құбылыстар екенін
дәлелдеді.
Құқықты адамзат қоғамының бүкіл тарихы қалыптастырады, ал заң қоғамдық
дамудың нақты кезеңіндегі қоғамдық қатынастардың жайын норма түрінде
бейнелейді. Сондықтан, қылмыстық іс жүргізу құқығын тектік ұғымына, яғни
бірқатар құрамдас бөліктерден тұратын неғұрлым кең ауқымды ұғымға, ал
қылмыстық іс жүргізу заңын — көріністі, яғни қылмыстық іс жүргізу құқығының
құрамдас бөлігі болып табылатын ұғымға жатқызу қажет.
1. Қылмыстық іс жүргізу құқығы өз дамуында қылмыстық іс жүргізу заңынан
озық келеді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы нормалар жиынтығымен қатар реттелетін
қызметтің және ол қызмет нәтижесінде туындайтын құқық қатынастарының
негізгі бағыты, идеялық өзегі деп түсінілетін тұжырымды қамтиды. Бұл идея
жалпы заң рухын белгілей отырып, нақты норма шеңберіндегі іске асыру
процедурасында нақты көрінісін таба алмауы мүмкін.
2. Қылмыстық іс жүргізу құқығы адамзаттың құқықтық ойының игілігі болып
табылатын құқық институттарына сүйене алады, ал ұлттық қылмыстық іс жүргізу
заңында сол құқықтық институттарына негізделген нормалар болмауы мүмкін.
3. Қылмыстық іс жүргізу құқығы ешқашанда мемлекет шептерінде
тұйықталмайды, бірақ географиялық тұрғыдан алғанда бүкіл қоғамға тарайды,
ал қылмыстық іс жүргізу заңының күші аумақпен (кеңістікпен) және уақытпен
шектеледі.
4. Қылмыстық іс жүргізу құқығының құрамында "мәңгілік" институттар бар,
оларды өзінің дамуына қарай жинақтай береді, ал белгілі бір уақытта өз
рөлін орындаған қылмыстық іс жүргізу заңының өзгертілуі, толықтырылуы,
жойылуы немесе жаңа заңмен алмастырылуы мүмкін [15, 29 бет].
Міне, осылайша қылмыстық іс жүргізу құқығы өзінің өмір сүру барысында
қылмыстық іс жүргізу заңдарының үздік нормаларын бойына жинақтай отырып
дамып отырады. Ол ғылыми тұрғыда қарастырылып зерттеу негізіне айналады.
Дәлелдеу құқығы дәлелдеме теориясының құрамдас бөлігі болып табылады.
Н. С. Алексеев атап көрсеткеніндей, дәлелдеме теориясы "дәлелдеме тарихының
мәселелерін, олардың теориялық негіздерін, заңдық регламенттің даму
сипаттамасын, шетел мемлекеттеріндегі түрлі жүйелерді, даулы теориялық
проблемаларды және т.т. қамтиды" [16, 42 бет].
Заң ғылымының саласы ретінде қылмыстық іс жүргізу құқығы құрамдас
элемент ретінде дәлелдеме теориясын да қамтиды. "Дәлелдеме теориясы өз
кезегінде дәлелдеу құқығының ғылыми-теориялық базасы болып табылады.
Дәлелдеу теориясы мынадай мәселелерді таңдайды:
таным процесінің бір түрі ретінде объективті шындықты дәледдеу туралы;
осы процесте танымның негізі және шындықтың өлшемі ретінде көрінетін
қоғамдық тәжірибенің өзгеше нысандары туралы;
қылмыстық істерді тергеу және талқылау кезінде таным объектісінің
(дәлелденетін тақырыптың) ерекшелігі мен мазмұны туралы;
—қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдемелер ұғымы, олардың түрлері мен
жіктелуі туралы;
дәлелдемелерді пайдаланудың және оларды бағалаудың принциптері мен
ережелері туралы;
соттық зерттеудің объективтілігіне кепілдіктер беру туралы.
Дәлелдеу құқығының белгілері мыналардан көрінеді:
1. дәлелдеу құқығының тәсілдері мен құқықтық реттеу тақырыбы қылмыстық іс
жүргізуді дәлелдеу саласында қалыптасатын құқықтық қатынастардан тұрады;
2. аталған құқықтық қатынастарды дәлелдеу құқығымен реттеу тәсілдері
қылмыстық іс жүргізу тәсілдерін, ішінара дәлелдемелерді жинақтауға,
тексеруге және бағалауға бағытталған тәсілдердің шеңберінен шықпайды,
яғни дәлелдеу құқығының нормалары қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларының
құрамдас бөлігі болып табылады;
3. дәлелдеме және дәлелдеу мәселелері бойынша дәлелдеу құқығының мақсаттары
қылмыстық іс жүргізу кұқығы мақсаттарының бір бөлігімен сәйкес келеді және
әрбір қылмыстық іс бойынша шындыққа қол жеткізуді және сот әділдігін жүзеге
асыруды қамтамасыз етуді көздейді;
4. қылмыстық іс жүргізу құқығына негізделген дәлелдеу құқығы алғашқысы
сияқты құрылымдық тұрғыдан Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінеді; аталған
бөлімдердің қарым-қатынасы да қылмыстық іс жүргізу құқығындағыдай болып
келеді;
5. дәлелдеу құқығын дамытудың кейбір деңгейге дейін дербес сипаты болады,
мұның өзі қылмыстық іс жүргізу құқығы шегінде жаңа ережелерді қалыптастыру
және қолда барды тереңдету процесіне дәлелдеу құқығының оң ықпал етуінің
негізі болып табылады;
—дәлелдеу құқығы нормаларының құрылымы тұтас алғанда қылмыстық іс
жүргізу құқығы нормаларының құрылымына сәйкес келеді, сонымен бірге
дәлелдеу құқығының жекелеген нормаларының ерекшелігі қылмыстық іс жүргізу
құқығы нормаларын құрудың ерекшелігін көрсетеді.
Сонымен, сот ісін жүргізуде дәлелдемелер мен жұмыс істеу, әділ соттың
ұзақ жылдық тәжірибесі құқық қолдану қызметінде орын алған қайшылықты,
сәйкессіздікті анықтады. Дәлелдеме және дәлелдеу проблемаларының жиынтығы
осы проблемалардың теориялық және практикалық аспектілерін дербес түрде
жетілдіру қажеттігін өмірге әкелді. Әуел баста бөлек-бөлек зерттеулер
түптеп келгенде тұтастық және жүйелілікке тән дәлелдеу құқығына айналды.
Біз осы тараудың құрылымын түсіндіру сипатында қарастырмақпыз, онда
дәлелдеме ұғымы дәлелдеу құқығының сипаттамасынан және дәлелдеу теориясынан
бұрын беріледі [17, 28 бет].
Ғылыми әдебиетте дәлелдеу теориясының мәні түрліше түсіндіріліп келді.
Атап айтқанда М. Л. Шифман дәлелдеме теориясы мен дәлелдеу құқығы бір нәрсе
деп есептеді. Ол былай деп жазды: "Қаралатын сот ісі үшін мәні болатын
фактілерді дәлелдеу мен бағалаудың нормалар жүйесі, бірыңғай принциптері,
сондай-ақ оларды қолданудың практикасы дәлелдеме теориясы немесе дәлелдеу
құқығы деп аталады" [18,264 бет]. Дәлелдеу құқығының немесе дәлелдеме
теориясының мәнін осылайша түсіну негізіне біздің көзқарасымызша, КСРО-ның
соғыстан кейінгі кезеңіндегі іргелі еңбектердің бірінің авторы, академик А.
Я. Вышинскийдің көзқарасы алынған. Ол 1946 жылдың өзінде былай деп жазды:
"Дәлелдеме туралы ғылым немесе дәлелдеу құқығының теориясы, жалпы көпшілік
мақұлдағандай, бүкіл сот құқығының басты, орталық теориясы болып табылады.
Бірқатар процессуалистер процессуалдық ғылымның осы бөлігіне (бөліп
көрсеткен — Б.Т.) айрықша мән беретіндігі соншалық, бүкіл процесті
дәлелдемелермен пайдалану өнеріне әкеліп тірейді" [19, 91 бет]. Тұтас
алғанда қылмыстық іс жүргізу құқығы мен дәлелдеме теориясының арасында
генетикалық байланыстың бар екендігін тани отырып, А. Я. Вышинский сонымен
бірге дәлелдеме теориясы мен дәлелдеу құқығының арасындағы айырмашылықты
көрмеді, ол туралы оның "дәлелдеу құқығының теориясы" деген термині
сөзімізді растайды.
"Дәлелдеу құқығының теориясы" термині осы заманғы ғылымда "дәлелдеме
теориясы" мен "дәлелдеу құқығы" ұғымдарының араласуына жол бермейтін
біршама өзге мағынада қолданылады. Мәселе мынада, құқықтағы кез келген
бағыт фундаменталдық-теориялық және нормативтік-қолданбалы екі аспектінің
өзара байланысын көздейді. Сонымен, дәлелдеме теориясының құрамдас бөлігі
ретінде дәлелдеу құқығын бір мезгілде, бұрын айтылғанындай, екі аспект
түрінде қарауға болады:
1) дәлелдеу құқығының теориясы;
2) дәлелдеме құқығының нормалар жиынтығы. Бірыңғай әдістемелік
ерекшелігі бар мұндай бөлу нормативті регламент түрінде көрінетін міндетті
бөлігінен құқықтық нұсқамалармен әрдайым сәйкес келе бермейтін қорытынды
ережелердің жүйесінен тұратын факультативтік бөлігін ажыратуға мүмкіндік
береді. Мұндай қарым-қатынас фундаменталдық-теориялық бөлігінің анағұрлым
кең ауқымды мазмұнына байланысты заңды да. Міне, осы мағынада П.С.
Элькиндтің: кеңестік қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымының жалпы
міндеттерінен дәлелдеу құқығы теориясының (өзгеше міндеттері бөлінуі
мүмкін[20, 12 бет].

1.3 Қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны

Дәлелдеу негізіне іс бойынша шындықты анықтау жататындығы туралы
ережені тану шындыққа қол жеткізу процесінде таным орнын айқындауды
объективті түрде талап етеді.
Танымның философиялық проблемаларын жалпы көпшіліктің жетілдіруі,
айналып келгенде таным теориясы аталған философиялық дербес бөлікке
айналды. Таным теориясының негізінде біздің санамыздан тыс және тәуелсіз
объективті материалдық әлемді тану мен оны тануға болатындығы туралы
мәселелерде диалектикалық-материалистік көзқарас жатыр.
Дәлелдеме теориясының таным теориясымен байланысы мынада: соңғысы
ғылыми таңдауы дәлелдеме теориясының шеңберінде жүргізілетін қылмыстық іс
жүргізу танымының алғашқы әдістемелік негізін білдіреді.
Гносеология — жеке ғылыми әдістер мен тәсілдер тұрғысында
түсіңдірілетін ғылыми-танымдық қызметтің кез келген саласында қолданылатын
әмбебап қорытынды ережелерді қамтиды. Мұның дәлелдеме теориясына да тікелей
қатысы бар. Қылмыстық процессуалдық танымның белгілі бір мәселесін шешу
тетігі мынадан көрінеді: ең әуелі оның философиялық алғышарттары алынады,
сосын осы мәселеге қатысты нормативтік ережелері алынады, содан кейін
философиялық негізге орныққан, бірақ ерекше (қылмыстық іс жүргізу)
мазмұнымен толықтырылған жауап беріледі".
Таным теориясы құқықта объективті түрде пайда болған "терезені"
толықтырды, ол әдістемелік аса маңызды қасиеттерінің бірі. Теория —
қылмыстық іс жүргізу құқығының нормативтік нұсқамаларын пайдаланады және
соған негізделеді. Сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу қызметінің ажырамас
бөлігін құрайтын таным процесі, ой қызметі, ішкі сенім және басқалары
заңменен егжей-тегжейлі реттелуі мүмкін емес. Нормативтік реттеу саласынан
тыс қалатынның бәрі де "құқықтық кеңістік" деп аталатындарды құрайды.
Олардың құқықта болуы заңды және сөзсіз. Оларды толықтыру әмбебап
әдістемелік кілттің негізінде жүзеге асырылады, дәлелдеме теориясына
қатысты кілт ретінде біз гносеологияны немесе таным теориясын қараймыз.
Методологияның осы аспектісін сипаттай келіп, А.П. Шептулин былай деп атап
өтті: танымның диалектикалық әдісі тиісті ғылымда қолданылатын жеке
әдістер арқылы өзгере отырып арнайы ғылымдарда және танымның диалектикалық
әдісі талаптарында дербес түрде пайдаланылуы мүмкін [21, 9 бет].
Таным теориясы дәлелдеу теориясын заңдармен және ойлау нысандарымен
толықтырады. Кез келген саладағы ұйымды тану үшін қажетті ойлаудың жалпыға
ортақ нысандары мен тәсілдерін формальды логика зерделейді. Тап осы
формальды логика танымның диалектикалық теориясының құрамдас бөлігі бола
отырып, бір мезгілде дәлелдеу теориясының элементін де қамтиды.
Таным теориясының дәлелдеме теориясымен байланысының жанама түрдегі
сипаты қылмыстық іс жүргізу дәлелдемелерінің және дәлелдеу жөніндегі
қызметтің ерекшелігін көрсетеді.
Методологияның әмбебап сипаты туралы мәселеге қайта оралсақ, қылмыстық
іс бойынша шындықты анықтау процесінде қалыптасатын әр түрлі жағдайларды
қамту үшін формальды логиканың шеңбері әлде қайда тар. Мәселен, формальды
логика алынған қорытындылардың ғана емес, олардың негізінде қаланған
логикалық сілтемелердің дұрыстығын, шындықты тексеру туралы мәселелермен
айналыспайды. Формальды логика қандай жолмен танымнан білім туындайтынын,
толық емес және дәл емес білімнен толық және дәл білім алынатынын
түсіндіруге мүлдем дәрмені жоқ
Соңғы онжылдықтарда дәлелдеу теориясының мәнісіне анықтық енгізуге, оны
анағұрлым нақты белгілеуге жекелеген әрекеттер жасалуда. Мәселен, А. А.
Давлетов "дәлелдемелер теориясы" деген қылмыстық процестің ғылыми бөлімінің
дәстүрлі атауы ғылымдағы соңғы жетістіктерді ескере отырып түзетілуі және
"қылмыстық іс жүргізу таным теориясы" деп аталуы мүмкін деп есептейді [22,
18 бет].
Заңдық таным тәсілдерінің гносеологиялық табиғатын және оның жұмыс
істеуінің тетіктерін зерттеу А. С. Козловты мынадай ойға әкелді: құқық
қорғау құқық қолдану қызметінің түрі ретінде юрисдикцияның білім беруде
алатын маңызды орны юрисдикция пайдаланылатын дәлелдеме теориясын
пайымдаудың орындылығына себепші болады [23, 88 бет]. А. С. Козловтың
тұжырымдамасын қабылдаған жағдайда төмендегідей қарым-қатынас қалыптасуы
мүмкін "юрисдикцияда пайдаланылатын дәлелдеме теориясы"—тектік сипаттағы
анағұрлым кең ұғым; қылмыстық іс жүргізу дәлелдеме теориясы" — түрлік
сипаттағы ұғым және "юрисдикцияда пайдаланылатын дәлелдеме теориясының"
мазмұнына құрамдас элемент сипатында енеді.
Тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу танымы проблемаларын талдап жасау
екі бағыт бойынша өрістеуде:
1) іс жүзінде методологиялық негізді жоққа шығаратын тар нормативті
көзқарас;
2) қылмыстық сот ісін жүргізудің практикалық танымдық қызметінен қол
үзуге әкелетін, таным теориясының категорияларын дәлелдемелерге және
дәлелдеуге тікелей жүктеуге жеткізетін басы артық теорияландыру. Екі бағыт
та таза күйінде зиянды. Методологиялық негіздеудің жеткіліксіздігі
нормативтік базаны жасауға ықпал етеді және керісінше. Осыған байланысты Л.
М. Карнеева былай деп атап өткен болатын: ..дәлелдеме теориясында ең
болмаса оның негізгі ұғымдарын бейнелеуде қажетті жүйелілікпен анықтаудың
болмауы өзімен бірге бірқатар зиянды салдарларға әкеліп соқтырады оның әрі
қарай дамуын тежейді, заңдарды жетілдіруге жәрдемдеспейтіні былай тұрсын,
заңдарды қолданудың практикасына теріс ықпалын тигізеді [24, 114 бет].
Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеудің мақсаты шындықты анықтау болып
табылады. Философияның көзқарасы бойынша шындық дегеніміз — танушы
субъектіні объектінің барабар бейнелеуі, адам мен оның санасынан тыс және
тәуелсіз оны тап сол күйінде көшіру. Қылмыстық сот ісін жүргізуде шындыққа
қол жеткізу соттың қателеспеуіне кепілдік береді.
Сот қателіктері — әдетте шындыққа көз жеткізбеудің салдары. Шындыққа
қол жеткізу мақсатын ескермеу соттың сот әділдігін жүзеге асыру функциясын
қандай да бір мағынадан айырады.
Дәлелдеудің мақсаты ретінде шындықты айқындаудың процессуалдық құқықтық
табиғаты болады. Қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерінің бірі ҚІЖК-нің 8-
бабында қылмысты тез және толық ашу деп көрсетіледі. Одан әрі ҚІЖК-нің 24-
бабында істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін
соттың, прокурордың, тергеушінің, анықтаушының заңда көзделген барлық
шараларды қабылдауға міндетті екендігі ескертіледі. Шындық ұғымының өзі
міндеттер мен принциптерге арналған тарауда да аталады. Атап айтқанда ҚІЖК-
нің 24-бабында былай делінген: "сот тараптардың пікірімен байланысты емес
және өз бастамашылығымен қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтау үшін қажетті
шаралар қолдануға құқылы".
Атап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУДІҢ ТҮСІНІГІ, ПӘНІ
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер теориясының басты ережелері мен дәлелдеудің негіздері
Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы мен ғылыми көзқарас тұрғысында қарастыру
Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу
Дәлелдеу, оның маңызы мен қылмыстық іс жүргізуде алатын орны
Қылмыстық іc жүргізуді дәлелдеудің негіздері
Фактілер және олардың қайнар көздері
Қылмыстық процестегі дәлелдемелер теориясы. Негізгі ережелер
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР МЕН ДӘЛЕЛДЕУ
Пәндер