Л. Н. Гумилев туралы Қазақстан тарихы курсында түркі-моңғол халықтарының тарихын қарастырудың әдістемелік жолдары


Мазмұны
Кіріспе . . . 3-5
1 Л. Н. Гумилевтің ғылыми шығармашылығының қалыптасу кезеңдері . . . 6-14
2 Л. Н. Гумилевтің ғылыми зерттеулері . . . 15-29
2. 1 Хұндар тарихын зеттеудегі ерекшеліктері . . . 15-29
2. 2 Түркі-моңғол халықтарын зерттеудегі концептуалдық жаңалықтары . . . 30-60
3 Л. Н. Гумилев туралы Қазақстан тарихы курсында түркі-моңғол халықтарының тарихын қарастырудың әдістемелік жолдары . . . 61-65
Қорытынды . . . 66-68
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 69-70
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін тарихымыз бұрмаланып, еуропоцентристік көзқарас тұрғысынан қаралып, идеологиялық қасаңдық құрсауында болып келді. Әлемдік тарихтағы көшпенділер өркениетін жете бағаламаудың салдарынан дүниежүзі мәдениетінің дамуы тек қана отырықшылық өмір салты мен шаруашылық жүргізу әдісіне телінді. Тарихымыз таптық көзқарас тұрғысынан кеңестік кезеңнің ыңғайына жығылып, сыңар жақты тұрғыдан жазылды. Дегенмен, сол КСРО-ның құрамында болған кезде де түркі-моңғол халықтарының тарихын зерттеп, оларға «адал есімін» қайтарған ғалымдар бар. Солардың бірі - белгілі ғалым, тарихшы-еуразиятанушы, географ, этнограф Лев Николаевич Гумилев. Ол зерттеуінің басты тиегі етіп Ұлы Даланы таңдап алды және оны мекендеген халықтардың тарихына ақиқат тұрғысынан қарады. Түркі халықтарына арнап «Хұндар», «Көне түріктер», «Қиял патшалығын іздеу», «Хазарияны тану», «Ежелгі Русь және Ұлы Дала», «Еуразия тарихынан», «Конец и вновь начало», «Черная легенда. Друзья и недруги великой степи», «Этногенез и Биосфера Земли», «Тысачелетие вокруг Каспия», «Древний Тибет», «От Руси к Росии» және тағы басқа көптеген еңбектерін арнап, газет-журнал беттеріне мақалаларын шығарды. Оның әрбір еңбегінде өзінше бір ерекшелік байқалады. Лев Николаевичтің ғылымға келуіне әр кезде еуразиятанушылар қатарына кірген тарихшы Г. В. Вернадский, географ П. Н. Савицкий, философ И. П. Карсавин, филолог Н. С. Трубецкий, публицист Г. Ф. Флоровский тағы басқа орыстың қуғынға ұшыраған ғылым және мәдениет қайраткерлері тікелей әсер етті. Еуразиятанушылар үшін Ресей Моңғол ұлысы негізінде құрылған біртұтас Еуразиялық империяның православиелік вариациясы болып табылады. Осылайша, олар Ресейдің құрылуында көшпенділердің ролі зор болғандығын айғақтап берді. Ғалым өзінің «Хұндар» еңбегінде Көне Шығыстың байырғы халықтарының бірі, өзінің тарихи тіршілігімен Еуразия құрлығын мекендеген халықтар өміріне орасан зор ықпал еткен, тарихта «Халықтардың Ұлы қоныс аударуы» деген атпен белгілі оқиғаға тікелей қатысы болған хұндар жайлы жазады. Олардың тіліне, дініне, мәдениетіне ерекше тоқталып кетеді. «Көне түріктер» кітабында ежелгі түріктердің қуатты мемлекеті - Түрік қағанатының туу, даму және құлау жолын зерттеп, олардың саяси өміріне, тұрмысына, мәдениетіне көп көңіл бөлген. «Бұл кітапты өз ағайынымыз - Кеңес Одағының түрік халықтарына арнаймын», - деп бастайды. «Хазарияны тану» еңбегінде бір кездері тарихта болып, із-түссіз жоғалып кеткен хазарлар тарихын зерттеп, олардың жоқ болып кетуіне себепші болған «климотологиялық концепциясын» ұсынды. Моңғолдар тарихын «Қиял патшалығын іздеу», «Ежелгі Русь және Ұлы Дала», «Еуразия тарихынан», «От Руси к России» еңбектерінде жазып кетеді. Бүгінде Гумилев шығармашылығына деген қызығушылық арта түсуде. Еңбектері қазақ тіліне аударылып, елордамыз Астана қаласындағы университеттердің біріне есімі берілді. Дегенмен, әлі де болса ғалымның мұрасына үстірт қарамай, терең зерттеу талап етіледі.
Тақырыптың зерттелу мақсаты: Бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты Лев Николаевич Гумилевтің түркі-моңғол халықтарын зерттеуші ретіндегі орны ерекше екенін көрсетіп, оған тиесілі бағасын беру. Ғалым шығармашылығының қалыптасу кезеңдеріне тоқтала отырып, оның ғылыми зерттеулеріндегі, соның ішінде хұндар тарихын зеттеудегі ерекшеліктерін, түркі-моңғол халықтарын зерттеудегі концептуалдық жаңалықтарын қарастыру.
Тақырыптың деректемелік базасы: Ғылыми жұмысты жазу барысында Л. Н. Гумилевтің «Дала» трилогиясына арналған 3 кітабы «Хұндар», «Көне түріктер», «Қиял патшалығын іздеу», сондай-ақ, «Ежелгі Русь және Ұлы Дала», «Хазарияны тану», «Еуразия тарихынан», «От Руси до России», «Конец и вновь начало», «Черная легенда. Друзья и недруги великой степи», «Этногенез и Биосфера Земли», «Тысачелетие вокруг Каспия», «От Руси к Росии», «Древний Тибет» және тағы басқа көптеген еңбектері қолданылды. Л. Н. Гумилевтің өмірі мен шығармашылығына Т. Л. Фроловская «Евразиийский Лев» еңбегінде сипаттама береді. Сондай-ақ, Т. В. Сережкинаның «Этническая культура в процессе глобализации в концепции Л. Н. Гумилева» деп аталатын, Б. Нурманның «Л. Н. Гумилев как основоположник идеи Евразийства», В. Н. Лимаревтің «Евроазиатский треугольник или перспективы формирования нового суперэтноса» сынды мақалалары алынды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Осы тақырыпқа байланысты түрлі ақпарат агенттіктері мен газет-журналдарда жарияланған мақалалар, интернеттен алынған материалдар, ғылыми зерттеулер зерделенді. Көптеген түркі халықтарының тарихын зерттеген ғалымдар: Ж. О. Артыкбаев «Кочевники Евразии в калейдоскопе веков и тысячалетий» еңбегінде, А. М. Хазанов «Кочевники Евразии» еңбегінде, елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» еңбегінде Л. Н. Гумилевтің еңбектеріне сілтеме жасайды. Гумилевтің өмірі мен шығармашылығы жайлы шәкірті Айдер Измаилович Куркчи жазған. Сонымен бірге, «Хабаршы», «Евразия», «Молодая Гвардия», «Казахская цивилизация», «Зеркало», «Nomad-Kazakhstan», журналдарында Л. Н. Гумилевтің шығармашылығы, концепциялары жайлы мәліметтер беріледі. Ғалымның атындағы Еуразия Ұлттық университетінде ғалымның еңбектерін талдауға байланысты түрлі конференциялар, симпозиумдар, ғылыми жиналыстар өтеді.
Тақырыптың тәжірибелік маңызы: Бұл жұмыстың ғылыми маңыздылығы Л. Н. Гумилевтің қызғылықты да әсерлі жазылған әрі тілге жеңіл оқылатын еңбектерінің оқушылар мен студенттерге, әсіресе, «Тарих» мамандығының студенттеріне өз тарихының шынайы болмысын оқып - білуде маңызы зор бірден-бір ғылыми жұмыс болып табылуында.
1 Л. Н. Гумилевтің ғылыми шығармашылығының қалыптасу кезеңдері
Л. Н. Гумилев 1912 жылдың қазанында орыстың текті ақсүйегі, атақты ақыны Николай Степанович Гумилев пен ақын Анна Андреевна Ахматованың отбасында дүниеге келді. Ата-анасының көп ұзамай айырылысып кетуіне байланысты ол балалық және жастық шағында көп қиыншылықтар көреді. Бойы өсіп, бұғанасы қатайғанға дейін Санкт-Петербург түбіндегі Бежецк қаласында әжесі Анна Ивановнаның қолында өседі. Оның «Конец и вновь начало» атты кітабының кіріспе бөлімі «Лев Гумилев в зеркале истории» атты деректі фильмінен (режиссер А. Н. Марутян, 1988ж. ) алынған синхронды сұхбатынан басталады. Ғалым өзінің өмірбаяны, шығармашылық жолының қалыптасуы, ондағы орын алған келеңсіздіктер жайында баяндайды [8, 5] . Мектепті тәмамдаған соң Ленинград университетінің «Тарих» факультетіне құжаттарын тапсырады. Оны емтихан тапсырмастан бұрын-ақ талапкерлердің қатарынан сызып тастайды. Осыдан соң Гумилев Геология комитетіне коллектор болып жұмысқа тұрады. Түрлі экспедицияларға қатысып, Оңтүстік Балтық маңына, Слюдянка, Оңтүстік Тәжікстанға барып қайтады. Сөйтіп, Азияның табиғатымен таныс болады, мәдени өмірін өз көзімен көреді.
1934 жылы 22 жасында Ленинград университетінің қайта ашылған «Тарих» факультетінің студенті атанады. Мұнда өзінің «Удельно-лествичная система у тюрок в VІ-VІІІ веках» деп аталатын алғашқы ғылыми мақаласын жазады, ол кейін «Хұндар» еңбегінен сәл ертерек жарияланады [9, 9] .
Осы жылы Ленинград облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы С. М Кировтың қастандықпен атылуына байланысты жазалаушы ақпарат күшіне еніп, мыңдаған адам тұтқындалып, жер аударылды. Солардың қатарында Л. Гумилев те (1935ж. ) абақтыға қамалды, оны тұтқынға алған күні оқудан шығарып тастайды. Мұнда алғаш рет «Тарихи құбылыстар неліктен жасалады? Олар қалай пайда болады?» деген ой келеді. Талантты жасқа арашашы адамдар табылып, тез босатылады. Ең алдымен, анасы Анна Ахматова Сталинге тікелей хат жазады. Лев Николаевичтің ұстазы әрі досы М. Артамонов та оны босатуға белсене қатысады [1, 5] .
1938 жылы екінші рет қамауға алынып, университеттің 4 курсынан Таймырға, Норильск қаласындағы Кресты лагеріне 5 жылға жіберілді. Мұнда өзі сұранып, 1944 жылы майданға аттанады.
Оның айтуына қарағанда құжынаған тұтқындардан мезі болып, темір тордан күн шұғыласына ойлана қарап отырғанда өзінің «пассионарлық» деп атаған теориясы туған. Ол дегеніміз латын тілінен аударғанда «құштарлық» дегенді білдіреді. Бірақ бұл ер мен әйел арасындағы махаббат құштарлығы емес. Гумилевтің айтуынша ол іс жүзінде барды місе тұтпайтын қанағатсыз құштарлыққа саяды. Оны Александр Македонскийдің шартарапқа өз билігін жүргізуді, эллиндер мен парсылар тәрізді екі бөлек суперэтносты қосуды аңсап өткенін, Напалеонның бар әлемді өз қол астына қарату үшін жасаған жорығын мысалға ала отырып түсіндіреді. Л. Гумилевтің сөзіне жүгінсек, «пассионарлық» барлық тарихи үрдісте кездеседі, ол бір адамға емес, белгілі бір топқа байланысты. Яғни, қанша күш-қайраты жетіп тұрғанымен жалғыз адам аз. Этноста ерекше жаратылған, идеямен қанаттанып, шабыттанып шыға келетін тұлғалар жеткілікті болуы керек. Дегенмен, мұны ол кезде Гумилев ешкімге жеткізе алмады.
Тұтқында жүргенде шығыстанушы-ғалымдармен хат алмасып тұрған. Оның ғылымға келуіне әр кезде еуразиятанушылар қатарына кірген тарихшы Г. В. Вернадский, географ П. Н. Савицкий, философ И. П. Карсавин, филолог Н. С. Трубецкий, публицист Г. Ф. Флоровский тағы басқа орыстың қуғынға ұшыраған ғылым және мәдениет қайраткерлері тікелей әсер етті. Еуразиятанушылар үшін Ресей Моңғол ұлысы негізінде құрылған біртұтас Еуразиялық империяның православиелік вариациясы болып табылады. Осылайша, олар Ресейдің құрылуында көшпенділердің ролі зор болғандығын айғақтап берді [9, 13б] .
Бостандыққа шыққан соң университетті тәмамдап, Шығыстану институтына өрт сөндіруші болып орналасады. Мұнда Л. Гумилев әдеттегі өрт сөндірушілер сияқты бір бөлмеде отырмай, кітапханаға баратын болған. Осы институтта жүрген кезінде ол енді өзін ешкім бақылап, ойын жазуға бөгет болмайды деп ойлайды. Алайда, Ждановтың «Звезда» және «Ленинград» журналдарына байланысты шыққан қаулысынан кейін қуғынға ұшырайды [8, 9] . 1947 жылы аспирантурадан шығарылып, кандидаттық диссертациясын қорғауға жіберілмейді. Сол кезде Санкт-Петербургтегі Эрмитаж мұражайының директоры М. И. Артамонов Л. Гумилевтің осы еңбегін жоғары бағалайды. Оның ректор А. А. Вознесенскиймен тікелей жолығуы кандидаттық жұмысын қорғауға мүмкіндік береді. Бірінші түрік қағанатының тарихы (546-569жж. ) жөнінде кандидаттық диссертация дайындап, 1948 жылы Ленинградта қорғап шығады.
1945-1948 жылдар аралығында Л. Гумилев 3 археологиялық экспедицияға қатысты: 2 рет Оңтүстік Подольскіге, оны М. Артамонов басқарды, үшіншісі Пазырық қорғанына жасалды. Соңғы экспедициясына дейін ол жындылар үйінде кітапханашы болып жұмыс істеді. Мұнда кандидаттық диссертациясын қорғауға жіберу үшін ақырғы жұмыс орнынан анықтама керек болғандықтан орналасқан екен.
Л. Гумилев түрмеде жатқан кезде жазуға рұқсат етілмесе де заманның үстем идеясының ығына жығылмай тіпті балықтың астына төселген қағазға да жазған екен. Түрмеден шыққан соң (1956 жылы 44 жасында) оны М. Артамонов Эрмитаждың ғылыми қызметкері етіп жұмысқа алады. Лев Николаевич Ленинградта бір кездері П. Савицкиймен лагерьде болған М. Гуковскиймен кездесіп, Прагаға барғанында таба алмаған П. Савицкийдің мекен-жайын алады. Ғалым ол арқылы Г. В. Вернадскиймен сырттай таныс болатын және Венада қайтыс болған Н. Г. Трубецкий жайлы сұрастырып, біледі. 1957 жылы оның «Хұндар» кітабы жарық көреді, 1960 жылы Г. В. Вернадский осы еңбекті жоғары бағалап, рецензия жазады. «Көне түріктер» деген тақырыпқа жазылған докторлық диссертациясын 1961 жылы қорғады және 733 беттен тұратын бұл еңбегі 1967 жылы кітап болып басылып шықты.
1962 жылы сәуірдің 25-інде Лев Николаевич ЛМУ-дің ректоры А. Д. Александровтың атына университетке жұмысқа қабылдауын сұрап, өтініш жазады. Университеттің тарих факультетінде шығыстану бойынша кафедралар болмағандықтан географ болуына тура келді. Ол мұнда 30 жыл бойы өндіріп жұмыс істеді.
Жалпы, Лев Николаевичтің шығармашылығы сан қырлы. Қазіргі таңда Гумилевтің этногенез бен Еуразия халықтарының этникалық тарихына арналған кітаптары қайта басылып шығуда. Гумилевті оқиды, ол жайында пікір таластырады. Университетте жүрген кезінде Еуразия даласының түркі-моңғол халықтарының тарихы жайлы қызығып оқиды. Өркениетті еуропалықтардың үндістерге қатынасының түркі-моңғолдарға деген көзқарасынан айырмашылығы жоқ екенін байқайды. «Неліктен бұлай?» деген сұраққа жауап іздеп, бар ғұмырын далалықтардың тарихына арнаумен өткізеді. Ол өз тарихына терең үңілген адам, сөйте отыра әлемдік тарихқа шықты. Лев Николаевич елгезек оқырманға ғұндар мен түріктер жайлы, Хазарияның жоғалып кетуі жайлы, XIII ғасырдағы моңғолдар жайлы кемеліне келтіріп жазып кетуге шын ниетпен ұмтылды.
Автордың хұндар туралы жазған кітабы «Дала трилогиясының» бірінші бөлімі болып табылады. Батыс және Шығыс тарихшыларының жазба деректерін мейлінше молынан пайдалана отырып, бедерлі тілмен жазылған осы бір еңбекті ғылыми жұртшылық оң қабағымен қабылдады. Автор әуелден-ақ халқының көптігімен әйгілі болған, Қытайдың солтүстік жағындағы көшпелі көршісі ретінде танылған және адам саны олардан 30 есе кем болса да, ұлы көршісінің тынымсыз шабуылынан өзінің дербестігін сақтап қалған шақар халық хұндардың тіршілігін, олардың мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылысының ерекшеліктерін бай материалдар негізінде қызғылықты баяндайды. Хұндар қатігез көршісінің залымдық саясаты мен жорықтарының салдарынан алты бақан алауыз болып, ең соңында туған ел-жұртын тастап, қазіргі Қазақстан жерінің Арқа жағын басып өтіп, Еділ мен Жайық аймағына қоныстанып, жергілікті угор халықтарымен араласып кетеді. Сол арада 200 жыл тұрып, нығайып алғаннан кейін сарматтар мемлекетін талқандап, Қара теңіздің теріскейі арқылы қаптай шауып «ғұндар» деген атпен Еуропаға ауыз салады [1, 12] .
Л. Гумилевтің өз сөзіне қарағанда байырғы түріктерге арналған кітабын 1935жылдың 5-желтоқсанында бастайды. Осы «Көне түріктер» кітабында қысқа уақыт ішінде әлемдік мәні бар мемлекет құрып, Батыс пен Шығыс арасындағы «Ұлы Жібек жолы» деп аталған керуен жолына өз бақылауын орнатқан түркі халқы жайлы жазады. 580 жылы қағанаттың жері батысында Византиямен, түскейінде Иран, Үндістанмен, шығысында Қытаймен шектесіп жатты. 603 жылы қағанат батыс және шығыс болып бөлініп кетті. 625 жылы 2 орасан зор «коалиция» құрылды: 1) Қытай, Батыс түрік қағанаты 2) Шығыс түрік қағанаты және Иран мен аварлар мемлекеті. Олардың арасында болған соғысты автор «дүниежүзілік» деп атаған. Осы соғыстың нәтижесінде Батыс қағанат біржола жойылса, шығыс түріктері Ордосқа көшіп барып, «көк түрік» атын алып, 679 жылы қағанатты қалпына келтіреді. Қорыта келгенде, түріктерге Қытай мәдениетінің қысымы қатты болды, оның үстіне ислам факторы да елеулі роль атқарды. Кейін Ұйғыр қағанаты Шығыс түрік қағанатының мұрагеріне айналады, осымен кітап аяқталады. Лев Николаевич осы кітабында: - Сібір мен Орта Азияның байырғы халықтарын Қытай мен Иранның көршілері ретінде ғана қарауды тоқтату керек. Олардың тарихы мен мәдениеті өз бетімен дербес дамыды деген даусыз қағидадан тәжірибелік қорытынды жасайтын уақыт жетті . . . Бүгінгі күннің, тіпті болашақтың да қайнар көзі өткен заман қатпарларында жасырынып жатыр, ал байырғы түріктер Кеңес Одағының көптеген халықтарының арғы тегі емес пе?! - деп әділін айтады [2, 85] .
Дала трилогиясының қорытынды бөлімі «Қиял патшалығын іздеу» 1970 жылы басылып шықты. Сөз болып отырған патшалық - пірәдар Иоанның Шығыстығы қиялдан туған қуатты мемлекеті туралы. Орта ғасырдағы еуропалықтар сол патшалықтан көмек аламыз деп дәм етеді. ХІІ ғасырда еуропалықтар арнайы әскер-діни ұйым-ордендерге бірігеді. Ол кездегі халық санасы мифологиялық деңгейде болғандықтан кез-келген аңыз шындық деп қабылданатын болған. Өз кезегінде мұны тамплиерлер жақсы пайдалана білген. Сирия мен Иерусалим королдігінде орналасып алған кресттағушылар Еуропадан қосымша әскери күш алуға мүдделі болатын, бірақ олар жаңадан келушілерге жаулап алған жетістіктерін бергісі келмеді. Ендеше, олар құдай табытын қорғау жолына түскен жаңа жауынгерлерді алысырақ, қиялдан туған одақтас-қаруластарына қарай жөнелтуі қажет еді. Л. Гумилев пірәдар Иоанның патшалығы туралы және ол жіберген әскердің келе жатқаны туралы аңыз, хат-хабар емес, елді адастыру үшін әдейі ойдан шығарылған жалған сыбыс деп жариялайды. Кітапта осы аңыздың тууы Шыңғысхан мен моңғол жаугершілігінің пайда болуын баяндау арқылы анықталады. Гумилевтің айтуына тоқтасақ, өздерінің опасыздығын ақтау үшін моңғолдардың қандыбалақ қаталдығын кресттағушылар қасақана ойлап тапқан. Еуропа тарихшылары түріктерден өткен моңғолдармен мәмлеге келу мүмкін еместігін сан-саққа жүгіртіп, байбалам салғанда Лев Николаевич:-Висланың шығысында жатқанның бәрін түгелдей тағылық деп ұғатын еуропалықтардың дандайсыған паңдығын түсінуден гөрі, тамплиерлердің опасыздығын түсіну әлдеқайда оңай!- деп жауап береді [2, 16] . Осылайша, Гумилев еуропалықтардың Еуразия далалықтарына мәдени ошақтарды жермен-жексен етуші қатал әрі жабайы халық ретінде қарауының нақты тарихи болмысын ашып көрсетті. Бұл кітап Ресейде үлкен дау-шарға ұшырады, себебі автор мұнда тұңғыш рет моңғол басқыншылығы орыстар үшін апат болмағанын айтты. Оның айтуынша, қираған қалалар мен құрбан болған адамдар саны орыс князьдерінің іштей, өзара қырқысуларынан артық болмаған. Моңғолдар рақымсыз қатыгездікті тек нақты қылмысы үшін, мысалға, елшілерді өлтіргені үшін жасаған. Лев Николаевич христиан дінінің православиелік бағытын ұстанушы [16, 218] . Ол моңғолдардың дінге, соның ішінде православие дініне қысымдық жасамағанын, сол себепті де орыс кінәздіктері олармен еркін қарым-қатынас жасағанын айтты. Бұл кітаптың «Игорь жасағы туралы жырға» қатысты тараулары моңғол қысымы мәселесінен де өткен жанжалдың ошағына айналды. Лев Николаевич поэманың тарихи оқиғаның ізін суытпастан шығарылғанын, моңғолдармен қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған Александр Невский саясатын айыптайтынын ашық көрсетеді. Кейін Олжас Сүлейменов те өзінің «Аз и Я» кітабын Гумилев сарынында жазған болатын.
Енді оның 1966 жылы жарыққа шыққан «Хазарияны тану» атты кітабын қысқаша шолып шығалық. Автордың осы бір шағын кітабы кезінде көп айқай-шу туғызды. Өйткені Еуразияны мекен еткен халықтар ішіндегі ең жұмбағы осы хазарлар еді. Л. Гумилев сол елдің құпия сырын бүгіп, жоғалып кетуін анықтауға көңіл бөледі. Көбіне оның қорытындысы тосын болып көрінеді. Хазарияның жоқ болып кетуіне саяси-әлеуметтік апат та, әскери соғыс та емес, табиғаттың зұлмат күші себеп болған. Кітапта Хазарияның гүлденген шағында Каспийдің деңгейі әлемдік мұхиттан 36 метр төмен болған еді. Сосын су тасып, Хазарияны түгел басып қалғаны хабарланады. Ол кездері судың тасуы немесе қайтуы сияқты нәрселерге мән берілмейтін, сондықтан автор «географиялық және биологиялық детерменизмге ұрынды», - деп айыпталды [1, 11] . Бірақ, Л. Гумилевтің пікірін қуаттағандай сол жылы Каспий қайтадан тасып, ол тарихшылар назарын табиғи факторға аудара білді.
«Дала трилогиясын» тәмамдаған соң ғалым жаңа, біршама үлкен жобаны -пассионарлық теориясын құруды қолға алады. Оны нақтылауда бір кездері оқыған В. И. Вернадскийдің «Химическое строение биосферы Земли и ее окружение» атты кітабы көп көмек көрсетті. Ғалымның «Этногенез и биосфера Земли» атты еңбегіне жүгінсек, этносты әлеуметтік емес, биологиялық-географиялық феномен ретінде қарастырған дұрыс [12, 10] . Сол кездегі КСРО-ның академик Ю. В. Бромлей бастаған Этнография Институтының ғалымдары бұл пікірге қарсы шығып, оған «бихевиоризм», «биологизм» сияқты айыптар тақты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz