КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ТАРАУ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ӨТІМДІЛІГІ МЕН

ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1. Коммерциялық банктердің өтімділігі мен төлем қабілеттілігі
туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Коммерциялық банктің активтері мен пассивтерін басқару

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

2 ТАРАУ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН
ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

2.1 Темірбанк “АҚ” сенімділігін басқару
жолдары ... ... ... ... ... ... ...2 6
2.2 Темірбанк “АҚ” өтімділік коэффицентің есебін
жүргізу ... ... ... 26
2.3 Қазақстан Республикасының банктік жүйесіндегі төлім
қабілеттілігін қолдауға бағытталған
функциялары ... ... ... ... ... ..31

3 ТАРАУ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ӨТІМДІЛІГІ ЖӘНЕ
ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАСҚАРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ

ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .41

3.1 Коммерциялық банктің өтімділігін басқару проблемалары
және
оны шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .41
3.2 Өтімділікті басқару механизмін жетілдіру
... ... ... ... ... ... ... ... .44

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50

ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .53

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың маңыздылығы - Қазақстанда ауыспалы экономика
жағдайында коммерциялық банктердің өтімділігі өте өткір мәселе екендігін
айтуға болады және банк саласында ең маңызды орын алатын банк өтімділігі
мен төлем қабілеттілігін басқаруға байланысты қалыптасатын мәселелерді
зерттеуге арналған.
Қазақстан Республикасының банктік жүйесінің дамуын зерттей отырып
1995-жылдың қаңтар айынан бастап сенімділікті жоғарлату мақсатында банктік
жүйені саны жағынан қысқарту басталды. Банктерді қысқарту Ұлттық банктің
талаптарын қаталдандыру жолымен бәсекелестікті күшейтуге бағытталды. Ұлттық
банктің негізгі мақсаты, банктердің жұмысының сапасын жоғарлатып әлемдік
талаптарға сай банктер тобын құру болды.
Ұлттық банк мемлекеттік реттеуші ретінде, банк секторында болып
жатқан өзгерістерге дұрыс бағыт көрсетуге бар күшін жұмсады. Кейбір
процестер бұрынғыдай қарқынды жүрмеді мысалыға: банктердің бірігуі. Заңға
сәйкес консервация режимі енгізіле бастады.
Ұлттық банктің пруденциялдық нормативтерімен басқа да нормаларын
жүйелі түрде бұзғаны үшін, сол жылдың ақпан айында бірқатар банктерге,
жекелеген банктік операциялар қызметін көрсетуге тиым салып, лицензияларын
тоқтатты. Қара тізім қатарына АПБ “Казпочтабанк”‚ АБ “Сары-Арқа банк”‚ ЧБ
“Жалғас”‚ АО “Игілік- банк”‚ АБ “Ақ-төбе”‚ АО “Алға-банк”‚ АБ “Цветметбанк”
енді. Және де ұлттық банктің нұсқаулары мен нормативтерін бұзғаны үшін
наурыз айында келесі акционерлік банктердің - “Алтындан банк ”‚
“Паритет”‚“Казтрансбанк”, ашылуға рұқсаты тоқтатылып, банктік операцияларын
жүргізуге лицензиялары қайтарылып алынды.
Оның сыртында халықтың коммерциялық банктерге сенімсіздігін атап
өткен жөн. Сондықтан бәсекелестік жағдайында тұтынушылар алдындағы
міндеттемелерді қанағаттандыру, әрқашан зор мағыналы фактор болып табылды.
Коммерциялық банктердің ұзақ мерзімді несие беруде пәрменсіздігі
кәсіпорындардың төлем қабілеттілігіне кері әсерін тигізіп өндірістің дамуын
құлдыратты. Экономиканың құлдырауы жағдайында коммерциялық банктер өте
жоғары тәуекелділікпен жұмыс істейді. Бұған банктердің, кем көлемдегі
банкротқа ұшырауы дәлел болды:
Жаңа капиталға қатысушылардың сәтсіз ізденісі.
Нашар кредиттердің ұсынылуы.
Жоғары менеджмент қатарындағы сыбайластық.
Активтерді жоғалту тәуекелділігінің уақытын танып білмейтін,
квалификациясы жоқ басқарма.
Банктік шығындардың өсу шегі.
Сұраныс үстіндегі мүмкіншіліктердің артуы.
Банктің тұтынушылар мен қаржылық нарықтағы ақпаратты сапасыз
зерттеуі.
Қазақстан Республикасының жалпы әлеуметтік-экономикалық және саяси
жағдайы, қаржылық тұрақсыздық пен банктердің банкроттығының өсуіне әкеліп
соқты. Соңғы 1992-1993 жылғы жағдайларға қарап бүкіл әлемдік банктің
мамандарының қорытындысының дұрыстығы дәлелденді. Қазақстан
Республикасындағы коммерциялық банктер екі мәселеге тап болады: олар
өтімділік және активтер портфелі.
Жоғарыда айтылғандай банктерді сандық жағынан шектеу арқылы,
банктік жүйені дамыту тенденциясы, өтімділік пен төлем қабілеттілікті
басқарудағы қажеттілік күн сайын өседі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – банк өтімділігі мен төлем қабілеттілігін
басқару жолдарын қарастыру болып табылады. Банк өтімділігі мен төлем
қабілеттілігін басқару – ол банктің, яғни банк келешегінің жойылмауына
басты себеп болып табылады деп ойлаймын.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет;
1. Коммерциялық банктердің өтімділігін басқаруды қарастыру теориясы.
2. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің өтімділігінің
балансын бағалауды жүргізу.
3. Банктердің сенімділігін және төлем қабілеттілігін бағалау.
4. Банктердің сенімділігін, төлем қабілеттілігін және өтімдігін
арттыру саласындағы потенциялды айқындау.
Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында коммерциялық банктердің өтімділігі
мен төлем қабілеттілігін басқару қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың екінші тарауында коммерциялық банктің төлем
қабілеттілігі мен банкті басқаруын Ұлттық Банктің басқаруы жолдары
қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың үшінші тарауында коммерциялық банктің өтімділігі
және төлем қабілеттілігін бағалау қарастырылған.

1 ТАРАУ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ӨТІМДІЛІГІ МЕН ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАСҚАРУ

1.1 Коммерциялық банктердің өтімділігін басқару

“Өтімділік” (латын тілінде Liquidis –сұйық ағатын) сөзі нақты
мағынасында сатудағы жеңілдік, материалдық құндылықтардың ақша қаражаттарға
айналуы дегенді білдіреді.
Коммерциялық банктің өтімділігі деп, банктің өз контрагенттері
алдындағы қаржылық және қарыздық, капиталының толықтылығын және
жеткіліктігін анықтап, сәйкес мерзімді есепке ала отырып актив және пассив
баптарында қорларды үйлесімді орналастыру.
Басқа сөзбен айтқанда коммерциялық банктің өтімділігі өзінің үш түрлі
құрамдас бөлігімен, банктің меншікті капиталымен, тартылған және
орналастырылған құралдарды құрамдас элементтермен басқару дегенді
білдіреді.
Осыларды есепке ала отырып әлемдік банк теориясымен практикасында
“қор” немесе “ағым” деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан өтімділік “қор”
ретінде коммерциялық банктің өз тұтынушылары алдындағы өз міндеттемелері
мен дәрежелерін анықтап, активтер құрамын өзгерту арқылы қолданылмаған
резервтерді өз пайдасына пайдалануы.
Өтімділік “ағым” ретінде, динамикалық тұрғыдан алып қарағанда
кірістерді өсіру үшін, қосымша несие құралдарын тарту арқылы активтер мен
пассивтерді пайдалы түрде қолдана отырып қалыптасқан жағымсыз жағдайдың
алдын алу немесе оны болдырмауды білдіреді, яғни өз мүмкіндіктерін бағалау
дегенді білдіреді [1.148] .
Мұндай жағдайда әр коммерциялық банк өзінің өтімділіктерін берілген
деңгейде қолдай отырып өз жағдайын зерттеп, қалыптасқан уақыт мерзімінде,
өзінің экономикалық саясатын, жарғылық капиталын қалыптастыруда өз
жақтастарын тарта отырып, активтік, несиелік операцияларын жүзеге асыруы
тиіс.
Оның сыртында пайда табу мақсатында жоғары ставкалар мен инвестициялау
немесе ссуда беру арқылы бұл құралдарды қажеттілігіне қарай жұмсап оны
қажет ететіндер арасында делдал қызметін атқаруы қажет.
Операциялық іә-рекеттерді жүзеге асыру үшін нарықтағы болжамбаған
сұраныс жағдайында банкке өтімді құралдар қажет, яғни оларға аз
тәуекелділікпен немесе тәуекелсіз активтерді жедел түрде ақшаға айналдыру.
Сондықтан коммерциялық банктің өтімділігі - ол активтерді тез арада
қолма- қол ақшаға айналдыру болып табылады.
Коммерциялық банк өтімді деп саналады, егер ол қарыздар мен қаржылық
міндеттемелерді, уақтылы орындау үшін қолма қол құралдар мен өтімді
активтері болса. Оның үстіне өтімділік қор кез келген алдын ала болжалмаған
қаржылық қажеттіліктерді: қаржы құю мен несие берудегі пайдалы келісімдерді
жүзеге асыру үшін; болжалмаған мерзімдік несиеге сұранысты қанағаттандыру
үшін; күтпеген жағдайда салымдардың қайтарылуын тағы да сол сияқты
жағдайлар үшін қажет.
Отандық экономикалық әдебиеттердің қалыптасқан халықаралық
терминологиядан айырмашылығы мына 2 түсініктің шатастырылуына әкеліп
соғады: баланстық өтімділігі мен соңғысының төлем қабілеттілігі, яғни несие
институттарының төлем қабілеттілігінің өтімділігін қолдау әдісі мен жолын
қарастыруға әкеліп соғады.
Егер біріншісі банктің өз жұмысы болса, яғни өзінің өтімділігін қолдау
үшін әртүрлі тәсілдерді өз бетінше таңдаса, ал екіншісі әдеттегідей орталық
банк негізінде мемлекетке қарайды.
Егер банк тез арада ақша қаражаттарды арқылы пассив міндеттемелерін
орындай білсе, яғни құралдарды тарта білсе ол банк өтімді деп саналады.
Банк өзінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін өтімді резерві болуы керек,
яғни болжалмаған жағдайларға дайын болуы үшін- олар тұтынушының қаржылық
жағдайы немесе серіктес банктің қажеттіліктері.
Баланстық өтімділігі.
Егер банк өзінің құралдарын актив жағымен тез жүзеге асырса және
пассивтің жедел міндеттерні орындаса банк өтімді деп саналады. Банктің
активтерді тез арада ақшаға айналдыруы көптеген мәселелерді шешуге
көмектеседі. Олардың негізгісі. Құралдарды тарту уақыты оларды тарату
уақытымен сәйкес келсе. Басқаша айтқанда мерзімі жағынан пассив қандай
болса активте сондай болуы қажет; сол кезед сумма мен мерзімнің арасындағы
баланс қалыптасып банк өзміндеттерін орындайды [2.156] .
Банктің өтімділігінің балансына активтің қүрамы әсер етеді: жоғары
сапалы құралдарын көптігіне сай банктің де өтімділігі жоғары болады.
Банктің активтерін өтімділігіне сай 3 топқа бөлуге болады:
1. жедел дайындықта тұрған өтімді құралдар немесе бірінші класстағы
ликвидті құралдар. Олардың қатарында –касса, корсчеттағы құралдар,
бірінші классты векселдер және мемлекеттік бағалы қағаздар.
2. банктің ақша қаражатқа айналатын өтімдік құралдары. Мәселен
несиелер мен банктің пайдасына шешілетін басқа да төлемдер. Олар 30
күнге дейінгі мерзімде орындалатындар, шартты түрде сатылатын
ьағалы қағаздар және басқа да құндылықтар (материалдық емес
активтерді қосқанда).
3. Өтімділігі төмен активтер- олар банктің негізгі қорына жататын
ғимараттар мен құрылыстар, мерзімі өткен несиелер және сенімсіз
қарыздар.
Әлемдік тәжірибеде ең өтімді активтер қатарына кассадағы қолма қол
ақша ғана емес орталық банктің ағымдық шотындағы ақша құралдары да жатады.
Нарықтық экономикалық елдерде өтімді баптар деп саналатындар - біріншісі
класстық қысқа мерзімді коммерциялық векселдер және мемлекетпен
кепілдендірілген бағалы қағаздар. Аз өтімді деп саналатындар ұзақ уақыттық
бағалы қағаздарға салынған банктік инвестициялар. өйткені оларды қысқа
мерзімде сату әрқашан мүмкін бола бермейді. өтімділігі қиын активтер
қатарына ұзақ уақыттың ссудалар мен жылжымайтын мүлікке алымдар жатады.
Оның үстіне банктің өтімділігі жекелеген активтік операциялардың
тәуекелділік деңгейіне де байланысты, яғни жоғары тәуекелділікті
активтердің үлес салмағы басым болған сайын банктің өтімділігі де төмен
болады. әлемдік тәжірибедегі қалыптасқан ережелерге сәйкес ең сенімді
активтер деп ақша қаражаттарды айтады. Ал жоғары тәуекелділікті активтерге
ұзақ мерзімді салымдар жатады. Қарызданушылардың төлем қабілеттілігінің
деңгейі ссудалардың қайтарымдылығына айтарлықтай әсер етеді [3.143] .
Банктің портфелінде жоғары тәуекелділікті несиелер неғұрлым көп болса
банктің өтімділігі соғұрлым төмен. Өтімділік пассивтің балансының құрлымына
байланысты. Егер талап етуге дейінгі салымдарды салымшылар кез келген
уақытта талап етуі мүмкін болса ол жедел салымдарды банк ұзақ уақыт өзі
қадағалай алады. Сондықтан басқа да теңелген жағдайларда салымдардың
жоғарлатылған үлес салмағы талап етуге дейінгі келесі төмендетілген жедел
салымдар үлесі банктің өтімділігін төмендетеді.басқа несиелік мекемелерден
алынған қарыздар мен депозиттердің сенімділігі банктің өтімділік деңгейіне
әсер етеді.
Банктің балансының өтімділігін арнайы көрсеткіштермен бағалайды олар
активтердің құралымы мен пассив пен активтің қатынасын көрсетеді. әлемдік
банктік тәжірибеде көбіне бұл жағдайларда өтімділік коэффициенті
қолданылады. Соңғысы пассивтің баптары мен активтіңбалансының сәйкестігін
немесе керісінше активтің баптары мен пассивтің балансының қатынастарын
көрсетеді. Өтімділік көрсеткіші әр елде әр түрлі атауларға ие, оларды
есептеудің методикасы да әртүрлі, дәстүрлері банктің мамандығы мен ауқымына
байланысты және де банктің несие мен басқа да операцияларды жүргізудегі
саясатына байланысты. әдетте өтімділікті бағалау үшін қысқа мерзімді және
орта мерзімді өтімділік коэффициентіқолданады; олар қысқа мерзімді өтімді
активтердің орта мерзімді өтімді активтерге қатынасын және соған сәйкес
пассивтің мерзіміне есептеледі. Бір қатар елдерде банктер өтімділік
коэффициентін анықталған деңгейден түсірмеуі қажет.
Өтімділік нормалары кейбір елдерде банктік және валюталық қадағалау
мекемелерімен, ал басқа бір елдерде – банк туралы заңдармен тағайындалады;
Олардың мөлшері нақты жергілікті жағдайлардың жинақтау тәжірибесін есепке
ала отырыпанықталады. Біздің елде коммерциялық банктердің өтімділігін
қадағалау мақсатында 1989 жылы алпыс жылдық үзілістен кейін өтімділік
нормалары енгізілген болатын. Банктің өтімділік деңгейін бағалау банктің
нақты өтімділік коэффициентін бекітілген нормалар мен салыстыру жолымен
жасалады. өтімділікті талап етілген деңгейде ұстап тұру үшін банк
саласындағы пассивті және активті операцияларға жүргізілетін саясат арқылы
нарықтық нақты жағдайларын, тұтынушылардың спецификасын, атқарылатын
операциялардың ерекшеліктерімен банк қызметтерімен жаңа нарыққа шығу
мүмкіншіліктерін есепке ала отырып іске асырылады [4.197] .
Коммерциялық банктердің өтімді құралдарға деген қажеттілігі.
Әлемдік тәжірибеде банк ісін жеткілікті түрде өтімді құралдармен
толық жабдықтайтын формула ойлап табылмаған. Банк басшылығы өтімділік
туралы мәселелерге үлкен мән береді. Алайда әлі күнге дейін бүкіл әлемдік
деңгейде банктердің өтімділігін анықтады қолданылатын формула жоқ.
Жекелеген банктің өтімділікке қажетті суммасы несиелік салымдармен
қажеттіліктің ауытқуына тәуелді.
өз кезегінде бұл ауытқу осы немесе басқа мемлекеттік экономикасының
әрқашанда болып тұратын өзгерістеріне тәуелді: жүйелі-
бағытталған,кездейсоқ, мезгілдік, циклдық, ұзақ уақыттың және т.б.
Қазақстан Республикасының экономикасында бүгінде болып жатқан
нарықтық қатынастарға ауысудағы халық шаруашылығының, оның ішінде банктік
қаржылық және ақша-несиелік саясаты мысалы бола алады.
Кездейсоқ өзгерістерді және олардың көлемін алдын ала болжап айту
қиын, өйткені олар ешқандай қалыптасқан схемаға бағынбайды, бірақ та олар
несиеге деген сұраныс пен салымдар деңгейіне сөзсіз әсер етеді. Кездейсоқ
жағдайларға көтелістер, жер сілкінісі, су басу, соғыс қарсаңында үрей және
ыңғайсыз экономикалық саяси іс -әрекеттерді жатқызуға болады [5.136] .
Мезгілдік өзгерістер мезгіл ауысуымен жыл сайын қайталана отырып
кездейсоқ тақырыптардан ерекшеленеді. Уақыт оза мезгілге тән жағдайлар
аздап өзгеруі мүмкін. Ауылдық жерлерде орналасқан банктерде күзде науқас
жинаудан кейін салымдарға үлкен сұраныс туады, ал көктемде несиеге деген
сұраныс өседі. Құрылыс жұмыстарына бағытталған несиелер қыс айларынан
қарағанда жазда көбірек сұранысқа ие болады. Мезгілділікті білдіретін
фактор шартты түрде ауа райы, бірақ та әдетғұрып дәстүрлерде әсер етеді.
Мысалыға, желтоқсан айында рождество қарсаңында бөлшек сауда мөлшері өсуі
мүмкін.
Циклдік өзгерістерді мезгілдік өзгерістерден қарағанда болжау
қиынырақ. Іскерлік талпыныстың құлдырауы кезінде несие мен салымдарға деген
сұраныс азаяды.
Алайда Қазақстан Республикасындағы банк системасына деген негізгі
әсер ету ұлттық банктің қаржы несие саясатын жүргізуіне тәуелді.
Ұзақ мерзімді өзгерістер немесе тенденциялар жекелеген экономикалық
циклдарға қарағанда ұзақ уақыт әсер етеді. Олар бірнеше циклдарды қамти
отырып ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді факторлардың нәтижесі болуы
мүмкін. Олар тұтынушыға қозғалыс, сақтаулар, инвестициялық процестер,
өндірістің техникалық деңгейін қамтуы мүмкін.
Банктік салымдардың деңгейіне көптеген экономикалық факторлар әсер
ететіндегі айқын. Олар өтімділікті жоспарлау аса қажет екендігін көрсетеді.
Берілген бизнестік уақытқа сәйкес банк осы немесе басқа мерзімдіге
күтілетін салымдардың өзгерісінің деңгейін өтімділік ресурстарына деген
есептен көруге болады. Өтімділік динамикасына немесе қорлардың
жетіспеушілігіне 3 фактор әсер етеді. Олар:
- салымдардың көбеюі немесе азаюы саладарынан құралдардың пайда болуы
немесе жоғалуы;
- несиелердің немесе инвестициялардың өсуі мен қысқаруы нәтижесінде
сол жағдайлар қайталанылады;
- міндетті резервтерінің өсуі мен азаюы салымдардың өсуі мен азаюынан;
Шартты банктің өтімді ресурстарға деген қажеттілігінің
көрсеткіштері №1 кестеде көрсетілген.
Өтімді ресурстарға деген қажеттілік кез келген уақытқа есептелінуі
мүмкін. Кестеге сәйкес қосымша қорлардың түсімі жылдыңбірінші мезгілінде
күтіледі, алайда қалған уақытта банкке өтімді ресурстардың қажеттілігін
қанағаттандыру үшінқұралдарды тартуға көп күш жұмсауына тура келеді. Бұл
қажеттіліктер салымдарды алумен емес, несиеге сұраныс көлемін ұлғайтуға
байланысты. жыл соңында резервтерді міндетті түрде көбейту үшін, және осы
қорларды жыл басында конпенсация түрінде босату үшін талап етілетіндігін
атап өткен жөн [6.156] .
Егер салымдардың соммасын өзгерту және ссудалар мен
инвестициялардың өзгерісін дәл болжау мүмкін болса онда өтімді құралдардың
қажеттілігін анықтау жеңілдеген болар еді. Қойылған талаптардың
күрделілігіне қарамастан банктер несиелер мен салымдардың көлемін болжауға
тырысуы керек.
Үлкен банктер болжауды 2 негізгі жолмен болжайды.
Олардың бірі әр алдынғы қатарлы тұтынушының несиеге сұарныс деңгейі
мен салымға сұраныс деңгейін зерттейді. Бұл тәсілді әдетте несие
қабілеттілігін бағалайтын бөлімнің қызметкері қолданады: әр қайсысы өз
тобының шот болжамын айтады. Бұл болжамдардың координациясын
болжау,жоспарлауға жауап беретін экономикалық бөлім, қадағалаушы бөлім,
қазына бөлімі және арнайы жұмысшылар тобы жауапты. Келесі тәсіл салымдар
мен ссудалардың көлемін есептеу- мемлекеттің инвестициялық қорларды қолдану
және төлем көздерін болжау. Экономиканың мемлекеттік және жеке секторларын
экономикалық болжау тәсілін қолдану арқылы сұранысын бағалау. Жеке
сектордың қажеттілігін бағалау, құралдардың түсуін салыстырумен бағаланады.
Бұл жағдайда құралдардың қажеттілігімен олардың түсуін банк несиесіне деген
жалпы қажеттілік деп анықтауға болады. Сондықтан бәсекелес банк несие
нарығындағы өз үлесін анықтай алады. Бұл тәсіл негізінен ірі банктерде
қолданылады, өйткені ұсақ банктер әдетте квалифициаланған жұмысшыларды
соншалықты күрделі есептерді орындауға тарта алмайды.
Ссудалар мен салымдардың деңгейін болжай отырып бұл банктер
негізінен өзінің өткен тәжірибесіне сүйенеді.салымдар мен несиелер деңгейі
көбіне орта айлық көрсеткіштерді немесе экономикалық циклдың мерзіміндегі
графиктерімен таблицияларының ауытқуын көрсете алады.
Бірақ ірі банк болсын не ұсақ банк болсын өтімді құралдарға деген
сұранысты болжау кезінде жергілікті және жалпы ұлттық сипаттарды есепке
алған жөн. Бірінші кезекте салымдардың деңгейі мен тұрақтылығын, көзін және
түрін назарда ұстаған жөн. Сақтаудағы салымдар жедел салымдарға қарағанда
тұрақты, ал жедел салымдар талап етуге дейінгі салымдарға қарағанда
тұрақтылығы жоғары деп саналады. Бұл жекелеген шоттар жағынан әділ, бірақ
әрқашан банктік тұтасм салымдары жөнінде айтқанда дұрыс бола бермейді.
Көптеген талап етуге дейінгі ұсақ және орта шоттардың салымдары тұрақтылау.
Ал бірнеше салымдары бар үлкен фирмалардың салымдары тұрақты бола бермейді.
өйткені шоттардағы ауытқулары бар салымдардың үлесі өте аз. Салымдар мен
несиелердің мерзімдік ауытқуының себебі негізінен банк операциясының
жеткілікті дәрежеде диверсификацияланбауынан болады. Тауарлардың туыстас
түрлерін өндіретін өндірістерге тәуелді аудандар аз емес.
Қазақстан Республикасының аумағындағы банктердің көбі ұсақ
кәсіпорындар қатарына жатса да олардың жұмысына қызмет ету аясынан тыс
жерде болып жатқан факторлар әсер етеді. Мысалы қаржы несие және салық
саясаттары ең алдымен ірі қаржы орталықтарының нарығында сезілсе көп
кешікпей барлық банктерге әсер ете бастайды. Ірі болсын, кіші болсын ешбір
банк қаржы, несие саясатының әсерінен қашып құтыла алмайды [7.184] .
Осыған сай әр банк жалпы әлемдік тенденциялардан - банктік система
және жекелеген банк жаңа несиелерді ұсынуға қажетті құралдардың тапшылығына
тап болған кезде хабардар болуы қажет. Әдетте несиеге деген сұраныс
салымдар көлемінен азайа бастаған кезде өтімділік мәселесі шиеленісуі
мүмкін. Пайыздық көрсеткіштер ерекше жоғары деңгейлерге көтерілуі мүмкін.
Егер банктің қажетті деңгейде өтімділігі болса несиеге деген сұранысты
қанағаттандыру үшін жоғары ссудалық пайызды көтере отырып өз пайдасында
жоғарлатуы мүмкін. Егер өтімді құралдар аз болса жоғары түсімдерге жауап
беретін несиелерден бас тартып немесе өтімділігі аз бағалы қағаздарды өзіне
шығын келтіре отырып сатып өз тұтынушыларының несиеге деген сұранысын
қанағаттандыруы мүмкін.
Банктің өтімділігіне экономикалық және көптеген басқа факторлар әсер
етеді. Осыған байланысты басқару мен болжаудағы есептеулер мәселесі
коммерциялық банктердің жұмысындағы негізгі бағыт бола алады.
Осы факторлардың негізінде банктік өтімділіктің теориясымен
практикасы тарихи жолмен дами отырып комерциялық банктің күнделікті
жұмысындағы саясаты мен бағытын қалыптастырды.

1.2 Коммерциялық банктің өтімділігін басқару теориясы

Коммерциялық банктің өтімділігін басқару теориясы банкті ұйымдастыру
мен қатар пайда болды. Қазіргі таңда негізгі теорияны бөліп қалыптастырады:
коммерциялық ссудалар, күтілетін кірістің орын ауыстыруын – олар активтер
меен пассивтерді басқару теориясымен байланысты. Практикада барлық
теориялар әртүрлі деңгейде қолданылады. Бірақ әр банк олардың әр-қайсысына
ерекше мән береді.
Өтімділік жағдайын басқаруда 2 негізгі бағытты атап көрсетуге болады.
Олардың бірі – резервтерді жетік қадағалау саясаты, осыған орай банкке
пайда әкелмейтін құралдардың болмауын қадағалау. Яғни кез келген құралға
деген жетіспеушілікті оларға деген қажеттілік қатынасынан болдырмау. Осыған
қарама-қарсы – депозиттердің өсуі қарсаңында резервтерді қажетті деңгейде
ұстау саясаты. Барлық ірі банктер қолма-қол құралдарды қатаң қадағалау
пайдалы деп санайды, ал ұсақ банктерде кассалық қамтуды басқарудағы жалпы
операциялардың пайдалылығын қамтамасыз ететін салымдардың пайдалылығын
түсінеді [8.192] .
Өтімді құралдарға деген қажеттілікті болжаудың бірінші мәселесі қолма
– қол ақшаларды басқару болып табылады. Яғни тұтынушылардың қажеттілігін
жеткілікті деңгейде қанағаттандыратын міндетті резервтер, банкнота мен
монеталардың қорының деңгейін қолдауды қамтамасыз ету. Күнделікті жұмыс
уақытында ақшаның көлік түсуімен кетуі және көптеген келісімдердің болуына
байланысты кассадағы ақша деңгейі әрдайым өзгеріп тұратындықтан бұл жұмыс
қаншалықты маңызды болса соншалықты қиын. Касса кіріс түсірмесе басшылық
кассаны ең төменгі мүмкін болатын деңгейде ұстап тұруы тиіс.
Қолма – қол ақшаны басқару көптеген есептерді орындау мен қатар
ұлттық банкке есеп беруді оның ішінде, күнделікті кассадағы қолма-қол ақша
құралының болуын қамтиды.
Жоғарыда атап өтілгендей өтімділікті басқару теориясы коммерциялық
банктердің ұйымдасуымен дамуымен қатар жүреді. Алғашқыда банктің
өтімдлігінің теориясын 2 жолмен қарастырды. Бірінші жолының негізі, банктік
активтердің құрылымы, мерзімі жағынан пассивтердің құрылымына сәйкес келуі
керек, яғни бұл өз өтімділігін қадағалау саясатын жете жүргізу мүмкіндігін
болдырмайды. Осы теориялық негізде банктің алтын ережесі деп аталатын ереже
жасалды, оның мәні банктің қаржылық сұранысының уақытымен көлемі оның
міндетінің көлемімен мерзіміне сәйкес келуі тиіс. [9] .
Екінші жолы актив пен пассив балансының сәйкес келмеуі негізінде
жасалды, өйткені қандай үлкен банк болмасын қаржы несилік құбылыстардың
ауытқуынан сақтандырылмаған. Ондай құбылыстар әлеуметтік – экономикалық
схемада болып тұрады. Олар экономикалық тауарлар, банкрот болу, ссудаларды
тоқыраулар, ссудалық капиталдың ақша қаражатының ауытқулары, және басқа да
қорықтық қатынастардың теңестірілмеуі. Бұндай құбылыстар көбіне жоспарлы –
орталықтандырылған экономикадан нарықтық экономикаға өту үстіндегі елдерге
тән.
Әллеуметтік – экономикалық жүйенің құрылуы мен дамуының әрқилы
кезеңдерінде пайда болған қиындықтар жоғарыда көрсетілгендей банктің
басшылығынан өтімділік деңгейін жетік қадағалауды талап етеді. Коммерциялық
банктің базистік жағдайын қамтамасыз ету мәселесі коммерциялық банктердің
өтімділік мәселесін балланс құрылымын қадағалау жолымен шешуді талап етті.
Яғни коммерциялық банктердің активтер мен пассивтерді басқару мүмкіндігі
[10.198] .
Әллеуметтік – экономикалық жүйенің эволюциондық құрылу процесінде
әлемдік банк ісінің күрделіленуі мен дамуында коммерциялық банктердің
өтімділігін екінші жолмен дамыту 2 негізгі бағыт алды: коммерциялық
банктердің активтерді басқару теориясы және пассивтерді басқару теориясы.

1.3 Коммерциялық банктің активтері мен пассивтерін басқару
теориясы

Жоғарыда айтылғандай банктің активтерін басқаруды 3 түрлі теориялық
көз қараспен қарастыруға болады: коммерциялық ссудалардың тееориясы – бұл
теорияның түбірі ХVIII ғасырдағы Англиядағы банк практикасына кетеді. Бұл
теорияны қорғайтындар, коммерциялық банктер өз өтімділігін оның активтері
іскерлік белсенділік белсенділікке байланысты қысқа мерзімді ссудаларға
салынған жағдайда сақтайды деп бекітеді. Басқа сөзбен айтқанда банктер өз
қаржысын тұтыну тауарларының өндіріс бағытына жұмсайды. Қазіргі уақытта бұл
ссудалар тауарлық запастарға немесе айналым капиталын толықтыруға арналған
ссудалар деген атқа ие болар еді. Банк тарихының барлық кезеңдерінде дерлік
былай деп есептелуі: олар бағалы қағаз сатып алуға, жылжымайтын мүлік,
тұтыну тауарларына және ауыл-шаруашылығына ұзақ мерзімді несиелер беруге
болмайды [11.250] .
Отарлау кезеңінен өткен ғасырдың 30 жылдарының аяғына дейін АҚШ – та
коммерциялық ссудалар теориясы банк теориясында алдынғы орында болды.
Бұл теорияның негзгі қағидалары ертеңгі банк заңдылықтарында
көрсетілген, оның басымдылығы қазіргі кездегі мүше – банктердің
белсенділерін қайта есептеуде көрсетілген. Есепке алынатын ауыл –
шаруашылығы және коммерциялық векселдер стандарттық өнімдермен, басқа да
тауарлар мен немесе басқа материалдық құндылықтар мен кепілденуі тиіс: ары
қарай олардың мерзімі есепке алынған күні қарсаңында 90 күннен аспауы
керек, ал ауыл шаруашылық векселдердің мерзімі есепке алынған күні
қарсаңында 9 айға дейін жетуі мүмкін.
Экономистр коммерциялық ссудалар теориясын кң көлемдее насихаттаған
мен қадағалау, реттееу органдары, банктр оларды қатар тексер отырып
қолданылады. Теорияның негізгі жетіспеушілігі оның дамып кел жатқан
экономикадағы несиее сұранысын есепк алмады. Бұл теорияның қатал пайдалануы
өнеркәсіпті кңейту мен құрал жабдық, жеер, мал, үйлерді сатып алуға
банктердң сатып алуын шектеуі. Банктердің мұндай қажеттіліктерді
несиелендіре алмауы мамандай қаржылық институттардың дамуындағы негізгі
фактор бола алады: олар. Ссуда сақтайтын ассоциациялар, бірін – бірі
сақтандыратын банктер, тұтыну несиелерін қаржыландыратын компаниялар және
несие одақтары.
Бұл теория банктік салымдардың тұрақтылығын қамтамасыз етуді де
есепке ала алмады. Банктік салымдар талап бойынша қайтарылуы мүмкін бірақта
салымшылар өз құралдарын бір сәтте қайтарып алуы екі талай салымдардың
тұрақтылығы, өтімділкке зиян келтірместен орналыстыра алуын қамтамасыз
етеді.. ары қарай бұл тарих бойынша іс ойдағыдай жүзеге асқан жағдайда
барлық ссудалар уақытылы жабылады. Жоғары іскерлік белсенділік жағдайында
өндірістік компаниялар өз міндеттемелерін орындауда ешқандай қиындықтарға
тап болмайды. Бірақ та экономикалық құлдырауымен қаржылық дағдарыс
қарсаңында мына тізбек қолма-қол төлем – тауарлық қор – сату – дебиторлық
есептер – қолма – қол төлем бұзылады. Сондықтан фирманың банктік ссуданы
қайтаруы қиындап немесе мүлде қайтарылмауы мүмкін.
Ақырында бұл теорияның соңғы кемшілігі өзін-өзі өтейтін қысқа
мерзімді коммерциялық ссудалар өтімділікті қалыпты экономикалық даму
жағдайында ғана өтемділікті қамтамасыз ете алады, бірақ өтімді құралдарды
еркше талап ететін экономикалық құлдырауы жағдайында кәрменсіз. Бұл кезеңде
тауар қорларының айналымы бәсендеп көптеген фирмаларды дебиторлық
қарыздарды қайтаруы қиындап ссудаларды уақытында жабуы қиынға соғады. Егер
жекелген банктер өзінің өтімділігін қамтамасыз ететін ссудаларға құралдарын
орналастыра отырып өтімділігін тұрақтандыра алса жалпы банктік система
өтімді құралдарын жетіспеушілігін сезінеді.
Орын ауыстыру теориясы.
Орын ауыстыру терминологиясының негізі мынада: егер банк өз
активтерін басқа несиелендірушілерге немесе инвсторларға қолма-қол ақшаға
сататын, немесе ауыстыратын болса бұл банк өтімді деп саналады. Егер
несиелер уақытында қайтарылмаса орталық банк қамтамасыз етуге берілген
ссудалар мен тауарлық , матриалдық құндылықтарды, нарықта қолма-қол
құралдарға сатылуы мүмкін; қажет болған жағдайда ссудалар қайта
қаржыландырылады. Жекелеген коммерциялық банктің қажеттіліктерін жабу
мақсатында әрдайым сатуға болатын өтімді құралдардың, активтердің болуын
қамтамасыз етеді. Дәл осындай жағдаймен орталық банк өзіне ұсынылған
активтерді еркін сатып алатын болса банк системасы өтімді деп саналады.
Оңай сатылатын нарықтық бағалы қағаздар ұзақ уақыт бойы өтімді
ресурстар есебінде қарастырылды. Мұндай бағалы қағаздар қолма-қол құралға
оңай айналады. Соңдықтан оларға екінші кезектегі қорлар есебінде сілтеме
жасалады. Осындай жолмен ықшамдылықты уақытында шығынсыз қамтамасыз ету
үшін екінші кезектегі қорлар 3 талапқа сай келуі қажет: жоғары сапа қысқа
мерзімдегі өтімділік, сатымдылық олар несиелік тәуекелділіктен бос болып
нарықтағы пайыздық өзгерістерді және нарықта қысқа мерзімдік сенімділікпен
сатылуы тиіс [12.256] .
Өтімділік қоры ретінде қолданылатын активтердің қайтарымдылық
уақытына қатысты ерекше талаптар қойылмайды. Бірақ жалпы ереже мерзімі
қысқа болған сайын жақсы. Шындыққа көбірек жақын деп саналады коминалдық
қойылымдардың өзгеру тәукелділігі аз болса. Бірінші кластағы оңай сатылатын
бағалы қағаздардың екінші кезектегі банктің қорларына жатқызылады егер
өтімділік уақыты 1 жылдан кем болса. Бірақта бұл бағдар ақша нарығының
номиналды ставкаларының әсер етуі мен өзгеруі мүмкін. Егер ставкалар күшті
ауытқуларға ұшыраса немесе жоғарласа онда мерзімі қысқа қағаздар талап
етіледі.
Бағалы қағаздардың бір қатары сатымдылықпен сананың талаптарына жауап
береді. Екінші деңгейдегі қорларға жақынырақ келетіндер казыналық векселдер
мен қатар фералдық басқарманың және оның органдарының бағалы қағаздары.
Пайыздық номиналдық нормасының өзгеруінің қауіпті мерзімі қысқа болған
сайын азаяды. Сондықтан мемлекеттік облигациялардың өтелу мерзімі
жақындаған сайын пайдалы бола түседі. Және де мемлекеттік мекемелерден
қысқа мерзімді бағалы қағаздары да қабылдауға тұрарлық олар: ауылды
жерлердегі тұрғын үй құрылысын несиелндіру, экспорттық, импорттық банк
несиесі, тұрғын үй құрылысын несиелендіретін федералдық банк,
кооперативтерді несиелендіретің банк.
Кейбір бірінші кластағы мемлекеттік емес сектордағы қысқа мерзімді
бағалы қағаздар да екінші дәрежелі резервтер есебінде қолданыла алады.
Оларға ашық нарықта сатылатын банктік акцептермен коммерциялық қағаздар
жатқызылады. Банктік акцепт мерзім 180 күнге дейінгі траттаны білдіреуі.
Банктік акцептердің пайда болуы негізінен халықаралық сауданы
қаржыландырумен байланысты. Бірақ ол кейде ішкі нарықтағы тауарлардың
айналымымен қорлануын қаржыландыру нәтижесінде пайдаланылады. Банктік
акцептер нарығы жоғары белсенділікпен еркшеленеді. Ал қағаздардың өздері
фералдық резервтік банктердің қайта есептеулерінде пайдалы.
Банктер екінші кезектегі резервтер есебінде коммерциялық бағалы
қағаздарды сатып алуы мүмкін. Соңғы мерзімі 4-5 айдан аспайтын
коорпарациялардың қысқа мерзімге шығарған векселдерін білдіреді. Мұндай
жолмен ақша қарыздап алу үшін коорпарацияның өте жоғары деңгейдегі несие
қабілеттілігі болуы қажет. Ережеге сай векселдер ірі артықшылықтармен
шығарылып эмитентік төленеді және шектеусіз индоссарланады. Сондықтан олар
ұсынылатын құжат есебінде жүреді және қолдай қолға келесі индоссаментсіз
өте алады. Коммерциялық бағалы қағаздар көбіне банкте уақыты өткенге дейін
сақталады. Бірақ кейде делдалдар оларды болжамды келісім бойынша сатып алуы
мүмкін [13.259] .
Орын ауыстыру белгілі дәрежеде негізделген болса да жүздегеен банктер
20-30 ж.ж. өтмділік мәселесінен қашып құтыла алмады. Кейбір банктер бағалы
қағаздар мен қамтамасыздандырылған аккальдік ссудаларға мөлшерден тыс
сүйене отырып, олар 24 сағаттың ішінде қайтарылып алынады деп есептеген.
Өкінішке орай бұл бағалы қағаздардың бағаларының құлдырағанын байқаған
банктер бұл ссудаларды төлеу зиян шектіретінін көрді.
Күтілетін табыс теориясы.
Бұл теорияға сәйкес банктік өтімдлікті, қарызданушының келешектегі
табысына сүйене отырып өтімділік графигі негізінде болжайды. Бұл график
жоғарыда көрсетілген теорияларды теріске шығармайдыбірақ несиені
қамтамасыздандыру акцентіне қарағанда қарызанушының ссудаларды қайтарудағы
крстер пайдалы деп есептейді. Теория банктң өтімділігіне несиелер мен
инвестициялардың мрзімініңң құрылымынөзгерте отырып әсер етуге болады деп
сендірген. Жедел ссуаларға қарағанда өндірістк қысқа мерзімді несиелер
өтімдрек, ал тұтынушыларға тауарларды сатып алуға берлген несиелері тұрғын
үй құрылысына берлген ипотекалық ссудаларға қарағанда өтімдлік жоғары.
Теория жекелеген несиелердің жедел дамуымен өсуін мойындайды, олар
қазіргі таңда коммерциялық банктң несиелік портфелнің ауқымды бөлігін
құрайды: олар іскерлік фирмаларға берілетін жедел несиелер, жылжымайтын
мүлікке ссуда ретінде берілетін тұтыну несиелері. Бұл ссудалардың бр үлкен
ортақ ерекшелігі бар бұл ерекшелік өтімділікті жоғарлатады атап айтқанда
олары мерзімінен кйін жабуға болаы. Қолма-қол тұрақты құралдардың тұрақты
ағымын болжау оңай болғандықтан ай сайынғы немесе мезгіл сайынғы негізгі
несиелерді жабу проценті портфельдік көп бөлігін қамтиды. Болашақтағы
өтімдлікті қолдау үшін құралдар қайта инвестицияланатындықтан өтімді құрал
қажет болған жағдайда қолма – құралдарды дер кезінде жұмсау қажет.
Күтілетін кіріс теориясы көптегн банктер инвестициялық портфлн құру
негізінд сатылылықты таңдауына сбеп болды: бағалы қағаздарды өтеу мрзіміне
қарай түсімдеер тұрақты және болжамды болатындай етіп сұрыпталынады. Бұл
жағдайда инвестициялар көрсеткіші бойынша қарыздар мен пайыздарды тұрақты
төлейтін несиелер портфелінің көрсеткішін сәйкстендірілді.
Активтерді басқарудың мәні.
Активтерді басқару түсінігі жеке және тартылған, құралдарды
орналастыру жолы мен реті дегенді білдірді. Коммерциялық банктрге қатысты
айтқанда – бұл орналастырулар қолма – қол ақшалар, инвестициялар, ссудалар
жән басқа активтер. Басты назар бағалы қағаздар мен ссудалық операцияларды
қаржыландыруға яғни өтлінбеген ссудалар мен бағалы қағаздар портфеліні
құрамына аударылады.
Мәселенің айқын шешімі, банк басқармасының, пайда әкеелтін активтерді
қаржыландыру тәуклдігіне дайындығы. Алайда коммерциялық банктердеқорларды
басқару бірқатарфакторлардың әсерінен қиындайды.
Заңдық актлер мен режелер комрциялық банктердң активтеріне 2 жолмен
әсер етеді: банктік құралдар бөлгінің инвестициялану реетін қолдац отырып
сол және басқа активтік опрацияларды жүзге асыру.
Тартылған құралдардыңң басым бөлігі тұтынушылардың бірінші талабымен
қайтарылады. Банкті саналы түрде басқарудың бірінші кезектегі талабы
салымшылардыңталабын орындау болып табылады. Екінш шарты банктік несиенің
пайызының сұранысын негізделген және жетпілікті түрдее қамтамасыз ету.
Мұндай несиені ұсыну – коммерциялық банктің жұмысының негізгі түрі.
Банктің тұтынушыларының негіздлгн несиеге сұраныстарын қанағаттандыра
алмауы банктіңң тиімді операцияларын жоғалтуына әкеліп соғады – нәтижесінде
банк коммеерциялық кәсіпорын ретінде тоқырауы мүмкін [14.261] .
Коммерциялық банктер, іс-әрекеті қауіпсіздік пен өтімділік
қатынасында пайдалы іскер жеке меншік ұйымдар қатарына жатады. Елдегі ақша
массасының басым бөлігі ұсынатын мекеме ретінде экономиканың бұл сапасының
өклдеріне қоғам алдында үлкн жауапкершілік жүктейді. Қоғамның банктік
жүйенің өтімділігі мен төлем қабілеттілігіне күәндауына негіз тумауы қажет,
ал салымшылар кз келген банктің тұрақтылығына сенімді болуы керек. Кейбір
жағдайларда банк салымшыларының және оның акцияларынұстаушылардың мақсатын
сәйкстіруге келмейді. Бұл сәйкссіздік өтімділікті талап ету мен
коммерциялық банктң әр қаржылық келісмінің ойдағыдай табыстылығының
арасында болады. Бұл табыстылық пен өтімдлік арасынағы қақтығыс банктң
құралдарды орналастырудағы шешетін негізгі мәселсі болуы мүмкін. Бір
жағынан банк басшылығы акция ұстаушылар тарапынан қысым сезінеді. Өйткені
олар құралдарды,ұзақ мерзімд бағалы қағаздарға, төлем қабілеттілігі күмәнді
қарызданушыларды қаржыланыру және қоланылмағанқалдықтарды қысқарту
есебінен, көбірек пайда тапқысы келеді. Ал басқа жағына қарағанда көптеп
бергі тұтынушыларының несиеге деген сұранысын қанағаттандыру үшн салымдарды
қайтарып алу банктік өтмілігіне айтарлықтай нұқсан келтірілетіндігін. Банк
басшылығы жақсы біледі.
Несиелік және инвестициялық тәуекелділікт табыс табу жолы ретінде
қарастырады. Табыс көзінің мұндай ауытқуы кезінде инвестордың бұл салаға
ақша салуына тек жоғары пайыз ғана себеп бола алады. Және ол уәделенген
табыстық бір бөлігін жоғалту тәуеклілігіне бара алады. №1 суртте
көрсетілгендей тәуекелділікпен қалыпты табыс айырмашылығы инвестициялық
табысты нормасының стандартты ауытқуы көрсетілген.
Туекелділік өсекен сайын күтілген табыс көлемі де өседі. Капитал
нарығындағы көрсткіш тәуекелділік дееңгейі мен талап етілеетін табыс
нормасы арасындағы қатынасты көрсетеді. Осыған байланысты жоғары табысты
инвестициялар мен несиелерге ақша салған банк сонымен қатар өте жоғары
тәуекелге бас тігеді.
Келесі бөлімде қарастырылатындай активтік операциялар мен пассивтік
операциялар арасында бірін-біріне тәуелді тетін байланыс бар. өтімдлікті –
кассадағы қолма-қол ақшаның деңгейін жоғары деңгейде ұстай отырып,
құралдарды жоғары өтімі активтрге сала отырып, басқа қаржы көздерінен ақша
қарыздай отырып немесе банкке қосымша салымары тарту мүмкіндігіне кепілдік
бере отырып қамтамасыз етуге болады. Салымдар сомасының жоғары деңгейде
өзгеруі және қарыздардың тез жабылуын талап етілуі банктің активтерінің
өтімділігін көбейтуге неегіз болады. Бір жағынан банктің салымдарымен
қарыздық құралдарының арасындағы тікелец байланыстың болуы, екінші жағынан
әртүрлі активтік операциялардан түскен түсім [15.263] .
Активтерді басқару тәсілдері.
Өтімділіктің табыстылығын төмендетпестен коммерциялық банктерактивтік
операцияларға тартылған құралдарды дұрыс орналастыруы қажет. Осыны есепке
ала отырыпкоммерциялық банктер құралдардыорналастыруды 3 тәсілмен
жүргізеді.
Жалпы қорлар құралдарының тәсілі.
Коммерциялық банктің басшысы жауап беретін құралдардың
орналастырылуы, әртүрлі қаржы көздерінен түседі, оларға талап етуге дейінгі
салымдаржедел және сақталатын салымдар, банктің жке капиталы жатқызылады.
Қарастырылған тәсілдіңң негізінде барлық ресурстарды бірктіру идеясы
тұрады. Сосын құралдар активтердің керекті деп тапқан түрлеріне салынады .
белгіленген активті операцияларды жүзеге асыру үшін алдағы мақсаттарды
орындауда құралдардың қандай көздрден түскендігі ешқандай мәнге ие емес.
Берілген тәсіл банк басшылығынан өтімділік пен пайдалылық принциптерін тең
дәрежеде орындауын талап етпейді. Сондықтан талаптар бұл
принциптергекөбірек сәйкс келетін активтік операциялар түріне
орналастырылады. Құралдар опративтік бөлімнің басшыларына өтімділік пен
табыстылықтың сйкестігінің мәселесін шешугее көмектеседі. Бұл приоритеттер
табыс әкелу үшін доллардың немесе теңгенің бір бөлігі бірінш немесе екінші
кезектегі резервтерді қайсысына яғни ссудаларға, немесе бағалы қағаздарды
сатып алуға орналастырылуын айтып береді. Жер учаскелерін немесе басқа
дажылжымайтын мүліктерді сатып алуды қаржыландыру жеке қарастырылады.
Құралдарды орналастырудағы номері бірінші тапсырма олардың үлесін
анықтау болып табылады. Активтердің бұл категориясы коммерциялық банктердің
есептк балланстарында қарастырылмайды. Сонда да банкирлер оны несиеге
сұраныстарды қанағаттандыру үшін салынатын салымдарға жатқызып бірінші
резервтегі активтерге қосады. Бұл коммерциялық банктердің өтімділігінің
негзг түрі. Көп жағдайларда бірінші рольдегі корсчетындағы құралдар жән
басқа да банктердң корсчетындағы құралдар мен сейфтердегі чектер және басқа
а төлем құралдары жатады [16.269] .
Атап өтетін жайт брінші кезектегі резервтерге, салымдарға міндетті
резервтермен қатар банк басшылығының ұйғарымы бойынша жеткілікті деңгейдегі
қалдық ақшалар да жатады. Тәжірибеде брінші кезектегі резервтер қатарына
бірдй деңгейдегі банктердің қолма – қол активтерінің барлық активтеріне
қатынасы мен анықтайды.
Екінші тапсырма белгілі дәрежеде табыс әкелетн кассалық емес өтімді
активтердің орналастырылуын ұйымдастыру. Бұл резерв өз қатарына өз
тәуекелділікпен, жоғалтумен және төмен ұсталлыммен қолма – қол құралдарға
тез айналатын табыстыактивтерді қосады. Екінші кезектегірезервтердің
негізгі орны - бірінші дәрежедегі рзервтерді толтыру көзі. Соңғысы сияқты
бұл бухгалтерлік емес экономикалық категория және ол банктік баллансқа
қатыспайды. Екінші деңгейдегі резервтерге бағалы қағаздар портфелін
құрайтын активтер, - кейбіржағдайда ссудалық шоттағы құралдар кіреді.
Екінші деңгейдегі резервтердің көлемі, сол факторлардың көлемі, сол
факторлармен – олардың әсерінен ссудалар мен салымдар өзгереді қосымша
анықталады. Салымдарымен несиелерінің көлемі тұрақты банктрге қарағанда
салым соммасымен несиеге деген сұраныс арасы қатты ауытқып тұратын
банктерге екінші кезктегі резервтер көбірек қажет.
Бірінші кезектегі резервтер сияқты екінші кезектегі рзервтерге де
қурандарының жалпы көлеміне қарай пайыз белгіпенеді . жоиептінетінөрөш
ретінде барлық банктерге бірдей жолпы көрсеткіштер пайдалануы мүнкін.брақ
ол әр жағдайдге жекелеген банктердің талаптарына жауап бере бермейді.
Жалпы банктік жүйенің өтымділігінің индикатордың болжамдылығыүлгсінде қолма-
қол ақша сомасымен өкметтік қағаздардың барлық коммерциялық банктердег
салымардың жалпы соммасына қатынасын коэфициент қоланылады.
Үшінші этап қорларды жалпы этап көрсеткшінің тәілімен орналастыру -
ол несие портфелін қалыптастыру. Банк бірінші және екнші дәрежедегі
резервтерінің көлемін анықтағаннан кейін ол өз тұтынушыларына ссуда ұсына
алады. Бұл банк жұмысының пайда келетін маңызды түрі. Ссуда – банк
активтерінің ең негізгі түрі ол ссудалардың түсетін табыс – банк табысының
ең құрамдас бөлігі. Сонымен қатар ссудалық операциялар банк жұмысындағы ең
тәуелділік жоғары операциялар қатарына жатқызылады.
Банктік активтерді басқаруда жалпы құрал қоры тәсілін таңдауы банкке
активті операциялардың категориясын таңдауда кең мүмкіндік береді. Бұл
тәсіл жалпы қалыптасуларда үстемдік тоқтатады. Алайда көрсетлген тәсіл
құралдарды активтергее орналасуда айқын критерийлер құралмайды. Және мына
диллеманы өтмділік - табыстылық шеше алмайды. Соңғысы банк басшылығының
тәжірибесі мен интуициясына байланысты.
Бұл тәсілдің тағы жетіспеушілгі, қаржыландыру көздер оны қолдану
жолымен тәуелсіз болуына жол береді. Брақ нақты істе бұл олай емес.
Басқа жетіспеушілктер тең дәрежеде жалпы қор қорлары тәсіліне және
активтерді орналастыру тәсілдеріне қатысты.
Аталған екі тәсілде тұтынушыларға несие беруді қанағаттандыруға аз
көңіл аударылған және салымдардың қайтарып алу мүмкіндігімен міндетті
резервтердің өтімділігіне акцепт жасайды. Белгілі болғандай іскерлік
белсенділік өскен сайын салымдар мен несиелер де өседі. Егер банкте
мынандай жағдай болса, банкке міндетті резервтердің, тоқтатылған
нормаларынан тыс, салымдарды жабуға азғана мөлшерде ғана қосымша өтімді
құралдар қажет болады, - егер банк экономистісі іскерлік белсенділікпен
салымдардың ағымының азаятын уақытын дәл айта алса. Бұл жағдайда өтімді
құралдар негізінен несиеге деген сұранысты жабу үшін талап етіледі, мұнда
олар салымдарға қарағанда анағұрлым қарқынды темпен өсуі мүмкін.
Есепке алатын нәрсе кейбір банктерде салымдар көлемі төмендеп несиеге
деген сұраныстың өсуі мезгілдеп ауытқу болуы мүмкін. Оның үстіне жүргізіліп
отырған ақша –несие саясатының әсерінен несиелерге деген сұраныс өсуі
қарсаңында салымдарға деген сұраныстың жоғарлығы қарсы тұра алады.
Қарастырылған екі тәсілдің тағы да бір кемшілігі бар. Олар
өтімділіктің жоғарғы деңгейіне емес, орта деңгейіне келіп тіреледі. Банктік
жүйенің өтімділігін бағалау үшін мемлекеттік бағалы қағаздармен кассадағы
қолма-қол құралдардың, салымдардың жалпы сомасына орташа қатынасы
жеткілікті болуы мүмкін. Бірақ ол басшылыққа несиелер мен салымдарға
сұранысты қанағаттандыру үшін келесі аптада кассадағы құралдардың
мөлшерінің қандай болуы керек екенін көрсете алмайды. Тек банктің жекелеген
тұтынушыларының шоттарына анализ жасау арқылы және жергілікті нарықтағы
қаржылық шаруашылық жағдайларды ақша-қаражатқа деген сұранысты анықтауға
мүмкіндік береді [17.286].
Қарастырылған екі тәсіл біраз жеңілдетілген болып саналады. Оларды
шешім қабылдауға негіз болатын нормативтік нұсқаулар ретінде емес, банк
басшылығының активтерді басқарудағы бағытын анықтайтын жалпы схема ретінде
қарастырған жөн. Бұл тәсілдердің кез-келгенін қолдану білікті басшылардың,
банктің жалпы жағдайы мен шешім қабылдауы зерттеуді күрделендіруге
мүмкіндік береді.
Ғылыми басқару тәсілі. Активтерді ғылыми тәсілдердің көмегімен басқару
және зерттеу өте күрделі моделдерді заманауи математикалық ақпараттарды
табыстар мен шығыстардың баланысының арасындағы қатынастарды анықтау үшін
қолдануға жол ашады. Бұл тәсілдер банк басшылығына шешім қабылдауға зор
көмек көрсетуі мүмкін.
Алдыңғы бөлімдерде қарастырған екі тәсіл активтер мен пассивтердің
арасындағы әртүрлі байланыстарға қарапайым ғылыми талдау жасауға нұсқайды.
Олар банк басшылығының (банк ішінде) немесе банктерді қадағалайтын
органдардың (сырттан) өтімділікке қойған шектеулерінің аясында жеткілікті
көлемде пайда табу үшін инвестициялауға келетін барлық құралдарды
орналастыру жолын көрсетеді.
Ғылыми тәсілдің күрделі әдістемесі, басқарудағы мәселелердің шешімін
прогрессивті, математикалық амалдарды және ЭЕМ-ді қолдану арқылы шешу. Бұл
ұстаным, бағытты анықтауда әртүрлі мәселелердің арасындағы байланыстарды
ажырату, басқарманың бақылауындағы немесе тыс ауыспалы жекелендірулерді,
басқарылмайтын ауыспалылардың мүмкін болатын қозғалысын бағалау бағытын
анықтауды талап етеді [18.291] .
Ғылыми басқару тәсілі үш сұраққа жауап беруге тырысады: мәселенің
мәні неде?, оның шешімдерінің қандай түрлері бар?, ең ыңғайлысы
қайсысы?.
Мамандардың өндірістік мәселелерді шешуді басқарудағы қолданатын
тәсілдердің бірі тікелей бағдарламалау болып табылады. Әрі қарай оның
суреттемесі келесі тәсілде көрсетіледі: коммерциялық банктердің активтерін
басқаруда ғылыми тәсілдерді иллюстрациялау. Бұл тәсіл активті басқару мен
пассивті басқарулар арасындағы мәселені байланыстырады, олар операцияның
табыстылығы мен өтімділікке қатысты шектеулерді есепке ала отырып жасалады.

Активтерді басқару мен басқада іс әрекеттерді жүргізуде коммерциялық
банк басшылығы басқа да ғылыми жолмен басқарылатын тәсілдерді қолдануы
мүмкін.
Тікелей бағдарламалау моделі – бұл стандарттық математикалық нысанда
шешім қабылдау Моделдік стандартты есептеу тәсілдерінің бірін қолдана
отырып мысалға бөлшектердің оптималды үйлесімділігін анықтаудағы семплекс-
әдістеме ретінде шешім қабылдаушы тұлға жағынан бақылауға жатады. Моделдің
матаматикалық есептеулер аспектісі және олардың дәл қолданысы біраз күрделі
жұмыс, бірақта бұл тәсілді жасайтын тұлғалардың тікелей бағдарламалауды
қолдануы шарт емес. Тікелей бағдарламалауды оқу аудиторияларынан тыс жерде
ешкім қолданбайды. Мұндай күрделі моделдерді қолдануды жеңілдету үшін
арнайы стандартты есептеу бағдарламалары құрылған. Осыған қарамастан банк
басшылығының моделдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктің өтімділігі мен төлем қабілеттілігі
Хaлық бaнк AҚ-ның төлeм қaбiлeттiлiгi мeн өтiмдiлiгiн тaлдay
Коммерциялық банктің өтімділігінің басқарудың теориясы
Банктің өтімділігін басқару теориялары мен оның әдістері
Мерзімді салымдар банкі
Банк өтімділігін басқару негіздері
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын талдау
Коммерциялық банктердің активтерінің теориялық негіздері
Банк тұрақтылығы негізіндегі банк өтімділігі
Кәсіпорын теңгерімінің өтімділігін және төлем қабілеттілігін талдау
Пәндер