М. Әуезовтің ой-пікірлері қалыптасуының даму жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

  1. М. Әуезовтің педагогикалық мұрасына жалпы сипаттамаXΙX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары шығармашылықтарының М. Әуезовтің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына ықпал етуі. М. Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеялар жүйесі.

2. М. Әуезовтің ой-пікірлері қалыптасуының даму жолдары.

2. 1М. Әуезовтің бағдарламасындағы педагогикалық принциптері

2. 2М. Әуезовтің педагогикалық мұрасын оқу-тәрбие процесінде пайдалану.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі . Заманға сәйкес тәуелсіз Қазақстанның жаңа даму жолына түсуіне байланысты зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекетті құруға бел байлаудың негізінде біздің Республикамыздың тарихын қайта жазу қолға алынып отырып, біз ұлы жазушы М. Әуезовтің өмірі мен ғылыми - педагогикалық мұрасының, тәлім тәрбиелік мәнін қарастыруымыз қажет деп білеміз.

М. Әуезовтің өмір сүрген кезеңінде қазақ жерінде қазақ халқының ұлттық мәдениетін теріске шығарып, тарихи шындықты бұрмалау сияқты ұлы орысшылдық саясатын жүргізу, соның негізінде, қазақ халқының санасында өзі туралы жағымсыз ұғымның қалыптасуына ықпал ету мезгілі болғаны анық.

Осы орайда қоғамның дамуы, адамның мінез-құлқына, сана-сезімі мен ойлау өрісіне, өзін-өзі танып білуге баулиды. Адам өзін-өзі танып, іс-әрекетіне баға бермейінше басқаларды да танып білуі мүмкін емес. Халық даналығы: «Өзінің кемшілігін білген кісі екі адамға билік айтады» дейтін өнегелі ой түйіндейді.

М. Әуезовтің мұрасындағы тәлім-тәрбиелік ойларға ең алдымен назар аударғандар көптеген елдердің көрнекті зиялылары болғандығын білеміз.

Ұлы жазушының педагогикалық мұралары сан жағынан қаншама мол болса, саналық тұрғыдан соншалық терең.

Революциядан кейін мемлекетіміздің барлық жерінде ашыла бастаған жас мектептер мен тұңғыш құрыла бастаған жоғары оқу орындарында қазақ әдебиетін оқытуға арнап жазған бағдарламалары - оның педагогикалық еңбектерінің мазмұнды бір арнасын құрайды. Жоғары оқу орындарында күні бүгінде де тұрақты оқылатын, негізін өзі қалаған «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», «Абайтану» пәндерінің бағдарламасын құрастырған. Сонымен бірге 1953-1954 жылдары Москваның М. В. Ломоносов атындағы университетінің «СССР халықтар әдебиеті» кафедрасында профессор болып қызмет еткенде «Қазақстан және орта Азия халықтарының әдебиеті» деп аталатын курстық жобасын сызып, бағдарламасын жазып, дербес пән ретінде орнықтырған. М. Әуезовтің қаламынан туған аталған оқу бағдарламалары - оның аса ғұлама ғалым ғана емес, үлкен педагог, шебер методист (әдіскер) білгір маман екенін көрсетеді. М. Әуезов көптеген шығармаларын оқулықтарының қазақ халқының санасынан алатын орны туралы президент Н. Назарбаев былай деді: «Қазақ және Мәскеу университеттері профессоры бола жүріп белсенді ғылыми әрі педагогикалық қызметімен байланысты. Республика Парламентінің депутаты, көптеген кәсіби және қоғамдық ұйымдардың мүшесі ретінде белсенді жұмыс атқарды». (Егемен Қазақстан, 30 қыркүйек, сейсенбі, 1997 жыл. №191)

Т. Жүргенов, О. Мендешев, Ж. Аймаутов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ш. Альжанов сияқты бір туар зиялыларымыз кезінде өз пікірлерін айтқан болатын. Сол 20 жылдарда бастап заманымыздың ұлы жазушыларының бірі - М. Әуезовтің талант, дарыны көп қырлы, сан сырлы екенін байқаймыз. М. Әуезов қазақтың ұлы ақыны А. Құнанбаевтың мұрасын, өмірі мен шығармашылығын терең зерттеп, қазақ әдебиеттану ғылымында «Абайтану» болып жеке отау тігу, сөйтіп, ақын мұраларының ел игілігіне айналуы, орта мектептерде, жоғары оқу орындарында арнаулы курс болып оқытылуы, сайып келгенде, М. Әуезовтің есімімен тікелей байланысты. Ақын өмірі мен шығармашылығын ғылыми тұрғыдан зерттеп, әлденеше мақалалар жазып, баспасөз беттерінде жариялайды.

Бүгінгі қазақ тарихында әдебиеттану пәнінде ұлы жазушы туралы ғылым - Әуезовтану өрісі өсіп, шеңбері кеңейіп отыр. Оған жазушының көзі тірісінде-ақ, әсірісе қайтыс болғаннан кейінгі жылдары шығып жатқан мақалалар, ғылыми еңбектер, докторлық диссертациялар болып табылады.

М. Әуезовтің философиясының әлеуметтік - мәдени және дүниетанымдық негіздерінен түсінуге, ұстаз ұсынған идеялардың сырларын танып білуге қазақ халқының даму тарихындағы жазушының орнымен, оның шығармаларының маңызын пайымдауға мүмкіндік берген философ ғалымдар А. Тайжанов, М. Нұрғалиев, Ә Нысанбаев, тарихшы - әдебиеттанушы ғалымдар: Ж. Дәрібаева, К. М. Есбаева, А. Жақсылықова, М. Иманова, А. Молдаханов, С. А. Исабекова т. б.

Ал М. Әуезовтің жазушылық көркем әдебиеттің әсері мен мағыналық жерін зерделеп, сөздерінің мазмұндық шеберлігін ашуда Р. Сыздықова, З. Қабдолов, К. Мұхаметжанов, М. Сильченко, З. Кедрина т. б. көптеген белгілі ғалымдар еңбектерінің маңызы зор. Жазушының ғұмырнамасын және ғылыми әлемде танылмаған шығармаларын іздестіріп тауып, оларды үнемі жаңа мәліметтермен толықтыруға ұмтылыс жасаған С. Мұқанов, Р. Нұрғалиев, М. Базарбеков, З. Ахметов, Л. Әуезова, Р. Бердібаев, М. Қаратаев, Ғ. Мүсірепов, Ә. Нүрпеиісов, Ә. Тәжібаев, Ә. Шәріпов, т. б. көптеген белгілі ғалымдардың еңбектерін атап айтуға болады М. Әуезовтің психологиялық көзқарастарының өзіндік ерекшеліктерін ашып, ұлы жазушының туындыларындағы адамның ішкі жан дүниесіне қозғау салып, көмескі жатқан іс-әрекеттерін, ой - пікірлерін ояту мүмкіншіліктерін Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, Д. Сарсенбаев, В. К. Шабельников, С. Жакупов, Д. Дүйсенбеков, т. б. өзгертулерінде қарастырған.

Қазақ халқының тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің даму тарихында Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеяларының алатын орны жас буындарды оқыту және тәрбиелеу маңызы жайлы Ш. Әлжанұлы, А. Көбесов, С. Қирабаев, З. Қабдолов, А. Тайжанов, К. Ыбыраева т. б. ғылыми жұмыстарында жан - жақты қарастырылған. Ал жас өспірімдердің дүниетанымын қалыптастырудағы мүмкіндіктері, оларды жан-жақты тәрбиелеудегі мәнін ашып көрсетуде Б. Айтмамбетова, С. Ұзақбаева, К. Мұқанұлы, Қ. Тұңғышбаев, А. Мәкенов, М. Алтынбекова, Қ. Бітібаева т. б. еңбектерінің ғылыми-әдістемелік орны ерекше.

М. Әуезовтің педагогикалық, философиялық, теориялық, әдістемелік, драматургиялық әдебиеттерді және оқу - тәрбие жөніндегі үрдісінде пайдаланудың тарихын таңдау барысында жасаған қорытындымыз жазушының этнопедагогикалық, тәлім - тәрбиелік мәнінің зор мұрасын, жастарды оқыту және тәрбиелеуде қолданудың теориялық - әдіснамалық негізінің осы уақытқа дейін қолданбағандығы анықталды.

Сонымен бірге, жазушының этнопсихологиялық, этнопедагогикалық, тәлімдік мүмкіндіктерінің әлі де болса ашылмай жатқан тұстары бар екендігіне сенеміз. Ұлы ойшыл, кемеңгер суреткердің қаламынан туған дүниелердің барлығын бірдей қамти алған жоқ, зерттеулерді, мақалаларды, диссертациялық жұмыстар мен жекелеген еңбектерге жазған ой-пікірлері, әртүрлі талқылауда сөйлеген сөздері мен баяндамалары, аудармалары, хаттары әлі де мол. Ең бір өрең еңбек сіңірген өзекті монографиялық зерттеуі асқан ойшыл ақын ұлы Абайдың әдеби мұрасы. Ол Абайтану ғылымының қалыптасуына, ақынның тәлім-тәрбиелік пікірлерін «жастарды жаңа жолмен өзі қиял қылған адамшылыққа қарай жетектеп баулығысы келеді . . . өлең сөздерімен бір ақын айтса, ауызша өсиет, ұзақ мәжілістермен тағы да баулып, ылғи ғана таза адамшылық жолына үгіттейді. Әділдік, шыншылдық, махаббатты, бауырмалдықты, арлылық, ойшылдық, сыншылдық сияқты адамды адам қылатын жан тәрбиесінің барлық негізін қолданады», - деп белгілеген. Бұл «Абай Құнанбаев» (1967) деген монографиясында Абайдың мұрасын зерттеудің бірнеше бағыттарын анықтап, соның ішінде Абай шығармаларын мектептер мен жоғары оқу орындарында пән ретінде оқыту мәселелерінде де тоқталған. Бұл мәселе туралы абайтанушы Мекемтас Мырзахметов еңбегінде «Абайдың адамгершілік мұраттары» (1993) былай деді: «мектеп пен жоғары оқу орындарында ақынның өмірі мен шығармашылығы, М. Әуезовтің монографиясы жарыққа шыққанға дейін ғана жаттанарлық болғанымен, «бір кезде, тіпті бүгінгі таңда жақсы қызмет атқарып отырған оқулық материалдарының көп олқы жақтары көзге ұрып тұрады», - деп белгілейді.

Әлемдік деңгейде болып өткен М. Әуезовтің мерей тойы мәдени-саяси іс болғанмен, жазушының ұлылығын дәлелдеумен бірге, оның шығармаларын зерттеудегі кемшіліктерді ескереді. Әсіресе, жазушының оқу-тәрбие процесіндегі жастарды тәрбиелеу мәселесі туралы пікірлеріне көңіл аудару туралы Президент Н. Назарбаев былай деген: «Мұхтар Омарханұлының есіміне баланысты басқа да мерейлі шаралар сияқты бұл бас қосуда - халқының асқақ мұраттары бойындағы бар жақсысын, күллі ғұмырын, дарын қуатын, терең танымын, білімі мен білігін аямай жұмсап, рухани ұстаз атану халқына ие болған арыстарымыздың, қазақ мәдениетінің, әдебиеті мен өнерінің асыл тұлғаларын бүкіл халық болып қастерлеу, мерекелеу сияқты жақсы салтымыздың жалғасы. (Егемен Қазақстан, 30 қыркүйек, сейсенбі, 1997 жыл Іб. Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасы - бүкіл адамзаттың байлығы) . Қорыта айта келіп, Президентіміз: «Тағдыры мен таланты талқысына түсіп, жанкешті өмір сүрген ғұламаның ісі бүгінгі ұрпақ үшін тағлым деген баға бірауыздан мойындалғандай болды» - деген сөзі жазушының төңірегіндегі істелетін жұмыстар қыруар, және оның барлығына болашағы жарқын болып көрінетінін айқындады.

Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тәрбие туралы тұжырымдамада (1993) жастарды тәрбиелеу ісін қазіргі заман талабына сәйкестендіру мәселесі қойылған. Бұған қол жеткізуде, Абай шығармаларындағы, М. Әуезов шығармаларымен оқулықтарындағы тәлім-тәрбиелік пікірлер, өзектілігі мен шеберлігіне байланысты оқу-тәрбие ісіне ұсынады.

Міне, мұндай шығармалардың алдыңғы қатарына қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің шығармалары жатады. Мұхтар Әуезовтің еңбектерінде оқу-тәрбие жұмысының алар орныны зор. Оқырман жазушының шығармаларын оқи отырып қазақ халқының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, ұлттық ойындар мен Қазақстан тарихынан мағлұмат алады. Демек Қазақстан Республикасында этнопедагогикалық білім беруде көпмәдениетті тұлғаның қалыптасуы мәселесіне зор көңіл бөлінуде. Осыған орай Мұхтар Әуезовтің шығармаларын студенттер терең түсініп этнопедагогикалық білімдерін, дағдыларын, іскерліктерін, түрлі әдістерін терең жетілдіруді қажет етеді.

Мұхтар Әуезов өзінің «Абай» эпопеясы арқылы «халқымыздың бейнесін тұтастай сомдап, оған қоса әдебиетін де әлемдік аренаға алып шықты» − дейді ғалым Ө. Озғанбаев.

Бүгінде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып, араға бірнеше ғасыр салып барып келген тәуелсіз мемлекетімізді қалыптастырып, бекітуде халқымыздың осы ұлы перзенттері − Абай мен Мұхтар рухани тірегіміз болып отыр.

Абайдың ғылыми-педагогикалық мұрасын оқу-тәрбие процесіне енгізе отырып, Абайтану курсын жастарға танытып отырған кезде, Мұхтар Әуезов шығармалары қазақ халқының тарихын көркем тілде жеткізуші ғана емес, ол ұстаздар қауымы үшін ұлттық тәлім-тәрбиенің негізгі оқулығын міндетін де мінсіз басқарған, қазақ өмірінің энциклопедиясы деп атаймыз.

Мұхтар Әуезовтің негізгі туындысы − «Абай жолы» эпопеясы ХІХ-ХХ ғасырдағы халқымыздың тарихын, өмірін, салт-дәстүрін, психологиясын, тұтастай қазақ қоғамының жанды бейнесін қаз-қалпында көз алдымызға әкеліп беретін құдірет.

Мұхтар Әуезов шығармалары сонау 60 - шы жылдардан бастап-ақ ұстаздар қауымының назарында болып, оқу-тәрбие істерінде қолданылса да, 100 жыл толуына арналған конференцияларда кең қаралды. Осыған орай мектеп бағдарламаларындағы кемшіліктер көрсетіліп, айтылды. Тағы да бір ескеретін бұл конференцияларда Мұхтар Әуезовтің шығармаларын жастардың оқу-тәрбие процесіне енгізу туралы ұсынылды. Жазушының шығармаларындағы әр жастың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жан-жақты таныту, ой жүйесіндегі даналықты суреткер шеберлігіндегі даралықты түсініп жастардың ойын дамытуға қарай бағыттау керек.

Бүгінгі күні білім мазмұнын жаңарту, ғылым негіздерінің өзара байланысын күшейту мен оларды шоғырлану тенденциясының мәні ерекше болып отырған жағдайда Мұхтартануды оқушыларға оқыту қажеттігі анық.

Мұхтар Әуезовтің ғылыми - педагогикалық мұрасын оқыту, оның тәрбие жұмыстарында пайдалануда осы күнге дейін шешілмей келе жатқан мәселе жазушылық шығармашылығындағы, оқулықтардағы, тәлім - тәрбиелік терең ой-пікірлерді барынша толық зерттеп қарастырылмағандығы айқын.

Зерттеуімізде Мұхтар Әуезов шығармаларында, оқулықтарындағы оның тәлім-тәрбиелік ойларын, пікірлерін күнделікті өмірде пайдалану жақтарын теориялық, әдіснамалық негізін қарастырдық. Ұлы ұстаздың өзі айтуы бойынша: «Мен мұғалім мамандығын ұзаққа таңдадым, «әрі тек қана мұғалімдік жұмыспен шектелмей, сонымен қатар оқу құралын қарастыруды да мақсат қойып, мектептердегі оқу жылының соңында қазақ әдебиетінің тарихы оқулығын құрастырумен айналыстым . . . » деп жазушылық, әлемдік классик, және тюркология мен шығыстануды дамытқан аса көрнекті ғалым деп қоғам қайраткері, Абайтанудың негізін қалаушы, сонымен бірге ол өмір бойы педагогикасындағы бұрыннан белгілі болған тәрбиелік маңызы зор ісі қазіргі күн талаптарына сәйкес пайдаланудың жолдарын тарихын айқындауға бағытталған еңбектердің бірі болмақ.

Зерттеу проблемасының ғылыми әдебиеттердегі және практикадағы жағдайын талдау бірқатар қайшылықтарды айқындауға мүмкіндік берді. Олар:

− Мұхтар Әуезовтің мұрасының зерттелуіне тоталитарлық жүйенің кері ықпалы мен қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтік өзгертулер кезеңінде, ондағы тәлім - тәрбиелік процесінде пайдалануға жаңа көзқарас қалыптастыру қажеттілігі арасындағы қайшылық;

− Мұхтар Әуезовтің шығармаларының этнопедагогикалық - этно психологиялық мүмкіндіктері мен ойлары іс жүзінде қолдануға жағдай жасайтын педагогикалық - әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасындағы қайшылық;

− Мұхтар Әуезовтің этнопедагогикалық көзқарастарының теориялық жақтан дәлелденуі мен оның оқу - тәрбие практикасына толыққанды ендірілмеуі арасындағы қайшылық;

− Мұхтар Әуезовтің шығармаларының оқу мазмұнында берілуі мен оны оқытуда жеке оқушы тұлғасының ескерілмеуі арасындағы қайшылық;

− Жоғары оқу орындарында Мұхтар Әуезовтің этнопедагогикалық көзқарастарының оқытылуы мен оны оқу - тәрбие жұмысында пайдалануға болашақ ұстаздарды даярлаудың теориялық және практикалық жақтан толық қарастырылмауы арасындағы қайшылық.

Атап өткен қайшылықтардың шешімін табу үшін біз зерттеу проблемасын, Мұхтар Әуезов мұрасын оқу - тәрбие жұмысында пайдалануға жаңа көзқарас қалыптастырып, оның шығармаларын оқытуды және тәрбиелік жұмыста пайдалануды жаңа заман талаптарына сәйкестендіруге болады деп анықталық.

1. М. Әуезовтің мұрасының жалпы сипаттамасы

  1. XΙX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары шығармашылықтарының М. Әуезовтің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына ықпал етуі

Әрбір тарихи кезең халық санасында белгілі бір із қалдырып, олардың тағдырына елеулі ықпал етіп отырған. Осыған орай халқымызда “Заманына қарай адамы” деген асыл сөз бар. Қоғамның дамуы, адамның мінез-құлқына, сана-сезімі мен ойлау өрісіне, өзін-өзі танып білуге баулиды.

Шынайы ұлттық жазушылардың қай-қайсысының да еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі зор болған. Әдебиет алыптары, үлкен сөз зергерлері М. Горький, Н. А. Островский, С. Айни, М. Жәлел, Ғ. Ғулям, Я. Косал, А. Корнейчук, М. Бажан, тағы басқалардың күллі шығармашылығы осыған айғақ.

Сондай әдебиет алыптарының ортасында, әрине, халқымыздың мақтанышы, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің орны ерекше. Оның өмірі мен шығармашылығын Отанымыздың барша тыныс-тіршілігінен сәл де бөліп қарауға болмайды. Өйткені, кемел суреткердің бүкіл саналы ғұмыры, құнарлы шығармашылығы - Отанға, ата - мұраттарына адал қызмет етудің үлгісі, советтік патриотизм мен интернационализмнің жарқын өнегесі.

Бір тамашасы - М. Әуезов өмірімен ғана емес, өнерімен де күлкі совет халықтарына ортақ. Жеке басы талай-талай талантты қаламгерлерге дер кезінде қол ұшын беріп қамқор болып, шығармашылығымен де ұстаздық етіп, совет әдебиетінің дамуына елеулі ықпал жасады. Әсіресе осының жарқын мысалы - жазушының ең басты шығармасы - «Абай жолы» эпопеясы. Оны кезінде «Литературная газета» совет әдебиетінде тәлім-тәрбиелік сипатта шығарма тудырудың келелі көрінісі деп бағалап, оның біртұтас әдебиетінің өркендеуіне әсері жайында былай деп жазды: «Абай»- көп ұлтты совет романында қазақтың стильдік мектебін танытатын құбылыс. Әуезов тәжірибесін Орта Азия әдебиеттері мұқият зерттеп, өз тілдеріне көшіргелі жатыр. Украин, латыш, грузин және орыс әдебиеттерінде де жағдай солай болуға тиіс деп ойлаймыз» («Литературная газета», 31 март, 1959) .

Мұхтар Әуезов әр түрлі ұлттар мен халықтар өкілдерінің жақындасып достасуына, олардың бір-бірін жақсы түсінуіне көп күш салған қайраткер ұлт әдебиеттерінің көптеген өкілдерімен ұзақ жылдар бойы шығармашылығы тығыз байланыста болды. Ол өз замандастарының есінде шынайы дос, жас әдебиетшілерің қамқор тәрбиешісі, СССР халықтары әдебиетшілерінің аса көрнекті білгірі әрі жалынды насихатшысы ретінде сақталып қалды. Ол советтік ұлт әдебиеттерінің қазіргі есімдегі Одаққа, қала берді әлемге әйгілі көрнекті өкілдерінің көпшілігіне ақылшы ұстаз, аяулы аға болды. Олардың шығармашылық қадамдарына баспасөз беттерінде сәт сапар тілеп, зор үміт қалап, көрегендік танытты. Бір ғана мысал - Әуезовтің ол кезде ешкім білмейтін қырғыздың жас жазушысы Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығын Одаққа таныстырып, тұсауын кесуі. Ал, қазір Айтматовтың қандай жазушы екені баршаға белгілі. Міне, сондықтан да Ш. Айтматов: «Мұхтар Әуезов мен үшін алыстан мұнартқан әлдебір академиялық тұлға демес, оғаш айтқаным; өзім көріп, өзім білгендер ішіндегі ең суреткер де емес, мұным да жалпылама сөз. Мұхтар Әуезов - маған әке дей қамқор болған кісі» («Біздің Мұхтар», 71-бет, 1976 ж. ) - деп жазса керек. Ал, Украинаның атақты драматургі Александр Корнейчук Мұхтар Әуезовтің әдебиетінің жас буын өкілдеріне нағыз адамзаттық тәлім-тәрбие, өрісті ұстаздық үлгі көрсеткенін айтады: «Әуезов үлкен гуманист адам еді, ол өз халқын, оның биік мәдениетін шексіз сүйетін. Өзге халықтың әдебиетін өз халқының әдебиетіндей терең түсініп, оны құрмет тұтып, үнемі қошаметтеп отыратын » («Біздің Мұхтар», 21-бет) .

Мұхтар Әуезов өмірімен интернационалист, шығармаларымен патриот болып қана қоймақ жылғы ұстаздығымен де халықтар достығын көздің қарасындай сақтауға қызмет етті, жас ұрпақты Отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу үшін ондаған мақалалар жазды. Жазушы, қайраткердің «Партия туралы ойлар», «Үмітті ұрпаққа игі тілек», «Асыл елдің алып ұлы», «Үзілмес достық өреніміз», «Ана тілі мен әдебиетін сүйіңдер», «Әкел достық қолыңды, бауырларым», «Қасиетті парыз» тәрізді публицистикалық, ғылыми, сын еңбектері осы сөзіміздің айғағы. Бұл еңбектерінде жазушы СССР халықтарының құрыштай берік достығын, сол достықтың тарихтан алуан сұрапыл сын сағаттарында шыңдалғанда, бүгінгі күні оның жау бұза алмас қамалға айналып отырғандығын жазады. Осының барлығы Совет Одағы Коммунистік партиясының ұйымдастырушылық қабілетінің кемелділігі жүргізіп отырған лениндік ішкі және сыртқы саясатының кәміл дұрыстығында дейді. Ал оны қадірлеп, қастерлеп ұстау - әрбір совет адамының борышы. Осы достық жалғасып, терең тамыр тартып нығая беруі үшін өскелең жас ұрпақты адамдық сүйіспеншілікке, Отан сүйгіштік рухында тәрбиелеу қажет. Осыдай партиялық, жалпыхалықтық істе қалам қайраткерінің де маңызды рол атқаратындығын, олар қосар үлестің молдығын, оларға артылатын жауапкершілік жүгінің салмақты екенін атап көрсетеді.

Жазушы - партиясының сенімді көмекшісі. Ол өзінің шығармашылығы арқылы оқырман қауымға өмір шындығын, қоғам сырларын танытып қана қоймай, жаңа адамды тәрбиелеп, қалыптастыру ісіне сүбелі үлес қосады. Міне нақ осыған байланысты қалам қайраткерлерінің халық алдындағы, ел алдындағы парызы, сөз өнері үшін жауапкершілігі туады. Сондықтан да М. Әуезов өзінің мақалаларында қаламгер қызметін, көркем әдебиет әсерін педагогикамен салыстырып, бірдей бағалайды.

«Жазушы үшін, - деп жазады Әуезов, - халықтар достығынан, халықтар ұрпағына достығынан қымбат сезім болмаса керек. Адам рухының ең үлкен қасиеті осы сезімнен байқалмақ. Біз үшін халықтар достығынан артық идеал болмақ емес» (20 томдық шығармалар, 19-том, 356-бет) . Біз Әуезовтің бұл сөздерінен оның шығармашылығында, өмірде ұстанған асыл принципін көреміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғасырлар тоғысындағы Мұхтар Әуезовтың рухани мұрасы мен қазақтың қоғамдық ойы
Оқушылардың тілін дамытуда әңгімелердің рөлін сипаттау
Шағын проза жанрын оқытудың ерекшеліктері
Әңгіме жанры туралы түсінік
Әңгіме жанрымен тереңірек танысу
Әдебиетті ізгілендіру жолдары
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық көзқарасы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтары негізінде құрылуы мен дамуы
М. Әуезовтың қазақ әдебиеті тарихына қосқан үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz