Түс және композиция. Майлы бояумен жұмыс істеу



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КОКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы:

КӨКШЕТАУ 2005 ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.
Кескіндеме ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1. Кескіндеме түралы
мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...7
1.2. Пейзаж дербес жанр
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..9
1.3. Қазақстанда кескіндеменің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.4. Қазақстан
пейзажисттері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .13
2. Әдістемелік
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..15
2.1.
Әдістеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2. Жазықтықта
бейнелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...18
2.3. Мұғалімнің өз алдына қоятын
талабы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 21
2.4. Пейзаж сабағын өткізу
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3
3. Түс және
композиция ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 31
3.1. Түсті
қабылдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...31
3.2. Түстану жөнінде бірер
сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
3
3.3.
Композиция ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..35
4. Майлы бояумен жұмыс
істеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 36
4.1. Этюд салу үстіндегі
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
6
4.2. Картина салу үстіндегі
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 39
4.3. Майлы бояумен ұзақ уақыт жұмыс істеу
техникасы ... ... ... ... ... ... .. ...41
5. Шығармашылық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 44
5.1. Көрікті
Бурабай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .44
5.2. Табиғат әуенін бейнелейтін
шеберлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50

Қолданылған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .51
Кіріспе

Бейнелеу өнерінің көп тараған басты түрлерінің бірі – кескіндеме.
Өнердің күрделі де маңызды түріне айналу үшін ол ұзақ жолдардан, қилы
кезеңдерден өтті. Сурет салу ермек емес, адамды табиғат көріністерін,
маңайымды қоршаған неше түрлі оқиғаларды жазақтықта бейнелеу, шым-шытырық
өмір, жайнаған табиғат құбылыстарын екі өлшем бойынша қылқалам арқылы ғана
шағын жазықтықта бейнелеу оңай міндет емес. Сызық, жарық пен көлеңке, түс
болу т.б. тәсілдерді пайдалану арқылы суретші болмыстағы сан алуан
оқиғаларды тізбек-тізбек етіп көз алдымызға келтіреді, ерекше эстетикалық
толқу, ой сенімін туғызады. Ұлы суретші Илья Репиннің : Кескіндеменің жаны
бояу емес, идея, тек идея! - деген1 пікірді бұл өнер түрінің негізгі
әлеуметтік мәнін дұрыс түсінуге көмектеседі.
Көне заманнан бері келе жатқан сурет салу өнері сызықтан (графикадан)
басталады. Графика дегеніміз грек тілінен аударғанда сызамын, жазамын,
сурет саламын деген мағынаны береді.
Бірте-бірте графика техникасы күрделене түсті де, кескіндемеге жол
ашты. XV-XVI ғасырларда Еуропада сурет салудың негізгі материалдары әр
түрлі ағаш тақтайлар болды. Шығыста шұға, пергамент (бұзау терісі),
күріштен жасалған қағаз пайдаланылды. Қазіргі суретшілер қалың
қолданылады. Шығарманы жазуға кіріспес бұрын шебер оның жоспарын, құрылысын
(композиция) мұқият ойластырады, қағаз бетіне алдын-ала шағын суреттер
(эскиз) салады. Ірі туындылар қажырлы еңбекті, ұзақ уақытты талап етеді.
Мысалы, Ренессанс дәуірінің алыбы Леонардо да Винчи өзінің әйгілі “Мона
Лиза – Джокодасын” жасауға бір жылдан астам уақытын сарп еткен. Сәл ғана
езу тартқан, бет әлпетінде күлкі өзі ойнаған уыздай жас келіншектің
бейнесін салу үшін майталман шебер лайықты кеіпкерлер іздеп, Италия
қалаларын аралады, көп аам жиналған сауық кештеріне, жәрмеңкелерге, шөп
сататын базарларға барып тұрды. Демек, Леонарданың кескіндеуді бейнелеудің
басқа түрлерінің бәрінен жоғары қойып, “өнердің атасы” деуі өте орынды
сияқты. Мұндай құнды еңбек ұзақ уақыт ізденуден туады. Ол айна бетіне
шағылысып түскен бейнеден анағұрлым терең, мазмұнды әрі көркем болуы тиіс.
Италия өнерінің тағы да бір кемеңгер қайраткері Рафаэль Санти осындай
творчествалық азаптарды еске ала отырып: “Мен бір сұлудың салу үшін бірінен-
бірі өткен жүздеген сымбатты арулармен жақын танысып, оларды көз алдымнан
өткізуім керек”, - деген екен. Осы бір ғана сөйлемде қаншама терең сыр
жатыр. Ал орыс суретшісі Александр Иванов өзінің Третьяков галереясындағы
“Мессияның халыққа көрінуі” деген атақты туындысына қайта-қайта оралып, оны
толық аяқтауға жиырма бес жыл өмірін арнаған.
Көптеген суретшілеріміздің кескіндемелік шығармалары тұрмыс-салтты,
әдеп-ғұрыпты, халықтар дәстүрін баяндауға арналған. Мысалы, Әбілхан Қастеев
салған революциядан бұрынғы қазақ елінің тарихын бейнелейтін туындыларды
еске алайық. Оның Сатылған қалыңдық және Қыз алып қашу деген еңбектері
көптеген ғасырлар бойы мықтылардың отымен кіріп, күлкімен шыққан, күң
болған қазақ қыздарының революциядан бұрынғы қайғылы да зарлы өмірін көз
алдымызға елестетеді.
Бізді қоршаған жаратылыс адам үшін тек өмір сүретін орта ғана, оған
күнделікті әсер ететін құдыретті күш. Сондықтан да табиғат көрінісін
бейнелеген орыс суретшілері Левитан, Шишкин, Васильев, Куинджи туындыларына
таңырқамай қарау мүмкін емес!
Туған еліміздің ақ қайынды ормандарын, тұнық сұлу көлдерін, сылдырлап
аққан мөлдір бұлақтарын поэзияға, жырға айналдырған суретшілер Грабаль,
Сарьян, Герасимов, Пименов, Рылов және тағы басқа пейзаж жанрына мол үлес
қосқан қылқаламның көрнекті шеберлері. Демек, дүниеүзілік өнер өнер және
мәдениет мұраларымен жан-жақты танысу ізгі міндет. Ол бүгінгі күнді,
өткендегі қилы-қилы оқиғалар мен өмір құбылыстарын түсіну үшін қажет. Бұл
ретте, рухани өмірімізге кескіндеме айрықша орын алады. Бейнелеу өнерінің
тарихында әлі күнге дейін өзінің көркемдік, қоғамдық маңызын жоғатпаған
живописьтік туындылар аз емес. Мысалы, Рафаэльдің Сикс мадоннасы, Брюллов
салған Помпейдің соңғы күні, Суриков қылқаламынан туған Барыня Морозова
және тағы басқалары.

Мен көп жылдар бері Бурабайға демалуға барып жүрмін. Бір қарағанда
төңіректі қоршаған сұлулыққа әлдеқашан көзім де, көңілімде тояттағандай.
Бірақ, таңертең екі мезгілде біртүрлі ғажап көріністерге ұдайы таңдануым
таусылар емес: ақбалтырлы қайыңдар шыққа малынып, оның сәулесі күмістей
жалтыраған Айнакөлге түскен сәтті көрсеңіз ғой! Бұл бір таусылмайтын
жыр... Бұл-бұл ма, алыстан келбен демалушыларға халық аузындағы Бурабай
туралы аңызды айтып беру мен үшін өте бір ғанибет. Әуел баста тәңірі мына
әлемді жаратқанда қазақтар қалың қыртысты, кең жазықты ғана сыйлаты-мыс.
Оны азсынған қазақтар жаратушыға базыналық айтқан деседі. Сонда ол
қоржынына қол салып, қолына түскенін осы атырапқа шашып жіберген екен
дейді. Бүкіл Көкше, Бурабай сонда пайда болған сенімдер болса керек.
Бәрібір енді бүгін оның сәнін айтып, жеткізе алмайсың...
Аңызға толы Көкшетау, қамал қорғандай арқылы жоталар, түйе өркешті
сұңғыла бейнелер, аңызмен әдептенгенде бұл өлкені тамашалауға келген
туристер аңызының суы құриды.
"Оқжетпес" қанадай! "Жұмбақтас" қандай! Жауын жайқап келіп, кең көсіле
тыныстап жатқан жеке батырға кім таңданып, таңырқамайды деңізші!
Самдыр қаққан қайыңды шоғырлар, саусақтың саласындай самырсын
қарағайлар, тау басына талпынып биіктеп бара жатады...
Бұл жөнінде кез – келген қазаққа таныс Сәкен Сейфуллиннің "Көкшетау"
поэмасын бастап аяқ оқып шыққан ләзім. Айтатыны жоқ, бұл өңір ежелден ел
көзіне түсті. Мұнда қазақ халқының мәдени-рухани мұраларының үлкен ізі бар.
Хан Абылай орда тігіп, Ақан сері мен Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырайлар ән
салған өлке. Әйгілі ақын – жазушылар әлденеше жырға қосып, сыр толғаған
қайран қасиетті мекен! Кешегі патша билеген заманда, Бурабайға бүкіл
төңіректен қалың лек бір көріп тамашалауға атбасын тірейді екен. ХІХ
ғасырдың алғашқы жылдарында орыс өнеркәсіпшілері Бурабай маңынан алтын ала
бастаған.
Алғашқы Қотыркөл станицасы 1849 жылы салынып да, бір жылдан кейін
қазіргі Щучинск қаласы болып тұрған жерге және бір кент орнапты.
Омбы генрал губернаторы мен дінбасы архиманридке арнап орман ішінен
салжай тұрғызалыпты.
Туберкулез ауруына шалдыққандарды таза ауамен, қымызбен емдейтін
орындар алына бастайды.
Сондай алғашқы санаторий Бурабайда 1910 жылы медицина доқторы
Емельяновтың басшылығымен ашылған. Ал 1913 жылы мұнда емдеушілер қатары
2000 адамнан асыпты.
Емдеуге сонау Ресейдің Еуропалық бөлігінен де көп адамдар келген. 1919
жылдың наурызында Халық комиссарлары қаулысымен Бурбайдағы барлық емдеу
құрылыстар, бүкіл жер мемлекет қоластына көшіріледі. 1923 жылы денсаулық
сақтау халық комиссариаты Бурабай курортын өзінің тікелей иеллігіне алады.
Сол кездегі осы саланың наркомы Н. Семашко "Известия" газетіне былай деп
жазған: "Бурабай аймағы бүкіл ССРО – дағы тау өңірінің климаты сақталған
Финляндия өңіріне ұқсас бірден – бір ерекше станица. Ол біздің бүкіл Одақ
үшін сырқаттарды емдеуге қажет "жөндеу шеберханасы" болуға әбден лайық".
Щучье – Бурабай курорты аймағы бұл табиғаттың тамаша жаратысымен тапқан
табиғи кешені ғана емес, ол емдеу мүмкіндігі зор, тарихи мәдени қоры үлкен
денсаулық сақтау, байтақ Қазақстанның демалыс және туризм орталығы. Енді
оның дәстүрлі өңіріне жаңа тыныс кіргендей. Ол Республиканың жаңа
астанасының ыңғайына қызмет етпек. Жыл сайын мұндағы санаторийлер, демалыс
үйлері, пенсионаттар, балалар лагері, туристік базаларда алыс-жақын
төңіректен жүздеген мың адам денсаулығын тыңайтып қайтады. Дегенмен
жаратылыстың нәзік сәніне айрықша қамқорлық қажет. Мұнда 1898 жылы Бурабай
орман шаруашылығы ұйымдасы, омбы орман техникумы осында көшіріліпті. Сол
оқу орны әлі күнге дейін бар. Қазір ол Щучинск экология және орман
шаруашылығы коллдежі деп аталады. Оның оқытушылары мен студенттері бұл
өңірдің табиғатын зерттеп қорғауға айрықша үлес қосуда.
Халық та, ғалымдар да бұл төңіректегі көлдердің сиқы кетіп бара
жатқанын көріп, дер кезінде дабыл қақты. Шортан, Үлкен және кіші Шабақты,
Бурабай көлдерінің және Қотыркөлдің су деңгейі күрт азайып кетті. Таза
сумен жабдықтау, канализация жүйесі көп қиындық әкелді.
Осыған орай Қазақстан Үкіметі Мемлекеттік ұлттық "Бурабай" табиғат
паркін құрып, бұл өңірді реттеу жөнінде арнайы шешім қыбылдады. Ақмола
облысының өкімдігі курортты аймақты дамытуға байланысты нақты бағдарлама
белгілеп, оны жүзеге асыруда. Бір кезде аты мәшһүр "Оқжетпес" санаторийі
бұл күнде мүлде жаңа сипатпен қайта жаңғырды. Қазір мұндағы мүмкіндіктер
бес жұлдызды қонақүйдің дәрежесінде.
Осы өңірдегі аң, құс, хайуанаттар әлеміне де нұқсан келмей қалған жоқ.
Қазір оларды қорғап, сақтауға байланысты тиісті тәртіп орнатылған.
Келушілер Бурабай мұражайынан бұл тамаша өңірдің қандай екеніне көзі
қанып, қажетті ақпарат ала алады. Ал мұндағы қорғауға алынып ашық алаңдағы
аң – құстарды көзбен көрі, тіпті қыран құстарды тамашалау оның өзі бір
ғанибет.
1. Кескіндеме
1.1. Кескіндеме түралы мәлімет

Живопись атауын қазақ тіліндегі әдебиеттерде кескіндеме деп
аударып жүр. Ол негізінен силуэт, сыртқы пошым (бейне), яғни табиғаты
жағынан графика түсініктеріне жақын. Ал бұл жерде кескіндеме бейнелеу өнері
ретінде қолданалып отыр. Кәсіби өнер түсінігіне келетін болсақ
(Профессиональное искусство), әдейі академиялық білім алған суретшілер
шұғылданатын өнер. Оның бұл түріне айналысатын адамның академиялық
машықтылық пен академиялық позициялық принциптері қоятын талап-тілектері
кәсіби деңгейде меңгеру тиіс. Осыған байланысты Кәсіби кескіндеме өнері
деген тұжырымды анықтап айтатын болсақ академиялық позициялық
принциптерінде қалыптасқан бейнелеу өнері. Қазақстанда Ұлы Қазан
төкерісінен кейін пайда болған Республикалық мәдени өнеріне түбегейлі әсер
еткен академияның позициялық принцип негіздерін анықтайтын Еуропалық
классикалық реализм. Бізге Москва, Ленинград секілді орталық қалаларда
орналасқан Кеңес Үкіметінің көркем өнер орнындарынан енген еді. Біз
бейнелейтін өнердің оның басқа түрлері секілді адамның көңіл-күй сазы мен
сезімі тереңдеудің дамытуда, яғни эмоционалды тәжірибені арттыруда қосатын
үлесіне рухани мәдениетімізді меңгеруге этикалық, эстетикалық тәжірибенің
тиімді жолын ашуға табиғи жағдайда жасайтын құрал ретінде қарастырамыз.
Дегенмен бейнелеу өнерінің негізгі критерилері.
Бейнелеу өнері деген түсінік атауының өзі білдіріп тұрғандай ол
затты, тұлғаны, табиғатты бейнелеу деген сөзден пайда болады. Яғни,
көркем құрал-тәсілдер (бояу түсі, жағыз, штрих, нақыштау, ою, шекімдеу)
және материалдар (қағаз, кенеп (холст), саз, тас) арқылы табиғи объектінің
образы бейнесі сомдау. Ол шындықтың образды көшірмесі болғандықтан ұқсас,
ұқсас емес деген критерилермен бағаланады. Бейнелеу өнерінің реализм
түсінігіне қатысты айқындау сипаты осыған байланысты. Бейнелеу өнерін әр
кезеңде, әр жағдайда түрліше айтады. Өнердің осы түріне енетін шығармаларда
көзбен қарау арқылы түсініп, бағалап, кеңістікке қабылдаймыз. Осыған
байланысты кеңістік немесе кеңістікті бенелеу, яғни визуальді өнер
түсініктері бейнелеу өнеріне синоним бола алады. Орысша айтқанда ол
профессиональное немесе визуальное искусство.
Сызық пен жазықтық үшін масштабтылығымен пласстикалық икемділікке
қатысты оның пласстикалық өнер деп қалыптасты.
Бейнелеу өнеріне тағы бір синонимі - әсем өнер. Мұндай шығармалар
сазды нақыш пен әсем бедерлік, айшықты бояу түсімен ырғақты сызық әуендері
мен таңбалар кереқарлығымен анықталатындықтан және оның басты көркемдік
бейнесі – сұлулық, әсемдік болғандықтан да, ол осылай аталады. Дегенмен осы
түсініктердің ішінде жиі пайдаланатын термин – бейнелеу өнері. Ол заманның
рухани мәнін, саяси философиялық көркем мәдени эстетикалық адамгершілік
идеяларын мағыналы мазмұнға айналдырады. Осыған эмоционалды психологиялық
сипат береді. Бейнелеу өнерінің түрлеріне живопись, графика, мүсін, көркем
фото т.б. жатады. Сонымен бірге сәулет өнері, қол өнері, дизайн үшін
кеңістікті, пластиканы, визуальді әсем деген секілді түсініктерде ортақ
екені белгілі. Қолөнер туындылары, дизайн бұйымдары, архитектуралық
ғимараттар нақтылы ешнәрсені бейнелегенмен, олардың образы, пішіні,
құрайтын көркем пластикалық құрылымдары мен ырғақты тізілімше және синтезді
сипатына қарай өнердің осы түрлерінде бейнелеу өнерінде жанаманы
жатқызамыз. Ал живопись пен қол өнер арасындағы айырмашылық біз бейнелеу
өнері деген түсінікті өзінің атауына сәйкес реалистік өнерімен синони
ретінде қарастыру тәжірибесіне байланысты анықталады. Жалпы айтқанда
бейнелеу өнерінің өткеніне зер салып қазіргі таңдағы көрінісіне талдау
жасасақ және оның болашағына көз жүгіртер болсақ бейнелеу өнері жөнінде
қалыптасқан өзіміздің білетін классикалық пікір мен қазақтың әстүрлі
шығармашылығы және осы шығармашылық негізінде пайда болған дәстүрлі халық
өнері мен дәстүрлі өнер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды,
олардың өзара әсері мен жүйелі даму заңдылықтарын да ескеруіміз керек. Ол
үшін біз бір жағынан бейнелеу өнердің өрбу аумағын қамтитын заңдылықтарына
назар аударуымыз керек. Оның реализм шеңберінде көріністері мен даму
тарихында орын алған көркемдік, стильдік, жалпы халықтың сипаттағы бет-
бейнесін анықтап алуға тиіспіз.
Осы айтылған мәселені екінші бір бейнелеу өнерінің жалпы халықтың
сипаты мен бірге оның ұлттық ерекшелігі болатыны дауыссыз. Ал ұлттық
белгілердің қалыптасуы өнердің синтездік болмысы мен анықталатын күрделі
құбылыстарымен байланысты. Алдымен бейнелеу өнерінің табиғи сипатына
байланысты қалыптасқан реализм түсінігіне тоқталайық, бұл түсінік бұрынғы
мектеп және жоғарғы көркем оқу орындарында жетекші орын алып келеді. Өнер
тарихында реализмнің басты ұғымы мен табиғатымыз жоғарғы тас дәуірі
кезеңінен бері қарай дамытамыз. Бұл кезең өнері қуатты және өміршең
болатын. Одан кейінгі ежелгі Қосөзен өмірі, Мысыр, Қытай, Жапон, Үнді
секілді елдердің ішкі мәдениетіндегі ұлттық ерекшелік пен реалихзм
арақатынасындағы көркемдік римдерге әлемдік мәдениет тарихы үшін көкейкесті
мәселелердің бірі.

2. Пейзаж дербес жанр ретінде.

Живопись – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда
бейнелеудің сан алуан құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиырсыз
осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңап алады.
Пейзаж (“Paysade” деген француз сөзінен шыққан) – бұл ландшафтты,
табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және
басқа Шығыс елдерде (VII-X ғасыларда) Еуропадағыдан ертерек қалыптасты.
Еуропаық живописьте ол XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал содан
кейін Голландияда ерекше жоғарғы дамыды. Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі
XIX ғасырдың соңына түспе-түс келді (И.Левитан, К.Коровин, Н.Рерих және
басқа да көптеген суретшілер).
Пейаж – қайсібір жерлерді жай айнытпай бейнелей салу емес, онда
суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүкіндіктері жатыр. Адам
өмірімен салыстырып қарағанда аспан, теңіз толындары, ормандар мен таулар
жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сондай күйінде қалады. Бірақ
осы бір өгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше көріп, түрліше
бейнеледі.
XVII ғасырдағы голланд суретшілерінің картиналарында теңіз үнемі дерлік
романтикалық сарынсыз болып келеді, олар табиғат сұлулығын іңкәрлікпен
қызықтауға бейім емес. Олар үшін теңіз-сауда мен жұмыс орны, тіршілік
әрекетін іздстіретін кеңістік.
Атақты маринист Айвазовскийде теңіз әрдайым дерлік үрейлі дүлей күш,
мөлдірлеу құпия сырлы тұңғиық. Орасан зор толқындар қия жартастарға лап
қояды. Адамдар, тіпті көшелердің өзі де осынау қаһарлы, өлшеусіз қуатты
стихияда өте кішкентай әрменсіз де қорғансыз. Оның картиналары әсем
стихияға деген тәнтілікке, романтикалық сүйіспеншілікке бөлінген.
Бір табиғи мотивтың өзі суретшінің қыл қаламына мүлде басқа толысуға,
басқаша түске ие бола отырып, шебердің талғамын, көзқарастарын, көңіл-күйін
береді.
Оның үстіне, “мәңгілік” табиғат тіршілігіне уақыт өтуімен бірге жаңа
әуендер енеді, табиғат адамның әсерімен өзгеріп отырады. Темір жолдар,
автомобиль жолдары, жоғарғы вольтті электр желілерінің діңгектері мен
сымдары, аспанда ұшқан реактивтік самолеттің будақтаған ізі – осының бәрі
бүгінгі күннің көрінісі. Мұны қазіргі заманғы суретші аңғара тұра аолмайды.
Пейзаж және натюрморт, әдетте, тақырыптық картинаның құрамдас бөліктері
де болуы мүмкін. Бұл жерде олар көркем образды жасауда белсенді қосалқы
роль атқарады.
Тақырыптық картина - өмірді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын
көрсететін қандай да бір шын мәніндегі немесе фантастикалық көріністі
бейнелейтін картинаны осылай атайды. Мұндай картиналар тарихтан бұрынғы
замандардан өз бастауын алады – жартастар мен үңгірлерде алғашқы қауым
адамның аң аулау сәтін және бақа да іс әрекет түрлерін бейнелеген суреттер
көптен табылуда. Ежелгі Египет, Греция, Рим заманынан қабырғаға салынған
живописьтің тамаша үлгілері бізге дейін жетіп отыр.
Бірақ станоктық тақырыптық картина тек Ренессанс дәуірінде ғана пайда
болды, кең өріс алды. Тақырыптық картина дамуы оңаша сараптай алады.

1.3. Қазақстандағы кескіндеменің дамуы.

Кескіндеме – туындылары арнаулы материалдың бетіне бояу арқылы
салынатын бейнелеу өнерінің бір жанры. Суретші кескіндемелік шығармасы
арқылы заттың сипаты, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен
көлеңкесі, қысқасы кең дүниенің сұлулыққа толы таңғажайып байлығын ашып
бейнелеуге ұмтылады. Кескіндеме дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік
дамуын бейнелеумен қатар, идеологиялық және танымдық қызмет атқарады. Ол
тарихи, тұрмыс салт, соғыс, пейзаж, портрет, натюрморт тәрімізді негізгі
жанрларға, сонымен қатар орындау сипатына арналуына, бейнелеріне қарай –
монументті сәндік (қабырға өрнек, плафондар, панно), қондырғылы
(архитектуралық үйлесуге қатысты жоқ суреттер, яғни картиналар) және сәндік
суреттер (театр мен кино көріністері, ондағы киім үлгілерін бейнелейтін
суреттер), икон салу, миниатюра тобына бөлінеді.
Кескіндеме тағы бір түрі диорама мен панорама. Сондай-ақ, белгілі бір
монументті туындының шешімін табуда мозпйка мен витраж да кескіндемемен
ұштасып жатады. Суреттің өңін келтіретін бояу түрлері мен ойын сауық
әдістеріне қарай да кескіндеме туындылары майлы бояулы кескіндеме, фреска
(кеппеген сылаққат сулы бояумен салынады), темпера (әр түрлі қосындыдан,
яғни жұмыртқаның сарысы мен өсімдік шырынының қосындысынан, немесе желім
мен майлы су ерітіндісін араластыру арқылы т.б.), елімді бояумен,
балауызбен, сырлы бояумен, керамикалық бояумен (тез балқитын әйнексыруды
күйдіріп жапсыратын), силикаттық бояумен (еритін әйнек) салынатын суреттер
болып жіктеледі. Кескіндемелік шығармаларды салуда акварель, гуашь,
пастель, тушь қолданылады. Суреттің мазмұнына қарай бояу түсін құбылту
кескідемедегі негізгі әдіс болып саналады. Әр түрлі бояулардың үлесімін
тауып, түсін құбылтудан бар кескіндеменің суретші қалаған нақышы шығады.
Бір ғана түстегі бояу мен реңнің құбылту арқылы салынатын кескіндеменің
түрін – монохромды кескіндеме деп атайды. Профессионалды кескіндеменің туып
қалыптасуы мен даму жолы ХХ ғасырдың 30 жылдары басталады. 1933 жылы алғаш
рет Алматыда Қазақстан Суретшілер Одағының ұйымдастыру комитеті құрылса,
1935 жылы Қазақстан Мемлекеттік көркемсурет галереясы, ал 1938 жылы
Театркөркемсурет училищесі ашылды.
Суреті Н.Г.Хлудовтың “Киіз үй” (1891), “Тайынша мінген бала” (1907),
“Тау өзені” (1933) атты шығармаларында қазақ халқының өмір тіршілігі,
тұрмыс-салты мен мекен-жайының көркем табиғаты өз бейнесін тапты. Алғашқы
ұйымдастыру жылдарындағы көптеген қиындықтарға қарамастан, қазақтың
бейнелеу өнері елімізде болған маңызды өзгерістерді бейнелеуге ат салысты.
30 жылдардағы кескіндемелердің салған суреттерінде жаңа дәуірдің жарқын
бейнесі Ф.И.Блокоевтың “Қазақ қыздары” мен “Ертістегі көпір құрылысы”,
В.И.Антощенко-Оленевтің “Станокшы қыздары” т.б. көрінді. Қазақстандағы
бейнелеу өнерінің дамуы реалистік кескіндеме заңдылықтары мен тәсілдерін
меңгеруге ұмтылған жас суретшілердің қатарын молайтты. Мысалы, А.Ташбаев
“Автопортрет” (1930), Б.Сәрсенбаев “Бай” (1934) атты картиналарын салды.
Осы жылдары қазақ бейнелеу өнеріне өзіндік үлес қосқан Ә.Қастеевтің
акварельдік туындылары (“Мектепте”, “Қызды еріксіз аып қашу”, “Сатып
алынған қалыңдық”, “Колхоз той”: 1930-1938) өмірге келді.

1.4. Қазақстан пейзажистері

Кескіндеме Қазақстан территориясындағы ежелгі өнердің бір түрі болып
саналады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде оның алғашқы элементтері
былғарыдан, сүйектен, ағаштан, тастан, металлдан, матадан жасалған
бұымдарды нақыштаудан көрінеді. Орта ғасырларда архитектура құрылыстардың
безендірілуі мен халықтық қолөнерде сурет кең қолданылды. Ахмет Иассауи
мешіт-кесенесінің (14 ғасыр Түркістан) нақышталуында, беіт үстіне қойылған
құлпытастар мен бекістастарда (геометриялық көрініс, жануар бейнелері),
кілемдерде (текемет, сырмақши, алаша, басқұр, т.б.), ыдыс аяқтар мен үй
жиһаздарында суреттер елеулі орынға ие болды.
Қазақтың тұңғыш суретшілерінің бір – ұлы ағартушы, ғалым Ш.Уәлиханов.
Ол өзінің саяхаттары кезінде туған жердің пейзаждарын, ежелгі
ескерткіштерін, тұрмыстық заттарын, киімдерін өмір көріністерін, адам
портреттерін (Сырымбет, Шақырымдық бағана тұсындағы табиғат көрінісі,
1850; Сартайдың портреті, 1856) қағаз бетіне түсірді. Қазақстандағы
бейнелеу өнерінің дамуына суретші Н.Г.Хлудовтың тигізген әсері зор болды.
Ол ұйымдастыған тұңғыш көркемсурет студиясынан бірінші профессионал қазақ
суретшісі Ә.Қастеев бастауыш білім алды. Н.Хлудов қазақтың тұрмыс-салт
дәстүрін, табиғат көріністерін бейнелейтін (Әйелдің портреті 1885, Тау
өзені, 1886, Салт атты, 1902) біраз еңбектер тудырды.
Қастеевтің ұлттық нақышқа толы, өткір бейнеленген (С.Құсықбаевтың
портреті, 1930; Кітап ұстаған қазақ қызы, 1932; Абай, 1934) біраз
суреттері бар.
1945-1956 жж. Қаз КСР-і Суретшілер Одағы басқармасының төрағасы болды.
1931 жылы бірінші рет көшпелі көрмеге қатысты. Оның Мектепке,
Автопортрет, Қарындасымның портреті (1930), Көгілдір көйлекті қыз
(1931) және де басқа портреттік туындылары көркем шеберліктің үлгісі әрі
олар бейнелеген қаһармандарының жан дүниесіне терең бойлай білудің айғағы.
1937 жылдан табиғатты бейнелеу жанрында жемісті еңбек етті. Бірқатар
шығармаларында қала болмысы (Кіші станица көрінісі, Медеуде, Тау
көрінісі, т.б.) бейнеленді. Туған жерге деген махаббатты Жайлауда
(1938), Үй жанында (1940), Күзгі табиғат (1942), !Айдынды мұз (1951),
Биік таудағы мұз айдыны (1954), Гүлденген алма ағашы, Қыс (1958),
Суретші шеберханасында (1962), деген туындыларында анық байқалады.
Түрсиб (1932), Егін орағы (1934), Жаңа мен ескі тұрмыс (1937-41),
трихтиптарында қазақ ауылының төңкеріске дейін және одан кейінгі өмірі мен
тұрмысы шынайы бейнеленеді. Ә.Қастеев Азамат соғысы тақырыбына арнап
Қазақстанда Қызыл Армия ұйымдастыру (1940), Амангелді сарбаздары (1970)
сияқты картиналар салды. Жайлаудағы автодүкен (1963), Қапшағай ГЭС-і
(1972) монументті полотнолардың, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлерінің
портреттерін (Сәбит Мұқанов, 1945, Сауранбаев Н., 1943).
Қазақстан жерінде, Тың туралы, Қазақстан байлығы сияқты
акварельдік топтамалардың авторы ә.Қастеев қаламынан туған мыңдаған
картина, акварель, суреттер республиканың бейнелеу өнеріндегі жылнамасы
іспетті.
Салған суреттерінің көркемдік дәрежесі жоғарғы, дербес шығарма болып
есептелетін аға буын суретшілердің қатарына Е.А.Говорованы Өзен
жағасындағы қарағай, 1940; Мәжнүн тал, 1958; Ымырт, 1965), Р.В.
Великанованы (Қарағаштар, 1942; Табиғат құшағында, 1964), Қ.Қожықовты
(Абай өлеңдерінің иллюстрациялары, 1944-48), Л.В.Гербановскидің (Атты
қазақ, 1933), П.Я.Залцманды (Жорық, 1967), Ә.Ысмайловты (Қарағанды
шахталарында, 1932; Шахтерлер, 1932) т.б. атауға болады. Сурет жанрында
1950-60 жж. белгілі суретшілер Сахи Романов, Е.М.Сидоркин, Г.М.Ысмаилова
жемісті еңбек етті.
Негізінде Қазақ халқының бейнелеу өнері ертеден белгілі, Қарағанды
облысында Бейітінен табылған қыш сауыттар (б.з., б. 10-8 ғ.), атақты
Қарғалы алтын тәтісі (диадема) мен сырғалар (б.з., б. 2ғ. Мен б.з. 2 ғ.)
т.б. көне дүниелер – шебер мүсінделген өнер туындылары. Айша Бибі кесенесі,
Ахмет Иассауи мешіт-кесенесі, Бабаджа Хатун күмбезі қазақ халқының атадан
балаға мұра боп келе жатқан ою-орнек, әшекей түрлерінің бәрін Ұшыратуға
болады. Бұл күнде кәсіби дәрежеге жеткен қазақ бейнелеу өнерінің түрлері –
кескіндеме, мүсін өнері мен графика, халықтық қолтаңбалы өнер дамудың сара
жолына түскен. Оның барлық түрлері мен жанрлары өркен жайды. Қазақстан
шеберлерінің шығармалары шетел галереясынан ҰМ.С.Кенебаев, С.Ә.Мамбеев,

2. Әдістеме
2.1. Әдістеме

Мектепте жүргізілетін бейнелеу өнері пәні арқылы бала бояу түрінің
байлығын ашады. Бала осы пәннің жүргізілуіне айналасын қоршаған дүние мен
оқиғаны, табиғат пен құбылысты, жалпы алғанда, өмір шындығын қабылдауына
және оны образды түрде қайта жасауына болатын ерекшіліктерді біледі.
Өйткені бұлар бейнелеу өнеріндегі көркемдігіне күштің қуатты болуын
арттырады. Сондықтан мектепте жүргізілетін бейнелеу өнері жас ұрпаққа
эстетикалық тәрбие берудегі мықты құралдың бірі ретінде оқушыларға осы
ерекшеліктерді білгізугеь тиіс. Сонымен қатар, бейнелеу өнері пәні
мектептегі білімдік, тәрбиелік ролін толық, дұрыс іске асыру үшін жас
ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілуі керек. Оқушы мектепте өтетін барлық
пәндермен қатар бейнелеу өнері пәнінен де өзінің психикалық қабілетін
жетілдіру мүмкіндігіне ие болады, қиялдау қабілетін дамытуға мүмкіндік
алады. Өйткені, төменгі сыныпта оқушыға берілетін мәлімет пен әртүрлі
хабарлар мектепте мұғалімнің айтуы, оқулықтағы жазылған сөз арқылы
беріледі. Яғни, сөздік сипаттама немесе сурет, схема түрінде көрсетіледі.
Оқушы солардың бәрінің шындық бейнесін өзі әрқашан көз алдына келтіріп,
қайта құруы керек (ерлік көріністерді, өткеннің оқиғасын, геометриялық
фигураны, не белгілі бір кеңістікті, т.б.). Мұндай қайта құру, қиялдау,
елестету қабілеті балада бірден бола бермейді. Оған мектепте жүргізілетін,
сабақтардың барлығында үйретіледі. Солардың ішінде, әсіресе, бастауыш
сыныптағы жүргізілетін еңбек сабағы мент сурет сабағында, әдебиетте бұл
мүмкіндік басым болады. Ал мектептегі сурет немесе бейнелеу өнері сабағының
бұл мүмкініктерінің жемісті болуы, оқушының көркемдеп қабылдай алуына
байланысты. Сол себепті баланың көркемдеп қабылдай білуін қалыптастыру өте
қажет. Бұл қалыптастыру оның түп тамырында жатқан теориялық негізді
білгенде ғана мүмкін.
Оқушының айналасындағы өмір шындығын көркемдеп көруі, шын мәніндегі
сұлулық пен әдемілікті жете білуі, оны бағалай алуы, мүмкіндігінше өмірде,
тұрмыста әдемілік пен сұлулықты жасауға ұмтылуы оның белгілі бір білім
дәрежесін меңгеруін талап етіп, білімділікті керек етеді. Яғни, түр, түс
және жарық пен көлеңке, дыбыс ерекшеліктері мен ырғақтарды білуді қажет
етеді. Айталық, көркем сөздегі әнерлі де сиқырлы, сырлы сөз болуы, жанрлық
ерекшелік пен өнерге тән әдістерді, олардың тарихи шарттылығы дегендерді
керек етсе, сурет салу бояу түсін, бір нәрсені не оқиға мен құбылысты
көрсетуде белгілі бір тұтастық сақтау, оны көрсету жолдарын жетік меңгеру
талап етеді. Осы айтылғандар арқасында адамда талғампаздық пайда болады,
эстетикалықбелсенділік туады. Ал мұның бәрінің іске асуы бала көркемдеп
қабылдай алғанда ғана мүмкін. Бейнелеу өнері – адам баласының адам болып
жаралғалы заманнан заманға оның эстетикалық байлығы, мұрасы ретінде ұласып
келе жатқан өнер саласы. Сурет тікелей өмірдің өзімен өзектес өнер. Сурет
ғасырлар бойы адам басынан кешкен дүние тарихын бүгінге жеткізіп отыр.
Кеңес Одағы тұсындағы, одан бергі де археолактардың жер астынан, небір
үңгірлерден тапқан ертедегі өнер туындылары дәлел бола алады. Небір құпия
сырларды шертер, жалпы, ғылым атаулының әр саласында өзіндік үлес қосар жер
астынан табылған суреттер, әдемі әшекейлі заттар немесе Шоқан жазған
күнделіктері мен оған қосылған суреттері, тек жәй таңырқап қоя салатын
заттар емес. Ол – біздің бұрынғы жасап өткен ата-бабаларымыздың мәдениеті,
тарихы, олардың бейнелеу өнеріндегі қабілеті. Сонықтан да бейнелеу өнері –
көркемдікке, адамдыққа тәрбиелеудің ерекше жолы. Оған тағы бір дәлел –
баланың сурет салуға ерте ұмтылуы. Жазу-сызуды білмеген кішкентай бала
қағаз алып, қаламмен өзінше сурет салады. Онысы жәй шимай болуы мүмкін.
Бірақ, осының өзінде баланың түсінігі өзіндік көзқарасы болатыны мәлім.
Сондықтан да оны дамытуға арнайы жүргізілетін тәрбиелік жұмыс болуы керек.
Сол арқылы, яғни білімділікпен жетекшілік ету ғана баланың алғашқы
ұмтылысындағы жай шимайдан бірте-бірте арылып, бейнелеу өнеріне керекті
білім негізімен қаруландырады. Ал, бұл айтып отырғанымызды іске асыру тек
маманданған суретті дайындауға ғана керек емес, бұл жалпы балада әдемілік
пен көркемділікті тану және өмірді тани-білуде талғампаздықтың болуы үшін
қажет. Олай айналадағы дүниені тану есігі қабылдаудан басталатын
болғандықтан және біз зерттеп отырған мәселенің өзі осы қабылдауға үйрету
болғандықтан да, бұл бағытта философия, психология, педагогикалық негізге
жүгенелік. Адам баласы айналадағы дүниені сезінуі арқылы біледі. Мәселен,
жарықты көреді, дыбысты естиді, қатты мен жұмсақты етіне, денесіне тигеннен
сезеді. Сондықтан да адамның айналасындағы дүние мен құбылыс туралы әртүрлі
мәліметті сезім мүшелері арқылы алатынын философия да, психология да,
педагогика ғылымдары да айқын ашып көрсетеді. Бұл ғылымдар дүние танудағы
олардың ерекшеліктерін және баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес болатын
өзгерістерін айқындап береді. Диалектикалық және тарихи материализм,
философия оқулықтарында атауға болады. Бұларға қоса кеінде психология,
педагогика ғылымдарымен шұғылданған Мағжан Жұмабаевтың еңбектері бізге
тірек болатыны мәлім.
Бейнелеу өнері пәні бойынша суретші өнеріне керектінің бәрінің негізін
бастауыш мектепте қалайды. Айталық, бейнелейтін затты, ия құбылысты қағаз
бетіне орналастыру жөнін, оның көлем көрінісін көрсетуге, олардың ара
қатынасын, оларға жарық пен көлеңке түсуін, сурет салудағы сәйкестікті т.б.
жасай алу немесе сол туралы алғашқы түсінікті осы бастауыш сыныпта алады.
Бұлардың әрінің де өзіндік атауы, яғни термин түрінде берілген сөздері бар.
Олар: композиция, натюрморт, перспектива, пропорция, пейзаж, эскиз,
акварель, гуашь, фон және т.б.
Оқушыларға көркемдік білім беру олардың өнерге деген қабілетін
арттырады, оларға салауатты сурет салуды меңгертуді, оқушылардың қоршаған
өмір шындығына деген эстетикалық қатынасын, көркемдік дүниетанымын
қалыптастыруды көздеуіміз қажет.
Бейнелеу өнерін теориялық білім беру әр жанрмен терең таныстыру,
нақтылы бейнелеуге жаттықтыру ісімен тығыз байланыста жүргізіледі. Бейнелеу
өнері туралы әңгіме жасағанда оқушыларды көркем бейнелеудің аса маңызды
құралдарын ұғынуға үйреткен орынды. Сабақ барысында әр алуан әдіс-тәсілдері
кеңінен пайдаланған жөн. Қажетті жағдайда мұражайлар мен көркемөнер
галереяларына экскурсия жасау да пайдалы болмақ.
Бейнелеу өнерінде қолданылатын термин сөздерді өз кезегінде түсіндіріп
отыру қажет. Оқушылардың ойын, қиялын кеңейтуге, көркемөнерге деген ынта-
жігерін арттыруға күш салу керек.
Әрбір сабақ қызықты және әсерлі өту үшін, әр түрлі бейнелеудің әдіс-
тәсілдерін игеру, үйрету, дағдыландыру талап етіледі. Графикалық
тәсілдердің бірнеше түрін меңгеруге, көркемдік мүсіндеуге және әртүрлі
табиғи материалдарды қолдануға ықпал жасалып, сонымен қатар әр алуан
материалдарды үлгілері көрсетіледі.
Суретшінің әрбір бағытта бейнелеген шығармаларының көркемдік
ерекшіліктері ұғындырылады. Әр түрлі шығармалар заман ағымына, уақыт
талабына сай айқындалады. Өнердің танымдық, идеялық, тәрбиелік және
эстетикалық қызметтерінің бірлігі түсіндіріледі. Көркем шындықты қабылдау
бөлімінде туған өлкенің өнерін шеруге аса мән беріледі.
Практикаық жұмыс істеу барысында бейнелеу қызметін бірнеше түрге бөлуге
болады. Мысалы, живопись, графика және мүсін өнері, дизайн, сәндік
қолданбалы өнер. Әр сабақ қуаныш пен шаттыққа, эстетикалық ләззатқа толы,
қызықты да әсерлі болуы тиіс. Ұстаз әрдайым шәкіртті ынталандырып отыру
үшін шығармашылық ізденіс үстінде болуы тиіс. Шәкірт бойындағы кейбір
жаттанды, құрғақ білім алу дағдысын жаятын жағдай туғызу қажет. Әрбір
оқушының жеке көзқарасына, дүниетанымына тікелей әсер ету керек.
Көркемөнерге деген ләззаттық сезім шәкірт жүрегінде терең ұялауы тиіс.
Сонда ғана оқушылар зерделі түрде білім алады.
Оқу тапсырмаларын орындауда суретшілердің шығармашылық қызметін жете
меңгеру қарастырылады. Дер кезінде әр оқушының еңбегіне талдау жасалып,
тиісті баға берілуі керек.

2. Жазықтықта бейнелеу.

Оқушылардың кеңістікте бейнелеуіне талап қою, есте сақталған бақылау
қабілетін дамыту, белгілі бақылау кезінде дұрыс қабылдауға дағдыландыру
қажет.
Жаттығу барысында есте сақтауды күшейту үшін, нәрсеге қарап нобай жасау
мәселесі қарастырылады. Тақырыптық сурет салу кезінде оқушының
белсенділігін арттыруға ерекше көңіл болу керек.
Оқу жылы бойында мынадай тапсырмалар қарастырылады: заттың симметриялық
формасын айқындау, бояу түстерін ажыратуға баулу (хроматический және
ахроматический), әрбір заттың қашықтығындағы кеңістікті белгілеу, аумақты
кеңістікте бейнелеу. Жазықтық бетінде адам тұлғасын әр алуан кеңістікте
дұрыс бейнелеуге үйрету. Жаттығу барысында жылдам орындауға қолайлы
материалдарды қолдануға жағдай туғызу. Сонымен қатар, ұқыпты әрі мұқият
жұмыс істеуге бейімдеу және жеке бөлшектерді тұтастай қабылдауға
жаттықтыру.
Біздің басты мақсатымыз - әр нәрсенің құрылысын дұрыс айайқындап
бейнелеу, заттың көлемін, пішінін дәл беруге оқыту және оның әдіс-
тәсілдерін игерту.
Кеңістік пен аумақты айқындау мәселесінің негізгі мазмұны қоршаған
ортадағы шындықты дұрыс қабылдау арқылы қалыптасады. Сабақ өткізу кезеңінде
схемалық кестелерді жиі қолданудың пайдасы аз.
Сондықтан қажетсіз материалдарды қолданудың қажеті жоқ. Оқушылардың
шығармышылық ойлау қабілетін мүмкіндігінше кеңінен пайдалану қажет.
Оқушыларға кеңістік пен түс туралы толық мағлұмат беруде болу реңін дұрыс
айқындау үйретіледі.
Перспективалық заңдылықтардың қасиетіне байланысты заттың формасы
өзгеріске душар болады. Мысалы, орындықтың немесе сандықтың төртбұрыш
формасының алдыңғы қабырғасы артқы қабырғасына қарағанда үлкен, себебі ол
бізге жақын тұрады. Перспективалық өзгеріске байланысты заттың түсі, реңі
өзгереді, алдыңғы бөлігінің бояуы қанық, одан әрі түс салқын бола түседі.
Бояудың жылы және суық түстерінің үйлесіп келуіне байланысты заттың түсін,
реңін айқындауға болады.
а) Қолданбалы қызмет.

Бастауыш сынып оқулығында қолданбалы қызмет саласында әр алуан
бұйымдар, заттар жасаудың тәсілдері көрсетілген. Ал бесінші сынып
оқушыларына қойылатын негізгі талап әр түрлі көркем бұымдар жасауға
негізделеді. Мұндағы оқу тапсырмасының басты мақсаты оқушыларға практикалық
жұмыс істеу барысында олардың білімін дамыту және шеберліктерін шындау
болып табылады. Ұлттық қолөнер үлгісінде жұмыс істеуге ықпал жасалады.

ә) Аумақты бейнелеу.
Оқушыларды мүсіндеуге баулығанда заттың кеңістіктегі пішінін, көлемін
нақты сомдап жасау ісі оқытылады. Әр түрлі жануарлар мен адам тұлғасын
мүсіндуге үйретіледі. Мүсіндеуге қойылатын басты талап затты әр алуан
қалпында кеңістікте жан-жақты көре отырып мүсіндеу, үлкен-кіші арақатынасты
жақсы ажыратуға жаттықтыру болып табылады.
Әрбір қабылдаған затты аумақты түрде жан-жақты көре отырып толығынан
сомдаған жөн.

б) Әсемдік қабылдау.
Эстетикалық тәлім-тәрбие барысында туған өлкенің әсемдігін дұрыс
бағалауға баулимыз. Әсіресе оқушыларға әсемдік жайлы түсінік, көркемдік
білім беруге лайықтыбағдарлама жасау ісі өзекті мәселе болып табылады.
Әсемдік, сұлулықты дұрыс қабылдаудың бастамасы көркем шығарманы
талдаудан, бейнелеу өнерінің әр саласын меңгеруден басталады.
Мектеп оқушылары қоршаған ортаны және сұлу табиғатты бақылауға
тәрбиеленеді. Бесінші сыныптағы оқу тапсырмасында қойылатын негізгі мәселе
– бейнелеу өнерінің көп жанрларымен таныстыру: Шығыс пен Орта Азия халқының
қолданбалы өнерінің түрлерін жете бағалауға үйрету; оқушылардың
шығармашылық бенсенділігін арттыру болып табылады.
Оқушылардың көркемдік мүмкіндіктерін жан-жақты іздестірген жөн, мысалы:
бір тақырыпта түрліше орындалған шығармаларға талдау жасау, әрбір ғасыр
суретшілерінің еңбектерін бағалау, викториналық ойындар өткізу, көркемсурет
галереясына, мұражайларға экскурсия жасау.
Өнерді насихаттаудың басты мақсатының бірі ұлттық өнерге қамқоршы болу,
сәулет өнері ескерткіштерін қорғау болып табылады. Сабақ тапсырмасының
негізгі мазмұны бейнелеу өнерінің түс-түсін толығымен қамту және оны дұрыс
қабылдауға үйретумен сипатталады.
Пән мұғалімі оқушыларға өмір мен өнердің нәзік байланысын ұғындырып
үйретуі керек. Шығыс пен Батыстың өнер үлгілерін бағалау жеке суретшінің
еңбектерін талдап таныстыру арқылы жүзеге асады.
Оқушыларға қолданбалы сәндік өнерді оқытқанда әр халықтың көркем
мұралары сөз етіліп, халық шеберлерінің еңбектері таныстырылады. Әрбір
суретшінің орындау әдіс-тәсілін толық меңгеруге баулимыз. Әрбір туындыға
дұрыс баға беруге дағдыландырамыз. Оқушылардың көркемдік теориялық білімін
жетілдіру, іс-әрекеті арқылы өз бетімен шығармашылық жұмыс істеу
белсенділігін күшейтеміз. Оқушыларға өз шығармалары жайлы ой-пікірлерін
айтқызу ісі ұйымдастырылады.

2.3. Мұғалімнің өз алдына қоятын талабы

Бұл сөздердің айқын мағынасы көбіне көмескі қалып, көп жағдайда
мұғалімдер түсіндіруге алмай әлек. Сондықтан да ілгеріде айтылған
принциптерді басшылыққа алып, осы терминдік атауларды меңгерту бағытында
сабаққа ойын элементтерін енгізіп, ұтымды жұмыс жүйесі – жаттығуларды
жүргізіп отырдық.
Оқушыны бейнелеу өнеріндегі көркемдеп қабылдауға үйрету, оның
байқағыштығын тәрбиелеуді керек етеді. Осы орайда бейнелеу өнеріне “кіріспе
сабақ” деген атпен айналаны, табиғатпен түрлі құбылысты байқауға арнайы
сағат жұмсау ұсынылады.
Сайып келгенде, сурет салудың ең басты және негізгі заңдылығы мен
талабына үйрету дегеніміз мынаны білгізу:
1. Бейнеленгелі отырған затты қағаз бетіне орналастыру тәртібінің
(композиция) заңдылықтары.
2. Бояу түрі, түсі және олардың қолданылуындағы талаптарды білу.
3. Бейнелейтін заттың формасы, көлемі туралы.
4. Кеңістік пен уақыт туралы.

Осы айтылғандардың меңгерілуі дүниені, айналаны дұрыс көркемдеп
қабылдауға байланысты.
Бейнелеу өнерінің өзегінде жатқан философиялық, әлеуметтік,
адамгершілік идеялар; бейнелеу өнері айналада өмір көрінісі мен құбылысын
көрсететін болғандықтан да, диалектикалық-материалистік қағиданың іс-
әрекеттегі іздемпаздық мәні туралы айтқандарына, көркемдік пен сұлулық
туралы, оның қабылдау, ойлау тұтастығындағы көрінісі туралы, көркем өнер,
адамның өмір, өнер мен айналасындағы сұлулықты тану туралы айтылғандар -
әдістемелік негізіне жатады.
Әр мұғалім, педагог өз алдына талап қояды.
Кешегімізден керегіміз қайсы, одан нені алып, нені тастау керек?
Неміз жеткіліксіз, немізді жаңартып-жаңғырту керек легенге зер салып,
ойнау мен бойлауды қажетсінеді. Осы тұрғыдан оқу-ағарту ісінің барысында
нені қалдыру, нені қайта қарап өзгерту дегендерді де анықтау керектігі туып
отыр. Олай болса осы айтылған – аясында кезегі күтіп тұрған, ендігі жерде
ел болуымызға мейлінше қажеттілігі айқын бір нәрсе – мектепте жүргізілетін
сурет сабағы, немесе бейнелеу өнері. Бұл сабақтың жас ұрпаққа берері ұшан-
қиыр. Ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді көркейтуге, жалпы алғанда өмірге
сұлулық пен көркемдікті тану, талғай алуға үйретуде, бүгін мектепке
жүктеліп отырған оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі жүргізудегі рөлі зор. Сонымен
қатар баланың тумасына табиғатында бар таланты болса, оның көзін ашып,
жетілдіруге көмектеседі. Баланың өсіп-өнуінде, оның жеке тұлға болып
қалыптасуында осындай үлкен мәні бар бейнелеу өнер пәніне бүгінге дейін зер
салынып, көңіл аударылуы жеткіліксіз болып келген.
Бейнелеу өнері сабағын, ондағы баланың айналаны қабылдап, бейнелей алуы
дегенге көңіл қойып, зерттеу жұмысына оны тақырып етуіміздің бірінші себебі
осы болады. Мектеп өмірінде басталған мұғалім ретіндегі жұмысымызда
сабақтың нәтижесі болуы, сурет салудың дұрыс жолын меңгерту, баланың
көркемдеп қабылдауына байланысты екндігіне әбден көз жеткендік екінші себеп
болды.
Бала өзін қоршағаны дүниені өнер арқылы таниды десек, сол өнердің бірі
– осы бейнелеу өнері. Бейнелеу өнері пәнін оқытуда кезделетін мақсат - өмір
шындығының сұлулығын дұрыс тани, оны көре білуге, талғампаздыққа және
оқушылардың практикалық білімі мен көркемдік түсінуін үйлесімді ұштастыра
білуге үйрену. Өнерге деген ықыластығы мен қызығышылығын арттырып,
дүниетанымына жағымды ықпал ету және оқушыларды еңбекке ынталы етіп
тәрбиелеу, қарапайым тұрмыстық және өндірістік заттарға эстетикалық биік
талғам тұрғысынан қарауға, табиғат пен адам өміріндегі сұлулықты қорғай
білуге баулу. Бір сөзбен айтқанда, балаға эстетикалық тәрбие беру
көзделеді. Ал эстетикалық тәрбиенің жеке тұлға қалыптастырудағы рөлі
ерекше.

2.4. Пейзаж сабағын өткізу жоспары (6-сынып).

Сабақтың жоспары (1-сабақ)

Сабақтың тақырыбы: Қыс.

Сабақтың түрі: Пейзаж.

Сабақтың мақсаты: Қысқы табиғат әсемдігін көре білуге баулу. Қыс
айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын
бейнелеуге үйрету. Оқушылардың байқағыштық
қабілетін дамыту, бейнені ойлауға дағдыландыру.

Сабақ қажетті

көрнекі құралдар: Қыс көрінісі туралы суреттер, суретшілердің еңбегі
слайдтар.
Оқушыларға: сурет салу альбомы,
қарындаш, түрлі-түсті қарындаштар, бояулар,
қылқаламдар.

Уақыт жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі (2мин.)
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру (10 мин.)
3. Сыныптағы жұмыс (30 мин.)
4. Қорытындылау (3 мин.)

Сабақтың барысы: Амандасу. Сынып тізімін белгілеу. Оқушыларды қызықтыру
мақсатында қыс көріністері бейнеленген шығармалар мен фотосуреттерді қойып,
әңгімені бастаймын. Шығармалардағы қыс көріністеріне және ондағы бояу
реңктеріне, қандай бояумен орындалғандығына көңіл бөлу қажет. Оқушылар қыс
көрінісін, қыстағы қар, күн, ағаштарды бейнелегенде көгілдір қағазды фон
ретінде алса, ақ кар мен қарайған ағаштар айқын да әсем көрінетігін ұғынуы
тиіс.
Оқушылардың қыс жайындағы әсерлі ойларын толықтыру, байыту мақсатында
ақын-жазушылардың өлең-жырлары оқылады. Мысалы, қыс қызықтарына арналған
Қосжан Мүсіреповтың “Қыс” деп аталатын өлең оқылады.

Қыс.

Бір топ бала сырғанап,
Барады, әне жарысып.
Қалды артында қыр, алап,
Іздерінен қар ұшып.

Қырау қашып жағаға,
Аяз беттен өбеді.
Бірі мініп шанаға,
Бірі шаңғы тебеді.

Осы өлең оқылып болғаннан кейін, оқушылардың бейнелі ойлау қабілеттерін
қалыптастыру мақсатында сұрақ қойып, жауап алады.
- Ақын қай жыл мезгілін айтып тұр?
- Өлең шумақтарында бір топ баланың қандай ойындар ойнап жүргені
айтылады?
- Балалар қандай жерде шана, шаңғы теуіп жүр?
Жауаптары толықтырып, әр бір оқушыдан қыс туралы қысқаша, үсерлі
әңгімелеп беруін сұраймын. Немесе қыстағы табиғат әсемдігін бейнелеу
үшін қыс айларының қатайған аязын, суық жерлерін елестету үшін Абай
атамыздың өлеңі көмектесер.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр-мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Демалысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі қудаң қыс келіп, әек салды.
Ұшпадай бөркін киген өңшырайтып,
Аязбенен қызарып, ажарланды.

Бұлттай қарсы жауып екі идік,
Басын сілкісе қар жауып, мазаңды алды.
Бурадай бұрқ-сарқ етіп далданғанда,
Алты қалат ақ орда үй шайқалды.

Сонымен, оқушылар қыс жайындағы әңгімеден кеін сурет салуға кіріседі.
Салынатын сурет тақырыбын олардың өздері таңдап алуға мүмкіндіктері бар.
Қыс көрінісін жоғарыда айтылғандай көгілдір және сұр қағаз бетінде
орындаған дұрыс. Суық түстерді көбірек қолданған жөн. Табиғат көрінісін
бейнелеуде алыс, жақын, астында, үстінде, жанында ұғымдарын қалыптастыратын
перспектива заңдылықтарын міндетті түрде оқушылардың білуі қажет. Бірінші
зат бізден неғұрлым алыс тұрса, ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.
Перспектива латынның тасадан көру деген сөзінен шыққан. Қазақша
ұғымы көрініс дегенге келеді. Перспектива ұғымын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығармашылық шырағы сөнбейді
Пейзаждың суретін салу әдісі
Композициялық шығарманың түстік үйлесімі
ОҚУШЫЛАРДЫ ТУҒАН ӨЛКЕ КӨРІНІСТЕРІНЕН КОМПОЗИЦИЯ ҚҰРАСТЫРУ ЕПТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ «АСТАНА» өлшемі 100-80, КЕНЕП, МАЙЛЫ БОЯУ
Мектептегі натюрморт сабағының өткізу әдістемесі
Табиғатты бейнелеу сабағының әдістемесі
Пейзаж жанры туралы түсінік және оларды живопись технологиясында бейнелеудің теориялық ерекшеліктері
Советтік Қазақстанның бейнелеу өнері
Бейнелеу өнерінде натюрморт жанры
Қазақ бейнелеу өнерінің тұлғасы
Пәндер