Мектепте бейнелеу өнері сабағын оқытудың мақсаты
Кіріспе
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттерінің ең
бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ
тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол
келешек қоғам иеленін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми
өрісі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де, қоғам алдындағы борышымыз. Ал
ойлы–пайымды, білімді мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді
адамзаттың ақыл ойымен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере
отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп
сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформаларына негізгі
бағыттарында аса маңызды міндет-оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық
тәрбиені айтарлықтай жақсарту. Әсемді сөзіме дамыту, жоғарғы эстетикалық
талғам, өнер шығармаларын, тарихпен архитектура ескерткіштерін, туған
табиғаттың сұлулығымен байлығын түсініп, бағалай білу қасиетін қалыптастыру
қажет. Сан ғасырлық тарих көшінде өзінің таңдаулы үлгілерінде дәстүрлі
реалистік өнер болды. Реалистік өнер-дүниеге көз тастайтын терезе, ол
арқылы суретші ерлікпен күнделікті өмірді, өткен мен қазіргіні, таңғажайып
пен әдеттегіні, қайғылы және қуанышты суреттерді көреді. Солай дегенмен
осынау бір алуан түрлі шығармалардың бәрі поэзияға, әсемдікке, бейнеленіп
асқан сан алуандығы, ізденіс мүмкіндіктерінің шексіздігі творчестволық жеке
ерекшелікті дамыту үшін ұщы қиырсыз кеңшілік жасалуы реалистік өнерге тән
қасиет.
Жекелеген әрбір адамның көркем творчествасы оның өз басының жетістіктері
ғана емес, бұл-бүкіл қоғамның игілігі. Суретші әсіресе, әрдайым оқиғалардың
қайнаған ортасында жүруге тиісті кеңес суретшісі, өз жұмысының сипаты
бойынша қоғам қайраткері де бола алмай тұрмайды.
Сабақты жүргізу үшін ұстаз да істің бұл жағына ерекше назар аударады. Сол
арқылы көпшілік қауымға, әсіресе жастарға өнеге айту, тәлім-тәрбие беру
көзделеді. Еліміздің ежелден келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмысын
тану, оны көш керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ
қамын қамдау өмір талабы. Бұл үшін ол қылқаламмен және бояулармен шебер
жұмыс істей білуге өте
жақсы сурет салуға, демек сурет салуды және кескіндеме өнерін үнемі
жетілдіріп отыруға тиіс.
Тақырыпты таңдаудағы мақсатым
Мен бұл курстық жұмысты өз қалауымша таңдап алдым. Осы салада бейнелеу
өнеріне деген талабымды әрі қарай дамытқым келеді. Бұл курстық жұмыс
болашақ өмірде маған өте қажет екенін білемін. Таңдап алып отырған курстық
жұмысым, мен ең алғашқы творчестваклық жұмысым болып есептеледі, сондықтан
мен үлкен ықылас қойыпталаптанып отырмын. Менің алдағы мақсатым жұмысымды
ойдағыдай аяқтап, ұстаздардың көңілінен шығу.
Алғашқы педагогикалық практикаға барар сәтте осы істелініп жатқан
жұмысымыздың біздерге көп көмегі тиеді деп сенемін. Атап өтсек: біріншіден-
оқушылармен қарам-қатынас жасағанда, екіншіден-сабақты тыйымды өткізуде,
үшіншіден-мұғалімге қажет бағдарламаларды жеткілікті білу үшін. Бұл салада
басқа пәндермен де байланысы бар. Мысалға біз бұл пейзажды саларда сурет,
компазиция, кескіндеме сабақтарының көмегі зор болды. Осы салынған пейзажда
осы сабақтардан алған білімімізді қолдана алдым деп ойлаймын.
Бұл жасап отырған курстық жұмысымыз тек ғана болашақ ұстаздарға ғана
емес, басқа мамандарға да қажет. Мысалға оқу бітіріп, мамандық бойынша
мекемелерді безендіру кезінде осыдан алған біліміміздің көп көмегі тиері
анық. Мен, бұл пәнді шын көңіліммен, өз қалауым бойынша алып отырмын. Бұл
менің ең алғашқы күрделі де, маңызды жұмысым, сондықтан осы жұмысымда
қателіктері болса кешіріңіздер. Келешекте болған қателіктерді ескере
отырып, жұмыс істеуге тырысам.
Майлы бояумен істеу тәсілі жұмыс.
Қазір суретшілердің көбі майлы бояуларды пайдаланады. Ал бір кезеңде олар
адамзатқа атымен белгісіз болатын. Майлы бояу алғаш рет X-ғасырда шыққан,
бірақ ол кезде оны ешкім пайдалана қоймаған. Оның кеңінен дәстүрге енуі XV-
ғасырда өмір сүрген Нидерланд суретшілері ағалы-інілі Ван-Эйктердің атымен
тығыз байланысты. Олар көп тәжірибе жасап, құрғақ ұнтақ бояуларды жеміс
майына езіп көрді. Ақырында бояулардың жаңғақ майымен зығыр майына жақсы
еритінін анықтады. Ондай майларға ерітілген бояу тез құрғайды, оның үстіне
ерекше ажарлы болады.
Бельгияның Гекте қаласында әулие Бавона шіркеуінде альтарды (мінәжат орны
әшекейленген Полиптех көп бөліктен тұратын картина) әлі күнге дейін
сақтаулы. Оны салған - Ян Ван-Эйк. Оған ағасы Губерттің көмектескені
баршаға мәлім. Бұл шығарма бейнелеу өнерінің аса құнды туындысы болып
есептеледі.
Майлы бояудың мүмкіншіліктері. Суретте пайдаланылатын бояулардың бәрі де,
әдетте, бояғыш заттар, яғни пигмент пен қандайда-бір байланыстырғыш
заттардың қоспасынан тұрады. Ал майлы бояуларды ондай байланыстырғыш зат-
май. Басқаша айтқанда, майлы бояулар пигменті зығыр майы мен араластыру
арқылы алынады. Басқа да кейбір майларды (жаңғақ, күнбағыс майлары)
пайдалануға болады. Бұл майлар кепкен кезде қатқыл қабық түзеді. Басқа
майлар бұл мақсатта пайдалануға жарамайды, өйткені олар мүлде кеппейді,
немесе, керісінше кепкен кезде су сияқты буланып, ұшып кетеді.
Майлы бояулар кескіндеме мен айналыспас бұрын суретші майлы бояулардың
енге екенін және олармен жұмыс істеу әдістерін жақсы білуге тиіс.
Кескіндеме тек XVI-ғасырдан бастап қолданыла бастаған майлы бояулардың
көптеген жақсы қасиеттері бар. Оларды қалыңдатып та, сондай-ақ жұқалатып,
мөлдір етіп жағуға да болады. Олар баяу кебеді, әрі кепкен кезде өзінің
түсін өзгертпейді.
Майлы бояудың кебу жылдамдығы ондағы майдың мөлшеріне, пигментінің
химиялық құрамына байланысты. Кейбір пигменттер (мысалы, қорғасынды белила)
кебуді жылдамдатады, екіншілері (мысалы, краплак және газ күйесі)-тежейді.
Суретші жұмыс үстінде кез-келген бояуларды бір-бірімен араластыра беруге
болмайтынын есте ұстауға тиіс, өйткені олардың химиялық өзара әсері
түстердің өзгеруіне әкеліп соғуы мүмкін. Майлы бояулар өздерінің сапалық
қасиеттері жағынан корпустық және мөлдір түсті бояулар болып екіге
бөлінеді. Қандайда бір жазықтық бетіне жұқалап жағылған корпустық бояулар
бұлардың астындағы түсті мүлдем көрсетпей тастайды. Корпустық бояуларға:
белила, киноварь, охра, кадми және басқалары жатады. Олар жақында қалың
түсіп, кескіндемені жайнатып жібереді. Ал мөлдір түсті бояуларды жаққан
кезде мөлдір бояу қабатын береді де, оның астындағы түс көрініп тұрады.
Бұл бояуларға: кескіндеме ерекше түрленіп құлпыра түседі.
Майлы бояулар кепкенде акварельдік бояулар сияқты түстері өзгермейді.
Майлы бояуларды бірнеше қабат және бірнеше рет қайталап жағуға болады.
Майлы бояудың бір кемшілігі-технологиялық әдістерді дұрыс сақтамаса,
белгілі бір уақыт өткенде ол не қарайып, не сарғайып кетеді. Майлы
бояулардың қолайлы және қорғасынды белила, стронцийлік сары бояу,
күйдірілген табиғи қалампыр бояу, табиғи умбра, қоңыр (ақшыл және қара),
қызыл киноварь, ақшыл күлгін қоңыр карапла, ультрамарин (өте ашық көк
бояу), көк және күлгін кобальт жасыл изумурут, қара жүзім, күйдірілген
сүйек сияқты түрлері болады.
Майлы кескіндеме кенепке, қағазға, картонға, тақтайға т.с.с. салуға
болады. Майлы кескіндеме үшін әсіресе кенеп өте жақсы марериал болып
табылады. Оны арнайы кергіш ағашқа салыпа керіп қояды, кергіш ағаштың ені 5-
6 см, қалыңдығы 2,5-3 см болуы керек. Олардың қарама - қарсы жақтары тең
төрт бұрышты болатындай етіп кесу керек. Кергі ағаштың төрт бұрышы да
тиекпен ұсталады. Кенепті кергі ағаштың жақтауларына қайырып бекіту үшін
кенеп кергіден төрт жағынан бірдей 3 см-дей артылуы керек.
Майлы бояумен салынған кескіндемені ұзақ сақталуын қамтамасыз ету үшін
әуелі арнаулы грунтпен грунттау керек. Грунттардың жабысқағы да, эмульсиясы
да, сондай-ақ жартылай майлы, майлы және синтетикалық грунттары да болады.
Жабысқақ грунт жасау үшін 50гр ағаш желімін 1литр суды ысытып араластырады
да сосын суытып қояды. Желімді қайнатуға болмайды, онда ол тұтқырлық
сапасын жояды. Содан кейін әлгі желімге бор немесе құрғақ мырыш белиласын
қосады да ақшылдау қою ерітінді болып шыққанша шайқайды. Қоюлығы кисель
тәрізді болған грунтты жалпақ қылқаламмен (ластымен) кенепке екі-үш рет
жағады. Бірақ оны әрбір жаққан сайын мұқият кептіріп отыру қажет.
Эмульсия грунты да жабысқақ грунт сияқты етіп жасалады. Ақшылдау қою
ерітінді алу үшін сауытта тұрған мырышты белиламен ұнтақталған борды қосып
араластырған жөн. Осындай әдіспен жасалған грунт, жабысқақ грунтқа
қарағанда, әлдеқайда сапалы болып шығады, әрі ылғалдың әсеріне онша беріле
бермейді.
Майлы бояуды сұйылту үшін бірінші және екінші сұйылтқыш пайдаланылады.
Кескіндемеде зығыр, жаңғақ, күнбағыс майлары және тағы басқа да
қолданылатынын атап өткенбіз. Сондай-ақ кескіндемеде пісте, мастика лактары
да пайдаланылатынын айта кеткен жөн. Бұлар кескіндемеде көбінесе әбден
кеуіп болғанда үстінен жағып, жылтырату үшін қолданылады. Кескіндеме
өнерімен шұғылданушы адам бояуларын, қылқаламдарын әртүрлі майлары мен
басқа да жабдықтарын сақтау үшін арнайы жәшікті (этюдник) пайдаланылады,
оны қолдан жасап та алуға болады. Майлы бояумен жұмыс жасайтын суретшілер
көбіне қатты қылшықты қылқаламдарды пайдаланады. Корпустық кескіндеме үшін
жалпақ қылқаламдар, ал ұсақ детальдарды салу үшін күзен қылынан жасалған
жұмыр және жалпақ қылқаламдар пайдаланылады.
Қылқаламдарды таза ұстап, жұмыс істеп болғаннан кейін міндетті түрде жылы
сумен сабындап жуып, кептіріп қою керек. Жұмыс істеп болғаннан кейін лас
қылқаламдарды керосинге салып қоюға болады. (Онда бор екі күн тұрғанға
ештеңе етпейді). Ал майлы бояумен кепкен қылқаламды кейін керосинмен
жуып, тазартуға болғанымен, ол өзінің сапасымен формасын жоғалтады.
Енді қылқалам дер кезінде жуылмаса, оны біраз уақыт скипидпрға салып,
онад кейін сабындап жуады. Қылқаламдардың формасын сақтау үшін жұмыс істеп
болғаннан кейін олардың ұштарын жұмсақ қағазбен орап қойған жөн. Суретшіге
сонымен қатар мольбертте керек. Бірақ оны қолдан жасап алуға да болады. Ол
үшін ұзындығы адам бойындан төрт қырлы, жіңішке үш рейка(ағаш) алып,
екеуінің басын кішкене (30см) жұқа тақтайшаға шегелеп бекітеді, сонан соң
сәл төмендеу етіп, әлгі екі рейкаға кесе көлденең топса арқылы үстіңгі
көлденең тақтайшаның ортасына үшінші рейканы бекітеді. Көлденең ағаштар
қағылып, бір-бірімен мықтап бекітілген рейкаларға ортасынан бастап ара
қашықтығын бірдей етіп бірнеше тесік тесу керек, кенеп тартылған кергіні
қажетті биіктікке орнатқанда тіреу етіп осы мұрындық қолданылады.
Кескіндемемен көбінесе күндіз шұғылданған жөн, өйткені шамның жарығы
бояулардың түстерін өзгертіп көрсетеді. Нұсқаға қарап адам денесінің
суретін салғанда алғашқыда жас жігітті таңдап алған дұрыс. Фон үшін сұр
кенеп пайдаланылып, адам суреті кенепке тұтас түсіріледі. Егер сурет ұзақ
сақталатын болса, онда кенепті бүлдірмей, ең әуелі скретті қағазға
қарындашпен салып алып, қағаздың төрт жағын бояп жіберіп сосын ғана кенепке
көшіру керек. Оны басқа да түрлі әдістермен көшіруге болады. Мәселен,
суреттің сыртына көмірді тегіс етіп жағып, кенепке жайып салу керек, сонан
соң бет жағынан қарындашпен немесе ұшталған шыбықпен басып жүргізіп алу
керек. Осы кезде сурет кенепке түсіп қалады.
Кейбір суретшілер көмір арқылы кенепке түскеннен кейін түр-түсін айырады
да оны фиксотивтейді. Сурет кепкеннен кейін ғана кескіндемемен шұғылдану
керек, бірақ форманы модуляциялау үшін жарық, күңгірт жылтырауық, көлеңке,
рефлекс сияқты 5реңктік болатынын есте сақтау қажет. Форма сызықтарымен
заттардың нұсқалары арқылы айқындалады. Кескіндемеде материалдардың табиғи
түрі жарықта айқындалады. Сол себепті жарық шағылысып түскен кезде түсті
айыруға мүмкіндік болмайды.
Көлеңкеде заттың материалдылығы айқын байқалмайды да, ал рефлексте
материал біраз қалпына келеді. Заттың өз көлеңкесі жылы бөлмеде әрқашан
суық күңгірт түске қарама-қарсы болады. Заттың жарық түскен жағымен
салыстырғанда рефлекс әрқашан әлсіздеу болады деп қарау керек.
Қарындашпен салынған суретте күңгірт түс форманы айқындай түседі,
сондықтан біз оған көбірек көңіл бөлуге тиіспіз. Ал кескіндеседе заттың
формасын керісінше жарық айқындайды. Егер кескіндемеде жарықтан гөрі
күңгірт түске көбірек назар аударылса, күңгірт түс жарықта материалдың
түсін өзгертіп жібереді, сондықтан заттың материалдық мәнін күңгірт түс
емес жарық түс айқындайтыны бәрімізге мәлім.
Сонымен жарық пен көлеңкенің ара қатынасының анықтығы, заттың суретін
салғанда, түс жағынан фигураның көлемін оңай айыруға көмектеседі. Салған
суретке ең әуелі сұйық бояу жағу керек (қою болса сұйылтыңыз). Түрлі-түсті
сурет салғанда өте ұқыпты болу керек. Жұмысты бастаудан бұрын фон ақшылдау
ма, әлде салып жатқан нұсқаның тұлғасы ақшылдау ма? Осыны анықтап алып,
модельдің ақ және қара жерлерін айыру қажет. Содан әрі фонның түскен және
көлеңкелі жерлеріне мұқият зер салған жөн. Жекелеген детальдардың беттің,
киімнің, түстің және тағы басқа бір-бірінен ерекшеліктерін ажырата білген
дұрыс.
Жарық пен көлеңкенің айырмашылықтарын айыруға көптеген жағдайларға назар
аударып, зер салып отыру керек. Көлеңке жерлеріне келгенде бояуды сұйық,
жарық жерлеріне бояуды қою етіп жағу керек. Ерекше фактураларға (мысалға:
шаш, мүк, қой жүні және тағы басқа) келгенде бояуды қалыңырақ жаққан дұрыс.
Кенептің бетіне жағылған бояуды қылқаламмен сүйкелей бермеңіз, ол түстің
өңін кетіреді. Алдымен тақтайшаға (палитраға) бірнеше түсті бояуларды
араластырып көріп, өзіңізге қажетті түсті тауып алыңыз. Бірақ қажетті түсті
табу үшін үш-төрт түсті бояудан артық араластыруға болмайды, тек шағындап
керегінше ғана жасаңыз.
Мәселен, қызғылт сары түс болуы үшін тек қызғылт түсті бояу шарт емес,
оны сары бояуды киноварға араластыру арқылы табуға болады. Көк түсті
әртүрлі реңмен көрсету үшін ультрамаринмен араластырса болғаны, ал
күйдірілген сүйекті изумурудпен сары кадмимен және тағы басқа араластырып
тамаша небір нәзік түстерді алуға болады.
Егер зер салып қарасақ, салып отырған заттардағы түрлі формаларға
байланысты болып келетін жарықтың, көлеңкенің, күңгірттің және рефлекстің
шекараларын мүмкіндігінше дәлірек айыруға болады. Салып отырған суретті
заттың өзімен үнемі салыстыра отырып, түс арқылы заттардың түрлі
формаларына кеңістікте дұрыс салуға дағдыланған дұрыс.
Табиғатта қызыл, сары, көк түстерді негізгі түстер деп, ал араластыру
жолымен алынған басқа түстерді туынды түстер деп те атайды. Қызыл мен
сарыны араластырып-қызғылт сары; көкпен сарыны араластырып-жасыл көк; қызыл
мен көкті араластырып- жасыл күлгін т.б. толып жатқан түстер алуға болады.
Егер бір дөңгелекті алып оны радиус жүргізу арқылы тең етіп сегіз
бөлікке бөлсе, ондағы түстерді спектрды (күн сәулесінің кемпірқосаққа
түскендей) еске түсіретіндей етіп: қанқызылдан қызылға ауысқанын, сарыдан-
сарыға, көктен-көкшілге, көктен күлгін түске ауысып отырғанын байқауға
болады. Қызып тұрған металдың немесе шоқтың түсін еске түсіретін алғашқы
түсті жылы түстер деп, ал мұздың, аспанның түстерін еске түсіретін
көгілдір түстерін еске түсіретін түстерді суық түстер деп атайды.
Суретші кескінді салғанда әртүрлі уақытта әр жерде болған оқиғалар
тізбегін көрсете алмайды. Сондықтан ол бір ғана кезеңге қатысты сюжет
жасайды. Мұндайда ол оқиғаларға қатынасқан адамдардың ой-пікірін, олардың
қарым-қатынастарын және өмірге із қалдыратын осы оқиғалардың барлық мән-
жайын неғұрлым толық әрі тұжырымды етіп жинақтауға тырысайық. Қорытып
айтқанда сурет, кескіндемелік шығармалардың қайсысы болсын, түс оның қаны
мен мәні болып табылады. Сондықтан да суретшілер түсті заттың нақты түсін
көрсету үшін ғана емес сонымен қатар көңілді етіп көрсету және ойдың
поэзия түрінде бейнелеуі мақсатында пайдаланылады.
Суреттері салынатын заттарды жете білу және бейнелеу өнерінде дағдылану
осы айтылғандармен шектелмейді. Мұның барлығы алғашқы бастамасы ғана.
Талаптылар өз өнерін арнаулы үйірмелерді, мектептерде, көркем өнер
училищесінде, жоғарғы оқу орындарында, әсіресе күнделікті тұрмыс
тәжірибесінде дамытып, жетілдіре алады.
Пейзаж жанры.
Адам әу бастан-ақ табиғат көрінісін салған. Бірақ көпке дейін белгілі бір
оқиғамен адамның тұлға-тұрпатын бейнелегенде керек фон ретінде пайдаланып
келген. Тек XVII-ғасырда ғана бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін
картиналар туа бастады. Мұндай жанрды Голланд суретшілері ойлап тапты.
Голландия-солтүстік теңізінің жағасындағы мұхит деңгейінен төмен орналасқан
ел.
Сондықтан суретшілер өз өлкесінің портреті деп ұғып, мейлінше тәптіштеп
мұқият көрсете білген. Голланд суретшілері ондай пейзаждарды шағын кенеп
шаршыларға салатынды. Сондықтан кейін жұрт оларды кішкентай Голландықтар
деп атап кетті. Пейзаж өнері өте әр алуан. Кейбір пейзаждар өмірде бір
нақты өкілдердің көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшілердің қиалынан
туады. Ондай шығармалардың қай-қайсысын да суретшілер табиғаттың мінез-
құлқын айнытпай беруге тырысалы.
Пейзаж (Paysadeдеген француз сөзіненн шыққан) - бұл Ландшафты,
табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және
басқа Шығыс елдерінде (VII-X-ғасырларда) Европадағыдан ертерек қалыптасты.
Европалық кескіндемеде ол XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал
содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнерінде пейзаждың
гүлденуі XIX-ғасырдың соңына тұспа-тұс келеді. (И.Левитан, К.Коровин,
Н.Рерих және басқа да көптеген суретшілер.
Пейзаж- қайсы бір жерлерді жай айнытпай бейнелей салу емес, онда
суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам
өмірімен салыстыра қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді.
Бұлт торланған аспан, теңіз толқындары, ормандар мен таулар жүздеген,
мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сондай күйінде қалады. Бірақ осы бір
өзгермейтін табиғатта алуан дәуір суретшілер түрліше көріп, түрліше
бейнелейді.
XVII-ғасырдағы Голланд суретшілерінің картиналарында теңіз үнемі дерлік
романтикалық сарынсыз болып келеді, олар табиғат сұлулығын іңкәрлікпен
қызықтауға бейім емес. Олар үшін теңіз сауда мен жұмыс орны, тіршілік
қарекетін іздестіретін кеңістік. Біздің атақты маринисіміз Айвозовскийде
теңіз-әрдайым дерлік үрейлі дүлей күш, мөлдірлеу құпия сырлы тұңғиық.
Орасан зор толқындар қия жастарға лап қояды. Адамдар, тіпті кемелердің өзі
де-осынау қаһарлы, өлшеусіз қуатты стихияда өте кішкентай, дәрменсіз де
қорғансыз. Оның картиналары әсем стихиялы деген тәнттілікке, романтикалық
сүйіспеншілікке бөленген.
Бір табиғи матифтің өзі суретшінің қылқаламынан мүлде басқа толысуға,
басқаша түске ие бола отырып, шебердің талғамы, көз-қарастарын, көңіл күйін
береді. Оның үстіне, Мәңгілік табиғат тіршілігіне уақыт өтуімен бірге
жаңа әуендер енеді, табиғат адамның әсерімен өзгеріп отырады. Темір жолдар,
автомабиль жолдары, жоғары вольті электр жүйелерінің сорайған діңгектерімен
сымдары, аспанға ұшқан реактивтік самолеттің будақтаған ізі-осының бәрі
бүгінгі күннің көрінісі. Мұның қазіргі заманғы суретші аңғармай тұра
алмайды. Пейзаж және натюрморт, әлбетте, тақырыптық картинаның құрасдас
бөліктері де болуы мүмкін. Бұл жерде олар көркем образды жасауда белсенді
қосалқы роль атқарады.
Пейзаж (француз-мекен, өлке)-белгілі бір жердің, мекенінің табиғаттың
көрінісі, Тақырыпты толығырақ ашу үшін пейзаж кескіндеме жанрының басқа
түрлерін де (портрет, баталия жанры т.б.) қолданылады. Пейзажда суретшінің
сезімі, көңіл-күйі, түсінігі табиғатқа деген эстетикалық, этикалық
көзқарасы аңғарылады. Қазақстанда Пейзаж жанрының тууы мен дамуы –көптеген
этнографиялық мәндегі, деректі-құжатты дәлдікке-негізделген камералық
пейзаждардың (Алматы шыңы1886 т.б.) авторын Н.Г. Хлудовтың есімімен
байланысты, Ә. Қастеевтің ерте кездегі салған пейзаждарынан (Пішен шабу
1934 т.б.) (Мақта теру 1935), (Бие сауу 1936). Хлудов
шығармашылығының әсері байқалады. Оның кейінгі пейзаждық туындыларына
кеңістікті молынан қамту композициялық (Шалкөде жайлауы 1956, гүл жарған
алма ағашы 1958); дұрыс шешім табу тән.
Қазақстан жерінде (1970жылдар) атты акварельдік топтама пейзаждары
эмоциялық бояу қанықтығымен ерекшелінеді. Ә. Ысмайыловтың пейзаждары (Хан
тәңірі жайлауы, 1956 ; Шарын шатқалы, 1962) монументтілігімен, драмалық
сипатымен айшықталады. Н. Таңсықбаевтың Жыл маусымдары (1959) және басқа
пейзаждары этикалық серпімдегі дүниелер. А.М. Черкасскийдің пейзаждық
шығармалары (Қара ағаштар, 1955 т.б.) Үлкен оптимизмге, өмірге
құштарлыққа толы. Театр суретшісі С. И. Қалмыковтың (Опера және балет
театры 1947), А.Ғ. Ғалымбаеваның (Жайлау жолы, 1965) Пейзаждарынан
романтикалық асқақтық сезіледі. 1950-60 жылдары Пейзаж жанрында графика-
суретшілер Е.А.Говорова (Шырылдауық шегіртке), Ш.Б Кенжебаев (Таңсәрі),
Р.В. Великанова (қысқы қала үшеуі де 1964ж.) Х. Рахимов (Балықшылар,
1965), Ү.Әжиев (Асы жайлауы, 1966) және Н.С.Гаев (Тың топтамасы, 1962)
; Кескіндемешілер Ж. Шәрденов (Қысқы пейзаж, 1960; Қазақстанның орталық
мұражайы, 1960), Қ.Т. Телжанов (Атамекен, 1958), С.Ә. Мәмбеав (Көктем,
1964) М.С.Кенбаев (Қашаған қуу, 1961) қалам тартты. 1960 жылдардың аяқ
кезімен 70 жылдардың бас кезінде суретшілер: М.Т.Теміргалиев (Аллея
1971), О. Нұржұмаев (Түнгі майдан, 1969), Ә.А. Сыдықанов (Темекі
жинау, 1972), Б.Х. Тәбиев (Ұйғырдың ауласы, 1976) т.б.
Кескіндемешілер Е.С.Бейсенбинованың (Менің Алматым, топтамасы 1975), Б.
П. Пактың (Геологтар топтамасы 1966, Сарыарқа, 1974),
М.М.Қисамединовтың (Жыл мезгілдері, топтамасы 1969 ) қаламынан шыққан
пейзаждар адам жанына терең үңілуімен ерекшелінеді. Қазақстанның кейінгі
буын графиктері Е.Т.Төлепбаевтың (Санагүл, 1979: Күту 1981).
А.Ж. Нақысбековтың (Әсемдік әлемінде триптихы, 1986), К.В. Муллашевтың
(Жер мен адамдар Қазақстан, 1978), А. Бақтыгалиевтың (Байқоңыр
топтамасы, 1980), Р. Б. Мамбекованың пейзаждары (Ескі Рига,1981), Ри
жұлдызы, 1977) лирикалық реңімен айшықталады.
Көрікті Бурабай
Қазақстанның ең көрікті жерлерінің бірі таңғажайып әндер мен поэтикалық
аңыздар өлкесі-Бурабай орысша да, қазақша да бірдей аталады десе де болады.
Жүз рет естігенше, бір рет барып көр, -деп дәл осы өңір туралы айтылған
сияқты. Табиғат бұл жерде әсемдік әлемінің ауызбен айтып жеткізе алмастай
алуан түрін жасаған. Халық арасында мынадай бір аңыз бар: Алла тағала
өзіміздің орасан зор дүниені таратқанда бір халыққа айдын шалқар теңіздер
мен арналы өзендер, басқаларға бауырында қалың орманы басында ақ қары бар
тау, үшінші бір халыққа гүл бақшасы жайнаған, жемісі мол жер сыйлапты. Ал,
қазаққа құм басқан шөл дала ғана тиіпті. Халық ашынып алла тағалаға Тым
болмаса, қоржыныңызда қалған әсем дүниеде болмысыз бірдеңе беріңіз,-деп
өтініпті. Бірақ, алла тағала дала жұртының өтінішіне көңіл бөлмепті. Содан
кейін көңілді күлдіргі Алдар көсе жаратушыны алдамақ болып, оған жасырынбақ
ойнайық деп ұсыныс жасапты. Анау келіседі. Бірақ тақтайдай жазық шөл
даланың қай жеріне тығылмақ. Сөйтіп, алла тағала тасасына тығылу үшін төбе
жасапты. Ол жерді қазір де жұрт Бұқпа деп атайды. Қу Алдакр көсе байқатпай
алла тағаланың қоржынын тесіп қояды, содан жерге биік шыңды таулар түсіп,
мөлдір бұлақтар мен көлдер төгілген екен. Әлгі тауларға қалың орман өсіп,
онда аңдар мен құстар, ал, өзендерде балық пайда болған. Кейін сол жерді
адам мекендей бастаған.
Қазір ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келе жатқан аңыз ғана емес, Қазақстан
археологтарының қазбалары да Көкшетауда ежелгі дүниеде ержүрек аңшылар,
тәжірибелі егіншілер мен малшылар тұрғанын ертедегі скифтер бұл өңірде
алтын өндіргенін дәлелдейді. Бурабайдың әр тасы, ормандағы әр соқпағы аңыз
арқауы болған. Көкшетаудың келбетіне алыстан көз салсақ, қалың тоғай
арасында ұйықтап жатқан алыпты көргендей боласың. Иә, бұл ұйқы құшағындағы
батыр тауы. Аңыз бойынша, баяғы заманда атақты Жекебатыр осы жерде күзетте
тұрып қалғып кеткен екен. Оны таң шапағында, шыңдардың тарс-күрс еткен
қопарылысы да оята алмаған. Күні бүгінге дейін алып тау болып сол ұйықтаған
қалпы жатыр.
Енді бір жағыңа қарасаң тасқа айналып қалған түйені көргендей боласың.
Бұл- қазақ халқа талай-талай аңыз шығарған Бура тауы. Ерте-ерте, ертеде
жүні аппақ қардай қос өркешті әдемі түйе болыпты деген сөз бар. Ол жуас
болыпты. Көкшетаудың етегінде жайымен жайылып жүреді екен. Ал, егер жұт
немесе соғысч бола қалса, бура өзгеріп шыға келетін болыпты. Құстай ұшып
тау басына шыққан оның күндей күркіреп буырқанғанынан тау сілкініп, дала
сілтідей тына қалады екен. Оның дауысын естіген жұрт жедел жиылып, жаудың
бетін қайтаруға, туған жерді қасіреттен аман алып қалуға аттанады екен.
Халық ақ түйені киелі санап, оны бәле-жаладан сақтауға тырысыпты. Бірақ,
бір жолы суатқа кетіп бара жатқан бураны мейманасы асқан Қасымхан
кезіктіреді, сол жерде ерігіп оны садақпен атады. Жебе қадалғанда
ауырсынған бура қатты ыңырсып, шөгіп қалады, ал оның ажал аузындағы азатты
қаліне мәз болған Қасымхан улы жебені бас-көз, жүрек демей, бірінен соң
бірін ата береді. Бура шипалы судан бір ұрттау үшін көлге қарай ыңырана
жылжиды, бірақ әл-дәрмені жетпейді. Тасқа айналып, тау болады.
Оқжетпес шыңына да аңыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz