Қазақ мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәні


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

І тарау. Мақал-мәтел туралы түсінік.

І. І Мақал-мәтелдің зерттелуі, түрлері.

І. ІІ Мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні.

І. ІІ. Мақал-мәтел халық даналығы.

ІІ тарау. Оқу тәрбие үрдісіндегі мақал-мәтелдің маңызы.

ІІ. 1 Мақал-мәтелдің тақырыбы.

ІІ. 2 Мақал мәтелдерді тәрбиеде қолдану жолдары.

ІІ. 3. Мақал - мәтелді оқыту үрдісінде пайдалану.

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі. Дүниеге келерінде де, келген соң да әке-шешесін бірден-ақ боямасыз татулыққа, сыйластыққа, ынтымаққа жар салмай-ақ шақыратың ата-ана көңілін жақындастыра түсетін-біл. Перзенсіз үйдің бар жұбанышы бүгінгісі ғана, оның өзі де өткінші екенің ертеңгі қуанышы екендігін халықымыз білген, сондықтанда «бесіксіз үйде береке жоқ» деп, көргендікпен ой түйіндеген.

Халық осындай басқа да көптеген қағидаларды ертеректен-ақ топшылаған.

«Баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің». Жалпы, халық педагогикасында бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қараған.

«Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер», -деп, ата-аналарға алдымен өзің үлгілі бол, озық бол, балаңды бетімен жіберме, бесіктен белі шықпаған. Бөбек кезінен жақсылыққа үйрет, жамандықтан жирент деген тағылымы мол қасиеттерді бойына құя білу десем артық айтпаймын.

Мақал-мәтелдерден халықтың ой-санасы, дүниеге көзқарасы, ақыл-өнегесі мол көрініс мұн тереңдігімен, түр жағынан ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан салалы құбылыстарына баға беріліп, ой түйінделіп, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі негізінде пікір айтылады. Халық терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, шебер беруге тырысады. Сөйтіп, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, қорытып береді.

Мақал-мәтелдің өн бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас, ырғақтылық байқалады. Ондабасы артық бір сөз болмайды. Барлығы өз орнында, екшелеген, сұрыпталған, жұндаса біріккен, ішкі мазмұнына сыртқы формасы сай үндестік тапқан болып келеді. «Ер дәулеті - еңбек» деген мақалды талдап көрейік. Мұнда негізгі ой-еңбектің құдіретін, бүкіл игіліктің көзі екенін білдіру. «Ой қазығы еңбек болған соң, мақалада «е» дыбысы ерекше естіліп тұр. Мақалға саздылық, үнділік беріп тұрған да сол. Дәулет сөзінің мақал бітіміне кіруі де соған байланысты. Оның орнына ырыс, байлық, молшылық, т. б. сөздерді ала алмайсың. Онда мақал поэтикалық қасиетінен айрылысады.

«Түсі игіден түңілме» деген мақалда жақсы жамандыққа бармайды, ол жақсылыққа әзір деген ойды «т, і» дыбысыарқылы өрнектеген. Екіншіден, сол ойды әрі кейіптеу арқылы жақсы білдірген. Мақал-мәтелдерде көп қолданылатын көркем өрнек-синтаксистік параллелизм.

Мысалы, «Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді, елін сүйген еріне, ел тілеуін береді»,

«Жолдасын таппаған ер азады, қордасын таппаған жер азады»,

«Су кірді тазартса, оқу миды тазартады»,

«Сүңгінің жарасы бітер, тілдің жарасы бітпес». Жолдас қадірін білдіру үшін, сол ойын оқушысына жеткізу үшін ер мен жерді қосарлап алып, кесте жасайды. Ал «Сүңгінің жарасы бітер, тіл жарасы бітпес» деген өрнектерде «еттен өтіп, сүйекке жетер» тіл тәңірісін ғаламат өрнектеген.

Мақал-мәтелдерде бейнелі көркем сөз айшықтарының нелер асылы кездеседі. Оларда теңеу арқылы да көркем өрнек жасалынады.

Мысалы, «Түсіне қарасақ күндей, ішіне қарасақ түндей ». Жүзі күндей күлімдеп, іші мерез, сұм адамдарды «түндей» деген теңеу арқылы қапсыз танытқан. Мақалдағы көркемдік тәсілдердің бірі- әсерлеу.

Мысалы, «Тарыдан тау, тамшыдан көл». Мақал-мәтелдерден көркем сөз айшықтарының бәрін кездестіреміз.

«Еңбек - ырыстың бұлағы, еңбек - бақыттың шырағы»

«Кітап - білім бұлағы, білім өмір шырағы» сияқты метафора,

«Өрлеген балық ауға жолығады, өр көкірек жігіт дауға жолығады».

«От ауызды, орақ тісті» сияқты эпитет,

“Кітап - көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа - маржан” сияқты метонимия мақал -мәтелдерде мол ұшырасады. Жалпы, мақал-мәтелдер бейнелі өрнекке толы.

Тәрбиелі қыз, арлы жігіт ел қорғайтын азамат, халық қамын қамдайтын ел ағасы, ұлыстың анасы болуға лайық кемеңгер бейбітте қандай болу керек, елдің қадірі, жердің қадірі, ата-анамен ағайынның қадірінде, осының барлығы мақалдар мен мәтелдерде қапасыз өрнек салған. Өйткені атамекеннің оның иесі халықтың елдік болмысы, елдікке жеткізетін қоғам мүшелерінің кісілік келбеті мен әділдігі, әдептілігімен өнерлігі, еңбекқорлығымен кәсіби шеберлігі ғана емес күлі адам баласымен үлгілі қарым-қатынасы, керек десеңіз дипломатиялық байланыстарының жан-жақын осынау халық данамыздың қастерлі мұрасынан табуға болады.

Әрине, мақал-мәтел атаулының бәрінің стилі бірдей емес. Бірақ ел үшін қызметінің әрқилы түсінуге болатын астарлы ойға қаныққан халықтық қазынадан елін емес, ізгі мақсатқа жолықтырар мағына ізделеді.

Мәселен «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне», сияқты мақалдардың қай қайсысы да туған жер туған елді қастерлеуге үйренді. Бірақ айтылу интанациясы әр түрлі. Алғашқы мақал тыңдармандарына қатал талап қойғандай әсер қалдырады. Өйткені ол төрт жағы төрт құбыла болып, шадыман тірлік кешіп отырған ел көсемінің емес, қайткенде елдің іргесін бүтіндеймін деп, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген азаматтың көкірегінен шығып тұрған лебі. Демек бұл мақал-мәтелдер халық даналығының көргендігінің айнасы тіл байлығының алтын қазынасы. Олардың көбі өнер шындығының қорытындысы.

Халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі секілді қымбат мұра.

«Сөздің көркі-мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелді айтылатын оймен сиыстырып орында қолдансақ, сөзіміз ағындай өткір, көңілге қонымды көркем әрі бейнелі болады. Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мағынаны беретіндіктен өте ұтымды болады. Сөйлеген адамның шешендігін, ой ұшқырлығы, тапқырлығы байқатады. Мақал мен мәтелдер халық санасында талай жылдар мен ғасырлар бойында қалыптасып, тұрақтылып қалған да, сөйлеген дайын тілдік құбылыс ретінде қолданылады. Бұл жағынан келгенде, яғни құрамындағы сөздердің тұрақты болуы, дайын тілдік құбылыс ретінде қолдануы және ойға әсерлді де әсем көрікті де көркем мән үстеуі жағынан, мақал мәтелдер тұрақты тіркестерге жақын болып келеді.

Сөйлеген құрылысы мазмұны жағынан мақал-мәтелдердің өз тілінде ерекшелігі байқалып тұрады.

Мақалдарда ой түйінді пікір, өсиет, ереже тәрізді көбіне астарлы мәнде тұжырымдап айтылады. Мысалы; Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені. Еменнің иілгені - сынғаны.

Тақырыбы: Қазақ мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәні.

Зерттеу мақсаты:

Қазақ мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәнін көрсету.

. Зерттеу объектісі :

Қазақ мақал-мәтелдері.

Зерттеу пәні :

Мақал-мәтелдердің оқу-тәрбие үрдісінде қолдану жолдары.

Зерттеу міндеті :

1. Мақал-мәтелдердің көркемдік ерекшеліктері туралы ғылыми теориялық

әдебиеттермен танысу, саралау.

2. Мақал-мәтелдердің оқыту үрдісінде пайдалануында алатын орны.

3. Мақал-мәтелдерді тәрбие жұмысында қолдану

Ғылыми болжам :

Егер оқу және оқудан тыс мерзімде өткізілетін іс-шаралардың өзара байланыстылығы болсав, оқу және тәрбие саласында мақал-мәтелдерді тиімді қолдана білсе, мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні артады.

Зерттеу әдістері:

Педагогикалық, психологиялық, халық ауыз әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық талдау жасау. Оқушылардың ата-аналары арасында сауалнама, сайыс сабақтар, жарыс түрінде өткізу.

Эксперимент базасы :

Щучинск қаласындағы № 9 орта мектеп.

І тарау. Мақал-мәтел туралы түсінік.

І. 1. Қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелуі, түрлері.

Қазақ мақал-мәтелдерін алғаш рет шәкірттердің оқу құрамына енгізіп, жас жеткіншектердің бұрын құлағымен естіп жүрген мағыналы сөздерін қасиетті кітаптардың әңгімесіндей санасына сіңірген алғашқы қадам жасаған кісі-1879 жылы жарық көрген тұңғыш «Қазақ хрестоматиясының» авторы Ы. Алтынсарин. Кейін бұл талпыныс 1899 жылғы В. В. Катаринскийдің «Қырғыз хрестоматиясы» (1833 ж. Ташкент), Фон Герннің «Қырғыз мақалдары» (Семей 1898) секілді жеке кітаптары мен А. Е. Алекторов, Н. Н. Пантусов, т. б. ғалымдардың Астраханов, шыққан әр түрлі журналдар арқылы жалғасын тапты.

ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылары халық мақалдарын жинап, жариялауға ерекше ықылас танытты. 1914 жылы Мейрам Ысқақбаласы, 1928 жылы Ахмет Баржақсыбаласы, 1935 жылы Өтебай Тұрманжанов қазақ мақал-мәтелдерін жеке кітап етіп жариялады. Отызыншы жылдардың екінші жартысыңда саяси қуғын-сүргін кезінің лаңынан творчествалық қызметтен біраз уақыт бойы қол үзіп қалған белгілі ақын Өтебай Тұрманжанов еркіндікке шыққаннан кейін аталмыш еңбекті 1957 жылы толықтырып, бастыртты. Ал, 1959, 1992 жылдары осы жинақ аздаған өзгерістермен қайта жарияланды.

1940-1950 жылдар аралығында, әсіресе Ұлы Отан соғысы кезінде халық мақал-мәтелдері мерзімді баспасөз бетінде жиі жарық көрді. 1950 жылы Кеңес Одағының батыры, филология ғылымының кандидаты, академик Мәлік Ғабдуллин мен жазушы Сапарғали Бегалиннің редакциялық басқаруымен әдебиет зерттеушісі Ғалым Ақмұқанова құрастырған жинақ сол жылдардағы осы саладағы іргелі ізденңстердің жемісі болып табылады.

ХХ ғасырдың 40-90 жылдары аралығында халықтың мақалдары мен мәтелдері жеке жинақ болып жарық көрді, бұл тақырып ауыз әдебиетінің елеулі жанры ретінде ұдайы зерттеу нысанасына айналды. Осы ретте белгілі ғалымдар Белгілі Шалабаевтың, М. Ғабдуллинннің Зәки Ахметов пен Ғалым Ақмұқанованың еңбектерін ерекше атаған жөн. Сондай-ақ, біраз жылдар бойы қазақтың мақал-мәтелдерін жинастыра, жариялай түсіп, мүмкіндігіне қарай дүние жүзінің ондаған халқының мақал-мәтелдерін қазақша сөйлеткен, белгілі ақын Мұзафар Әлімбаевтың ерен еңбегін де атап өту ләзім. Мақал-мәтелдерді зерттеушілердің қайсысы де мүмкіндігіне қарай осы жанрдың «ертеден келе жатқан халық шығармаларының ескі түрі» (Ә. Марғұлан) екендігін, оның жиналу, зерттелу жайларынан хабардар ете келіп, басқа халықтардың, соның ішінде, әсіресе, орыс әдебиетінде А. С. Пушкиннен бастап А. М. Горькийге дейінгі классиктерінің шығармаларында өткір сөз, мақал-мәтелдер молынан пайдаланылғанын, ал В. И. Даль секілді орыс мәдениетінің тарихында елеулі орны бар азаматтың орыстың орыстың мақал-мәтелдерін жеке кітап етіп бастырып, оның «Мәтелді-гүл, мақалды-дән» деп қабылдаған, содан бергі дәуірде М. А. Рыбинкова т. б. оқымыстылардың «Мақал аяқталған пікір, біткен ойды білдірсе», мәтел-бұл қалыптасқан сөйлем, пікірдің элементі» деген секілді қорытындыға тоқталғандықтарын баса көрсетеді. Сондай-ақ С. Сейфуллин, М. Әуезов сынды классик қаламгерлеріміздің атағына жанр туралы тіптен ерте кездің өзінде елеулі пікірлер айтқандарына айрықша тоқталады. Мысалы; Бейбіт Дауылбаев деген азамат 1892, 1894, 1894 жылғы «Дала уалаяты» газеті басылымының бірінші санында М. Есмухамедов сол газеттің 1894 ж. бірнеше санында қазақтың көптеген мақалдары мен мәтелдерін жариялатты. Ы. Алтынсариннің жинақылық сараңдыққа жатпайды, «Ауырғаннан аяған күштірек» секілді сөздері мен Абай Құнанбаевтың

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,

«Жақсы болсаң жарықты кім көрмейді», жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған пәлеге жолығар» сияқты ойлы тіркестерін бұл күнде халық елге таныс мақал-мәтелдер ретінде қабылдайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1998 жылды «Халық бірлігі мен тарих жылы» деп жарияланған жарлығына орай, республиканың барлық облыстарына, сондай-ақ, Қазақстанмен шектелетін, қандастарымыз тұратын елді мекендерге халқымыздың рухани келбетін танытатын қадірлі қазыналарымызды жинақтайтын ғалыми экспедициялар жіберілді. Сол сапарлардың нәтижесінде біраз жыр, ән мен күй, дағдылы билеріміз бен шешендеріміздің батуалы сөздері, халық мақалдары мен мәтелдері хатқа түсіріліп, таспаға жазылып алынды. Оқырман назарына ұсынылып отырған бұл жинақты белгілі мөлшерде сол тарихи зердені жаңғырту жылының бүгінгі жалғасқан игі нәтижесінің көрінісі ретінде қабылдауға болады.

Халықтың мақалдары мен мәтелдері ел болып, ат салысып өмірге әкелетін, хаалықпен ғасырлар бойы бірге жасасып келе жатқан мұра болғандықтан оның бүгінгі хатқа түсіріліп отырған мәтіндерінен бұрынғы кітап болып шыққан. Басылымдардағы сөздерге мүлдем ұқсамайтын тіркестерді іздеудің жөні жоқ.

Республикамыздың тәуелсіздік алып, тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуына байланысты сөз мәйегін теруге құлшыныс арта түсуде. Ойды ұштап, қиялды қанаттандыратын мақал-мәтелдер де қайтадан рухани сергімізге айнала бастады. Жалпы білім беретін мектептермен бірге арнаулы орта және жоғары оқу орындарында да ұлттық болмысымызды айқындайтын ауыз әдебиеті үлгілерін, оның ішінде мақал-мәтелдерді оқытуға айрықша назар аударылып отыр.

Өйткені мақал-мәтелдер секілді мәйекті ойдың қазанында беретін асыл дәні, керекті уақытынды алып кете беретін кен емес. Халықтың бүгінгі пайдаланып келген сөздер. Ал бұдан бұрынғы кітаптарға енбей жүрген мақалдар мен мәтелдер сөз жоқ, осыған дейінгілердің құлағыны малынбаған, не жаңа туындылар немесе ежелден бар болса да әрқилы себептермен хатқа түсірудің оңай келмеген, бірақ құлақ қоюға міндеттейтін ата мұраның жұрнағы.

Сондықтан оқырман қолына тигелі отырған осы жинақты құрастыру барысында тек аталған экспедициялар арқылы жиналған материалдар ғана емес, осы күнге дейін жарық көрген барлық кітаптарға, академияның ғылыми сирек қолжазбалар мен М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қолжазба және текстология ғылыми орталығында сақталған қолжазбаларға мақал-мәтелдер барынша сараланды. Кітаптың соңында материалдар берген адамдардың аты-жөні көрсетілді. Сәті түссе, жинақ халқымыздың рухани пәндесіне жарар деген айрықша үміттеміз. Ал, егер жаманнан туған біреу ойламаған жерден жүйрік шығып, елдің азамат болса, оған оның ата-тегін қамсынатыңдар қасына еріп, ақылын алуға бармайды. Сондықтан әркім өзімнің «теңімен» болуы керек, өйткені, «Бала сабынан озбайды» дейді.

Бұл мақалдар, бір жағынан, тектіліп үшін күреске, текті жерден қыз алып, тектілермен жолдас болуы, сөйтіп тұқымды да, тәрбиені де ілгері бастыруға қызмет, екінші жағынан, азаматтың мінезін тәрбиелеуге қызмет етеді. Текті жерден шыққандығын рас болса, өз ортаңа жолбасшы, ақыны болып қызмет ет, әйтпесе;

«Зорсынғанға Алла бар, сомсынғанға балға бар» дегендей, еліннің қадірін білмесең, сол қауым сені ілезде ақ.

«Аузы жаман ел былғайды, аяғы жаман көл былғайды» деген атқа қалдыра алады, сондықтан сол ортаның қалай болғанда да мүддесін ойлап, үдесінен шыға біл дегенге меңзейді.

Қысқана ғана тұжырымдалғанымен мақал-мәтел аталатын жанрдың тақырып аясы, философиялық құлашы кең. Сондықтан да әр халықтың кемеңгер ойшылдары өз ұлтының, қала берді өзге жұрттың мақал-мәтелдерін жинауға, оны жазған шығармаларында, сөйлеген сөздерінде кеңінен пайдалануға ерекше ден қойған.

Қазақ мақал-мәтелдерін алғаш рет шәкірттедің оқу құралына енгізіп, жас жеткіншектердің бұрын құлағымен естіп жүрген мағыналы сөздерін қасиетті кітаптардың әңгімесіндей санасына сіңірген алғашқы қадам кісі-1879 жылы жарық көрген тұңғыш «Қазақ хрестоматиясының» авторы Ыбырай Алтынсарин. Кейін бұл талпыныс 1899 жылғы В. В. Катаринскийдің «Қырық мақалдарының жинағы», А. Е. Алекторов, В. Васильев т. б. ғалымдардың Астраханов, Торғай, Ташкент секілді қалалардан шықан әр түрлі журналдар арқылы жалғасын тапты. Бұл тараудан қазақ оқырмандары да сырт қалған жоқ. бірнеше санында қазақтың көптеген мақалдары мен мәтелдерін жариялапты. Бұлардың барлығы ХХ ғасырға дейінгі осы тарапта істелген шаруалар болатын. Қауымның мақалдары мен мәтелдерінің тек ауызша шығарылған көркем шығарманың нұсқасы ғана емес, ол сол елдің ұлттық болжысына куәлік ететіндігін де дәлелдейді.

Әрине мақалдар мен мәтелдерді кез келген адам шығаруға құқылы. Бірақ ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, уақыт арқалатқан жүкті мойынан көтеріп сөйтіп қалын елдің мұқтажын өтейтін мақал-мәтелдер ой иесі ділдар шешен, мінезді ақындардың арасымен жасалған. Өмірдің біраз елеулі жайларынан қорытынды шығарған ақын-жыраулардың біраз шығармада, иә болмаса пәлен деген би, деген шешен осындай - осындай оқиғаның тұсында былай деген екен.

Мақалдар мен мәтелдер негізінен халықтық мұра, ауыз әдебиетінің туындысы ретінде ел санасынан орын алатындықтан көбінесе айтушылар оның авторының кім екендігін тек өткір сөздер болмаса көбінің авторы ұмытылады. Ұмыттырмас үшін сөз иесі үлкен даңқ пен беделдің иесі болудың үстіне оның баспа бетінде жарыққа шығуы ләзім.

Мысалы; Халқымыздың даңқты перзенді Бауыржан Момышұлының Отан соғысы кезінде айтқан отты сөздері, белгілі халық ақыны Қайып Айнабековтің мақалдары соған дәлел.

Мақалдар мен мәтелдердің бір-біріне өте ұқсас әртүрлі нұсқада, бірнеше вариантты болып келетін жағдайлары да жиі кездеседі. Оның басты себебі табиғатында ақындық қатыс жай, ұқсас оқиғаға байланысты мақал-мәтел сөздерін басқаша формада береді. Ал, ол кейде сәтті, кейде сәтсіз шығуының талғамына жауап берерліктей шамада болса, оны пайдаланудан бас тартпайды. Бірақ сол сөздердің қай-қайсысы да халықтың санасына хас зергердің қолынан шыққандай сыңғырлаған сұлу, өткір ойлы терең мағыналы мақал-мәтелдер ғана тез орнығады. Сондықтан ел ауыздан-ауызға тарап айтылу барысында мақал-мәтелдердің жүздеген түрін емес, түлеген түрін қабылдайды. Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым-Шоқан Уәлиханов пен И. Н. Березин архивтерінде ХІХ ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтел сақталған. Солардың ішінде күні бүгінге дейін құнын жоймаған ”Ақыл-дария, көңіл-бұлбұл”,

«Тоты құс бойын көріп зорланады, аяғын көріп қорланады» деген секілді ондаған мақал-мәтелдер бер. Сол уақыттан бері қазақ мақал-мәтелдері әрі түрлі ведомостволарда, жинақтарда, хрестоматияларда жарияланып келеді. Қазақ фольклорының басқа түрлерімен (кейде өз алдына) оны жинап жариялаушылар: Ш. Ибрагимов, М. Терентьев, Ы. Алтынсарин, Я. Лютш, Ф. Плотников, Н. И. Гродеков, А. А. Васильев, П. А. Мелиоранский, А. А. Диваев, Н. Ф. Катанов, Н. Н. Тантусов, В. В. Катаринский т. б.

Қазақ ауыз әдебиетінің нұсқауларын, соның ішінде мақал-мәтелдерін жариялауда Орынборда 1879 жылы шыққан, 1906 жылы толықтырылып қайта басылған Ы. Алтынсарин Хрестоматияда қазақ мақал-мәтелдерінің ең таңдаулы нұсқаулары жарияланған және он шақты тақырыпқа бөлініп жүйеленген;

« . . . әлі азбаған және пайдалы нәрсенің бәрін қабылдауға қабілетті туған еліңе шама келгенше пайдалы үлес қосу-біздің әрқайсымыздың борышымыз» деп өзі айтқандай ұлы ұстаз оқу-ағарту ісіне ғана емес, сонымен қатар халықтың әлі қол тимеген тың, бай әдеби мұрасын іріктеп-сұрыптап жариялауға да үлкен үлес қосқан. Соңғы жылдары дидактикалық шағын жанрларға әдебиет қауымы назар аудара бастады. Әдеби қорымызды байытатын бірнеше аударма жинақтар мен зерттеулер жарық көрді. Солардың ішінде М. Әлімбаевтың «Өрнекті сөз-ортақ қазына» атты зерттеуі аударма мәселесіне арналған. Еңбекте қазақ мақал-мәтелдерінің шығу тарихы, өмір танытқыштық мәні, қолданылуы және автор бағалы пікірлер айтқан, мақал-мәтелдерді орыс тілінен қазақ тіліне аударудағы өз тәжірибелерін ұсынған. Еңбек очерк, мақал стилінде жазылған. Поэтикалық аудармаға бой ұру, аллитерация-ассонанс қуу, жанынан төлеу сөз қосуға әуестену сияқты кейбір даулы пікірлеріне қарамастан очерк қазақ мақал-мәтелдерін зерттеуге қосылған елеулі үлес болып табылады.

Мақал -мәтел - халықтың сан ғасырлық көрген-білгенінен, бастап кешкен уақиғаларынан қорытқан ақыл-ойының жиынтығы, анықтамасы; табиғатта, өмірде үнемі қайталап тұрған уақиғалармен, құбылыстармен байланысты туған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мақал-мәтелдерінің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы ролі
Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін мақал-мәтелдер негізінде дамыту.
Тәрбие үрдісінде мақал - мәтелдерді пайдалану
ЖАЛПЫ МАҚАЛ - МӘТЕЛ ТУРАЛЫ
Мақал - мәтелдердің оқытылуы
Мақал - мәтелдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері
Қазақ және ағылшын мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық негізі
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы экологиялық білім берудің пәнаралық сипаты
Мақал - мәтелдер туралы түсінік
Мақал-мәтелдерді ағылшын тілі сабақтарында пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz