Мәтіннің функционалдық-семантикалық түрлері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3-4
І ТАРАУ
МӘТІННІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ-СЕМАНТИКАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ
1. 1. Мәтін-қазіргі лингвистиканың негізгі зерттеу нысаны . . . 5-21
1. 2. Көркем мәтіннің композициялық сөйлеу формаларының өзіндік ерекшеліктері . . . 22-38
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 40-41
КІРІСПЕ
Сөйлеудегі «жанды тілдің» өзіне тән болмысы мен табиғатын зерттеудің өзектілігі мен қажеттілігі күн санап артып келеді. Себебі, ол қолданыстағы, қоғамдық өмірдің барлық саласына белсене араласқан, қоғамдық қарым-қатынас барысында сұрыпталған, шыңдалған, қалыптасқан, сол қатынас нәтижесінде өмір сүруге бейімделген тіл болып табылады. Шынайы тіл тілдік қарым-қатынастың барлық түрлері арқылы жүзеге аса алатын, эмоциялық көңіл-күй сезімдер, ақиқат өмір туралы ақпарат бере алатын тіл болып табылады. Тілдің мұндай қызметтері туралы ақпараттың барлығы мәтін бойында жинақталған. Мәтін - сөйлеу барысында қалыптасып, сұрыпталған, тұрақталған айрықша типтік белгілердің жиынтығы болып табылады. Оған айрықша форма мен композиция, құрылым тән болып келеді. Адамзат баласы мәтіннің өзіне тән болмыс-қасиетін зерттеуге сан ғасырлардан бері ұмтылып келе жатса да, оның бүгінгі күн талабынан зерттеуді қажет етіп жатқан тұстары әлі де көп. Бұл бағытта жаңадан қалыптаса бастаған қазақ мәтіні лингвистикасы жас болса да біраз тәжірибе жинақтады. Ол еңбектер қазақ тіл білімінде соңғы он жылдағы зерттеулерді қамтиды. Қазіргі ғылымның тоғысқан, жаңа салаларының пайда болып жатқан кезеңінде қазақ лингвистикасында мәтін мәселелерін жан-жақты зерттеу аса қажет.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: мәтін лингвистикасында зерттеуді аса қажет ететін маңызды мәселелердің бірі - мәтінінің функционалды-семантикалық түрлерінің тілдік және стилистикалық ерекшелігін таныту. Мәтіннің функционалды-семантикалық түрлері - тұтастық, байластылық және мағыналық аяқталғандық, ақпараттық белгілерге ие композициялық сөйлеу формалары. Шығарма мазмұнын құраушы бірлік ретінде бұл мәтін түрлері өз бойына қатысымдық, логика-семантикалық, психолингвистикалық, құрылымдық-композициялық қасиет-сапаларды жинақтаған категория. Мәтіннің функционалды-семантикалық түрлерінің өзіне тән табиғаты жалпы мәтін мәселелері аясында айтылып жүргенмен, арнайы зерттеу нысанына айнала қойған жоқ. Бұл зерттеу жұмысының қажеттілігі мен тақырыбының өзектілігін танытады. Ғылыми жұмыс мәтіннің функционалды-семантикалық түрінің көркем прозалық шығармалардағы қолданысын, стилистикасын зерттеуге бағытталуымен ерекшеленеді. Аталған мәселелер қазақ мәтін теориясының толыға түсуіне үлес қосады.
Зерттеудің мақсаты: мәтін ұғымы, мәтінге тән ақпараттық, тұтастық пен байланыстылық, аяқталғандық, бөлшектену, прагматикалық белгілерінің көркем мәтіндегі көрінісін анықтау.
Көркем мәтін мазмұнын құраушы құрылымдық элементтердің бірі-авторлық сөз негізде берілетін мәтінінің функционалды-семантикалық түрлерінің құрылымдық-стилистикалық ерекшелігін анықтау болып табылады.
Зерттеудің міндеттері: мәтінінің функционалды-семантикалық түрлерін зерттеуге тірек болатын теориялық тұғырларды анықтау;
- мәтіннің коммуникативтік, тілдік және көркемдік ерекшеліктерін негізге
ала отырып, мәтіннің функционалды-семантикалық түрлерінің өзіндік ерекшеліктерін саралау;
- мәтінінің функционалды-семантикалық түрлерінің көркем шығармадағы ақпараттық-мазмұндық ерекшелігін тану;
- мәтінінің функционалды-семантикалық түрлерінің композициялық және стилистикалық тұрғыдан ұйымдасу ерекшелігін анықтап, олардың лексика-семантикалық сипатын айқындау;
Зерттеудің нысаны: қазақ көркем прозасындағы мәтінінің функционалды-семантикалық түрлері және оның кұрылымдық-стилистикалык ерекшелігі алынды.
1. МӘТІННІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ-СЕМАНТИКАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ
1. 1. Мәтін - қазіргі лингвистиканың негізгі зерттеу нысаны
Мәтін теориясы ХХ ғасырдың екінші жартысында лингвистика, психология, шешендік өнер, прагматика, семиотика, герменевтика, әлеуметтану сияқты түрлі ғылымдардың зерттеу нысанына айналды. Бұл-мәтіннің көпқырлы құбылыс, әрі оны зерттеудің көпаспектілігін танытанын белгісі. Тіл білімінде сөйлеудегі «жанды тіл» ретіндегі мәтінге қызығушылық ХХ ғасырдың 20-30 жылдары басталып, 50 жылдары мәтін лингвистикасына қатысты кейбір теориялық мәселелер айқындала бастады. Мәтін туралы түрлі пікірлер А. Байтұрсынұлы, В. В. Виноградов, В. В. Одинцов, И. Р. Гальперин, Г. Я. Солганик, О. А. Нечаева, И. О. Москальская, Г. А. Золотова, Л. С. Выготский, М. М. Мұқанов, М. Жинкин, А. Р. Лурия, Е. А. Реферовская, И. Я. Чернухина, М. П. Брандес, О. Н. Гришина, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, М. Балақаев, Ә. Т. Қайдар, Р. Сыздық, Т. Қордабаев, Е. Н. Жанпейісов т. б. ғалымдардың зерттеулерінде сөз болып, көркем әдебиеттің тілдік фактілері сараланып, көркем шығарма мәтініндегі лексикалық және грамматикалық элементтерді автордың қолдану шеберлігі тұрғысынан қарастырды.
Қазақ тіл білімінде мәтін туралы алғаш пікір айтқан А. Байтұрсынұлы көркем мәтіннің өзіне тән ерекшеліктерін басты назарға ала отырып, «ақын тілі» мен «әншейін тілдің» айырмашылығын, сөздің ажарлы, келісті де қисынды болуының талғамдық шарттарын ұсынды. Ол тілді зерттеудің функционалдық, қатысымдық қырын басшылыққа ала отырып, көркем мәтінді өзге мәтіндерден ажыратудың басты белгісі ретінде эстетикалық критерийді алады. Ғалымның әуезе түрлерін анықтауда мазмұндық-құрылымдық емес, жанрлық ұстанымды басшылыққа алатыны байқалады. Ол осы ұстанымға сүйене отырып, әуезенің шежіре, заман хат, өмірбаян, мінездеме, тарих, тарихи әңгіме деген түрлерін көрсетеді [1, 208. ] .
Қазіргі тіл білімінде мәтін теориясына қатысты шешімін таппаған мәселелер баршылық. Мысалы, мәтінді зерттеу мәселесінде «мәтін теориясы» терминінен басқа, «мәтін лингвистикасы», «мәтін құрылымы», «герменевтика», «мәтін грамматикасы», «мәтін стилистикасы» сияқты терминдер жарыса қолданылуы мен «мәтін» ұғымын анықтауда бүгінгі тіл білімінде тілдік құбылыс табиғатын толық ашатын нақты анықтаманың берілмеуі мәтін теориясына қатысты мәселелердің қазіргі тіл біліміндегі өзектілігінің айғағы болып табылады.
Бір ұғымның түрлі атаумен аталып, терминдердің тұрақталмауының өзі мәтін табиғатының ерекшелігі мен зерттеу нысанының көпаспектілігін аңғартады. Бұл ретте, А. Р. Лурияның пікірі өте орынды: «Необходимость комплексного изучения текста не есть методическое требование, оно есть выражение существа самого объекта» [2, 17] .
Мәтін мәселесі лингвистикада тілдің функционалды-коммуникативтік сипаты негізінде қарастырылып жүр, дегенмен бүгінгі таңда мәтінің тілдік табиғаты толық айқындалмай отыр. Оған көз жеткізу үшін лингвистикада мәтінге берілген анықтамаларды саралайық.
Коммуникативті лингвистиканың көрнекті өкілдерінң бірі Г. В. Колшанский: «Текст - это связь по меньшей мере двух высказываний, в которых может завершаться минимальный акт общения - передача информации или обмен мыслями между партнерами», - деп мәтін табиғатын тілдік қатынас тұғысында тұжырымдаса [3, 14], тілші Н. Д. Зарубина: «Текст - это письменное по форме речевое произведение, принадлежащее одному участнику коммуникации, законченное и правильно оформленное», - деп мәтінді тудырушы автордың болуы және жазбаша түрде жүзеге асу ерекшелігін негізге алып, өз көзқарасын білдіреді [4, 113] . Мәтін табиғатын зерттеуші В. А. Лукин: «Текст - это сообщение, существующее в виде такой последовательности знаков, которая обладает формальной связностью, содержательной цельностью и возникающей на основе их взаимодействия формально-семантической структурой», -деп, тұрпаттық, мазмұндық, құрылымдық байланыстылық сияқты мәтін белгілері негізінде анықтама берсе [5, 11], Г. Я. Солганик: «Текст (от латинского textus - ткань, сплетение, соединение) можно определить как объединенную смысловой и грамматической связью последовательность речевых единиц: высказываний, сверхфразовых единиц (прозаических строф), фрагментов, разделов и т. д. », - деп мәтінге тән бөлшектенушілік пен мағыналық және грамматикалық байланыстылыққа негізделуін басты белгісі ретінде қарастырады [6, 16] .
Қазақ көркем проза мәтінін прагматикалық аспект тұрғысынан қарастырған Г. Әзімжанованың тұжырымы көңіл аударарлық: «Көркем мәтін -тілден тыс жағдаяттың күрделі белгісі, ол коммуникация бірлігі, сондықтан да оны семантикалық, синтаксистік және прагматикалық ерекшеліктерін ескере отырып зерттеу қажет»-деп мәтін құраушы бірліктердің прагматикалық ерекшеліктерін басшылыққа алу қажеттілігін атап көрсетеді [7, 18] .
Мәтін әр түрлі тілдік элементтер мен олардың арасындағы қатынастардың аса күрделі және көп деңгейлі құрылымы болғандықтан, көптеген зерттеушілер оны бірізді түсіне бермейді.
Мәтінге берілген анықтамаларға шолу жасау барысында әр тілші әр қырын, әр белгісін негізге алғанын аңғарамыз. Тілшілер мәтінді бірде ақпараттық кеңістік деп, бірде сөйлеу әрекетінің нәтижесі деп т. т. қарастырады. «Мәтін» (лат. textus) мата, тоқылу, байланысу дегенді білдіреді, сондықтан да зерттеу барысында не байланысады, не мақсатпен және қалай байланысады деген мәселерді шешу де маңызды.
Қазіргі тіл білімінде мәтінге берілген анықтамалардың арасында, біздің ойымызша, ең толыққандысы - лингвистика саласының белгілі ғалымы И. Р. Гальпериннің анықтамасы. Мәтін лингвистикасы жеке ғылым саласы ретінде қалыптаса бастаған кезде ұсынылған бұл пікір әлі де маңыздылығын жойған жоқ: «Мәтін - аяқталған, жазба құжат түрінде объектіленген, құжаттың типіне қарай әдеби түрде өңделген сөйлеу әрекетінің шығармашылық нәтижесі. Оның құрамында әртүрлі лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық байланыста тұратын бірнеше ерекше бірліктері белгілі мақсат пен прагматикалық ұстанымға бағытталған», - деп тұжырымдай отырып, ғалым мәтінді ақиқат шындықтың шағын бөлігінің графикалық көрінісі немесе тілдің жазба вариантының туындауы деп те түсіндіріп, ғалым мәтіннің жазбаша түрде берілуіне баса назар аударады. («Текст - произведение речетворческого процесса, обладающее завершенностью, объективированное в виде письменного документа, литературно обработанное в соответствии с типом этого документа, произведение, состоящее из названия (заголовок) и ряда особых единиц (сверхфразовых единств), объединенных разными типами лексической, грамматической, логической, стилистической связи, имеющее определенную целенаправленность и прагматическую установку» (ауд. Б. Н. ) ) [8, 4-5] .
Мәтін табиғатын анықтау барысында біз дискурс пен мәтін ұғымдарының ара жігін ажыратып алуымыз қажет.
Мәтін сияқты дискурс ұғымының да нақты, көпшіліктің көңілінен шығатын, дұрыс деп танылған анықтамасы жоқ. Тіл білімінде бұл ұғым сөйлеу, мәтін, диалог, стиль, тіпті тілді де қамтиды. Соңғы кезде осы термин негізгі үш қолданыста танылып жүр.
Біріншісі - терминнің лингвистикалық қолданысы. Дискурс терминін алғаш рет америка лингвисті З. Харрис 1952 жылы жарық көрген «Дискурстық талдау» деген мақаласының тақырыбында кездеседі. Бұл термин тіл білімінде жиырма шақты жылдан соң дәстүрлі сөйлеу, мәтін, диалог ұғымдарын нақтылау барысында қолданылып, дискурс термині белгілі бір коммуникативтік жағдайдағы жеке тұлғаның сөйлеу әрекеті ретінде түсіндіреді, осы ретте Н. Д. Арутюнова: «дискурс - это речь, погруженная в жизнь», - дейді.
Екіншісі - «дискурс» терминінің француз структуралисттері мен постструктуралисттері, әсіресе М. Фуконың стиль мәнінде қолданылуы. «Дискурс» терминінің бұл мәнде қолданылуы сөйлеу амалын сипаттап, қандай және кімнің дискурсы деген мәселелерді анықтайды, яғни бұл ретте зерттеушілерді жалпы дискурс емес, оның нақты түрлері мен олардың тілдік ерекшеліктері, тілдік құралдарды қолданудағы стилистикалық ерекшеліктері (дискурс авторы нені және қалай баяндайды деген мәнде) танылады. Дискурс бұл қолданыста стилистикалық ерекшелік және оның көлеңкесіндегі идеология ретінде түсіндіріліп, әрі бұл бағыттағылардың пікірінше, сөйлеу амалы дискурс тудырушының әлеуметтік тұрғыдағы коммуникативтік ерекшелігін көрсетеді. Мысалы, студенттер дискурсы, дін дискурсы т. б.
Үшіншісі - «дискурс» терминінің қолданылуы неміс философы және әлеуметтанушысы Ю. Хабермастың атымен тығыз байланысты. Ол екінші қолданыспен үндес, дегенмен өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда «дискурс» ұғымы әлеуметтік шындықтан аластатылған белгілі бір мәселені сыни тұрғыда талқылау мен көзқарастарын дәлелдеуге бағытталған коммуникацияның мінсіз, идеалды түрі ретінде танылады (қазіргі кездегі дебаттарды мысал ретінде алуға болады) .
Дискурс туралы алғашқы пікірлер ХХ ғасырдың 50 жылдары айтыла бастағанмен оның лингвистикалық мәртебесіне кейбір тілшілер алғашында жатырқай қарады. Мысалы, Р. Годель 1966 жылы былай дейді: «Дискурс - лингвистикалық ұғымдарды анықтау үшін қолдануға қауыпты сөз, себебі ол ойлауды да сөйлеуді де білдіреді», - десе, Э. Бенвенист, дискурс ұғымын қолдана отырып, оны тілдік жүйемен салыстыра қарастырады: «Сөйлеммен бірге біз тілдік жүйе аясынан шығамыз да басқа әлемге, қарым-қатынас құралы ретіндегі тіл тудыратын дискурс әлеміне енеміз», - дей келе, дискурстың үрдістік сипаты туралы ойын сабақтай түседі де тілші: «сөйлесу үдерісі кезінде дискурс туындайды», - деп, тілдік жүйені пайдалану үдерісі мен сол үдерістің нәтижесі, яғни дискурс пен мәтін арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Өткен ғасырдың 80 жылдары лингвистикада дискурс ұғымы тұрақталды, себебі құрылымдық-семантикалық зерттеулер дискурсқа жүгінуді қажет етеді, сөйтіп тілдің дискурата қолданылуын зерделей отырып, тіл туралы деректерді жалпылауға мүмкіндік туды.
Қазақ тіл білімінде дискурсты Н. Уәли, З. Ш. Ерназарова, Г. Әзімжанова, Д. Әлкебаева, Ж. М. Кеншінбаева, Г. Г. Бүркітбаева сынды ғалымдар өз зерттеу жұмыстарыа арқау етіп, қарастырылып отырған мәселені әр қырынан талдайды.
Жалпы тіл білімінде П. Серио, Т. А. Ван Дейк, Д. Шифрин, М. Л. Макаров, А. И. Варшавская, В. В. Богданов, ІІ. Д. Арутюнова, В. З. Демьянков, В. В. Красных, А. Е. Кибрик т. б. қарастырды. Олардың барлығына да тән ортақтық - дискурсты тек лингвистикалық қырынан ғана танып қоймайтындығы. Оның экстралингвистикалық, әлеуметтік сипатын қоса қарастыру міндеттілігі, мәтін мен дискурсты ажырату, мәтінге статикалық, дискурсқа динамикалық сипаттың тән екендігін көрсетуі.
Айырмашылығы дискурсты тілдік әрекеттесу үрдісі мен сол үрдіс
нәтижесі-мәтіннің қосындысы деп (А. А. Кибрик), сондай-ақ мәтін мен
интеракцияға қатысушылар және коммуникативтік жағдаят қосындысы
(Г. Г. Бүркітбаева) деп тануында. Қазақ тіл біліміндегі анықтамаларда дискурс
қолданыстағы мәтін, яғни сөйлеу тілінің нақтылы коммуникативтік қарым-
қатынас орнатудағы қызметі [3. 3], дискурс - нақты айтылған сөз, өзінің
мағыналық-ақиқаттық мазмұнымен қоса коммуникаттарға белгілі экстралингвистикалық факторларымен жүйеленетін сөйлесімдер [4. 17-19], фреймі «автор», «сөз актісі» - «адресат және сөз жағдаяты (сөздің қандай ситуацияда айтылғаны) деген құрылымдардан тұратын коммуникативтік «уақиға» [5. 28] сапасында берілген. Байқап отырғанымыздай, бұл пікірлер өзара бір-бірінен алшақ кете қоймағанмен тепе-тең де түспейді. Қайсысында болса да, дискурстың сөйлеу сапасында көрініс табатыны берілген, дискурста тіл мен сөйлеудің міндетті түрде қатысатын байқаймыз.
Дискурс - өмірдегі, яғни шынайы уақыттағы нақты оқиғалардың тілге көшкен тізбегінің ағымы. Ол ағымдық сипатта болып, белгілі бір уақыт пен кеңістікке және коммуникативтік жағдайға тәуелді болады әрі коммуникаттардың мақсаттары сай құрылады, демек дискурс динамикалық сипаттағы үдеріс. Мәтін - автор мен оқырман тұрғысынан алғанда дискурс нәтижесі, ол жанр заңдылықтарына сай түзіледі де статикалық сипатта болады.
А. С. Әбілова дискурс пен мәтіннің ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді:
1. Дискурс автор интенциясына, стиль ерекшеліктеріне байланысты сұрыпталып, іріктеліп алынатын тілдік құралдардың жиынтығы. Мәтін-осы сұрыптаудың жемісі, нәтижесі.
- Дискурс мәтінге қарағанда кең ұғымды қамтиды, ол - сөйлеу үдерісі.
- Дискурс нақты уақытпен ажырамас бірлікте, ал мәтін тек мәдени кеңістікте өмір сүреді, яғни ол нақты уақытқа тәуелді емес, кез келген кезеңде екінші бір дискурста өзектелуі мүмкін.
- Дискурсты қайта туындатуға болмайды, ал көркем мәтінді қайта қарап, екінші қайтара оқуға болады.
5. Дискурс ақпарды беру тәсілі болса, мәтін ақпарды сақтаушы, жинақтаушы, жаңа мән тудырушы көп қырлы, көп қабатты құрылым [9, 9] .
Біздің ойымызша, мәтін - аяқталған күрделі ойды білдіретін, бір-бірімен өзара тығыз байланысты горизонтал (лингвистикалық) және вертикал (экстралингвистикалық) контекст негізінде туындайтын, полисемантикалы, біртұтас коммуникативтік-прагматикалық ашық жүйе. Мәтіннің дискурстан басты айырмашылығы - уақытқа қатыстылығы, дискурс шынайы уақытқа сай болса, мәтін ішіндегі уақыт шынайы уақытқа сай болмайды.
Мәтін - белгілі бір құрылымдық заңдылықпен жинақталған, фразадан жоғары тұтастық құрап, өзара қатынаста тұратын сөйлемдер жиынтығының іріленген бірлігі (абзац, параграфтар, бөлімдер, тараулар және т. б) . Бұл бірліктер коммуникация мақсатына орай белгілі бір мазмұнды жеткізу үшін қызмет етеді де оларды қабылдап, түсінуге лайықты ішкі құрылымы болады, яғни мәтіннің әрбір элементі белгілі бір байланыста болып, мәтін тұтастығын қамтамасыз етеді.
Мәтінді құрайтын барлық бөліктер өзара бірімен-бірі лексикалық, логикалық, грамматикалық, ассоциативтік байланыс негізіндс біртұтас жүйе жасайды. Шығарма семантикасын оның вербалды қабатында көрінетін горизонтал және вертикал контекст түзетіндіктен, көркем мәтінде тілдік құралдар күрделі ойды ашатын тақырыпқа сай таңдалып, іріктеліп алынады. Олар негізгі ойды беретін бір немесе бірнеше сөздің лексика-семантикалық парадигматикасы, синтагматикасы арқылы мәтіндегі ойды жылжытып, оқиғаны сипаттап, дамытып отырады. Туындының тілдік қабатын ұйымдастырушы автор мұндай сөздермен өзінің субъективті көзқарасын білдіріп, яғни мәтін модальділігін түзеді.
Кез келген көркем шығарма белгілі бір оқырмандар тобына арналады да уақытқа тәуелсіз болады. Жарық көрген кезде үлкен қызығушылық тудырып, таласа оқылатын туынды араға көп уақыт салмай естен шығуы, ал әуелде елеусіз қалған мәтін жылдар өте үлкен қажеттілікке айналуы да мүмкін. Демек, әрбір көркем туынды - қажеттілікке қарай өзектелетін, әр ұрпақ өз бетінше дербес ақпар ала алатын, жаңа мән-мағына таба алатын ашық жүйе. Көркем мәтінді оқыған әрбір адамның когнитивтік базасы, кеңістігі, тілдік-мәдени құзіреті әр түрлі болуына орай оны қабылдап, түсіну де әр қилы, ал мұның өзі көркем шығарма семантикасының түрліше интерпретациялануына әкеледі. Осы ретте белгілі ғалым Н. Уәли: «Көркем шығарма дискурсының оқырманға тигізер ықпалы, оқырман реакциясы, оқырманның зерделеу әрекеті тұрғысынан зерттеудің маңыздылығы мен өзектілігі сөз мәдениеті ғылымының, стилистика ғылымының имманентті жүйеден антропоцентристік бағытқа бет бұруы үшін аса маңызды, аса өзекті болып отыр. Белгілі бір коммуникативтік бірліктің немесе сөз актісінің (мәтіннің, дискурстың) адресант+мәтін жағы зерттеліп, тілдік, тілдік емес құрылымы талданып, ал мәтін+оқырман (адресат) » жағының қалып қоюы коммуникативтік біртұтас жағдаяттың табиғатын объективті түрде айқындауға мүмкіндік бере қоймайды», - деген пікірі орынды [10, 195] .
Мәтін кез-келген бірлік сияқты өзіне тән белгілерімен ерекшеленеді. Мәтінтанушы ғалымдар мәтінге тән белгілерге ақпараттық, тұтастық пен байланыстылық (И. Р. Гальперин), аяқталғандық (И. Р. Гальперин, Г. В. Колшанский), бөлшектену (Т. В. Трошина), прагматикалықты (И. Р. Гальперин) көрсетеді [11, 19] .
Кез-келген мәтін белгілі бір мазмұнда құралып, белгілі бір көлемдегі ақпаратты жеткізеді. И. Р. Гальперин көркем мәтін ішінде берілетін ақпараттың үш түрін көрсетеді: мазмұндық-нақты (содержательно-фактуальную (СФИ) ), мазмұндық-концептуалды (содержательно-концептуальную (СКИ) ), мазмұндық-астарлы (содержательно-подтекстовую (СПИ) ) .
Мәтіннің мазмұндық-нақты ақпараты қоғамдағы болған не болып жатқан нақты құбылыс, жағдай, оқиға туралы хабарлайды. Бұл ақпарат мәтінде екі жақты қызмет атқарады: бір жағынан ақпараттың бұл түрі белгілі бір мазмұндағы мәтіннің пайда болуына негіз болса, екінші жағынан мәтіндегі ойды тұмшалап, мазмұнды бір жақты түсінуге кедергі келтіреді де оның әртүрлі интерпретациялануын тудырады.
Көркем мәтіндегі мазмұндық-нақты ақпарат автордың жеткізгісі келген ойымен сәйкес болады. Осы ақпараттың көмегімен автор өзінің көзқөзқарасын оқырманға жіткізеді, бірақ бірден баяндамайды, оны автор өз кейіпкерлерінің тағдыры, күйініш-сүйініштері негізінде көркемдеп әңгімелейді.
Сондықтан да мәтін мазмұнындағы көптеген жеке деректер мен пайымдаулардың шашырамай тұтастықта болуы мәтін мазмұнындағы ақпараттың келесі бір түріне негізделеді.
Мәтіннің мазмұндық-концептуалды ақпараты қаламгердің қоғамдық өмір құбылыстарын өз дүниетанымы тұрғысынан саралауы мен бағалауын оқырманға жеткізу ерекшелігінен көрінеді. Бұл ақпарат вербалды түрде нақтыланбауы да мүмкін, сондықтан оқырманның тарапынан түрліше интерпретацияланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz