Махамбет поэзиясының тарихи негіздері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе.

  1. Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны . . . 3

І. тарау. Махамбет Өтемісұлы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы . . . 7

  1. Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс . . . 7
  2. Кіші жүздің шығысындағы шаруалар қозғалысы . . . 17

ІІ. тарау Махамбет поэзиясының тарихи негіздері . . . 23

2. 1 Жыр құдыреті . . . 23

2. 2 Махамбеттің шығармалары . . . 31

Қорытынды . . . 44

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 47

І. Кіріспе.

Биыл егеменді еліміз қазақтың алмас тілді ардагер ақыны, дауылпаз күйшісі, езілгеннің арман мүддесін жоқтап, таптық теңсіздікке қарсы адамзат баласының ортақ мүддесі үшін қол көтерген ақсауытты батыры Махамбет Өтемісұлынның туғанына 200 жыл толуын ЮНЕСКО шеңберінде жер жерде атап өтуде. Махамбет Өтемісұлы ол осы Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданындағы Нарын құмында дүниеге келген. Қазақтың көрнекті ақыны. 1836-1838 жылдардағы көтерілістің жалынды жаршысы жасынан палуан, мерген және төкпе ақын болатыны байқалады. Бала кезінде-ақ мұсылманша да, орысша да сауатын ашқан. Махамбеттің арғы атасы Қызылбас (парсы) жұртынан деседі. Ел аңызында Нәдіршах деген парсы патшасының баласы екен. Елі мен жері үшін, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін хан, би, сұлтандарымен қоса Ресей патшалығың отаршылдың ізгісіне қарсыласып өткен батыр бабамыз Махамбет Өтемісұлына биыл 200 жыл талып отыр. 1836-1938 жылдардағы шаруалар көтерлісінің басшысы да, жаршысы да Исатай мен Махамбет екені бәрімізге белгілі.

Олай болса Исатайдай алып тұлға, ержүрек батырдың жан серігі, жан досы Махамбетың орны ерекше еді. Махамбеттің барлық батырлардан ерекшелігі, оның артықшылығы қолындағы наркескені мен найзадай тілінің қатар жүруі еді. Махамбеттің тағдыры әрі қиын да әрі сұлу тағдыр. Оның есімін атағанымызда, жүзі лапылдаған, көз жанары өңменіңнен өтетін, сөйлесе сөзі қиыжал өтнді, әрі ыстық, он басты өлең мен оттан өрілгендей жаралымы бөлек жарқын бейне көз алдымызға келеді.

Үстінде сауыт, басында дұлыға бес қаруы түп-түгел. Астында сынық құлақ арғымағы, ереулі аты жетегінде, Исатайдың шашақты туының астында, батырдан сәл кейін сөр желіп келе жатқандай.

Күші басым дұшпанмен тең емес шайқаста жолбарыстай қайрат көретіп, арыстандай айға шапқан қазақтың Қабылан Батырлары Исатай мен Махамбеттің ерлік рухы мен болмысы қазақ тарихының ең қастерлі де жарқын беттерінен орын алары шүбәсіз. Олардың халқы үшін қасықтай қанын аямаған жарқын да өр тұлғалары ел санасында халық тарихында лайықты бағасын алып, есімдері алтын әріппен жазылары сөзсіз.

Исатай - Махамбет! Бұл сөз ел жадында баяғыда-ақ жатталып, афоризмге айналып кеткелі қашан! Бірінен-бірі ажырамас қос тұлға! Исатайсыз - Махамбет, Махамбетсіз - Исатай жоқ! «Исатай - басшы, мен қосшы» - деп ақынның өзі айтқандай, елі үшін еңіреп туған екі тарлан бөрінің есімдері қазақ тарихының ерлік тарихында да бір-бірінен ажырамай, тұтас жазылады және оқылады: Исатай - Махамбет. Махамбет өлеңдеріндегі Жәңгір хан бейнесі өте күрделі де сан қырлы. Қай заманның билеушісінің де қарапайым халыққа күш көрсететіні белгілі жағдай. Тарихи деректерге қарасақ, Исатай мен Махамбет сол билеушінің қысымшылығымен өздері кедейшілікке ұшырап, байларға қарсы шапқан дейтіндей емес. Екеуі де жарлы-жақыбай адамдар болмаған. Махамбеттің Жәңгір ханың баласы Зұлқарнайға біраз уақыт тәрбиеші болуы, одан кейін старшындыққа тағайындалуы осыны көрсетеді.

Ақынның «қара орман малым садаға» дейтін де жері бар. Демек бұл екі батыр кедейшілік өздерінің жандарына батқандықтан емес, солардың қиналысына шыдамай атқа қонғандар. Махамбет екеуі еді, біреуі батыр Махамбет те, екіншісі ақын Махамбет. Олар батыр Махамбетті өлтірді, ал ақын Махамбет өз өлеңдерімен халықтың қалың ортасына еніп кеткен еді. Халық асыл өнерді өлтірмейтін, жасанып келген жауға да бермейтін тас қамал. Ол оны ғасырдан ғасыр аттатып келер күнге жеткізіп отырады. Соның арқасында Махамбеттің өлеңдерін ешкім жасырынып келіп, шауып тастай алған жоқ.

Махамбет - қазақ поэзиясын ту етіп көтеруге мүмкіндік беретін дүние беріп кеткен ақын. Оның өлеңдері - қазақтың қасиеттің жиынтық сипаты. Қазақты әлемге қысқа да нақты тілмен таныстыра алатын қасиетке ие. Махамбеттің тақырыбы біреу - бостандық және соған жету жолындағы күрес, өйткені сол бостандықпен сол күрестің ішінде адамға кажетінің бәрі бар. Махамбет елді бостандыққа жеткізу үшін ғана ақын болған сияқты. Бүгінгі замандағыдай жаңа қазақтардың өмірге келгенін қалады.

«Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,

Еменге иір бұтақ бітсейші,

Қыранға түғыр қыларға.

Ханнан қырық туғанша,

Қарадан бір-ақ тусайшы

Артымыздан біздердің,

Ақырып теңдік сұрарға, - дейді. 1

Ханнан туған қырықтың сол ханның жолын жалғастыра берері анық. Есіл ерлер «артымыздан біздердің, ақырып теңдік сұрарға» қарадан туған біреу бар ма екен деп, арттарына қарай-қарай кетті.

Махамбет пен Исатай бір қоғамнан екінші қоғам тудыру әрекетін жасады. өкінішке орай, олар аңсаған бостандықтың қолға тиюіне дейін әлі 154 жыл бар еді. Яғни 1991 жыл.

Ұлт мұраты - адамзаттың маңызы бар халықтар өмірінде ерекше мәнге ие аса күрделі категория болып табылады. Ұлт мұраты жалындағы әрбір іс-әрекет, күрес-жарық жолдары да халық жадында, өмір уақыт таңбасында бедерленіп отырған.

Махамбет Өтемісұлы - ұлт тәуелсіздігі жолындағы күресте ақберген батыр сардарлығын - нар тұлға кәм күрескерлігін көрсетті. Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде білектің қуат, күшін, жүректің халын-нұрын, намыстың найза -найзағайын ерекше екпін серпінмен жарқырата танытты. Ішкі орда шаруаларының ұлт-азаттық қозғалысында ел жадында қалып, даңқ тұңғырына көтерілген. Исатай сарбаздарымен бірге Махамбет те «Толарсақтан саз кешіп», «Күмісті мылтық қолға алып» тәңір салған тағдырға, қиын-қыстау кезеңге, кезенген жауға тап болған еді. Ел-жерді жат-жұрттықтардың екпін - теккісінен, бұғаулық құрсаудан азат ету әрбір кұмыр басқа, әсіресе, ұлт ұраншылары Исатай Махамбет үшін ар - намысты таптау, ақыл парасатты тұсау, екі көзді бір-біріне жау санау, әрі қиянат-қасіретпен пара-пар еді.

Ақиқатында, Исатай Махамбет көтерілісі азаттық, теңдік, тәуелсіздіқ сынды ұлттық мұрат пен халықтың асқақ арманның биік рухын жан-жақты көрсетті.

Қазақ әдебиеті тарихында Махамбет ХІХ ғасырдағы белгілі оқиғаның жаршысы - насихатшысы болуымен бірге ел жерге, өмір уақытқа, адам әлемі мен оның құдылықтарына қатысты көңілдің күйін жүректің сырын өлең жыр тілімен де жеткізгені жөнінде мысал деректер көп-ақ. 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің тарихына көз салсақ көтеріліске самар жақ бетіне екі мыңдай. Әділдікке жүгініп, Исатай мен Махамбетті ерлік пен рухтың қара шаңырағы деп бейнелеп айтсақ көтерілісті қолдаған халық - қара шаңырақты дауылда шайқалтпайтын керегесі, ал сарбаздар қара шаңырақтың еңсесін биіктетіп, керегемен қарашаңырақты жалғастырып тұрған уығы екендегі сөзсіз. Дауылды жылдардың жалынды жаршысы Махамбеттің батырлығын, ақылдылығын, күйшілігін, азаттық жолындағы күрескерлігін болашақ ұрпақ санасына жеткізу бүгінгі ұрпақ еншісінде. Махамбет жас ұрпақты жауынгерлік рухта тәрбиелейтін, тәуелісіздігіміздің туы етіп көтеретін тұлға, шын мәнінде көтеріп те жатырмыз. Өмірдің тереңіне бойларда ұлы Абайға жүгінсек, намысқа қамшы салар тұста ұлы Махамбетке жүгінеміз. Қазақпын деген адамның көнірегіне Махамбет рухы орнар күнді аңсайсын. Өйткені ол елдіктің, елін сүюдің отаншылдықтың рухы.

Ойымызды қорытындылай айтсақ, махамбет шығармашылығы бүгінгі отаншыл ұрпақты елін - жерін сүюге тәрбиелейтін, таусылмас тағылым көзі

Махамбет - ұлттық тұлға, оның бытырлығын, ақындығын, күйшілігін, азаттың жолындағы күрескерлігін, болашақ ұрпақтың санасына сіңетіндей етіп кеңірек дәріптеу керек.

І тарау. Махамбет Өтемісұлы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.

1. 1 Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс.

«Қара қазан, сары бола

Қамы үшін қылыш сермедік

Махамбет.

Кіші жүз бен ішкі тарап шаруалары жергілікті және отарлық езгі мен феодалдық қамауға көнбей, наразылық көрсетіп, өздерінше күресіп келді. Шаруалардың көбі өз қанаушыларына наразы болып көшіп басқа жерге барды да, жағдайын жеңілдеитпекші болды, бірақ қайда барса да «Қөрқыттың көрі» -көбі күйзеліп, кері қайтып келді. Енді біреулері ыза кернеп ашық күреске шығып, байлардың, би-старшина, сұлтандардың малын айдап кетіп, тіпті билер мен сұлтандардың өздері не шабуыл жасап, кейде өлтіріп те кетті. Болмаса, кейбір шаруалар әбден ашыққасын ұрлық істеуге мәжбүр болады. Бұл күрес әр жерде, бір-бірімен байланыссыз, бөлек болып жатты. Олардың ашық, айқын күресу программасы немесе бірлігі болмайды. Сондықтан мұндай күреті басу да хан мен патша өкіметіне көп күшке түспейтін, қарсылық білдіру стихиялы түрде жүрді. Өз басшыларына бағынбағаны үшін хан шаруа Тәни Түменовты абақтыға қамады. Шомбал би Аппаз, Жәнібек Қөшаевтарды қудалауға ұшыратты. Әр жерде шаруалар алым-салық төлеуден, көлік, азық беруден бас тартты. Бірақ оларды біріктіріп, ұйымдастыратын тап, күш болмады. Наразы болған бас көтерген шаруа «ұры», «Қарақшы» деп қарғалып, қуғынға үшырап алысқа жер аударылатын. Отарлаушылар мен қанау шылардың өзбырлығы мен зорлығана қарсы шаруалар талай рет ашық қарулы күреске де шықты.

Соның бірі 1827 - 1829 жылдардағы Шеркеш Жақсыбаев, Науша Қаржауов, Қаратоғай Мәмбетов бастаған шаруалар тақуы. Толқудың негізгі себебі - жер мәселесі, жайылым мен суларды Орал казак әсерінің тартып алуы, күш көрсетіп, өзбырлық жасауы. Бірақ шаруалар арасында бірлік болмады, бір тобы қөныс аударып, жайықтан шығысқа өткісі келді, көбі өтіп кетті. Екінші тобы - Науша, Қаратоғай бастаған шаруалар ашық күрес майданына шықты. Үшінші тобын Орал қазақ әсерінің атаманы Д. Бородин мен т. б. офицерлер алдап, Жайықтан өткізіп жібереміз деп арандатуға апарды. Бұл толқуларға келесі 1836-1838 жыл дардағы көтерілістің басшылары Махамбет, Нәдір Қашқынұлы, Ырсалы Көсенұлы Т. Б. қатысты. Бұл толқудың бас себебінің бірі - Самар көлдерімен Сары өзен, Қара өзен, араларындағы жерлерді Орал қазақ әскерінің тартып алуы. Орынбор шекара комиссия бұдан әрі қайшылықты жою үшін өзен әскер мисиясындағы әскери пикеттерді Сары өзеннен шығысқа - Қара өзенге көшіруге жет деген. Бірақ губернатор бұл ұсынысты қолдамаған.

Ал Орал қазақ әскері шаруаларды мекендерінен күштеп қуып шығып, ақша төлеген, мал бергендеріне ғана шамалы қоныс берген. Бірақ қозғалыс нашар ұйыдастырылғандықтан патша әкімшілігі уақытында әскери қүшін әкеліп үлгереді де, шаруаларды кері қонысына кетуге мәжбір етті, оның басшыларын Орал қазақ әскері қолға түсіріп, соттады. 2

Бұлардың ішінде Қайыпқали Есімов деген сүлтан да бар, Шеркеш Жақсыбаев тағы басқа старшиналар бар. Бұл қозғалысқа Махамбет қатысты дейді, бірақ оның қандай іс атқарғанын белгісіз. Әйтеуір 1829 жылы жазғы тұрым жайықтан өтіп бара жатқанда ұсталып, Калмыков бекініснде бір жылдан астам қамалып жатқан. Академик Қ. Жумалиев «Екі жыл жатты, 1831 жылы қашып кетті», дейді. Ал В. Ф. Шахматов, 1828 жылы қамалып, 1831 жылы қашып шықты, деген Қарааул Қожа 1831 жылы қарашада берген түсінктемесінде «Махамбет 1828 жылы ұсталды» деген. Ал Махамбет 1836 жылы 10 желтөқсанда тергеушілерге берген өз жауабында абақтыда бір жылдың үстінде ғана жатып, қалада індет ауруы жайылуда байланысты абақтыдан қашып кеттім деген. Біздін жобалауымызша, бұл факт әлде зерттеле түсетін, сосын барып кесіп айтылатын нәрсе. Бұдан кейін Махамбетті немен шұғылданғаны, қайда болғаны белгісіз.

Жәңгір 1838 жылы желтөқсанда губернаторға жазған хатында Махамбет Орынборда Неплюев әскери училищесінде оқып жүрген менің қішкентай ұлым Зулқарнайдың қасында болды, менің оның «Махамбетті И. К» жарамсыз қылығы үшін қуып жібердім депті. Бұл қай жылдары екені белгісіз еді. Біз Зулқарнайды осы училищеге алу туралы Жәңгірдің 1833 жылы 9 науырыздағы өтінішін таптық және ол сол жылы училищеге қабылданған. Ал Орал қазақ әскерінің атаманы бұл оқушыға барушыларды 14 мамыр күні Орынборға жөнелту үшін Орал қаласында шақырылған. Бұған қарап Махамбет 1838 жылы жазда Орынборға келгенін Зулқарнайдың Орынбор губерниясынын титулды кенешісі Карелиннің үйінде жатып оқуына губерния басшылары қарсы болмаған. Сонымен Махамбет осы жылы Орынборда болған, бірақ не себептен кеткені белгісіз. Өр ақын ханның 9 жасар сылқым баласының қүтушісі құштар болмаған шығар. Мүмкін, басқа да мәселелермен шұғылданған болар. Қолай да хан оны Орынбордан 1834 жылы қайтарып үстем тап товар ақша айналымының дамуы әсерінен малды көп өсіруге тырысқан да, ол үшін шаруалардың жерін тартып ала берген. Міне, 1834 жылы Исатай мен Махамбеттің Уса мен Қабылан байдың тағы басқа жерлерін хан мен билер, сүлтандар осылай тартып алған. Ел ауызындағы әңгімеде, Исатай Махамбет пен хан қас болғанмен олардың ел ішінде беделі бар екенің ескеріп, оларды өз ықпалында ұстағысы келген делнеді. 3

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеуілі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай.

Ерлердін ісі бітерме

Махамбет.

ХІХ ғасырдың басында патша үкіметі қазақ жеріндегі хандық билікті жоюға кірісті. Бұрынғы рулық бекініс бағынушылықтың орнына аумақтық құрылымдар құрмақ болды. Сол себептен 1808 жылы Кіші жүзге қарайтың Еділ мен Жайық арасындағы жерлерді бөліп, Ішкі немесе Бөкей ордасын құрды.

Қарапайым халық жер мен жайылымдары әділетті, бір келкі бөлінеді ғой деп үміттенді. Бірақ мәселе олай болмай шықты. Бокей ордасы Казак станцияларының желісімен және Жайық өзенін бойлай салынған қамалдармен Кіші жүз жерімен бөлініп тасталды. Соның салдарынан Еділ мен Жайықтың арасында көшіп жүрген қазақтар жан-жақтан орыс ауылдарымен, қамалдар мен қоршалып қалды. Каспий жағалауындағы шұрайлы коныстардан қазақтар ығыстырылынып орыс помещиктері граф Безбородко мен князь Юсуновтар Орал казак әскерлері иелік етті. Олар қазақтарды бұл жерлерге жолатпады. Қыс болса қазақтардан от ауызы, жаз шықса тұяқ ақы деген сияқты неше түрлі салықтарды алатын.

Орыстардан қалған тәуір жерлерге хан мен оның туыстары, сүлтандар иелік жасады. Мысалы, Жәңгір ханның меншігінде 400 мың десятина оның туысы Нүралығановтардың меншігінде 750 мың десятина, Жәңгірдің қайын атасы Қарауылқожа Бабажановтың қарамағында 700 мың десятина жерлері бар еді. Бұрын жерге меншіктілікті білмейтінін, кім бұрын келіп орналаса, сол жайлай беретін елде енді таршылық туды, қөшпелі елдің шаруашылығы қатты күйзелді. Мәселен Қарауылқожа қазақтарға жерді жалға беру дегенді шығарды. Жалға жер алғаны үшін қазақ малшылары өте ауыр салық төлеп тұруға мәжбір болды. Сонымен қоса Қарауылқожаның отбасы үшін әр бір шаңырақ екі сомнан төлеуге, ал ауыл старшинасы бір бие беруге міндеттенді. Қыста Каспий теңізінің жағалауына қазақтар Қарауылқожа Бабажановқа қамыс дайындауға тиісті болды. Қамысты қыста дайындаттырып, сол қамыстан үй немесе малға қора салдырған4.

Сонымен бірге патша үкіметі ішкі Орда мен Кіші жүзді басқыруды өздерінің мүдделеріне сан бейілімдегісі келді. Сондықтан бұл жерлерде дистанциялар (бекініс аралық басқару жүйесі) құрылып, олардың басқарушы қызметтері еңгізілді. Осындай экономикалық, әкімшілік қысымдармен қатар елдің ар-намысына итеріліп рухани қысымшылықтар да көбейді. Қит етсе айып салып, дүре сөғу және тағы басқа жәйіптер халықтың зығырданын қайнатты. Осындай патша үкіметі мен хан тарапынан жасалған шаруашылық, әкімшілік, рухани қысымшылық, жан түрлігерлік әділетсіздік халық көтерілісіне әкелді. Көтерілісті Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарды.

Көтерлістың негізгі мақсаты патша өкіметінің жерді тартып алып жатқан орталық саясатын тоқтату, ханның өктемдгін, озбырлығын шектеу, қарапайым халықтың әл-ауқатын жақсарту болды.

Алғашында Жәңірхан Исатай мен Махамбетті өз жағына тартпақ болды. Бұдан ештеңе шықпаған соң ол оларды ашықтан-ашық қуғындауға шықты. Жәңірдің сенімді деген билеріне жазған хатында былай делінген: «Исатай мен Махамбет басқаларды маған бағынбауға шақырады. Олар старшина Қаракөбен мен Жоланға шабуыл жасап, жарақаттады . . . барлығыңызға жағарыда атанған бой - ұсынбаушыларды ұстап маған әкелуді бұйыраман».

1836 жылдың ақпанында Жәңгір хан Исатай мен Махамбетті алдап қолға түсіріп, айдатпақ болады. Сол оймен оларды өз ордасына шақыртады. Мұнын іштей сезген Исатай мен Махамбет бармайды. Оларды оңайлықпен қолға түсіре алмайтындығын білген хан сол жылдың 17 науырызында Қарауылқожанын басқартып 522 адамнан тұратын жасақты жібереді. Мүны естіген Исатай мен Махамбет өз қаруластарымен Қарауылқожаға қарсы шығады. Олар 1836 жылы 4 көкек күні Манаш қыстауында кездеседі.

Әлеуметтік халі қандай болса да Махамбет шаруалар тобы үшін аянбай еңбек етті, еңбекшілердің мүң-мүддесі үшін өмірін қиды. Егер батыр ақын жеке басының қамын ойласа, оның Байтақ, Медетбай секілді сарай ақыны ретінде өз мүддесімен шүғалдануына болатын еді. Бірақ өз халқының мүмкін халін көрген патриот ақын өз еліне әділдік, теңдік, бостандық әперу үшін күрес жолына шықты.

Ол үстем тап өкілдеріне:

Он екі төбет, шүнақ хан!

Шабатының ел екен,

Күлдейтінің мен екен,

Хан ұлына қас болу,

Қора ұлына бас болу

Мендей ерге жөн екен, - дейді

Де, қалың бүқара жағына шығады.

Исатайлар ауыл төңірегін арбалармен қөршап, орлар қазып, қорғаныс жасайды. Алайда, бұлардың батылдығынан қаймыққан Қарауыл Қожа түрлі сылтау айтып, қару жұмсай алмайды. Құр қоқан лақыдан ештеңе шықпаған соң Қарауыл Қожа өз колымен кері қайтады. Мұнын өзі бас көтеруші шаруалардың еңсесін көтеріп, Қарауыл Қожаның масқара болғанын бүкіл хандыққа жайады. Енді Махамбет шаруаларды бұрынғыдан батыл ашық қарулы күреске шақырады. Ақынның «Ереуіл атқа ер салмай, ерлердің ісі бітер ме!» деген жігер қайратқа толы отты өлеңі осы уақытқа шығарылса керек.

Манаш түбіндегі Қарауыл Қожаның тауы шағынған соң Махамбет табына шаруалардың қосылуы көбейе түседі. Әр жерден бір - бірлеп немесе тобымен шаруалар келеді. Олар бай, би, старшиналардан көрген жәбірін айтып, Исатай мен Махамбетке тағынады. Шаруалардың оларға қосылуынан қауіптенген ру басшылары сұлтандар мен старшиналар бас көтеруші топқа қысым жасауды, өрістете түсті.

Көтерілісшілер қалын тобы өз алдына көшіп көнып, хан, сұлтан адамдарына мойын сұнбады. 1836 жылы маусымда Исатай мен Махамбет 17 жолдасымен Орда маңында ханға барып өз колынан Балқы мен Қарауыл Қожа үстінен арыз бермек болып жолға шығады. Мұны естіген шаруалар ханға арыздарын айту үшін жол-жөнекей Махамбеттерге қосыла берді, біраздан кейін ханға барушылардың саны жүзден асып кетеді. Бұл жайды естіген хан шошып кетіп, өз билерін шақырып, бір қатар шаралар белгілейді. Өйткені ханға, сұлтандарға, би старшиналарға наразы адамдар көп еді. Оларды хан қабылдамай, арызын тыңдамай келген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махамбет жырларының ерекшелік сипаты
Махамбет батырдың Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
Тарихи лексиканың мазмұндық құрылымындағы коннотаттық компоненттер
Махамбет Өтемісұлы поэзиясындағы көркем шындық
О. Жанайдаровтың поэтикалық аудармалары
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Қ. Жұмалиев және Махамбеттану мәселелері
Махамбет Өтемісұлы жайында
Махамбет поэзияларының көркемдік сипатының жалпы теориялық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz