Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – қазақ фольклортану ғылымының негізін салушы, ұлы гуманист тұлға


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Көкше» академиясы

Амерханова А.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы - қазақ фольклортану ғылымының негізін салушы, ұлы гуманист тұлға

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050117- мамандығы - «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Көкшетау 2011

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Көкше» академиясы

«Қорғауға жіберілді»

кафедра

меңгерушісі А. Е. Абдрахманова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы - қазақ фольклортану ғылымының негізін салушы, ұлы гуманист тұлға»

050117- мамандығы бойынша - «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Орындаған А. Амерханова

Ғылыми жетекшісі

филол. ғ. к. А. Т. Қажыбай

Көкшетау 2011

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

1 МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕПЕВ - ФОЛЬКЛОР ЗЕРТТЕУШІ, ҚАЙРАТКЕР ТҰЛҒА . . . 6

1. 1. Мәшһүр Жүсіп шығармашылығы жайлы ой-пікірлер . . . 6

1. 2. Мәшһүр Жүсіп Көпеев қолжазбаларының маңызы . . . 20

ІІ МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ГУМАНИСТІК ОЙЛАРДЫҢ АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫМЕН ҮНДЕСТІГІ . . . 31

2. 1. Мәшһүр Жүсіп шығармаларының тәрбиелік сипаты және адамгершілік мәселесі . . . 31

2. 2. Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы дидактикалық философия және Абай шығармашылығымен рухани үндестік . . . 52

ҚОРЫТЫНДЫ . . . …61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …… . . . 62

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі.

Қазақ әдебиетінің дамуына, әсіресе әдебиеттану, фольклортану ғылымдарының өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан, кешегі кеңестік сұрқия саясатқа толы кер заманда атын атауға тыйым салған арыстарымыздың бірі Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығын зерттеу ісі-бүгінгі күні қызу қолға алынып отыр және осы мақсатта біршама жұмыстар атқарылғандығы да анық. М. Көпеев шығармашылығында сөз болатын мәселелердің барлығы да қазақ әдебиеті тарихы, қазақ тарихы үшін маңызды болып табылады. Диплом жұмысы тақырыбы Мәшһүр шығармашылығының сан қырларын танытуға мақсат етілгендігімен өзекті болмақ .

Қазақ әдебиетінің алтын ғасырындай болған ХХ ғасырдың орта тұсында әдебиет аспанында жарқырай көрінген ақынның шығармасы арқау болуы тақырыптың өзектілігі болып табылады.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері ретінде қазақ әдебиеті тарихына Бұқар жырау қатарлы ондаған ірілі-кішілі тұлғаларды қайтадан оралтуға септігін тигізген ғұлама зерттеуші, өзі де жанынан жыр жазған, шежіре тербеген, сәуегейлік танытқан қасиетті тұлға Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығының сан қырларын таныту болып табылды.

Аталған мақсатты іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

  • Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының қайраткерлік тұлғасын таныту;
  • Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығы мен абай шығармаларын арасындағы үндестікті табу.

Зерттеудің нысаны

Зерттеу нысаны ретінде Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығының жемісі болып табылатын шығармалар жинағы және Мәшһүр Жүсіп шығармашылығы жөнінде зерттеу жұмыстарын кең көлемде жүргізген С. Дәуітов, Қ. Мәшһүр Жүсіпов қатарлы ғалымдардың зерттеу еңбектері алынды.

Зерттеудің пәні

Қазақ әдебиетінің тарихы, фольклортану ғылымдарының зерттеу әдістеріне сүйене отырып, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығын дипломдық жұмыстың пәні ретінде қарастыру мақсаты қойылды.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы

Мәшүр Жүсіп Көпейұлының фольклортану, әдебиеттану т. б. салалардағы орасан еңбегін таныту мақсатында ізденуіміз, ұлы тұлға шығармашылығына аз да болса бойлап, жұмыс жазуымыздың өзі ғылыми жаңалық болып табылады.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері:

Зерттеу барысында жинақтау, қорыту, сұрыптау, әзірлеу т. б. әдістер мен тәсілдер кезегінше қолданылды. Мәшүр Жүсіп Көпейұлының Павлодар қаласында орын тепкен үлкен зерттеу орталығы материалдарымен танысу мақсаты кзделді және зерттеу әдістері де осыған бейімделді.

Зерттеудің құрылымы:

Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда Мәшһүр Жүсіптің фольклортанудағы еңбегі сараланады.

Екінші тарауда ұлы тұлғаның гуманистік ойлары туралы қарастырылады.

І МӘШҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ - ФОЛЬКЛОРТАНУШЫ, ҚАЙРАТКЕР ТҰЛҒА

Мәшһүр Жүсіп жаңа мен ескі заман әдебиетінің алтын көпірі іспетті. Мәшһүр шығармашылығына қазақ әдебиетінің алыптары аса зор мән бергенін басында айтқанбыз.

Аса зерделі жанның асыл қасиетін терең сезінген Мұхтар Әуезов: «Өз шығармаларын былай қойып, басы ашық үлгілерді жазып алып, біздің дәуірімізге жеткізген еңбек Мәшһүрде мол екенін және естен шығармауымыз керек. Сондықтан қазақ жазба әдебиеті мен ауыз әдебиетінің ғылымдық бір саласы историография бөлімінде Мәшһүрдің ол түрдегі еңбегіне әрдайым орынды баға берілуі шарт», - деп жазған екен. Мұхтар Әуезовтей Мәшһүрдің қадір-қасиетін соншама терең түсінген қазақ аз шығар деп ойлаймыз. [1, 154]

  1. Мәшһүр Жүсіп шығармашылығы жайлы ой-пікірлер.

Мәшһүр Жүсіп шығармашылығын Мұхтар Әуезовтың ерекшелеп атап, зерттеуінде үлкен мән бар. Өйткені, Мұхаңның өзі Асан қайғы, Жиренше шешеннен бастап, мақал-мәтел, тұрмыс-салт жырлары дейсіз бе, эпос, лиро-эпос - бәріне қалам тартқан ғұлама. Әсіресе, Мұхтар Әуезовтің ауыз әдебиетімізді тегі мен түріне қарай ажыратып, әрқайсысына анықтама беруі, оларды ішінара топтауы ғажап құбылыс. Мұхаңның төл әдебиетіміздің саф алтындай қорына жан-жақты зерттеу жүргізе отырып айтқан ғылыми пікірі өзінің нақты шындығымен қымбат. М. Көпейұлының ел аузынан жинаған баға жетпес қымбат дүниесін тұтас ақтарып, жете зерттеген, Сәбит Мұқанов әсіресе оның шежіресіне қатты қызыққан. Соның ішіндегі аңыз әңгімесіне тосыннан айтылатын тапқыр сөздер мен өткір қалжыңына ден қойып, көңіл бөліпті.

Мұхтар Әуезов былай дейді: « ХҮІІІ ғасырда жасаған ақындардың ішінен жыры көп сақталған Бұқар жырау. Бұқардың жырларын сақтап, тарих алдында ерекше еңбек сіңірген адам - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Бұқардың жырларын жазып алған Мәшһүр Жүсіп «Мес» жинағына қарасаң, көңілің тояттайды, оқысаң көзің қуанады. Әсем көшірілген қолжазба Мәшһүр махаббатына лық толы. Ол көне қолжазбаның әрбір сөзіне дейін жеткізуге, қазақ тілінің алтын қорын шашпай-төкпей сақтауға тырысқан. », - деген осы екен-ау деп қызығыпты. [1, 156]

Данышпан халқымыз аса талантты ақындарды, композиторларды, әр түрлі өнер адамдарын мол берген. Қазан төңкерісіне дейін қаншама ұлы адамдарымыздың өлең-жырлары, дастандары, әзіл-сықақ, күлдіргі әңгімелері хатқа түспей, бізге жетпеді. Ал көнеше (арабша) оқыған адамдарға әр түрлі айып тағылып, олардың шығармаларын жұрттан аулақ ұстауға, тіпті оқытпауға тырысты. Кезінде сондай тыйым салынған қайраткерлердің бірі - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы еді . . .

Қазақтың әйгілі ақыны, әдебиет жинаушысы, шежіреші-ғұламасы, үлкен діни қайраткер, ардақты да ардагер тұлға Мәшһүр Жүсіп Көпеев қазіргі Павлодар обылысы Баянауыл өлкесінде туған. Жастайынан ескіше хат таныған. Мәшһүр Жүсіптің өмірі өте күрделі, ауыр болғаны анық. Өйткені, ол досына да, дұшпанына да адалын айтты, турасын сөйледі. Осы бір әділеттілігі мен ақкөңілдігі үшін әркімнен көз түрткі көрді, біреулерге қараптан-қарап жеккөрінішті болды, «түлкі заманда тазы болып шала алмады», билеушілердің ырқына көнбей, Алланың ақ жолымен жүре берген. Алайда көрген қорлығы мен азабы адам жанына аяздай бататын. Жас Мәшһүр Жүсіп молдадан бір «қиындық» көрсе, бірге оқыған балалар «түйебас» қып ойнап, тағы да өмір тауқыметін тарқызыпты. Ақынның бала кезі тіпті адам аярлық жағдайда өтіпті, әкесі «оқы, біл, үйрен» деп ұрса, өзімен бірге оқитын сабақтастары «сен неге жақсы оқисың», - деп «сабайды» екен. Жас шәкірт екі жақты «қысым» көргеніне қарамай, талаптанып іздене берген, үйрене берген, Аллаға сыйынып, алға ұмтыла берген. Ол өзінің күнделікті молдадан алған дәрісіне қанағат тұтпай, өлең, жыр, дастан жаттаған. Мәшһүрдің әкесі Көпей де жасында азапты көп шеккен кісі екен. Ол өзі бір отбасының ең кішісі болыпты. Сондықтан ағаларынан қалған киімді киіп, олардан қалған тамақты ішіп, іштей ыза кернеп булығып жүреді, кейін ер жеткен соң, шет жаққа, басқа қалаға кетіп, ұзақ жүріп, малды-жанды болып, өзінің ауылы Баянауылға оралады. Қас қылғандай сол жылы қыс қатты, қар қалың болып, маңдай тер, табан ақымен жинаған малдан біржолата айырылып, бір сиыр, бір атпен ғана қалыпты. Аса ақылды әрі қажырлы азамат «мал ашуы» қысса да, өзін-өзі тоқтатып, «мал бір қыстық, батыр бір оқтық» деген рас екен ғой, мал соңына шырақ алып түскен болмас, баламды оқытайын деп Жүсіпті Хамар молдаға әкеліп береді, бұл турасында ақынның өзі:

Жасымда қойылған ат адам Жүсіп,

Жұрт кеткен сүйгенінен Мәшһүр Жүсіп!

Қолыма қағаз, қалам алған шақта,

Кетемін қара сөзге желдей есіп.

Ақынның өзі айтқандай, өз заманының аса білгірі, ел басшысы Мұсаның алдында кідіріп, тоқтамай, бар өнерін көрсетеді, тақпақ оқиды, жыр толғайды, лиро-эпос жырларын айтады. Өзінің бірнеше сыйлас адамымен отырған Мұса айран-асыр қалыпты. Әсіресе, жасы егде тарқан қарт адамдарға Мәшһүр Жүсіптің өнері айрықша бағаланыпты. Осы бір «шығармашылық» кездесуден кейін болашақ ақынды Мұса өз қамқорлығына алып, тіпті оны оқытқан хазіретті де сый-құрметке бөлеп, көп уақыт үлкен қызмет көрсеткен. Болашақ ақын Мәшһүр Жүсіп елдің құрмет-сыйын, үмітін ақтауға барлық күш-қуатын, қайрат-жігерін жұмсапты. Ол хазіреттің аузынан шыққан әрбір сөзді қалт жібермей қағып алып, табан астында жатқа толғайды екен. Осы бір білімге деген құштарлығы жайында кейінірек айта келіп:

Бетімді бір жан енді қаққан емес,

Ұстазға ешкім мендей жаққан емес.

Бірте-бірте ақынның аты алты алашқа шығып, ел танып, жер танып көптің адамы болады, бұрынғы менсінбеген, кісі деп қылиып қарамағандар енді оны «тақсыреке», «Мәшеке», «Молдеке» деп аса құрметпен атайтын болыпты. Тіпті баяғысының бәрі ұмыт болып, ертеден-ақ сыйласып келе жатқандай сыңай танытыпты. Халқымыз «атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деп өте орынды айтқан ғой. Күні кеше ғана ұрып-соғып, есін екеу, түсін төртеу еткен Мәшһүр Жүсіптің «Құрдастары» арада біраз уақыт өтісімен-ақ бас иіп, құлдық ұрып шыға келді. Бұл жағдайды Мәшһүр Жүсіптің терең білім мен сол білімді қасиеттей білген, қастерлей білген парасатынан білуге болады. Жасынан мектепте оқиды. Орта дәрежелі білім алады. 29 жасында, 1886 жылы Бұхарға барып оқиды. Араб, фарсы, Орта Азия әдебиетімен танысады. 1896 жылы Ташкент қаласына барып, тағы біраз уақыт оқып қайтады.

Мәшһүр көп жылдар ел қыдырып, серілік құрып жүреді. Еділ жағасындағы қалаларды аралайды: Горький, Қазан қалаларында болады, өлең жазады, ауыз әдебиет нұсқаларын жинайды: хабар, мақала жазады. Ақырында, өз елінде қайтады. .

Мәшһүр үш кітап жазып, бастырған. Олары: 1) «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» (1907), 2) «Хал-аһуал» (1907), 3) «Сарыарқаның кімдікі екендігі» (1907) . Алдыңғы екі кітабы - өлең, жырлар, поэмалар жинағы. Барлығы 16 өлең, 5 поэма, кейінгі кітабы - ұзақ екі мақала.

Мәшһүр шығармаларының көпшілігінде заман жайын айтады, қазақтың жаман мінездерін, қазақ арасындағы феодализм қалдығын, би-болыстарды, патша үкіметінің чиновниктерін сынайды. Сөйтіп, халықты оянуға шақырады:

Жатқандай тәтті ұйқыда қазақ халқы,

Айырылмай жақсы менен жаман фарқы.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев терең оқымысты адам болған. Оған қара сөзден гөрі өлеңмен сөйлеген әлде қайда жеңіл болған. Ол аузын ашса болды өлең құйылып төгіле берген. Ақын, тарихшы, этнограф, шежіреші, аудармашы, ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевті әуелде әкесі он бес жасында молдаға оқуға береді. 7-9 жасына дейін «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырларын, шығыс қиссаларын жаттап алған зерек бала өнер-білім, әдебиетке құмар болып өседі. Сондықтан ол халық ішінде «Мәшһүр» деген атқа ие болады. Ел ішінде фольклор жинайды, бала оқытушымен айналысады. «Мәшһүр Жүсіп балаларды оқыта жүріп, жазу-сызуын бір сәт тоқтатпайды. Күндіз сабақ беріп, қалжырап шаршағанына қарамай, түнде май шамның жарығымен өлең жазады екен. Кейбір түнде өзі сүйіп оқитын шығыстың ұлы ақындары: Науаи, Фирдоуси, Сағди, Хафиз шығармаларына сарыла үңіліп, білімін үздіксіз көтеріп отырған». Өз білімін тереңдету мақсатында Мәшһүр Жүсіп Ташкент, Бұхара, Түркістан, Еділ, Араб, парсы, Орта Азия әдебиеттерімен танысады.

1888 жылдан бастап Мәшһүр Жүсіптің өлеңдері мен ел ішінен жинаған ауыз әдебиетінің үлгілері Омбы қаласының «Дала уәлаяты» газетінде жарық көріп тұрды.

Мәшһүр Жүсіп Абайды ұстаз тұтқан. 1889 жылы Абайдың көзі тірісінде бірінші болып Абай шығармасына талдау жасаған. 1889 жылы «Баянтаудан хабар. Абай творчествосы туралы мәлімет» деген мақаласында Абай шығармашылығы туралы өз ойларын білдіреді. «Бұл біздің соңғы пайғамбарымыз» деп Абайға жоғары баға береді.

Жалпы алғанда, Мәшһүр өлеңдерінде қазақ халқының жай-күйін, заман жайын дұрыс аңғарады. Соған байланысты халықтың, оқығандардың арманын, міндет мақсатын дәл түсінеді, айқын білдіреді.

Мәшһүр заманындағы әл-ахуалға, саяси-әлеуметтік жағдайларға құлақ түріп, соларды байқап отырған. Шығармаларының біразын күнделікті уақиғалар мен мәселелерге байланысты жазған. Солардың өрістеу, аяқталуына қарай ақынның ойы, көзқарасы толқып отырған.

Мәшһүр поэмалары - ертегі, аңыз негізінде жазылған сюжетті, әңгімелі шығармалар. Мәшһүрдің өлең жырлары да көп ретте, қисынды, сюжетті, ойлы, кестелі болып келеді. Бәрі дерлік саяси, публицистикалық лирика.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев ағартушы бағыттағы, артында бір қыдыру құнды мұра қалдырған дарынды журналист ақын.

Мәшһүр Жүсіп алғаш қолына қаламды мұсылман болып алып, көзін де сол мұсылманмен қалпында жұмған абзал жан. Өзінің кімнен сабақ алғаны, қайда оқығаны, кімнің жәрдем-көмек жасағаны бәрі де өлеңдерінде тайға таңба басқандай айтылған. Ақын өзінің қандай харіптен бастап оқып, одан кейін оны қалай жалғастырғанын жіпке тізген меруерттей мөлдіретіп жырлаған. Мәшһүрдің жазған өлеңі болсын, аңыздары болсын, қисасы болсын - бәрі де оның өмірбаяны, өзін айту арқылы сол кездегі қоғамдық жағдайды, ел тұрмысын жан-жақты сипаттаған. Ақынның өмір сүрген мезгілі - елдің қаймағы бұзылмаған таза кезі. Діннің де, ділдің де жан-жағы бүтін, жұлмаланбаған орын-орнында тұрған шағы еді. Әкесі Көпей Алланың ақ жолындағы кісілікті кісі екен. Ислам - хақ дін, дүниедегі ең бір таза, ең бір адами дін, тәлімі де, тәрбиесі де, үйретері де, үлгісі де айрықша бөлек, тұнып тұрған парасат, таусылмайтын ғылым. Алланың ақ жолына түсіп, оны мойынсұнған адам мұсылман жолына біржолата берілуі керек, өтпейінше, оның қасиет тұнған аяттары мен сүрелері қанша оқып талаптанғанмен, көңілге қонбайды. Осыны жақсы білген Мәшһүр Жүсіптің әкесі өзінің сүйікті перзентін осы ислам жолына бағыштап, медресеге әкеледі. Мәшһүр Жүсіп медіреседе оқып жүріп «әптиек», «иманшарт», «Мұхтасарларды» ақтарды, одан қасиетті «Хадисті» үйренді, кітаптың кітабы, ғылымның ғылымы Алланың ақ сөзі «Құран кәрім» сүрелерін жаттады. Күндіз-түні бір жаратқанға жалбарынып, ақ қағазбен алысты. Тіпті өзін оқытқан хазіреттен «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ер Тарғын» тағы көптеген жырлар мен қиссаларды көшіріп, жаттап алып, халыққа ауызша таратты. Ол білім жолына аямай барын салды, ақын Мұхаммед (Ғ. С. ) айтқан қағидамен жүрді, пайғамбарымыз ғылым туралы: «білімді мейлі ол Қытайда болсын меңгер, себебі, білімді болу мұсылман үшін міндетті», - деген.

Әл ауқатты отбасында дүниеге келген ол жасынан оқу мен білімге бас қояды. Бұқарадағы Көкілташ медресесінде төрт жыл оқыған Мәшһүр Жүсіп үздік ғұлама болып шығады. Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығы сан алуан екендігіне әдебиет зерттеушілері аса мән берген. Мәшһүр есімін бір замандарда кертартпа молда ретінде қарастырып, тыйым салуы кесірінен кеңестік кезеңде лайықты бағасын ала алмай келгені белгілі.

Он төрт жасынан бастап төрт жыл бойы Бұхара қаласындағы Көкілташ медресесінде оқыған Көпеев Орта Азиядағы араб, парсы тіліне жетік білімдарлардың бірі боп шыққан. Осы шығыс поэзиясының биік парасатын діншілдік санасыздықтан айыра таныды да өзінің барлық өмірін халық зердесін жарық ұстауға арнады.

Турашыл болып тура айтқаны, ақты қара, қараны ақ демегені үшін ел билеушілерге жақпаған. Бұл ретте тартқан азабы да аз емес:

Туысқа тура жолды айтамын деп,

Жалғанда жалғыз қалдым жанға жақпай, -

деп, ол бекер шағынбаған.

Атақты Мәшһүр Жүсіптің поэзиядағы алатын орны бір төбе болса, оның ел тарихын, жер тарихын зерделеуге қосқан үлесі екінші биігі. Оның қазақ этнографиясын, әдет-ғұрпын зерттеушілерге беретін білімі ұшан-теңіз. Мәшһүр Жүсіптің ендігі бір аса елеулі еңбегінің бірі-қазақ шежіресін жинақтауы болып табылады. Мәшһүр шежіресі тек қазақ халқының ірі-ірі руларының тарауларын ата есімдері жөнімен тізбектей бермей, оларды нақты оқиғалармен байланыстыра алуы арқылы шежіренің қызғылықтылығы арта түскендігін атап өткен жөн. «Қара мес» жинағында бес-алты қолжазба болып берілген.

«Бір қызығы, Мәшһүр Жүсіп шежірені жадағай атаны тарату, деп түсінбей, онда сол рудағы немесе сол елдегі батырға байланысты, ақынға қатысты балуан жайлы, күйші туралы аңыз әңгіме, жыр, күй, тақпақ болса, соны қалдырмай жазған. Әсіресе, жастарға үлгі - өнеге боларлық-ау деген дүниені тұтас қамтып, өзінше сипаттама беріп, дәлелді оймен түйіндеп, таратып айтып отырады. »

Мәшһүр шығармашылығы жайлы алғашқы пікірлерді ұлы Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқановтар айтқан. Олардан кейін Мәшһүр шығармашылығын жинастырып академиялық тұрғыда айналымға енгізген ғалым - Сәрсенбі Дәуітов. Мәшһүр Жүсіп шығармашылығы өзінің бай мазмұнымен халқына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқаны анық.

Мәшһүр Жүсіп шығармашылығына барлау жасауда біз осы аталынған ғалымдарымыздың пікірлеріне сүйенетін боламыз. .

Мәшһүр Жүсіптің екі томдық еңбегін жинақтап, бастыруда үлкен еңбек сіңірген Сәрсенбі Дәуітовтің еңбегіне зор баға берген қазақ әдебиетінің ақсақалы Әбділдә Тәжібаев былай дейді:

«Қазақ зиялыларының, ішінде Мәшһүр Жүсіп Көпеевті білмейтіндер жоқ шығар. Әрі ақын, әрі ақылгөй жан ұлы Абайға ілесе шықты да осы данышпан ұстаздың ағартушылық жолын берік ұстанды, ақындық мұратын да өзіне мұрат етті.

Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып күн болам.

Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмағанда, кім болам?!-

деген жойқын өнерлі ақын Сұлтанмахмұтты Абайға жалғастыратын ортада осы Мәшһүр Жүсіп тұр.

Көпеев 1900 жылы «Қанды жексенбі» атты өлең жазып, бұл тақырыпта бірінші болып қалам тартты:

Орысты туған бауыр есептедім,

Жыланды келіп қондым мұжығына, - [14, 15]

деп те ол Қазан төңкерісіне дейін бірінші айтқан. Осының бәрі Көпеев шығармаларын тексеру, тану үстінде ұзақ зерттеліп, ұзақ айтылуы керек. Біз бұл жерде, әрі ақын, әрі ғалым әдебиетшінің қазақ фольклорын жинау, жүйелеу жөніндегі ерекше еңбегіне ғана аздап аялдаймыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МӘШҺҮР ЖҮСІП ЕҢБЕКТЕРІ - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ДЕРЕК КӨЗІ
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы ұлттық таным
МӘШҺҮР - ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ
Қазақ түбі үлгілеріндегі Отан тарихы туралы деректер
Қазақтың ұлағатты діни ойшылы
С. Қасқабасовтың қазақ фольклористикасының зерттелуіне қосқан үлесі
Әлкей Марғұлан
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің әлеуметтік көзқарастары
АБАЙ ЖӘНЕ МӘШҺҮР ШЫҒАРМАЛАРЫ
Әбілғазы ханның «Түрік шежіресінің» әдеби маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz