Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы тілдерін дамыту жолдары


Қазақстан Республикасының білім жіне ғылым министірлігі
Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы
тілдерін дамыту жолдары.
мамандығы 5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»
Орындаған: Аргинова К. Р.
Ғылыми жетекшісі:
Аға оқытушы: Раимбекова А. Ж.
« Қорғауға жіберілді »
Қафедра меңгерушісі Мельникова Т. Н.
Көкшетау 2014
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
КІРІСПЕ
1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛДЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ЖӘНЕ ОЙЫННЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Тіл дамыту жұмысының мазмұны мен жүйесі және оған қойылатын
талаптар1. 2 Ойын - балабақшадағы балалардың негізгі іс- әрекеті
1. 3 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытатың ойын түрлері
2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛ ДАМЫТУ САБАҒЫНДА ОЙЫН АРҚЫЛЫ ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ойын технологиясын қолдану жолдары
2. 2. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын аркылы сөздік қорын, тіл байлығын анықтау мен дамытуға бағытталған жұмыстар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сілтеме жасалған:
1. Қ Р Пезиденті Н Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. //Айқын, 18. 01. 14,
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер. Астана: 2009.
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
Қ Р-Қазақстан Республикасы
АНЫҚТАМАЛАР
Ойын - адам өміртанымының ең алғашқы қадамы.
Балабақша -мектепке дейінгі балаларға білім мен тәрбие беру мемлекеттік мекеме.
Мектепке дейінгі педагогика - баланы туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі тәрбиелеу мен дамыту туралы ғыдым.
Әдіс - оқу-тәрбие мақсаттарына қол жеткізу жолы. Әдіс - көзделген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі.
Білім - объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғатының және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады.
Білім беру - балалардың белгілі ғылыми білім жүйесін және танымдық білік пен дағдылардың игеруін, соның негізінде дүниеге көзқарасының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуын және олардың шығармашылық күштері мен қабілеттерінің дамуын қамтамасыз ететін процесс.
Оқыту - нәтижесінде адамның білім алуы жүзеге асырылатын тәрбиеші мен баланың бірлескен мақсатты әрекеті.
Ойын - балабақшадағы балалардың негізгі іс-әрекеті.
Ойлау - ақиқат дүниенің мида жанама түрде ұғымдар арқылы барлық қасиет, байланыс, қатынастармен бейнеленуі. Ойлау адамның сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өндей отырып, адамның сезім дүниесінен тыс құбылыстарды танып-білуіне мүмкіндік жасайды.
Педагогикалық технология - процесс пен оған қатысушылар іс-әрекетінің, құрауыш, кезең, күйлері арасындағы өзара байланысты бірізділік пен үздіксіздік қозғалысы.
Сөйлеу - адамдардың материалдық өзгертуші іс-әрекеті процесінде тарихи тұрғыда қалыптасқан, тіл арқылы болатын қарым-қатынас нысаны.
Технология - грек сөзі, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді.
Тіл - адам қоғамының ең негізгі қатынас құралы. Дыбысты тіл -адам қоғамымен бірге туып, қатар жасап келе жатқан қоғамдық құбылыс. Тіл өте күрделі, сан-саналы құбылыс.
Тіл - сөздік белгілердің жүйесі. Ал белгі - шындық пен болмысты білдіретін бөлшек.
Тіл - баланы қоғаммен, ортамен байланыстыратын, оның дүниетанымын қалыптастыратын құралдардың бірі.
Әңгімелеу -оқу материалын жүйелі баяндау.
Инновация -нақтылы бір балаға жаңа болып табылған идея.
КІРІСПЕ
Барлық дамыған елдердің білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынның сапасын жақсартуда бізді айқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды (1)
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Қ. Р. мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттыңда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту туралы былай жазылған екен : « Мектепке дейінгі білім беру тұлғаның негізі қаланатын үздіксіз білім беру жүйесіндегі алғашқы сатысы және ажырамас құрылымдық бөлігі. Осы ретте мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қазіргі өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Уақытында алынған мектепке дейінгі білімнің әр бала үшін де, еліміздің әл-ауқаты үшін де өмірлік маңызды мәні бар» (2)
Баланы қоғаммен, ортамен байланыстыратын, оның дүниетанымын қалыптастыратын құралдардың бірі- тіл. Сондықтан тілді оқытуда, оқушының тілін дамыту барысында жаңа ізденістерді талап етеді.
Тіл- халықтың шежіресі, тарихы, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі, онан сол тілді жасаушы халықтың арман-үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. К. Д. Ушинский тілдің осы бір қасиеттері жайында былай деп жазды: «Тілде бүкіл халықтың, оның бүкіл елінің рухы көрінеді, онда халықтық рух шығармашылық қуатымен ойға, суретке айналады, одан аспанның дауысы, оның ауасы, физикалық құбылыстар, оның климаты, даласы, таулары мен жазықтары, оның ормандары мен өзендері, даулары мен найзағайлары көрінеді . . . Халық тілінің айқын да тұнық тереңінде туған елдің жалғыз табиғаты ғана емес, сонымен бірге халықтың рухани өмірінің бүкіл табиғаты сәулеленіп көрінеді»
Адам баласы қоршаған дүниені екі түрлі жолмен танып біледі:
- Бақылау (көру, есту, сезу ) ;
- Сөз арқылы жаңа ұғымды қабылдау.
Екі тәсілде де белсенді ойлау қызметі арқылы жүзеге асады. Яғни, баланың тілін дамыту дегеніміз- оның ойлауын дамыту.
Орыс педагогі К. Д. Ушинский: «Кімде-кім оқушының тіл байлығын дамытқысы келсе, алдымен оның ой қабілетін дамытуға тиіс. Сөздің қасиеті ойды дұрыс беру арқылы бағаланады, ойдың дұрыс айтылуы сөз ішінен келіп шығады», - деген (3) . Шынында, баланың айтайын дегені, ең бірінші, оның ойында пайда болады, тек содан кейін ол ойлар ауызша айтылады. Осы ретте жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілінің ана тілі ретіндегі ұлттық бояуы мен болмысын таныта отырып, оның қыр-сырын меңгертудің, жақсы біліп жүйелі танытудың маңызы зор.
Белгілі философтар Ә. Нысанбаев, Д. Кішібеков, Т. Абжанов т. б. қоршаған дүние яғни табиғат құбылыстарының қарым қатынаы адамның рухани дамуы ана тілі негізінде жүргізілетінің қарастырады. Философтардың ой пікірлеріне сүйене отырып, біз баланы байланыстырып, оны қоршаған дүниеге деген сезімін, ойын тәрбиелеуге ықпал жасайды деген тұжырымға келдік.
Ірі қоғам қайраткері, үлкен талант иесі, қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов өз ана тіліндегі сөз ақыл ой дамуының асыл қазынасы дей келе, жас баланың лингвистикалық тәрбиесінің өмірге келген сәттен ба«Мектептен бұрынғы тәрбие» жұмысында А. Байтұрсынов мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне назар аударып, көп мәселелерді көтерді. А. Байтұрсынов ұсынған жаңа әліпби 1913 жылдарынан бастап мұсылман медреселері мен орыс-қазақ мектептерінде қолданыла басталды. Ол ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін деген талаптарды бастаушы болды (4) .
Қазақ халқының тұнғыш ағартушы педагогы Ы. Алтынсарин оқыту және тәрбиелеу ісінде тіл сезімін дамыту оқытушының мектеп қабырғасына келгендігі, сөз қорын ары қарай дамыту, ол ойлаған жүйені талап ететінің көрсеткен. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеу тілін дамытуды табиғат құбылыстарымен байланыстыру мәселесін зерттегендер қатарында көрнекті педагог, психолог ғалымдар С. П. Рубинштейн, А. М. Мусина, А. С. Выготский, П. Я. Гольперин, А. А. Люблинская, т. б. атап айтуға болады. Бала психологиясы сан-салада зерттеп, оның ішінде тілдің, қарым-қатынастың алатын орнына үлкен мән берген Қазақстан психологтары Х. Шерьязданова, Г. Касымова У. Ауталипова, Ж. Аубакирова т. б. .
Белгілі зерттеуші - ғалым Б. Баймуратова баланың тілін дамытып, байланыстырып сөйлеуін жетілдіруде айналадағы өмірде бақылау жұмысын екі әдіс тұрғысынан пайдалануды ұсынды:
- баланың өмір шындығын қабылдау, түсіну;
- заттар мен құбылыстарды нақтылай түсіндіріп, бақылатып көрсету арқылы, әрбір сабақты өмірмен байланыстырып, көрнекті құралдарды тиімді пайдаланғанда айналадағы қоршаған дүние жөнінде нақты ұғым, түсінік қалыптасады .
Тіл дамыту мәселесі- отбасынан басталып, мектеп қабырғасында дамып, өмір бойы толығып, күрделеніп отыратын сала.
Тіл дамыту - барлық сабақта жүргізілетін үрдіс. Соның ішінде тіл сабақтарында оның алатын орны ерекше, себебі, оқушылар сауатты жазып, сөйлемді дұрыс құра білуді, тілдің байлығын меңгерудің негізін тіл сабақтарынан алады. Кез келген тілді оқыту үрдісі тіл дамыту жұмыстарынсыз жүзеге аспайтыны белгілі, сондықтан оқушылар тек қазақ тілінің заңдылықтарын біліп қоймай, оларды қолдана білуге үйрететін тіл дамыту әдістерін қазақ тілі сабағында әр кез қолдануды қажет етеді. Оқушының ой - өрісін кеңейту, дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыру, сөздің мағынасын түсініп, орынды қолдана білуге, тәрбиелеу мен сөйлеу, жазу дағдыларын жетілдіру жұмыстарының бәрі де тіл дамыту мәселесіне келіп сияды.
Тұжырымдай келгенде, тіл дамыту - мұғалім мен оқушы арасындағы қызу да ойлы, жаңа ізденістерге толы әрі қызықты, әрі күрделі, түрлі іс-әрекеттермен, тиімді әдіс-тәсілдермен және бүгінгі заман талабы - инновациялық педагогикалық технологиялармен жүзеге асатын үрдіс. Тіл дамыту - баланың қалыптасқан сөздік қорларын әрі қарай байыту; ауызекі сөйлеу тілінде де, жазба тілінде де әдеби нормативтерді сақтау; ойын нақты, тұжырымды, айқын жеткізу; мәнерлі жатық сөйлеуге жаттықтыру; сауаттылыққа баулу іс-әрекеттерінің жиынтығы
Бала - біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты - баланың жеке басының қалыптасуы мен жан-жақты дамуы болып отыр.
Осыны негізге ала отырып, біз өзіміздің тақырыбымызды «Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы тілдерін дамыту жолдары» деп алдық.
Зерттеудің мақсаты: Тіл дамыту сабақтарында мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы тілдерін дамыту жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеті:
1. Зерттеліп отырған мәселеге байланысты ғылыми -педагогикалық әдебиеттерді талдау, саралау
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытудың тиімді жолдарын анықтау;
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ойынның қолдану жолдарын көрсету.
Зерттеудің объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамыту сабақтарындағы оқыту үрдісі.
Зерттеудің пәні: Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың тілдерін ойын арқылы дамыту жолдары.
Ғылыми болжам: Егер тәрбиеші тіл дамыту сабақтарында мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы тілдерін дамытудың әртүрлі жолдарын тиімді пайдалана білсе, онда бұл жастағы балалардың тілдерін дамыту деңгейі арта түседі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- тіл дамыту жұмыстары арқылы оқушылардың ойлауы мен тілін дамытудың әдістемелік ерекшеліктері анықталды;
- қазақ тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту мақсатында қолданылған ойын технологиялардың элементтері көрсетіліп, олардың тиімділігі айқындалды.
Практикалық маңыздылығы: мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамыту үшін тіл дамыту сабақтарында арттырудың тиімді әдіс-тәсілдері, әдістемелік құралдар, негізінен ойындар мен сабақ үлгілері ұсынылады.
Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында талдау, жинақтау, салыстыру, жүйелеу, бақылау, сұрау (сауалнама, сұхбат), сандық және сапалық талдау, педагогикалық эксперимент әдістері қолданылады.
Тәжірибелік база: «Ақжар ауданының білім бөлімінің «Еркетай» бала-бөбек бақшасы» мемлекеттік мекемесі.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды және қосымшалардан тұрады
1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛДЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ЖӘНЕ ОЙЫННЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Тіл дамыту жұмысының мазмұны мен жүйесі және оған қойылатын талаптар
Адам мәдениетіндегі өте күрделі көрсеткіштің бірі- оның тілі болып табылады. Бала тілі алғашқы кезеңде жеке сөз ретінде шығып ешқандай грамматикалық байланысқа түспесе, кейіннен оның қолданылу аясы кеңейіп, бірте- бірте ұлғаяды. Бұл өте күрделі процесс. Бала алғашқы фонетикалық қатармен жеке лексикалық сөздерді оқып үйрену барысында сөздің өзгеру заңдылықтарын (жіктелуі, септелуі) және сөз тіркестерін меңгереді, сонымен қатар диалог пен монологты әртүрлі жанрлар мен стильдерді игеріп, бала тілінің айқындығы мен мәнерлілігі дамиды. Осылардың нәтижесінде бала өзінің өсу-өну процесінде тіл байлығының барлық аспектісін жай ғана емес, аса белсенді түрде меңгереді. Тіл байлығының мол болуы бір жағынан балада жаңа құбылыс, көрініс, ұғымдар мен түсініктердің көбеюіне, ал екінші жағынан тілді жан-жақты меңгеруіне байланысты. Тілі жақсы дамыған бала, әрқашан барлық пәнді жетік меңгереді.
Бала тілінің дамуы мынадай кезеңдерге бөлінеді:
- 1 жасқа дейінгі кезең - қыдыру.
- 1 жастан 3 жасқа дейінгі кезең- мұнда бала сөз құрамының дыбысталуы мен буындарын, сөйлем ішіндегі жай сөз байланыстарын меңгереді. Тілі диалогтық ситуативтік болады.
- Одан кейінгі кезең - мектепке дейінгі 3 жастан 6 жасқа дейінгі кезеңде, контексті монологтық тілі пайда бола бастайды.
- Кіші мектеп жасында, 6 жастан 10 жас аралығында тіл формаларын білуі (сөз құрамының дыбысталуы, лексика грамматикалық қатар) жазбаша тілді меңгереді, әдеби тіл мен нормасы туралы түсінігі пайда болады.
- Орта мектеп жасы, 10-15 жас аралығында әдеби тіл нормаларын, тілдің функционалдық стилін меңгереді.
Үлкен мектеп жасында 15-17 жас аралығында, тіл мәдениетін, тілдің профессионалдық ерекшеліктерін меңгереді.
5-6-7 жастағы балалардың сөйлеуінің даму деңгейі.
Белгілі философтар Ә. Нысанбаев, Д. Кішібеков, Т. Абжанов т. б. қоршаған дүние яғни табиғат құбылыстарының қарым қатынаы адамның рухани дамуы ана тілі негізінде жүргізілетінің қарастырады. Философтардың ой пікірлеріне
сүене отырып, біз баланы байланыстырып, оны қоршаған дүниеге деген сезімін, ойын тәрбиелеуге ықпал жасайды деген тұжырымға келдік.
Ірі қоғам қайраткері, үлкен талант иесі, қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов өз ана тіліндегі сөз ақыл ой дамуының асыл қазынасы дей келе, жас баланың лингвистикалық тәрбиесінің өмірге келген сәттен бастап өз ана тілінде жүргізілуі керекткгін ерекше атап көрсеткен.
Қазақ халқының тұнғыш ағартушы педагогы Ы. Алтынсарин оқыту және тәрбиелеу ісінде тіл сезімін дамыту оқытушының мектеп қабырғасына келгендігі, сөз қорын арықарай дамыту, ол ойлаған жүиені талап ететінің көрсеткен.
Республикамызда мектеп жасына дейінгі сәбилердің сөздік қорын дамыту ерекшеліктерін жан жақты зертеген ғалым Б. Баймұратова зертеу нәтижелері негізінде 2-7 жасқа дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесінің негізін жасады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеу тілін дамытуды табиғат құбылыстарымен байланыстыру мәселесін зертегенде қатарында көрнекті педагог, психолог ғалымдар С. П. Рубинштейн, А. М. Мусина, А. С. Выготский, П. Я. Гольперин, А. А. Люблинская, т. б. атап айтуға болады. Бала психологиясы сан- салада зерттеп, оның ішінде тілдің, қарым-қатынасын алатын орнына үлкен мән берген Қазақстан психологторы Х. Шерьязданова, Г. Касымова, У. Ауталипова, Ж. Аубакирова т. б. .
ТМД елдерінің көрнекті психологтарының баланың рйлауы мен сөйлеуін дамытуға байланысты зерттеу еңбектері бізге байланыстырып сөйлеу мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы ақыл - ойының дамуында маңызды орын алады деген тұжырым жасайды.
Табиғат құбылыстары мен оның жеке заттарының басты ерекшеліктеріні мен қасиеттерін қабылдау барысында баланы байланыстырып сөлесуін жүзеге асыруға мұмкіндік туады. Оның негізінде баланың танымдық әрекеті дамуы, ойлауы сөздік- логикалық формадан жалпылау формасына ауысады. Баланың әңгімелесуі, сөйлем құрау қабілетіне қарай байланыстырып сөйлеуі дамиды.
Балалардың тілінің дамуы, байланыстырып сөйлеулері туралы мәселелер психолықтарының әрқасысының өзіндік пікірі ; өзінше топтауы бар. А. А. Люблинская табиғаттағы заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстардың да сөзбен белгіленетін тұжырымдаса, Л. С. Ренготовский
«Сөз ойлау мен тілдің негізгі жиынтығы» - деп көрсетеді.
Белгілі зерттеуші- ғалым Б. Баймуратова баланың тілін дамытып, байланыстырып сөйлеуін жетілдіруде айналадағы өмірде бақылау жұмысын екі әдіс тұрғысынан пайдалануды ұсынды:
- баланың өмір шындығын қабылдау, түсіну,
- заттар мен құбылыстарды ноқталай түсіндіріп, бақылатып көрсету арқылы ғөрсетіп, әрбір сабақта өмірімен байланыстырып, көрнекті құралдарды тиімді пайдаланғанда айналадағы қоршаған дүние жөнінде нақты ұғым, түсінік қалыптасады.
Зерттеу барысында балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру үшін жүргізілетін жұмыстарды олардың жас ерекшелігін ескеру негізгі міндеттерінің бірі болады.
Бала тіл өнерін, сөз өнерін айналасындағы адамдардан солармен қарым - қатынас жасаудың нәтижесінде үйренеді. Балаға сөз үлгісін көрсететін бірінші отбасы десек ең басты өнеге- ол бала - бақшадағы тәрбиеші- педагоктардың сөзі, олардың сөйлесе білу тәсілдері сөйлесу мәнері бұдан да маңызды.
Балалардың тілін ұстарту-қазақ тілі әдістемесінің басты міндеті. Мұғалім, мектеп оқушыларын таза, нақты, лайықты әдеби тілмен сөйлеуге, диалектика мен дөрекі сөздерді қолданбауға, сөйлеген сөздері жатық, әсерлі, түсінікті болуын қадағалайды. Сонымен қатар олардың мәнерлеп оқуын, сондай-ақ өз ойларын байланыстыра, жүйелі, логикалық тұрғыда жазу дағдыларын қалыптастыруға тиіс.
Оқушының сөйлеу дағдылары - сөзді ауызекі сөйлеуден немесе жазу жұмысында орнымен қолдана алатындай дағдылар жүйесінен, сұраққа қысқа да, толық та жауап құрастыруынан, оқыған немесе көрген жайларын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағдыларынан шығарма жазу, жоспар, конспект, реферат жазу дағдыларынан құралады. Мектеп бағдарламасында тіл ұстартуға байланысты жұмыс түрлері қазіргі қазақ әдеби тіл нормасымен дұрыс сөйлем, дұрыс жазу дағдыларын жетілдіруді көздейді. Оқушының тілі әр алуан жағдайлардың ықпал -әсерінен (сөйлеу ортасы, оқушылардың өмірге белсенділікпен немесе жайбарақат қарауы, кітап оқуы) үздіксіз дамып, жетіліп отырады. Міндет осы үздіксіз жетілу процесін ұйымдасқан мақсатты бағытқа бұру болып табылады. Тіл дамыту қазақ тілі пәнінің барлық
кезеңдері мен салаларында (фонетика, лексика, морфология, синтаксис)
үзбей жүргізіліп отырылуы керек (8) .
Тіл дамытудың маңызы. Тіл дамытудың негізгі компоненттері дыбыс, сөз тіркесі, сөйлем және сөйлемдер тізбегі (яғни байланыстырып сөйлеу) болады. Тіл дамыту әдістемесі тілдің жоғарыда айтылған барлық жақтарын қамтып, оларды оқытудың объектісі (мазмұны) етеді.
Әдеби тілмен дұрыс сөйлеу нормаларының жиынтығы тіл білімінде орфоэпия деп аталады.
Дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлем- тілдің әрі сандық әрі сапалық компоненттері болып есептеледі. Олар өзара күрделі (құрылым және мағынасы жағынан), бірақ қатаң шектелген, нормаланған қатынаста бола отырып, байланыстырып сөйлеуге қызмет атқарады. Мысалы, сөз, сөз тіркесіне (синтагмаға) құрамды бөлік ретінде кірсе, сөз тіркестері тұтас алғанда өзара байланысқа түсіп, сөйлемді құрастырады, ал сөйлемдер жиынтығы өз ретінде сөзді байланыстырып сөйлеуді құрастырады.
Байланыстырып сөйлеу, жекелеген сөз тіркесі сияқты, жай ғана қосынды емес, ол тілдің барлық жағын қамтиды. Ол өз ішіндегі құрамды бөліктерінің арасы ішкі логикалық байланыста болатындықтан, байланыстырып сөйлеу деп аталады. Бұл ретте қатар тұрған сөйлемдердің ғана емес, алшақ тұрған сөйлемдердің арасындағы байланыстарды да, олардың арасында көп сатылы өтпелі жолдар арқылы логикалық жалғаса өтіп отырады.
Байланыстырып сөйлеу оқушылардың сөзі мен фразеологиялық тіркестері байлығына негізделмесе, алуан түрлі синтаксистік құрылыстарды пайдалану дағдыларына, құрылысы әр түрлі сөз тіркестері мен сөйлемдердің, лексикалық қабаттар мен сөз тудырушылық элементтердің мағына түрлілігін, стилистикалық ерекшеліктерін ажырату іскерлігіне негізделмесе, онда ол мағыналы да, мазмұнды да, әсерлі де бола алмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz