Баланы мектепке психологиялық жағынан дайындауда – интеллектуалдық ойындардың рөлі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар.

Кіріспе . . . … 2 - 5

І-Тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу мәселелері.

1. 1. Баланы мектепке психологиялық жағынан дайындау мәселелері

жөнінде түсінік . . . 6 -13

1. 2. Мектепалды балалардың ақыл-ой тәрбиесі туралы . . . 14 -23

1. 3. Білім берудің басты құралы ретінде ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері . . . 24- 28

ІІ - Тарау. Баланы мектепке психологиялық жағынан дайындауда - интеллектуалдық ойындардың рөлі.

2. 2. Оқушылардың интеллектуалдық қызығушылығын ойын әрекеті арқылы арттыру . . . 29-34

2. 1. Ойын - бала үшін негізгі іс - әрекет және ойын әдістерінің

маңызы . . . 35 - 40

2. 3. Халықтық ойындардың интеллектуалдық тәрбие процесіндегі

рөлі . . . 41 - 45

2. 4. Баланы мектепке психологиялық жағынан дайындауда интеллектуалдық ойындардың маңызы мен ролін анықтаудағы тәжірибелік

жұмыстар . . . 46 - 55

Қорытынды . . . 56- 61

Қолданылған әдебиеттер . . . 62 - 67

Қосымша

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:

Қазіргі уақытта "жеке бағдарлы оқу" түсінігі кең тараған, бұл түсінік баланың жеке-тұлғалық дамуы, оның пеихикасының қалыптасып, даму ерекшелігіне негізделіп айтылған. "Жеке бағдарлы оқыта отырып-тәрбиелеу" түсінігі мынаған негізделген: жеке-тұлға адамдар қоғамында өмір сүретіндіктен ол өзін-өзі танып-білуі қажет, бұл өмірде өз орнын дұрыс таба білуі қажет, бұл жағдайдағы негізгі нәрсе өз өмірін дұрыс қалыптастыра білу.

Дұрыс сөзбен айтқанда, педагогика негізін саясатқа немесе идеологияға байланыстырмай, тек қана психология ғылымына сүйену қажет. Педагогиканың негізгі объектісі -баланың ішкі дүниесін түсіну. Ал практикалық әрекеттегі мақсат - әлеуметтік - психологиялық талаптарды қанағаттандыру.

Бұл тақырыпты алған себебім, интеллектуалдық ойындар балалардың танымдық ерекшелігін жетілдіреді, ойын мектеп жасына дейінгі балалардың жақын араласуына, белсенділікті, тұйық мінезді, ұяң мінезді балалардың өмірге белсенді түрде араласуға ынталандырады. Ойын баланың барлық маңызды ақыл-ой әрекеті, баланың қабілетінің дамуына, ойында айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына көмектеседі. Баланың жақсы дамып-жетілуі мынандай жағдайда: жоғары эффектілік оқыту, баланың мектепке психологиялық жағынан дұрыс дамып келе жатқанын маман ретінде анықтау, "жеті жастағы дағдарыс" кезеңін дұрыс шешу.

Баланың мектепке дайындығы қаншалықты дәрежеде екенін анықтау, балалар психологиясының негізгі мөселесі, Соңғы уақытта бұл мәселеге көп көңіл бөлінуде, Бұл мәселені шешудің жолы баланың жеке-тұлғалық, жас ерөкшелігін дұрыс ескеруден басталады. Мұндай жағдайда психологиялық диагностика негізгі роль атқарады.

Алайда теориялық тұрғыдан алсақ баланың мектепке оқуға дайындығы мәселесін шешуде, 20 жылдан астам психологтар, педагогтар, гигиенистер, балалар дәрігері айналысып келеді. Дегенмен "мектепке дайындық" түсінігіне нақты анықтама жоқ, сондай-ақ мектепке оқуға толық дайын деген нақты пікір болмайды.

Көптеген психологтардың жорамалы бойынша мектепке дайындық түсінігі, бала мектеп процесіне қатыса отырып өзінің қабілетін дамытады, білімін, дағдыларын, мектеп бағдарламасын меңгеруде мінез-құлқы қалыптасып, дамып жетіледі деген пікірде. (И. Шванцер, А. Анастази және басқалар)

Бұл мәселені мынандай сандармен бекітуге болады. Осыдан 15 жыл бастауыш сынып оқушыларында жүйке-жүйелерінің кемшілігі 5-7 (процент) пайыз ғана болса, ал қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 40-70 пайызға жеткен (Аргумент и факты 13 наурыз 1998 ж) мүмкін, бұл қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайға байланысты болар, сондай-ақ мектеп жасына дейнгілерді мектепке білім алуға дұрыс болар.

Ойын - мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс - әрекеті. Балалардың жақын араласуына олардың арасында байланыс болуына көмектеседі. Белсендік барлық балаларды бірдей емес. Тұйық мінезді, ұяң, белсенділігі аз оқушылар бар. Мұндай оқушыларды оқу мен еңбектен гөрі ойын арқылы көпшілікке тарту педагогтың міндеті.

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекет -ойын. Интеллектуалдық ойындар балалардың танымдық ерекшелігін жетілдіреді. Баланың ойлау қабілетіне байланысты иттелектуалдық ойындар туралы Заика Е. В, көрнекті ғалымдар Р. М Жуковская, Д. В. Меджерицкая, Т. М. Марков, Н. Я. Михайленко, Жан Пиаже, Мухина В. С., осы ғалымдар зертеген. Сонымен қатар біздің Қазақстанда интеллектуалдық ойын туралы жазған педагогтар Хайрулина А., «Интеллектуалдық дағдыларды қалыптастыру». Ақылбаева А. С., «Интеллектуалдың ойындардың рөлі». Аскарова Ж. «Интеллектуалдық ойындардың түрі». Балалар ойындарының көпшілігі кім нағыз мерген, кім нағыз епті, кім ең жылдам деген сияқты жарыс элементтерін қамтиды. Ойында біреу ұтады, біреу ұтылады. Мұндай жағдайларда ұстаз ұтылғандарға көмектесуі қажет. Оқушылар ойындарда педагогтың рөлі өте маңызды. Ол ойында ұйымдастырушы, ойынның мазмұны туралы кеңесті, балалар арасындағы дауларды шешетін әділетті әділқазы, ойын кезінде жолдас та бола алады. Мұғалім балалардың ойында жеңістер мен жеңілістерге мақтанышпен ренжу сезімдерінің болатынын есте ұстауы қажет. Мұғалімнің міндеті балалар қатынастарының адамгершілік жақтарына үнемі талдау жасап, балалар достығын қолдап отыру.

Ұстаз күнделікті білім беру, еңбекке баулу, ойындарды ұйымдастыру кезінде әр оқушының жеке тұлғасының қалыптасуына ізгілік сезімдерінің дамуына ықпал етеді. А. С. Макаренко: «Ойынның адам өмірінде зор маңызы бар, ол еңбекке әзірлейді және біртіндеп еңбекпен ауыстырылуы тиіс» деген. Балалардың өзін қоршаған өмірге белсенді түрге қатысуға деген ынтасы ойын үстінде көрініс табады. Ойын - олардың дүниені, шындықты тану жолдарының бірі. Бала ойын үстінде маңызды қоғамдық оқиғаларды көп ретте өз шама-шарқынша түсіне отырып, өзінше бастан кешіреді. Балалардың көңіл күйі осы ойын үстінде айрықша көрінеді және қалыптасады. Шындап берілмейінше ойын - ойын болмайды. Ойын оқиғаларына ынта ықылас төмендеді дегенше, ол тоқтады дей беріңіз. Ойын дегеніміз ешқашанда мәжбүр етуге міндеттілікке негізделмейтін қызмет түрі. Ойынның басқа қызмет түрінен айырмашылығы да осында. Түрлі

ойындар балалар ұйымдылығын ұйымдастыруға, қуанышты сергек көңіл-күйді қалыптастыруға көмектеседі.

Бала өзін ойын үстінде жайшылықтағыдан жоғары сезіне алатындықтан Макаренко оған аса үлкен тәрбиелік маңызы бар деп қарады.

Балалардың ойындары әр түрлі болып келеді. Балалар доп ойнайды, жіппен ойнайды, жасырынбақ ойнайды, шана тебеді тағы да басқа ойындар ойнайды. Балалардың бір бөлігі футбол, хоккей, волейбол ойындарын, дойбы. Шахмат ойындарын ойнайды. Тұрғын үйлер, метро салып, космонавтар болып, соғыс ойынын ойнағанда балалар басқа дүниеге келгендей әсер алады, өздерін құрылысшы, ұшқыш, әскери адамның орнында сезінетін болады. Мұндайда балалардың қиялдауға бейімділігі көрініс береді, қиялдауы дамып жетіледі. Педагог балалардың мазмұнды ойындарын ұйымдастыру арқылы олардың бойында жақсы адамдарға, батырларға қызығу сезімін тәрбиелейді.

Мұғалімнің міндеті - ойнап жүрген балаларды зер салып, бақылап олардың қарым-қатынастары қандай адамгершілік негізде құрылатынын біліп, дұрыс ықпал жасау. Чех педагогы Ян Амос Каменский (1592 - 1670), ол ойында баланың ең қажетті іс-әрекеттің табиғатына және бейімділігіне ең жауапты түрі деп санады.

Ойын баланың барлық маңызды ақыл - ой әрекеті, баланың қабілетінің дамуына, ойында айналасуындағы дүние жайлы түсініктері кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі.

А. С. Макаренконың айтуынша, ойында баланың физикалық, психологиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын балаланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп. Ойын - сабақ. ойын - жаттығулар, сергіту ойындары. Бұл интеллектуалдық мақсаттағы ойындар - оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді. Олар сөздік ойындар, столда ойнайтын ойындар, «жұп картинкалар», «лото», «домино» балалардың ойлау қабілеттерін дамытады (анализ, синтез) . Тіл сабақтарында зейінін, ойлауын, байланыстыра сөйлеуін дамытуда сөздік ойындардың маңызы зор.

Зерттеудің негізгі обьектісі: Балабакшаның даярлық тобындағы бала өміріндегі интеллектуалдық ойындар.

Зерттеу пәні: Даярлық тобындағы балаларды мектепке дайындауда интеллектуалдық ойындардың маңызы мен рөлін көрсету.

Зерттеудің мақсаты - интеллектуалдық ойындардың теориялық және практикалық негізде баланың жалпы дамуына әсерін анықтау; олардың негізгі кемшіліктерін аңғару, және баланың психологиялық тұрғыдан дайын болуын қамтамасыз ету және интеллектуалдық ойындардың маңыздылығын көрсету.

Ғылыми болжам: Егер интеллектуалдық ойындарда баланың анатомиялық - физиологиялық ерекшелігін ескере отырып ұйымдастырса, онда бала мектепке психологиялық жағынын дайын болып, білімді сапалы меңгерер еді.

Зерттеу міндеті төмендегідей:

1. Баланы мектепке дайындау үшін ойынның әдістемесін таңдау.

2. "Интеллектуалдық ойындар" түсінігін анықтау және нақтылау.

3. Баланың мектептегі оқуына жағымды ықпал ететін интеллектуалдық ойын ерекшеліктерін анықтау.

4. Ойын арқылы оқушылардың қабілетін дамыту, білімін тексеру, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.

Зерттеу көздері: - Қазақстан және шетел ғалымдарының ойын туралы жазылған ғылыми еңбектері: Ресми материал бала құқығын қорғау туралы Заң; Конвенция; Қазақстан Республикасы Конституциясы, Білім беру туралы заң; Мектепке дейінгі бағдарлама; Білім беру стандарты.

Зерттеу әдістері: Философиялық - әлеуметтік, психологиялық - педагогикалық әдебиеттерде теориялық талдау. Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы озат мұғалімдерінің іс - тәжірибелерін жинақтап қорыту. Ата - аналар, педагогтар, балалармен сауалнамалар, тест жүргізу; эксперимент нәтижелеріне баға беру, сұрыптау, өңдеу.

Зерттеу кезеңдері: Зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинақталып жүйеге келтірілді. Педагогикалық практика кезінде байқаудан өткізілді.

Ғылыми жаңалық: Интеллектуалдық ойынның бала дамуындағы алатын орны мен функциясы сипатталып, дәлелденеді. Интеллектуалдық ойындар сабақта және сабақтан тыс пайдаланудың мазмұны мен әдістемесі теориялық тұрғыдан дәлелденіп, практика жүзінде тәжірибеден өтті. Мектепалды даярлық топтарында пайдаланған ойындар жинақталып, кітапша түрінде пайдаланды.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу мәселелері.

2. Баланы мектепке психологиялық жағынан дайындауда интеллектуалдық ойындардың рөлі.

3. Баланы мектепке психологиялық жағынан дайындауда интеллектуалдық ойындардың маңызы мен рөлін анықтаудағы тжірибелік жұмыстар.

Зерттеу базасы: № 15 «Әсел» мектеп - бакшасы мектепалды даярлық тобы.

І-тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу мәселелері.

1. 1. Баланың мектепке психологиялық жағынан дайындау мәселелері жөнінде түсінік.

Бірінші сыныпқа қабылдау барысында психологиялық -педагогикалық зертеу диагностикасы баланың интеллектуалдық, сенсорлық-моторикалық қабілетін ескеретін тестерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Психологиялық зерттеудің мақсаты -баланың оқуға деген психологиялық дайындығы мен жеке басының даму деңгейін анықтау. Психологиялық дайындықты анықтайтын негізгі компоненттер. Жеке бас дайындығы- баланың жаңа әлеуметтік көзқарасын, арнайы өзінің міндеттері мен құқықтары бар оқушы ережесін қабылдауға дайындығын қалыптастыру. Баланың мектепке, оқу әрекетіне, мұғалімге, өзіне деген қарым-қатынасын көрсетеді. Сонымен қатар баланың жек дайындығына қызығушылық ортаның даму деңгейі де жатады. Мекткпке дайын деп сыртқы бейнесі емес, танымдық қабілеттерін дамытатын жаңа білім алуға мүмкіндіктері бар баланы айтамыз. Бала өзінің мінез-құлқы мен танымдық іс-әрекеттерін еркін ұстай білуі керек. Жеке бастың дайындығы баланың белгілі бір деңгейдегі дамуын көрсетеді. Инттеллектуалдық дайындық баланың дүние танымын, нақты білім қорының болуын көрсетеді. Балалар айналасын тұтас және бөліп қабылдайды. Ойлау операциялары, есте сақтау қабілеттері айқын көрінеді. Олар -саралап қабылдау, ой талқысынан өткізу, логикалық есте сақтау. Білімге деген қызығушылық, күш-қуатының артуы, сөйлеу тілін жылдам игеру, белгілерді ажырата білу қабілеті, қол қозғалысының белсендірілуі, көру мен қозғалу арасындағы үйлесімділік. Әлеуметтік-психологиялық дйындық баланың басқа балалармен, мұғаліммен еркін қарым-қатынасын қалыптастырады. Балаларды мектепте ортақ іс біріктіреді, сондықтан балалармен тез тіл табысып, басқалардың пікірімен санаса білуіне көңіл бөлінуі қажет. Физиологиялық дайындық бала ағзасының негізгі қызметтік жүйесінің даму деңгейі мен денсаулығы арқылы анықталады. Баланың оқуға деген физиологиялық дайындығын мектеп медбикесі жүйелі түрде белгілі көрсеткіштер бойынша жүргізіп отырады. Мектепке баланың психологиялық дайындығын анықтау диагностикасын жүргізуде денсаулығы мен физиологиялық дамуы есепке алынуы қажет. Баланың ақыл-ойы жетік дамығанмен, денсаулығы әлсіз болса, білімді игеру мүмкіндігітөмендейді. Бала ағзасы 5-7 жас аралығында көптеген өзгерістерді бастан кешіреді. Оқу жылының басында физиологиялық дамуы белсенді болады. Бала ағзасы 6-7 жаста мектептегі оқу жүйесіне дайын болатындығын, сонымен қатар сыртқы ортаның әсерлеріне өте сезімтал, ақыл-ойға, денеге түсетін күшті жасы кіші болған сайын ауыр қабылдайтыны ғалымдар тарапынан тұжырымдалған. Сондықтан да бірінші сыныпқа қабылданар алдында бала толығымен медициналық тексеруден өтеді. Бүгінгі күні баланың мектепке дайындығын анықтауда оның психолгиялық және физиологиялық дамуы басты назарда болып отыр. Психологиялық дайындықтың құрылымы мынадай бөліктерге бөлінеді.

  1. Жеке дайындық. Баланың жаңа қоғамдық ортаға дайындығының қалыптасуы бірнеше құқықтар мен міндеттерді қамтитын мектеп ережесінен тұрады. Мектепке оқуға дайын оқушы -мектепке қажетті оқу құралдарын түгелдеп ғана қоймай, сондай-ақ жаңа білім алу мүмкіндігі мен таным қабілеті жеткілікті дәрежеде дамыған бала болып табылады.
  2. Зияткерлік дайындық. Дайындықтың бұл түрі баланың нақты білімі мен ой-өрісінің ауқымын көрсетеді. Баланың танысып отырған материалына деген көзқарасы мен материалды жекелей әрі жоспарлы түрде қабылдау жүйесінің қалыптасуы маңызды. Сондай-ақ жалпылай ойлау формасы мен негізгі логикалық операцияларды атқарып, есте сақтай алуы да міндетті.

Зияткерлік дайындық негізінен баланың бойындағы оқу іс-әрекетінің бастапқы пайымдарын қалыптастыруды көздейді. Осы дайындық түрі жалпы алғанда төмендегілерді қамтиды.

-саралап қабылдау;

-аналитикалық ойлау;

-нақтылыққа талпыныс;

-логикалық есте сақтау;

-білуге құштарлық;

-сөйлеу тілін игеру;

-қолдың қозғалысы мен көру-қозғалыс үйлесімділігі;

3. Әлеуметтік-психологиялық дайындық. Дайындықтың бұл компоненті балада басқа балалармен, мұғіліммен қарым-қатынас жасай алатын сапаларды қалыптастыруды көздейді. Бала топ болып бірге жасап жатқан жұмыс үстінен түседі. Осы кезде балада өзін ортаға бейімдеу қабілеті өте қажет болады. Ол үшін балалармен араласып кетуге, олардың қызығушылығына ортақтасуына, оқу процесіндегі түрлі жағдайларға икемделуіне ықпал ету керек.

Мектепке келу кезеңі:

-мінез-құлықтың жана сапалық денгейге көтерілуі;

-әрекетке іштей талдау жасау;

-нақтылыққа жана танымдық қатынасының дамуы;

-қарым-қатынастың жаңа сапалы кезеніне өту болып табылады.

4. Бұл дайындық бала ағзасының қызметі мен денсаулық жағдайының даму деңгейімен анықталады. Баланың мектепке дайындығын дәрігерлер арнайы өлшемдермен белгілейді. Баланың мектепке оқуға психологиялық және физиологиялық дайындығын анықтау кезінде денсаулық жағдайы басты назарда болуы шарт. Өйткені білімді игеруге, оқуға деген қызығушылығы басым болғанымен, денсаулығы сәйкес келмеуі мүмкін. Ондай балалар жай, қатардағы мектептерде оқығаны жөн.

Мектепке білім алуға дайындау мәселесі-балалар психологиясының өзекті мәселесі. Бұл мәселені белсенді зерттеушілердің пікірі өте ауқымды, бұл түсінікке әр жағынан ауқымды түсіндіреді.

Баланың даму барысында шкалалар кең түрде қолданылады және баланы стандартты бақылаулар арқылы баланың дамуын жас ерекшелік нормасына сәйкестендіру. Диагностиканы жүргізу барысында баланың сөйлей алуы, экспериментаторға тұлға ретінде қарауы нәтижесі баламен дұрыс қарым қатынас жасаудың негізі. Мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қоры әлі де дамып, қалыптасатындықтан толқымалы тестерді қолдану мүмкіншіліктері шектеледі. Сондықтан зерттеушілер орнықты методикалар қолдануды ұсынады. И. Шванцар (1972) мен А. Анастази (1982) пікірлер бойынша диагностика үшін баланың моторлық-танымдық сферадағы дамуы, сөйлеуі мен әлеуметтік мінез-құлқы маңызды орын алады. Мектепке білім алуда компонентті сапа бөлу үшін И. Шванцар мектепке білім алу үшін міндетті түрде ақыл-ойының дамуы деңгейлі, концентрацияға қабілеттілігі, шыдамдылық, жетістікке жетуге деген талап, қызығушылығының дамуы, білім алуға қабілеттігі, сондай-ақ әлеуметтік мінез-құлқы қалыптасу керек деп есептейді.

Кеңес оқымыстыларының зерттеулері бойынша мектепке дайындық көп компонентті жүйелік білім. Бұл ойды қолдаушылардың бірі Л. И. Божович 1960-шы жылдардың өзінде-ақмынаны көрсеткен болатын. Оның ойынша мектепке білім алуға дайындық негізі-ойлау әрекетінің даму деңгейі, танымдың қызығушылары, оқушылық өмірдегі әлеуметтік позицияның болуы деп санайды.

А. Запорожецтің пікірінше мектепке білім алуға дайындық баланың мінез-құлқының өзара байланысы, танымдың даму деңгейі; аналитикалық-синтетикалық әрекеттер, ерік механизмнің қалыптасу деңгейі анықтайды деп есептейді. Бұл мәселені Л. А. Венгер мен оның әріптестері теориялық аспекті тұрғыдан өзара жуыңтатады. Барлық психологиялық қасиеттер адамда оның іс-әрекеті арқылы қалыптасады. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балада таза «мектептік қасиеттер болуы мүмкін емес, өйткені олар да кез келген психикалық процесстер сияқты іс-әрекетте дамиды. Бұдан шығатын қорытынды мектепке психологиялық дайындық оның «мектептік қасиеттерінің қалыптасуында емес, оның қалай оқып, үйреніп кетуінде.

Қазіргі уақытта ақпарат беттерінде баланы мектепке дайындау мәселесі бойынша әр түрлі даулы пікірлер айтылуда. Бастауыш сынып пен мектепке дейінгі мекемелердің дәстүрлі талаптары мен іс-әрекеттері ешқандай талаптанушылықты ақтамайды: баланы кішкене кезінен бастап оқыту мен жаздыру. Бастауыш сынып пен бала-бақша арасындағы байланыс жоғалған, мектепке дейінгі мекемелердің спецификасы жоғалған. Өйткені баланың дамуы оқыту әрекеті көп мән берілгендіктен бұл мәселе екінші жолға ысырылған. Сондықтан да біз мектеп жасына дейінгі жеке-тұлғалы модельді тәрбиелеу концепциясына түсіністікпен қарастырдық.

Соңғы жылдары мектепке психологиялық дайындық ТМД елдерінде психодиагностикалық методикалармен толықтырылуда. Жоғарыда көрсетілгендей білім алуға дайындық - көп факторлы феномен, бұл көп психологиялық зерттеулер комплексін талап етеді. Дәлел ретінде білім алуға психологиялық дайындығын анықтау бір-ақ тестпен шектелмеуі тиіс.

Мектепте білім алу - бала өміріндегі маңызды этаптардың бірі. Сондықтан да үлкендердің, балалардың мектепке бару кезеңі жақындаған сайын қобалжулары түсінікті жағдай. Көптеген бірінші сыныптар үшін мектеп талаптарын орындау оңай емес. Сондықтан да оқу кезеңі басталмай тұрып, мектеп талаптарына баланың психикалық мүмкіншілігі қанша мықты дәрежеде екенін анықтап алған дұрыс.

Баламен жұмыс істеу барысында еске алар жағдай бала психологиясын зерттеудің өзіне тән ерекшелігі бар екенін түсіну. Мектепке дейінгі балалық-шақ адам өміріндегі өте қысқа кезеңі, бар болғаны жеті-ақ жыл. Бұл кезеңде даму деңгейі жылдам тез қалыптасады. Ештемеден хабарсыз өмірге жаңа келген нәресте тез арада-ақ белсенді, өзінше жеке тұлғаға айналады. Бала психикасы барлық жағынан қалыптаса бастайды, оның одан әрі дамып жетілуінің негізі қаланады.

Мектеп жасына дейінгі психикалық дамудың қандай негізгі бағыты бар?

1. Жеке тұлға қалыптасады. Бала өзінің «Мен» екендігін түсінеді. Өзінің белсендігін, іс-әрекетін дұрыс бағалай алады.

2. Бала іс-әрекетінің ауқымы кеңейеді. Ол тек қана ата-анасымен ғана байланысқа түспей басқа да үлкендермен, құрдастарымен, құрбыларымен қарым-қатынас жасай бастайды.

3. Бұл кезеңде танымдық даму жүреді. Баланың сөйлеуі қалыптасады. Психикалық процесстердің ерекшелігі қалыптасады, яғни өз психикалық процестерін басқара алады, танымдық іс-әрекетте мақсат қоя алады, жеткен жетістіктеріне бақылау жасай алады.

Баланы дұрыс тәрбиелеп, оқыту үшін оның психологиясын терең түсіну керек. Ал психологиясын түсіну үшін методикалық психологиялық зерттеулерді білу шарт. Сонымен қоса бала зерттеудің арнайы объектісі екенін түсіну керек. Оның психикасы қалыптасу, даму кезеңінде сондықтан нақты принциптер мен методтарды жүргізе, ұйымдастыра алу қажет.

Гуманизм принципінің негізгі талабы төртеу: бүлдіріп алмау, балаға аса сақтықпен, аялай, қамқор көзқараспен қарау керек, Қойылған диагноз оның негізгі даму деңгейін ғана анықтамай, алдағы өміріне де жол ашуы мүмкін.

Комплекстік, бір ізділік, жүйелік принциптері белгілі бір уақыттарда баланы осы принциптер бойынша оқып-білу. Әр жеке ерекшелігін, психикалық құрылым қасиетін, басқа да психикалық дамулармен байланысын анықтау өте маңызды.

Жеке және тура жағдайда жүргізу принципі әр баланың психикалық даму заңдылығы ерекше және қайталанбайтындығын аңғартады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаға сипаттама
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
МЕКТЕПТЕГІ ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ МЕН ОНЫҢ СИПАТЫ
Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру жайлы
Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға сюжетті - ролдік ойындарды қолданудың теориялық негіздері
Оқытушылардың іскерлік ойындарын колледж оқушыларын оқытуда қолдануы
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану әдістері мен тиімділігі
Баланы мектепке психологиялық жағынан дайындаудағы – интеллектуалдық ойындардың ерекшелігі
Бастауыш сынып оқушыларды тәрбиелеу бағдарламасы
ЕРКІН ОЙЫН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz