МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ ОҚУ - ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ
1. 1 Мектепке дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесінің теориялық негіздері . . . 9
1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдіс-тәсілдері . . . 14
ІІ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
2. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде жүргізілген іс-тәжірибе жұмыстары . . . 26
2. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету бойынша жүргізілген іс-тәжірибенің екінші кезеңі . . . 39
2. 3 Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудегі іс-тәжірибелік жұмыстардың қорытындысы . . . 41
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 48
ҚОСЫМША . . . 50
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Адамзат тілінің шығуы өте ерте заманнан, арғы дәуірден басталады. Тілдің шығуы адамның өзінің пайда болуымен, қоғамның, ұжымның пайда болуымен тығыз байланысты.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөз қоры мен сөйлеу дәрежесі жайлы ғылыми-методикалық әдебиеттерге назар аударсақ, көрнекті психолог-педагог ғалымдар баланың сөздерді меңгеру ерекшеліктерін егжей-тегжейлі қарастырғанын байқауға болады. Мысалы, баланың сөздің негізгі мәнін түсінуі туралы (Л. С. Выготский, А. А. Люблинская, т. б. ), психикалық өзгерістер мен баланың түрлі іс-әрекеттерін жетілдірудегі сөздің әсері жайлы (А. Р. Луния, Ф. Я. Юдович, З. М. Истомина), сөздің дыбыстық құрамын меңгеру ерекшеліктері жөнінде (Н. Х. Швачкин, А. Н. Гвоздев), сөздің грамматикалық формаларының бала тілінде қалыптасуы хақында (В. П. Вахтеров, Ф. А. Сохин, А. В. Захарова, М. И. Попова), сөзді қорды меңгеру заңдылықтары туралы (Е. А. Аркин, Н. А. Рыбников), т. б. жазылған еңбектер осының айғағы.
«Балабақшада оқыту және тәрбиелеу программасында»: «Баланы сөйлеуге үйрету - тілін дамыту мәселесі барлық сабақта жүзеге асырылады», - делінген. Программаның осы бөлімінде тілдің қоғамдық рөлі, оны дамыту, тіл тазалығы, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту, мәнерлеп сөйлеуге үйрету, тіл мәдениетіне, көркемсөз өнеріне баулу мәселелері жөнінде кеңірек әңгіме болады.
Мектепке дейінгі педагогика мен психология ғылымы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту мәселелеріне жан-жақты көңіл бөліп, бұл жұмысты ақыл-ой тәрбиесімен бірлікте қарастырады. Өйткені ойлау процесі заттар мен құбылыстардың жалпы сипатын, заңды байланыстары мен кейбір ерекшеліктерін бейнелесе, сол заттардың шындық болмысы ойда сәулеленіп, яғни ұғым сөз арқылы танылып, ой сөйлеу арқылы білдіріледі.
Көрнекті методист-ғалымдардың бір тобы (Е. И. Атихеева, А. П. Усова, А. И. Леушина, О. И. Соловьева, т. б. ) мектеп жасына дейінгі балаларды ана тілінде сөйлеуге үйрету әдістерін жан-жақты талдап, тәрбиелеу, оқыту проблемаларын қарастырды. Бірсыпыра ғалымдар (Т. А. Маркова, М. М. Коцина, Е. Ф. Лукина, т. б. ) баланың тілін дамытып, адамгершілікке тәрбиелеуде әдеби шығармалардың алатын орны мен маңызына тоқталды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу, ойлау, қабылдау, даму ерекшеліктері мен оның заңдылықтары туралы зерттеулер, тұжырымды пікірлер қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі тәрбие ісіне мол үлес қосып отыр.
Байланыстырып, грамматикалық формаларды дұрыс келтіріп сөйлеуге үйрету, лексикалық жүмыстармен бірлікте жүргізіледі (щығарма, сурет, картина мазмұнына талдау жасау, ойыншық, киім т. б. заттарды сипаттау, салыстыру) .
Байланыстырып сөйлеуді дамыту сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу ісімен де тығыз байланысты. Себебі сөздің дыбысталу мәдениетін меңгерту жеке сөйлемдерді аңғаруға, сөйлемнің басталу, аяқталу кезін сезініп, үн, ырғақ, дауыс қарқынын ажырата білуге негіз болады. Мысалы, арнайы өтілетін тіл дамыту сабақтарында сөздің дыбыстық құрамын мәнерлі айтуға үйрету үшін «Күзде», «Мамандықтар» т. б. тақырыпта әңгіме құрату қолайлы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев университетінде "Қазақстан білім қоғамы жолында" тақырыбында оқыған дәрісінде.
"Мектеп жасына дейінгі білім беруді жаңарту одан әрі жалғасуы тиіс, болашақта көп қырлы тұлға қалыптастыру үшін негізде дәл сонда қаланады.
Сондықтан мен үкіметке мыналарды тапсырамын:
1. Озық халықаралық тәжірибе негізінде мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім беруге оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін енгізу қажет. Олар инновациялық, ал білім беру технологиясы креативті болуы тиіс.
2. Балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту мәселесіне қатысты жүйелі ұсыныстарды егжей-тегжейлі әзірлеу қажет.
3. Мектеп жасына дейінгі білім беру деңгейінде үш тілді оқытуды жаппай енгізуді қамтамасыз ету қажет", - деді.
Бала тілін сәби кезінен бастап дамыту олардың ойын өрбіту, сол арқылы жеке басының қалыптасуына жағдай жасау - оқу тәрбие мәселесіндегі негізгі мақсаттардың бірі. Бала өз ойын тіл арқылы жеткізеді. Ал бала тілінің дамуы, оның сөйлеу мүмкіндігінің қалыптасуы бірден пайда болмайтын күрделі психологиялық процесс. Ол жүйелі жүргізілетін жұмыс түрлерінің негізінде жүзеге асады.
Кез келген адамзат баласы өзін қоршаған өзге адамдар мен қарым қатынас жасайды. Ал, қарым - қатынас тіл арқылы, сөз арқылы жүзеге асады. Мектеп жасына дейінгі балалар сөйлеуді ата - анасының, туған - туыстарының және тәрбиешісінің көмегімен, сонымен қатар құрбыларымен тілдесу арқылы үйренеді. Міне осы кезде баланы дұрыс дыбыстауға, сөйлемді дұрыс құрастыруға, яғни дұрыс байланыстырып сөйлетуге үйрету керек. Ал, байланыстырып сөйлеу дегеніміз айтылған сөздерді игеріп - оның компоненттерін - сөйлемді, сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып сөйлеуді айтамыз, яғни, бұл қатесіз дұрыс сөйлей білу.
Ал осыны болдырмау үшін балаға тілдік белгілердің байланысуының нәтижесінде қолданылатын тілдік белгілердің әрқайсысы өзінің бастапқы мағынасынан өзгеше жаңа мағынаға ие болатындығын түсіндіре білу керек. Мысалы, балаға қой дегенді үйретсек, сол сөзден сөйлем құрастыруда бұл сөз басқа сөздермен байланысқа түсу үшін бұл түбір морфемаға қосымшалы -ға, сияқты жұрнақтар жалғанатынын үйретеміз. Мысалы, қойға су бердім, қойды қораға қамадым. Сол сияқты көп мағыналы сөздер көп болғандықтан мектеп жасындағы балалар сол сөздердің қайсысы қандай жағдайда айтылатынын білмейді, соның салдарынан сөздерді бір-бірімен байланыстыра алмайды. Балаларда сөздің көп мағыналығын түсіну тек байланысты тексттермен жұмыс жүргізу кезінде дамиды. Көп мағынаны түсіндіру үшін көп мағыналы сөздер кездесетін шағын мәтіндерді оқып сол мәтіндегі көп мағыналы сөздермен түсіндірме сөздігін өткізуге болады. Сәбидің дұрыс сөйлеуін қалыптастыру үшін, ата -ана мен мұғалімдер оған үнемі жаттығулар беріп, онымен әңгіме немесе сұхбат жүргізіп және осы іс-әрекеттер кезінде оның сөздерді байланыстырып дұрыс сөйлеуін қадағалап, оған түзету, ескерту жасап отыру керек. Ауыспалы мағыналы сөздер ұқсастыққа байланысты айтылатын болғандықтан сол ұқсастықтарды салыстыра отырып үйреткен жөн. Мысалы құлақ алсақ, бұл сөз ыдыс аяқтың ұстайтын жеріне байланысты айтылады, есіктің тұтқасын кей кездері құлақ дейді, сонымен қатар адамның да құлағы болады, сол себепті осы сөзді контекстте қолдануға байланысты, өзімен байланысқа түсіп тұрған сөздердің мағынасына қарай мағынада қолданылып тұрғаны ажыратылатындығын айту керек. Міне осындай морфема, сөз тіркестерінің жасалуы мен қолданылуын дұрыс түсініп, еркін меңгерген бала сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуге тез үйренеді.
Зерттеу объектісі: №1 «Арман» мектеп-бақшасының, №14 «Гүлдер» ересек тобы мен №12 «Моншақ» ересек тобы.
Зерттеу пәні: Мектепке жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі.
Зерттеу мақсаты: Мектепке дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде ғылыми-теориялық тұрғыда негізделген тиімді әдіс-тәсілдер арқылы үйретудің әдістемелік жүйесін негіздеу және тәжірибеде қолдануға ұсыну. Балалар мекемелеріндегі оқу-тәрбие жұмысының мақсаты - баланы жан-жақты дамыту, мектептегі оқу ісіне дайындау.
Зерттеу міндетттері:
1. Мектепке дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесінің теориялық негіздері.
2. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдіс-тәсілдерін қолдана отырып үйрету.
3. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің жолдарының мазмұны.
Ғылыми болжамы: сабақтарда мектепке дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету қабілеттерін дамыту тиімді болады, егер:
- мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жолдары сапалы болса;
- тіл дамыту сабағында байланыстырып сөйлеуге үйретуде көркем шығармалардың ауыспалы және астарлы мағыналы ойларды түсініп, оларды қолдана білсе;
- балалардың қарым-қатынас жасай білуіне, өз ойын жүйелі жеткізуіне баса назар аударса.
Зерттеу әдістері: Жұмыста баяндау, сипаттау, салыстыру, тәжірибені байқау, ой-пікірлерді жинақтау, қорыту; тіл дамыту барысындағы тапсырмаларды орындау дәрежесін тексеру, бекіту, бақылау әдістердің тиімділігін эксперимент арқылы тексеру; тәжірибелік - эксперимент жұмысының мәліметтерін қорытындылау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Балабақша топ балаларының тілін дамыту барысында жүргізілетін дидактикалық жұмыстар жүйесінің психологиялық, педагогикалық, лингвистикалық негіздері нақтыланды.
Дидактикалық ойындардың ішінен тіл дамытуға қатысты тапсырмалар іріктеліп, олардың түрлері анықталып, ерекшелігі айқындалып, тиімділігі дәлелденді. Балаларды түрліше дамытуға, қызығушылықтарын арттыруға арналған тіл дамытуға қатысты әр түрлі тапсырмалар ұсынылды.
Балабақша топ балаларының оқуға деген қызығушылығын арттыруда байланыстырып сөйлеуді қолданудың талаптары анықталды, біршама талдаулар жасалынды.
Зерттеудің теориялық маңызы: Балабақшада оқуға деген ынта-жігерін, қызығушылығын арттыруға байланысты дидактикалық ойындар ғылыми-теориялық негізі лингвистикалық және әдістемелік тұрғыдан зерттелсе, жұмыстың нәтижелері тіл білімі, әдістеме, педагогика ғылымдарының теорияларын жетілдіріп, балалардың байланыстырып сөйлеуін одан әрі дамытуға мүмкіндік жасайды.
Зерттеудің практикалық маңызы: Зерттеудің нәтижелерін оқытудың мазмұны мен тәсілдерін жетілдіру үшін тәрбие оқулықтарын қосымша ретінде пайдалануға болар еді. Жұмыс топта тіл дамыту жолдарын оқытуды жаңарту үшін тапсырмаларды түрлендіріп оқытуда бағыт-бағдар беріп, білім беру жүйесін дамытуға өзіндік үлес қосары сөзсіз. Балабақша топ сабақтарын сапалы өткізуге көмектеседі, балабақша мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне іс жүзінде пайдасын тигізеді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ ОҚУ - ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ
1. 1 Мектепке дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесінің теориялық негіздері
Мектепке дейінгі шақ - балалардың сезімдік тәжірибесінің орасан молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың балаға тән түрлерін игеру, қиялдың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамаларының қалыптасу кезеңі болып табылады. Баланың сөйлеу тілін дамыту, меңгеруге бағытталған материалдарды жинақтай отырып, тілін дамытуды ұйымдастыру, баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру тіл дамытуда әдіс- тәсілді тиімді пайдаланып, оны түрлендіру болып табылады [1] .
Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады және тілі дами түседі. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойландырады. Ойларын айтып жеткізгісі келеді. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі мүмкін [2] .
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл - ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Мектепке дейінгі жас - естің және тілдің қарқынды даму жасы.
Тәрбиеші-педагог баланы ертеңгі болашағына дұрыс көзқараспен қарай отырып, баланың мінез құлқын сана - сезімнің тілінің жетілу дәрежесін, таным үрдістерін (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып дамуын қадағалап, әрі дұрыс бағдар беру керек. Балалардың тілдерінің дамуы, байланыстырып сөйлеу дағдылары (зейін, қабылдау, есту, ойлау, есте сақтау) - қабілеттерін қалыптастыру болып табылады [3] .
Балалардың ақыл-ойын, санасын дамыта отырып өздігінен жұмыс істей білуіне ерекше көңіл бөлеміз. Ақыл - ойдың дамуымен тікелей байланысты. «Сөз ойдың көрінісі: ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр» деп В. Г. Белинский айтқандай, тіл-ойдың сыртқы көрінісі.
Тіл - адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы болғандықтан, тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі де ерекше. Сондай-ақ тіл ұлт мәлениетінің басты көрсеткіштерінің бірі екені белгілі. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының белгілері көрініс табады.
Ал тілді, тіл мәдениетін игеру - баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін процесс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасыдан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуге тиіс.
Тіл өнері - халық даналығы, атадан балаға, баладан немере-шөбереге, немере мен туажатқа ұрпақ-бұтақ атаулыға мыңдаған жылғы қорек пен өмір қажеті.
Ой дамыту - тіл дамытумен ұштасады. Тіл дамытудың тиімді құралдарының бірі - жаңылтпаш, жұмбақ айтқызып, оның шешімін табу. Себебі бұлар баланың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін ұстартып, ойын дамытуда маңызды рөл атқарады. Баланың тілін шыңдай түсіп, асықпай, жатық еркін сөйлеуіне көмектеседі. Жаңылтпаштар балаға затты аңғаруға, ой-өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмейтін дыбыстарды анық айтуға жаттығады. Жұмбақтарда аталған нәрсенің сипат белгілеріне қарап, балалар олардың шешімін табады. Балаларды тез ойлауға, шапшаң жауап беруге, алғырлыққа, тапқырлыққа үйретеді [4] .
Балабақша балаларының айналасындағылармен түсінісуіне, білім алуына жағдай жасау арнайы түрде оқыту үдерісі арқылы жүзеге асырылады. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту әдістемесі - әрі педагогика, әрі психолингвистика негіздеріне сүйене оқытылатын пән. Методологиясы - мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу туралы мектепке дейінгі педагогика және психология ілімдері және мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту ғылымының заңдылықтары мен қағидалары болып табылады. Тіл дамыту әдістемесі ғылымының тілдік міндеттеріне баланың сөздік қорын дамыту, дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу, грамматикалық формада дұрыс сөйлеуін қалыптастыру және сауатын ашу, көркем әдеби шығармалармен таныстыру жатады. Тіл дамыту әдістемесі мәнерлеп оқу әдістемесімен өзара байланыста, тәжірибелік сабақтарда және сабақтан тыс жағдайларда әдеби мәтіндермен ұштастырыла жүргізіледі. Жас ерекшеліктеріне орай топ балалары алдында айтылатын сөздің әсерлі шығуы мектеп жасына дейінгі балаларды оқытып, тәрбиелейтін тәрбиешінің сөз, сөйлеу өнерін меңгеруіне тікелей қатысы бар [5] .
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету ісінде құрылыс материалдары рөлін атқаратын - оның сөздік қоры. Ендеше, бұл жұмыста сөздік қорына баса көңіл бөлінеді. Бала тәрбиесі мен шұғылданатын педагогтар, ата - аналар балаға жеке заттардың атына байланысты сөздерді үйрете отырып, ол сөздердің тура мағанасы мен ауыспалы мағанасына, сөздің көп мағыналылығына зер салғаны жөн. Яғни сөздің семантикалық жағына көңіл бөлуі керек. Ұқсас және бір текті заттарға байланысты ұғым беретін жалпы мағыналы сөздерді үйрету (киім, ыдысі жеміс, тағам, мүлік, мал т. б. ) [6] .
Балалар ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін түсінуден, - естілген дыбыс ағынын ұғудан бұрын жекелеген сөйлемдерді, сөз тіркестерін, сөздерді, морфемаларды үйренеді, яғни оларды айтылып жатқан сөз ағынынан бөліп ұғынады. Байланыстыра айтылған сөздерді игеру - оның компонеттерін - сөйлемдерді, сөздерді және т. б. мүшелерін - даралап айыру қабілетін дамытпайынша мүмкін болмайды. Баланың осы қабілетін дамытуға көмектесу және сол арқылы оның байланыстыра сөйлеуді үйренуін жеңілдету үшін дидактикалық тілдік материалдарды әзірлеу кезінде әдетте қиындық тудыратын сөз тудыру мен грамматикалық тұлғалардың кейбір ерекшеліктерін есепке алу қажет.
Баланың жан-жақты дамуы ең алдымен оның үлкендермен қатынас тіліне дұрыс түсуіне байланысты. Үлкендер - адамзат баласының бар тәжірибесін, білімін, мәдениетін өз қолының ғана көмегімен бере алатын тұлғалар. Олай болса, теория бойынша тіл-адам қатынасының негізгі құралы дегенді ұмытпай, қатынас құралы болумен қатар тілдің адам білімін жетілдіретін хабарлау қызметі, бала жанын баурап алатын сезімдік қасиеті үлкендер тарапынан әрдайым қажет. Баланы алдымен өз ана тілінде тілі шығуы, дамуы, не болмаса екінші тіл ретінде ана тілін үйренуі ата-ана мен айналасындағылардың, қазақ тілі мұғалімінің, тәрбиешісінің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады [7] .
Сонымен, балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің дамуы төмендегідей нақты міндеттерді орындағанда жүзеге асырылады:
- Баланың сөздік қорын қалыптастыру, оны белсенді түрде байыту;
- Бала тілінің дыбыстық жағын жетілдіру, мәнерлі де мәдениетті сөйлеуін тәрбиелеу;
- Тілдің грамматикалық жағын қалыптастыру, грамматикалық формалардан ауытқымай сөйлеуге машықтандыру;
- Ауызекі сөйлеу тілінің қалыптасып, дамытылуын іске асыру;
- Өз ойын монологты түрде байланыстыра жеткізе білуге үйрету;
- Көркем сөзге баулу;
- Сауаттылыққа үйрету.
Баланың үлкендермен тілдік қатынасқа түсуі олардың сезімдік қатынасынан басталады. Бұл баланың үлкендермен қатынасқа түсуінің басы болып табылады. Бала тіл дамытудың алғашқы кезеңінде-ақ үлкендер [8] .
Кез келген адамзат баласын өзін қоршаған өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Ал, қарым-қатынас тіл арқылы, сөз арқылы жүзеге асады. Мектеп жасына дейінгі кішкене балалар сөйлеуді ата-анасының, туған-туыстарының және тәрбиешісінің көмегімен, сонымен қатар құрбыларымен тілдесу арқылы үйренеді. Міне, осы кездерде баланы дұрыс дыбыстауға, сөйлемді дұрыс құрастыруға, яғни, дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйрету керек. Ал, байланыстырып сөйлеу дегеніміз айтылған сөздерді игеріп - оның компонеттерін - сөйлемдерді, сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып сөйлеуді айтамыз, яғни бұл қатесіз дұрыс сөйлей білу. Әңгіме сөйлемдерден тұрады, ал сөйлем сөздерден құралады [9] .
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің мақсаты мен міндеті оларды дұрыс дыбыстауға, сөздерден сөйлем құрастыра білуге, сөз тіркестері мен сөйлемдерді мағынасына сай дұрыс байланыстырып әңгіме айта білуге үйрету болып табылады. Мектепке дейінгі кішкене балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуді ерте жастан бастап қолға алған жөн. «Қына тасқа бітеді, ақыл жасқа бітеді» деп дана халқымыз айтқандай әлі мектеп жасына толмаған балаларды есі толық жетілмеген, толыспаған деп салғырт қарамай, сол кезден бастап дұрыс мағыналы, ең басты жүйелі сөлеудің қаруы мен жарақаттандырған жөн болады. Ал, олардың байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру тікелей ата-анамен балабақша тәрбиесінің қолында. Ата-ана баламен көбінесе диалог түрінде сөйлеседі. Осылайша олардың сұрақ пен жауап арасын байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру тәрбиешінің жемісі [10] .
Бүгінгі балабақшада тілді үйрететін орта - баланың айналасындағы адамдардың сөйлеу тілі. Бала негізінен тілді ананың құрсағында жатып-ақ естуінің мәні зор. Бұл орайда, республикалық телехабарлардың, радиохабарлардың бағдарламалық материалдардың мемлекеттік тілде күнделікті берілуі қамтамасыз етілуі тиіс. Ана тілінің негізін қабылдату, не басқа ұлт балаларына мемлекеттік тілдің бастапқы тұлғаларын меңгерту баланың байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру әдістемесін жақсы білу қажет. Әр жас кезеңдерінде қарата берілетін сөздік қордың, сөз ішіндегі, тіркес аралығындағы дыбыстардың дұрыс айтылуын біліп қана қоймай, оларды өзара байланыста алып, грамматикалық құрылысын тиімді мақсатты толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді [11] .
Балаларды асығып-аптықпай немесе тым жайбарақаттыққа салынбай, байсалды сөйлеп үйрену, өзін дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz