Мектеп кітапханасы және оның мақсаттары мен міндеттері
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Қамытаяқова Бибігүл
мектеп кітапханасы және оның мақсаттары мен міндеттері
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Мамандығы: ________________________
Көкшетау 2014
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4–12
І-тарау. МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫ МАҚСАТТАРЫ МЕН
МІНДЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...15–4 9
1.1.Мектеп кітапханасындағы тәрбиенің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-21
1.2.Ақпараттық мәдениетті
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44-51
ІІ-тарау. МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА БИБЛИОГРАФИЯНЫҢ
ҚЫЗМЕТІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 51-62
2.1. Библиография сабақтар арқылы оқырмандырдың көркем әдебиетке
қызығушылықтарын
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 62-67
2.2. Библиографиялық туралы
ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..67-70
ІІІ-тарау. МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ
ЕНГІЗУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 71-74
3.1.Мектеп кітапханаларында маркетингтік қызметтің сапасын
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..74-78
3.2. Электронды қызмет
көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
8-80
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 81-82
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .83-
84
ҚОСЫМШАЛАР
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Білім берудің жаңа парадигмасы контектісіндегі ең негізгі міндеттердің
бірі - оқушылардың ақпараттық мәдениетін көтеруді жетілдіру, олардың оқу
дағдыларын меңгеруіне, өз бетінше білімін тереңдетуіне ықпал жасау. Білім
сапасының жаңа жетістіктерін қол жеткізетін маңызды ақпараттық ресурстар
орталығы ретінде мектепкітапханасының кітапханалық кеңістікте алатын орны
ерекше. Мектеп кітапханасы біріншіден, оқу үрдісін қажетті ақпараттармен
және құжаттармен қамтамасыз ететін болса, екіншіден, ол арнаулы кітапхана,
үшіншіден сол мектептің бүкіл педагогикалық жұмысын, мектеп оқушыларын
мектеп бағдарламасына қосымша және бағдарламадан тыс ақпараттармен
қамтамасыз ете отырып, көпшілік кітапхана қызметіне де жақындайды. ИФЛА
және ЮНЕСКО (1999ж) манифестісінде кітапханалық ақпараттық жүйедегі мектеп
кітапханасының негізгі миссиясы мен міндеттері туралы: Мектеп кітапханасы
- мектеп ұжымының барлық мүшесіне оқулық бағдарламаларды кітаптарды және
басқа ресурстарды ұсына отырып, пайдаланушылардың ойлау және ақпараттың
барлық түрін тиімді пайдалану жүйесін дамытады- деген нақты тұжырым бар.
Мектеп кітапханасының алдында тұрған басты мақсаттарының бірі
оқушылардың оқу дағдысына қалыптастыруға ақпаратқа қол жеткізуге, соның
ішінде өзіне қажетті білімді іріктеп, таңдап алуға үйрету. Ол мектеп
оқушылары мен оқушыларына біліми орта құру арқылы ақпараттар көзінің
мүмкіндіктерін аша отырып, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал
етеді.
Ал, ақпараттық мәдениеттің құндылығы - жеке тұлғаға өзін-өзі іс жүзінде
көрсетуіне және өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндіктер туғызу арқылы өмірлік
көзқарасын , санасын, өмірлік танымының қалыптастыруына қоғамдық ортадағы
орнын анықтауына ықпал ете отырып, рухани тұрғыда байытады.
Жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру үздіксіз
білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Біріншіден,
ақпараттық мәдениет жеке тұлғаның әлеуметтік жағынан қорғалуына, өздігінен
білім мен қарулануға дағдылануына, өзінің жеке тәртібі мен мінез-құлқын
қалыптасуына тікелей әсер ететін құрал ретінде көрінеді. Екіншіден -
ақпараттық мәдениет еріктен тыс әрекеттерден қорғауға, кез-келген саланың-
әлеуметтік, экономикалық техникалық салалардың принциптік негіздегі
шешімдерін жан-жақты талдай отырып кепіл болуға әрекет етуші құрал.
Бұл оқу-тәрбие үдерісіндегі мектеп кітапханасының мәртебесін көтереді.
Сонымен қатар қазіргі таңда ақпараттық - кітапханалық жүйеде орын алып
отырған инновациялық үдерістер әсері мектеп кітапханасынан да заман
талабына сай жаңаша келбет, жаңаша серпін қалыптастыруға ықпал етіп
отырғаны белгілі.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта қоғамдық ақпараттандыру, білім беруді
ақпараттандыру деген сөз тіркестері біздің сөздің қорымызда жиі кездеседі.
Олай болса ақпараттандыру дегеніміз ғылыми-техникалық прогресс
жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам
өміріне іс-әрекеттік интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен
ролінің жоғарылауына байланысты объективті прогресс. Ол оқыту мазмұны,
әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерістерін тездетеді. Бұл үрдістегі
негізгі мәселе: білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып отыр.
Ақпарат құралдары халықтың, әсіресе, жас ұрпақтың рухани, мәдени
құндылықтарынан білім алуына зор ықпал етеді. Осылардың ішінде ұрпақ
тәрбиесіне тікелей ықпал жасау мүмкіншілігі басым тұрғаны мерзімді
баспасөз. Өйткені, газеттер қоғамдық пікірді қалыптастыруда халыққа бір
табан жақын. Еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаев Қазақстан-2030 даму
стратегиясы мен ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі
бағыттары атты Қазақстан халқына Жолдауында Біздің бұқаралық ақпарат
құралдарының қоғамымызды демократияландыру барысындағы ролі мен орны айқын
анықтап алуымыз керек ... ең демократияшыл бұқаралық ақпарат құралдары
ұлттық мүддені қорғауға келгенде айқын тұғырда тұрады деп атап
көрсеткендігін үнемі есте ұстауымыз қажет.
Мерзімді баспасөз жұртшылыққа бағыт-бағдар беруде, тәлім-тәрбиеге қатысты
өзекті жайттарды қозғауда негізгі құрал болып табылады.Осы орайда,
дипломдық жұмыста мектеп кітапханалар мақсаттар мен міндеттерінің
ақпараттық мәдениеттің құрамдас бөлігі және әлеуметтік феномен ретіндегі
теориясы мен практикасының мазмұнына шолу жасалынып, оқу дағдысына
қалыптастыруға ақпаратқа қол жеткізуге, соның ішінде өзіне қажетті білімді
іріктеп, таңдап алуға үйрету. (шетелдік, ресейлік, отандық тәжірибесінен)
тарихына шолу, жарнамалық қызметтің маркетингі, менеджменті, заңдастырылуы
мәселелері; жаңа мазмұнды кітапхананың жағымды имиджін, бейнесін жарнама
құралдары арқылы қалыптастыру; қазіргі шетелдік, ресейлік, сонымен қатар
қазіргі таңда ақпараттық - кітапханалық жүйеде орын алып отырған
инновациялық үдерістер әсері мектеп кітапханасынан да заман талабына сай
жаңаша келбет, жаңаша серпін қалыптастыруға ықпал етіп отырғаны, даму
болашағы егжей-тегжейлі қарастырылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Егемен еліміздің ертеңі боларлық жас ұрпақтың білімін кеңейтіп,
біліктілігін арттыруда мектеп кітапханасының да рухани қазына екені рас.
Мынау келген жаңа заман-компьютер заманы болғанымен, рухани азық іздегене,
көзі ашық, көкірегі ояу әр баланың қасиетті қара шаңырағы – кітапхана.
Кітапхана- кітап арқылы жеке адамның жан-жақты білім алып, саяси санасын
қалыптастырып ғылыми, кәсіби, мәдени дәрежесінің дамуына әсер ететін бірден-
бір әлеуметтік орын. Оқырмандар алдында кітапханашы бүкіл еліміздің
кітапханалары өкілі ретінде жауаптылығын, міндетін жүзеге асырады. Сонымен
қатар кітапханашы оқырманның талап, тілектерін қанағаттандырып, оқумен
тәрбиелеп, қажетті болған жағдайда тиімді шешімдерді қабылдауды үйретеді.
Әр кітапхана оқырманның жеке басының дамуын, қызығушылығын арттыруды
көздейді. Осы жауапкершілікті сезе отырып, оқырман қажеттілігін
қанағаттандыру мақсатында ізденіс жұмысы алдында.
Мектеп кітапханасы және оның мақсаттары мен міндеттері.Мектеп
кітапханаларында қызмет көрсетудегі баланың психологиялық интелектуалды
мәдени дамуы. Яғни баланы кітап оқуға деген ықыласын арттыру жолдары,
олардың оқу барысында логикалық ойлануын қалыптастыру, сол оқыған кітабын
қиялдау, сол кітап жайлы баланың мәдени сөйлеуін дамыту.
Мектеп кітапханаларының негізгі функциялары жас ерекшелік
категорияларын сақтап қызмет көрсету. Балалар уақытын тиімді өткізуіне
тәрбиелеу, барысында адамгершілік қасиеті мен педагогикалық және ақпараттық
мәдениетін кітапханашы мен жас оқырманның қарым-қатынасы арқылы жетілдіру.
Негізгі функциялар арқылы балалар оқуын ұйымдастыру. Осы көкейтесті
мәселелерді шешудің жолдарын ашып көрсету.
Дегенмен қазіргі таңда заман талабына сай мектеп кітапханаларында
оқырмандарға қызмет көрсетудегі негізгі міндет дұрыс жолға қойылған дей
тұғын мен де балаларды кітапханаға тарту, олармен бұқаралық жұмыстың
түрлерін ұйымдастыру, балалардың оқырман болып қалыптасу мәселелері әлі де
өз дәрежесінде шешілмей келеді. Мектеп кітапханасында балалардың оқу
мәдениетін дамыту, кітапханашы мен жас оқырман арасындағы қарым-қатынас
психологиясын, оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілерін
қалыптастыру жұмысы жүйесіне жасаған талдау, олардың ақпараттық және
педагогикалық мәдениетін, оқу мәдениетін дамыту деңгейі көбінесе талаптарға
сәйкес болмай отырғандығы байқалады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.Республикалық, обылыстық, аудандық, ауылдық
кітапханалардың жоспары, жылдық есебі, каталог, картатека, кітапхана
қорының пайдаланған жұмыс барысында Республикалық кітапханашылардың жарық
көрген басылымдарының пайдалануын Бегалинские чтения: (Библиотека, книга и
чтение в образовании детей.А:2004. Б 2-135) Бегалинские чтения: Чтения
детей: Проблемы, поиски и решения А: 2002.С 1-163
Бегалинские чтения: Дети как читатели А: 2003. С. 1 – 107
Арнайы әдебиетті талдау мектеп кітапханаларда көптеген аспектілері бір
жағынан практикалық қолданудың бұрынғы тарихының болуын, басқа жағынан
сирек арнайы зерттеу тақырыбы болғанын, және әлі де отандық кітапханатануда
кешенді, жанжақты және терең дайындық алмағанын көрсетеді. Сонымен бірге
тарихи тәжірибені, кітапхана іс-әрекетіндегі қазіргі жағдай, мектеп
кітапханаларының мақсаты мен орнын үйрену мен теориялық түсінудің
қажеттілігі бірнеше рет қазіргі арнайы әдебиеттерде аталып көрсетілді.
Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы жылдары баспада бір-екі басылым ғана пайда
болатын, оларда әдеттегідей, мектеп кітапханалардың белсенді мәдени рөлінің
принципін енгізу туралы айтылатын, оның мәні тұрғындардың басым бөлігін
тарту және барлық кітапханалардың мәселелерін қоғамға шығару бойынша
жұмыстан тұрады. Осындай жұмыстың қажеттілігін Вл. Невский, А. Покровский,
А. Пошехонова, және т.б. мамандар атап көрсеткен болатын.
Кітапхананың белсенді мәдени рөлінің принципін жүзеге асыруда
кітапханатанушы ғалымдар Е. Ветчинкина, Вл. Невский, Н. Сафронов кітапхана
плакаттары, афишаларының, арнайы іс-шаралар мен жарнаманың басқа түрлерін
тәжірибеге енгізудің жолдарын ұсынды. Кітапханаларға балаларды тарту
мәселесінің маңыздылығын тануда кітапханаларды оқушылар арасында жарнамалау
қажеттілігін мойындайтын және осы бағытта кітапханалардың жарнамалық іс-
әрекетін жүргізу бойынша іс-шаралар кешенін дайындайтын Е. Воларович, А.
Покровский және басқа кітапханатанушылар мен педагог ағартушылардың
баяндамалары ерекше маңызға ие болды.
Революциядан кейінгі алғашқы жылдарында мамандар кітапханалық қызмет
көрсетудің идеялары мен нақты кітапханалардың мүмкіндіктерін жарнамалау
қажеттілігі туралы маңызды мәселені алға тартты. Осы туралы Л.Б. Хавкинаның
Руководство для небольших и конкретных библиотек оқулығында, Ю.В.
Григорьевтің жұмыстарында маңызды қорытындылар шығарылды.
Кітапханалардың жарнамалық іс-әрекеті туралы кәсіби көзқарасты дамыту
үшін Н.К. Крупскаяның жұмыстары үлкен мәнге ие болды, онда автор алғашқы
болып кітапхана қоғамдастығының талқысына жарнамалау принципін шығарды,
және жарнамалық іс-әрекеттің түрлері туралы көзқарасын барынша кеңейтті.
Н.К. Крупскаяның дайындаған жарнамалық іс-әрекеттің бағыттары кітапхана
тәжірибесін одан әрі дамыту үшін негіз болды және осы уақытқа дейін өз
маңыздылығын жоғалтқан жоқ.
Кітапханалардың жарнамалық іс-әрекеті саласында зерттеулер ХХ ғасырдың
1920–1930 жылдары көп жүргізілді. Кітапхана мүмкіндіктерін жарнамалаудың
жеке аспектілері Б. Баженовтың, А. Виленкиннің, А. Возжгальскийдің, Е.
Дрейзиннің, Я. Киперманның, Б. Машовецтің, Е. Медынскийдің, А.
Покровскийдің, Е. Сеглиннің, И. Цареградскийдің жұмыстарында, сондай-ақ Г.
Брылов, А. Виленкин, Л. Галкина дайындаған оқулықтар мен әдістемелік
нұсқаулықтарда қарастырылған.
Кітапханаларда газет және басылым жарнамасын пайдалану мәселесіне
арналған А. Виленкин мен П. Золоторевтің мақалалары қызығушылық танытады.
1920–1930 жылдардағы кітапханаларды жарнамалау туралы түсінік алу үшін В.
Волков, А. Казакевич, А. Кухарскийдің мақалалары аса маңызға ие.
Кітапхана ісінде коммерциялық жарнама әдістерін пайдалану дәрежесі
туралы пікірталас аясында А. Виленкин, П. Довнарович, Б. Зельцле және басқа
кітапханатанушылардың мақалалары қызығушылық танытады.
Көптеген авторлар (Э. Гайсинский, Н. Добрынина, Г. Лушкова, Р.
Стрельцова, А. Упси, А. Хорунжий және т.б.) орталық және жергілікті
радиостанциялардың толқындарында кітапханалық ақпаратты орналастыру
мәселелерін зерттеді.
Кітап пен кітапхананы насихаттау жүйесінде телевизияның рөлін зерттеуге
Л. Бочкарева, В. Елькина, С. Колегаева, А. Куликова, Р. Модогоева, И.
Степаненко, Г. Тубельская және басқаларының еңбектері арналды.
Түрлі деңгейдегі кітапханалар мен жергілікті баспасөздің өзара
байланысы мәселесі саласында И. Вакс, Э. Гайсинский, Л. Мильготина, Г.
Семенюк, А. Упси және басқаларының еңбектері құрайды.
Жарнамалық позициясы жағынан қарағанда кітапхананың интерьері мен көрме
материалдарын безендіру мәселелерін зерттеу аясында В. Зевин, В. Земсков,
О. Зыков, Л. Рейтенбарг, В. Страшнова, В. Фраучи және басқа мамандардың
мақалаларын атап өткен орынды.
Жарнаманың шетел тәжірибесін игеру бағыты Н. Самойлова, Е. Сироткина,
Е. Ястребова және басқаларының еңбектерінде талданған.
1980–1990 жылдары кітапханалардың жарнамалық іс-әрекетіне қызығушылық
туындаудың толқынында О. Адамович, Л. Гончарова, К. Дмитриев, Н. Жукова, Н.
Карпова, С. Кравченко, С. Матлина, Е. Орлова, Г. Плесовская, Н. Пульянова,
Ж. Савочкинаның өзекті мақалалары және О. Антонова, О. Зыков, Е. Михайлова,
И. Михнова, А. Пурниктің әдістемелик сипаттағы басқа мақалалары, Л.
Герасимова, М. Дворкина, О. Капитунова, О. Кокойкинаның еңбектері пайда
болды. И. Михнова мен Г. Цесарскаяның қарастырылып отырған мәселеге
толығымен арналған алғашқы басылымы ретінде Как сделать рекламу
библиотеки: теория, методика, практика кітабын атап өткен өте орынды.
Оқырмандардың кітапханаға қатынасын зерттеу аясында оның престижін құру
факторы ретінде В. Азарова, Г. Жданова, Г. Скарук, К. Стахметова, В.
Стельмах, В. Стрельцова, И. Шуминованың мақалалары ерекшеленеді.
Басылымды кітапханалардың жарнамасының шетелдік тәжірибесі С. Клещук,
Г. Кузнецова, В. Олькина, Н. Тюлина, Е. Ястребова және басқа мамандардың
еңбектерінде назарға алынған.
Бүгінгі күні қалыптасқан кітапханалардың жарнамалық іс-әрекеті туралы
көзқарастар түзетуді, кеңейтуді, және ең маңыздысы аналитикалық жалпылауды
қажет етеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты:Қазақ балалар әдебиетін әлемдік балалар
көркем әдебиетінің дәстүрімен тығыз байланыста насихаттау арқылы рухани
бай, оқу мәдениеті қалыптасқан оқушыны тәрбиелеу;
Этномәдениеттің бағалы құндылықтарын меңгерту арқылы адамгершілік
қасиеті мол, өз Отанымен туған жеріне пайда келтіретін, елінің гүлденуі мен
өркендеуіне үлес қосатын білімді, парасатты, жан-жақты дамыған,
мемлекетіміздің рәміздері мен Ата Заңын, Президентін, тілі мен дінін, салт
дәстүрлерін қадірлейтін бойында патриоттық сезімі бар тұлғаларды тәрбиеле.
Оқушыларды ғаламторды еркін, тиімді, сауатты, ұтымды пайдалануға
дағдыландыру. Электронды кітапхана арқылы керекті кітаптарын іздестіруге
дағдыландыру. Кітап қорынан кітап таңдауына, дәстүрлі каталогтар мен
картотекалар арқылы жұмыс жасауға үйрету, салауатты өмір салтын
насихаттау.Балалармен жұмыс жүргізетін кітапханашылардың негізгі
функциялары арқылы қалыптастырудың психологиялық-шарттарын бала мен
кітапханашы арасындағы қарым-қатынас аспектілерін теориялық әдістемелік
тұрғыда негізден әдістемесін жасау.
Диплом жұмысының міндеті: Кітапханаға оқырмандарды тарту; Кітап оқуға
деген қызығушылығын арттыру; Кітапты талғаммен оқуға баулу; Кітап қорын
насихаттау
Зерттеу жұмысының нысаны(объектісі). Республикалық, облыстық, қалалық,
аудандық, ауылдық кітапханаларының қызмет көрсету бөлімдері. Анықтама-
библиографиялық бөлім, әдістемелік бөлім, абонемент, оқу залы.
Зерттеу жұмысының пәні (предметі).Мектеп кітапханасы және оның
мақсаттары мен міндеттері.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері: Зерттеу проблемасы бойынша
кітапханатану және библиография деректеме құжаттарына, арнайы мерзімді
басылымдарына талдау жасау; әңгімелесу,озық тәжірибелерді үйрену және
қорыту, бағалау жұмысы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Оқыту процесінде мектеп кітапханаларында
оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері тиімділігі
артады.
- Оқу материалы мазмұнының тәрбиелік мүмкіндіктері;
а) Балалар оқуына әсер ететін басқа мекемелермен (мектепке дейінгі
мекемелер, оқу орындары, балалар шығармашылығы орталығы) байланысты жүзеге
асыру ғылыми - әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе;
ә) Оқырмандарда оқуға жауапкершілік және қызығушылықты тәрбиелеуде
қазіргі оқыту әдістерімен ұштастырылса.
Оқу мәдениетін ең алдымен балалар үшін әртүрлі ақпарат көздерінің
–энциклопедиялардың, анықтамалардың, білімнің барлық салалары бойынша
ғылыми-танымдық әдебиеттердің, мерзімді басылымдардың, мәліметтер
базасының, интернеттің, аудио және видео жазбалардың, мультимедиялық
құралдарын пайдалануына жүйелі түрде мән берілсе.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы:
1.Мектеп кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудің баланың
оқырман болып қалыптасуының мүмкіндіктерін арттырып, шығармашылық оқу
арқылы кітапхананың атқаратын қызметін қалыптастыру және дамытуды жаңа
сапалық мазмұнға көтереді.Мектеп кітапханаларында оқырмандарға қызмет
көрсетудің қарым-қатынасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқыту үрдісінің
тәрбиелік теориялық жағынан негізделді және анықталды.
2. Мектеп кітапханаларында оқу мәдениетін қалыптастырудың мазмұны,
құрылымы анықталып, әдістемесі жасалды.
3. Баланың оқырман болып қалыптасуы мәселелері айқындалды.
4. Кітапханашы мен оқырман арасындағы өзара қарым-қатынас
аспектілерінің психологиялық шарттары анықталды.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі. Оқыту процесінде
мектеп кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас
аспектілері тиімділігі артады.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Зерттеу жұмысының нәтижелері жалпы
білім беретін ақпараттық білім орталығының мүмкіндіктер жасайды. Зерттеу
материалдарын кітапханаларда, кітапханатану және библиография мамандықтары
сабақтары мен іс-тәжірибелерінде кеңінен пайдалануға, сондай-ақ
кітапханашыларды даярлауда, кітапханашы-библиографтардың білімін жетілдіру
және қайта даярлау курстарында пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- Мектеп кітапханаларда мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру ;
- Балаларға қызмет көрсетуде бұқаралық жұмыстардың түрлері;
- Мектеп кітапханаларында оқу мәдениетін дамытудың жолдары;
Сонымен бірге, жұмыстың тиянақталған нәтижелері бұл салада жазылатын
болашақтағы еңбектер үшін де маңызды рөл атқарары сөзсіз.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
• Мектеп кітапханаларының бүгінгі күйін, жағдайын жұмыстары қызметі
аясында қарастыру, жарнама талаптарына сай өзіндік даму жолын іздестіру;
• еліміздегі көпшілік мектеп кітапханалар жайлы ақпаратты толық жинау;
• кітапханалардың заманауи жабдықталуына, жұртшылықпен (оқырман,
көрермен) байланыс қарым-қатынастарына, артықшылықтарына ғылыми талдау
жасау;
• мектеп кітапханалардың деңгейін диагностикалық әдістер арқылы
анықтау;
• Қазақстан Республикасы мектеп кітапханаларының даму жолдарын,
кітапхана ісінің жетілдірілуін айқындау;
• зерттеу жұмысына байланысты теориялық материалдар жүйеленді,
статистикалық мәліметтер сараланып толықтырылды, әдебиеттерге талдау,
саралау жасалынды.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, іштей жіктелген екі
тараудан, алты тараушыдан, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады. Зерттеу
соңында әдебиеттерге сілтеме көрсетіліп, пайдаланылған әдебиеттер тізімі
берілген.
І-тарау. МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.
Мектеп кітапханасының қалыптасу тарихы: Кітап туралы көп толғануға
болады.Қалайда кітаптың білім бұлағы,ал білімнің өмір азығы екендігінде дау
болмаса керек.Атадан қалған ұлы мұра-асыл қазына көненің көзі ,ескінің
сөзі,атаның өсиеті,ананың мейірі,күннің нұры,білімнің қайнары осы
кітапта.Бейнелеп айтқанда,кітап өткенмен де,болашақпен де
тілдеседі.Кітапхана рухани игілікті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін қор
жасайды,кітап қазынасын жинақтайды.
Қазақстан жеріндегі ең көне және бай кітапхана –Отырар кітапханасын
ХІІІ ғасырда монғол шапқыншыларының өртеп жібергені тарихтан мәлім.Оған
дейінгі түрік жазба ескерткіштерінің ең құндысы –Орхон-Енисей
ескерткіштері.Түрік бабаларымыздың тарихы таңбаланған бұл ескерткіштер
тұрған орынды дала кітапханасы десе орынды.
Бертін Қазақстанда мешіт,медреселер салынды.Мұсылман әдебиеттері
соларда жинақталды.Сонымен бірге орыс қазақ мектептері үшін көпшілік және
қоныс аударушы орыс оқырмандары үшін көпшілік және халықтық кітапханалар
жүйесі ұйымдастырылды.Революцияға дейін Қазақстанда 139 кітапхана жұмыс
істеді,оның 44-і қалалық,95-ауылдық кітапханалар екен. Уездік қалаларда
халық кітапханалары,оқу үйлері істеген.Кітапханалардағы негізгі қор орыс
тіліндегі әдебиеттен бас құрайтын. Сондықтан оқырмандары да негізінен
Ресейден қоныс аударғандардан не Қазақстанда айдауда жүрген зиялы
орыстардан құралатын.Әрине,кітапхана қызметін орыс тілін білетін қазақтар
да пайдаланғандары сөзсіз.
Ұлы Абай Семей кітапханасынан жиі-жиі кітап алдыртып,қалаға жолаушылап
келгенде өзі де оған бас сұғып,батыс және шығыс әдебиеті жаңалықтармен
үнемі танысып отырғаны белгілі.Орыс халқының алдыңғы қатарына мәдениетімен
алғашқы рет Семейдегі Н.В.Гоголь атындағы кітапханадан кітап оқу арқылы
танысады.Осы кітапханада Абай саяси айдаудағы Е.П.Михаэлиспен
танысады.(2,180)Абай көптеген саяси жер аударылғандармен
танысып,кейбіреулермен Степной край газетінде бірге қызмет істейді.
Көрнекті орыс кітаптанушысы А.М.Ловиягин кітапқа деген сұранысты басты-
басты бес категорияға бөледі. Біріншісіне білім таратуға байланысты
әдебиетті яки оқулықтарды жатқызады.Ізденгіш ойға ғылыми әдебиет керек. Бұл-
екінші қатардағы категория. Үшіншісі әсерлену қажеттілігі туындайды. Оған
көркем әдебиет ,тарихи кітаптар жатады. Төртінші категорияны бүгінгі
толғақты мәселелерге уақытында қанық болу қажеттілігі құрайды.Бұл
журналистикаға байланысты басылымдар.Бесіншісі тұрмысты түзеуге қатысты
тілек.Оны тұрмыс салт кітаптары өтемек.
Қазақстанда кітапхана ісі әсіресе мектеп пен училище кітапханаларын
алғаш ұйымдастырушысы. Кітапхана ісінің негізін қалаушы педагог Ыбырай
Алтынсарин еді.Ол мектеп пен мектеп кітапханаларын ашуға тікелей араласып
балалардың сауатын ашып,оқуға үйретумен қатар,олардың кітап оқуына
жетекшілік жасау,келешекте мамандығына байланысты кітап байлығын пайдалана
білуге үйретуіміз қажет деп санады.
Ы.Алтынсарин оқытушылардың рухани дамуына күнделікті қамқорлық жасай
отырып,олардың мәдени дәрежесінің өсуіне.әдістемелік даярлықтарының
жақсаруына жағдай жасауға тырысты.Осы мақсатты Алтынсариннің бастауымен
мектептерде оқытушылар кітапханалары құрыла бастады.Мектеп кітапханаларының
кітап қорын толықтыру ісіне тікелей араласа отырып, оқытушыларға сабақ беру
жөнінде толық түрде ауызша және жазбаша нұсқаулар берді.
Ы.Алтынсарин мектеп пен кітапханаларды қазақ халқының әдебиеті мен
мәдениетінің ошағына айналдыруға тырысты.Оның басшылығымен көптеген оқу
орындарында кітапхана қорын оқу тәрбие жұмыстарында кезеңде Қазақстанда
кітапхана ісі туралы жаңа прогрессивті қөзқарастар қалыптаса
бастады.Кітапханалардың оқу орнының бөлінбес бір бөлігі екені дәлелденді.
Мектеп кітапханасының оқырмандық қызығушылықты дамытудағы рөлі:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған Қазақстан-2030 стратегиясында негізгі
бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке
ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен
қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың
жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған.
Қазіргі таңда алдыңғы елдердің қатарынан көрінуіміз үшін жеке тұлғаның
қабілетін ашу, оны танытуда педагогика саласының атқаратын қызметі ерекше.
Қарыштап дамып бара жатқан заманда мектеп қабырғасынан бастап жеке
тұлғаның қабілеттерін ашу ұстаздардың бірден-бір міндеті болып саналады.
Өйткені адам қабілетінің ашылуы қоршаған ортаға, қоғамға байланысты.
Сондықтан да ұстаз талантты тауып, танып, таныта білуі керек.
Қай мемлекеттің болсын, даму деңгейін, рухани мазмұнын,
интеллектуалдық қуатын, өркендеу әлеуетін айқындайтын бірден-бір құдірет
оның экономикасы да, әскери күші де, материалдық байлығы да емес, тек қана
білім беру жүйесінің сапасы болып табылады. Әсіресе, дамудың жаңа сатысына
көтерілген біздің еліміз үшін білім саласының атқарар қызметі өлшеусіз.
Білім беру жүйесі Қазақстаның ұлттық даму саясатында белгіленген
басымдықтар қатарында ерекше орында тұр. Елбасы Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында да білім
беру ісіне үлкен орын берген. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару
қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет.
Тәуелсіз елді өркениеттігі әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында
терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ -
егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде
рухани жан-дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең,
салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз.
Қазіргі жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір
жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық,
отансүйгіштік және тағы басқа да қасиеттер болуы керек. Ол үшін тұлғаға
қосымша білім мен тәрбие беруде адалдық, рухани адамгершілік, ізгілік
мәселелерін қатар қою қажет.
Қазіргі таңда жан-жақты қосымша білім мен тәрбие берер мәдени
орындардың бірі - мектеп кітапханасы. Кітапхана сол оқу орнындағы білімге
ұмтылған жас ұрпақтың табылар жері. Осы заманғы ақпарат құралдары дамыған,
жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне
ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала береді.
Оқушы кітапхана арқылы ақыл-ойдың інжу-маржанын бойына жинайды.
Кітапсыз өткен бір күн, орны толмас бос күн демекші, оқушыларды көркем
әдебиеттерді таңдап оқи білуге үйрету қажет. Ол үшін оқырмандарды жас
күнінен бастап өмір бойы оқи білуге баулу керек, - дейді А.И.Маткулеевич.
Кітапханада оқушыларды айналадағы өмірмен жақсы болуға, адамға
мейіріммен қарауға, жақсылық істеуге тәрбиелейді.
Мен өзімнің тәжірибеме жүгіне отырып, қазақтың ұлтжанды әрбір азаматы
Абайын тануы керек дер едім. Сол себепті де оқушыларға Абайдың қара
сөздеріндегі даналықты, поэзиясындағы қуаттылықты, сөзіндегі шешендікті
арасында өткізген Абайды оқы, таңырқа атты Абай оқуларын ұйымдастыру
арқылы оқушы санасына білім мен тәрбие нәрін сіңіре білдім деп есептеймін.
Абай шығармаларының оқушыларға білім мен тәрбие беруде алатын орны ерекше.
Осы ісімді жалғастыра келе, өзге де қазақтың ақын-жазушылары туралы түрлі
деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыруды дәстүрге айналдырдым.
Бүгінгі мектеп кітапханасы өз уақытының деңгейінде болып, мектептің
дамуына атсалысып, оған балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеуде белсене
көмектесуде. Оқушыларға білім мен тәрбие беру - қазіргі мектеп
кітапханаларының ең маңызды міндеттерінің бірі.
Жеке тұлғаны рухани-адамгершлікке тәрбиелеудің мақсаты оқушылардың
белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің
бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқуға жол бермеуді
қалыптастыру болып табылады.
Мектеп кітапханасында оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде
әртүрлі қызмет түрлері қолданылады.
Ауызша түрі: дәрістер, оқу кештері, факультативтік сабақтар;
библиографиялық шолулар, сұхбаттар, кеңестер; оқырман конференциялары;
шығармашылық, әдеби-музыкалық, тақырыптық кештер; танымал тұлғалармен
кездесу кештері; диспуттар, дөңгелек үстелдер, пікір сайыстар;
тұсаукесерлер.
Баспа басылымдары: библиографиялық шолулар, библиографиялық
көрсеткіштер; жарнама материалдар: хабарландыру, шақыру қағаздары және т.т.
Кешенді түрі: әртүрлі үлгідегі (ауызша, көрнекі, баспа) кітапханалық
сабақтар (апталық, онкүндік, айлық), экскурсия.
Оқушыларға рухани- адамгершілік тәрбие беруде кітапханашыларға нақты
жағдай мен алғышарт болуы қажет. Оған мыналар қатысты: оқушылардың
талаптарын жақсы білу; рухани-адамгершілік тәрбие мақсатында оқушылардың
қызығушылығын арттырудағы іскерлік; кітапханада жақсы анықтамалық-
библиографиялық ақпараттың болуы.
Осы мақсатты ұстана отырып, мектеп базасында медиатека жасақталу
үстінде. Сол сала бойынша жасалған жұмыстардың нәтижесін көре отырып,
оқушылар үшін ғылыми орталық болып саналатын кітапханаға ақпаратты
жүйенің бірінші кезекте қажет екенін ұқтым.
Жас ұрпақ тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі мол.
Сондықтан сол мол тәжірибені пайдалануға тырысып, ең бірінші жаны таза,
адамгершілігі мол, парасатты, халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеуді
мақсат етіп қоюымыз керек.
Ғұлама ұлы бабамыз Әл-Фараби: Тәрбиесіз қолға білім салма десе,Ахмет
бабамыз: Біз әрқашан білімге ұмтыламыз. Негізінде, ең бірінші тәлімге
ұмтылуымыз керек. Бізге тәлімді рух, тәрбиелі білім қажет, тәрбиелі
білімдар... Міне адам! Міне тұлға! деп тәрбиесіз берілген білімнен
ешқандай пайда жоқтығын баса көрсеткен.
Кітапхана - дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі.
Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. Кітап
- білім бұлағы демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан
шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол
тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.
Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы
қажет.Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын , өткен тарихымызды,
өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек.
Кітап – адам өмірінде маңызды роль атқарады.Ол елді, жерді сүюге
талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап
жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір
адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады.Одан ақыл - кеңес, тәлім-тәрбие,
үлгі-өнеге алады. Кітап біздің рухани жан азығымыз.
Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезім
ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен
өнерін қастерлеп, халықтың салт - дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу
кітаптың еншісінде.Мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен атқарар қызметі
үлкен. Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жаздырып алып
отырады, білімдерін толықтырады. Бұл орын оқушылардың шығармашылық
жұмыстары мен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапханада көптеген іс-
шаралар өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылады. Мысалы: Мейірімділік
шуақтары библиотерапиялық кеш, Класс пен мектеп намысы дегеніміз не?
пікірталас, Кітапхана білімпаздар мекені кеш, Әдебиетке балалықты
әкелген конференция, Ардақтайық ата тілін кітап көрмесі , Туған елім-
Қазақстан ауызша журнал , Ата мұрам - асыл қазынам сайыс, Денсаулық -
байлықтан да қымбат ертеңгілік т.б. бірнеше көптеген іс-шаралар өткізілді.
Бүгінде балаларға арналған көркем әдебиеттер мен мектеп кітапханасының
қоры толықтырылуда.Өмірде бар нәрсе өзгерді, тек кітапхана халық қажетіне
жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай, келешек
ұрпақ осы асыл қазынамыздан нәр алып сусындай берсін.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын,
дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді
ұрпақ.Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ,
білімді тұлға дегенде рухани жан - дүниесі бай, білім мен біліктілігі
жоғары, талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған
тұлғаны айтамыз. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді
болу, жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік,
ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік, тағы басқа
қасиеттер болу керек.Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар-ұят, адалдық,
рухани, адамгершілік, ізгілік мәселелерін қатар қою қажет.
Қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі
- мектеп кітапханасы. Кітапханалар сол оқу орындарындағы білімге ұмтылатын
жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың табылар жері. Осы заманғы ақпарат
құралдары дамыған, жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ішкі
дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы
болып қала бермек. Бүгінгі оқушы ертеңгі ел маманының еліне , жеріне деген
сүйіспеншілігін артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық,
адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында кітапхана қызметкерлері -
халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, мәдени
мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға
кітап арқылы насихаттай білуі қажет.
Ел Президентінің Қазақстан-2030 бағдарламасында ХХІ ғасырда білімсіз
мүмкін емес.Халықты салауатты да сауатты бағыттауымыз керек деген сөздері
бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға
міндеттелген тапсырма тәрізді. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен
тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай
еліміздегі бірден-бір рухани қазына ордасы – мектеп кітапханасының алар
орны зор.Оқу процесін қажетті құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті орын -
оқу кітапханасы. Мектеп кітапханалары педагогтерге қызмет көрсете отырып,
сонымен қатар сыныпқа арналған және сыныптан тыс қызмет көрсететін көпшілік
кітапхана болып табылады.
Бүгінгі таңда мектеп кітапханасы өз заманының даму деңгейінде болып,
мектептің өркендеуімен қалыптасуы, оның балалар мен жасөспірімдерге тәрбие
беру мен оқытуда үлкен көмек беруі керек. Жасөспірімдермен жұмыс жасай
отырып, кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру оларға
кітаптар мен жұмыс жасай білуге үйрету - кітапхана қызметінің негізгі
міндеттерінің бірі.Кітапхана қызметкерлері кітапханада және кітапханадан
тыс көркем әдебиеттен бастап, баспа түріндегі немесе электрондық ақпараттар
түрлеріндегі әртүрлі кітаптарды және ақпараттар көздерін пайдалануға
көмектеседі. Себебі бүгінде білімнің қайнар көзі кітапханада.
Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманды мемлекетіміздің
болашағы - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруде оқытудың озық
технологияларын меңгеру қажеттілігі туып отыр. Білім саласын
ақпараттандыруға байланысты ҚР Конституциясының 44- бабына сәйкес және ҚР-
сының ортақ білім беру жүйесін дамыту мақсатында , - деп көрсетіліп, 1997
жылғы 22 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ҚР президентінің
Қазақстан Республикасы орталық білім беру жүйесін ақпараттандыру жөніндегі
мемлекеттік бағдарламасы туралы № 3645 бұйрығы бекітілді.
Сондай-ақ мекемелер жүйе арқылы Интернет мектепке бағдарламасына
сәйкес компьютерлендірумен бірге мектепті сатылап интернат жүйесіне қосылу
процесі жүзеге асты.
Біздің облыста барлық мектеп интернет жүйесіне қосылған.Ал
кітапханаларға келетін болсақ, жаппай барлық кітапхана компьютермен
жабдықталды деп айта алмаймыз, себебі кейбір алыс шалғай аудандардың
мектептерінде жетіспейді. Жаңа ақпараттық технология Электрондық катологты
құруда РАББИС, АБИС электрондық бағдарламасына көшу. Кейбір мектептер
бағдарлама бойынша автоматтандырылған. Оқырмандар дәстүрлі каталогтармен
қатар электронды , электрондық каталогтармен жұмыс істеуді кеңінен
пайдалана алады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – еліміздің ұлттық білім
жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларда жаңа компьютерлік
ақпараттандыру технологиясына алмастыру. Кітапхананы электрондық
медиатекаға айландыру деп көрсетеді.
Медиатека дегенде түсінетініміз - әртүрлі нысандағы құжаттарды
жинақтаған және қажетті арнаулы құрал-жабдықтармен және техникалық
құралдарды пайдалана отырып, оларды пайдаланушыларға жоғары деңгейде
ұсынатын қазіргі заманғы озық кітапхана.Кітапхана-медиатека мектептің
жергілікті жүйесінде бола отырып, әлемдік ақпараттар қорына шығуға жол
ашады.
Мектеп кітапханаларында жаңа ақпараттық технология ендіру мақсатында
барлық кітапханашы мамандармен кітапхана ісінің негізгі бағыттарына
арналған семинарлар, курстар, яғни әртүрлі тақырыптарда тәжірибелік
сабақтар ұйымдастырылды.
Кітаптың әлемдік өркениетке үлесі шексіз. Қазіргі кезде интернет,
теледидар, радио, басқа да ақпарат құралдары кітаптарды ығыстырып бара
жатқандай әсер қалдырды. Алайда кітапты ешқандай жаңа технология ығыстыра
алмайды. Өйткені адамның жан-дүниесін, армандары мен сезімдері мен
психологиясын кітаптай ешнәрсе жеткізбейтіні анық.
Сондықтан да кітап әрдайым басты рухани байлығымыз болып қала бермек.
Қазіргі кітапханалар – ақпараттық, мәдени - ағартушылық, ғылыми-
зерттеушілік мекеме. Кітапханашы тек қазіргі заман талабына сай
технологияны біліп қана қоймай сонымен бірге оны сауатты түрде қолданады.
Кітапханашылар мен педагогтар алдында тұрған міндет – ХХІ ғасыр
азаматтарына алуан түрлі ақпараттар ағымында жөн сілтеп, пайдаларын өз
игіліктеріне жұмсауға үйрету. Ақпараттық қоғам тіршілігіне әзірлеу. Қоғам
өз кітапханашыларының мәнін әлі түсінбейді. Көпшілігі кітапхананы тек кітап
сақтайтын, кітап беретін орын есебінде қарайды. Көпшілігі интернет
қызметіне үйренген, олар электронды тасығыштарды, соның ішінде компакт-
дискілерді, сақтау және ақпараттық жеткізу құралдарын қолдана біледі және
кітапханаға білім мен жаңа технология үндескен қазіргі заман талабына сай
мәдени орталық ретінде қарайды.Бұдан жарты ғасыр бұрын дүниежүзі
кітапхананы тыныш жайлы, кітап сөрелері мен каталог жәшіктері орналасқан
және оқырмандар залында кітапқа үңілген оқырмандарға толы ғимарат есебінде
көрсетті. Мұндай суретті қазір де байқауға болады. Бірақ қазір кітапханалар
монитор алдында отырған компьютерлі оқырмандар залы пайда болды.Компьютер
көмегімен олар электронды кітапханаларға шыға алады, электронды кітаптар
оқиды, электронды беттерді парақтайды. Интернеттің кез-келген тұтынушысы
кездестіретін проблемалардың бірі – ақпаратқа қол жеткізу проблемасы. Ол ,
біріншіден, ақпарат көлемінің өте толықтығынан көрініс табады. Қазіргі
уақытта интернет ресурстарын пайдалану кітапханаларды іріктеу және
технологиялық процестерді негізінен өзгерту фактісінің бар екенін жоққа
шығармайды.ХХ ғасырдың соңында адамдар жаңа технологиялық тасқынның куәгері
болды. Компьютермен интернет , жаңа байланыс құралдары, қызмет көрсетудің
жаңа түрлері, ғылыми жаңалықтар осының бәрі оқушылардың ойына әсер етеді.
ХХІ ғасырда адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында
міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру, компьютерлік
желі, электронды және телекоммуникация, электронды оқулықтарды даярлау.
Бұлар оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасын
көтеруге әсер етеді.Жаңа электронды оқулықтардың дүниеге келуімен берілетін
білім мазмұны да өзгеретіні сөзсіз. Болашақта әр оқушы компьютерлік
технология арқылы интернет дүниежүзілік білім әлеміне еніп, одан өзінің
қажетін білімді толығымен алуға қажетті ақпараттық мәліметтерді ғылым
саласына байланысты озық тәжірибелерді осы мәселенің шет елдегі жағдайымен
танысуына толық мүмкіндік туады. Мұның өзі оқыту үрдісіндегі жаңа тенденция
екенін көрсетеді. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі компьютерлік техникалық
құралдарды оқыту процесінде пайдаланудың тұжырымдамасы компьютер сабақтарын
ақпараттандырумен қатар, әдістемелік құралдар жасау , сонымен қатар білікті
мамандар даярлау.
Бүгінгі заманауи азамат тек қана оқу, жазу, сызу , сөйлеумен, сонымен
қатар, тек ақпарат алуға мүмкіндік беретін қызмет сауаттылықпен қана
шектелмей ақпаратты өзі үшін бағалауға және оны өз мүддесіне пайдалану
дағдысына қол жеткізуге, яғни әлеуметтенуге ұмтылуға қажет және бұл заңды
құбылыс. Білім берудің жаңа парадигмасы контекстіндегі ең негізгі
міндеттердің бірі - оқушылардың ақпараттық мәдениетін көтеруді жетілдіру,
олардың оқу дағдыларын меңгеруіне, өз бетінше білімін тереңдетуіне ықпал
жасау. Білім сапасының жаңа жетістіктерін қол жеткізетін маңызды ақпараттық
ресурстар орталығы ретінде мектеп кітапханасының кітапханалық кеңістікте
алатын орны ерекше. Мектеп кітапханасы біріншіден, оқу үрдісін қажетті
ақпараттармен және құжаттармен қамтамасыз ететін болса, екіншіден, ол
арнаулы кітапхана, үшіншіден сол мектептің бүкіл педагогикалық жұмысын,
мектеп оқушыларын мектеп бағдарламасына қосымша және бағдарламадан тыс
ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, көпшілік кітапхана қызметіне де
жақындайды. ИФЛА және ЮНЕСКО (1999ж) манифестісін де кітапханалық
ақпараттық жүйедегі мектеп кітапханасының негізгі миссиясы мен міндеттері
туралы: Мектеп кітапханасы - мектеп ұжымының барлық мүшесіне оқулық
бағдарламаларды кітаптарды және басқа ресурстарды ұсына отырып,
пайдаланушылардың ойлау және ақпараттың барлық түрін тиімді пайдалану
жүйесін дамытады- деген нақты тұжырым бар.

көзқарасын, санасын, өмірлік танымының қалыптастыруына қоғамдық ортадағы
орнын анықтауына ықпал ете отырып, рухани тұрғыда байытады. Жеке тұлға мен
қоғамның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру үздіксіз білім алу
мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Біріншіден, ақпараттық
мәдениет жеке тұлғаның әлеуметтік жағынан қорғалуына, өздігінен білім мен
қарулануға дағдылануына, өзінің жеке тәртібі мен мінез-құлқын қалыптасуына
тікелей әсер ететін құрал ретінде көрінеді. Екіншіден - ақпараттық мәдениет
еріктен тыс әрекеттерден қорғауға, кез-келген саланың-әлеуметтік,
экономикалық техникалық салалардың принциптік негіздегі шешімдерін жан-
жақты талдай отырып кепіл болуға әрекет етуші құрал.

Ақпарат құралдары халықтың, әсіресе, жас ұрпақтың рухани , мәдени

өзекті жайттарды қозғауда негізгі құрал болып табылады.
1.1.Мектеп кітапханасында тәрбиенің рөлі.
Тәуелсіздік - ата бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-
аңсарының жүзеге асқаны ақиқат - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай қазақ
халқының ежелден тәуелсіздікті аңсай отырып, талай қиындықты бастан кешіре
отырып, бүгінгі күнге жеткендігін айтады.
Аз уақыттың ішінде біз егемен еліміздің әлеуметтік экономикалық әл-
ауқатын, мәдени, рухани келбетін бұрын болып көрмеген биік деңгейге
көтердік. Әсемде айшықты елордамыз - Астанамызды еліміздің төріне шығардық.
Әр халықтың өз мәдениеті бар. Оны қалыптастыру, баға жетпес ұлттық қазынаға
айналдыру, рухани кемелдендіру жолдары әрқилы. Осы тұрғыдан алғанда, ұлттық
мәдениетіміз тәуелсіздік жылдары жан-жақты дамыды.
Кітап оқитын қоғам қашанда бәсекеге қабілетті болары хақ. Қоғам
мүшелерінің рухани құндылығы мен адами құндылығының мол етіп тәрбиелеу
жолдарының бірі және бірегейі-кітап оқуға әуестендіру. Кітаптың өз
оқырманың жан-жақты тәрбиелеумен бірге танымдық, білімдік қасиетін дамытары
анық.
ХХІ ғасырдың басы ұлттық мәдениетіміздің дамуына баса назар аудару,
өсу, өркендеу кезеңімен сипатталады. Елбасының арнайы Жарлығымен 2000 жыл-
мәдениет жылы болып жарияланып, бұл салада бетбұрысты қадамдар жасалды.
Қордаланып қалған проблемаларды шешу жолдары қарастырылды. Жұртшылыққа жаңа
жыл келгендей, самал лепті сезініп, пілтеленіп сөне бастаған үміт сәулесі
қайта пайда болды. Тарихи, экономикалық, саяси салалық факторларды жан-
жақты саралай келіп, Үкіметтің Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасын
қабылдауы, саланы өркендетуге ерекше екпін берді. Бағдарламаның бірінші
кезеңінде белгіленген іс-шараларды жүзеге асыру мақсатымен республикалық
қазынадан 2,7 миллиард теңге қарастырылды. Екінші кезеңді қаржыландыруға 4
миллиард теңге бөлінді.
Ұлттық мұраны қайта түлету, ұлттық мәдениетті қолдау тұрғысында үлкен
істер атқарылды. Тарихи археология, энография, мәдениет секілді сан-алуан
қатпарлы салаларды қамтитын 442 кітап бір миллион данамен жарық көрді.
Бабалар сөзі 100 томдығының 66 томы басылып шықты.
Еліміздің болашағы – білімді де, ізденімпаз жастар. Олай болса, жас
оқырмандарды құнды қазына – әдеби туындыларымен және жаңа ақпаратпен
қаруландыра отырып, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына
қосылуына кітапхана қызметкерлері үлкен үлестерін қосуда.
Еш уақытта маңызы жойылмайтын кітапты насихаттау, кейінгі ұрпаққа ағалар
аманатын жеткізуші-кітапханашылардың міндеті қазіргі таңда орасан зор.
Осынау жауапкершілігі мол жанкешті жұмыста мектеп кітапханашыларының
қазіргі атқарып жатқан жұмыстары қандай деңгейде? Тәуелсіздіктің торқалы
тойында мектеп кітапханалары қандай жетістіктермен келді? Ия,
тәуелсіздігіміз оңайлықпен келмегені белгілі. Осы құнды қасиетіміздің
арқасында тіліміз, дініміз, салт-дәстүріміз қайта халқымен қауышып, қазақ
халқын әлемге танытып, паш етті.
ХХІ ғасырдағы қоғамдық өзгерістер, қазіргі мәдени шаралар - адамзаттың
ашық ақпараттық қоғамға өтуі кітапханада үлкен өзгерістер енгізуде. Мәдени
шаралардың бастылары - қоғамның ақпараттануы, коммерциялануы,
демократиялануы, компьютерленуі бір сөзбен айтқанда заңды түрде
цивилизациялануы кітапхана жұмысын жаңа деңгейге көтереді. Оқу өзінің
мөлшеріне, мотивіне қарай ақпараттағы сұранушыларын қалыптастырады. Оқу
арқылы әлеуметтік құны бар, мәдениетті, рухани бай, жетілген, ағартушы адам
пайда болды. Адамзаттың әрбір қызметі-оқусыз келмейді. Оқу-рухани
мәдениетті қалауға әсер етеді, байытады. Сондықтан бүгінгі күннің басты
мақсаты балаларды кітап мәдениетіне баулу. Бірқатар әлеуметтік институттар
ішінде кітапхана - өзінің қызметі арқылы жеке тұлғаларға әсер ете білетін,
олардың сұранымына қызығушылығына, тапсырыстарына жауап беретін,
қанағаттандыратын мекеме. Өйткені кітапханашылар бір оқырманға
жауапкершілікпен қарай отырып, кітапхананы қызметкері және барлық
кітапханалар жүйесін атқарушысы ретінде жауап қызмет көрсетеді.
Кітапхананың басты мақсаты, жанұямен, мектеп, жоғары және арнаулы оқу
орындарымен, көпшілік ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, жоғары талантты
оқырман тәрбиелеу, олар адамгершілігі мол, интеллектуалды, әдеби
шығармалардағы тәжірибелерді ала беретін болуы керек. Оқырманды оқу
мәдениетіне тәрбиелей отырып, оның творчестволық ойлау қабілетін
қалыптастыруға қол жеткіземіз. Ал, творчестволық оқу дегеніміз,
интеллектуалды адамның динамикалық дамуына жол ашу, рухани қызметтегі
белсенділігін арттыру. Творчестволық оқу және Оқу өнері деген түсінік,
бір-біріне туыстас. Бірақ Оқу өнері өзінше ерекшеленеді Творчестволық оқу-
дегеніміз, алдын-ала белгіленген, өз алдында мақсат қойған, құжаттарды
іріктеу және оқылғанды саралап, оймен өлшеп, өзінің оған деген қатынасын
қалыптастыру. Әрбір оқырманның оқу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz