Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудегі мектептің, отбасы мен жұртшылықтың бірлесіп атқаратын жұмыстары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе.

І тарау. Тәрбие процесін басқарудағы әлеуметтік топтардың өзара әрекеттестігі.

  1. Мектеп - отбасы, жұртшылық және мектептің

бірлескен жұмысын ұйымдастырушы орталық. ………

  1. Бала тәрбиелеуде отбасы мен мұғалімнің

өзара байланысының маңыздылығы

ІІ тарау. Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудегі мектептің, отбасы мен жұртшылықтың бірлесіп атқаратын жұмыстары .

2. 1. Мектептің отбасымен және жұртшылықпен

жүргізетін жұмыстарының түрлері. .

2. 2. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері . . . …….

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Қосымша.

Кіріспе.

Өмірлік белсенділігі қалыпттасқан, рухани адамгершілік қарым-қатынасқа дайын бала тәрбиелеу мектептің де, ата-ананың да міндеті. Ата-ана мен мектеп байланыста болғанда және тәрбие бір бағытта жүргенде ғана жұмыс өз нәтижесін береді . Мектеп пен ата-ананы байланыстыруда мектептегі әрбір сынып жетекшісінің оқушымен, ата-анамен атқарар жұмысы аз емес.

Еліміздің алдында нарықтық экономикаға негізделген өрекниетті қоғам құрау міндеті тұр Жаңа міндетті жаңаша ойлауға қабілетті, жаңаша тәрбие алған, жаңа экономиканы меңгерген азаматтар шеше алады . Олай болса, осы міндеттерді шешуде отбасының әсіресе баланың бас ұстазы - ата-анасының орны ерекше.

Баланың моральдық бейнесін қалыптастыруда баланың кішкене кезінде отбасында алған алғашқы моральдық мәдениеті шешуші орын атқарады.

Отбасымен мектептің бірлесіп қызмет етуі - еліміздің халық ағарту жұмысының ең негізі принциптерінің бірі. Отбасының да, мектептің де мақсаты - терең білімі бар, еңбек сүйгіш, барлық жағынан алғыр қоғамның белсенді құрылысшыларын даярлап шығару . Отбасындағы және мектептегі тәрбие жұмысы өсіп келе жатқан ұрпақтардың ішкі дүние байлығын, моральдық тазалығын, дені сау болып өсуі үйлесімді болуын тәрбиелеуге бағытталған.

Ата-аналар мен мұғалімдердің өзара қарым-қатынасы бірін-бірі беделін сақтауға, балаларды тәрбиелеудегі бірдей талапты жүзеге асыруға негізделген. Бала тәрбиелеуде ата-аналар мен мұғалімдердің бірлесіп қызмет етуіндегі бағыт беруші роль еліміздің мектебінің үлесінде.

Тамаша адамдарды тәрбиелеу ата-ана мен ұстаз еншісінде. Дегенмен, қазіргі кезде тіршіліктің күйбеңімен аласұрып сенделген жұртшылықты бала тәрбиесі емес, ақша тауып оны асырау мәселесі көбірек алаңдатады. Бала тәрбиесі кейбір ата-ана үшін екінші орынға қалған тәрізді. Оның үстіне бұқаралық ақпарат құралдарының жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша қаптап кетуі мазмұнды, тәрбиесі мол баспасөз және телебағдарламалардың маңыздылығын байқап, бажайлауға кедергі келтіруде .

Тәрбиенің әлсіреуінің бір себебі жоғарыда келтірілген мысалдар болса, енді бір анық нақты тәрбиелік бағдарламаның насихатталып, дұрыс жұмыс жүргізілмеуінде деп ойлаймын.

К. В. Бардинаның педагогикалық шығармалар жинағында психолог- педагогтың мектептегі қызметенің проблемелеры туралы айтылған. Бірінші кезекте күнделікті аса толғақты мәселелер, оның ішінде оқуға ынталандырмайтын, оқи алмауға әкеліп соқтыратын жағдайлар.

Бұл жерде ата-ананың атқарар рөлі оқытушыдан да басым. Жинақта тек тәрбие процесі туралы жалпылама ғана айтылған. Тәрбиелеу және оқыту процесі қатар жүргізілгенде ғана айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе аларымыз анық.

Қоғамдық және отбасы тәрбиелерін жетілдіру отбасы педагогикасын дамытпайынша, іске асырылуы мүмкін емес. Оның ежелден келе жатқан ұнамды дәстүрі бар. Мектепке дейінгі балалардың отбасындағы тәрбие мәселелері жөніндегі бірінші басшылық нұсқау

Я. А. Коменскийдің бүкіл дұние жүзіне әйгілі «Ана мектебі» деген кітабы болды. Бұл мәселелерді талдауға И. Г. Пестолоций мен

Ж. Ж. Руссо, сондай-ақ К. Д Ушинский және В. Г. Белинский, А. И. Герцен Н. Г. Чернышевский үлкен көңіл бөлді.

Отбасы тәрбиесі теориясының маңызды мәсәләләріне ғылыми тұжырымдар, сондай-ақ А. С. Макаренконың еңбектеріндеде берілген. Ол балаларды үйлесімді тәрбиелеуді тәрбиенің жалпы бағытымен оның мақсатымен байланысты екенін тереңдеп негіздеген, ата-аналардың арасында педагогтық насихатты кеңінен жүргізудің инициаторы болды. Оның «Ата-аналар кітабы» және балаларды тәрбиелеу жөніндегі дәрістері отбасы педагогикасының алтын қорына қосылды. Бұл жұмыстарда мәселен, отбасы тәрбиесінің принцптері туралы, тәртіптілікке тәрбиелеу, мінез-құлық мәдениеттілігіне, жыныс тәрбиесі туралы көптеген түбірлі мәселелер қойылған .

Алайда өмір алға жылжып барады. Қоғамымыз тез қарқынмен дамып жетілуде . Мектеп пен отбасы арасында бірлесіп қызмет істеудің жаңа формалары шықты.

Бүгінде мектеп пен отбасының тәрбие мәселелері қазақстандық ғалымдар С. Ғаббасов, Р. Қоянбаев, Г. Байделдинова, Р. Төлеубекова,

В. Лысенкова және т. б. тарапынан зерттеліп келеді.

Бала тәрбиесі өте күрделі құбылыс . Осы құбылыс соңғы жылдары жүйесіздікке тап болып отыр.

М. М. Безруких пен С. П : Ефитованың оқытушыға арналған «Сіз оқушыңызды жақсы білесіз бе?» атты кітабында төменгі сыныптарда жиі кездесетін педагогикалық коррекцияның оқыту және тәрбие жұмыстарындағы қиыншылықтар қарастырылады . Бірақ жинақта балалрды отбасында тәрбиелеу коррекциясының тек бір бөлігі ғана айтылады. Жоғарыда айтылған пікірлер зерттеу зерттеу проблемасы анықталды .

Мектеп пен отбасының бала тәрбиесінде алатын орнын анықтап және мектептің отбасымен бірлесіп балаға үйлесімді тәрбие беру маңыздылығы зерттеу болжамын тұжырымдайды.

Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы : “Мектеп, отбасы және жұртшылықтың тәрбиелік ықпалын үйлестірудің маңызы „ деп алынып, балаға үйлесімді тәр бие берудің маңыздылығын қарастырып отыр.

Зерттеу мақсаты - өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде мектеп пен отбасының тәрбиелік ықпалын үйлестірудің маңызын айқындау.

Зерттеу объектісі - мектеп пен отбасының бала тәрбиесіне ықпалы.

Зерттеу пәні - мектеп пен отбасының бірлескен жұмыстары .

Зерттеу міндеттері :

  1. Мектеп пен отбасының бірлескен жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімнің қызыметін саралау.
  2. Баланың танымдық және әлеуметтік белсенділігіне ықпал ететін отбасының педагогикалық потенциялын жоғарылату тәсілдері мен құралдарын анықтау.
  3. Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудегі мектептің, отбасы мен жұртшылықтың бірлесіп атқаратын жұмыстарын белгілеу.

l тарау. Тәрбие процесін басқарудағы әлеуметтік топтардың өзара әрекеттестігі.

1. 1. Мектеп - отбасы, жұртшылық және мектептің бірлескен жұмысын ұйымдастырушы орталық.

Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бнтінше жеке автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс - әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік функциясы осында.

Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймайды, сонымен бірге мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді . Осы тұрғыдан мектеп балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктірудің орталығы.

Өскелең ұрпақты әлеуметтендіруде де мектептің рөлі мен орны айырықша бөлек. Өйткені, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуының бастапқы кезеңі оқыту мен тәрбиелеудің осы мектептегі жылдарымен дәл келеді. Өскелең ұрпақты өмірге даярлап, мамандықты саналы таңдауға, Отан алдындағы азаматтық борышты адал орындауға баулитын да осы - мектеп. Кәсіптік және арнаулы білімнің барлық негізі жалпы білім беретін мектепте қаланып, жас ұрпақтың әлеуметтік бітім-болмысы мен адамдық қадір-қасиеттерінің негізгі белгілері мектепте қалыптаса бастайды . Олай болса, қоғамның алға басуы мен болашағы көбіне - көп мектептің бүгінгі жас ұрпақты қалай оқытып, тәрбиелеуіне неге және қалай үйрететініне тікелей байланысты.

Мектеп іс-әрекеттің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (дүниетанымын, еңбек, мінез-құлық, эстетикалық және дене тәрбиесі) мақсаттары және міндеттері жүзеге асырылады.

Мектеп жасындағы шақ - өскелең ұрпақты әлеуметтендірудегі ең бір жауапты кезең. Сондықтан мұғалімдер қауымы өскелең ұрпақты әлнуметтендірудің, яғни оқыту мен тәрбиелеудің негізінде оларды қоғамдық өмірге даярлап, қосу процесінің ойдағыдай жүжеге асырылуы үшін әрбір оқушының талғам-тілегін, оның табиғи және биологиялық-генетикалық негіздерін, қабілетін, денсаулығы мен психикалық ерекшеліктерін, әсіресе, ең алдымен, олардың жас мөлшерін барынша ескере отырып, жеке тұлғаны творчестволықпен іс-әрекет етуге баулуы басты мақсат етіп қойылады.

Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстары көптеп саналады. Олар: ата-аналармен жұмыс ; сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстардың барлығына мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.

Бұл мәселелер педагогика курсының әрбір тарауында сөз етіледі.

Тәрбие жүйесінде, әсіресе, жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыруда, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше. Олардың ынтымақтасып істейтін жұмыстарының негізгі бағыттары: педагогикалық ұжым, ата-аналар комитеті тәрбие жұмысының жоспарын басшылыққа алады.

Мектептің ұйымдастырушы тәртіп орталығы ретіндегі қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі мектептің, отбасының және жұрт-шылықтың күшін біріктіру . Бұл жұмыстың мазмұны, әдістері мен түрлеріне қарай өзіндік ерекшелігі. Ол әрекеттің өзіндік ерекшелігі бірқатар факторларға байланысты. Олар педагогикалық процестің объективті заңдылықтарын білу; қазіргі жағдайдағы мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болу; қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму тенденцияларын түсіну, мұғалімнің, ата-аналар, жұртшылық әкілдерімен жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты жұмысқа практикалық тұрғыдан дайын болуы.

Мектеп балалар тәрбиесі мен отбасы тәрбиесін педагогикалық басқарудағы тікелей іске асыратын маңызды әлеуметтік институт болып табылады. Жас ұрпақты өмірге дайындауда жаңа сапалық белгілер қалыптасып, дербестікті дамыту, кәсіптік бағдар беру, білім алу және өздігінен білім алу, қабілеттерді анықтау және дамыту сияқты мәселелерге ерекше маңыз бере бастады. Мектептің, отбасының және жұртшылықтың тәрбиелік қызметінің біртұтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізген жүйелі жұмыстарының нетижесі . Ал бұл нәтиже қазіргі заманғы білім беру иекекиесіне қойылған басты талаптардың бірі.

Белгілі педогог В. А. Сухамлинский еңбектерінде “мектептік - отбасылық тәрбие” ұғымы кең қолданылады. Оның пікірінше тәрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала тұлғасы біртұтас және оны қалыптастыру процесі де біртұтас сипат алады. Міне, осындай біртұтас тәрбие процесінде мектеп жетекші рөл атқарады.

Жарық дүниеге жас нәресте, ұрпақ сабақтастығын жалғастырар жаңа адам келді. Оның қандай азамат болып қалыптасатындығы

көбіне - көп отбасында - ағайын туғандарының тағылымына, оқитын мектебінде оқытатын ұстаздарының тәлім - тәрбиесіне, аулада - аға буын өкілдерінің, көрші қолаңның, құрбы - құрдастарының өнегелері,

бір сөзбен айтқанда, қоршаған нақты әлеуметтік ортасының ықпалына байланысты. Қоршаған ортаның - қоғамдық болмыстың, нақты әлеуметтік ортаның, отбасының, мектептің, ауланың, қала берді, тіпті, балалардың өз ортасында бір нәрсеге қызығушылық нәтижесінде пайда болатын ресми емес, уақытша топтардың, ересек аламдардың ықпалынсыз жас баланың адам ретінде қалыптасуы, бойына адамзат қауым достығына тән сапалық белгілер мен қасиеттерді сіңіруі екі талай.

Мектеп отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңітеді және дамытады, осы бағытта педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізеді, қоғамдық және мектептен тыс ұйымдардың мектеп пен отбасына белсенді түрде көмек көрсетуін ұйымдастырады және бағыттайды, олардың әрекетттерін үйлестіреді. Мектеп басшысы-ның, сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі ең тиімді түрлер мен әдістер таңдап алу арқылы ұзақ жылдар барысында қалыптасады. Ол жүйе жұмыстың нәтижелігін қамтамасыз ететіндей талап-тарға жауап беруі тиіс .

Ең бірінші талап - бүкіл педагогикалық ұжым әрекетінің мақсаттылығы. Ата - аналармен жұмыс деген мүлде жалпы ұғым.

Оның орнына нақты педагогикалық проблемаларды шешу үшін ата-аналар жиналысын өткізу, лекция оқу, ата-анаға, отбасына жекелеп ықпал жасау қажет.

Екінші талап - мұғалімнің кәсіптік біліктілігін, педагогикалық

мәдениетін көтеру. Оның жолдары әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы,

сынып жетекшілері секциясының жұмысы, ”Отбасылық педагогика” немесе ”Отбасы тәрбиесін жетілдіру ” сияқты тұрақты педагогикалық семинар жұмысы ; мектеп тәжірибесінде анықталған формалды емес жасөспірімдер тобының ерекшеліктерін есепке алу, қолайсыз отбасылар мен педагогикалық тұрғыдан бетімен жіберілген балаларды есепке алу, ата-аналардың жүргізілген жұмыстарының тиімділігін анықтау, олардың озық тәжірибелеріне педагогикалық талдау жасау.

Үшінші талап - педагогикалық ұжымның сынып жетекшісі мен мұғалімдердің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарына бірыңғай талап жасау. Бұл талап негізді, заңды болуы тиіс . Асығыстық, талапты бұрмалаушылық ата - аналармен келіспеушілікке апарып соғады.

Төртінші талап - ықпалды қоғамдық ата - аналар ұйымын қалыптастыру.

Тәрбиелік ықпал көздерін орайластыруда бүгінде ол өз жұмыстарын қайта қарастырып, өткен дәуірлердегі ата-аналар мен қоғамдық мекемелер арасында қалыптасқан бір тарапты формальды істерден бас тартып, педагогикалық ағарту - сауаттандырудың гуманистік бағдарына өткені қажет.

Тағы бір құлаққағыс ететін жәйт, кешегі күнгі мектеп тек білім берумен ғана шұғылданды. Оқу - ағарту жүйесінің білім беруден басқа келесі екі принципі : балаларды тәрбиелеу мен жетілдіріп дамыту назардан тыс қалды . Себебі: 3-4 жылдық бастауыш мектептегі бірлі екілі мұғалімнің тек білім беруге ғана қауқары болды да, баланы тәрбиелеуге, жетілдіріп дамытуға шамасы жетпеді. Баланы белгілі ортада тәрбиелеп, жетілдіру үшін жалғыз мұғалім емес, бірнеше ұстаздардан тұратын берік ұжым қажет. Оны 5 - 6 жылдық бастауыш мектептер тиімді орындай алады.

Бұл пікірдің ақиқыттығының дәлелі ретінде алдыңғы қатарлы дамыған елдердің (АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Швеция, т. с. с. ) барлығында дерлік бастауыш мектептердің 5 - 6 жылдық болып қайта құралғандығын тілге тиек етіп айтуға болаы. Мысалы, Жапон халқы соңғы ғарыштап дамуының, технократиялық революцияның шылауында кетпей, таза күйінде сақтап қалған ұлттық келбеті мен дәстүрінің кілтін - өзінің алты жылдық мектебінде деп біледі. Оны ерекше қастерлеп, шаңырағын жеке және биік ұстайды. Бастауыш мектептің мұғалімінің жалақысын Токио университетенің профессорының жалақысымен теңгеріп береді. Мұндай қамқорлық басқа да көптеген алдыңғы қатарлы дамыған елдерге тән құбылыс.

Бұдан былай әр оқушының қабілетін, ынтасын, табиғи алғырлығын, қызығушылығын және жеке мүддесін ескере отырып, олардың білім мазмұнының әр түрлі деңгейін әр бір сатылар бойынша толық әрі жан- жақты меңгеруіне мүмкіндік туғызылады.

Балаларды тәрбиелеуге байланысты осы заман тәжірибесінде мектеп, отбасы және жұртшылық іс- әрекеттерді бірлестіре орындаудың келесідей ұйымдастыру формалары қабылданған:

1. Педагогикалық ұжым, атар-аналар комитеті, жер-жердегі қоғамдық кеңестер, клубтар, кітапханалар, стадиондар, тәртіп сақтау және денсаулық мекемелерінің жоспарларын біріктіре түзу, сонымен тәрбие процесіне қатысушылардың нақты міндеттерін айқын бөлістіріп беру.

2. Мектеп күшімен ата-аналар және қоғам өкілдерін балалармен жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдерімен таныстырып, жүйелі оқыту.

3. Тәрбие жұмыстарының барысын тыңғылықты зерттей отырып, нәтижесін бірлікті талдауға салу, сонымен кезіккен кемшіліктердің алдын алып, оларды болдырмауға бірлікті ат салысу.

Ата-аналарға арналған негізгі жұмыстарды мектеп ата-аналар бірлестіктері ( комитеттер, кеңестер, конгрестер, қолдау қоғамдары, кешендер, клубтар, т. б. ) арқылы орындап барады. Мұндай бірлестіктердің әрбірі өз жарғысына( ереже, регламент, жоспар ) ие болып, олар негізінде өз іс - әрекетінің басты бағыт - бағдарын белгілейді, тәрбие процесіне қатысушылардың міндеттірін айқындайды. Көп жағдайларда, отбасы мектеп және және қоғамдық мекемелердің бірлікті ортақ жоспары түзіледі.

Білім жүйесіндегі жаңа қатынастарға орай ата-аналар көптеген мүмкіндіктерге ие болып отыр: оқу пәндерін таңдау, олардың меңгеру көлемін анықтау, оқу жоспарларын түзу, оқу демалыс мерзімдерін белгілеу және өзгерту, мектептің оқу, білім бағдарын таңдау, мектепішілік жарғылар қабылдау, тәртіп, оқу еңбегі, тыныс алду, тамақтану, оқушыларға дәрәгерлік көмек шараларын қарастыру, мадақтау және жазалау жобаларын ұсыну т. б. Бір сөзбен келісімді ұйымдастырылған бірлікті тәрбие істері нәтижесінде мектеп пен отбасы балалар тәрбиесінде өзара шынайы үйлесімді жолдас болып, өздеріне жүктелген мінднттерді атқарары сөзсіз .

Ата-аналар бірлестігінің басты қызметтерінің бірі - әрқашанда педагогикалық жалпы сауапттылықты көтеру.

Педагогикалық дәрісбаян сағаттары, ата-аналар университеттері, дөңгелек үстелдер, конференциялар, ата-аналар мектебі мен басқа да үздіксіз жүргізілетін ағымды не бір сәттік педагогикалық ағарту істеренің өз баласын жете түсінемін деген ата-анаға олармен дұрыс қатынас жасап, қиын мәселелерді оңтайлы шешуде, дау-дамайлы жағдайларды үйлестіруде тигізер көмегі орасан, Осы мақсатпен көптеген ата-аналар комитететтері өз мүшелері үшін педагогикалық әдебиеттер сатып алуға қатжы бөліп, жағымды педагогикалық газеттер мен журналдар шығарып, талдатуға себін тигізуде.

Жалпы әдептілік, эстетеикалық, адамгершілік, ерік пен сана-сезімдік құндылықтар қорын түзу ата-аналар мектебін ұйымдастырудан басталады. Қарым-қатынасқа шебер оның белсенді мүшелері барша ата-аналарды гуманистік педагогика негіздерін үйретіп, меңгеруге насихаттап, қызметтестік педагогика мен іс- әрекеттік тәрбие бағыттарын игеруде үлкен табыстарға жетуде. Өз білімдерін толықтыруға ынталандыру нәтижесінде ата-аналар отбасындағы балалар көп нәрсені үйренуде .

Ата-аналардың көпшілігі өз балаларының дарынды да талантты, мәдениетті де талапшаң болғанына мүдделі .

Мектеп пен отбасы арасындағы қатынас осы секілді табиғи ұмтылыс негізінде құрылғаны жөн . Мектеп пен отбасы арасындағы қатынаста ешқандай қайшылық болмағаны абзал . Екі тәрбие көзінің де ортадағы келіспеушілік сәттерін жойып, біртекті тәрбиелік әрі дамыту арнасына түскені әбден қажет.

Мектеп пен отбасының бірлікті ісінің бағыты - балалардың адамгершілік имандылық сапаларын дамыту, денсауңлыцғын нығайту, сана- сезімдік қажеттерін өрбітіп, қоршаған дүние әсемдігін қабылдауға баулу.

Қазіргі заман отбасы тәрбиесі гуманистік педагогика принциптеріне негізделеді. Ол принциптердің бастылары:

  • креативтік (еркіндік) - бала қабілеттерінің кедергісіз өз бетінше дамуы;
  • гуманизм - тұлға болмысын тану әрі оның беделін мойындап, ең жоғары құндылық ретінде бағалау ;
  • демократизм - ересектер мен балалар арасындағы рухани қатынастар теңдігін қалыптастыру;
  • азаматтық - қоғам мен мемлекеттік жүйеде тұлғаның өз ”Менін” танып қастерлеу ;
  • ретроспективтік - халықтық педагогика дәстүрлері негізінде

жүргізілетін тәрбиеге арқа сүйеу;

  • жалпы адамзаттық адамгершілік-инабаттылық қалыптар мен құндылықтар басымдылығын ардақтай білу;

Отбасындағы баланың дамуы мен тәрбиесі тұлғаны көздеген бағытта қалыптастыруға арналған көптеген іс-әрекеттік ситуацияларды қажет етеді. Солардың бірі әрі аса маңыздысы отбасы мен сынып жетекшісінің өзара байланыс қызметі. Сынып жетекшісі бұл орайдағы, іс-әрекеттін сыныптық ата-аналар комитетеі, ата-аналар жиналысы, сондай-ақ, сол сыныпта оқу жүргізетін мұғалімдер арқылы іске асырып барады. Отбасымен байланыс жасауда сынып жетекшіснің атқаруы тиіс аса қажетті міндеттері: оқушылар үйіне жек өзінің барып, хабар алып тұруы; баланың үй-тұрмыстық өмір жағдайларымен танысуы; ата-аналарымен тәрбиелік ықпал тиімділігін көтеріп бару мақсатында бірлікті іс-қимылдарды ойластыру; келеңсіз нәтижелерді болдырмау жолдарын ата-аналармен бірге кеңесе отырып, шешу. Сынып жетекшісінің бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі қызметі ретінде отбасы педагогикалық - ағарту істерін белсенді ұйымдастыра білу, себебі көптеген отбасындағы әке мен шеше, ата мен әже тәрбие тақырыбындағы кеңестер мен қолдауға өте зәру. Оларды аса қызықтыратын проблемалар :

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС
Отбасы тәрбиесін жетілдірудегі педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен қызметі
Мектеп пен отбасының тәрбие жұмыстарының маңыздылығы
Тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы
Мектепте жүргізілетін тәрбие жұмыстар
Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасынының өзара әрекеттесу жағдайында баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіру
Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі
Ата - аналардың педагогикалық білімі балаларды тәрбиелеудің факторы ретінде
Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz