Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Нормативтік сілтемелер . . . 4

Анықтамалар . . . 5

Белгілер мен қысқартулар . . . 6

Кіріспе . . . 7

  1. Мектеп психологінің отбасымен жұмыс істеу

ерекшеліктерінің теориялық негіздері.

  1. Отбасы туралы зерттеген ғалымдардың еңбектеріне шолу . . . 11
  2. Отбасы жүйесі-баланың тұлғалық дамуы мен қалыптасуының

негізі ретінде . . . 16

  1. Психолог қызметтің қазіргі кездегі жағдайы мен маңыздылығы . . . 23
  2. Психологітің отбасымен жұмыс жүргізу бағыттары мен ерекшеліктері . . . 35
  1. Отбасы тәрбиесін жетілдіруде психологиялық

қызмет көрсетудің маңызы.

2. 1 Мектеп психологиялық қазметінің ата-аналармен

ынтымақтастығының маңызы . . . 54

2. 2 Оқушылар және олардың ата-аналарымен жүргізілген

психокоррекциялық іс-шаралар . . . 73

Қорытынды . . . 84

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 87

Нормативтік сілтемелер

Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сілтеме жасалған:

[1] Неке және отбасы туралы ҚР заңы. - А; Жеті жарғы, 1999

[2] Назарбаев Н. А. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттің саясаттың басты мақсаты. Қр Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің қазақстан халқына жолдауы. - Астана: «Елорда», 2008-64 бет.

Анықтамалар

Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүдіктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы» (Отбасы туралы Заңы) .

Отбасы -өзін-өзі сақтап, жалғастыру және әрбір мүшесінің өзін-өзі таныту мақсатында біріккен әлеуметтік, педагогикалық адамдар тобы.

Отбасы тәрбиесі -нақты отбасы жағдайында ата-ананың басқа туыстарының ықпалы арқылы берілетін тәрбие білім беру жүйесі.

Отбасы -кішігірім әлеуметтік адамдар тобы, бір-бірімен некелік, туыстық байланыс арқылы бірігіп және бір-бірінің алдына моральдық, материалдық, тұрмыстық жауапкершілігі бар». (педагогикалық энциклопедия сөздігінен)

Отбасы тәрбиесі -туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жайттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күші» (Қазақша энциклопедия сөздігі) .

Отбасының функциясы -барлық мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты болатын отбасының өмірлік әрекетінің сферасы.

Білім берудегі психологиялық қызмет -психологияның ғылыми, қолданбалы, тәжірибелік, ұйымдастырушылық тәрізді төрт тұрғысынан қамтитын кіріктірмелі құбылыс.

Психологиялық қызмет міндеттері- педагогикалық ұжымды, ата-аналарды әлемдік деңгейдегі педагогика, психология ғылымдарының жаңа жетістіктерімен, олардың іс-тәжірибеде қолданылуы, нәтижелері туралы, баланың психикалық жағынан өзгерістерді анықтай білу, олардың жас және дара ерекшеліктері туралы біліммен қаруландыру

Психологиялық ағарту - педагогикалық ұжымның, оқушылардың және ата-аналардың психологиялық біліммен алғашқы танысуы.

Психологиялық алдын-алу - баланың психикалық және тұлғалық дамуындағы болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын-алуға бағытталған жұмыстар.

Психологиялық түзету - балалық шақтағы тұлғаның қалыптасу үрдісіне және оның жеке ерекшеліктерін сақтап қалуға педагог- психологтардың, дефектологтардың, логопедтердің, дәрігерлердің, әлеуметтік педагогтардың және басқа да мамандардың біріккен іс-әрекеті негізінде белсенді әсер ету.

Психологиялық диагностика - оқушыларды, тәрбиеленушілерді терең психологиялық-педагогикалық зерттеу, тұлғаның жеке ерекшеліктері мен икемділіктерін, оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі баланың потенциалдық мүмкіндіктерін, кәсіби өз-өзін анықтауын, сонымен қатар оқуындағы, дамуындағы, әлеуметтік бейімделуіндегі ауытқулардың себептері мен механизмдерін анықтау болып табылады

Белгілер мен қысқартулар

ҚР - Қазақстан Республикасы

ҚР БМЖБМС - Қазақстан Республикасы білім берудің міндетті жалпы білім мемлекеттік стандарты

БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Еліміз егемендік алып, дербес мемлекет ретіндегі даму қоғамның болашақ ұрпақтарын ұлттық дербес ерекшеліктерімен тәрбиелеуді қажет етеді. Тәуелсіз қазақ елі үшін бүгінгі күні ұрпақтың дені сау, жүйкесі таза саналы болғаны абзал. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы осыларға байланысты. Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті, білімді болуы ең алдымен ата анадан, отбасы ошақ қасынан басталады. Отбасы-адам қоғамының ең негізгі және өте ертеде пайда болған алғашқы бірлестік. Бұл адам әулиетін дамыту, бала әкеліп, өсіру отбасы мүшелерінің тіршілігіне қажетті жағдай жасауға тиіс. Отбасы берекесі, ондағы «ахуал» оның мүшелерінің барлығына әрдайым әсер етеді. Сондықтан да ата-бабаларымыз отбасын құруда әдеп сақтап, берекесін кетірмеуге өте ұқыптылықпен қараған.

Қазақстан Республикасының заңында отбасына мынадай анықтама берген: “Отбасы некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге не нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Отбасы қарым-қатынастарына физиологиялық, психологиялық, әдет-ғұрып және мүліктік аспектілері жатады”[1]

Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Себебі, ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: Отбасы - шағын мемлекет, Мен - президент, сен - премьер, - дегені бар. Шынында, отбасы - ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т. б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан-отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.

Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан. Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап-қунап жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда Жиренше шешен: «Айхай, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім», - деп, жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында «Нағыз жайлы орын: қылышқа - қынабы, отқа - ошағы, ер жігітке - өз үйі» - деген тамаша нақыл бар. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас-пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар - жанұя мектебінің ұстаздары болады. Отбасының беріктігі қоғамның жағдайымен даму қарқындылығымен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп отбасының міндеті ашық көрсетілген. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты жолдауында: "Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге қазіргі ұрпақтың келер ұрпақтар алдындағы орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын, әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте сақтауға тиіспіз" деп қазіргі жанұяның әлеуметтік, мәдени, қоғамдық білім қызметі белсенділігінің маңызын жоғары бағалаған. [2]

Сонымен қатар мемлекетімізде отбасы, балаға байланысты 45-тен астам нормативтік құжаттар қабылданған. Олар: 1989 жылы қабылданған Балалар құқығы туралы Конвенция, отбасы құқықтары "Неке және отбасы туралы заңдар, 1992 жылғы көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шаралар туралы жарлық, 2007 жылғы "Неке және отбасы жайлы кодексі". т. б.

Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу ахуалы . Отбасы мәселерін зерттеуге келсек, жанұя мәселерін зерттеген ТМД елдерінің ғалымдары Ю. А. Ковалев, Э. Г. Эйдемилер, Ю. П. Азаров, В. Сатир, И. В. Гребенников, Ю. И. Семенов, А. Е. Личко, С. Д. Лаптенюк, А. М. Нечаева т. б.

Ал, Қазақстанда отбасы мәселелері Х. Арғынбаев, Ж. Б. Қоянбаев, Қ. Жарықбаев, С. Бабаев, К. Бейсенбаева, М. Тажин, Б. Аяғанова, Л. Лысенко,

Ж. Әбиев, Р. Төлеубекова секілді ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикасына әсері Т. В. Лодкина, А. И. Захаров, В. С. Мухина, З. Матейчик, Е. О. Смирновалар атап көрсеткен. А. Н. Леонтьев, С. А. Козлова балаға отбасы жылулығының ықпалын атап өткен. Жақын адамдардың ықпалын баланың алдымен сезіп, түйсінуі және сөз түрінде бейнелеуінің маңызын А. В. Запарожец, А. Д. Кошелева, Е. И. Негнивицкая және т. б. белгілеген.

Отбасы тәрбиесінің терең эмоциялы сипатын, қаны бір адамдар арасындағы сүйіспеншілік қарым-қатынасын ата-ана мен баланы жақындатуының маңызын Ю. П. Азарова, И. В. Гребиннеков, Т. А. Маркова, А. Г. Харчев т. б. белгілеген. Баланың тәрбиесінде байқалатын қазіргі заман деффектілерін М. И. Буянов ажырасудың бала психикасына ықпалын З. Матейчик, Х. Фигдор, т. б. белгілеген. Екінші некенің бала тәрбиесіне, дамуына теріс әсерін Е. П. Арнаутова, А. И. Захарова, Е. И. Кульчитцкая т. б, жалғыз бала тәрбиесі туралы А. П. Усова, егіздер тәрбиесін Р. Скиннер, К. Витек т. б. зерттеген. Бала психикасының қалыптасуына ананың әсері психотерапевт А. И. Захарова, психолог Д. Б. Эльконин, А. Я. Варга т. б. зерттеген. [3] Ғалымдар ерлі-зайыптылықтың қарым-қатынасын қаншалықты терең зерттесе де, соншалықты дау-жанжалсыз отбасының жоқтығына нақты көз жеткізген. Әсіресе жас ерлі-зайыптылар кез-келген айтыс-тартыс жағдайларын драмаластырып және сол жағдайдан шығудың бірден-бір жолы ажырасу деп ойлады.

Қазіргі уақытта өкінішке орай, жағдайы төмен отбасылардың саны артуда. Мұндай отбасылардың пайда болу себептері: ата - аналардың ішімдікке салынуы, нашақорлық, зорлық - зомбылықтың артуы т. б. Осындай отбасындағы мәселелер психология саласында өзекті болып отыр. Психологиялық білім мен мәдениеттің төмендігінен көптеген отбасы әлсіздік танытып, жағдайға қарай жауапкершілік алуға күш жігері жетпеуде.

Сол себептен, дипломдық жұмыстың тақырыбын «Мектеп психологының отбасымен жұмыс істеу ерекшеліктері» деп алдық.

Зерттеудiң мақсаты: Мектеп психологінің отбасымен жұмыс істеу бағыттарын, жолдарын анықтап көрсету.

Зерттеудiң мiндеттерi:

  1. Зерттеу проблемасына байланысты ғылыми-теориялық, әдістемелік, әдіснамалық әдебиеттерді оқып, саралау;
  2. Отбасында баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктерін айқындау;
  3. Мектеп психологінің отбасымен жұмыс жүргізу бағыттары, жолдарын көрсету;
  4. Отбасының әлеуметтік психологиялық жағдайын диагностикалау жолдарын анықтау.

Зерттеудің нысаны: Мектеп психологінің отбасымен жұмыс істеу үрдісі.

Зерттеудің пәні: Мектеп психологінің отбасымен жұмыс істеу бағыттары және жұмыс ерекшеліктері.

Ғылыми болжам: Егер де, мектеп психологі отбасымен тығыз, жүйелі, сауатты бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастырып өткізсе, онда отбасында психологиялық сауаттылық деңгейі артып, ата-ана мен бала арасында үйлесімді қолдау жақсарып, баланың оқуы, тәрбиесі, жалпы өмір сүру деңгейі жақсарар еді.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі: материалистік диалектиканың теориясы мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалар; философия, педагогика және психология ғылымдарының жеке адамды дамыту туралы ілімдері, жеке тұлғаның типологиялық ерекшеліктерін анықтауға, отбасылық қарым-қатынастың аймағы туралы психологиялық тұжырымдар.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

  • Мектеп психологінің отбасымен жұмыс істеу ерекшелігінің теориялық аспектілері анықталып, «отбасы», «мектеп психологі», «мектеп психологінің жұмыс бағыттары» ұғымдарының мәні мен мазмұны анықталды;
  • Мектеп психологінің отбасымен жұмыс жүргізу бағыттары, жолдары айқындалды;
  • Отбасының әлеуметтік психологиялық жағдайын диагностикалау жолдарын анықталып, ата-аналарға психологиялық кеңес берудің әдістемелік үлгілері жасалды.

Зерттеудің практикалық мәні: Мектеп психологінің отбасымен жұмыс жүргізу ерекшеліктерін, жолдарын көрсету арқылы болашақ педагог психологтарға әдістемелік көмек ретінде құнды.

Зерттеудiң әдiстерi: Зерттеу проблемасы бойынша психологиялық-педагогикалық еңбектерге талдау жасау, бақылау, әңгiме, сауалнамалар жүргiзу, тәлiм-тәрбие тұжырымдамасы мен оқу-әдiстемелiк құралдарын зерттеп, қорыту, жүргiзiлген iс-тәжiрибенi сараптау, эксперимент нәтижесiне баға беру.

Зерттеу көздері: ғылыми-зерттеу тақырыбына байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер, ресми материалдар мен құжаттар, мерзімдік басылым ақпараттары, оқу әдістемелік әдебиеттер, бағдарламалар, мектептердің іс-тәжірибе жұмыстары .

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, 2(екі) тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан құралады.

Зерттеу базасы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, №7 орта мектеп

1. Мектеп психологының отбасымен жұмыс істеу ерекшеліктерінің теориялық негіздері.

  1. Отбасы туралы зерттеген ғалымдардың еңбектеріне шолу.

Адамды адам ететін орта және тәлім тәрбие десек, сәбидің тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуында отбасының, құрдас құрбының, яғни әлеуметтік орта ықпалының елеулі екенін естен шығармауымыз керек.

Ұрпақты дана да, тәрбиелі етіп тәрбиелеу үшін оның тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру қажет. Ал тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуындағы негізгі фактор бұл отбасы.

Қазақстан Республикасының заңында отбасына мынадай анықтама берген: Отбасы некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге не нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Отбасы қарым-қатынастарына физиологиялық, психологиялық, әдет-ғұрып және мүліктік аспектілері жатады.

Жалпы отбасын екі тұрғыда қарастыруға болады:

  1. Әлеуметтік топ- (эмоционалды-психологиялық) ; Мұнда жұбайлар арасында тұлғалық ерекшеліктерге негізделген және отбасыішілік қатынастың ерекшеліктеріне қатысты қақтығыстар болады.
  2. Әлеуметтік институт- топтық қарым-қатынастың әлеуметтік тұрғыдан қарастырылуы (инструменталды) ; Жұбайлардың қарым-қатынасына әсер ететін ортаның объективті-субъективті әсерлер, ал күнделікті өмірде сыртқы және ішкі себептерін ажырату қиынға соғады.

Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім-тәрбиелік идеялар қазақтың халық педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде, Ж. Баласағұни, С. Сарай шығармаларында, хандық дәуіріндегі ақын жырау мұраларында Ы. Алтынсарин еңбектерінде, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев мұраларынан да елеулі орын алғанымен, әлі толық зерттеле қойган жоқ. Кейінгі кездерде отбасы тәрбиесіне қатысты Х. Арғынбаев, Г. А. Уманов, К. А. Оразбекова, Ж. Қоянбаев, З. Әбілова, С. Ғаббасов, І. Р. Хамитова, А. Ш. Икрамова т. б. еңбектері бар. [8]

1994 жылды БҰҰ Халықаралық отбасы жылы деп белгілеп әлемдік қауымдастықтың бұл мәселеге мән беруін көздеген еді. Осы шараның нәтижесі ретінде қазіргі күні Қазақстанда «Отбасы және демография», «Отбасын әлеуметтік қамсыздандыру қоры», «Ана және бала денсаулығы» секілді ұйымдар қызмет етуде. Атаулары көрсетіп тұрғандай бұл ұйымдардың әр қайсысының өз функциясы бар болғанымен, олар ата-аналардың педагогикалық сауатын ашу, отбасы тәрбиесінің шарттары мен қаруландыру мәселесін шешпейді. Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикасына әсері Т. В. Лодкина, А. И. Захаров, В. С. Мухина, З. Матейчик, Е. О. Смирновалар атап көрсеткен. А. Н. Леонтьев, С. А. Козлова балаға отбасы жылулығының ықпалын атап өткен. Жақын адамдардың ықпалын баланы алдымен сезіп, түйсінуі және сөз түрінде бейнелеуінің маңызын А. В. Запарожец, А. Д. Кошелева, Е. И. Негнивицкая және т. б. белгілеген. Отбасы тәрбиесінің терең эмоциялы сипатын, қаны бір адамдар арасындағы сүйіспеншілік қарым-қатынасын ата-ана мен баланы жақындатуының маңызын Ю. П. Азарова, И. В. Гребиннеков, Т. А. Маркова, А. Г. Харчев т. б. белгілеген. [7]

Баланың тәрбиесінде байқалатын қазіргі заман деффектілерін М. И. Буянов ажырасудың бала психикасына ықпалын З. Матейчик, Х. Фигдор, т. б. белгілеген. Екінші некенің бала тәрбиесіне, дамуына теріс әсерін Е. П. Арнаутова, А. И. Захарова, Е. И. Кульчитцкая т. б, жалғыз бала тәрбиесі туралы А. П. Усова, егіздер тәрбиесін Р. Скиннер, К. Витек т. б. зерттеген. Бала психикасының қалыптасуына ананың әсері психотерапевт А. И. Захарова, психолог Д. Б. Эльконин, А. Я. Варга т. б. зерттеген. Ғалымдар ерлі-зайыптылықтың қарым-қатынасын қаншалықты терең зерттесе де, соншалықты дау-жанжалсыз отбасының жоқтығына нақты көз жеткізген. Әсіресе жас ерлі-зайыптылар кез-келген айтыс-тартыс жағдайларын драмаластырып және сол жағдайдан шығудың бірден-бір жолы ажырасу деп ойлады. [13]

Батыс елдерінде XX ғасырдың 50 жылдарынан бастап отбасы жүйесінің ықпалы кең көлемде қарастылып, таныла бастады. (К. Бернард, Р. Хилл, М. Андольфи, Р. Корралс) .

Отбасы теориясын алғаш ұсынған Людвиг Фон Берталанфи (1968) : «Отбасы дегеніміз қарапайым мөлшердегі отбасы мүшелері ғана емес, барлығының белгілі өзара қатынастағы торабы. Отбасы жағдайын түсіну үшін ондағы мүшелердің әрқайсысын жеке талдауға қоса, отбасы жүйесін бүтіндеу талдай қажеттігі туындайды».

Отбасы адамның эмоциялы, уайымы, көзқарасы, қатынасымен байланысты емес, ол феномен. Отбасы феноменінің бір жолы оның құрылымы, тарихы уақыт талабына сай өзгеруі және бір отбасының өмірлік циклінің логикалық түсіндірілуі.

Отбасы психотерапиясында нобельдік сыйлықтың иегері Вирджиния Сатир отбасы деген түсінікке бірнеше кілтті сөздерді ұсынған: отбасы қуаты, отбасы қызметі, отбасы шекарасы. Оның тұжырымдамасы бойынша отбасы әсері төмендегідей.

  1. Отбасы біз одан өсіп шықтық, ол күнделікті мінез құлқымыз бен ұстанымыздан көрінеді.
  2. Отбасы жүйе, ол тепе-теңдікке негізделген, отбасын мүшелеріне берілген, тыйым салынған рөлдер (жеке қажеттіліктерге байланысты отбасы мүшелерінде қақтығыс туындайды) .
  3. Отбасы өзіндік бағалау мінез құлықта қорғану пайда болады.
  4. Отбасы күш, жеке белсенді өмір сүруге жетелейді
  5. Отбасы процесс, тұлғаны жетілдіруге мүмкіндік береді.
  6. Отбасы өзгеру, ол бірнеше кезеңнен тұрады.

Отбасы неке негізінде қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілікке алу және тұрмыстық жалпылықта байланысады. (Э. Г. Эйдимиллер, В. В. Юстицкий, 1990) . [18]

«Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүдіктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы» (Отбасы туралы Заңы) .

«Неке - ерлі зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ» (Отбасы туралы Заңы) .

Л. Д. Столяренко отбасы, отбасы тәрбиесіне төмендегідей анықтамалар берген:

«Отбасы-өзін-өзі сақтап, жалғастыру және әрбір мүшесінің өзін-өзі таныту мақсатында біріккен әлеуметтік, педагогикалық адамдар тобы».

«Отбасы тәрбиесі-нақты отбасы жағдайында ата-ананың басқа туыстарының ықпалы арқылы берілетін тәрбие білім беру жүйесі»

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының ата - аналарына психологиялық кеңес беру
Мектеп психологінің қызметінің мазмұны
ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ қысқаша лекция курсы
Ата-ананың мектептегі алатын орны
Отбасы тәрбиесін жетілдіруде психологиялық қызмет көрсетудің маңызы
Мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыру проблемалары
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
Гуманистік отбасы
Тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы
Мектеп психологі жұмысында қолданатын психологиялық әдістемелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz