Балабақшадағы балаларды тәрбиелеу ерекшелігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе3

І Бөлім: Мектепке дейінгі мекемелердегі бала

психологиясын дамытудағы тәрбиелік мәні 7

1. 1. Мектепке дейінгі мекемедегі оқу - тәрбие мәселесі7

1. 2. Мектепке дейінгі негізгі міндеттері және бала тәрбиесіне

құралған бағдарламалары11

1. 3. Қазақ балабақшалары мен мектептеріндегі балалардың

этникалық өзіндік санасын қалыптастырудың жәй-жапсары17

1. 4. Балаларды меқтепқе дайындауды жетілдіру бағдарламалары20

1. 5. Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиеші-педагогқа қойылатың қәсіби талаптар23

1. 6. Балабақшада баларды тәрбиелеу ерекшелігі27

1. 7. Балабақшадағы бағдарламалық сабақтар барысында балалардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту30

ІІ Бөлім: Балабақша балаларың тәрбиелеу ерекшелігі 44

2. 1. Балабақшада бала тәрбиесінде ойынның алатын рөлі44

2 . 2. Математикалық қарапайым ұғымды үйретуде

ойынның рөлі47

2. 3. Дидактикалық ойындарды сабақта пайдалану49

2. 4. Кітап арқылы баланың ынтасын арттыру56

2. 5. Балабақшағы балалардың ақыл-ой тәрбиесі59

ІІІ Бөлім: Балабақшадағы мектепке дайындығын психологиялық тұрғыдан зерттеу 62

3. 1. Баланың мектепке дайындығын анықтау әдістемесі62

3. 2. Оқытуға дайындығын тексеру әдістемесі, яғни

Керн - Ирасеканың «мектепке жетілу» бағытталған тестісін қолдануға нұсқаулық63

3. 3. Зерттеудің нәтижесі67

Қорытынды68

Қолданған әдебиеттер71

Қосымша73

Кіріспе

Біздер ғылым мен білімнің, техниканың барынша өрлеп, өркендеген заманында өмір сүріп отырмыз. Өмірдегі күнделікті болып жатқан өзгерістер, жаңалықтар осы өзгерістердің сұранысына жауап беретін жаңа буын өкілдерін қажет етеді. Әлемдегі болып жатқан өзгерістер білім жүйесіне өз әсерін, ықпалын тигізіп отыр. Бұрынғы кезде білім беру барысында білімнің сапасына үлкен мән берілсе, бүгінгі күні білімнің сапасымен бірге бүлдіршіннің рухани тәрбиесіне және ішкі жан дүниесіне де көңіл бөлінуде. Яғни, еліміз ғылым мен білімнің жаңаша бағытын барынша игерген болашақты керек етіп отыр. Әрине, ол болашақ сіздер мен біздер тәрбиелеп отырған бөбектер.

Заманымыздың жаңа талабына сай жан-жақты, ойы ұшқыр, ақылы кең, ерікті болашақты тәрбиелеу барлық саналы адамзаттың міндеті десек те болады. Себебі, бүгінгі балдырған бөбектер ертеңгі жаңа күннің иелері, еліміздің болашағы. Қазіргі кезде баланың бойында білімділік пен іскерліктің дағдыларын қалыптастырумен қатар, адамгершілік құндылықтардың да жүрегі кең, адамгершілік тұлғасы биік адамның бойына біткен кезде ғана өз жалғасын табады.

Болашақ ұрпақтың танымдық белсенділігін дамыту психология тәрбиесінің бұл аспектісі баланың ойлау операциясының, танымдық процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей байланысты. 6-7 жастағы баланы оқу-тәрбие процесінде дамыту мәселесінде басты рөлді ең алдымен баланың өздігінен әрекеті және танымдық белсенділігі атқарады. Ғалымдар С. Л. Рубинштейн, Д. П. Годовикова, А. И. Сорокинаның еңбектерінде 6-7 жастағы балалардың білуге құштарлығының, танымдық қызығушылығының, коммуникативтік сұрақтары, танымдық түрткісінің дамуы танымдылық белсенділігінің көрсеткіштері ретінде атаған.

Бүгінгі таңда балабақшаның басты мақсаты білімді, мәдениетті, шығармашыл, белсенді және адамзаттық құндылықтары толысқан тұлға қалыптастыру болып табылады.

Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы мектеп жасына дейінгі балаларда қарқынды жүретіні белгілі. Сондықтан балабақшада жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытудың тиімді әдістемелік жүйесін жасау жұмысы олардың физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуді талап етеді.

Мектепке алғаш келген балалардың ой-өрісінде, сана-сезімінде кездесетін жеке ерекшеліктер олардың психологиялық даму жағдайларына байланысты. Өйткені барлық қабілет-қасиеттердің негізі мектепке дейінгі кезеңде қаланып, кейінгі жаста тереңдей түсетіні педагогика, психология, психофизиология ғылымдарында теориялық және тәжірибелік тұрғыдан дәлелденген.

Атап айтсақ, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, К. Д. Ушинский, Қ. Жарықбаев, Ә. Сыдықов т. б. ғалымдардың барлығы да өз еңбектерінде баланың ақыл-ойын дамытуда, оның бойындағы бар мүмкіндіктерін, ересек адамдармен және өз құрдастарымен қарым-қатынастарын жан-жақты зерттеу қажеттігін айтады.

Әрі ұстаз, әрі ғалым Ахмет Байтұрсынов "Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, балалардың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туған жасынан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретіні жолын білу керек" - деген.

Мектеп жасына дейінгі балалар білуге тиісті қарапайым білім негіздерін неғұрлым тереңірек меңгерте отырып, олардың ой-өрісін, білім дағдысы деңгейін кеңейту, сана-сезімін, таным, қабылдау әрекетін дамыту, білімін қызығушылыққа баулып, баланың өздігінен еңбектену белсенділігін қалыптастыру қажет.

Осыған орай, жаңа қоғамға лайықты тұлғаны қалыптастыруда баланың жасын, даму ерекшелігін, айрықша қабілетін ескере отырып, ақыл-ой, еңбек, дене, эстетикалық тәрбие сапасын жақсарту қажеттілігіне көз жеткізіледі.

Ақыл-ой тәрбиесі - балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы. Қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауды, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді интеллектуалдық іскерлік пен дағдыларға ие болу - бұл мектепте табысты оқыту үшін және алда тұрған еңбек қызметіне даярлау үшін маңызды алғы шарттар. Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуда қоршаған өмірдің қарапайым құбылыстары жайлы дұрыс ұғымдарды қалыптастыру, танымдық техникалық процестерді, түйсінуді, қабылдауды, сақтауды, қиялдауды, ойлауды, сөйлеуді дамыта білуге құштарлығы мен ақыл-ой қабілетін дамыту, интеллектуалдық іскерлігі мен дағдыларын дамыту, ақыл-ой әрекетінің қарапайым тәсілдерін қалыптастыру қажет.

Балалар бақшасындағы тәрбиелік оқыту жұмыстың негізгі формасы - сабақ, оның басты мақсаты - балалардың ақыл-ойын дамыту, оны мектепке даярлау. Тәрбиеші балаларды қоршаған өмірі мен табиғат құбылыстарын жүйелі түрде бақылауға саналарын оятып отыруы керек. Бұл балалардың білімге құштарлығын дамытып, ой-өрісін кеңейтеді, олардың әсерін реттеп және анықтауға икемдейді. Тәрбиешінің анық та бейнелі сөзі, әсерлі үні балаларды бақылағыштыққа деген ынтасын арттыра түседі.

Сабақ кезінде балалар білім алып, олардың қабілеті, ойы, есте сақтау жүйелері дамып, зер салушылығы мен басқа да психикалық функциялары қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балада өмірде кездесетін құбылыстарды түсіндіріп беруге деген талпыныс қалыптасқан болуы тиіс. Балаларға сабақтан тыс кездерде де адам, табиғат, өнер дүниелерін ашып түсіндіру - педагогтың міндеті. Сонымен бірге тәрбиеші балалар үшін толық жеткілікті материалдар негізінде олардың интеллекттік қабілеттерін қалыптастырады.

Баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа технологиялар кім-кімді де қызықтырады. Бала тәрбиесінде жаңа технологияны қолдану - баланы жан-жақты терең ашуға, оған бағыт-бағдар беріп жағымды әсер етуге, зейінін көтеруге, белсенділікті арттыруға көп септігін тигізеді.

Қазіргі талапқа сай тәрбиеші - педагог жан-жақты білімді, өз бетінше ізденетін, шығармашылықпен еңбектенетін, баланың ішкі дүниесін сезіне білетін болуға тиіс. Сондықтан, баланың сөз қорын байыту, сөйлеу дағдыларын, іс-қимылын, ой-өрісін дамыту, қызықты да, тартымды ұйымдастырылған тәлім-тәрбиелік жұмыстарға назар аудару қажет. Күнделікті сабақ қызықты өту үшін көркем сөздерді қолданып, театрландыру арқылы ұйымдастырса бала түсінігі кеңейіп, ақыл-ойы арта түседі, ойлау қабілеті дамиды. Осы тұрғыдан иплом жұмысымның тақырыбы айқындалды:

« Балабақшадағы балаларды тәрбиелеу ерекшелігі»

Ғылыми болжам: Бүгінгі күнгі мектепке дейінгі мекемелердің бағдарламасына сүйене отырып дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекеттер арқылы бала тұлғасын дамытып мектепке дайындап шығарады.

Зерттеу мақсаты : Балабақшаның балалар психологиясын дамытудың тәрбиелік мәні.

Зерттеу міндеттері:

1. Мектепке дейінгі мекемедегі оқу - тәрбие мәселесі

2. Мектепке дейінгі негізгі міндеттері және бала тәрбиесіне құралған бағдарламалары

3. Қазақ балабақшалары мен мектептеріндегі балалардың этникалық өзіндік санасын қалыптастырудың жәй-жапсары

4. Балаларды мектепке дайындауды жетілдіру бағдарламалары

5. Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиеші-педагогқа қойылатың қәсіби талаптар

6. Балабақшадағы іс-әрекеттер

7. Мектепке дайындықты анықтау

Зерттеу пәні : Балабақшаның бала психологиясын дамытудағы рөлі.

Зерттеу объектісі: 5-6 жастағы балалар

Зерттеу базасы: Көкшетау қаласындағы «Қарлығаш» балабақшасы

І Бөлім: Мектепке дейінгі мекемелердегі бала психологиясын дамытудағы тәрбиелік мәні.

1. 1. Мектепке дейінгі мекемедегі оқу тәрбие мәселесі.

Қазіргі қоғам дамуының жалпы білім беру мазмүнына қоятын талабы жас-тарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейінде білім беру, олардың ойлау мүмкіндігін жетілдіру, шығармашылық тәжірибесін, дүниеге қарым - қатынас нормаларын қалыптастыру болып отыр.

Педагогиканың бір саласы дидактиканың негізгі міндеті - оқыту үрдісі бағынатын білім беру мазмүнын, оқыту зандылықтарын, принциптерін, әдістерін және үйымдастыру формаларын қоғам талабына сай колданудың жолдарын қарастыру.

Бұл міндет Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында және "Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында" нақты көрсетілген.

Енді мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мәселесін қарастырсақ, ол балаларды " балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында " көрсетілген мөлшерде қарапайым білім жүйесімен қаруландыру, оқу әдет-дағдыларын қалыптастыру, олардың танымдық қабілеттерін мақсатты, жүйелі, жоспарлы түрде дамыту кажет.

Сондықтан тәрбиенің сан алуан келелі мәселелерін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы - мектепке дейінгі мекемелер болып табылады.

Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мектептегі оқытудан мазмұны, ұйымдастыру формасы, әдістері жағынан өзгеше. Балабақшаларда балалар қоғамдық өмір, табиғат құбылыстары, адамаралық қатынастар, қоршаған орта туралы ғылыми негізделген, бірақ қарапайым (элементарлық) білімдермен қаруланады. Бұл білім қарапайым болғанымен, баланың әрі қарай дамып, қалыптасуына ерекше ықпал ететін негіз болады, сонымен қатар мектеп білімін сапалы игеруге мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі кезендегі оқытудың мәселелерінің негізі Я. А. Коменский мен К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде қаланды. Я. А. Коменский «Ана мектебі» еңбегінде мектепке дейінгі жастағы балаларға берілетін білімнің мақсаты мен мазмұнын айқындады.

К. Д. Ушинский: «Мектепке дейінгі балалық шақтың өзінде сапалы оқуды ойыннан бөліп қарау керек және бұл кезеңдегі оқытудың міндеті мен мазмұны баланың сөз байлығын дамыту, ақыл-ой күшін жетілдіру, мектептегі оқуға дайындауға бағытталуы» тиіс деп көрсетті.

Мектепке дейінгі кезендегі оқытуды зерттеуге өз үлесін қосқан ғалымдар: Н. Н. Быстров, Э. И. Залкинд, А. М. Леушина, Л. А. Пеньевская, Е. И. Радина, Н. П. Сакулина, П. Г. Саморукова, Е. И. Тихеева, Тарунтаева, А. П. Усова, Е. И. Флерина, т. б.

Мектепке дейінгі дидактиканы теориялық және эксперименттік талдаулардың негізінде «Балабақшадағы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасыңда»; «Сабақтарда оқьпу» бөлімі және «Бағдарлама бойынша әдістемелік нұсқауда» (Алматы, «Рауан», 1992 ж. ) ; «Балабақшада жүргізілетін сабақтар және он ұйымдастыру» деген арнайы бөлімдер жеке қарастырылады.

Дегенмен, бұл зерттеулер және соның негізінде ұйымдастырылып жүрген оқыту үрдісі қазіргі жаңа жағдайдағы мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің білім-тәрбие міндеттерін шешу талабына сай емес. Ал қазақ балабақшалары үшін оқыту мазмұны әлі толық зерттеліп, талданған жоқ деуге болады.

Мектепке дейінгі кезендегі оқыту мазмұнын анықтау үшін жоғарғы дидактикалык теорияларға сүйену қажет.

Қоғамдық тәжірибелерді жан-жақты талдай келіп, қазіргі танда дидактика ғылымында жалпы орта білім беру мазмұнының құрамы теориялық тұрғыдан төрт элементтен тұратыны анықталды (В. В. Краевский, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин, т. б. ) .

Білім - алғашқы және негізгі элемент , ол дүние туралы жалпы ұғым береді, таным практикалық әрекеттердің құралы бола алады. Оны келер ұрпақ тұтастай, ал әрбір адам жеке бөліктерін ғана меңгереді. Білім берудің мазмұны негізгі ғылымдарға тән сан алуан білімдердің түрлерін қамтуы керек, сонда ғана білім өзінің негізгі қызметін орындайды.

Білімнің түрлеріне нелер жатады?

1. Негізі ұғымдар мен терминдер. Онсыз бірде-бір мәтінді не білім элементін түсіну мүмкін емес

2. Тұрмыс шындығы мен ғылыми фактілер. Фактілерді білмейінше, ғылыми зандылықтарын түсіне алмаймыз, сеніміміз де болмайды және оз идеяңды дәлелдеуге мүмкіндік жоқ.

3. Дүние құбылыстары мен түрлі объектілер арасындағы байланыстарды анықтайтын, оның мәнін ашатын ғылыми зандылықтар.

4. Ғылыми білімдер жүйесін қамтитын теория.

5. Ғылыми таным әдістері мен іс-әрекет жөніндегі білім.

6. Қоғамда қалыптасқан оның түрлі құбылыстарына белгілі бір қатынас, нормалар жөніндегі білім, яғни бағалау білімі.

Білімнің барлық түрі бір-бірімен байланысты, сондықтан оны кешенді түрде оқытады.

Білім беру мазмұнының екінші элементі - іс-әрекетгерді орындау тәжірибесі. Мұның негізі білімде (І-элемент) . Білімсіз әрекет жолдарын саналы орындау мүмкін емес. Білімді өмірде қолдану тәжірибесін адамзат еңбек барысында жинақтаған, бірақ ол жеке адамнан тыс тұрады, оны адам бірте-бірте тәжірибе жинай отырып меңгереді.

Үшінші элемент - шығармашылық әрекет тәжірибесі. Бұл алдыңғы екі элементпен тікелей сәйкес келмейтін, өзіндік мазмұны бар, оқушыларды жаңа проблемаларды ізденіп шешуге, өмірді шығармашылықпен қайта құруға дай-ындайды. Адамның шығармашылық күші тек білім көлеміне байланысты емес және адамның табиғи қабілетінің болуы да жеткіліксіз. Дайын күйінде меңгерілген білім көлемі де, үлгі бойынша меңгерілген іскерліктер де адамның шығармашылық мүмкіндіктерін қамтамасыз ете алмайды. Адам өз бетінше ойланып әрекет етіп үйренбейінше өзінің табиғат берген нышаны мен қабілетін көрсете, шығара алмайтын жағдайға жетеді. Шығармашылық қабілеті дамыған ұрпақтың болуы - бүгінгі қоғам талабы.

Төртінші элемент - айналадағы дүниеге және адамдарға қатынас нормалары немесе эмоциялық, еріктік құндылық қатынастар тәжірибесі. Адамның қоршаған дүние шындығына қарым-қатынасы, сезімінің ауқымы сол дүние туралы білімінің мазмұнына және іскерліктер мен дағдыларға сәйкес келмейді. Мұндай қатынасты қалыптастырмайынша, адамдар білім мен іскерліктерді және шығармашылық қабілеттерді меңгергенмен де (I, II, III элементтер) олардың тәрбиелілігі жоқ деуге болады.

Дидактика ғылымы білім беру мазмұнының элементтерін осылайша ұсына отырып білім беру мазмұнын қарастыруда оның бес деңгеймен байланысты жүретінін анықтады.

Теориялық деңгейінде білім беру мазмұнының төрт элементі талданып, оның бір-бірімен байланысы таддануда.

Оқу процесі деңгейінде білім беру мазмұнының төрт элементінің әрқайсысын жеке және оны тұтастай меңгерту жолдары анықталды.

Оқу пәні деңгейінде, төрт элемент негізінде оқу пәндерінің мазмұнын топ-тастыруы қарастырылады.

Оқу материалы деңгейінде әрбір пән бағдарламаларын жасағанда, осы білім беру мазмұнының төрт элементі қалай қамтылуы қажет деген мәселе айқындалуы тиіс.

Бала қасиеті деңгейінде төрт элементтен тұратын білім мазмұнын меңгерген жағдайда, оның қандай болып қалыптасатындығы туралы мәселеге келсек, онда бұл деңгейдегі балалар білімді, іскер, шығармашылық қабілеті дамыған, дүние сырларын сезіне білетін, өмірде эмоциялық-еріктік құндылық қатынастары қалыптасқан болып келеді.

Жалпы білім берудің алғашқы сатысы мектепке дейінгі мекемелерде , бұл мекемелердегі оқу-тәрбие бағдарламаларын құрастырудың дидактикалық негізі ретінде жоғарыда аталған жалпы теориялық тұжырымдарды алуға болады. Сонымен қатар, дидакгика ғылымындағы білім беру мазмұнының теориясының жетістіктеріне жан-жақты талдау жасап, оны мектепке дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие үрдісіне толық еңдіру қажет деп есептеймін.

1. 2 Мектепке дейінгі негізгі міндеттері және бала тәрбиесіне құралған бағдарламалары.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу мен қатынас ортасына еркін араласатындай етіп дайындау - аса маңызды міндет.

Қазіргі мектептің бірінші сыныбына келген балалар ерік-жігерлері күшті, еңбек сүйгіш қасиеттері мол, жұмыс қабілеттері жоғары, арнайы білімдік және икемділік сипаттары көзге түсерліктей болуы қажет.

Мектепке дайындық мәселесі Ел басы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысынан айрықша мәнге иеленеді. Бұл құжатта білім беру ісі республика дамуындағы басым бағыттардың бірі ретінде көрсетілгені белгілі. Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңының жаңа редакциясы мектепке дайындықты баланың тұлғасын дамытуға, денсаулығын нығайтуға және мектепте оқуға лайықты дайындалуына бағытталған біртұтас білім беру жүйесінің бастапқы баспалдағы ретінде қарастырған.

Мектепке дейінгі кезеңдегі білім беру мазмұнын айқындауда мынадай қағидалар негізге алынады:

- балалардың мектепке дайындық ісін ұйымдастыруда тағлиматтық (дидактикалық) жетекші қағидалар басшылыққа алынады; олардың қолданылуы 5-6 жасар балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкестендірілуге тиіс; білім, икемділік және дағды мақсаттық нысана ретінде ғана емес, жеке адамның толымды дамуының амалы ретінде қарастырылады;

- тәрбиелеу мен оқытуда жас шамасымен даралық ерекшеліктерді ұштастыра қарау қағидасы. Бұл қағида балалардың қалыпты сезімталдық күйлері мен толымды психикалық дамуларын қамтамасыз етеді.

- мектепке дайындықтың мақсатының бірі баланың тән саулығы мен психикалық саулығына, сезімталдық көңіл-күй дұрыстығына қамқорлық;

- балалардың дербес әрекеттерін нәтижелі ұйымдастыру қағидасы;

- баланың даралық және бірлескен іс-әрекетін тиімді үйлестіру қағидасы, "баланың жақын арадағы даму аймағына" сүйене отырып балаға жекелей әсер ету мүмкіндігін жүзеге асыру;

- баланың шаршауы мен жалығуын болдырмау үшін жаңа оқытудың дамытқыш сипатын қамтамасыз ету мақсатында соған лайықты жүктеме ойластыру қағидасы;

- баланың мектепке дайындығы үлкендер мен бүлдіршіндердің өзара бейімделген түсіністік қағидасы бойынша жүру керек;

- мектепке дейінгі білімнің мазмұны Қазақстанның қоғамдық дәстүрлерімен үйлеседі және жалпы адамзаттық өркениеттілікке бағдарланады; отбасы мен балабақша арасында сенімділік, іскерлік байланыс орнату, ұстаздар мен ата-аналардың ынтымақтастығы; бұл қағида балаларды оқыту мен тәрбиелеудің үзіліссіздігін, баланың мектепке лайықты дайындығын қамтамасыз етеді;

- балалардың мектепке дайындығы оқу-тәрбие ісін, мектепке барар жастағы балаларға тән әрекеттерді (ойын, қол өнерге машықтану, бейнелеу өнері, саз өнері, театрландырылған көріністер т. б. ) серпінділікпен ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

- баланың бейімділігін, қабілеттілігін, қызығушылығын ескере отырып, оқыту ісін саралу қағидасы;

- Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектебінің оқу бағдарламалары мен мектепке дайындық бағдарламасының сабақтастық қағидасы.

Мектепке дейінгі дайындықтың міндеттері:

1. Балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту, оларды дене дамуы мен ақыл-ой жұмысына қабілеттері жағынан жетілдіру.

2. Әрбір баланың шығармашылық және парасаттылық қабілеттерін жан-жақты дамыту.

3. Баланың адамгершілік қасиеттері мен эстетикалық, этносаралық қатынастар мәдениетінің негіздеріне ден қойғызу.

4. Баланың өзіндік этностық санасын қалыптастыру амалы ретінде оны ұлттық мәдениет бастауларынан нәрлендіру.

1. Мектепке оқуға психологиялық және арнайы дайындығын қалыптастыру. Бағдарлама мектеп жасына дейінгі ересек 5-тен 7-ге дейінгі жастағы балалады қамтиды және мектепке екі жылдық дайындықты көздейді.

Білімдік материал бағдарламада мына бөлімдер бойынша берілген:

І. Дене бітімі дамуы

- балар дамуы мен тәрбие міндеттерінің қысқаша сипаттамасы

- уақыт кестесі және мәдени-гигиеналық дағдылар

- шынығу

- дене мәдениеті

- валеология

ІІ. Тіл дамыту

- ана тілі

- көркем әдебиет

- қазақ тілі немесе орыс тілі, ата-аналар қалуымен, щет тілі

ІІІ. Жаратылыстық-ғылыми білімдер

- қоршаған ортамен таныстыру

- экология негізі (балаларға арналған)

- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

- компьютерлік сауаттылық

ІҮ. Көркемдік-эстетикалық дамуы

- бейнелеу өнері

- құрастыру

- сазды тәрбие

- еңбек

Ү. Ойын

ҮІ. Ата-аналармен жұмыс.

Бағдарлама жобасын қазақ және орыс тілдерінде білім-тәрбие беретін балабақшадағы педагогикалық процесті ұйымдастыру негізіне алынуға тиіс. Бағдарламаның жетекші тұжырымдарының іске асырылуы балалардың қажетті интеллектуалдық, тұлғалық және тәндік дамуын қамтамасыз етеді және мектеп жағдайында оқуға жан-жақты даярлайды.

Бағдарламаның міндеті:

Баланың сана сезіміне ата-бабадан қалған өнер мен өнеге үлгілерінің лайықтыларын құлағына құйып, көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділік пен ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлыққа баулып, адамдық қасиеттерді қалыптастыру. Бала мен тәрбиеші арасындағы қарым-қатынас нығайып, ізгілендіре жүргізу жүзеге асатын болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнының жанаруы
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Қазіргі балабақшадағы тәрбиешенің тың қызметі
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы
Балаларды табиғатпен таныстыруда бақылау және эксперимент жасау әдіс- тәсілдері
Ересек топтағы балаларды өсімдіктермен таныстыру негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz