Мектептегі іс – шаралардың тәжірибедегі қолданыс сипаттары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 100 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

I. Мектептерде өткізілетін іс - шаралардың педагогикалық - психологиялық мән - мағынасы.

1. 1 Іс - шаралардың тәрбиелік мәні.

1. 2. Танымдық қабілеттілікті арттырудағы іс - шаралардың рольі.

1. 3. Іс - шаралардағы ұлттық тәрбие нышандарын қолдану үрдісі.

II. Мектептегі іс - шаралардың тәжірибедегі қолданыс сипаттары.

2. 1. Жеткіншектің психикалық дамуы.

2. 2. Бастауыш және орта буын сыныптарында өткізілетін іс - шаралардың ұйымдастырылуы.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

КІРІСПЕ

XXI ғасыр - өркениет дамуының кезеңі. Тәуелсіз еліміздің дамыған мемлекеттер қатарына қосылуы үшін ең әуелі халықтың білім деңгейін, оқыту мен тәрбиелеу сапасын бүгінгіден әлдеқайда биікке көтеру қажет екені сөзсіз. Өйткені білім - әрбір өркениетті елдің ең алдымен назар аударатын өзекті саласы. Егемен елдің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақ десек, олардың білімі де, білікті жан - жақты жетілген жоғары мәдениетті, парасат пайымы мол, саналы азамат болып жетілуі тәлім - тәрбие беретін ұстазға, ата - анаға, өскен ортасына байланысты. Сондықтан да білім саласын қазіргі заманның ұрпағын тәрбиелеуші орта ретінде оқушылардың бойына арнайы мектепте іс - шаралар ұйымдастыру арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мен жандандырудың тәрбиелік жолдарын қарастыру мектеп тәрбиесіндегі басты мәселе.

Өйткені мектеп тәрбиесі - адамзат қоғамындағы адамгершілікті сақтаудың ең маңызды кепілі, педагогикалық - психологиялық мәселелердің негізі. Тәрбие мен оқытудың біте қайнасып өзара ұштасатын жері, жалпы қоғамдық өмірді толық меңгеріп, жан - жақты түсіндіру ең басты педагогикалық проблема.

Тәрбиенің басты көзі - мектеп. Бүгінгі таңда мектепте өткізілетін іс - шаралардың маңызы зор. Тәлім - тәрбие проблемасы барлық аймақтарда, территориаларда, әсіресе ірі және кіші қалалардың, сол сияқты ауылдық аймақтардың мегаполистердің өзекті мәселесі. Әсіресе, оқушыларға Қазақстан жері 100 - ден астам ұлт өкілдерінің тұрақты мекеніне айналуы қазақ ұлтының біртұтас мемлекет екенін бүкіл әлем мойындап отырғанын, ең алдымен сан ғасырлық тарихы бар қазақ ұлтты мемлекетінің, елдің, жердің иесі, ал басқа халықтар өздері мекендеп отырған қазақ елінің салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын, бір сөзбен айтқанда мемлекетті сыйлайтын, парасат - пайымы мол ұлттар ретінде таныта білуі шарт.

Ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ұлттық сана - сезімді оқушылардың бойына сіңіру, отбасынан, бала - бақшадан, жалпы қоғамдық ортадан басталатыны белгілі.

Әр халықты өзге халықтарджан ерекшелеп отыратын өзіндік тұрақты құндылықтар мен дәстүрлер жүйесі, яғни, әр халық өзінің ұлттық - салт дәстүрі, әдет - ғұрпы, мәдениеті бар, әр халық ұлт ретінде осы құндылықтармен асқақ . Қазір еліміздің мектептеріндегі ұстаздар алдында оқушыларға білім беру мен білімнің жетістіктерін оқып үйренуге тәрбиелеумен қатар, оқушыларды өздерінің ұлттық ерекшеліктерімен санасуын, әрбір ұлттың өкілі ретінде өзімен қатар құрбы - құрдастарымен қарым - қатынасын, оның ұлтының халықтық - тарихи қалыптасуы мен дамуын есепке алу ұлттық сана - сезімінің, қасиеттерінің даму дәрежесіне сәйкес қарым - қатынас мәдениетіне тәрбиелеу - басты парыз.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде: «Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы - адам, яғни, бүгінгі жастар игілігі үшін жасалып жатыр» деп атап көрсеткен. Ендеше, оқушының өз өмір жолын таңдай білу қабілетін дамытуда ер бала мен қыз баланың өмірлік ұстанымын, табиғи міндеттерін түсіндіруде, өз өміріне ойлы көзбен қарап, адам өмірі ең жоғары құндылық екенін санаға сіңіруде тәрбиенің маңызы зор.

«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар: адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек» дейді Шәкәрім. Ендеше рухани - адамгершілік құндылықтарды оқушы бойына мектептегі іс - шаралар арқылы ғана сіңіру өте тиімді әдіс.

XX ғасырдың өзінде - ақ халқымыздың зиялы ұлдары ұлт болашағын ойлаған оқылатын пәндердің ұлттық болмысымызға үйлесуінің қажет екенін болжаған. Қарап отырсақ сол зиялылырдың ой - пікірлері бүгінгі күні де қажет деп табылуда. М. Дулатов «Балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухын сіңіріп, ана тілін анық үйретіп шығару керек» десе, М. Жұбабаев «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұқлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті» деген. Мектептің басты мақсаты - «Жалғыз білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беруі керек» М. Дулатов.

Қоғамымыздың өзіне қоятын әлеуметтік сұранысын ескере отырып, мектепте тәрбие жүйесінің негізін қалауда, ұлттық педагогика идеяларын басшылыққа ала отырып, тәрбие жұмысын баланың шығармашылық қабілетін, азаматтық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстар жүйесі арқылы жүзеге асырылуда. Ал бұл дегеніміз - қойылатын мақсаттардың жиынтығы, іс - әрекеттердің әр түрлілігі, әр жастағы балалардың ынтымақтастығы, қоршаған ортамен қарым - қатынасы, тәрбиелік орталықтарда болуы, оқыту мен тәрбие процесінің бір - бірімен ұштасуы, бірін - бірі толықтырып отыруы. Қай кезде болмасын тәрбиенің өзегі бала. Қандай тәрбиелік жұмыс болмасын, ол балаға оның дамуына бағытталуы керек. Әр баланың даму ерекшелігін ескеріп, оның әрі қарай дамуына бағыт беріп, олардың ерекше қабілеттерін зерттей отыра, жеке тұлғаны дамытудағы жұмысты жүйелі құрған дұрыс. Оқушыны зерттегенде оның адамгершілігін белсенділігін, мағлұматты игерудегі жеке басының дамуын, оқуға деген ынтасын, ерік - жігер қасиеттерін, эстетикалық дене бітімінің дамуын, жүріс - тұрысын, тәрбиесін, білім деңгейін басты назарға алу керек. Мұғалім - өзінің алдындағы тұлғаның қамқоршысы. Сондықтан ұстаз оқушының көзқарасын, талпынушылығын, сөйлеу мәдениетін, әдеби кітапқа құмарлығын, шығармашылықпен айналысуын, бір іске ерекше қызығушылығын, үй тапсырмасын орындауын, ынтасын, тиянақтылығын, адамгершілік қасиетін, табандылығын, сынға көзқарасын, іскерлігін негізгі ерекшеліктері бағалайды.

XV ғасырда Англияның атақты оқымыстысы Локк: «Баланың ақылы да, жаны да туғанда ақ қағаздай болып туады. Ақ қағазға қандай жазу жазса да, жазушының өз еркінде. Сол сықылды балаға қандай тәрбие беру тәрбиешіден. Бала қалай тәірбиелесе соған көне береді» - деген болатын.

Сондықтан да, ақ қағаздың бетіне қайтадан өшіре алмайтындай шимай - шатпақ түспесін десек, нәресте шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап, оның тәрбиесіне аса ыждахаттылықпен кіріскеніміз жөн.

Ұлы педагог В. А. Сухомлинский «Балаларға жүрек жылуы» кітабында былай дейді: «Бала жанұяның айнасы; бір тамшы су да күн сәулесі қалай бейнеленсе, ана мен әкенің адамгершілік тазалығы да, балаларда сондай бейнеленеді. Мектеп пен ата - ананың міндеті - әр балаға бақыт сыйлау. Бақыт алуан қырлы. Ол - адамның өз қабілетін ашып, қоршаған дүниенің әсемдігінен ләззат алып, басқалар үшін әсемдік жасауына да, басқа адамды сүйіп, өзі де біреудің сүйіктісі болып, Балаларды нағыз адам етіп өсіре білуінде. Осылайша ата - аналармен бірлесіп ортақ күш жұмсағанда ғана, мұғалімдер балаларға зор адамдық бақыт бере алады.

Даналық сөздің ойшылы Эпикет : «Дүниенің ең тамаша туындысы - тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады» - дейді. Сондықтан да ертеңгі күніміздің көлеңкесіз жарық болуын ойласақ, бала тәрбиесіне бей жай қарауға болмайды.

Баланың Отанын, елін сүюге, қазақ отбасындағы дәстүрлер арқылы, мектептегі іс - шаралар арқылы оқушылардың рухани - адамгершілік қасиеттерін дамыту, оларды рақымдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу - қазіргі заман талабы. Отбасы мен мектеп баланы ізгілікке, жақсылыққа, туған жерді, тілді сүюге, тарихын білуге, мәдениетін тануға, дәстүрін құрметтеуге барлық адамзаттық тәрбиеге тірек болатын ең құнды адамгершілік қасиеттерді ұрпақ бойына сіңіруді көздейді.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Мектепте өтілетін іс - шаралардың психологиялық - педагогикалық мән - мағынасы.

Мектеп оқушылары іс - шараларға қатысып, қоғамдық жаңалықтар мен танымдық белсенділігін арттырып, білім деңгейін көтеріп, дербестігі мен шығармашылығын қалыптастырады.

Зерттеудің мақсаты. Мектептегі іс - шаралар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, халықтық педагогика негізінде жүзеге асыру. .

Зерттеудің міндеттері:

1. Тұлғаны зерттеу, жан - жақты білу, адамдық болмысын анықтау.

2. Халық педагогикасын зерттеу, мектептегі іс - шараларда пайдалану.

3. Тәрбиенің түрлерін жан - жақты қарастыру:

а) Тән мен тазалық тәрбиесі

ә) Еңбек пен өнер тәрбиесі

б) Ақыл - ой тәрбиесі

в) ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі

г) Сыр мен сымбат тәрбиесі

Зерттеудің болжамы.

Егер тәрбие үрдісінің әр кезеңдерінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру ғылыми-педагогикалық, жан-жақты тұлғалық-бағдарлық негізде талдау жасалып, оқу-тәрбие ісін ізгілендіру және демократияландыру, жаңа талаптармен ұштастырылса, рухани дамуы ұлттық сана, халықтық сапалық қадір - қасиет, жеке тұлғаға дариды.

Зерттеу объектісі. Ақмола облысы, Ерейментау ауданы

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; белгіленген міндеттерді шешу және ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу әдістерін қолдану; мектеп оқушысының тәрбие үрдісін бақылау; оқушылармен әңгіме жүргізу, сауалнама алу; алдыңғы қатарлы педагогикалық тұрғыда саралау; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру; тәжірибелік - эксперимент жұмысының мәліметтерін сандық жағынан сараптап қорытындылау.

Зерттеу пәні. Мектеп оқушыларының іс - шараларға қатысу белсенділігінің деңгейін анықтау.

1. 1. Іс - шаралардың тәрбиелік мәні.

Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Бүгінгі таңда мектептің мұғалімінің ең қасиетті міндеті - рухани бай жан - жақты дамыған, жеке дарынды тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет - салты, мәдениеті, өнері, және шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Осы ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі, озық ұстанымдары мен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашу. Өзіне - өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасау - тәрбие ісінің басты міндеті.

Тарихтың даму белестерінде әрбір халық саяси әлеуметтік, мәдени және идеологиялық жағдайына сай, рухани - дәстүрлік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, оны ұрпақтар игілігіне қалдырып отырады. Оның орнықтылығы, әрі тереңділігі, мәнділігі қоғамның бетке ұстаған саяси және тәрбиелік бағдарына келіп тіреледі.

Тәуелсіздік туын көтерген елімізде ұлттық тәрбие ұстанымының өзіндік қыры мен сыры бар. Оның себебі, қазақ халқының тарихи дамуындағы қиындық қыспақтар, бұратаналық саясат, бірорталықтан тараған кеңестік билеу дәуірі бұл құбылысқа қарама -* қайшы қасиеттер ендіріп әлсіреткені, босаңсытқаны белгілі. Соған орай қазіргі жаңа әлеуметтік қатынастар дәуіріндегі ұлттық тәрбиенің бір ұшы осында жатыр деуге болады. Кезінде бұл мәселенің ғылыми талданып, ұсынылуы мен партиялық шектеу мен жүзеге асқаны да, проблеманың табиғаты мен құрылысына қиындықтар, теріс пікірлер әкелген еді.

Бұрынғы одақ Республика көлемінде өз дәуірінің талаптары мен тынысына қарай, ұлттық тәрбие туралы ғылыми зерттеулер іске асты дегенмен, оның ұлт рухына етенелес болмауына аталған себептер ықпал етті. Қазіргі кезеңде Республика ғылымдары бұл көкейтесті құндылықтарды ұрпақ қажеттілігі ретінде ерекше қолға алды. Оның негізгі метадологиялық бағыттары ұзақ мерзімдік бағдарлама «Қазақстан 2030», ел президентінің «Қазақ халықтары Ассамблеясының стратегиясы туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңесі бекіткен Тұжырымдамаларда белгіленіп, этникалық мәдени білім мен тәрбие, мәдениетті жетілдіру тарихи сананы қалыптастыру, ұлт мәні мен ұлттық тәрбиенің ғылыми саралануы тұрғысындағы міндеттерді алға тартты. Ұлттық тәрбие туралы ұсынылған материалдарда мектеп оқушыларына кепілдемелердің аздығы, олармен өткізілетін мектептен тыс тәрбие жұмыстарының тәжірибесінен бөлек қазақ мектептеріндегі оқулықтардың ұлттық тәрбиелік деңгейін сын көтере бермейді.

Мектеп оқушылары мен ұлттық тәрбие жүйесі ең жауапты және ерекшелігі мол кезеңге жатады. Олардың жас ерекшелігі мен өсімтал

сана - сезімдері осыны талап етеді. Осы жаста балалардың дүниеге, қоршаған әлеуметке, ұлттық сана мен қарым - қатынасқа сенімі, көзқарасы беки түседі. Көп жағдайда оған деген өзбетінше іс - әрекеті, тұжырымы да айқын көріне бастайды. Ұлт рухына деген сезім мен сыйлау өнегесінің ірге тасы осы жаста күштірек әсер қалдырады.

Ел тарихын зерттеген ғалымдардың басым көпшілігі көшпенділер тайпасының бір бөлігі негізінде қазақ деген атпен жаңа ұлыстың XV - ғасырдың ортасында пайда болғанын бірауыздан мақұлдайды. Олар: Н. Красовский, А. Күзембайұлы, С. Ауатаев, Н. Масанов.

Қазақ халқының ұлттық психологиясының қалыптасуына келетін болсақ, бұл процесс көшпенділердің әлеуметтік - экономикалық және рухани дамуының әсерімен түзелгенін байқауға болады. Көшпенділердің ұлттық сезімінің өзгеруіне қазақ мемлекетінің XII - XVII ғасырларда ірге көтеруі әсерін тигізбей қойған жоқ. Бұл кезде қазақ арасында өз еліне деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдер ұлттық мақтаныш сияқты қасиеттер пайда болып орныға бастады. Бірақ қазақ қоғамындағы экономика дедеңгейінің төмендігі, демократия және саяси бостандықтың болмауы Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатымен қатар келіп, қазақтың ұлттық сана - сезімінің өзгеруіне әкеліп соқты.

Кеңес мемлекеті ыдырағаннан кейін ТМД елдері егеменді ел болып, тәуелсіздік алған кезде психология ғылымы күрт өзгеріске ұшырады. Ұлттық сана - сезімді дамыту басты мақсат болып отыр. Бұл халықтың өзін - өзі танып, басқа ұлыстардың ішінде орнын белгілеуге жағдай жасауы. Осыдан ұлтты құрайтын тұлғаның ұлттық сана - сезімінің тәрбиесіне ерекше мән берілуі керектігіне көз жетеді.

Әр адам өзінше дараланған жеке тұлға, яғни мінез - құлқындағы, іс - әрекетіндегі, көз қарасындағы ерекшелігімен даралануы. Мысалы, біреулер айналасына таңдана, тамашалай қараса, ал енді біреулер сын көзімен қарап ой қорытады, сыни пікірлер айтуы мүмкін.

Адамдардың қоршаған табиғи ортадағы құбылыстарды қабылдап түсінуі де әртүрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адам баласы өмірінде үздіксіз тәрбие құшағында болатынын бұрынғы игерген білім, білік дағдылары біртіндеп көмекшіленіп, оның орнына жаңа білім, білік дағдыларды меңгерумен шұғылданатынын ескеруге де тура келеді. Ұлы кеменгер ойшыл жазушы, академик М. Әуезов: «Адамда екі түрлі қылықтың жолы бар: бірі - тіршілік қамы, бірі - адамшылық қамы, үлкен алдында - жас қарызы, ата алдында - бала қарызы», - деген екен. Ол қандай қарыз? Әрине, әдеп пен сый. Ол қайдан шығады? Отбасындағы мінез - құлықтың қарым - қатынастың қалыптасуынан бала мінезі қалыптасады. Жеке тұлғаның ой - санасының, білім көлемінің толығуымен байланысты, оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруде өзгерістердің болуы, оның жаңаруы мүмкін. Оған ғана әлеуметтік ортаның, отбасы мүшелерінің, жолдас - жораларының, таныстары мен достарының да әсері бар. Сондықтан да әр адамды бір - біріне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігімен дараланған тұлға дейміз.

Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір - бірімен ұқсас болғанымен, мінез - құлқы, іс - әрекеті, өмірге деген икемділігі бірдей болмайды.

Адамның жан сыры, мінез - құлқы өте күрделі, оның белгісіз жақтары өте көп. Қасында жүрген жолдасыңды қанша білемін десең де, оның бір оғаш мінезін көргенде таң қаласың. Ұлттық жан - сыр қуаныш пен қайғыға, жеңілдік пен қиындыққа, қарама - қарсылыққа кез болғанда сыры ашыла бастайды. Ұлттық жан - сырын жалпы алғанда басқа халықтың сырындай: төзімділік, байсалдылық, күндестік, арындылық, еріншектік, қызбалық, жайлылық, жайбарлылық маңдайға жазғанды көреміз. Діншілділік, сенімділік, ұялшақтық, мырзалық, жомарттық, құбылмалылық, еліктегіштік, сөзде тұра алмаушылық, енжарлық сияқты жағымды және жағымсыз қасиеттер.

Жеке тұлғаға тән қасиет - ақыл, ес, яғни олар өмірді өзінің сана - сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұрады. Жеке адамның есте сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Өзгелердің өмірі жөніндегі түйсік сезімі, ой түсінігі, әдеби шығармаларда, ғылыми еңбектерде мінез - құлықты, салт - дәстүр ережелерінде жинақталып қортылған. Әр жеке тұлға оларды оқып көріп оқығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс - әрекетін, мінез - құлығын, сана - сезімін байытады, толықтырады.

Адам өмірінде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Осы қасиеттерді көре білген ұлы ақын Абай: « Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз, » -

деп текке айтпаса керек. Адамның санасы, есі, оның ішкі ой- сезімімен тығыз байланысты. Сезімнің сыртқа шықпас әды бар ма,

Оны ұғарлық адамда сана бар ма. -

деген Абай сөзі тағы да оны растайды.

Болашақ ұрпақты адамгершілік, ақыл - ой тәрбиелерімен ұштастыра отырып, тәрбиелеумен қатар, оның санасында психологиялық ерешеліктерді, ұлттық психологияны дамыту керектігін көрсетеді. Абайдың үш мүшелі (ақыл, сезім, қайрат - ерік) мәселелері психологияда мазмұны мен терең түйсік бере алады. Мысалы, «Әуелде бір суық мұз, ақыл, дерек», қырық үшінші сөзі, . Ақыл, сезім, ерік. Абайдың ойынша бірлестік егер үшеуінің бірлестігі болмаса, ешбір пайдасы болмайды адамға, адамды қажетті жолдан тайдырады. Сондықтан ол?

Ақыл, қайрат жүректі бірдей ұста.

Сонда толық боласың елден бөлек.

Жеке - жеке біреуі жортпайды,

Жолда жоқ жарым есті «жақсы» демек.

Егер адам өзінің ұлттық ерекшеліктерін жан - тәнімен түсінсе, онда оның сана - сезімі ұлттық болмысты қабылдай бастағаны. Сонда адам өзінің өмірлік құндылығы тілін, салт - дәстүрін, тарихи ескерткіштерді, ұлттық мәдениетті таңдап алады, бағалай біледі, ұлттық мақтанышына айналдырылады.

Қазақтардың психологиялық ұғымында жеке тұлғаны қалыптастырыуы тарихқа енгізіліп, өзінің түп тамырын тану идеясына құрылады. Жеті атасын білмеген жетесіз деген қатты айтылған тұжырым осындай талаптан туса керек.

Ата - бабаның қастерлеу қазақтың ұлттық сана - сезімінің, ұлттық ерекшелігінің көрінісі. Ислам дінін қабылдағанға дейінгі көшпенділердің дінін қалыптастыруға үлкен ықпал еткен. Тәңірге табыну және сену кезеңі бізде әлі де болса аз зерттелген.

Тәңірге табыну тұсында адамды төзімділікке үндейтін элементтер қазақтың табиғатқа, қоршаған ортаға тез бейімделуіне себептілігін тигізеді.

Ата - бабаны қастерлеу рулық құрылымының діни сенімінен де туындайды. Өйткені рулық жүйе салт - дәстүр мен әдет - ғұрыптарды сақтаушы орта. Ол негізінен аруақтың моласына тағзым етуден байқалады. Кезінде Шоқан Уәлиханов қазақта қайтыс болған адамға қорған немесе ескерткіш орнату балаларының парызы деп, атап өткен. Бұл қазақ үшін киелі ұғым.

Қазақтар үшін шежірені білу жерге, елге деген ерекше көзқарастан туындайды және ол айналасындағылардың өзіне деген құрметін айтады. Мұның бәрі түптеп келгенде қазақ халқының ұлттық сана - сезімін, ұлттық психологиялық ерекшелігін көрсетеді: ал ата тегінің тарихын, тілін білмегендерді өзінің тарихи түп тамырына мақрұм қалған мәңгүрт деп айтады.

Ұлттық қымбаттыларымыз тіліміз, дініміз, діліміз, салт - дәстүр санамыз ұлттық психологиямызға түрлі әсерлердің көптігінен қанат жаюына бөгет көп. Сондықтан да ұлттық тәрбиеге қиындық туып отыр. Әрине тұлға қалыптастыру біздің халқымыздың еш уақыт есінен шығарған емес. Оған мына ұлағат сөз куә: «Баланы 5 жасқа дейін жаныңдай күт, 15 жасқа дейін құлдай жұмса, 15 жастан әрі замандасыңдай сырлас». Міне, нағыз ұлттық психология!

Тәрбиедегі тұлға қалыптастыру барысында айтылатын өсиет, берілетін ақыл, ұсынылатын ұлағат, көрсетілетін үлгі - өнеге, дер кезінде, яғни сөзді тыңдайтын шағында, оларды түсінетініне, қабылдайтынына күмән келтірмейтін кезінде іс жүзіне асырған. Тәрбиенің бәрі мақсатты болған. Негізгі мақсаты - адам ету, кемеңгер ету, көсем ету, еліне елеулі, халқына қалаулы ету. Осындай мақсатта тәрбиеленген ұрпақтың болашағы жарқын да, жарық айқын да анық болары сөзсіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің жалпы сипаттамасы
Рухани жаңғыру аясында мектеп оқушыларының ғылыми ізденістерін ұлттық құндылықтар арқылы дамыту
Әлеуметтік қызметкер және отбасы
Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі
Дипломалды практика бағдарламасы
Өндірістік практика бағдарламасы
Математика мен физиканың пәнаралық байланысының кейбір мәселелері
Ауыл мектебіндегі оқушыларды оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие беру
Математиканың білім мазмұнындағы мектептің бастауыш және орта сатысындағы сабақтастығы
Биология пәнін оқытуда жүгері өсімдігінің биологиялық және өнімділік ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz