Мемлекеттік қызмет туралы жалпы ұғым. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе . . . 3

1. Мемлекеттік қызмет туралы жалпы ұғым.

1. 1 Мемлекеттік қызмет туралы түсінік . . . 7

1. 2 Мемлекеттік қызметке байланысты әлемдегі көзқарастар . . . 13

1. 3 Мемлекеттік қызметкерлердің негізгі жүйелері . . . 20

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі.

2. 1 Мемлекеттік қызметінің қазақстандық моделі және оның қағидалары . . . 26

2. 2 « Мемлекеттік қызмет туралы » Заңы . . . 37

2. 3 Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары . . . 42

3. Мемлекеттік қызметтің басқа қоғамдық қызметтерден айырмашылығы…… . . . 50

Қорытынды . . . 56

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 61


Кіріспе

Мемлекеттік аппарат - қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нысандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамтамасыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Дипломдық жұмыстың өзектілігі Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының екінші бабында мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарында конституциялық негізде жүзеге асырылатынжәне мемелекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттердің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызметі.

Мемлекеттік қызмет туралы заңда осы заңның барлық мемлекеттік қызметшілерге қолданылатындығы бұған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Конституциялық заңдармен немесе өзге де актілер мен олар үшін басқадай құқықтық мәртебе белгіленген жағдайлар қосылмайтындығы айтылған. Мемлекеттік қызметші - азаматтарға республика Конституциясы мен заңдары арқылы кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарыды пайдаланады және де өз өкілеттігінің шегінде мәселелерді қарауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, оларды тиісті органдар мен лауазымды адамдардың орындауын талап етеді. Берілген тәртіппен лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды алуға және де лауазымдық міндеттерін атқару үшін белгіленген тәртіппен меншік нысанына қарамастан, ұйымдарға баруға. Зерттеу маңыздылығы : Мемлекеттік қызметші атқаратын лауазымға сәкес міндеттер мен қызметтік өкілеттіктер көлемінің дәл анықталуын басшыдан талап етеді, жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар мен азаматтар тарапынан өзіне әділетті және сыпайы қарым-қатынас жасалуына, өзі атқаратын лауазымға, жұмыс сапасына, тәжірибесіне, стажына және өзге де негіздерге қарай еңбегінің тиісінше ынталандырылуына және оған ақы төлеуіне, тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлауға және қызмет біліктілігін арттыруға, өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға, қажетті жағдайларда жеке түсініктер беруге, біліктілігі мен қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауы ескеріле отырып, қызмет бабында жоғарылауға, қызметшінің пікірінше, негізсіз айып тағылған ретте қызметтік тексеру жүргізілуін талап етуге құқылы Зерттеудің мақсаты мен мәселелері : дипломдық жұмысымда Қазақстан Республикасының Заңдары бойынша Мемлекеттік қызметке әрбір кітапта ғалымдар әр түсінік береді.

Жоламанов Қ. Д. «Мемлекет және құқық теориясы» кітабында мемлекеттік қызметке былай анықтама берген.

Мемлекеттік қызмет - конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік орган мен оның аппараттарындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызмет.

Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік қызметемлекеттік аппарат тиісті мамандармен, іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады.

Мемлекеттік қызмет бірнеше категорияларға бөлінеді:

а) Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері (заң шығару, заңды

орындау, заңды қорғау органдары) .

б) Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар,

мамандар, техникалық персонал.

в) Мамандығының сипатына қарай

Біздің міндет - Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымдарының осы заманғы, тиімді жүйесін жасау; басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкімет құру; ұлттық мүдденің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру. Зерттеу әдістері: Мен өзімнің дипломдық жұмысымда ең алдымен мемлекеттік қызмет институты ен көне құқықтық институттың бірі болып табылады.

Үкімет пен жергілікті өкілетті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін жеті негізгі стратегия принциптері мынаған саяды:

1. Неғұрлым маңызды бірнеше функцияларды ғана орындауға жұмсалған

ықшам әрі кәсіпқой Үкімет;

2. Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша

атқарылытын жұмыс;

3. Нақтылы жалға қойылған ведомствоаралық үйлестіру;

4. Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, олардың

есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру;

5. Министрліктердің ішінде, орталықтан айшақтарға және мемлекеттен

жекеше секторға қарай орталыққа тәуелділікті жою;

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл да ымырасыз күрес;

7. Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарлату жүйелерін жақсарту;

Кәсіпқойлық, отаншылдық, ұзақ мерзімді міндеттер шеше алатын білімділік пен жігерлілік - кадрларды іріктеу мен жоғарлатудың басты өлшемдері.

Республикада кәсіпқой мемлекеттік қызмет негіздері қазірдің өзінде қаланды. Алайда, әлі де көп іс тындыру керек. Кадрларды басқарудың жалпы мемлекеттік жүйесін құру қажет, онда оларды елімізде және сырт жерлерде нысаналы әрі тиімді даярлаудың, оларды қызмет бабында жоғарылатудың әділетте тәртібі, бірыңғай ақпарат тетігі, әлеуметтік қорғау кепілдігі әрі басқарудың ең іргелі ресурсы - адамға деген сергек көзқарас қамтылуға тиіс. Сонымен бірге бұл мемлекеттік жүйенің білімсіз, біліктілігі төмен қызметкерлерді ығыстыра алатын қабілеті де болуы керек. Әр қызметкер іс жүзінде өзінің пайдалы екенін және керектігін ұдайы дәлелдеп отыруға тиіс, қызметкерлерге қойылатын талаптарды ашып көрсетуге ұмтыламын.

Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер де қызметінде мекемеге шығын келтірсе оны төлейді деген сияқты сұрақтары туралы жұмыс. Ғылыми жаңалығы : оларға деген қосымша материалдар, соған қоса, жалпы заңға сәйкес қарастырылатын мемлекеттік қызметтің сұрақтарына сәйкес оқулық пен монографиялық әдебиет қолданылған. мамандар Гусов К. Н., Куренной А. М., Решетникова И. В., Қожахметов Ғ. З. Ахметов А. Д., Қағазов Т. С., Айымханова С. А. Бухарбаева., И. Д. Бейсенов., Т. Н. Мухамбетов., В. И. Власов., В. Глазырин., С. Ю. Головина., В. Д. Шахов., С. А. Голощапов., С. А. Димитрова., В. Дойблер., Д. Ә. Жампейісов., Д. Г. Иосифиди., О. С. Смирнов., М. В. Толкунова., және т. б. зерттеулері қолданылған. Мемлекеттік қызметшінің негізгі мүдде мақсаты: адамның әлеуметтік, моральдық, материалдық, рухани, мәдени, экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады. Жеке тұлғалардың мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды қалай жақсы нығайтып дамытады, қарым-қатынастарды қалай дұрыс реттеп басқарады дегендерді қарастырайық. Мемлекет - бұл арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараттары бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы. Біздің 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституцияның бірінші бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін құқықтық, әлеуметтік, демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде танытады.

Құқықтық мемлекет дегеніміз - бұл адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы : а) мазмұны жағынан адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден тұрады; б) формальды - заңды жағынан - мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орналастырудан көрінеді. Бұлардың барлығы мемлекет қабылдайтын заңдар, актілер, құқықтық актілер арқылы құқықшығармашылық қызметі арқылы жүзеге асырылады.

Құқықшығармашылық - бұл құзіретті органдардыңзаң нормаларын қабылдауға, өзгертуге және жоюға байланысты арнайы қызметі.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет етуін айқындаушы негізгі қағида билікті бөлу теориясы болып табылады. Заң шығарушы биліктің тармағы - бұл Қазақстан Республикасының өкілді органы: Парламент.

Қазақстан Республикасының атқарушы органдарына ҚР Үкіметі, министрліктері, комитеттері, агенттіктері, департаменттері, әкімшіліктері және оның басқарушы органдары жатады.

Сот билігін тек соттар, мысалы Қазақстан Республикасының Жоғары Соты, жергілікті соттар атқарады. ҚР Президенті мемлекеттік органдар жүйесінде айрықша орын алады, ол Конституция бойынша бірде-бір билік тармақтарына жатпайды, тек олардың қызметін үйлестіріп отырады. Ол заң шығарушы органдармен бірігіп қызмет істейді, атқарушы органмен тығыз байланысты, оларға ықпал жасау үшін көптеген өкілеттілікке ие, мемлекеттік органдар жүйесіне мінездеме бере отырып, біз осылардың ішіндегі айрықша орын алатын Прокуратура органдарына да назар аударуымыз қажет. Прокуратура құқық қорғаушы органдарының қатарына жатады, оның ең басты құзыреті - Қазақстан Республикасының аумағында заңдардың біркелкі және дәлме-дәл орындалуын қадағалау кінәлі деп танылған азаматтарға, мекемелер мен ұйымдарға, мемлекеттің өзге де органдарына тиісілі шаралар қолдану.

Дипломдық жұмыстың құрылымы : Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады. Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі негізделеді, тақырыптың зерттеуіне жалпы баға береді, мақсаттар мен міндеттер қойылып, зерттеу жұмсының теориялық және әдістемелік негіздері және жұмыстың ғылыми жаңалығы көрсетіледі Бірінші бөлімде Мемлекеттік қызмет туралы жалпы ұғым . Мемлекеттік қызмет туралы түсінік жалпы сипаттамасы: ұғымы, обьектілері, субъектілері және Мемлекеттік қызметке байланысты әлемдегі көзқарастар Мемлекеттік қызметкерлердің негізгі жүйелері Екінші бөлімде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы. Мемлекеттік қызметінің қазақстандық моделі және оның қағидалары. Мемлекеттік қызмет туралы Заңына анықтамалар беріледі Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтарына тоқталамыз және реттеуінің нормативті құқықтық актілерін, сонымен қатар оның негізгі индикаторлары мен зерттеу жолдарын қарастырады. Үшінші бөлімде Мемлекеттік қызметтің басқа қоғамдық қызметтерден айырмашылығы мемлекеттік қызмет құқығын қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу ережесі мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын негізгі құжаттар және құқықтарды жетілдіру жолдары қарастырылады. Зерттеу нәтижесі қорытындыда терең қарастырылған.

1. Мемлекеттік қызметтің ұғымы.

1. 1 Мемлекеттік қызмет туралы түсінік.

Ғылыми және оқулық құқықтық әдебиеттерде мемлекеттік қызметті кең және қысаң мағынада түсінеді. Мемлекеттік қызмет кең мағынада қызметкерлердің өздерінің міндеттерін (жұмысын) мемлекеттік ұйымдарда: мемлекеттік өкімет органдарында, кәсіпорындарда, мекемелерде, өзге де ұйымдарда орындауға саяды; ал қысаң мағынада: бұл қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік органдарда орындаулары.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі заңында мемлекеттік қызметтің ұғымы қысаң мағынада берілген. Онда мемлекеттік қызмет - делінген, - мемлекеттік қызметккерлердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызмет.

Ал, лауазымдық өкілеттілік деп заңдарда белгіленген құқықтары мен негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметкерлердің өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретін нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттілік ұғылады.

Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, жоғарыдағы аталған Заң, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы» 1998 жылғы 12 қарашадағы № 4141 және «Мемлекеттік қызмет кадрларымен жұмысты жетілдіру мәселелері туралы» 1999 жылғы 24 ақпандағы № 13 өкімдері, республиканың өзге де нормативтік құқықтық актілері жатады.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңмен реттелмеген мемлекеттік қызметпен байланысты қатынастар республиканың еңбек, зейнетақы туралы және өзге де заңдарымен реттеледі.

Мемлекет - бұл арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараттары бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы. Біздің 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституцияның бірінші бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін құқықтық, әлеуметтік, демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде танытады.

Құқықтық мемлекет дегеніміз - бұл адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы: а) мазмұны жағынан адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден тұрады; б) формальды - заңды жағынан - мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орналастырудан көрінеді. Бұлардың барлығы мемлекет қабылдайтын заңдар, актілер, құқықтық актілер арқылы құқықшығармашылық қызметі арқылы жүзеге асырылады.

Құқықшығармашылық - бұл құзіретті органдардыңзаң нормаларын қабылдауға, өзгертуге және жоюға байланысты арнайы қызметі. Құқықшығармашылық процессі бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асырылады :

1. Заң шығару ынтасы - құқықшығарушы органдар нормативтік актіні

шығару туралы ұсыныс немесе актінің дайын жобасын ұсынады. Заң

шығару құқығына ие субъектілер шеңбері заңда қатаң түрде

анықталған;

2. Заң жобасын толтыру;

3. Заң қабылдау;

4. Заңды жариялау.

1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақ Советтік Социалисттік Республикасының мемлекеттік егемендік туралы Декларациясында, Қазақ Советтік Социалисттік Республикасы - егеменді мемлекет, ол басқа республикалармен Егеменді Республикалар одағына ерікті түрде бірігеді және олармен өзара қатынастарын шарттық негізде құрады. Қазақ Советтік Социалисттік Республикасы Одақтан еркін шығу құқығын өзінде сақтап қалды.

Қазақ ұлтының және Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлену мен дамыту және олардың ұлттық қадір-қасиетін нығайту Қазақ Советтік Социалисттік Республикасы мемлекеттігінің аса маңызды міндеттерінің бірі, Республиканың бүкіл халқы атынан Қазақ Советтік Социалисттік Республикасының Жоғары Советінің іс-қимылын жасауға, Республиканың территориясында тұратын азаматтарға олардың қай ұлтқа және қандай партияға жататындығына, тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына және діни намысына, жұмысының түріне, тұрғылықты жеріне қарамастан барлық құқықтарға құқығы бар. Осының бәрін мемлекеттік қызмет арқылы жүзеге асырылады делінген.

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 1-ші бабына сәйкес, ҚР-ғы мемлекеттк қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызметі.

Осыған сәйкес ҚР Конституциясының 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.

Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар өздеріне белгіленген өкілеттілік шегінде ғана мемлекет атынан билік жүргізеді деп тікелей жазылған.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметке түсінік бермес бұрын мемлекет тәуелсіздігіне, тәртібі, құрылысы, органдары т. б. терминдеріне түсінік беріп бір-бірінен ажырата білуіміз керек.

Мемлекет тәуелсіздігі - мемлекеттің билігін дербес жүргізуі, өз дамуының стратегиялық бағыты мен тактикалық жолын өзінің таңдауы, өз ісіне ешкімді араластырмауы, ішкі және сыртқы өзінің жасауы басқаның үстемдігіне жол бермеуі. Ал мемлекеттік тәртіп - мемлекет қызметтеріндегі адамдардың өз жүріс-тұрмыстарына белгілі бір ережелерді орындауларына байланысты оларға қойылатын талаптар, деп түсінік берілген.

Мемлекеттік құрылыс - мемлекеттің ең принципті сипаттарын, құрылымдық ұйымдастырылуы мен қызмет етуіндегі өзара байланыстарын, сондай-ақ олардыңөзара ықпалдасуларын көрсететін қоғамдық саяси қатынастардың жиынтығы.

Мемлекеттік құрылысқа тән сипаттар: мемлекет, қоғам және жеке адам араларындағы қатынастар; халық және мемлекет биліктерінің жүзеге асырылу әдістері; мемлекет басқару тұрпаттары; мемлекеттің экономикалық, саяси және идеологиялық негіздері; мемлекеттің ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруындағы құқық пен заңның атқаратын рөлі.

Мемлекеттік қызмет - бұл конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі (Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 26 желтоқсандағы Заң күші бар «Мемлекеттік қызмет туралы» жарлығының 1 бабы) мемлекеттік қызмет лауазын иелерінің мемлекеттік қызметпен айналысуына орай өз өкіметтіктерін жүзеге асыруына байланысты.

Заңда конституциялық анықтауларды жүзеге асыруға бағытталған бірқатар ережелер бар. Қазақстан азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар. Мұның өзі кандидатқа қойылатын кәсіби негіз, даярлық, тәжірибе, тағы басқа арнаулы талаптар бойынша мемлекеттік қызметпен айналысу мүмкіндігін білдіреді.

Қазақстан Республикасы президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2030 жылға дейін елді дамыту стратегиясында көптеген бағыттарын мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталған.

Стратегиялық курсқа сәйкес 2000 жылдың басынан бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметтің заңдылық және институттық базасы құрылды. Мемлекеттік қызметті мемлекеттік қызметшілер жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметші дегеніміз - мемлекеттік органдарда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.

Ол екі топқа бөлінеді: саяси мемлекеттік қызметші және әкімшілік, мемлекеттік қызметші. Мемлекеттік қызметшілерге «Мемлекеттік қызмет туралы» (1999 жылы) Қазақстан Республикасындағы Заңы, Қазақстан Республикасындағы «Еңбек туралы заң және өзге де нормативтік құқықтық актілер» қолданылады.

Мемлекеттік лауазын - Қазақстан Республикасының заңдылығы бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бірлігі. Оған нормативтік құқықтық актілермен лауазымдық өкілеттіктер мен лауазындық міндеттердің ауқымы жүктелген. Мемлекеттік лауазын саяси және әкімшілік болып бөлінеді. Олар типтік ережелермен реттеледі.

Мемлекеттің көп қырлы қызметі мемлекет органдары арқылы жүргізілетіні бәрімізге мәлім.

Бірақ олардың әр түрлілігіне қарамастан ортақ белгілері бар. Олардың әрқайсысы мемлекеттік аппараттың құрамдас бөлігі, мемлекеттік органдар жүйесіне кіреді. Сөйтіп, мемлекет органы дегеніміз - белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар ұжымы, мемлекеттік билік өкілділігіне иелі өзінің құзыреті шеңберінде қызмет атқаратын бірыңғай мемлекеттік аппарттың бөлігі болып табылады. Оған мынадай белгілер тән: біріншіден, орган мемлекет орнатқан тәртіпте құрылады; екіншіден, органға мемлекет өз міндеттері мен қызметін жүзеге асыруы үшін уәкілеттік береді; бұл орайда ол жекелеген қызметті де, қызметтер жиынтығын да (мысалы, Парламент) орындауы мүмкін; үшіншіден, органға мемлекеттік билік өкілеттілігі берілген. Ол басқа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, азаматтар орындауға тиісті міндетті актілер шығара алады және өздері шығарған актілердің орындалуын қамтамасыз етеді; төртіншіден, мемлекет үшін белгіленген ережелерге сәйкес әрекет етулері тиіс. Мысалы, сот төрелігі органдары үшін азаматтық және қылмыстық істерді қараудың белгілі бір тәртібі белгіленген. Бұлар бір жүйеге біріктірілген, бірақ олардың әрқайсысының функциясы бөлек, бір-бірінен өздеріне тән белгілерімен оңай ажыратылады. Сондықтан да бұлар мемлекеттік органдардың түрлерінің көптігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мемлекет қызметін іске асыру нысаны бойынша - өкілді, атқарушы, сот, прокуратура және өзге де бақылаушы - қадағалаушы органдарға бөлінеді. Бұл органдар заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу қағидасына негізделген; дәрежесіне қарай - орталық және жергілікті болып жіктеледі, өкілеттіктің мерзімі бойынша тұрақты (қызмет мерзімі шектелмей құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады) ; құзыретін жүзеге асыру тәртібі бойынша - алқалы (Парламент) және дара (Президент) басшылық; қызметінің құқылық нысаны бойынша - құқық шығарушы, құқық қолданушы және құқық қорғаушы, қызметінің сипатына қарай жалпы (Үкімет) және арнаулы (министрліктер) органдар болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет етуін айқындаушы негізгі қағида билікті бөлу теориясы болып табылады. Заң шығарушы биліктің тармағы - бұл Қазақстан Республикасының өкілді органы: Парламент.

Қазақстан Республикасының атқарушы органдарына ҚР Үкіметі, министрліктері, комитеттері, агенттіктері, департаменттері, әкімшіліктері және оның басқарушы органдары жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Мемлекет қызметінің жіктелуі
Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар туралы ақпарат
Қаржы түсінігі
Кәсiпкерлiк қызметінің ұйымдастыру нысандары құқықтық түрлері
Мемлекеттік қызметтің имиджі
Мемлекеттің ішкі функциялары
Салықтар мен салық жүйесі туралы түсінік
Лицензиялауды жүзеге асырушы органдар
Метрология туралы ұғым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz