Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың құрамы, саралануы мен түрлері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың
жалпы сипаттамасы
1. 1 ҚР мемлекеттік қызметтік түсінігі, түрлері мен қағидалары . . . 5
1. 2 Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар туралы
заңдардың даму тарихы . . . 12
2 Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы
қылмыстардың құрамы, саралануы мен түрлері
2. 1. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың түрлері . . . 22
2. 2. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың
құрамы мен саралануы . . . 26
2. 3. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі . . . 49
Қорытынды . . . 57
Сілтемелер тізімі . . . 61
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 64
Кіріспе
Бүгінгі күні, Қазақстанда дамыған өркениетті экономика құрылып, шағын және орта бизнесті дамытып, халқымыздың әл-аухатын жақсартып және басқарушы элитаның ғана емес, сонымен бірге қарапайым адамдардың да құқығы сақталатын демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет қалыптастыру уақытында, жас мемлекетіміздің басшысынан бастап мемлекеттік қызмет органдары, сонымен бірге жергілікті өзін-өзі басқару органдары аудандардың, қалалардың, облыстардың әкімдеріне маңызды мәселені атқару жүктеледі. осыған байланысты менің ойымша мемлекеттік қызмет органдары қызметшілерінің өздерінің арасындағы қылмыстар аса қауіпті және маңызды. Бұрын қылмыстың бұл түрі «лауазымдық қылмыс деп аталған» ал қазіргі жаңа Қылмыстық кодекс бұл қылмыс құрамының атауын басқаша «Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыс» деп атады.
Ішкі қайта құрулар әлеуметтік-экономикалық, саяси жүйенің өзгеруі, меншіктің әр түрлі нысанының пайда болуы, демократияландыру процессі, көптеген саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің, жеке кәсіпорындардың құрылуы бұрынғы кеңестік қылмыстық кодексте қарастырылған лауазымды тұлға және қызметтік қылмыс түсініктерін қайта қарастыру қажеттігін туындатты.
Сонымен қоса соңғы жылдары әр түрлі өзінің басқарушылық қызмет аппаратымен пайда болған коммерциялық ұйымдардың тәжірибесінде осы қызметшілердің іс әрекетіне мемлекеттің және қоғамның, азаматтардың мүдделеріне келтірілген зиянға заңдылық баға беру проблемасы туындап отыр.
Сондықтан кейбір елдердің заңнамаларында (Эстония, Беларусь, Өзбекстан, Украина, Молдава) - қызметтік қылмыс үшін меншік нысанына қарамастан кәсіпорын болмаса ұйымдарда, мекемелерде сәйкесінше лауазымдық қызмет атқаратын тұлғаға жауаптылық жүктелетіндігі көрсетіле отырып өз қылмыстық кодекстерінде өзгертулер еңгізді.
Қылмыстың аталмыш тобы өкімет өкілі мен лауазымды тұлғалардың қызмет өкілеттігін пайдалана отырып, қызмет мүддесіне қарсы және мемлекеттік билік органының қалыпты қызметін бұза отырып, жасалған қоғамдық қауіпті әрекет (әрекет және әрекетсіздігі) ретінде анықталады.
Бұл қылмыстардың басқа қылмыстардан арнайы белгілері арқылы ажыратуға болады;
- олар арнайы субьектілер арқылы жүзеге асырылады (лауазымды тұлға немесе мемлекеттік лауазымды қызметші)
- олардың орын алуы қызмет өкілеттігін пайдалана отырып жасалады.
- билік және басқару органдарының қалыпты қызметін бұзады.
Жоғарыдағы аталғандардың барлығын ескере отырып, диплом жұмысымды мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыс ретіндегі осындай қылмыстық қол сұғушылық құрамын қарастыру мақсатында және осы тақырыпты зерделей келе арнайы субьектінің аталмыш түрімен күресу кезінде туындайтын проблемаларды талдау міндетін қойдым.
Басты міндеттер:
Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың түсінігін толық ашып көрсету.
Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың нақты сипаттамасын таңдау.
Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыспен күресу кезінде туындайтын проблемаларды зерттеу.
Қазіргі Қазақстандағы мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстармен тиімді күресудің қолайлы тәсілдерін көрсету.
Аталмыш жұмысты жазудағы дайындық барысында мен көптеген заңдар, жарлықтар мен қаулыларды қарастырдым. Бұл тақырып көптеген әр түрлі көздерден қарастырылды. Олардың көп бөлігі заңдардың тұрақты өзгеруін зерделеуден байқалады.
Осы бағытта жұмыс жасай отырып мен құқықтық қарама- қайшылықтарды кездестірдім. Бұл тақырып көптеген авторлардың еңбегінде толық жеткілікті қарастырылған: Е. Канаданов Қостанай облыстық сотының төрағасы - «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес - бүкіл әлемдік процестің бөлігі», Б. Мамытов Батыс қазақстан облысының прокуроры - «Главный ориентир - профессионализм», А. Ағыбаев, заң ғылымдарының докторы, профессор, Әлфараби атындағы ҚазҰУ кафедра меңгерушісі - «Мемлекет мүддесіне қарсы қылмыстар» т. б. Бұл оқу құралдары мен еңбектер бұл проблеманы біршама толық жеткілікті ашып көрсетеді және қарапайым тілмен жеткізеді.
Дипломдық зерттеудің объектісі болып өзіміздің теориялық деңгеймен байланысты қылмыстық-құқықтық заңдылықты және криминологиялық ілімді зерттеп, анықтау және кемістіктер орын алғанда оларды көрсету болып табылады.
Дипломдық жұмысымның мақсаты әлеуметтік-құқықтық құбылыстар мен ғылыми құжаттарды қолдану негізінде және мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмысқа қатысты әр түрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп нақты түсінік беру және қазіргі деңгейін анықтау.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
1. оның жалпы түсінігінің маңыздылығы мен объектісін анықтау;
2. мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмысқа қатысты Қазақстанның қылмыстық зандылығының дамуын зерттеу;
3. әлеуметтік маңыздылығын анықтау;
4. мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстың сипаттамасын анықтау.
Көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді орындау барысында дипломдық жұмысымның құрылымы анықталды. Бұл құрылым кіріспеден, қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектіге түсінік беретін екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер және қосымшалардан тұрады.
Менің диплом жұмысымның құрылымы өте қарапайым. Ол екі тараудан тұрады.
Бірінші тарау. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтік түсінігі, түрлері мен қағидалары. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар туралы заңдардың даму тарихы.
Екінші тарау. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың құрамы, саралануы мен түрлері. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың түрлері. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың түрлері, құрамы мен саралануы. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі.
Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың басқа қылмыс құрамдарынан ерекшелігі. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың, коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардан айырмашылығы.
Мен бұл жұмысымда біршама маңызды проблемаларды қозғадым деп ойлаймын, дегенмен бұл мәселелерді бір жұмыстың айналасында толық қарастыру мүмкін емес. Бірақ, бұған қарамастан бұл жұмысты оқып көргеннен кейін бұл мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыс проблемасына деген көзқарас түбірімен өзгеретіні сөзсіз.
1 Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
1. 1 ҚР мемлекеттік қызметтік түсінігі, түрлері мен қағидалары
Мемлекеттік қызмет мемлекет қызметінің құрамдас бір бөлігі. Ол мынадай міндеттерді шешуге арналған:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары негізінде мемлекеттің және мемлекеттік органдардың функцияларын жүзеге асыру;
- мемлекеттік органдардың өз құзырстіне сәйкес тиімді қызмет атқаруы үшін жағдай тудыру;
- басқарушылық қызметтің ұйымдастырылуын жетілдіру;
- азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік аппарат - органдар жүйесі бұлардың іс жүзінде орындалуын қамтамасыз етеді, мемлекеттің билігі мен функцияларын атқарады. Бірақ мемлекеттік аппарат өздігінен мемлекеттің функциясын орындай алмайды, қандай да бір мәселені шеше алмайды. Мемлекеттік органдарда, олардың аппаратында жұмыс істейтін адамдардың еңбегі ғана мемлекеттік қызметтің мазмұнын құрайды.
Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру үшін қызметтік лауазымдар белгіленеді, олар қызметкерлердің жүмысының мазмұнын, оның құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Көптеген зерттеушілердің пікіріне қарағанда, мемлекеттік қызметтің пайда болғанына әжептәуір ұзақ уақыт еткенімен, ол онша өзгеріске ұшырамаған және осы кездері істің жағдайына онша айтарлықтай оң ықпал бере алмайды.
К. С. Бельскийдің пікірінше кеңестік мемлекеттік қызметтің негізгі кемшіліктері мынада:
- тиісті дәрежедегі маманданушылықтың, кәсіпқойлықтың болмауы,
- қызметкерлер ұжымы борынша мығым емес,
- кадр саясаты мәселесі саяси сыңар езулікпен шешімін тауып отырды, ғылыми-методикалық басшылық жасайтын арнайы орган болмады.
Зерттеушілердің айтуына қарағанда қазіргі әкімшілік жүйесі бұрынғыдан да нашар жұмыс істейді, себебі ол бұрынғыларға кейінгі пайда болған кемшіліктерді де қосып алды.
Мемлекеттік қызметке тән келеңсіз жақтар тек бүгінгі күннің көрінісі емес, оның тамыры тереңде жатыр. К. Маркстің сөзімен айтқанда мемлекетті бюрократияның жеке меншігі деп қарастыруға болады.
Мемлекеттік қызметкерлер туралы заңнамада мемлекеттік басқару аппаратындағы мемлекеттің міндеттері мен функцияларының орындалуын қамтамасыз ететін еңбек, әдетте, ең басты ұғым деп саналды.
Мемлекеттік қызмет белгілі бір принциптерге - заңнамада бекімін тапқан басты идеяларға негізделеді.
Принциптер көп, себебі олар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттік билігінің барлық тармақтарын біріктіре отырып жүйе құрушы міндеттерді атқарады.
Заңдылық принципі, әдетте, заңдарды және басқа нормативтік құқықтық актілерді барлық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, лауазымды және басқа адамдардың мүлтіксіз орындауы деп қарастырылады. Бәлкім, бұл принципті ұғынудағы мұндай көзқарас өз маңызын жоғалтқан жоқ, себебі көптеген құқықтық ережелерде ізгі ниеттілік бар.
Негізгілердің бірі - қазақстандық патриотизм принципі, ол арқылы қоғамдық келісімге және саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Айта кеткен жөн, мұндай принциптер егемен мемлекет орнатуда шешуші рол атқарады, оның дәлелі ретінде В. Овчинниковтың "Ветка сакуры, "Корнидуба" атты зерттеулерін алуға болады, оларда ұлттық құндылықтардың біріктіруші күші жарқын бейнеленген. Тап осындай құндылықтар мемлекеттілікті, шығармашылықты, кәсіпкерлікті және т. б. қайта жандандыруда рухани бағдар бола алады.
Біздің ойымызша, бұл ұғымның (принциптің) құдыретті күшін уақытша жүйелерден емес, мәңгілік өшпейтін мейірмандықтан, ізгіліктен іздеу керек, солар ғана біріктіруші бастау болады. Әйгілі шығыс ойшылы Әл-Фараби өнегелі қаланы надан қаламен салыстырады, ол надан қаланың тұрғындары бақыт дегеннің не екенін білмейді, оған ұмтылмайды да. Надан қаланың (қажеттілік қаласының, айырбас қаласының, атақ құмарлар қаласының, төрешілдер қаласының) билеп-төстеушілері де сол қала сияқты. Олардың әрқайсы тек өз басының қамын ойлайды. Адам неғұрлым өзінің рухани байлығына көбірек көңіл бөлсе, сол ғұрлым оның көңіл-күйі тұрақты әрі жарқын болады [1, 322] . Патриотизмді қалыптастыруға ықпал ететін бастаулар осылар.
Мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына белінгенімен, мемлекеттік қызмет жүйесінің бірлігі принципті. Бұл принцип мемлекеттік билік көзінің ортақ екендігіне негізделген, ал билік Конституция және заңдар негізінде, оны заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу ол тармақтардың тежеу және қарсы қою жүйесін пайдалана отырып өзара әрекеттесуі принципінде жүзеге асырылады.
Азаматтардың құқықтарының, бостандығының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығы принипі. Өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялап, Қазақстан Республикасы азамат мәртебесінің басымдығын мойындады, себебі ондай мемлекет үшін адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең жоғарғы құндылық болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда мемлекеттік қызметкерлер, лауазымды адамдар азаматтардың мүдделерін қорғауға, заңдық маңызы бар әрекеттермен олардың субъективтік құқықтары мен бостандығының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс.
Бірдей қол жеткізушілік принципі, яғни азаматтардың өз қабілеті мен кәсіби дайындығына сай мемлекеттік қызмет атқаруға және мемлекеттік қызметте көтерілуге тең құқылығы. Бұл принцип белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметке қол жеткізуді қамтамасыз ететін теңдей құқықтық мүмкіндіктерге кепілдік береді, белгілі бір критерийлер ескеріле отырып әр азамат тек қызметке ғана емес, сол қызмет бойынша көтерілуге теңдей құқық алады.
Қажеттілік қаласы - оның тұрғындары тек тәнге ғана қажетті заттармен ғана шектелуге ұмтылады; [1, 320]
Мемлекеттік қызметкерлер аппараты күшті көптеген дамыған елдер бірдей қол жеткізуді емес, таңдау принциптерін дұрыс санайды, яғни қызметкерлерді ғылыми мектебі қалыптасқан және жақсы кадрлар даярлайтын ЖОО-лардан тандап алады, кейбір жағдайларда - партиялық бағдар принципінің маңыздылығы сақталады. [2, 28]
Азаматтардың мемлекеттік қызметке еркімен баруы принципі олардың өз таңдауын жүзеге асыру және мемлекеттік басқару өрісіндегі өз кәсіби тәжірибесі мен білімін жүзеге асыру мүмкіндігімен байланысты принциптердің бірі болып табылады. Мұндай принциптің болуы басқару ісіне тек кәсіпкерлер мен тәжірибесі мол басқа адамдарды тартуға ғана емес, мемлекет әкімшілігінде жұмыс істеуі үшін арнайы дайындық жүргізуге де мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилік және құзыреттілік принципі. Қызметтік функцияларын ойдағыдай орындауы үшін мемлекеттік қызметкерлерде арнайы білім, жұмыс тәжірибесі мен дағдысы болу керек. Заң тілімен айтқанда оны былай баяндауға болады: мемлекеттік қызметкер белгіленген құқықтық қатынастарға оның қатысушы бола алатын қабілетін сипаттайтын білімді және дағдыны игеруі қажет.
Қоғамдық пікірді ескеру және жариялылық принципі мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын басқадай құпияны құрайтын қызметтен басқаларға түгелдей тарайды. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың мемлекеттік істерді басқаруға өздерінің тікелей немесе өкілдері арқылы қатысуына, мемлекеттік органдарға жеке және ұжымдық шағым-арыз жіберуіне мүмкіндік берген. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер шешімді көпшілікке жария етіп, азаматтардың тікелей қатысуымен қабылдайды.
Заң бұдан басқа да принциптерді қарастырады, мысалы маңыздылығы бірдей жұмыс үшін теңдей еңбекақы алу, мемлекеттік қызметкерлердің бақыланатындығы және есеп беретіңдігі, т. б. («Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 3-бабы) .
Мемлекеттік қызмет туралы заңнама мемлекеттік қызметкерлерді екі санатқа бөледі: саяси қызмет атқаратын мемлекеттік қызметкерлер және әкімшілік қызмет атқаратын мемлекеттік қызметкерлер. Шет ел тәжірибесінен алынған кейбір жаңалықтарға қарамастан заң қандай да бір өзгерістерге ұшыраған жоқ.
Шетелдердің мемлекеттік қызметтегі тәжірибелерін алсақ (Франция және басқа) бірқатар принципалдық тұстарды алып қарастыруға болады. Мысалы, Францияның мемлекеттік қызметкерлері екі санатқа бөлінеді. Егер бірінші санаттағы қызметкерлердің құқықтық мәртебесі мемлекеттік қызметкерлердің, жергілікті қауымдастықтардың Жалпы жарғысымен және басқа актілермен реттелсе, басқа санаттағы адамдардың өздерінің жарғылары болады.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің әрбір санатында "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңда көрсетілген ережелермен қатар өзіндік жеке құқықтық мәртебе болады. Мемлекеттік қызметкерлердің қызметі мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын қамтамасыз етумен байланысты болғандықтан әрбір органның өзінің құқықтық мәртебесі болады, мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесін солар анықтайды.
Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер құқықтық мәртебелері жағынан бірдей емес. Саяси қызметкерлерге заңнама мына мемлекеттік қызмсткерлерді жатқызады: 1) ҚР Президенті тағайындаған; 2) Парламент Палаталары мен Үкімет тағайындаған және сайлаған; 3) Президент пен Үкіметтің өкілдері болып саналатын; 4) орталық атқарушы органдар мен ведомстволардың басшылары, сондай-ақ олардың орынбасарлары.
Саяси және әкімшілік қызметкерлер құрамы Президенттің шешіміне байланысты, себебі әкімшілік қызметкерлерді санаттарға жатқызу тәртібін де Президентке бағынышты өкілетті органның ұсынысы бойынша мемлекет басшысы бекітеді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер саяси қызметкерлер құрамына кірмейді, олар кәсіптік негізде мемлекеттік органда өз лауазымдық өкілеттіктерін атқарады.
Былай алғанда, мемлекеттік қызметкерлерді топтастыру критерийлерін шартты деп қарастыруға болады, ол мемлекеттік қызметкерлер лауазымдарының тізімдемесін және саяси және әкімшілік қызметкерлерді жинақтау тәртібін анықтайтын субъектінің ырқына байланысты. [3, 17]
Сонымен қатар, сырт қарағанда оңай сияқты кадр саясатындағы саяси әрекеттердің артында кадрларды биліктің негізіне сүйенген күрделі іріктеу тетігі бар. Мамандардың (А. Н. Леонтьев, В. П. Пугачев және т. б. ) пікірінше, биліктің рөлі мен әрекетіне саясаттың ерекше мақсаты жайындағы шаралар қарастырылады.
Шындығында, саяси билік субъектілерінде билік ресурстарының бірегей жүйесі ғана бар емес (аппарат, құқық нормаларын қабылдау және қолдану құқығы, корпоративтік жазылмаған құқықтар, т. б. ), сонымен қатар, ресурстар мен билікті бүтіндей бағалау биліктің (нормативтік, либералдық-демократиялық т. б. ) қалытасу процедурасына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Егер саяси мемлекеттік қызметкерлер саяси биліктің құралы ретінде халық мүддесін (билік көзін) білдіруге міндетті болса, онда олар тиісті қызметке дәмеленуге тиіс (немесе дәмелене алатын) критерийлер жасалғаны дұрыс. Дәл осы санат электоратка қатысты "мөлдір" болуы қажет. Бұл талап мемлекеттік қызмет принциптерінде біршама түсінікті баяндалған ("Мемлекеттік қызмет туралы" Заңньщ 3-бабы) .
Әдебиетте саяси қызметкерлер жайында белгілі бір стереотиптер қалыптасқанмен, зерттеушілер, қызметтен алу мәселесін шешуге және оның құқықтық салдарын ескеруге мүмкіндік беретін тиісті зандық база жоқ екендігін көрсетуде. [4, 98]
Заң саяск мемлекеттік қызметкердің белгіленген процеду-раларды жанай өтіп, бірак тек Президенттің шешімі бойынша әкімшілік қызмет атқару мүмкіндігін ғана көрсетеді.
Әкімшілік мемлекеттік қызмет атқаруды және қызмет бойынша көтерілуді
Қазақстан Республикасының азаматтары, егер "Мемлекеттік кызмет туралы" Заңда басқадай көзделмеген болса, конкурстық негізде жүзеге асырады.
Бұл Заң әлеуметтік, ұлттық, мүліктік нышандар бойынша тікелей немесе жанама шектеулер белгілемесе де, онда процедуралық сипаттағы бірқатар міндетті талаптар бар:
- лауазымдардың бір санаты ішіндегі әкімшілік мемлекеттік қызметті конкурстық іріктеусіз алуға болады, егер сол қызметкерлер (ауыстыру тәртібімен қызмет атқарушы) қойылған талаптарды қанағаттандыратын болса;
- саяси мемлекеттік қызметкерлерге, Парламенттің, мәслихаттың өз өкілеттіктерін тоқтатқан, тұрақты негізде жұмыс істейтін, және қойылған (біліктілік) талаптарды қанағаттандыратын депутаттарына әкімшілік мемлекеттік қызметтерді конкурстан тыс алуға рұқсат етіледі.
Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлермен қатар заңнама басқа да лауазымды адамдарды атайды, олардың қатарына мемлекет міндеттері мен функцияларын орындау мақсатында лауазымдық өкілеттікті тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша жүзеге асыратын, яғни билік өкімінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органда ұйымдық билік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларын орындайтын адамдар жатады.
"Жинақтау" ұғымы өзіне мемлекеттік қызметтердің кадрларын даярлауды, іріктеуді және орналастыруды қамтиды.
Мемлекеттік қызмет кәсіби қызмет болып табылатындықтан, оны атқаратын адамдарда кәсіптік даярлық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметкердің білімінің, біліктілігінің деңгейі мемлекеттік басқару аппаратындағы нақты қызметтің талаптарын қанағаттандыруға тиіс.
Кадрлар даярлау дегеніміз - жауапты басқарушы лауазымында жұмыс істеуі үшін арнайы оқыту, біліктік деңгейін көтеру, кадрлар резервін жинақтау.
Жаңа заңнамаға сәйкес қазіргі кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
Тек мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның ғана жүргізуіне мыналар жатады:
1) мемлекеттік қызмет саласында мемлекеттік бағдарламалар жасау және жүзегс асыру;
2) мемекеттік қызмет өрісінде нормативтік базаларды жетілдіруге қатысты ұсыныстар дайындау;
- мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын типтік біліктілік талапты бекіту;
- мемлекеттік қызметтің персоналдары жөнінде мәліметтер базасын жүргізу және кадрлар резсрвін қалыптастыру;
- мемлекеттік қызметкерлер даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру және мемлекеттік қызмет өрісіндегі басқа мәселелерді шешу жөніндегі мемлекеттік органдардың өзара әрекетін үйлестіру. [5, 67]
Мемлекеттік қызметті "жинақтау" ұғымы дегеніміз мемлекеттік қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және кадрларды орналастыру екендігімен келісе отырып, заңнамада жаңа процессуальдық тұстардың пайда болғандығын атап өткен жөн.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлаудың және олардың біліктілігін көтерудің мемлекеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыруға және орналастыруға тікелей қатысы бар. Бірақ, әзірше, басқару элитасын дайындай алатын ЖОО-дарға қатысты нақты ұйғарым жоқ.
Мемлекеттік қызмет туралы заңнамада мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын жалпы, тыйым салатын және шектейтін талаптар біршама анық баяндалған.
Мемлекеттік қызметке кадрлар таңдағанда мына критерийлер жалпы міндетті талаптар болып табылады:
Біріншіден, мемлекеттік қызметке алынатын адамда азаматтық болуға тиіс. Бұл жерде ескеретін бір жай азаматтық заңға сәйкес беріледі және доғарылады және де қалай иемденгеніне қарамастан ол бірегей және тең болып табылады.
Екіншіден, қызметке алынатын адам, егер заңнамада басқадай белгіленген болмаса, он сегіз жастан кіші болмауға тиіс.
Үшіншіден, мемлекеттік қызметке тұратын адам біліктілік талаптарын қанағаттандыруға тиіс.
Төртіншіден, азамат мемлекеттік қызметке тұрғанда салық қызметі органдарына салық салуға жататындай өз табыстары және меншік құқығындағы өз мүліктері жайында мәлімет беруге тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz