Ақмола облысындағы Степногорск қаласының бюджетін және Алем-Степногорск ЖШС кәсіпорынының бюджет құралдарын игеруіндегі іскерлігін талдау



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3

1 Мемлекеттің қаржылық іскерлігінің теориялық негіздері 6
1.1. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы 6
1.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысының және оны
басқаруды ұйымдастыру 10
1.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқару
іскерлігінің әдістері 16

2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқару механизімін
талдау 27
2.1 Қазақстан Республикасының қаржылық іскерлігінің әдістері 27
2.2 Степногорск қаласы әкімшілігінің бюджетін талдау 33
2.3. Алем-Степногорск ЖШС-ның экономикалық қызметі және бюджет
құралдарын игеруін талдау 43

3 Мемлекеттік қаржын іскерлігін басқару механизіміндегі қаржы
саясатын жетілдіру жолдары 58
3.1 Мемлекеттік қаржын іскерлігін басқарудың шетелдік тәжірибесі 58
3.2 Қазақстан Республикасы бюджет жұйесінің жаңа қағидаттарын дамыту
62

Қорытынды 68

Қолданылған әдебиеттер тізімі 71

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Мемлекет өз функцияларын
орындау үшін орталықтанған ақша құралдарын қажет етеді, және олардың
көмегімен әлуметтік-экономикалық мәселелерді шешеді, жалпы мемлекеттік
қажеттіліктерді өтейді. Осы процесс барысында мемлекет өзінің қаржылық
іскерлігін жүзеге асырып отырады.
Қаржыны және қаржылық іскерлікті басқару стратегиялық, яғни қаржыны
жалпы басқару және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық
басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты
бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының
ауқымын белгілеуде көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және
басқарудың жоғарғы органдары – Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы
министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.

Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының
таңдап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы
факторларға қарай экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің
қоғамдағы экономикалық қызметі оның мына функцияларында білінеді:
1) экономикалық дамудың қалыпты дамуына құқықтық базаны анықтау;
2) монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау;
3) табыстар мен байлықты қайта бөлу;
4) экономиканы тұрақтандыру;
5) ресурстарды қайта бөлу.
Мемлекеттің экономикалық қызметінен түскен табысы және осы табысты
бөлу мемлекеттік қаржыны басқару арқылы жүзеге асады.
Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси
функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін
елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика
мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың
өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның
кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды
мемлекет пен оның кәсіпорыңдарының функцияларын орыңдауға пайдалану үшін
қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта
бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекет (өзінің билік пен басқару органдары арқылы), бір жағынан,
жеке кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл
сферадағы ақша қатынастарының субектілері болып табылады.
Әр аймақтың экономикалық - әлеуметтік жағдайы жіті көзқараспен,
байыпты бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние. Оны өзгерту, көтеру
жолында талпынған сол аймақ ерекшеліктеріне қарап шешім қабылдамаса
болмайды. Өйткені, республика былай тұрсын, облыс аудандарының, тіпті аудан
ішіндегі әр шаруашылықтың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан еңбек ету
дәстүрі болады.
Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық
экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік-экономикалық
дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке
тиесілі.
Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді
қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға
бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының
орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы
мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа
қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
Мемлекеттік активтер – бұл бюджеттiк ұйымға жататын, оның iшiнде жалға
берiлген, барлық активтердiң қолдағы саны және жылжуы есептелiнедi.
Мемлекеттік активтерге мыналар жатады: жылжымайтын мүлiктер (жер
бөлiктерi, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық ағаштар және жермен тығыз
байланысты, жылжытқанда олардың мақсатына зиян келтiрiлмеуi мүмкiн емес,
басқа объектiлер), көлiк құралдары, жабдықтар, өндiрiстiк және шаруашылық
құрал-саймандары, ересек жұмыстық және өнiм беретiн мал, арнаулы құрал-
саймандар, өзге активтер.
Қаржының айқындылығы – нақты демократияның бірден бір мәнді
көрсеткіші. Бюджет, қаржы саласындағы заң, тәртіп бұзушылықтар мен
зиянкестіктер небір хронологиялық байланысқа, ұлттық тамырларға ие емес,
себебі:
- біріншіден, әр мемлекеттің қажеттілігі оның қаржылық
мүмкіндіктерінен асады, сондықтан шенеуніктер тез арада,
заңды және Парламентті айналып өтіп, қаржыны тығыз
қажеттіліктерге бөлістіруге ұмтылады;
- екіншіден, әр қоғамда әртүрлі дәрежедегі түрлі компаниялардың
, топтардың саяси және коммерциялық мүдделері айқындалады,
аталған мүдделерді экономика саласында қорғау, түрлі
жеңілдіктер алу көзделеді.
Адамзат өзін - өзі ұйымдастырылған қоғам ретінде тани бастағаннан
бастап қазіргі күнге дейін әр мемлекет үшін мемлекет қалтасы жағдайына
жалпы, ашық бақылау жүргізу, бюджет қаражатының пайдалануына бақылау
жүйесін құру және жетілдіру мәселесі маңызды.
Тақырыпты зерттеудің дәрежесі. Мемлекеттік активтер және мемлекеттік
қаржылық іскерлікті басқару комитетінің механизімін зерттеу, мемлекеттік
қаржының қазіргі жағдайы, жеткен жетістіктері, проблемалары отандық және
шетелдік экономистердің еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Мемлекеттік
активтерді басқару механизімін зерттеуге Үмбетәлиев А.Д., Керімбек Ғ.Е.,
Мельников В.Д., Байдүйсенов А.Д., ІлиясовҚ.Қ., Құлпыбаев С., сияқты
экономистер үлкен үлес қосқан.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – мемлекеттің қаржылық іскерлігін теориялық
тұрғыда негіздеу, нақты мәліметтерді талдау және оларды іске асыру
әдістерін жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсатын жүзеге асыру барысында мынадай міндеттер
орындалды:
- мемлекеттік қаржының экономикадағы алатын орны;
- мемлекеттік қаржының құрамы және құрылымы;
- мемлекеттік бюджет кірістері мен шығыстарын талдау;
- мемлекеттік бюджет тапшылығы және жою жолдары;
- мемлекеттік активтерді қаржыландыру қорлары және нысандары.
Дипломдық жұмыстың объектісі – Ақмола облысындағы Степногорск
қаласының бюджетін және Алем-Степногорск ЖШС кәсіпорынының бюджет
құралдарын игеруіндегі іскерлігін талдау.
Дипломдық жұмыстың пәні – Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қаржыны және оны басқаруды жетілдіру жолдары.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы. Экономикалық дамудың қазіргі
талаптарына сай мемлекеттік қаржының қалыптасуы мен зерттеу және жетілдіру
бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар жасау болып табылады.
Негізгі ғылыми жаңалықтардан тұратын зерттеу жұмысының маңызды
нәтижелері болып мыналар саналады:
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржының экономикада алатын
орны анықталып, ғылыми негізделген тұжырым берілді;
- мемлекеттік қаржының әлемдік тәжірибесін сараптай отырып,
мемлекеттік бюджетке түсетін салықтың түрлері мен артықшылықтарының
негізінде, оны ҚР-на енгізу қажеттілігінің негізгі және дәлелді белгілері
анықталды;
- нарықтық қатынастарға өту кезеңінен бастап еліміздегі экономикалық
байланыстардың қарқынды даму тұсындағы мемлекеттік қаржының қазіргі жағдайы
анықталып, мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың көзі ретінде басымды
ерекшеліктері айқындалды.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік нұсқамасы болып, жетекші мамандардың
монографиялары, газет – журналдар, әдебиеттер, нормативтік – құқықтық
актілер және т.б. табылады.
Дипломдық жұмыстың теориялық жәнеметодологиялық негізі ретінде
құқықтық және ақпараттық материалдар, Қазақстан Республикасының нормативтік
актілер және заңнамалар, ҚР статистикалық агентствосының ақпараты, Ақмола
облысының қаржы басқармасының мәліметтері қолданылды.
Зерттеу әдістері – дипломдық жұмысты зерттеу барысында келесі әдістер:
салыстырмалы, аналитикалық, диалектикалық, тарихи, логикалық әдістер
қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және
қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Дипломдық жұмысты зерттеудің нәтижелері қорытындыда жинақталған.

1 Мемлекеттің қаржылық іскерлігінің теориялық негіздері

1.1. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы

Ішкі ұлттық өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары
көлемінің озыңқы қарқынмен өсуі мемлекеттің қаржыларына тән сипат болып
табылады. Бұл құбылыс XIX ғасырдағы неміс экономисі Вагнердің заңы —
Өспелі мемлекеттік, белсенділік заңы ретінде белгілі. Бұл заңға сәйкес
өнеркәсіп саласы дамыған елдерде мемлекеттің шығындары өндіріс көлеміне
қарағанда жылдамырақ өсуі тиіс. А.Вагнер мемлекеттік белсенділіктің өсуін
үш фактормен байланыстырады:
1) экономика дамуының нәтижесінде экономикалық тірліктің күрделенуімен
және еңбек бөлінісінің тереңдеуімен; бұл мемлекет тарапынан тиімді және
ұтымды экономиканы, құқық тәртібін, заң қызметтерін кеңейтуді қолдаудың
қажеттігіне жеткізеді;
2) техника мен технологая дамуы капиталдың үлкен мөлшеріне
қажеттілікті қажет етеді, бұл капиталды майда фирмалардың алдында
артықшылықтары бар акционерлік компаниялар немесе мемлекттік корпорациялар
қамтамасыз ете алады; мемлекет монополиялардың қызметін реттеу үшін
техникалық шарттар бойынша олар құрылатын өндірістерге қатысуы тиіс;
3) көрсетілетін қызметтерден болатын пайда экономикалық бағалауға
төзбейтін білім беру және денсаулық сақтау сферала-рында мемлекет
белсенділікті күшейтеді.
Сөйтіп, Вагнердің заңы нарықтық шаруашылықтың белгілі бір
шектеулілігін және экономикалық процестерді мемлекеттік реттеудің
қажеттігін дәледдейді.
Мемлекет қаржысының функциялары экономикалық категория болып келеді:
бұл — бөлумен бақылау функциялары.
Алайда бөлгіштік фукциядағы мемлекеттің қаржысын неғұрлым толық
сипаттау үшін мемлекеттің реттеуші іс-қималдарының қажеттігінен туындайтын
құрамдас қосалқы функцияларды бөліп көрсеткен жөн бұл:
1) орналастыру;
2) қайта бөлгіштік;
3) тұрақтандыру қосалқы функциялары.
Орналастыру қосалқы функциясы қоғамдық тауарлар, игіліктер және
қызметтер көрсету нарықтық жүйе арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін
еместігінде, мемлекеттің оларды өндіру және халықты қамтамасыз ету үшін
ресурстарды бөлуі және орналастыруы қажет екендігінде көрінеді. Мәселе
шектеулі экономикалық ресурстарды жекеше және қоғамдық тауарлар
арасында оңтайлы бөлуде және олардың құрылымы мен мөлшерін таңдауда болып
отыр. Қоғамдық тауарлардың ресурстары көбінесе салықтардың есебінен
қалыптасатындықтан, жекеше, рыноктық тауарларды өндірудің мүмкіндіктері
шектелінеді, оңтайландыру проблемалары фискалдық саясат үшін қиын болып
көрінуі мүмкін [1, 195].
Түрлі фискалдық құралдар арасында бөлініс көбінесе тікелей мыналар
арқылы орындалады:
1) табысы төмен үй шаруашылығын қаражаттандыруды жоғары табыстарға
үдемелі салық салумен ұштастыратын салықтық -трансферттік тәсілі арқылы;
2) баламалы түрдегі бөлініс жалдаушылардан төмен табыс болатын тұрғын
үй сықылды қоғамдық шаруашылықты қаржыландыру үшін пайдаланылатын
прогрессивті салықтар арқылы орындалуы мүмкін;
3) ақырында, қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылар пайдаланатын басқа
тауарларды қаражаттандыруды көбінесе жоғары табысты тұтынушылар сатып
алатын тауарларға салынатын салықтармен ұштастыру арқылы жету мүмкін.
Саясаттың баламалы құралдарын таңдауда тұтынушылардың немесе
өндірушілердің тандауға араласуы болғанда көтерілетін толық нәтижеленетін
ысыраптар немесе тиімділік шығындары есепке алынуы тиіс.
Салықтық - трансферттік механизм арқылы қайта бөлудің жеке тұтыну
немесе өндірістік тандауға кедергі жасамайтын артықшылығы болады. Алайда
тіпті бұл механизм де тиімділік шығындарысыз емес, сондықтан жанжалды
тендік пен тиімді мақсаттарды теңгеруді табу қажет. Жүргізілетін оңтайлы
саясат мүдделердің екеуіне қолданылуы тиіс.
Тұрақтандырудың қосалқы жүйесінің іс-әрекеті сыртқы сауда мен төлем
балансының жай-күйінің нәтижелерін ескере отырып, жоғары жұмыспен қамтуға,
бағаны тұрақтандыру мен экономикалық өсудің қолайлы дәрежесін қамтамасыз
етуге саяды. Сонымен бірге мемлекеттік бюджеттің шығыстары және салық
салудағы өзгерістер бойынша қатаң не шектеулі шараларды қолдана отырып,
мемлекет жиынтық сұранымға ықпал жасайды [2, 104].
Мемлекет қаржыларының экономикалық мазмұны бірыңғай емес: олардың
құрамында жеке оқшауланған буындар бөлінеді, олардың әрқайсысы өзгеше
функцияларды орындайды.
Функциялық арналымы бойынша мұндай сан алуан қаржылық байланыстардың
арқасында мемлекет аумақтық, сондай-ақ салалық аспектілерде көптеген
экономикалық және әлеуметтік процестерге ықпал жасай алады.
Егер қаржы қатынастарын топтастыру кезінде мемлекеттің экономика мен
әлеуметтік процестерге басшылық жасау деңгейіне сүйенетін болсақ, онда
Қазақстан Республикасындағы мемлекет қаржысының құрылымын шамамен мынадай
түрде көрсетуге болады.
Мемлекеттік қаржыны басқару іскерлігінің маңыздылығы. Кез келген
қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының таңдап алынған
үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға
қарай экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы
экономикалық қызметі оның мына функцияларында білінеді:
1) экономикалық дамудың қалыпты дамуына құқықтық базаны анықтау;
2) монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау;
3) табыстар мен байлықты қайта бөлу;
4) экономиканы тұрақтандыру;
5) ресурстарды қайта бөлу.
Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде қаржы
категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлықтай дәрежеде бұл
байланыс мемлекеттің үшінші, төртінші және бесінші функцияларында көрінеді.
Экономикалық ресурстарды қайта бөлу екі жағдаятта нарықтық жүйенің
жетілмегендігінен барып туады:
1) бірқатар тауарларды өндірудің тепе-теңдік көлемінің олардың оңтайлы
көлемінен ауытқуы;
2) ресурстарды бөлуден рыноктың бас тартуы немесе қоғамдық тауарларды,
игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен өндіру үшін оларды
жеткілікті бөлмеу.
Бірінші жағдаятта тауарлар мен қызметтер көрсетудің бірқатарын өндіру
немесе тұтыну бұл тауарларды тікелей өндірушінемесе тұтынушылар болып
табылмайтын субъектілерде шығын тудырады немесе пайда келтіреді. Бұл
құбылыс жанама нәтижелер немесе құйылымдар деп аталады және бұл
шаруашылық процестердің қатысушьшары емес адамдардың немесе топтардың
пайдалары немесе шығындары болып табылады.
Құйылым пайдаларын: білім беру, санитарлық-профилактикалық шаралар,
медициналық көмек, ауа райын болжау, өрттен қорғау және басқа бірқатар
қызметтер көрсету жасайды, бұлардан пайданы бұл игіліктерді нақты
пайдаланушылар ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғам да алады. Бұл қызметтер
көрсетуді нақты пайдаланушылар тек нарықтық сұранымды қалыптастырады, ал
құйылым пайдалары ақиқаттық мөлшерге дейін сұранымды толықтырады және
қызмет көрсетудің қажетті көлемін белгілейді. Бұл жағдаят мұндай қызметтер
көрсетуге ресурстарды бөлудің жеткіліксіздігін сипаттайды [3, 86].
Құйылымдар пайданалары кезіндегі мемлекетгің реттеуші іс-қимылдары
сұраным мен ұсынымды көбейтуге бағытталған. Сұраным тұтынушыларды құйылым
пайдаларын тудыратын тауарлар немесе қызметгер көрсетуді сатып алу үшін
қосымша сатып алуға жарамдылықпен қамтамасыз ету жолымен арттырылады.
Ұсыным өндірушілерді қаражаттандыру жолымен артырылады, бұл олардың
шығындарын азайтады және өңдірістерді кеңейтуге мүмкіндік береді.
Құйылым шығындарының іс-әрекет процесі сызбаларда көрсетілген. Бұл
шығындардың болуының нәтижесінде (Сурет 1)ұсыным сызығы S1 жағдайыңда
болады, яғни қоғамға аударып салынған шығындардың бөлігінен кәсіпорын
босатылады.
Барлық шығындарды қосқан жағдайда ұсыным сызығы S2 жағдайында болады;
бұл орайда тепе-тең көлем Q, -ден Q2-ге төмендейді, ал тепе-тең баға Р,-ден
Р2-ге көбейеді.
Ұсынымға құйылым шығындарының өсері

о

Сурет 1. Құйылым шығындары [3]

Ұсыным сызығының сапырылысуына жоғарыда айтылған мемлекеттің іс-
қимылымен қол жетеді.

Сұранымға құйылым пайдаларының әсері

Сурет 2. Құйылым пайдалары [3]

Құйылым пайдаларының іс-әрекеті (Сурет 2) D сұраным сызығы тек оның
нарықтық жағынан қамтып көрсететінін және Q2 сызығына сәйкес келетін
сұранымның жалпы мөлшерін төмендететінін білдіреді, яғни нарықтық сұраным
қоғамдық тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етумен және
оларды тұтынумен байланысты қоғамның барлық пайдасын қамтып көрсетпейді.
Сұранымның нарықтық мөлшері оңтайлы мөлшермен аз болып шығады, ал бұл
мақсаттарға жұмсалатын ресурстар жеткіліксіз көлемде түседі.
Құйылым пайдаларын түзету Сурет 3 кескінделген: а жайғасымында бұған
қоғамдық тауарларды тұтынушыларды мемлекеттің қаражаттандыруы жолымен, ал
ә жайғасымында өндірушілерді қаражаттандыру жолымен D1, -ден D2-ге
көбейтумен қол жетеді. Екі жағдайда бұл тауарларды өндірудің тепе-тең
көлемі көбейеді, бірақ екінші жағдайда бұдан басқа оларға бағаны
төмендетуге қол жетеді.

а) сұранымды реттеу

Р

Р2

Q2 Q1 Q
ә) ұсынымды реттеу

Р1

Р

Р2

Р1

О
Q2 Q1 Q

Сурет 3.Құйылым пайдаларын реттеу [3]

Нарықтық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде айтарлықтай
теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет
азаматтардың (үй шаруашылықтарының) табыстарын теңестіру үшін салық
салудың, трансферттердің, жалақыны реттеудің, бағалардың жүйелерін
пайдаланады.
Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық
жағдаяттың ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтылуы және инфляция деңгейін
бақылауды, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды
қамтиды.

1.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысының және оны
басқаруды ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы аумағында жалпы функцияларды орындау үшін
республикалық (орталық) бюджет қалыптастырылады. Оның ресурстары
мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық
функцияларды орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен басқару органдарын
ұстауға байланысты мемлекеттің шығыстарын қамтамасыз етуге арналған [4,
158].

Сурет 4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысының
топтастырылуы [6]

Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергілікті деңгейлерде іс-
әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік
кредитті, мемлекеттік және муниципалдык, кәсіпорындар мен ұйымдардың
қаржыларын кіріктіреді. Аталған буындардың түрлі функциялық арналымының
арқасында мемлекет экономикалық, әлеуметтік, саяси процестердің үлкен
спектріне, салалық және аумақтық проблемаларды шешуге ықпал етеді.
Экономикалық және әлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың деңгейіне
қарай мемлекеттің қаржысы жалпы мемлекеттік (республикалык) және жергілікті
(муниципалдық) қаржылар болып бөлінеді. Бұл топтастыру қосымшада
келтірілген.
Бюджеттік қатынастар жүйесінде жергілікті бюджеттерге маңызды орын
беріледі. Жергілікті бюджеттер көбінесе экономикалық процестерді реттеу
үшін пайдаланьшады, өндіргіш күштерді орналастыруға ықпал етеді, жергілікті
кәсіпорындар шығаратын өнімінің бәсекелестік қабілетін арттыруға, аумақтық
инфрақұрылымды жасауға, еңбек ресурстарының ұдайы өсуі жөніндегі шығындарды
қаржыландыруға жәрдемдеседі. Жергілікті бюджеттер әлеуметтік
бағдарламаларды жүзеге асыруда зор рөл атқарады.
Бюджеттен тыс қорлардың арналымы — арнаулы мақсатты аударымдар мен
басқа көздер есебінен жеке нысаналы шараларды қаржыландыру. Бюджеттерде
қаражаттар иесізденеді, ал бюджеттен тыс қорлардың құқықтық мәртебесі
қаражаттарды қатаң мақсатты арналым бойынша пайдалануға мүмкіндік береді.
Қорлардың дербестігі (автономдығы) өкілетті және атқарушы органдардың
қатысуысыз дербес басқаруды қажет етеді, мұның өзі бюджеттен тыс қорлардың
қаражаттарын неғұрлым жедел пайдалануға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік кредиттің мазмұнын құрайтын ақша қатынастары мемлекет
қаржысының өзгеше бөлігі болып табылады. Мемлекеттік кредит қатынастары
кәсіпорындардың, ұйымдар мен халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруға және
оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін билік
органдарына уақытша беруге байланысты пайда болады [5, 97].

Сурет 5.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі [6]

Мемлекеттік қазына республикалық және жергілікті қазына болып бөлінеді
(сурет 5). Республикалық қазына мыналарды қамтиды:
1) республикалық бюджеттің қаражаттары;
2) мемлекеттің алтын-валюта қаражатттары;
3) мемлекеттік меншіктің айрықша құқығының мүлкі (жер, оның қойнауы,
өсімдік және жануарлар әлемі, басқа табиғи ресурстар);
4) республикалық меншікке жататын оқшауландырылмаған мүлік. Мүлік иесі
талап етпеген иесіз мүлік, тәркіленген, мұралану құқығы бойынша мемлекетке
берілген өлген адамнан қалған мүлік (иесіз мүлік), мемлекетке — қазынаға
өткізуге немесе беруге жататын көмбелер, олжалар қазыналық бола бастайды.
Жергілікті қазына мыналарды қамтиды:
1) жергілікті бюджеттің қаражаттары;
2) коммуналдық меншікке жататын оқшауландырылмаған мүлік.
Меншікті пайдаланудың ұқсас саналуан нысандары мемлекетке икемді және
атаулы экономикалық және қаржы саясатын жүргізуге, экономикалық және
әлеуметтік процестерге, оларды керекті арнаға бағыттай отырып, ықпал етудің
қаржы механизмін белсенді қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге
үкіметтің экономикалық функцияларын орындаудың, қоғамның өмір сүруінің әр
кезеңінде оның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың негіздері ретінде
мемлекеттің қаржысы категориясының рөлі мен маңызы білінеді.
Мемлекет қаржысының құрамында республикалық және жергілікті
деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік қатынастар мен өзара байланыстар маңызды
рөл атқарады. Бюджеттік қатынастар көмегімен мемлекеттік құрылымдардың
қарамағына қаржылық әдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың едәуір бөлігі
жұмылдырылады. Түрлі деңгейдің бюджеттері — республикалық, жергілікті
бюджеттер тиісінше өкімет пен басқарудың республикалық және жергілікті
органдары үшін тірліктің қаржы базасы болып табылады.
Заңи және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын мемлекеттің
жұмылдыруы қаржы рыногында облигацияларды, қазынашылық міндеттемелерді және
мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа түрлерін сату арқылы жүзеге асады.
Халықаралык, кредитте қарым-қатынастарға шетелдік мемлекеттер, олардың
компаниялары, фирмалар, сонымен қатар халықаралық және мемлекетаралық қаржы
мекемелері кіріседі.
Мемлекеттік сектордың жұмыс істеуі мемлекеттік меншіктің болуына
негізделген. Меншікті жіктеу тұрғысынан мемлекеттік заңи үйымдардың мүлкі
және мемлекеттік қазына болып ажыратылады [6, 235].
Мемлекеттік заңи тұлғалардың мүлкі заңмен бөлектелген және мемлекеттік
кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының жұмыс істеуінің негізін құрайды.
Олардың қызметінің ерекшеліктері Шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржысы бөлімінде баяндалған, өйткені мемлекеттік сектор кәсіпорындарының
өзіндік қаржы жүйесінің бұл буынының барлық субъектілері үшін ұқсас және
басқарудың біртұтас қағидаттарына бағынады.
Қазақстан Республикасы кірістері мен шығыстары. Мемлекет қаржысының іс-
әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі процесс пайда болады:
мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржы ресурстарын жұмылдыру және
қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану. Бұл процестердің
алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері ұғымында, екіншісі
мемлекеттің шығыстарында табады.
Мемлекеттің кірістері деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады,
бұл қатынастардың процесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық
базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы
құрылады.
Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, жеке
кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары
жасалынады. Бастапқы табыстар бөлу мен қайта бөлудің күрделі процестеріне
ұшырайды, мұнда маңызды рөлді қаржы орындайды. Бұл процестердің нәтижесінде
ақша қорлары, ең алдымен бюджет қоры жасалынады.
Жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қаржы арқылы
халықтың табысының бір бөлігі алынады; кәсіпорындардың табысы (пайдасы)
бөлініске ұшырайды — оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі
кәсіпорындарда қалады және ішкі-шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады
[7, 318].
Сонымен бірге халықтың бастапқы табыстары да қызметтің өндірістік емес
сферасының мекемелері көрсететін қызметтерді төлеу арқылы қайта бөлінеді.
Бұл түсімдер өндірістік емес сфера кәсіпорындарының (мысалы, халыққа
тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б.)
табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар қоғамдық өнімнің құнын шаруашылық
жүргізуші субъектілер бойынша бөлуге байланысты адамдардың қарым-
қатынастарын білдіретін дербес экономикалық категория ретінде болады.
Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қаржы
ресурстарын қалыптастырумен байланысты болатын қаржы қатынастарының бөлігі
ретінде көрінеді. Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекеттің қаржы ресурстары
орталықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың
қарамағында қалғандары орталықтандырылмаған кірістерге жатады.
Орталықтандырылған қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сыртқы
экономикалық қызметтен алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен
қалыптасады.
Орталықтандырылмаған кірістер кәсіпорындардың өздерінің ақшалай
табыстары мен қорланымдарынан құрылады. Мемлекеттің орталықтандырылған
кірістерінің құрамында басты орынды бюджеттің кірістері алады, оның
есебінен қоғамды дамытудың экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешу
қамтамасыз етіледі.
Мемлекет кірістерінің басым бөлігін түрлі деңгейдегі бюджеттерге
орталықтандыру біртұтас қаржы саясатын жүргізуге, қаражаттарды ұлттық
шаруашылықтың басым салаларының пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге,
өндірістік емес сфера қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға мүмкіндік
береді. Бюджет қаражаттарынан басқа мемлекеттің орталықтандырылған
кірістеріне бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар жатады [8, 25].
Табыстар ұғымының материалдық-заттай жағы мемлекетте, шаруашылық
жүргізуші субъектілерде, халықта жинақталатын ақша қаражаттарының
анықтамасы болып табылады.
Мемлекет кірістерінің экономикалық мағынасы және оларды ұйымдастыру
мемлекеттік шаруашылық жүргізудің саяси және экономикалық рөліне байланысты
болып келеді. Әрбір қоғамдық экономикалық формация үшін тауар-ақша
қатынастарының даму дәрежесімен, өңдіріс әдісімен, мемлекеттің табиғатымен
және функцияларымен байланысты болатын оған тән мемлекет табыстарының
жүйесі сипатты болады.
Мемлекет табыстарының қалыптасуы мемлекеттің тікелей белсенді
қатысуымен жүзеге асырылады: ол бюджетке орталықтандырылатын және
шаруашылық жүргізуші субъектілерге қалдырылатын қоғамның таза табысының
үлесін белгілейді, сондай-ақ халықтың жеке табыстарының бір бөлігін және
қоғамның басқа қаражаттарын шоғырландырады.
Мемлекет өндіріс құралдарының және тиісінше, қосымша өнімнің иесі
болып отырған жағдайда мемлекет меншігінен алынатын табыстар мемлекет
кірістерінің айтарлықтай көзі болып табылады.
Мемлекет кірістерінің бір бөлігі жалпымемлекеттік қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін мемлекеттің салық жүйесі жұмылдыратын кәсіпкерлік
сектордың, кооперативтік ұйымдардың және халықтың табысының бір бөлігі
есебінен құралады. Табыстардың белгілі бір бөлігін мемлекет өзіне қарасты
қаржы активтерін (акцияларды және т.с.с.), жылжымайтын мүлікті сатудан алуы
мүмкін.
Мемлекеттің шығыстары — бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты
ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті
дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру
мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты
экономикалық қатынастарды білдіреді [9, 23].
Мемлекеттің шығыстары — мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы,
оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға
байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының
өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін
қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты
мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б.
функцияларымен тікелей байланысты.
"Шығыстар" ұғымының қос мағынасы бар:
1. Ақша қаражаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, яғни
ақша қаражаттарын айырбас процесінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда
шығыстардың құрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын
өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының,
халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру
қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.
2. Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік
сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бұл шығыстар қаржы арқылы
қалыптасады: жалпымемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың
қорларын мақсатты арналым бойынша бөлген кезде; ақша шығыстары барлық
шаруашылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың
негізі болып табылады.
Бұл екі аспект "шығыстар" ұғымының оның "шығындар" ұғымына түрленген
кездегі қарама-қайшылық пен күрделілікті қамтып көрсетеді: егер "шығыстар"
түпкілікті рәсуаны, тұтынуды ("табыстарға" қарама-қарсы) қажет ететін
болса, "шығындар" "есепке жатқызылатын" алдымен, келешектегі табысты немесе
пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.
Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде (нарықтық және әкімшіл-
әміршіл) және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің рөлі,
оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес
мемлекеттің жасайтын шығыстарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп
отырады.
Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік
бюжеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік
және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.
Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар
кіреді:
1) өндірістік, шаруашылық-пайдалану қызметімен байланысты шығындар;
2) ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі құрал-жабдықтарға және айналым
капиталдарына) жұмсалатын шығындар;
3) бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;
4) көтермелеу жөне ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.
Шығындардың бірінші тобы қорлардың (капиталдардың) толық айналымымен
байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру (өтеу) болып табылады
және шартты түрде шығыстарға жатады ("шығындар" терминінің мағынасын
қараңыз). Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары шығыстардың
екінші және үшінші топтарын қамтиды.
Басқа категориялардың арасында мемлекет шығыстарының жайы мемлекеттік
меншіктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен
анықталады [10, 264].
Мемлекет өндіріс құралдарының иесі болып табылады, өндірістік
процестердің ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және
бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет
шығыстарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін
қанағаттандырады. Реформалау кезеңінде республика экономикасында
мемлекеттік сектордың үлесі шұғыл төмендегенімен, бірақ тіпті мемлекет
иелігіңен алу және жекешелендіру бағдарламасының орындалып отырғанымен, бұл
үлес 30-40% шегінде қалады, мұның өзі дамыған нарықтық қатынастарға сай
келеді. Сондықтан "мемлекеттің шығыстары", категориясы тұрақты экономикалық
қатынастарды қамтып көрсетеді және келешекте өзінің маңызын сақтайды.

1.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқару
іскерлігінің әдістері

Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және
оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық, басқару қаржы
ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды
және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде
көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы
органдары — Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі,
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
ҚР Президенті мемлекеттік қаржыны басқару мақсатында қаржылық
органдардың басшыларын, мысалы, Қаржы министрін тағайындайды, қаржыны
басқару салысндағы қажетті заң актілерін қабылдайды.
Қаржыны жалпы басқару Қазақстан Республикасының заң
шығару қызметін жүзеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді органы —
Парламентке жүктелген.
Қазақстан Республикасының Үкіметі — Министрлер Кабинеті Республика
Президенті белгілейтін тәртіппен Парламентке республикалық бюджетті және
оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді. Мұндай есепті Үкімет
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне де
табыс етеді, қарыз алуды жүзеге асырады, Ұлттық қорға активтерді есептеу,
Ұлттық қорды пайдалану тәртібін айқындайды, төменгі бюджеттерден жоғарғы
бюджетке бюджеттік алынымның және жоғарғы бюджеттен төменгі бюджеттерге
бюджеттік субвенцияларды аудару тәртібі мен кезеңділігін айқындайды,
Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенттің актілеріне сәйкес
өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады [11, 243].
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі №962
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі туралы
қағидаға сәйкес Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте
мемлекеттік бюджеттің атқарылуы және атқарылуын бақылау, мемлекеттік
меншікті басқару, есепке алу және пайдалануын бақылау, банкроттық
рәсімдерінің және дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімінің
жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп жүйесін және қаржылық есептеме
аудитін реттеу саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай негізгі
функцияларды жүзеге асырады:
- тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын,
мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының
стратегиялық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын, негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштерді әзірлеуге қатысу;
- бюджетке түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік бюджетке
кірістердің түсуі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен
басымдықтарын нақтылауға қатысу;
- өз құзыры шегінде мемлекеттің қаржысын және мемлекеттік басқару
саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын
анықтауға қатысу;
- мемлекет қаржысы, фискалдық саясат және мемлекетгік меншік саласындағы
заңнаманы қолдану тәжірибесін талдау және қорытындылау, оны жетілдіру
жөнінде ұсыныстар өзірлеу;
- ұтымды үкіметтік және мемлекет кепілдігімен қарыз алуды, сондай-ақ
мемлекеттік борышты басқаруды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік меншікті пайдалану мониторингі жүйесін жетілдіру;
- заңнамада белгіленген тәртіппен шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке
түсетін түсімдердің бөлігін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына
аудару;
- өз құзыры шегінде бюджетгің атқарылуы жөніндегі нормативтік құқықтық
актілердің, бухгалтерлік есеп пен аудиттің, қаржылық бақылаудың және
мемлекеттік меншікті басқарудың жобаларын әзірлеу және дайындау
(немесе қабылдау);
- өз құзыры шегінде қосарланған салық салуды болдырмау туралы
халықаралық салық келісімдері мәселелерінде уәкілетті органның
функциялары;
- жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың салық сараптамасы,
сондай-ақ келісімшарттық талаптардың орындалу барысына тексеру
жүргізу;
- мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебін, сондай-ақ өз құзыры
шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы
есептемені жүргізу және іске асыру тәртібін әзірлеу;
- жергілікті бюджеттердің шоттарын, мемлекеттік мекемелердің шоттарын
жүргізу және шоттар бойынша аударымдық операцияларды жүзеге асыру;
- республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекіту және
оларға өзгерістер енгізу;
- республикалық бюджеттен шығыстарды қаржыландыру және республикалық
бюджетте көзделген соманың шегінде кредит беру;
Қаржыны басқару жөніндегі сан алуан функцияларға байланысты Қаржы
министрлігіне үлкен құқықтар берілген.
Министрліктің мынадай ведомствалары бар: Қазынашылық комитеті,
Кедендік бақылау комитеті, Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу
комитеті, Салық комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті,
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет.
Қазынашылық комитетінің ұйымдық құрылымы Қаржы министрлігі құрамындағы
Қазынашылықтың орталық аппаратынан және оған бағыныштағы аймақтық
бөлімшелерден тұрады.
Қазынашылық қызметкерлерінің мемлекеттің қаражаттарын пайдаланатын
мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік билік пен басқару органдарының,
мемлекеттік банктердің қаржы- бухгалтерлік службаларын тексеруге құқы бар.
Олардың лауазымды адамдардан қаржы заңнамасын бүзуды жоюды талап етуге қүқы
бар. Қазынашылық службаларына қазынашылық төлем операцияларының орындалуын
тоқтата тұруға, бюджет ақшасын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған
жағдайда оны қайтарып алуға және жұмсауға тиым салуға, ақшаны бюджетке
өндіріп алуға (қайтарып алуға) құқық берілген, сонымен бірге қазынашылық
бюджет қаражаттарын үнемді жұмсауға мүмкіндік туғызуы тиіс.
Қаржылык, бақылау комитеті бақылау саласындағы ұйымдық-әдіснамалық
және таңдамалық жұмыстарды жүзеге асырады. Оның органдары мемлекеттік
кәсіпорындарға Ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының және көрсетілетін
қызметтер сферасының ұйымдарына, әлеуметгік сфера мен халықты қорғаудың
мемлекеттік ұйымдары мен мекемелеріне, басқару органдарына, қорғаныс
көрсіпорындары мен ұйымдарына және құқық төртібін қорғауға тексеріс
жүргізеді. Олар сонымен қатар кредит және валюта ресурстарын пайдалануды,
бағалы қағаздар бойынша заңнамалардың орындалуын бақылайды.
Мемлекетгің кірістерін жұмылдыру жөніндегі аса маңызды функцияларды
Салық комитеті орындайды.
Салык, комитеті органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық
және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық
төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге
асыру жөніндегі негізгі міндеттер жүктеледі.
Қаржы министрлігі жүйесінде ең көбі жергілікті қаржы органдарының
аппараты, ол облыстық, аудандык, қаржы басқар-алары мен бөлімдерін, салык,
комитеттерін қамтиды. Олар басқару жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, яғни
жергілікті бюджеттердің атқарылуымен, ішкі шаруашылық резервтерді
анықтаумен және шаруашылық кешенінің және әлеуметтік-мәдени сфераның барлық
буындарында ресурстарды үнемдеуді іздестірумен айналысады, шаруашылық
органдарды қаржыландыруды жүзеге асырады және олардың қаржы қызметін
бақылап отырады. Қаржы және салық органдары жергілікгі өкімшіліктің
бағынышында болады.
Мемлекеттің қаржысын басқаруға өзінің функцияларының өзгешілігіне
сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілі бір түрде қатысады.
Ұлттық банк ақша-кредит саясатын жүргізгенде, ақша айналысын реттегенде,
қаржы ресурстарын басқарғанда қаржы қатынастарына тікелей де, сонымен бірге
жанама түрде де ықпал жасайды; ол Қаржы министрлігімен бірлесіп мемлекеттік
валюта-қаржы қатынастарына, экономиканың қажеттіліктерін қаржыландыруға
арналған сырттан қарыз алуға қатысады. Сондықтан Ұлттық банктің
басқарушылық ықпалының тиімділігі мемлекеттің бірыңғай қаржы-кредит
саясатын жүргізген субъектілер қаржысының жай-күйінде көрініп, білінеді.
Қаржыны басқаруға Экономика жоне бюджеттік жоспарлау министрлігі мен
Стратегиялык, жоспарлау жөніндегі агенттігі де қатысады. Олар стратегиялық
жоспарлау, бюджеттік жоспарлау, мемлекеттің кірістерін жоспарлау мен
бақылау, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен және
үйлестірумен бірге бұл органдар республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуын талдайды; Қаржы министрлігімен, Ұлттық банкпен бірлесіп,
мемлекеттік бюджет жобасының негізгі көрсеткіштерін белгілейді; Қаржы
министрлігімен бірлесе отырып, республикалық және жергілікті бюджеттердің
өзара іс-әрекеттерінің механизмдерін әзірлейді және реттеуге қатысады;
Қаржы министрлігімен және Ұлттық банкпен бірлесе отырып мемлекеттің сыртқы
берешегін талдап, оның лимитін белгілейді және т.б.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде мына
департаменттерді бөліп көрсетуге болады: Салық саясаты және болжамдар
департаменті; Бюджет процесінің әдіснамасы және функциялық талдау
департаменті; Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті; Мемлекеттік
қарыз алуды және кредит беруді жоспарлау департаменті; Аймақтық саясат және
бюджетаралық қатынастар департаменті; Халықаралық экономикалық және қаржы
қатынастары департаменті; Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат
департаменті; Экономикалык саясат және индикативтік жоспарлау департаменті,
Мемлекеттік ақпарат, қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қәуіпсіздік шығыстарын
жоспарлау департаменті; Әлеуметгік сфера шығыстарын жоспарлау департаменті
және басқалары.
Елімізде Республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылаумен
байланысты мәселелермен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитеті айналысады, ол Президентке тікелей бағынатын және
есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге
асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Есеп комитетінің құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының
Коституциясымен, зандарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің
актілерімен, сондай-ақ осы комитет туралы Қағидада айқындалған.
Мемлекеттік қаржыны басқару ерекшеліктері. Басқару адам қызметінің
барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір
нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері
мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық
заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы
заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың
нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық
органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса,
өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады [12, 143].
Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және
әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау
процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне
жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету
жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп,
қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы
механизмі — бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты — қаржыны басқарудың
тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті
нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістері мен тәсілдері
пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше
тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және
санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.
Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет
профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде,
ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық
мүдделерінің үйлесуінде (ұштасуында) көрінетін қаржының тұрақтылығы мен
қаржының тәуелсіздігі болып табылады.
Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
- басқарудағы демократизм;
- қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме (көзқарас);
- басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі
(ұштасуы);
- басқарудың ғылымилығы;
- орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келісушілік;
- басқарудағы жауапкершілік;
- шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.
Қаржыны басқарудың екі аспектісін ажырата білген жөн: біріншіден,
мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны
басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық
өндірістің бүкіл процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі
басқарудың объектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша
қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады [13,
49].
Қаржыны басқаруға ғылыми көзқарас қаржы қатынастарының әрбір
сферасында, олардың әрбір буынында оны басқаруға көп жоспарлы сипат пен
жүйелі көзқарасты айқындайды. Заңи заңдарда, қаржылық болжамдар мен
жоспарларда, қаулыларда және басқаларда ресімделетін қаржылық сипаттағы
басқару шешімдерін әзірлеген кезде экономикалық және заңи зандардың
талаптарын, өткен шаруашылық кезеңнің қорытындыларының ғана емес, сонымен
бірге келешекті экономикалық талдаудың нәтижелерін, экономикалық-
математикалық әдістер мен қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесін,
басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуін ескерген
жөн. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын
енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы
жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық
ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және
ағымдағы қаржылық жоспарлау талап етіледі.
Қаржы қатынастарының әрбір сферасы мен әрбір буыныңда басқару
субъектілері қаржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысандарын
пайдаланады. Мәселен, қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты
нақтылы функциялық элементтерді бөледі: ақпарат, жоспарлау (болжау),
ұйымдастыру, реттеу, бақылау.
Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де,
сондай-ақ бүкіл қаржы процесін оперативті басқару үшін де зор маңызы бар.
Жоспарлау процесіндегі басқару шешімдері қаржы ақпаратына талдау жасау
негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақиқат
болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақыттылығы негізделген
шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік,
статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделеді.
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады.
Бұл — жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мөлшерін
және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған
ақша қорлары арасында, ұлтгық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық
бірліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін (пропорциясын)
белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.
Ұйымдастыру — басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын,
айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару
қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді [14, 172].
Қаржыны басқаруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны
оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субъектілерінің — қаржы органдарының,
салық комитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылық
салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай
ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппаратының
ұйымдастырылу дәрежесі жоғары болуы тиіс. Бұл қаржы құрылымдарының барлық
қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.
Қаржылық реттеу — бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы
ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың
барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; мұның өзі резервтік
(сақтық) қорлары, жоспардан тыс қаржы ресурстары, пайдаланылмаған қаржылар
есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынас пен үйлесімділікті
қамтамасыз етуді білдіреді.
Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау процесінде де, сонымен
бірге оперативтік басқару стадиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда
барлық қаржы процестерін (операцияларын) жүргізудің дұрыстығы мен
зандылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржы құқығының нормаларын
басшылыққа алып отыратын қаржы аппараттарының қызметін қамтиды. Бақылау
қаржы ресурстарын пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлы көрсеткіштермен
салыстыруға, қаржы ресурстарын өсірудің резервтерін айқындауға,
шаруашылықты неғұрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік
береді.
Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқарудың
объектілері мен субъектілері бөлінеді. Объектілер ретінде қаржы
қатынастарының сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын
ұйымдық құрылымдар субъектілер болып табылады. Қаржы қатынастарын олардың
сфераларына сәйкес объектілердің екі тобын бөледі: шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы. Оларға басқарудың мына
субъектілері сәйкес келеді: қаржы службалары (шаруашылық жүргізуші
субъектілердің бөлімдері), қаржы және салық органдары. Қаржыны басқаруды
жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрылымдардың жиынтығы қаржы аппараты деп
аталады.
Кәсіпорындарда және ұлттық шаруашылық саласында қаржыны басқаруды
кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қаржы бөлімдері мен
службалары, сондай-ақ сақталып отырған министрліктер мен ведомстволардың
қаржы бөлімдері мен басқармалары жүзеге асырып отырады [15, 203].
Мемлекеттік активтерді басқару әдістері. Басқару адам қызметінің
барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір
нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері
мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі мемлекеттік активтерді
басқару экономикалық заңдардың объективті заңдылықтары мен талаптарына
негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және
оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік,
шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті
және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде
басқарады.
Мемлекеттік активтер – бұл бюджеттiк ұйымға жататын, оның iшiнде жалға
берiлген, барлық активтердiң қолдағы саны және жылжуы есептелiнедi.
Мемлекеттік активтердiң бухгалтерлiк есебi есептiк тiркемелерде
активтер түсiмiнiң, олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда бір салалы қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Ақмола облысы
Ақмола облысының экологиялық жағдайы
Ақмола болысының іргетасы
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК–ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ, ӘДІСТЕРІ
Ұлттық экологиялық проблемалар
Степногорск қаласы бойынша кәсіпорынға жеке табюыс салығын талдау және жетілдіру жолдары
Қазақстан моноқалаларының орналасу ерекшелігі және дамуы
Қазақстанның шағын қалалардың дамыту бағыттары
Шағын қалалардың дамыту бағдарламасы
Пәндер