Көкшетау қаласында орналасқан РИСК-Бизнес ЖШС


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І бөлім. Кәсіпорында менеджментті ұйымдастырудың теориялық негіздері
1. 1 Менеджменттің қалыптасуы және қазіргі кездегі жағдайы . . . 7
1. 2 Кәсіпорында қолданылатын менеджмент қағидалары мен ондағы
басқару әдістері . . . 13
1. 3 Кәсіпорында менеджердің алатын орны . . . 19
ІІ бөлім. «РИСК-Бизнес» ЖШС сыртқы және ішкі ортасын талдау
2. 1 «РИСК-Бизнес» ЖШС қалыптасуы және оның ұйымдастырушылық-
басқарушылық құрылымына сипаттама . . . 28
2. 2 «РИСК-Бизнес» ЖШС жарнама және маркетинг бөліміндегі
менеджерлердің атқаратын қызметтерін талдау . . . 38
2. 3 Аталған кәсіпорынның экономикалық және қаржылық талдауы . . . 45
ІІІ бөлім. «РИСК-Бизнес» ЖШС менеджментті ұйымдастыруды жетілдіру
және тиімділігін арттыру жолдары
3. 1 «РИСК-Бизнес» ЖШС менеджментті ұйымдастыруды жетілдіру және
тиімділігін арттыруда шет ел әдістерін қолдану . . . 61
3. 2 Аталған кәсіпорында менеджментті жетілдіру үшін бизнес нәтижелерін
басқару бағытын қолдану . . . 66
3. 3 Аталған кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру үшін өткізу
бөлімін ұйымдастыру . . . 70
Қорытынды . . . 76
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 79
Қосымшалар
Кіріспе
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты біздің сөздік қорымызға «менеджмент», «менеджер» ұғымдары тез енді. Менеджмент ұғымын қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады, алайда сөзбе-сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашан дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі мен мәні: менеджменттегі басты нәрсе кез келген адамдық қарым-қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару ұстанымдарын іс жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады. Басқаша айтқанда, менеджмент ― бұл нарық жағдайында фирманы және оның қызметкерлерін басқарудың теориясы мен іс-тәжірибесі.
Ірі өндіріс бірлестіктері мен банктер мемлекеттің тек экономикалық күшінің ғана емес, сонымен қатар саяси күшінің негізін құрайды. Ірі одақтардың дүние жүзінде материалдық игіліктерді бөлу ережелерін қалыптастыратын бөлімшелері болады, ақпараттық мүмкіндіктерді иеленеді. Осындай одақтардың менеджерлерінің шешімдері көптеген адамдардың тағдырын шешеді.
Кәсіпорындағы менеджменттің рөлін бағалау қиын. Өткір бәсекелестік күресте тауар нарығындағы қызметтің сәттілігі тиімді жұмыс жасаудың механизмдерін білуді талап етеді. Қазіргі уақытта ешкім тек сәттілік пен көкейкөздікке сенбейді. Ұйымның ырысы ― бұл кәсіпорын басшылығы мен персоналдың ойластырылған қызметінің нәтижесі.
Кәсіпорынның әр түрлі үрдістерінде алғашқы орынды менеджмент қызметі алады, өйткені оның жұмысына кәсіпорынның нарықта тұрақты орнығып, қызмет атқаруы тәуелді. Кәсіпорындардың менеджмент мүмкіндіктерін анықтау жұмысы болашағы кең, нысаналы нарықты таңдап алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осы кәсіпорындардың уақытында менеджменттік қызметтерді құруы осындай бөлімшелері жоқ бәсекелестерінен алда болуға, олардың осал және мықты жақтары туралы ақпаратты қолданып, іс-әрекеттерін болжауға мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты : қазіргі нарық жағдайында қызмет етіп жатқан кәсіпорындарда менеджменттік қызметті енгізудің қажеттілігін көрсету, менеджмент жүйесін талдау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- кәсіпорындағы менеджмент қызметінің мәнін ашатын қағидаларды талдау; кәсіпорында менеджменттің қалыптасу бағытындағы кәсіпкерлердің әрекеттерін зерттеу; кәсіпорынның әр түрлі үрдістеріндегі менеджмент қызметінің орнын көрсету; кәсіпорындағы тиімді менеджердің мінездемесін анықтау;
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі : Көкшетау қаласында орналасқан «РИСК-Бизнес» ЖШС.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні: кәсіпорындағы менеджмент.
Тақырыпты зерттеу деңгейі: менеджменттің пайда болуын XIX ғасырдың соңына жатқызғанымен, оның рөлі тек XX ғасырдың 30- шы жылдары сезіле бастады және осы уақытқа дейін көптеген өзгерістерге ұшырады. Сонымен бірге, «ғылыми менеджмент» түсінігін басқару теориясының негізін қалаушы болып саналатын Ф. У. Тейлор енгізді.
30-40 жылдардағы басқару облысының теоретигі, Лютер Гьюликтің пікірінше, басқару әр түрлі теорияларды, жинақтаған әр түрлі құбылыстарды жүйелі түрде игеретін ғылым болып табылады және «адамдар ортақ мақсаттарына жету үшін неге және қалай жүйелі қызмет етеді, сонымен бірге осы қарым-қатынас жүйелерін барлық адамзат үшін неғұрлым пайдалы жасау үшін жүйелі негізде түсінуге тырысады. Әлбетте, басқарудың теориясы мен тәжірибе эволюциясы өнеркәсіп пен жалпы ғылымның дамуымен тығыз байланысты.
Қазақстанның басқару ойлары тарихының тамырлары ғасырлар қойнауынан бастау алады. Менеджменттің қоғамдық мәнділігі біздің XX ғасырдың 30-шы жылдары сезілді. Қазақстанның жоғары оқу орындарында менеджмент 1992 жылдан, яғни нарықтық экономикаға көшу сәтінен бастап оқытылады. Қазақстанда профессор Қ. Ғ. Ахметов, К. Б. Бердалиев өз еңбектерінде елдегі кәсіпорындарды басқару ерекшеліктерін мазмұндайды.
Қазақстанда кадр менеджментінің мәселелерін алғаш рет қарағандылық Р. С. Каренов зерттеді. Ол «Кадрлық менеджмент» (2001ж) атты еңбектерінде нарықтық экономика жағдайындағы кадрлармен жұмыс жүргізудің отандық тәжірибесін қорытты және біздің еліміздің кәсіпорындарында шет ел тәжірибесін пайдалану жөнінде кейбір пікірлерін ұсынды. Қазақстандық кәсіпорындар тұрғысынан өндірістік менеджменттің теориялық аспектілері Ә. Ә. Әбдірешевтің еңбегінде стратегияны, жоспарлауды, еңбекті басқаруды дамытудың әдістемелік ұсыныстары көрсетілген. Нарықтық конъюктура жағдайында қаржы менеджерінің рөлі айтарлықтай өсті. Қаржы менеджментінің мәселелері де Қазақстан ғалымдарының еңбектерінен де көрініс табуда.
XX ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстан экономикасындағы басқару жағдайы айтарлықтай өзгерді. Нарықтық жүйе басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістерін ауыстырды. Осының нәтижесінде кәсіпорындар шаруашылық дербестік пен сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігін алды. Қазақстанда мемлекеттік кадр саясатын жетілдіру курсы қолға алынды. Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтің 2004 жылы 19 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында былайша айтылған: «Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашады, адамның өз қабілет мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасайды, халықтың табысының өсуіне қамқорлық көрсетеді».
Қазақстанның Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымына ену қарсаңында біз басқару шешімдері саласындағы да ғаламшарлық бәсеке алдында тұрмыз. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев мемлекеттік қызметкерлерге мына ұстанымдарды басшылыққа алу қажет деп есептейді:
- халық берген биліктің қызығына түспей, оған иелік ете білу керек; өзің үшін пайданы көздемей, өзің қызмет ететін қоғамның игілігі туралы ойлау қажет; «мемлекеттік қызметкер қалай тұрып жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүру керек; адамдардың сенімін жоғалтпайтындай етіп басқару керек; лауазымға істі кәсіби түрде жүргізе алатындарды ұсыну керек;
Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде менеджментке жалпы сипаттама беріледі, оның қалыптасуы, қағидалары, әдістері және кәсіпорында менеджердің алатын орны көрсетіледі.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде «РИСК - Бизнес» ЖШС қалыптасуы және оның ұйымдастырушылық - басқарушылық құрылымы сипатталады, кәсіпорынның жарнама және маркетинг бөліміндегі менеджерлердің қызметтері, экономикалық және қаржылық көрсеткіштері талданады.
Үшінші бөлімде «РИСК-Бизнес» ЖШС менеджментті ұйымдастыруды жетілдіру және тиімділігін арттыруда шет ел әдістерін қолдану, менеджментті жетілдіру үшін бизнес нәтижелерін басқару бағытын қолдану, аталған кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру үшін өткізу бөлімін ұйымдастыру жолдары көрсетіледі.
І бөлім. Кәсіпорында менеджментті ұйымдастырудың теориялық негіздері
1. 1 Менеджменттің қалыптасуы және қазіргі кездегі жағдайы
Менеджмент ― бұл басқару қызметін іске асыруға мүмкіндік беретін адам білімінің саласы. Бұл ғылыми білімдер басқару тәжірибесінің теориялық базасын құрайды. Менеджмент өндірісті басқаруға қарағанда кәсіпорынның функционалды - технологиялық құрылымымен ғана емес, оның ұйымдастырушылық, адам аспектісімен айналысады. [25]
Басқару ойына адам технологиясы, әлеуметтік психология, инженерлік социология, психофизиология, эргономика және тағы басқа ғылымдардың жетістіктері әсер етеді. Менеджмент бұл өзінің басты мәселесі - өнімдер мен қызметтерді өндіретін және әр түолі ресурстарды қолданатын адамдардың үйлестірген әрекеттері негізінде қажетті нәтижелерді қалай алуды шешу үшін пайдаланады. [7]
Кәсіпорынды басқарудың жоғары дәрежесі өнер ретінде бағаланады. Менеджментті басқару өнері ретінде түсіну ұйымның қызмет етуіне көптеген факторлар әсер ететін күрделі әлеуметтік - техникалық жүйе деген түсінігінен бастау алады. Факторлардың ішіндегі ең бастысы - адамдар, кәсіпорындағы қызметкерлер. Бұл факторды бақылау ғылыми бағытты қолдануды ғана емес, сономен бірге оны нақты жағдайларда қолдану өнерін талап етеді. [12]
Менеджмент ― дәстүрлер тарихы тұжырымдамаларды, институттарды, теория мен тәжірибені қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл - даусыз дәлелденген қағида, өйткені тиімді басқару мәселесі адамдарды ұйымдастыру (тайпалар, рулар, қауымдар) басталған мезетте пайда болды.
Басқару тәжірибесі, ұйымдастыру секілді өте көне. Басқару ісін жетілдіруге мыңдаған жылдар бойы қажырлы еңбек, оны тиімді ұйымдастыру қажет болды, бұған өз уақытында ең озық ақыл - ой жетістіктері жұмсалды. Біздің заманымызға дейінгі үшінші мыңжылдықта саз - балшықтан жасалған белгішелерде көне жүйелердің коммерциялық келісімдері мен заңдары туралы деректер жазылған. Мұның өзі оларда басқару тәжірибесінің болғандығын дәлелдейді.
Менеджмент ғылым ретінде XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді. XX ғасырдың бірінші жартысындабасқару ойларының төрт анық ерекшеленетін мектебі даму алды: ғылыми басқару, классикалық немесе әкімшілік, адамгершілік қарым - қатынас және басқару ғылымы немесе сандық ықпал мектептері. [15]
Ғылыми басқару мектебінің (1856-1920) пайда болуы Фредерик Уинслоу Тейлордың (1856-1915) есімімен байланысты. Оның басты еңбектері «Фабриканы басқару», «Ғылыми менеджмент принциптері», «Конгрестің арнайы комиссиясы алдында көрсету». Филадельфиядағы оның зиратының басына «ғылыми менеджмент атасы» деп жазылған. Тейлор өндірісті ғылыми тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде ғажайып жаңалық болған бұл құбылысты ол кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан - жақты дәлелдеді. Ф. Тейлор кәсіпорынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп, менеджер «не жасауды дәл білуі және оны арзан, әрі тиімді тәсілмен қалай жасауға болатынын» зерттеунысаны етті. Ф. Тейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырды. Оның теориясын Гаррингтон Эммерсон (1853-1931), Генри Форд (1863-1947), Френк Гилберт (1868-1919), Лилиан Гилберт (1861-1919), тағы басқалары өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты.
Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебінің (1920-1950) өкілдері Ари Файоль, Линдал Урвик, Джеймс Муни, А. К. Райли басқарудың әмбебап қағидаларын ойластыры. Осы мектептің негізін салушы француз ғалымы Анри Файоль (1841-1925) тәжірибе жинақтау кезінде мынадай қорытындыға келді: «басқару - кәсіпорынның мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, оны белгілі бір мақсатқа жетелеу». Ол, сондай-ақ, мемлекеттік басқару ісін ғылым жолымен ұйымдастырудың ұстанымдарын қолдану мүмкін екендігіне алғаш рет ой жүгіртті.
Ғылыми басқару мектебі мен классикалық мектеп психология жаңадан дами бастаған кезде жарық көрді. Осы мектептердің авторлары адам факторының маңызды екендігін мойындағанымен, олардың пікірталасы ақыны әділ төлеу, экономикалық ынталандыру және формалді қызмет қарым-қатынасты орнату секілді мәселелермен шектеледі. Адамгершілік қарым-қатынас жөніндегі қозғалыс ұйымның негізгі тиімді элементі ретінде адам факторын толық мойындай алмауынан жауап ретінде туындаған еді. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшілікті шешу мақсатында пайда болғандықтан, адамгершілік қарым-қатынас мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп те атайды. Бұл мектеп XX ғасырдың 20-шы жылдардың аяғы мен 50-ші жылдардың басында қарқынды белең алды. [19]
Мэри Паркер Фоллет (1868-1933) пен Элтон Мэйо (1880-1949) адамгершілік қарым-қатынас мектебінің жаңа бағытта дамуының негізін алушылар деп есептелінеді. Э. Мэйо «Уестерн Электроник компани» фирмасымен шартқа отырып, Хоторнс қаласында адам еңбегінің тиімділігіне психологиялық факторлардың ықпалын зерттеді. Бұл жұмыс бүкіл АҚШ-қа әйгілі «Хоторнстық тәжірибе» деп аталды.
Крис Арджирис, Френсис Лийкерт, Дуглас Макгрегор, Фредерик Герцберг, тағы басқалары адамгершілік қарым-қатынас мектебінің өкілдері болып табылады. Бұл ағыттың негізгі қағидасы ресми емес шағын топтардың ролін орындау, басқару тәжірибесіндегі топтағы психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерді тауып, пайдалануға мүмкіндік беретіндей тәсілдерді қабылдау болып саналады.
Басқарушылық ойдың жаңа даму дәуірі (1950 жылдан күні бүгінге дейін) қазіргі сандық әдіс негізінде басқаруда математика мен компьютерді қолдану арқылы шешумен байланысты. Сөйтіп, «басқару ғылымы немесе сандық ықпал» мектебі өмірге келді. Бұл мектептің негізгі өкілдеріне Р. Акофф, Л. Берланфи, С. Бир, А. Гольдбергер, Н. Джорджеску - Реган, Р. Каллин, П. Клейн, Р. Люс секілді ғалымдар жатады. [5]
Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану тәжірибесінде көптеген елдерде басқару үлгісінің өзіндік ұлттық ерекшелігі пайда болды. Қазіргі кезде басқарудың - американдық, жапондық, арабтық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты. [20]
Қазақстанның басқару ойлары тарихының тамырлары ғасырлар қойнауынан бастау алады. Жүздеген жылдар бойы басқару ойы біртіндеп жетілдірілді. Менеджментке деген қажеттілік адамның және оның біріккен қызметінің пайда болуына байланысты туды. Мемлекетті басқару жөнінде біздің еліміздің дамуының әрқилы кезеңіндегі әр түрлі міндеттер өткенімізге үлкен әсер етті және бүгінгі күні де Қазақстанның басқару ойының қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізуде.
X - XII ғасырларда басқару саласындағы алғашқы ойшылдардың бірі Әбу Нәсір Әл - Фараби (870-950) болды. Ол жұлдыздар мен басқа табиғи құбылыстарға қарай отырып, мемлекеттің, шаhарлардың болашағы мен бағыныштылардың тағдырын болжамдаған әміршілердің жалған көріпкелдігін ғылыми негізде дәлелдеді. Оның адамзат қоғамының шығуы, мемлекеттік құрылыс және басшыға талап қою туралы ойлары ерекше қызығушылық түдырып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан ғалымдары Әл - Фарабидің ғылыми мұраларынтерең зерттеу мақсатында Отырар қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргізуде.
Тәуке хан (1680-1715) әмірлік құрған дәуірде неғұрлым прогрессивті мемлекет және рухани қайраткерлер Төле би (1663-1756), Қазыбек би (1667-1763) және Әйтеке би (1682-1766) болды. «Жеті жарғы» деп аталатын заң жинағында олар мемлекетті басқару жөніндегі өз пікірлерін мазмұндады, мұнда ортағасырлық қазақ қоғамындағы негізгі ұстанымдар мен құқық нормалары бекітілген. «Жеті жарғы» ― әкімшілік, азаматтық және қылмыстық құқықтардың нормаларын мазмұндаған құжат, яғни қазақтардың заңдар мен қарапайым құқық нормаларының алғашқа жазба жинағы. «Жеті жарғыға» сәйкес мемлекеттегі жоғарғы билік ханның қолында шоғырланды. Басқару халықтық жиналыс - құрылтай арқылы сұлтандардың және рубасыларының қатысуымен жүзеге асырылды.
Мемлекеттік басқару саласындағы кезекті идеолог және қайта құрушы Әбілқайыр хан (1693-1748) болды. Ол жеке хандық құрып, Қазақстанның далалық аудандарының ауқымды жерінде қырық жыл бойы мемлекеттік билікті ұстап тұрды. Алайда, Әбілқайр хандығы орталықтанған мемлекет болған жоқ, ол бірнеше этнотерриториялық және этносаяси топтарға, ұлыстарға бөлінді.
XΥIII ғасырдың ортасында экономикалық саясат пен мемлекеттік басқару жүйесінің дамуында Қазақстанның территориялық иеліктерін қалпына келтірген көрнекті мемлекеттік қайраткер Абылай хан (1711-1781) маңызды рөл атқарды. Өзінің онжылдық басқару кезеңінде ол мемлекетте біраз өзгерістерді жүзеге асырды.
XIX ғасырда Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткерлерінің арасында ғалым - ағартушы Ш. Ш. Уәлиханов (1835-1865) маңызды орын алды. Ол орыс ағартушылары мен революцияшыл - демократтарының алдыңғы қатарлы ойларын қабылдады. Сонымен бірге, патшаның отаршылдық саясатын айыптап, олардың қоғамдық - мәдени артта қалуын орыс мәдениетінен сусындау жолында жеңу үшін күресті қазақтардың отырықшылық пен егін шаруашылығына көшуін насихаттады. Ш. Уәлиханов ағарту ісі мен жеке реформалардың рөлін асыра бағалай отырып, басқару облысындағы үкімет шаралары көшпендіауылдар өмірінің қайта құрылуына ықпал етуі мүмкін деп жорамалдады. Оның мемлекетті басқару жөнінде ұсынған демократиялық ойларын қазақтың басқа ағартушы демократтары Ы. Алтынсарин (1841-1889) мен А. Құнанбаев (1845-1904) әрі қарай дамытты.
XX ғасыр мемлекеттік басқару саласындағы қазақ зиялылары өкілдерінің шоғырымен ерекшеленеді. Олар: Ә. Жангельдин, Л. Мирзоян, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов, С. Меңдешев, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов, Ғ. Тоқжанов, О. Жандосов, Т. Жүргенов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров және тағы басқалары.
Қазіргі заманғы менеджменттің қалыптасу тарихы мен дамуын XX ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап қарауға болады. Алғашқы қазақ инженер - менеджері, өндірісті ұйымдастырушы Қ. И. Сатпаев (1889-1964) болды. Ол бірінші болып кеншілердің еңбек өнімділігі мен адамдардың еңбекке деген ынталандыру мәселелерін, жұмысшылардың, кәсіподақтардың кәсіпорындармен және Балқаш пен Жезқазғанның тау - кен байыту комбинаттарындағы еңбек үрдістерімен байланысты сұрақтарын шешті. Оның басқару стиліне тән ең маңызды ерекшелік, ол - зерттелінетін нақты материалдарды терең ғылыми жүйелеу мен жалпылау.
Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқарудың дамуына көрнекті ғалым, қоғамдық және мемлекеттік қайраткер Д. А. Қонаев (1912-1993) ерекше үлесін қосты. Ол қырық жылдан астам уақыт бойы республиканы басқарды, оның ішінде ширек ғасырдан астам елдің бірінші басшысы болды. Д. А. Қонаев Қазақстан экономикасын басқарған кезде республика бұрынғы КСРО-ның ірі агроөнеркәсіптік аймақтарының біріне айналды. Мұнда елдегі түсті металлургияның негізгі базасы орналасты, ауқымды жылу - энергетикалық кешен әрекет етті, мұнай өндірудің үлкен мүмкіндігі болды.
Қазіргі жағдайда біздің еліміздің тұрақты дамуының басымды бағыты Қазақстан экономикасында қазіргі менеджментті қолдану жөнінде теориялық тұжырымдама жасақтау болып табылады. Менеджменттің қоғамдық мәнділігі біздің XX ғасырдың 30-шы жылдары сезілді. Қазақстанның жоғары оқу орындарында менеджмент 1992 жылдан, әғни нарықтық экономикаға көшу сәтінен бастап оқытылады. Мемлекетте дүниежүзілік білім стандарттарына жауап беретін менеджмент саласы бойынша мамандар дайындау жөнінде жұмыс басталды. Қазіргі кезде білім беру мен кадрларды кәсіби дайындау мемлекеттің экономикалық стратегиясының құрамды элементтері болып табылады.
Қазақстанда менеджмент пәні бойынша алғашқы қазақша оқулық профессор Қ. Ғ. Ахметовтың «Менеджмент негіздері» кітабы болып есептелінеді. К. Б. Бердалиев «Менеджмент негіздері», «Қазақстан экономикасын басқару негіздері» еңбектерінде Қазақстандық кәсіпорындарды басқару ерекшеліктерін мазмұндады. [10]
Қазақстанда кадр менеджментінің мәселелерін алғаш рет қарағандылық Р. С. Каренов зерттеді. Одан басқа «Өндірістік менеджмент», «Инновациялық менеджмент» деген еңбектері бар. Ол «Кадрлық менеджмент» атты еңбектерінде нарықтық экономика жағдайындағы кадрлармен жұмыс жүргізудің отандық тәжірибесін қорытты және біздің еліміздің кәсіпорындарында шет ел тәжірибесін пайдалану жөнінде кейбір пікірлерін ұсынды. Қазақстандық кәсіпорындар тұрғысынан өндірістік менеджменттің теориялық аспектілері Ә. Ә. Әбдірешевтің «Кәсіпорынның өндірістік менеджменті» кітабында келтірілген. Оның еңбегінде стратегияны, жоспарлауды, еңбекті басқаруды дамытудың әдістемелік ұсыныстары көрсетілген. Нарықтық конъюктура жағдайында қаржы менеджерінің рөлі айтарлықтай өсті. Қаржы менеджментінің мәселелері де Қазақстан ғалымдарының еңбектерінен де көрініс табуда.
Осылайша, қазақстандық менеджменттің теориялық, сонымен қатар, қолданбалы аспектілері зерттелініп жатыр және әрі қарай зерттеуді талап етеді. Менеджмент тарихын білу менеджердің кәсіби білімі мен басқару ойының дағдыларын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. [5]
1. 2 Кәсіпорында қолданылатын менеджмент қағидалары мен ондағы
басқару әдістері
Басқару басқа қызметтер сияқты белгілі бір қағидаларға сәйкес іске асырылады. Менеджмент қағидалары - жетекшілердің басқарушылық қызметтерін жүзеге асыруы бойынша негізін қалаушы ойлар мен жүріс - тұрыс ережелері. Бұл қағидалар басқару тәжірибесінің объективті заңдылықтарының бейнесі болып табылады. Олар менеджменттің нақты жүйесіне, құрылымына, ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды анықтайды. Осы талаптарға сәйкес басқару органдары қалыптасады, олардың деңгейлерінің арасында, мемлекет пен ұйымдар арасында қарым - қатынас орнатылады, басқару әдістері қолданылады. [24]
Менеджменттің басты қағидасы ― басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіру. Оның тәжірибеде қолданылуы басқарудың төменгі деңгейінде стратегиялық сипаттағы сұрақтарды бекітеді. Бұл қағиданы жүзеге асыру басқару шешімдерін қабылдау кезінде өкілеттікті қолайлы болу мәселесін шешеді. Осы негізгі қағидадан келесі қағидалар шығады:
- басқаруда ұжымдылық пен бірігіп бастауды ебімен пайдалану қағидасы. Ол әрбір қызметкердің өз жұмыс орны үшін қатаң жауап беретінін білдіреді. Ұйымның жұмысы үшін жалғыз тұлға ― басқарушы, директор, одақ президенті жауап береді. Сонымен қатар, басқау шешімдерін әзірлеуде әр түрлі бөлімшелердің әр түрлі деңгейіндегі басқарушылары, нақты шешімдерді орындаушылар қатыстырылады. Мұнымен қабылданатын шешімдердің дәйектілігі, объективтілігі қамтамасыз етіледі.
- басқарудың ғылыми дәйектілігі қағидасы. Ол басқарудың ғылымды пайдалану негізінде іске асырылуы қажет екендігін білдіреді;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz