ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН
ҚОРҒАЛУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
1.1 Меншік құқығының түсінігі мен мазмұны

1.2 Қазақстан Республикасындағы меншіктің түрлері және нысандары

1.3 Меншік құқығына ие болу мен оның тоқтатылуы және меншік құқығын қорғау
әдістері

2 МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚОРҒАЛУЫ
2.1 Мемлекеттік меншіктің құқығының құқықтық қорғалуы

2.2 Мемлекеттік меншік және жеке меншік ұғымының құқықтық арақатынасы

3 ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ

3.1 Заңды тұлғалардың меншік құқығының құқықтық негіздері

3.2 Заңды тұлғалардың меншік құқығының қорғалуы
3.3 Акционерлік қоғамдардың меншік құқығының кейбір ерекшеліктері

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

АҢДАТПА

Дипломдық жұмыс меншік құқығын қорғаудың құқықтық тәсілдері
мәселелерін жан-жақты қарастыру мен зерттеуіне арналған.
Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасы заңдары бойынша меншік
құқығының ұғымы мен қорғалудың құқықтық тәсілдері мінездемесі көрсетілген.
Автор Қазақстан Республикасы заңдары бойынша меншік құқығының ұғымы мен
қорғалудың құқықтық тәсілдерінің мәнін ашып, оның қызмет ету және
реттеуінің нормативті құқықтық актілерін, сонымен қатар оның негізгі
салалары мен зерттеу жолдарын қарастырады.
Екінші бөлімде мемлекеттік меншіктің құқықтық негіздері мен қорғалуы
құрылуы мен құрамына талдау жасалады.

Үшінші бөлімде заңды тұлғалардың меншік құқығын реттеу және қорғауды
реттеудің негізгі шаралары және оларды жетілдіру жолдары көрсетілген.

ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР МЕН
АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМІ:

АК- Азаматтық кодекс
АҚ -Акционерлік қоғам
БӘИМҰ- Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншік ұйымы
ИМ-Интеллектуалдық меншік
КСРО- Кеңестік Социалистік Республика Одағы
ҚР- Қазақстан Республикасы
Қаз ССР- Қазақстан Социалистік Совет Республика

КІРІСПЕ

Меншік құқығы бірнеше ғасыр бұрын ең маңызды құқықтардың қатарына
енгізіле бастады. Құқықтық және экономикалық теориялардың құрылымында
меншік қатынастарын құқықтық реттеу мәселелерінің алатын орны ерекше.
Меншіктік қатынастар адамзат қоғамының тарихи дамуы сатысында ерекше орын
алады. Меншіктік қатынастарды көптеген ғасырлар бойы адамзаттың ағымды
әрекеті ретінде түсінген жөн. Бірақ бұл күрес теориямен ғана шектелмейді.
Олар заң жүзінде танылып, құқықтық актілердегі өзгеріс түрінде көрініс
табуы қажет.
Біздің елімізде 20 ғасырда екі рет меншік қатынастарында үлкен
өзгерістер болды. Бірінші рет 1917 жылдың қазанында басталып, үлкен
дағдарыспен аяқталды. Екінші кезең деп қайта құру кезеңімен басталған және
сол уақыттан бастап егемендік алып, нарықтық қатынастар енген кезеңді
айтуға болады. Оның негізгі мақсаты – меншік қатынасына оның өзінің
мағынасын қайтару. Әрқашан адам өмір сүру үшін қажетті материалдық
игіліктер өндіруі қажет. Негізінен нарықтық экономиканың қалыптасуы меншік
қатынастарының өзгеруінің заңдық қажеттігін туындатты, нарықтық жүйе жеке
меншіктің үстемдігін қолдап, еңбек бөлінісі, ақша айналым құралдары арқылы
айырбас қатынастарының кеңінен дамыды.
Меншік бұл күрделі көп жақты құбылыс. Ол негізгі экономикалық
теорияның категориясы ретінде анықталса, ал құқықтық теорияның нысаны
ретінде сипатталады. Меншіктік қатынастың экономикалық және құқықтық
теорияның жүйесінде алатын орны маңызды. Меншік мәселесінің ғылыми
зерттеудегі әдістемелік алғы шарты - ол меншіктің көп жақтылығын түсіндіру
болып табылады. Меншік нысаны әр уақытта тұрақты дамуда болады. Өркениет
даму барысында меншік қатынасы әртүрлі нысанда болады. Бұл меншік қатынасын
– тарихи категория ретінде тануға мүмкіндік береді. Меншік категориясы
тарихи түрде ғылымға айналып экономика және құқық теориясында жаңашыл
көрініс тапты. Яғни меншік құқығы, заң және философия теорияларының
объектісіне айналды.
Меншіктің алғашқы анықтамаларының бірі император Юстиананның
кодексінде көптеген ұғымдар қалыптасқанға дейін пайда болды. Рим құқығында
меншік мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығы ретінде
қарастырылды. Рим құқығы меншіктің түсінігі мен негізгі қатынастарын
анықтап берген болатын. Көптеген жылдар бойы меншік қатынасы құқықтанудың,
әсіресе, оның ішінде азаматтық құқықтың негізгі институтына айналып отыр.
Меншік экономикалық жағдайында басты, негізгі маңыз ала отырып құқықтық
санат ретінде экономикалық категорияны анықтаушы құрал ретінде дамиды.
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады
және бiрдей қорғалады.
Меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгіне
де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң
өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi
заңмен белгiленедi.
Жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi,
басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады. Жер, сондай-ақ заңда
белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.
[1]
Меншік құқығы дегеніміз - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын
және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және
оған билік ету құқығы.
Меншік институтының салаарлық, кешенді сипаттары әлі де болса толық
көлемде жалпы теоретикалық зерттеулердің пәні болған жоқ, әйтсе де әрқашан
көптеген елдердің зерттеулерінің назарын аударуын жалғастыруда. Бұл ең
алдымен меншік қатынастарда ең басты әлеуметтік байланыстар мен
процестердің іске асырылуына негізделеді.
Ең маңыздысы мемлекет пен меншік қатынасы, өйткені нақ солар
мемлекеттің экономикалық функциясын жүзеге асырудың басым бағыттарын, қоғам
мен мемлекеттің дамуын анықтайды. Осыған байланысты меншікті мемлекеттік
қорғау мәселелерін мұқият шешкен маңызды деп ойлаймыз.
Меншік қатынастары өзінің сипаты бойынша әртүрлі және конституциялық,
азаматтық, әкімшілік, жер, еңбектік, қылмыстық және т.б. сияқты құқық
салаларымен реттеледі. Бұл жалпы теоретикалық қорытып таңдаудың және
аталған институттың әртүрлі қоғамдарда атап айтқандай нарықтық қатынастар
жағдайында дамуына тән жалпы заңдылықтарды атқарудың қажеттілігін ұсынады.
Бұл меншік моделі енді ғана қалыптасып келе жатқан, нарықтық қатынас пен
нарықтық экономика енді ғана дамып келе жатқан біздің мемлекетімізге
қолданылуға жатады. Мұндай тектегі заңдылықтарды анықтау қазіргі кезде
әлеуметтік-экономикалық аядағы жүргізіліп жатқан реформалардың,
бағыттылығын дұрыс анықтауға, жекеленген реформалардың теріс салдарының
алдын алуға мүмкіндік береді.
Сондықтан меншік құқығы тақырыбы азаматтың құқық жүйесіндегі өзекті
тақырыптардың бірі, атап айтқанда, қазіргі жағдайдағы мемлекеттің және
заңды тұлғалардың меншік құқығына қатысты даулы мәселелер көп кездеседі.
Атап өту керек, берілген тақырып әрқашанда көптеген авторлардың
назарын аударуда. Бұл сұрақты тереңірек зерттеумен мынадай көрнекті
ғалымдар: К. Маркс, Ю.К.Толстой, А.П.Сергеев, А.Г.Жусупов, Е.А. Суханов,
Ю.Г. Басин айналысқан. Бұл авторлардың барлығы, бірінші кезекте, меншік
құқығын экономикалық қатынас, экономикалық санат ретінде ашады, содан кейін
құқықтық санат ретінде ашады.
Экономикалық мағынада меншік – бұл өзінің мүлкін иелену мен
шаруашылық пайдалану бойынша адамадар арасындағы қарым – қатынастар. Меншік
қатынастарының экономикалық санат ретіндегі мазмұнының мәселелері
экономикалық теорияның маңызды мәселелері болып табыладындығы хақ. Олар
көптеген экономист-ғалымдардың жіті зерттеуінің пәні болып келеді. Бұл
мәселелер көптеген жылдар бойы даулар мен теориялық пікірталастардың
объектісі болуда. Әртүрлі экономикалық мектептер меншіктің әртүрлі мазмұны
мен оның мәнін анықтайды. Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі
болып келді. Сондықтан да меншік құқығы құқық институты ретінде қараған
кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория деп тусіну керек.
Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді — табиғаттың өнімдері
мен еңбекті — меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі
айқындауы арқылы пайда болады.
Марксистік теорияға сәйкес меншік экономикалық категория ретінде
өндіріс құралдарын иелену мен солардың көмегімен өндіріс барысында, бөлу,
алмастыру мен тұтыну процесі кезінде материалдық игіліктерді иелену
қатынастарын білдіреді. Меншік экономикалық санат ретінде қарым-қатынас
болып адамзат әлемінің жаратыла бастаған заманында қалыптасты. Меншік
қатынастары деген ұғымға бір жағынан меншік иесінің өзінің мүлкіне қарым
қатынасы, яғни оның мүлікке байланысты субъективтік және объективтік
қатынастары кіреді. Бұл алғашқы қатынастар меншік субъектілерінің
арасындағы байланыстың материалдық және рухани алғы шартының іргетасы болып
табылады. Осының нәтижесінде меншікпен байланысты туындаған экономикалық
қатынастар пайда болады, олар субъектінің өзге тұлғалармен өзара байланысын
көрсетеді.
Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың
пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады. Демек, оны меншіктенген соң өндіріс
барысында пайдаланып, оған билік етіледі. Меншіктің экономикалық қатынасы
құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады. Меншік құқығы –
азаматтық құқықтық нормалардан туындайтын анықтама болып келетіндігіне
ешкім қарсы келе алмас. Сонымен, меншік құқығы конституциялық құқық,
азматтық құқық, қылмыстық құқық, әкімшілік құқық және өзге де құқық
нормаларымен қорғалатындығын тілге тиек етеміз.
Экономика мен құқықтық дамуының қазіргі жағдайларында ұсынылып
отырған тақырып өзінің өзектілігі бойынша жаңа түрге ие болады. Атап
айтқанда, берілген тақырыптың зерттеу пәні болып табылған мемлекет пен
заңды тұлғалардың меншік құқығына қатысты мәселелер.
Меншік құқығы материалдық игіліктердің нақты тұлғаға тиістілігін
бекітуші, реттеуші, қорғаушы құқықтық нормаларды қамтиды. Бәрін біріктіре
алғанда олар меншік құқығын құрайды, яғни ол бірыңғай тұтас құқықтық
институтты құрайды.
Меншік құқығы институты қоғамда негізгі үш функцияны орындайды:
біріншіден, меншік құқығының нормалары мүліктің белгілі бір
тұлғаларға тиістілігін белгілейді;
екіншіден, меншік құқығының нормалары меншік иесінің өзіне тиісті
мүлікке ие болу, пайдалану, билік ету құқықтарын бекітеді;
үшіншіден, олар меншік иесінің мүдделерін және құқықтарын қорғайтын
құқықтық құралдарды қарастырады.
Меншік құқығы меншік иесіне мүлікке деген ие болу, пайдалану және
билік ету құқығын реттеп отырады.
Қазіргі нарықтық кезеңде меншік және заңды тұлға ұғымдары өзара тығыз
байланысты. Өзіне тиесілі мүліке меншік иесі ретінде қатысатын заңды
тұлғалардың тобы орасан көп. Күші жүретін нормативті-құқықтық актілер
бойынша келешекте мемлекеттік кәсіпорындардан, сондай- ақ меншік иесімен
қаржыландырылатын мекемелерден басқа барлық заңды тұлғалар меншік иесі
болуы керек. Кеңестер Одағы кезінде тек мемлекеттік меншік қана жақсы
қорғалып, барлық ұйымдар тек мемлекеттік меншік нысанында құрылса, кейін
олардың қайта жандануы 80- жылдардың аяғы мен 90- жылдардың басында
басталды және үлкен реформалар жүргізіліп, заңды тұлғалардың негізгі бөлігі
жеке меншік нысанында құрылатын болды. Осы жұмыста қазіргі кездегі
мемлекеттік және заңды тұлғалардың меншігі талданып, олардың даму барысы
көрсетілмек.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН
ҚОРҒАЛУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

1.1 Меншік құқығының түсінігі мен мазмұны

Көбіне, меншік құқығы материалдық құндылықтар жасап шығару арқылы
пайда болады. Сондықтан меншікті, біріншіден, экономикалық санат ретінде
қарастыру қажет. Бірақ жасалған материалдық құндылықтарға жеке тұлғалардың
қатынасы әртүрлі. Ұдайы өндірістің мәні материалдық құндылықтарды жасап
шығаруда, жоғарыда атап өткендей, олар меншіктеледі не меншікке
айналдырылады. Кез келген материалдық құндылықтар оларды әрі қарай
меншіктену мақсатымен жасалады, бұл өз кезегінде меншік (меншіктену)
қатынасының өзін өндірістік қатынастардың негізі, өзегі етеді.
Жалпы алғанда, экономика және заң әдебиеттерінде меншік қатынастары
туралы анықтамаларға бірегей және біркелкі тұжырым жасалмаған. Мәселен,
экономика әдебиеттері меншікті қоғамдық қатынас деп білсе, ал заң
әдебиеттері меншік құқығын-құқықтық нормалардың жиынтығы деп біледі.
Заң әдебиеттері меншік құқығын құқықтық санат ретінде екі мағынада
түсіндіреді; объективті мағынада меншік құқығы және субъективті мағынада
меншік құқығы. Объективті мағынада меншік құқығы дегеніміз – ол меншіктік
қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Ал, субъективті
мағынадағы меншік құқығы – ол тұлғаның өзіне тиесілі мүлікті иелену,
пайдалану және билік ету құқығының заңмен қамтамасыз етілуі болып табылады.
Азаматтық кодекстің 188-бабында меншік құқығына мынадай анықтама
берілген: “Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы
танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену,
пайдалану және оған билік ету құқығы”. Бұл анықтама мейлінше дәл, әрі
ғылыми теориялық және ғылыми тәжірибелік жағынан анық бірілген. Өйткені,
субъектіге “тиесілі” деген сөзбен шектеліп қалмай, мүліктеріне өз қалауынша
иелену, пайдалану және билік ету құқығын қоса анықтамаға енгізілген. Меншік
құқығына анықтаманы субъектінің объектіні (мүлікті, затты, нәрсені) заңға
сәйкес иелік ету, оны өзінің қалауынша пайдалану және билікті жүзеге асыру
деп түсіну керек. Яғни субъектінің объектіге (мүлікке, затқа, нәрсеге)
үстемдік етуге заң жүзінде толық құқылы. Осындай үстемдікке қол жеткізу
арқылы меншік иесі заттың табиғат берген қасиеттерінің бәрін пайдаланып,
оны өзгертуге, өңдеуге, сұрыптауға, билік етуге, тіпті бөтен біреуге
беруге, жойып жіберуіне толық құқығы бар екендігімен ерекшеленеді. Затқа
заң арқылы үстемдікті тану заң құжаттарында көрсетілген шекте жүзеге асады.
Себебі, затқа үстемдікті шектеу меншік иесінің еркіндігіне белгілі бір
дәрежеде ықпалын тигізеді, демек, затқа меншік иесінің билігі шексіз болуы
мүмкін емес. Сондықтан да Азаматтық кодекстің 188-бабындағы меншік құқығын
шектеу мұндай құқықтың шексіз еместігін көрсетеді, сол себепті де тұлғаның
өз иелігіндегі затты иелену, пайдалану және билік ету құқығы заң арқылы
айқындалады. Меншік иесінің еркіндігін шектеу меншік иесінің өз өкілеттігін
жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс міндеттен туындайды. Мұндай құқықты
немесе заңды мүддені бұзу басқа түрлерде де кездесуі мүмкін. Айталық,
меншік иесі өзінің монополиялық немесе басым жағдайларын пайдаланып,
нарықта көрер көзге қиянатқа жол беруі мүмкін (АК-тің 11-бабының 3-
тармағы). Міне, осындай теріс пиғылды әрекеттерге жол бермеу үшін де
осындай талап заңға енгізілді. Меншік иесі өз құқықтарын, жүзеге асырған
кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін
зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті (АК-тің 188-бабының 4-
тармағы).
Азаматтық кодекстің 188-бабында қаралған меншік құқығының иелену,
пайдалану және билік ету тәрізді құрамдас бөліктерінен басқа оны заңмен
қорғау да ескерілген. Мұндай құқық өзгенің құқығына тәуелді емес, меншік
иесі өзінің мүлікін сақтауға, қорғауға, өзге адамдардың сырттан әрекет
етпеуіне тыйым салуына құқығы бар. Егер осындай құқықтары бұзылып жатса,
онда ол затты қайтарып алуға, қалпына келтіруге, келген залалдың орнын
толтыруға құқылы.
Меншік құқығының мазмұнын меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану
және билік ету тәрізді өкілеттіктер құрайды. Бұл өкілеттіктердің әрқайсысы
меншік құқығының қажетті элементтері болып табылады. Меншік құқығын
құрайтын элементтердің біреуінің болмауы, меншік құқығы құрылмының
анықтамасының жоқтығына, яғни меншық құқығының орын алмауына әкеліп соғады.
Меншік иесі аталғандардың қай-қайсысын да үшінші бір тұлғаға бере алады,
тіпті үш өкілеттіктің бәрін де беріп жіберіп, өзі меншік иесі болып қала
алады. Мысалы, ол заттарын теміржол, әуежай және қонақ үйдің зат сақтайтын
жеріне тапсырып, өз қарауындағы затты сақтаушының иелігіне береді.
Азаматтық кодекстің 188-бабының 5-тармағына сәйкес, меншік құқығының
мерзімі шексіз болады. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген
негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқталуы мүмкін. Кейде заң талаптарына
сәйкес меншік иесінен несие берушінің талабын қанағаттандыру үшін мүлкі
ықтиярсыз алынуы мүмкін, онда меншік иесіне тиесілі үш өкілеттіктен де
айырылады. Бірақ ол мұндай жағдайда меншік иесі болып қала береді. Қарызын
өтегеннен кейін мүлкін сатқаннан қалған қаржыны алуға құқылы, сөйтіп,
заттарын кері қайтарғаннан соң оның пайдалану және билік ету өкілеттігін
қалпына келтіреді.
Маркс ескергендей, меншік бұл белгілі бір тұлғалардың материалдық
құндылықтарға өзінікі ретінде, өздеріне тиісті ретінде қатынасы,
сәйкесінше, басқа барлық тұлғалардың көрсетілген құндылықтарға өзге
біреудікі оларға тиісті емес ретінде қатынасы, сәйкесінше, басқа барлық
тұлғалардың көрсетілген құндылықтарға өзге біреудікі оларға тиісті емес
ретінде қатынасы.[2] Осыған сәйкес меншік материалдық құндылықты
меншіктену фактісінен немесе материалдық құндылықтардың басқа тұлғаларға
(олардың ұжымына) тиістілігі фактісіне тұратын заттардың себебі
бойынша адамдар арасындағы қатынастарды және сәйкесінше бұл
құндылықтардан басқа барлық тұлғалардың оқшауланатындығын білдіреді.[3]

Сонымен, меншік қатынастары:
Біріншіден, өндірістік процесте адамдар арасында қалыптасатын
өндірістік қатынастар ретінде;
Екіншіден, өндірістің қаражаты түріндегі материалдық құндылықтарды
тікелей меншіктену бойынша экономикалық қатынастар ретінде көрініс табады.
С.Н Братусь және басқа ғалымдар меншіктің азаматтық-құқықтық пәнін
зерттей отырып, келесідей қорытындыға келген: меншік өндірістің қажетті
алғы шарты бола тұрып және ол арқылы жүзеге аса отырып, өндірілетін
материалдық игіліктерді меншіктенудің негізіне айналады.[4] Шындығында
мұнымен келіспеуге болмайды, өйткені меншік иесі материалдық құндылықтарды
пайдалана алады және әрі қарайғы оның құқықтық тағдырын анықтайды.
Осы күнге дейін меншіктің айырықша экономикалық санат ретінде туралы
сөз жүріп келді, бұл меншіктің заңи мазмұнын ашу үшін бастама ретінде
қызмет етуі қажет. Меншік құқығының ұғымы және мазмұны алғаш рет 9 сәуір
1993 жылғы Меншік туралы ҚР заңында және толық түрде Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 188-бабында ашылып көрсетілген.
Меншік құқығы дегеніміз субьектінің заң құжаттары арқылы танылатын
және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және
оған билік ету құқығы. Аталған құзіреттер бүтіндей алғанда субьективтік
меншік құқығы ретінде өзімен бірге меншік иесінің заңды қамтамасыз
етілген жүріс-тұрыс мүмкіндігін көрсетеді, бұл құзіреттіліктер меншік иесі
болып тұрғанында тиісті болады. Меншік иесі құзіреттерде нақты жүзеге
асыра алмайтын жағдайларда (мысалы, борышы үшін оның мүлкіне арест салған
кезде немесе мүлікті заңсыз басқа біреу иеленген кезде) ол құзіреттердің
өзінен ғана емес, меншік құқығынан толығымен айырылмайды.
Меншік құқығының мазмұнынын ашу үшін, меншік иесіне тиесілі әрбір
құзыретке анықтама беру қажетті.
Иелену құқығы – бұл мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң
жүзінде қамтамасыз ету. Бұл жерде затқа шаруашылық үстемдігін жүргізу
туралы сөз болып отыр, ал меншік иесінің онымен тікелей жанасуда болуын
тіпті талап етпейді. Мысалы, меншік иесі ұзақ мерзімге іссапарға кетіп
қалғанда да, өзінің пәтеріндегі заттарды иеленуші болып қала береді.
Затты иелену заңды және заңсыз болуы мүмкін. Заңды иелену қандайда
бір құқықтық негізге сүйенбеген, сондықтан титулсыз деп аталады. Заңсыз
иеленушілер өз кезегінде адал ниетті және арам пиғылды болып бөлінеді.
Егер мүлік оны иеліктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегін алынып,
алушыны білмесе және білуге тиіс болмаса, онда иеленуші адал болып
табылады. Егер бұл туралы білсе немесе білуге тиіс болса, онда иеленуші
арам пиғылды болып табылады. Иеленушілерді заңды және заңсыз деп бөлу
меншік иесі виндикациялық талаптың көмегімен өзінің затын қайтаруды талап
еткен кезде табыс және шығын бойынша меншік иесі мен иеленуші арасында
есеп айырысқан кезде, сондай-ақ иеленуші иелену көнелігі бойынша меншік
құқығын ала алады ма немесе жоқ па деген сұрақты шешу кезінде мәнге ие
болады. Заңды және заңсыз деп иеленушілерді бөлу иелену көнелігінде маңызды
орын алады. Атап айтсақ, заңды иеленуші меншік иесі жоқ жылжымайтын
мүлікті заң бойынша 15 жыл иеленсе, аталған мүліктің толық меншік иесіне
айналады.
Меншік құқығының келесі элементі пайдалану, пайда табу, кіріс алу
құқығы. 2
Бұл ҚР АК 188-бабына сәйкес оның мүліктен пайдалы табиғи қасиеттерін
алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда:
кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де нысандарында болуы мүмкін.
Пайдалану құқығы иелену құқығына сүйенеді. Бірақ кейбір кезде затты
иеленбей-ақ, оны пайдалануға болады.
Меншік құқығының негізгі соңғы элементі билік ету құқығы – бұл
мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі (ҚР
АК 188-бап, 2 тармақ) .
Меншік иесі өзінің затын жалға, кепілге және т.б. берген кезде оның
затқа билік етуді жүзеге асыратындығына күмән жоқ. Меншік иесі өзіне
қажет болмай қалған затты жойған кезде немесе оны тастаған кезде не зат
өзінің қасиеті бойынша өндіріс немесе тұтынудың бірреттік актісіне
пайдалануға ғана есептелсе, мұндай затқа қатысты меншік иесінің
әрекеттерін заңи саралау өте қиын.
Билік ету құқығын Е.А. Суханов былай анықтаған, мысалы, күшті құқық
ретінде, оның меншік иесінде болуы, меншік иесін басқа титулды
иеленушілерінен (соңғылары кейбір кезде сол немесе басқа шектер осы
мүмкіндіктерді иеленеді) жеңіл ажыратуға болады.[5]
Меншік иесінде бір мезгілде барлық аталған үш құқық жинақталады.
Бірақ, кейбір жағдайларда бұл тізімді оған, мысалы, меншік иесінің өзінің
мүлкін басқару немесе бақылау бойынша айрықша құқықтарын енгізу арқылы
ұлғайтуға әрекет жасау кездесуде. Дегенмен, біздің көзқарасымыз бойынша
бұл пікір негізсіз, өйткені басқару мәні бойынша меншік құқығын жүзеге
асырудың бір мысалы ретінде көрініс табады, ал бақылау меншік иесінде
басқа бір тұлға жүзінде иеленген жағдайда ғана туындайды. Сондай-ақ, кейбір
жағдайларда олар меншік иесіне емес, мүлікті басқа заңды иеленушілеріне
(кейбір шектеулермен) тиіс болуы мүмкін, атап айтқанда, жалға алушы меншік
иесімен жасалған шарт бойынша оның мүлкін иеленіп және пайдаланып қана
қоймай, сондай-ақ соңғысының келісімімен мүлікті жалға беруге (яғни,
үшінші жаққа жалға беруге), оның жағдайын немесе мақсатын жақсартатын
өзгерістер енгізуге, яғни белгілі бір шектерде оған билік етуге құқылы.
Сондықтан көптеген ғалым-цивилистер: Бенедиктов А.В., Генкин Д.М., Корнеев
С.М, сондай-ақ Е.А. Суханов белгілі триаданы (үштікті) атаумен
шектеледі, олар меншікті өзінің қалауымен және өзінің мүддесінде, өзінің
билігі бойынша және басқа тұлғалардан тәуелсіз жүзеге асыруы деп
көрсетеді.
Жоғарыдағы мәселелерді талқылағаннан кейін келесідей қорытынды
жасауға болады, субъективтік меншік құқығы – бұл меншік иесіне бекітіліп
берілген заң жүзінде қамтамасыз етіліп берілген, өз қалауы бойынша және
өзінің мүддесінде осы мүлікке қатысты заңға және басқа да құқықтық
құжаттарға қайшы келмейтін және басқа тұлғалардың заңменен қорғалатын
құқықтарын бұзбайтын кез-келген әрекеттер жасау мүмкіндігі, сондай-ақ оның
шаруашылық үстемдігі аясына барлық үшінші жақтардың араласуын жоятын
мүмкіндік.[6]

1.2 Қазақстан Республикасындағы меншіктің түрлері және нысандары

Енді біздің Республикамыздың заңдарында меншік құқығының қандай
нысандары мен түрлері анықталған соны талдау қажет.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 6-бабында: Қазақстан
Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей
қорғалады, деп жарияланған. ҚР АК сондай-ақ, меншіктің екі нысанын
қарастырған: жеке ол ҚР АК 191–ші бабында бекітілген және мемлекеттік, ол
ҚР АК 192-ші бабында бекітілген. Меншікті екі нысанға бөлу Конституцияда
олардың мемлекетке, сондай-ақ меншік құқығы субьектісіне қатыстылығы
белгілі бойынша жүргізілген.[7] Осыған байланысты жеке меншік мемлекеттік
емес ретінде түсініледі. Егер меншік құқығы субъектісі мемлекет
(мемлекеттік органдар арқылы) болса, онда сөз мемлекеттік жауапкершілік
туралы жүреді. Ал мемлекеттік емес заңды тұлғалар немесе азаматтар
субъектілер болғанда, жеке меншік туралы айту қажетті. Осылай, меншік
жалғыз ғана, ал оған субъектілер: мемлекет те, әкімшілік – аумақтық
бірлестіктер де, заңды тұлғалар да, азаматтар да болуы мүмкін. АК жеке
меншікті мемлекеттік емес ретінде, оның мәнді белгілерін ашпай-ақ шығару
тәсілі арқылы анықтайды. Осыдан туындайтыны мемлекеттік емес
субъектілердің меншігінің құқықтық режимі бірдей болады. Меншіктің
нысанынан оның түрлері туындайды. Заңдар меншікті екі түрге бөлуге жол
береді: мемлекеттік меншік АК сәйкес екі түрге бөлінеді: республикалық
және коммуналдық. Бұл ереже ҚР АК 192- бабында бекітілген. Республикалық
меншік өз кезегінде республикалық қазынадан және мемлекеттік республикалық
заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Ал коммуналдық
меншік жергілікті қазынадан және коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп
берілген мүліктен тұрады.
Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға
бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны
құрайды. Мемлекеттік меншіктегі мүлік мемлекеттік заңды тұлғаларға
шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп берілуі
мүмкін. Ал жеке меншікке келетін болсақ, АК 191-бабына сәйкес, ол
азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың
бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Осылай, ұжымдық меншік және
азаматтардың меншігі заң жүзінде жеке меншік ортақ терминімен
біріктірілген.
Социалистік құрылыс кезінде, біз білетініміздей, жеке меншік
жалдамалы еңбекті пайдаланушы меншік ретінде түсінілді. Кейінірек, Қаз ССР
– ғы меншік туралы заңға сәйкес жеке меншік ретінде пайда табуға
бағытталған азаматтардың меншігі түсінілді. Қазіргі түсінік бойынша
мемлекеттік меншік болып табылмайтын меншік жеке меншікке жатқызылады. De
lege ferenda бөлу критериясы көпшілік және жеке меншік болуы керек.[8]
Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтар оларға тиесілі мүліктің
барлығына меншік иесі болып табылады. Мысалы, акционерлік қоғамның
акциясының көпшілік үлесі мемлекетке тиісті болуы, бұл меншіктің
мемлекеттік екендігін білдірмейді, меншік нысаны әрқашанда жеке болып
қалады. Сонымен бірге жеке меншіктің жеке (тұтыну) және азаматтардың жеке
меншігі болып ішкі бөлінуі қарастырылған.
Жеке меншіктің айрықша түрі ретінде кондоминиумдар меншігі көрінеді.
Тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 31-бабының 1 тармағына сәйкес
кондоминиум ұжымдық меншік ретінде көрінгенімен, ұжымдық меншік ұғымы
қазіргі азаматтық заңдарда жоқ екендігін ескерген жөн. Сондықтан,
жылжымайтын мүлікке меншік кондоминиум нысанында туындауы мүмкін, бұл
кезде жылжымайтын мүліктің жеке-дара бөліктері азаматтардың немесе заңды
тұлғалардың жеке (бөлек) меншігінде болады да, ал жылжымайтын мүліктің
бөлек меншікте болмайтын бөлектері меншік иелеріне ортақ үлестік меншік
құқығымен тиесілі болады. Ортақ мүліктегі әрбір меншік иесінің үлесінің
мөлшері және оны күтіп ұстауға кететін шығындарға қатысу дәрежесі, егер заң
құжаттарында немесе шарттарда өзгеше көзделмесе, жеке-дара (бөлек) меншікте
болатын мүліктің бөлігінің мөлшеріне байланысты болады.
АК 209-бабына сәйкес екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік
оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Мысалы, заңды тұлғаның
меншігіндегі мүлік оның құрылтайшыларына олардың заңды тұлғаның жарғылық
капиталына салған белгілі бір үлестерде тиесілі болуы мүмкін. Осыдан
үлестік меншік ұғымы туындайды. Ол заңды тұлғалардың және олардың
құрылтайшыларымен тікелей байланысты (әрине бұл заңды тұлғалардың түріне
және нысанына тәуелді). Ортақ бірлескен меншік АК-те екі түрде бекітілген:
ерлі-зайыптылардың және шаруа (фермер) қожалығының мүшелері. Бірақ олар
заңды тұлғалар болып табылмағандықтан сөз әрі қарай ортақ үлестік меншік
туралы жүретін болады. Сонымен, заңды тұлғалардың меншік құқығының
нысандарымен түрлерін сипаттаған кезде мүліктің құқықтық режимінің
мазмұнымен ерекшелігі мүлікті сол немесе өзге де нысандарымен түрлерге
жатқызуға байланысты екендігін ескерген жөн.
Азаматтық заңдармен ортақ меншік қарастырылған, ол екі түрге
бөлінеді: үлестік және бірлескен меншік. Ортақ меншіктің ерекшелігі
субъектілерінің көптігі, объектінің жалғыздығы. Екі немесе бірнеше адамның
меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Мүлік
меншік иелерінің әрқайсысының меншік құқығындағы үлестері белгілене отырып
(үлестік меншік) немесе ондай үлестер белгіленбей ортақ меншікте болу
мүмкін.
Бірлескен меншікке қатысушылардың келісімі бойынша, ал келісімге қол
жетпеген жағдайда сот шешімі бойынша ортақ меншікке осы тұлғалардың үлесті
меншігі белгіленуі мүмкін. Ортақ меншік субъектілері өз еркімен мүлікті
тең иемденеді, пайдаланады, билік етеді. Ортақ меншік құқығының объективті
мазмұны бұл екі немесе бірнешеге тұлғаға бір бүтін мүліктің тән екендігін
бекітуші ретінде қорғаушы құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Ортақ меншік құқығы субъективтік мазмұны немесе бірнеше адамның өздеріне
тән бүтін мүлікті өз еркінше иемденуге, пайдалануға, билік етуге құқылы.
Мүлікте ортақ меншік үлестік меншік болып табылады, бұған мүлікке
ортақ бірлескен меншік заңда көзделген реттер қосылмайды. Ортақ меншік екі
немесе бірнеше адамның меншігінде мүлік болып түскен кезде пайда болады.
Бөлінетін мүлікке ортақ меншік заң құжаттарында немесе шартта көзделген
реттерде пайда болады. Мұндай мүлікке үйлер, саяжай, мәдени тұрмыстық,
шаруашылық құнды заттар жатады. Қазіргі уақытта үлестік меншікке өндіріс
құралдары, мүліктік кешендер жатуы мүмкін.
Үлестік меншік құқығының пайда болу негіздері азаматтардың әртүрлі
құқықтық мәмілелер жасасу нәтижесінде, бірлесіп алған мүліктер бөлінбейтін
заттар болғанда, екі немесе бірнеше адамға мұраға қалдыру, бірнеше тұлғаның
өз күштерімен, құралдарымен мүлік жасап шығаруы болып табылады. Үлесті
меншікке қатысушылар үлесінің мөлшері заң құжаттары негізінде анықталады
және ол барлық қатысушылардың келісімімен белгіленуі мүмкін болмаса,
үлестер тең деп саналады.
Үлесті меншікке барлық қатысушылардың келісімімен олардың
әрқайсыларының ортақ мүлікті құру мен көбейтуге қосқан салымдарына қарай
қатысушылардың үлестерін анықтау мен өзгерту тәртібі белгіленуі мүмкін.
Ортақ мүлікті белгіленген тәртіпті сақтай отырып, оны бөлмей жақсартуға өз
есебінен жүзеге асырған үлесті меншік қатысушының ортақ мүлікке куәлікке
құқықтығы өз үлесін тиісінше ұлғайтуға құқығы бар.
Үлестегі меншіктегі мүлікті билік ету оның барлық қатысушыларының
келісуімен жүзеге асырылады. Сондай- ақ, үлесті меншікке әрбір қатысушы
өзінің үлесін өз қалауы бойынша сатуға, сыйға тартуға, өсиет етуге, кепілге
беруге, сонымен қатар, заңда көрсетілген шарттарды сақтай отырып, оған
өзгеше түрде билік етуге құқылы. Үлесті меншіктегі мүлікті иелену және
пайдалану оның қатысушыларының келісуімен, келісімге келмеген жағдайда сот
белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады. Ал, үлесті меншікті әрбір қатысушы
ортақ меншіктің өз үлесі мөлшеріне тән бөлігіне өзінің иеленуіне және
пайдалануына бөлінуіне құқылы.
Сондай- ақ, азаматтардың ортақ мүлігінің құрамына үлесті меншіктегі
мүлікті пайдаланудан алатын жемістер, өнімдер мен табыстар келіп түседі.
Жемістің, өнім мен табыстың одан кейінгі бөлуі, үлесті меншікті
қатысушылары арасында, егер олардың арасындағы келісімінде өзгеше
көзделмесе, олардың үлестеріне сәйкес жүргізіледі.
Ортақ мүлік бойынша өз үлесіне сәйкес, салықтар, алымдар және өзге де
төлемдер төлеуге, оны күтіп ұстау мен сақтауға байланысты шығындарға үлесті
меншіктің әрбір қатысушы қатысуға міндетті. Үлесті меншік құқығындағы
үлесті бөгде адамдарға сату кезінде сонымен қатар, сататын үлесті оның
сатылатын бағасы бойынша және жария саудаға салып сату реттерінен басқа
жағдайларда үлесті меншіктің қалған қатысушыларының сатып алуға басым
құқығы болады.
Үлесін сатушы оның сату бағасын және оның сатудың басқа шарттарын
көрсете отырып, үлестің меншіктің басқа қатысушыларының өз үлесін бөтен
адамға сату ниетін жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Егер үлестегі
меншіктің басқа қатысушылары сатып алудан бас тартса немесе қозғалмайтын
мүлікке меншік құқығындағы сатылатын үлесті бір ай ішінде, ал басқа мүлік
жөнінде хабар алған күннен бастап он күн ішінде сатып ала алмаса, сатушы өз
үлесін кез келген адамға сатуға құқылы.
Сондай- ақ, үлес сатып алудың басым құқығы бұзыла отырып сатылған
жағдайда үлесті меншіктің кез келген басқа қатысушы үш ай ішінде сотта
өзіне сатып алушының құқықтары мен міндеттерін аударуды талап етуге құқылы.
Үлесті сатып алудың басым құқығын басқа біреуге беруге рұқсат етілмейді.
Жоғарыда көрсетілген бұл ережелер айырбас шарты бойынша үлесті иеліктен
айыру кезінде де қолданылады.
Үлес меншік құқығындағы егер тараптардың келісімінде өзгеше
көзделмесе шарт жасасқан кезден бастап, шарт бойынша сатып алушыға ауысады.
Мемлекет тіркеуге немесе нотариат куәландыруға тиісті шарт бойынша үлесті
меншік құқығындағы үлестің ауысатын кезі, егер мүлікті иеліктен айыру
туралы шарт мемлекеттік тіркеуге немесе нотариалдық куәландыруға жататын
болса, алушының меншік құқығы тіркеуге немесе нотариат куәландырылған
кезден бастап, шарты нотариаттың куәландыру да мемлекеттік тіркеуге қажет
болған жағдайда ол тіркелген кезден бастап пайда болады.
Үлесті меншіктегі мүлік оған қатысушылар арасындағы келісім бойынша
өздерінің арасында бөлінуі мүмкін.
Негізінде ортақ мүлікті бөлу немесе біреуінің үлесін шығарудың
әдістері мен шарттары жөнінде келісімге келе алмаған жағдайда үлесті
меншікке қатысушы ортақ мүліктен өз үлесін заттай бөліп беруді талап етуге
құқығы бар.
Егер үлесті заттай бөліп беруге заң құжаттарында жол берілмесе немесе
ол ортақ меншіктегі мүлікті шамадан тыс залал келтірмеймейінше бөлу мүмкін
болмаса, бөлініп шығушы меншік иесі үлесті меншіктің басқа қатысушыларынан
өз үлесінің құнын төлетуге құқылы. Басқа меншік иелерінің үлесті меншікке
қатысушыға оның үлесін заттай бөліп берудің орнына өтем төлеуіне
қатысушының келісуімен жол беріледі. Тиісті меншік иесінің үлесі шамалы
болып, нақты бөліп шығару мүмкін болмай және ол ортақ мүлікті пайдалануға
онша мүдделі болмаса, сот бұл меншік иесінің келісімі болмаған жағдайда да
үлесті меншікке қатысушыларды оған өтем төлеуге міндеттей алады.
Ортақ бірлескен меншіктің түрлері:
1. Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі;
2. Шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі;
3. Жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік;
4. Жәй серіктестік түрінде болады.
Сондай-ақ, заң құжаттарында ортақ бірлескен меншіктің басқа да
түрлері көзделуі мүмкін. Ортақ бірлескен меншік, егер оған қатысушылары
арасындағы шарт өзгеше көзделмесе, белгіленеді және қолдануда болады.
Бірлескен меншіктің пайда болу шарттарының бірі некеге отыру болып
табылады. Ерлі- зайыптылардың некеге отырған кезде жинаған мүлкі, егер бұл
мүлік ерлі-зайыптылардың үлесті меншігі болатыны немесе олардың әрқайсысына
тиесілі бөліктерде ерлі-зайыптылардың арасына тиесілі екені олардың
арасындағы шартта көзделмесе, олардың бірлескен меншігі болып табылады.
Ерлі- зайыптыларға некеге тұрғанға дейін және олардың некеге тұрған кезінде
сыйға тартылған немесе мұрагерлік тәртіппен алған мүлкі олардың
әрқайсысының бөлек мүлкі болып табылады.
Қымбат бағалы және басқа әсемдік заттарын қоспағанда, жеке
пайдаланудағы заттар (киім- кешек) некеде тұрған кезінде ортақ қаражатына
сатып алынғанымен олар пайдаланған жұбайдың меншігі болып табылады.
Егер некеде тұрған кезде елі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен
сол мүліктің құнына едәуір қаражат жұмсалғаны анықталса, олардың
әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен меншігі болуы мүмкін. Ерлі-
зайыптылардың ортақ меншікке қатынастары неке бұзылуы нәтижесінде
тоқтатылады да бірлескен меншіктің бөлінуіне әкеліп соқтырады.
Ал, жекешелендіру туралы заңдарға сәйкес жалдаушы сатып алған немесе
тегін алған мемлекеттік тұрғын үй қорының үйіндегі тұрғын жай, егер олардың
арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жалдаушының және онымен бірге тұрақты
тұратын отбасы мүшелерінің бірлескен меншігіне көшеді.
Жекешелендірілген тұрғын үйге меншік құқығының ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының тұрғын үй кодексімен белгіленеді.
Интелеллектік меншік – азаматтық мүліктік құқықтар объектісі,
интелектік жеке немесе ұжымдық еңбектің нәтижелеріне айырықша меншік. Ол
қандай болсын материалдық игіліктер негізінде көрініс табады. Өнертабыс,
ашылым, әдебиет, өнер туындылары интеллекті меншіктің объектілері болып
табылады. Заттардан өзгеше түрлерде интеллектік меншік бейматериалдық
игілікке жатады. Интеллектік меншік интелектілік қызметтің нәтижелеріне
және соларға теңестірілген заңды тұлғаны, өнімді, орындалған жұмыстарды,
көрсетілген қызметтерді дараландыру құралдарына айырықша құқықтардың
жиытығын білдіретін жинақтаушы ұғым. Интеллектілі меншік біреудің меншігіне
берілмейді және тек құқық иесінің келісімімен ғана пайдаланылады.
Интеллектілік меншік объектілері: өнертабысқа, ашылымға, оңтайлама
ұсыныстарға, селекциялық жетістіктерге, пайдалы үлгілемелерге, өнеркәсіптік
үлгілерге, т.б берілген патенттерден туындайтын құқықтар; ғылым, әдебиет,
өнер туындыларын туғызушы ақыл-ой адамдарының кітаптар, спектакельдер,
опералар, музыкалық туындылар, сызбалар, схемалар, формулалар, т.б.
нысанында тұлғаланатын интелектілік жұмысының жұмысы болып табылатын
шығармашылық қызметтің нәтижелеріне авторлық құқықтар; фонаграмалар
жасаумен, орындаушылықпен, телерадиоэфир арқылы хабар берумен, клиптер мен
т.б. байланысты сабақтас құқықтар; заңды тұлғаларды және олардың өнімдерін
дараландыру құралдарына (фирмалық атаулар, логотиптер, тауар белгілері мен
қызмет көрсету белгілері, тауарлардың шыққан жерлерінің атауы) құқықтар;
ғылыми зерттеу және тәжірибелік – конструкторлық жұмыстардан туындайтын
құқықтар; ноу-хау құқықтар; интеллектік меншіктің дәстүрлі еғмес
объектілеріне құқықтар, айталық: қызмет бабындағы құпия мен коммерциялық
құпия, оны әзірлеу мен қорғау жөніндегі құжаттар, ішкі фирмалық
нұсқаулықтар, ережелер және т.б Заңдарда белгіленген тәртіппен ресімделген
және материалдық тұлғаға көшірілген интелектілік меншік объектілерінің
бәрі нарықтық тауар айналымында пайдаланылады және бейматериалдық
активтермен жасалған мәлеметтер нәтижесінде алынған табысқа жалпы
белгіленген тәртіппен салық салынады.
Иновациялық істің құқықтық қамтамассыздандырудың бір бағыты
интелектілік меншікті қорғау. Мұнда авторлық және басқа да құқықтар
мемілекет заңдылық актілер мен қорғалады.
Интеллектік меншік қандай да болсын материалдық игіліктер инегізінде
көрініс табады және келесідей түрлерде болады:
- ғылыми жаңалықтар мен иашылымдар;
- технологиялық және жобалық , ғылыми – істердің нәтижелері,
конструкциялық жұмыстар;
- жаңа өнімдердің түрлері, жаңа техника, материалдар және де өте жоғары
сапалы ғылыми өнеркәсіптік қызметтер;
- маркетингтік, басқарушылық, экономикалық, техникалық, ғылыми сапалы
консалтингтік қызметтер;
- жаңа технологиялар, патенттер және т.б.
Жалпы интеллектік меншіктің құқықтық мәні мен мақсаты еліміздегі меншік
иелерінің құқықтарын қорғап, олардың дамуын қадағалау.
Интелектік меншіктің әр түрлілігіне қарай және оның қорғалуына байланысты
бл өз кезегінде келесідей салаларда болады: авторлық құқық, өнеркәсіптік
меншік, ғылыми меншік және т.б.
Интеллектік меншікке кәсіпорындағы авторлық құқықтарын қолдану және
қорғау үшін қызметкерлердің өндірістік меншікке бергендігі.
Интелекті меншіктің қорғаудың типтері болады. Ол келесідей төмендегі
кестеде көрсетілген.

Интелекті меншіктің қорғаудың типтері
Патенттік құқық Авторлық құқық Ғылыми-интеНоу-хау
объектілері объектілері лек туалды
меншік
Өндірістік СелекциялықГумаи Техника лықҒылыми ҒТП мен Қаржы
меншіктің жетістік тарлық нәтиже өнеркә лық жә
объектілерітер сіптің існе бас
әрекеттерқарушы
і лық топ
тардың
ісінің
нәтижесі
1)Ойлап Әдебиеттер,1)конструк 1)Ғылыми 1)Технол
шығару Өнер туындыторлық жә идея огия
2)Өндіріс лары, су не техноло 2)Ғылыми 2)Рецепту
тік жобалар реттер, гиялық тәжірибелерра
3)Керекті музыка құжаттар дің 3)Констру
моделдер шығар 2)Типологиянәтижеле рікция
4)Тауарлық малары 3)Заңдылық 4)Мантажд
белгілер 3)Есептер тар аудың
5)Тауарлард 4)Ақпаратық4)Ашылым әдістері
ың шыққан табыс дар 5)Заттард
жерінің ың құрамы
атауы

Лицензия – (лат. licentia – рұқсат, құқық) – экспорты мен импорты
және валюта қозғалысын бақылау мақсаты мен экспорт-импорт операцияларын
жүзеге асыруға мемілекет беретін рұқсат; қызметтің лицензиялануға тиіс
алуан түрерін жүзеге асыруға рұқсат; меншік иелеріне патенттер мен
қорғалатын өнерабыстарды, технологиаларды, комерциялық ақпараттарды
пайдалану құқығын беру. Лицензия затты лицензиялық келісіммен ресімделеді.
Түрлері: жай лицензия , ол лицензияарға өнертабысы, техникалық білімді,
т.б. өзінің пайдалануына немесе осындай лицензияны басқа бір мүдделі
тұлғаларға беруіне құқық бреді; айырықша лицензия лицензияаттың
технологияны (өнертабысты, т.б. ) белгілі бір аумақта монополиялы түрде
пайдаануын көздейді, бұл орайда лицензиар лицензия дербес пайдаланудан және
оны осы аумақта сатуда бас тартады; толық лицензия, мұнда лицензия затынан
туындайтын барлық мүліктік құқық лицензиялық келісімнің бүкіл мерзіміне
лицензиатқа көшеді; бұл орайда лицензияар оны осы мерзімге дербес
пайдаланудан бас тартады. Тиісті ноу-хаусыз патент табыстауға арналған
лицензия патенттік лицензия, ал ноу –хауды өнертабысқа патентсіз
пайдаланылуға берілген лицензия патентсіз лицензия деп аталады. Қандай да
болсын қызметті жүргізуге (құрылыс салуға, кенішті игеруге т.б.) аң аулауға
құқық беретін құжат та лицензия деп аталады.

Лизинг (ағыл. leasing – жалға алу) – заңды (жеке) тұлғаның еңбек
құралдарын меншігіне сатып алудың орнына басқа біреудікін пайдалануы; ұзақ
пайдалануға тауарлай несие беру нысандарының бірі. Пайда алу үшін
меншігінде машина, жабдық және басқа мүлік болу міндетті емес, оларды
пайдалану құқығына ие болып, табыс табу жеткілікті деген мағынаны
білдіреді. Оның жалгерліктен (жалдаудан) негізгі айырмашылығы мынада:
лизинг қолданылғанда үш тұлға қатысады, мүлікті лизингіге өткізуді лизинг
беруші емес, лизингілік компания жүзеге асырады,тараптардың өзара қатынасы
сатып алу-сату шарттары негізіде құралады, оның арнаулы тармағында
машиналар мен жабдыққа техникалық күтімді лизинг алушы меншікті қаражаты
есебінен жүзеге асырады деп көрсетіледі, шартта лизинг алушының өзі
жалдаған құралдарды сатып алуға опцион (таңдау ) көзделеді. Лизинг
нысандары: қаржы лизингі – ұзақ мерзімді, әдетте, бір жылдан асатын
мерзімдік жалгерлік. Меншік құқығы берілуі немесе берілмеуі мүмкін. Жалгер
мүлікті өзінің балансында есепке алады, ал жалға беруші баланстан тысқары
есепке алады; оперативтік лизинг – лизингілік компаниямен (лизинг
берушімен) жасасатын жалгерлік шарты, ол жабдық жеткізушіден өтінім бойынша
және өзінің есебінен сатып алу, оны тапсырыс беруші фирмаға (лизинг
алушыға) жалға береді, бұл фирма жалгерлік ақыны бірте -бірте төлейді.
Жалгерлік мерзімі мүліктің өтелімдік мерзімінен аз. Мерзімі өткеннен кейін
мерзімнің жалғастырылуы, мүлікті баланстық құны бойынша өтеуін төлеп алуы,
мүлікті лизинг берушіге қайтаруы мүмкін. Халықаралық практикада лизингіден
басқа рентинг - өтеуін төлеп алу құқығынсыз бір жылға дейінгі уақытқа
берілетін қысқа мерзімді жалгерлік және хайринг - өтеуін төлеп алу
құқығынсыз бір жылдан үш жылға дейінгі уақытқа берілетін орта мерзімді
жалгерлік қолданылады. Қазақстанда жалгерліктің бұл екі түрін ағымдағы
жалгерлік деп атайды. Меншік құқығы табысталмайды, жалгер мүлікті баланстан
тысқары шоттарда есепке алады, жалға беруші өтелімді есептей отырып, өзінің
балансында есепке алады, оның соммасы алынатын жалгерлік төлем құрамында
өтеледі.

Франчайзинг, франшизинг (фран. franchise – жеңілдік, ағыл. franchising
– артықшылық) – ұсақ және ірі кәсікерліктің аралас нысаны, ірі компанияның
өзінің фирмалық таңбасы мен тауар өндіруге (қызмет көрсетуге) лицензиясын
біреуге, әдетте, белгілі бір кезенге және шектеулі аумақта беруі. Мұнда
(франчейзерлер) тауарлар мен қызметтер рыногінде жоғары беделге, жақсы
атаққа ие болған ата компаниялар басты фирманың атынан әрекет жасау, оның
таңбасы мен белгісін пайдалану құқығын пайдалану жөнінде ұсақ фирмалар мен
немесе жекелеген заңды тұлғалар мен (франчайзирлермен) шарт жасасады. Бұл
орайда франчайзер франчайзиді тауар мен, технологиялармен жабдықтауға, ақыл
– кеңес беруге, т.б. міндеттенеді, франчайзи өзінің бизнесін тек басты
фирма белгілеген нысанда ғана және белгілі бір уақыт бойына ғана жүзеге
асыруға, белгілі бір төлемақы аудары тұруға тиіс. Негізінен екі нысанда –
бұымдар мен айналым ф- і нысандарында көрініс табады. Бұйымдар ф- і бойынша
дайындаушы бұйымды қатаң түрде белгіленген рынокта не белгілі бір аумақта
сату құқығын береді, өз кезегінде франчайзінгіні пайдаланушы тауарды тек
дайындаушы-лицензияардан ғана сатып алуға міндеттенеді. Айналым
франчайзінгінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайы
Заңды тұлғаларды — Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу
АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ҚР-ның экологиялық заннамасына жалпы сипаттама
Жерге меншік құқығының және өзге де құқықтардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері. Жермен жасалатын мәмілелердің ерекшеліктері
Жерге меншiк қатынастарын құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасының жер және өзге заңдары бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы жер нарығының құқықтық табиғатын қарастыру
Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы
Жер заңдары
МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚОРҒАЛУЫ
Пәндер