ҰРЛАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС, ПАЙДА ТАБУ МАҚСАТЫНДА МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАР


МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН CИМBОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ
ТІЗІМДЕМЕСІ
КІРІСПЕ
- МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ, ТҮРЛЕРІ
ЖӘНЕ АКТУАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Меншікке қарсы қылмыстардың сипаттамасы және оларды саралау
1. 2 Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері
2. БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫШАНДАРЫ
2. 1 Бөтен мүлікті ұрлау ұғымы, нысандары мен түрлері. Ұрлық.
2. 2 Бөтеннің мүлкін иеленгендігі немесе ысырап еткендігі үшін қылмыстық
жауаптылық
2. 3 Алаяқтық, тонау және қарақшылық - меншікке қарсы қылмыстардың
көп тараған түрлері ретінде
2. 4 Ерекше құнды заттарды ұрлау
3. ҰРЛАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС, ПАЙДА ТАБУ МАҚСАТЫНДА
МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАР
3. 1 Қорқытып алушылықпен жасалған қылмыстардың өзекті мәселелері
3. 2 Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру
3. 3 Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату.
3. 4 Интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу
3. 5 Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз
заңсыз иелену.
3. 6 Жерге заттай құқықты бұзу
4. МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ЖАСАЛҒАН ПАЙДА ТАБУ МАҚСАТЫНСЫЗ
ҚЫЛМЫСТАР
4. 1 Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру
4. 2 Бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН CИМBОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ
АК - Азаматтық кодекс
АҚШ - Америка құрама штаттары
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
КСР - Кеңестік Социалистік Республика
КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚК - Қылмыстық кодекс
РСФСР - Ресей Советтік Федеральдық Социалистік Республикасы
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан да, бұл игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол сұғушылықпен пара-пар. Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан да тақырыптың маңызы жоғары болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды. Өйткені, меншікке қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігінің заты мүлік болып табылады.
Бөтен мүлікті ұрлаудың мәнін түсіну үшін қылмыстың объектісін дұрыс анықтаудың маңызы зор. Бұл мәселенің шешімі қылмыстық құқық теориясында жан-жақты қарастырылған қылмыс объектісі жайындағы жалпы ережеге негізделуі тиіс.
Қол сұғу объектісін дұрыс анықтау қылмыстардың осы тобының мәнін ашуға, олардың қоғамға қауіптілік сипатын көрсетуге мүмкіндік береді және, ең бастысы, қылмыстарды дұрыс саралауға бағыт береді.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Меншікке қарсы жасалған әрбір ұрлық және басқа да қылмыс қоғамға қауіпті, себебі ол көрсетілген қатынастарды бұзады.
Байқап отырғанымыздай, соңғы жылдары меншікке қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесінің аса ауырлығымен сипатталатындығын көрсетеді. Нақтырақ айтсақ, қылмыстылықтың аса ауыр және ұйымдасқан түрлері көбеюде. Осыған байланысты, қай кезде болмасын бұл талқылауды қажет ететін тақырыптардың бірі болып қала бермек.
Дипломдық жұмыстың зерттеу деңгейі. Жалпы бөтеннің меншігіне қылмыстық қол сұғудың негізгі түсінігі мен қылмыстық-құқықтық мәселелері, меншікке қарсы қылмыстардың түрлері мен өзекті мәселелері, осы қылмыстардың алдын алу, меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық, тағы да басқа қырлары осы мәселені зерттеуші отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері мен зерттеулерінде белгілі шамада қаралды.
Олардың бірқатарын атап өтетін болсақ Алауов Е. О., ЗариповЗ. С., Кабулов Р. К., Каиржанов Е. К., Коржанский Н. И., Алауханов Е., Ағыбаев А. А., Дулатбеков Н. О., Сабанин С. Н., Козаченко И. Я., Брайнин Я. М., Атаханова Г. М., т. б. сияқты белгілі ғалымдар.
Осы мәселені зерттеушілердің пікірлеріне қарап бұл мәселенің маңызының өте зор екендігін және әлі де терең зерттеле беретіндігін көруге болады. Осы дипломдық жұмысты жазу барысында зерттеулерге жүгіне отырып тақырыпқа қатысты мәселелерді талқылап, зерделеуге тырыстық.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипатын анықтау, оның түрлері мен мәнін толық зерттеп, олардың маңызын ашып көрсету және осының негізінде олардың алдын алу шараларының жүйесін, оның ішінде бұл қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын норманың құрамын жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу жолы қарастырылады:
- меншікке қарсы қылмыстардың мәнін, түсінігі мен түрлерін анықтау;
- меншікке қарсы қылмыстарды жан - жақты саралап, қорытынды жасау;
- мұндай қылмыстарды жасауға себепші болған негізгі жағдайлардың шеңберін белгілеу;
- қылмыстың субъектісінің жеке басының негізгі ерекшеліктерін (әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-демографиялық, құқықтық) сипаттау;
- бұл қылмыстан зиян шеккен жәбірленушілердің негізгі сипатын анықтау;
- меншікке қарсы қылмыстардың құрамын анықтау;
- құқық қорғау органдарының меншікке қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты қарастыратын қылмыстық-құқықтық нормасының талаптарын орындаудағы тәжірибесін талдау болып табылады.
Зерттеу жұмысының деректік негізі ретінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекісі, Жоғарғы сотының нормативтік қаулылары мен отандық және шетелдік авторлардың ғылыми еңбектері мен зерттеу жұмыстары пайдаланылды.
Зерттеу әдістемесі тақырыпты зерттеу барысында теориялық деректер мен іс жүзіндегі фактілерге жүйелі түрде талдау жасау әдістері қолданылды.
Зерттеу объектісіне меншікке қарсы қылмыстардың сипатамасы мен түрлері, меншікті заңсыз иеленуге тиісті жауаптылықты жүзеге асырудағы қылмыстық заңда пайда болған және қорғауға алынатын құқықтық қатынастары табылады.
Зерттеу пәні болып меншікке қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері, аталған қылмыстардың алдын алу шаралары, аталған қылмыс түрімен күресудегі шараларды қолдану, осы қылмыстарға байланысты қоғамдық қатынастар.
Дипломдық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.
- МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ АКТУАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Меншікке қарсы қылмыстардың сипаттамасы және оларды саралау
Адамның құқықтары мен бостандықтары жүйесінде меншікке құқықтың алатын орны ерекше себебі ол адамның жеке басының сәттілігін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл құқықтар экономикалық қатынастарды реттейді, сондықтан да олардың атқаратын міндеті көп.
Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан да, бұл игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол сұғушылықпен пара-пар. Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды. Себебі, меншікке қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігінің заты мүлік болып табылады.
Бөтен мүлікті ұрлаудың мәнін түсіну үшін қылмыстың объектісін дұрыс анықтаудың маңызы зор. Бұл мәселенің шешімі қылмыстық құқық теориясында жан-жақты қарастырылған қылмыс объектісі жайындағы жалпы ережеге негізделуі тиіс.
Қол сұғу объектісін дұрыс анықтау қылмыстардың осы тобының мәнін ашуға, олардың қоғамға қауіптілік сипатын көрсетуге мүмкіндік береді және, ең бастысы, қылмыстарды дұрыс саралауға бағыт береді [75. 56] .
Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі меншіктер қатынасы, яғни жеке немесе ұжымдық тұтынуға, не өндірістік қызметті жүзеге асыруға арналған материалдық игілікті бөлу саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады [20. 89] .
Жоғарыда баяндалғандарды қорыта келгенде меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісін меншік деп қарастыруға болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес меншікке құқық дегеніміз - субъектінің өзіне тиесілі мүлікке иемденуге, пайдалануға, оған билік жасауға құқығынзаң актілерінің мойындауы және қорғауы. Меншік иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады [4. 89] .
Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзіндеиеленудізаңмен қамтамасыз етілген мүмкіндік арқылы жүзеге асыру.
Пайдалану құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алу және одан пайда көру мүмкіндіктерін заңмен қамтамасыз ету. Пайда кіріс, өсім түрінде, жеміс, өнім сипатында болуы мүмкін.
Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің Заңмен қамтамасыз етілуі (ҚР АК-нің 188 бабының 2-тармағы) .
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Меншікке қарсы жасалған әрбір ұрлық және басқа да қылмыс қоғамға қауіпті, себебі ол көрсетілген қатынастарды бұзады.
- Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері
Қазақстан Республикасында меншіктің жеке және мемлекеттік түрлері мойындалған. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің “Меншікке қарсы қылмыстар” тарауында бекітілген баптардың диспозицияларының мазмұны бұл қарастырылып отырған қылмыстардың тікелей объектісі бөтеннің меншігі екендігін көрсетеді.
Кейбір қылмыстарда (ұрлық, тонау, алаяқтық, т. б. ) тікелей объектілер тектік объектілерге сәйкес келеді. Заң әдебиеттерінде тікелей объектілер ретінде меншіктің нақты нысанын, оның мемлекеттік, кооперативтік, жеке меншік, муниципалдық не жекелеген ұйымдардың меншігі болып табылуына байланысты қарастыру керекк деген пікір айтылған. Мұндай ұсыныспен келісуге болмайды, себебі Қазақстан Республикасының Конституциясы меншіктің кез келген нысанын бірдей қорғауды жариялап отыр. Сондықтан да ұрлықты, бөтен мүлікті иеленуді, тағы басқадай әрекеттерді саралау үшін ұрланған мүліктің қандай нысандағы меншік екендігінің маңызы жоқ.
Объективтік жағынан алғанда меншікке қарсы қылмысты заң шығарушы қылмыстың материалдық құрамы бойынша қарастырған. Сондықтан да, олардың объективтік жағы үш міндетті белгіден тұрады: іс-әрекет, зардап және іс-әрекет пен зардап арасындағы себептік-зардаптық байланыс. Тек қарақшылық пен қорқытып алушылық қана формальды қылмыстар болып табылады, себебі бұлардың міндетті белгісі - тек қылмыстық іс-әрекет. Яғни, бұл қылмыстардағы зардап қылмыс құрамының шегінен тыс жатыр. Қылмыстық зардапта әрқашанда материалдық сипат болады, мүліктік залал туындайды [27. 45] .
Меншікке қарсы жасалған кейбір қылмыстарды құрамның объективтік жағының міндетті түрдегі элементі қылмыс жасаудың тәсілі (күш қолданып немесе қолданбай, жасырын немесе ашық) болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстың субъектісі заңда белгіленген жасқа жеткен, есі дұрыс адам бола алады, яғни қылмыс субъектісі жалпы. Бір қылмыста - мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етуге - қылмыс құрамының міндетті элементі арнаулы субъект болуға тиіс. Кейбір қылмыстарда арнаулы субъект сараланған құрамның нышаны ретінде алынады, мысалы, қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық (ҚК-тің 177 бабы 2 бөлігінің “в” тармағы), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (ҚК-тің 182 бабының 1 бөлігі), жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚК-тің 186 бабының 3 бөлігі) .
Қылмыскердің жасына қарай жауаптылық жүктеуге байланысты мүлікке қарсы жасалған барлық қылмыстарды екі топқа бөлуге болады. 16 жастан бастап жауаптылық жүктеуге байланысты мүлікке қарсы жасалған барлық қылмыстарды екі топқа бөлуге болады. 16 жастан бастап жауаптылық көзделген қылмыстарға: сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (ҚК-тің 176-бабы), алаяқтық (ҚК-тің 177 бабы), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (ҚК-тің 182 бабы), көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату (ҚК-тің 183 бабы), интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу (ҚК-тің 184 бабы), жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚК-тің 186 бабы), бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 188 бабы), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену және ауырлататын мән-жайлардың болмауы (ҚК-тің 185 бабының 1 бөлігі), ауырлататын мән-жайларсыз бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 187 бабының 1 бөлігі) жатады. 14 жастан бастап жауаптылық көзделген қылмыстарға: ұрлық (ҚК-тің 175 бабы), қарақшылық (ҚК-тің 179 бабы), қорқытып алушылық (ҚК-тің 181 бабы), ауырлататын мән-жайларда автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (ҚК-тің 185 бабының 2-4 бөліктері), ауырлататын мән-жайларда бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 187 бабының 2, 3 бөліктері) .
Субъективтік жағынан меншікке қарсы қылмыстар тікелей ниетпен жасалынады, меншікке қарсы тек бір қылмыс қана - бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 188 бабы) кінәнің абайсыз нысанында жасалуы мүмкін.
Меншікке қарсы қылмыстар пайда табу мақсатында және пайда табу мақсатынсыз болып бөлінеді.
Пайда табу мақсатындағы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті белгісі - пайда табуды көздеу немесе сондай себептер. Сонымен қатар, пайда табу мақсатындағы қылмыстарды, олардың объективтік жақтарына қарай, мүлікті алумен байланысты ұрлау депаталатын қылмыстарға және ұрлаумен байланысты емес қылмыстарға бөлуге болады. Ұрлауға мына қылмыстар жатады:ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық, ерекшеқұнды заттарды ұрлау [32. 67] . Пайда табу мақсатындағы, бірақ ұрлаумен байланысты емесқылмыстарға мыналар жатады: алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу, автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену, жерге заттай құқықтарды бұзу. Ал, бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру пайда табу мақсатынсызжасалған қылмыстарға жатады.
- БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫШАНДАРЫ
2. 1 Бөтен мүлікті ұрлау ұғымы, нысандары мен түрлері. Ұрлық.
Меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең көп таралғаны және қоғамға ең қауіптісі - ұрлау.
Қылмыстық заң, ұрлағандық үшін, оның жасалу тәсілдеріне қарай нақты жауаптылыққарастырған. ҚК-тің тиісті баптарына бөліп, нормативтік тұрғыдан бекіткен, оларға ұрлаудың мына нысандары жатады: ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау және қарақшылық.
Ұрлау түсінігін анықтаудың және оның негізгі элементтеріне сипаттама берудің ұрлаудың барлық нысандарына тән белгілерді айқындауға және бөлектеуге мүмкіндік беретіндігі, ұрлаудың нақты нысандарына талдау жасауды жеңілдететіндігі, оларды меншікке қарсы басқа қылмыстардан, басқа объектілерге қол сұғушылықтан, сондай-ақ қылмыстық заңмен жазаланбайтын әрекеттерден шектеуге көмектесетіндігі қылмыстық заң ғылымында құптау тапқан. Қазіргі кезде ұрлау түсінігі Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде өзінің заңдық бекімін тапты. Мысалы, ҚК-тің 175-бабының ескертуінде былай делінген: “Осы Кодекстің баптарында ұрлық деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып қою және айналдыру танылады. ” Ұрлық түсінігіне берілген бұл анықтамадан көретініміз, ғалым-заңгерлер ұсынған, заң талаптарына жауап беретін топтама түсініктер ішінен заң шығарушы “алу” терминін мойындаған. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі “Бөтен мүлікті ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері туралы” қаулысында да ұрлыққа, бірқатар ауытқулармен, осы тектес анықтама берілген: “Бөтен мүлікті ұрлау дегеніміз - меншік иесінің мүлкін пайдакүнемдік мақсатта заңсыз, қайтарымсыз алу және оны өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыру” [9. 2] .
Заңмен берілген анықтамадан ұрлықтың объективтік жағын сипаттайтын мына белгілерді бөліп алуға болады:
- мүлікті алу;
- алудың заңға қайшылығы;
- алудың қайтарымсыз болуы;
- пайдакүнемдік мақсат.
“Алу” түсінігі ұрлаудың қарақшылықтан басқа барлық мүмкін болатын жеке тәсілдерін қамтиды. Ал қарақшылықты алатын болсақ, заң шығарушы оның аяқталу кезін мүлікті иелену мақсатында шабуыл жасау кезеңіне аударған. Бұл нышан қылмыс затына заңға қайшы ықпал жасаудың сыртқы процесін неғұрлым дәл бейнелейді және белгілі бір шамада қылмыстық-құқықтық қорғау объектісіне зиян келтіру механизмін сипаттайды, себебі алу әрқашанда заңсыз қылмыспен, ұрланған мүліктің меншік қатынастарына қатысушылардың әлеуметтік байланыстарындағы құрылымында орнын өзгертуімен ұштасқан, ол байланысты қалай да бұзады, оның қалыпты дамуына нұқсан келтіреді.
Кәсіпорын қорына әлі келіп түспеген мүлікті алу, белгілі бір мән-жайларда ҚК-тің 182 бабында көзделген қылмыстың құрамын береді, атап айтқанда ол - алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру.
Ұрлау арқылы мүлікті алғанда айыпты оны өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдырады. Ұрлаған адам мүлікке өз меншігіндей билік жасайды, бірақ заң жүзінде ол меншік иесі бола алмйды, себебі меншік құқығын қылмыстық жолмен алу мүмкін емес. Сондықтан да жәбірленушінің ұрланған затқа меншіктік құқығын ұрлық жоғалта алмайды. Ұрлауға заң тұрғысынан анықтама бергенде бөтен мүлікті айыптының меншігіне емес, оның пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыру дегенді, бәлкім, осы тұрғыдан түсіндіру қажет.
Алып қою нәтижесінде меншік иесіне не басқа иемденушіге материалдық залал келеді. Ұрлағандағы материалдық залал тікелей нақты залал түрінде көрініс табуға тиіс. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі қаулысында былай делінген: “Қылмыс объектісі болған мүліктің құнын анықтағанда, оны меншік иесінің қалай иемденгеніне байланысты, қылмыс жасалған кездегі мемлекеттік, жеке сауда, нарықтық немесе комиссиондық бағаларға сүйену қажет. Бағасы болмаған жағдайда мүліктің құны сараптаманың қорытындысы негізінде анықталады”. Ұрлаудың салдарынан келген залалдың орнын толтырғанда оның мөлшері сот шешім қабылдаған кездегі бағаларға сүйеніп анықталады. Меншік иесіне немесе заңды иеленушіге материалдық залал келтірмейтін мүлікті алу ұрлау ретінде саралануға тиіс емес.
Ұрлауды сипаттайтын келесі белгі - оның заңға қайшылығы. Заңға қайшы белгі дегеніміз шындығында да, болжаммен де оған өзінің құқығы жоқ бөтен мүлікті айыптының алуы.
Шындығындағы құқық дегеніміз - сол мүлікті алуға мүмкіндік беретін, заңға негізделген құқықтың болуы. Оның заңда белгіленген тәртіпте рәсімделген, рәсімделмегенінің маңызы жоқ. Бұл жерде назар ол құқықтың нысанына емес, түп мәніне аударылады.
Бұдан жасалынатын тұжырым - егер адам мүлікті алуға заңды негіздемелері бола тұрып, оны алу үшін белгіленген тәртіптерді ғана бұзса, онда бұл жағдайда ұрлау болмайды.
Қылмыс аяқталғаннан кейін мүліктік залалдың орнын толтыру немесе ұрлаған мүлікті қайтару айыптыны жауаптылықтан босатпайды, бірақ ол жазаны жеңілдетуге негіздеме бола алады.
Айыпты мүлікті алып, оған өз қалауы бойынша билік жасай алатын кезден бастап ұрлау аяқталған болып саналады. Әңгіме нақты билік жасағандықта емес, сол билікті жасау мүмкіндігін алғандықта.
Сондықтан да ұрлауды аяқталған деп тану үшін айыптының затты іс жүзінде пайдаланғаны, одан пайда көргені қажет емес. Оның сондай мүмкіндікті алғаны жеткілікті. Егер айыпты бөтен мүлікті алуға бағытталған белгілі бір әрекеттер жасаса, бірақ ол мүлікке билік жасау мүмкіндігіне қолын жеткізе алмаса, онда ол әрекет ұрлық жасауға оқталу ретінде сараланады. Қарақшылық бұлардың қатарына кірмейді, оның аяқталу кезеңі жайындағы мәселе қылмыстың осы құрамына қатысты қаралған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz