Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері
ЖОСПАР
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Тарау. Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Иелікке алу ұғымы және оның белгілері. Бөтеннің мүлкін
иемдену түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 5
1.2. Ұрлық (ҚР ҚК 175 бап)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
1.3. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап
ету (ҚР ҚК 176
бап) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.36
І1 Тарау. Талан-тараждың
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...40
2.1. Алаяқтық (ҚР ҚК 177
бап) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
2.2. Тонау (ҚР ҚК 178
бап) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43
2.3. Қарақшылық (ҚР ҚК 179
бап) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
2.4. Ерекше құнды заттарды ұрлау (ҚР ҚК 180
бап) ... ... ... ... ... 60
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...68
Нормативті актілер және
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...83
КІРІСПЕ
Қазақстан Егеменді мен аумақтық тұтастығы, сондай-ақ елдің
қауіпсіздігін сақтай отырып, Қазақстанның Үкіметі ұлттық қауіпсіздіктің
экономикалық, әскери, қоғамдық тәртіпті нығайту жөніндегі көптеген шаралар
жасалуда. Қазіргі кезде Орталық Азияда терроршылдықтың, діни экстремизімнің
және есірткінің заңсыз айналымның таралуына қарсы әрекет ету мақсатында
халақаралық қоғамдастықтықпен өзара іс қимылға басты назар аударады.
Қоғамдық –саяси тұрақтылықты сақтау, ұлтаралық келісіммен әлеуметтік
әріптестікті нығайту, халықтың әл- ауқатының өсуіне жәрдемдесу,
азаматтардың жеке басының қауіпсіздігін, олардың құқықтарымен бостандығын
қамтамасыз ету құқықтық реформаны одан әрі жүзеге асырды.
Меншік құқығы адам құқығы және бостандығы жүйесінде ерекше орынға ие
болады, өйткені ол жеке адам игілігінің көрсеткіші болып табылады. Тап осы
құқық экономикалық қатынастардың реттеушісі болып табылады және бұл мәнде
ол көп функцияналды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жеке меншіктің басқа
да түрлері белгілене алады, және де мемлекет меншік қатынастарының
тұрақтылығына ғана кепілдік беріп қоймай, сонымен қатар олардың дамуына да
шарттар жасайды және меншіктің барлық түрлерінің тең қорғалу принциптерін
жариялайды.
Қылмыстық қол сұғушылықтан меншікті қорғау Қазақстан Республикасының
қылмыстық кодексінің мақсаттарының бірі болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп атайды. Дәл
осылай олар 1922 -1926 жылдардағы ҚК тақырыптарының сәйкес тарауларында
аталған, меншікке қарсы қылмыстардың көбі өз затыммен мүлік болатындықтан,
осы екі ұғым бір-біріне ұқсас келеді. Қаз ССР-нің 1959- жылғы ҚК-інің ең
маңызды айырмашылық ерекшелігі - ұзақ уақыт бойы социалистік (мемлекеттік,
қоғамдық) мүлікке және азаматтардың жеке мүлігіне қол сұғушылықты айыруы
болды. Осындай көзқарас кездейсоқ болған жоқ, өйткені оның негізінде
социалистік меншікті жоғары дәрежеде қорғау қажеттілігін қамтамасыз ету
идеясы жатты.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық Кодексінде ұрлықтың
жалпы ұғымы бекітілген. Осындай ұғым Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
2003 жылғы 11 шілдедегі Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер
бойынша сот тәжірибесі туралы Нормативтік Қаулысында берілген.
Осының барлығы дипломдық жұмыстың өзектілігін айқындай
түседі.Сондықтан жұмыстың мақсаты талан- тараждың нысандарымен белгілеріне
тоқталып, нақты және жан- жақты сипаттау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымына келетін болсақ, жұмыс кіріспе бөлімнен,
екі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде жұмыстың
өзектілігі, мақсаттары мен міндеттері айқындалған. Жұмыстың бірінші тарауы
Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері деп аталып, ол
Иелікке алу ұғымы және оның белгілері,бөтеннің мүлкін иемдену түрлері,
ұрлық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету деп
аталатын тараушылардан тұрады. Екінші тарау Талан-тараждың нысандары
деген атауға ие және онда алаяқтық, тонау, қарақшылық, ерекше құнды
заттарды ұрлау диспозоциялары қарастырылған. Қорытынды бөлімде осы жұмыстың
нәтижесінде айқындалған тұжырымдар мен түйіндер жайында айтылады.
І ТАРАУ. МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ
1.1. ИЕЛІККЕ АЛУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ. БӨТЕННІҢ МҮЛКІН ИЕМДЕНУ
Бөтен мүлікті ұрлаудың маңыздылығын анықтау үшін, осы қылмыстың
объектісін дұрыс құру маңызды мағынаға ие болады. Осы сұрақтың шешімі
қылмыстық құқық теориясында нақты зерттелген қылмыс объектісі туралы жалпы
жағдайларға негізделуі тиіс.
Қол сұғушылық объектісін дұрыс анықтау, осы қылмыс тобының
маңыздылығын ашуға, соңғылардың қоғамға қауіп-қатер көрсету белгілерін
және ең маңыздысы, қылмыстардың дұрыс дәрежеленуінінің алғышарттарын
туғызуға мүмкіндік береді.
Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі ( жеке дара ) болып
меншіктік қатынастар танылады, яғни жеке және ұжымдық тұтынуға немесе
өндірістік қызметтерді жүзеге асыруға арналған материалдық игіліктерді бөлу
сферасындағы қоғамдық қатынастар жатады.
Жоғарыда айтылғандарды талдап қорыта, меншікке қарсы қылмыстардың
тектік объектілері меншік болатынын белгілеп қоюға болады. Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес меншік құқығы, ол заң шығаратын
актілермен танылатын және қорғалатын субъектінің өзіне тиесілі мүлікті өз
қалауынша иелену, пайдалану болып табылады. Меншік иесіне өз мүлігімен
иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтары жатады. Дәл осы құқықтар
меншікке қарсы қылмыстар тарауында жазылған қылмыстық-құқықтық қорғаудың
құқық нормаларының тікелей объектісі ретінде меншік қатынастарының мәнін
құрастырады.
Иелену құқығы мүлікке нақты ие болу мүмкіншілігінің заңмен
қамтамасыздалуын көрсетеді.
Пайдалану құқығы мүліктің пайдалы табиғи қасиеттерін алып, сонымен
қатар одан пайда табу мүмкіншілігін заң бойынша қамтамасыз етілуі. Пайда
табыс, жетілдіру, төлдету және тағы басқа түрлерде бола алады.
Билік ету құқығы мүліктің заңгерлік тағдырын анықтау мүмкіншілігін
заң бойынша қамтамасыз етілуі.[1]
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез
келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың
меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып,
оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз
өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен
ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы[2]. Меншікке
қарсы әрбір ұрлық және басқа да түрлі қылмыстар қоғамға қауіп-қатер
төндіреді, өйткені олар көрсетілген қатнастарды бұзады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады.
ҚК Ерекше бөлімі баптарының Меншікке қарсы қылмыстар тарауында
бекітілген диспозицияның мазмұны бойынша қарастырылып отырған қылмыстардың
тікелей объектісі бөтен адамның мүлігі болады деп қортындылауға мүмкіншілік
береді.
Кейбір қылмыстарда ( ұрлықтарда, тонауларда, алаяқтықтарда және т.б.)
тікелей объектілер текті объектілермен сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы кез келген меншік түрлерінің
бірдей қорғалатындығы туралы жариялады.
Меншікке қарсы қылмыстар объективтік жағынан зан шығарушымен
материалдық қылмыс құрамы арқасында қалыптасқан. Сондықтан олардың
объективтік жағы үш міндетті белгілерден тұрады: іс-әрекеттер, зардаптар
және әрекет пен зардаптар арасындағы себептік-зардаптық байланыс.
Тек қарақшылық пен қорқытып алушылық формалдық қылмыс болып келеді,
олардың материалдық қылмыстардан айырмашылығы міндетті белгі ретінде
қылмыстық іс-әрекеттен ғана құрылуы болып табылады. Демек, осы қылмыстардың
зардаптары қылмыс құрамының шегінен тыс орналасқан. Қылмыстық зардаптарға
әрқашан материалдық сипаттама тән болады және олар мүліктік зиян келтіруде
көрінеді.
Меншікке қарсы бөлек қылмыстардың құрамының объективтік жағының
міндетті элементі болып қылмысты іске асыру тәсілі танылады ( зорлық
көрсету немесе зорлық көрсетусіз, жасырын немесе ашық ).
Меншікке қарсы қылмыстың субъектісі болып - есі дұрыс, заңмен
белгіленген жасқа жеткен адам табылады, яғни жалпы қылмыстардың субъектісі
бірдей болып табылады. Бір қылмыста – иелікке алу және ысырап етуде –
қылмыс құрамының міндетті элементі арнайы субъект болады.[3]
Бөлек қылмыстарда арнайы субъект сарапталған құрамның белгісі ретінде
танылады, мысалы, тұлғаның өз қызмет бабын қолдануымен жасалған алаяқтықта
(ҚР ҚК-інің 177-бабының 2-т. в тармақшасы ), алдау немесе сенімге қиянат
жасау жолымен мүлікке зиян келтіру (ҚР ҚК-інің 182-бабының 2-т. в
тармақшасы ), жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚР ҚК-інің 186-бабының 3-т. ).
Қылмыстық жауаптылықтың басталу көз қарасы бойынша жас ерекшелігіне
байланысты меншікке қарсы барлық қылмыстарды екі топқа бөлуге болады .
16-жастан бастап мына қылмыстар үшін қылмыстық жауапқа тартылады:
бөтен мүлікті иелікке алу немесе сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ысырап ету
( ҚР ҚК-інің 176-бабы ), алаяқтық ( ҚР ҚК-інің 177-бабы ), алдау немесе
сенімге қиянат жасау жолымен мүлікке зиян келтіру ( ҚР ҚК-інің 182-бабы ),
көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату ( ҚР ҚК-
інің 183-бабы ), интеллектуальдық меншік құқықтарын бұзу ( ҚР ҚК-інің 184-
бабы ), жерге заттай құқықтарды бұзу ( ҚР ҚК-інің 186-бабы ), бөтен адамның
мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (ҚР ҚК-інің 188-бабы ), автомобильді
немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (ҚР ҚК-інің
185-бабы, 1-тармағы ), бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру
(ҚР ҚК-інің 187-бабы, 1-тармағы ).
14- жастан бастап қылмыстық жауаптылыққа мына қылмыстар үшін
тартылады: ұрлық ( ҚР ҚК-інің 175-бабы ), тонау ( ҚР ҚК-інің 178-бабы ),
қарақшылық ( ҚР ҚК-інің 179-бабы ), қорқытып алушылық ( ҚР ҚК-інің 181-бабы
), ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік
құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену ( ҚР ҚК-інің 185-бабы, 2-4
тармақтары), ауырлататын мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе
бүлдіргені үшін ( ҚР ҚК-інің 187-бабы, 2-3 тармақтары) .
Субъективті жағынан меншікке қарсы қылмыстар негізінен кінәлінің
тікелей қасақаналық ниеті арқылы жүзеге асырылады, тек бөтен адамның мүлкін
абайсызда жою немесе бүлдіруде - кінәнің абайсыздық нысаны арқылы істеледі
( ҚР ҚК-інің 188-бабы ).
Меншікке қарсы қылмыстарды келесі түрлерге бөлуге болады:
пайдакүнемдік және пайдакүнемдік емес қылмыстар. Пайдакүнемдік қылмыстардың
субъективті жағының міндетті белгісі пайдакүнемдік мақсаты немесе
пайдакүнемдік себебі болып табылады. Объективті жағынан пайдакүнемдік
қылмыстарды келесі қылмыстар бөлімшелеріне бөлуге болады, яғни мүлікті
иелікке алумен байланысты ұрлық деп аталатын, ұрлықпен байланысты емес
қылмыстар.
Иелікке алу қылмыстарына келесілер жатады: ұрлық ( ҚР ҚК-інің 175-бабы
), иелікке алу немесе ысырап ету ( ҚР ҚК-інің 176-бабы ), алаяқтық ( ҚР ҚК-
інің 177-бабы ), тонау ( ҚР ҚК-інің 178-бабы ), қарақшылық ( ҚР ҚК-інің 179-
бабы ) және ерекше құнды заттарды ұрлау ( ҚР ҚК-інің 180-бабы ).
Ұрлықпен байланысты емес пайдакүнемдік қылмыстарға қорқытып алу ( ҚР
ҚК-інің 181-бабы ), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүлікке зиян
келтіру ( ҚР ҚК-інің 182-бабы ), көрінеу қылмыстық жолмен тадылған мүлікті
сатып алу немесе сату ( ҚР ҚК-інің 183-бабы ), интеллектуалдық меншік
құқықтарын бұзу ( ҚР ҚК-інің 184-бабы ), автомобильді немесе өзге де көлік
құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену ( ҚР ҚК-інің 185-бабы ), жерге
заттай құқықтарды бұзу ( ҚР ҚК-інің 186-бабы ) жатады.
Пайдакүнемдік емес қылмыстарға жататындар: бөтен адамның мүлкін
қасақана жою немесе бүлдіру ( ҚР ҚК-інің 187-бабы ) және бөтен адамның
мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру ( ҚР ҚК-інің 188-бабы ).
Қазақстан Республикасында меншік жеке меншік, мемлекеттік меншік,
сонымен қатар қоғамдық ұйымдардың меншігі болып бөлінеді. Қазақстанда
сонымен қатар шетел мемлекеттерінің, халықаралық ұйымдардың, шетелдің
заңгерлік тұлғаларының және азаматтарының, азаматтығы жоқ тұлғалардың
меншігі бар бола алады.
Әлеуметтік құндылықтардың жүйесінде меншік құқығы жеке тұлғаның
әлеуметтік игіліктерінің маңыздысы ретінде бағаланады. Демек, осы игілікке
қол сұғушылық деп ендеше кең мәнде жеке адамға озбырлық жасау саналады.[4]
Меншікке қарсы қылмыстардың арасында ең көп таралған және қоғамға
жоғарғы қауіп-қатер келтіретін қылмыс иелікке алу болып табылады.
Қылмыстық заң шығару ұрлықтың іске асыру тәсіліне байланысты
жауапкершілікті ҚК баптарында ұрлықтың келесі түрлерін белгілеп, нормативті
бекітіп, айқын дифференциялайды:
1. ұрлық;
2. иелену;
3. ысырап ету;
4. алаяқтық;
5. тонау;
6. қарақшылық.
Қылмыстық құқық ғылымында ұрлық ұғымының зерттелуі және оның негізгі
элементтерінің сипаттамасы ұрлықтың барлық түрлеріне тән белгілерін
айқындауға және жекелеуге, ұрлықтың нақты түрлерінің талдауын жеңілдетуге,
меншікке қарсы басқа қылмыстардан оларды шектетуге, басқа объектілерге қол
сұғушылықтан, сонымен қатар қылмыстық тәртіпте жазаланбайтын әрекеттерге
қол сұғушылықтан көмектесетіні танылған болатын. Қазіргі кезде Қазақстан
Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексінде иелікке алу ұғымы өзінің заң
шығарушылық бекітуін алды .
ҚР ҚК-інің 175-бабының ескертуінде былай деп айтылады: Осы Кодекстің
баптарында ұрлық деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің
меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып, айыптының
немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып қою және
(немесе) айналдыру танылады.
Осы ұрлық ұғымының анықтамасынан біз көріп тұрғандай, заң шығарушы
ғалым-заңгерлермен ұсынылған заңның рухына және заң әрібіне жауап беретін
жинақ ұғымдардың санынан алып қою терминін мойындайды.
Ұрлықтың осыған ұқсас анықтамасы тек кей бір ауытқушылықпен Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының 2003-жылғы 11-шілдедегі Бөтеннің мүлкін
заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы нормативтік
қаулысында айтылады: Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену деп пайдакүнемдік
мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне
залал келтіре отырып айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз
қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады .
Заң шығару анықтамасынан оның объективті жағын сипаттайтын ұрлықтың
келесі белгілерін ерекшелеуге болады:
1) мүлікті алып қою;
2) мүлікті заңсыз алу;
3) мүлікті өтеусіз алу ;
4) пайдакүнемдік мақсат.
Бөтеннің мүлкін алып қою деп осы мүлікті меншік иесінің немесе өзге
заңды иеленушінің иелігінен шын мәнінде кінәлінің өзінің немесе басқаның
иелігіне алуын айтамыз.
Алып қою белгісі қарақшылықтан басқа мүмкін болатын ұрлықтың барлық
жеке тәсілдерін қамтиды. Заңда қарақшылық былай құрастырылған, заң шығарушы
мүлікпен иемдену мақсатымен шабуыл жасаудың басынан бастап оның аяқталу
кезеңін анықтайды.
Осы белгі қылмыс затына құқыққа қарсы әсер етудің сыртқы барысын
анағұрлым дәлірек көрсетеді және қылмыстық – құқықтық қорғалаудағы
объектіге зиян келтіру механизмін айқын дәрежеде көрсетеді, себебі, иелікке
алу әрқашан да заңсыз қылмыспен, меншіктік қатынас қатысушыларының
( жақтардың ) әлеуметтік байланыс құрылымында ұрланатын мүлік орнының
өзгеруімен байланысты, бұл байланыстың өзін өзгертеді, оның нормалы дамуын
бұзады.[5]
Өндіріс қорларына әлі түспеген мүлікті иелікке алу, нақты
жағдайларда ҚР ҚК-інің 182-бабында қарастырылған қылмыс құрамын құрайды,
дәлірек айтсақ алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүлікке залал
келтіру.
Иелікке алу барысында мүлікті алып қою, оны айыптының өз пайдасына
немесе басқа тұлғалардың пайдасына айналдыруымен қоса жүреді .
Мүлікті ұрлап алған адам онымен өзінің меншігі сияқты
қолданылады, бірақ заң бойыша меншік иесі болмайды, өйткені қылмыстық
жолмен меншік құқығын иелену мүмкін емес. Сондықтан ұрлық жәбірленушінің
ұрланған затқа меншік құқықтарының жоғалтуымен ұштаспайды. Сондықтан
бұлардың заң шығарудағы ұрлық анықтамасында бөтен мүлікті айыптының
меншігіне айналдыру туралы емес, айыптының немесе өзге адамдардың пайдасына
айналдыру туралы айтылған.
Алып қою нәтижесінде меншік иесіне немесе басқа иеленушіге материалдық
зиян келтіріледі. Ұрлық барысында материалдық зиян нақты зиян түрінде
алынуы тиісті.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003-жылғы 11-шілдедегі
Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі
туралы нормативті қаулысында былай деп айтылған: ...Қылмыс заты болған
мүліктің құнын анықтау кезінде оны меншік иесінің мемлекеттік бөлшек,
нарықтық немесе комиссиялық бағамен сатып алуын негізге алу қажет. Бағасы
көрсетілмеген және заңсыз иемденген мүліктің құны бойынша дау туындаған
жағдайда, мүліктің құны сарапшылар қорытындысының негізінде анықталады.
Кінәлі адам бөтеннің мүлкін заңсыз иемденуді жасыру мақсатында заңсыз
иемденген мүліктің орнына құндылығы кемдеу мүлікті ұсынған жағдайларда да,
талан-таражға салған мүліктің мөлшері оның құнына қарай анықталады. Бұл
орайда заңсыз иемденген мүліктің орнына ұсынылған мүліктің құны шығын
мөлшерін анықтау кезінде ескерілуі мүмкін .
Ұрлықпен келтірілген зиянның орнын толтыру барысында оның мөлшері
сотпен шешім қабылдаған кездегі бағамен анықталады. Меншік иесіне немесе
заңды иеленушіге материалдық зиян келтірмеген мүлікті алып қою ұрлық
ретінде дәрежеленбеуі тиісті.
Тонау және қарақшылық жолымен, ұйым меншігіндегі немесе ұйым
қарамағындағы бөтеннің мүлкіне ұсақ ұрлық жасаған айыптының әрекеті
қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Ұрлықты сипаттайтын келесі белгі мүлікті заңсыз иелікке алу болып
табылады.
Заңға қарсы бөтеннің мүлігін иелікке алу белгісі бөтеннің мүлкіне
нақты және болжамды құқығы болмауы жағдайын ескерместен айыптының мүлікті
иелікке алуын білдіреді.
Нақты құқық деп тап осы мүлікті алу үшін заңға негізделген құқық
мойындалады. Соның ішінде оның заңмен белгіленген тәртіп бойынша
құрастырылғаны туралы ескерілмейді. Бастысы мұндай құқықтың құрылымы
бойынша емес, маңыздылығы бойынша болуы.
Осыдан мынадай қорытынды шығады, егер тұлға мүлікті алу үшін заңды
негізі бола тұрып, тек ақырғыны тапсыру үшін белгіленген тәртіпті ғана
бұзса, ол ұрлық болмайды.
Қылмыс аяқталған соң мүліктік зиянның орнын толтыру немесе ұрланған
мүлікті қайтару кінәлі адамды жауаптылықтан босатпайды, бірақ жазалаудың
жұмсартылуына негіз бола алады.
Кінәлінің бөтеннің мүлкін алуымен бірге, оған билік етуге нақты
мүмкіндік алған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп саналады.
Бұл жерде сөз нақты билік ету туралы емес, билік ету мүмкіншілігі
туралы болады. Демек, аяқталған ұрлық деп санау үшін айыптының затпен нақты
пайдаланып, одан пайда шығаруына талап қойылмайды. Оның сондай
мүмкіншілікке ие болғаны маңызды. Егер кінәлі бөтеннің мүлігін алып қоюға
бағытталған айқын әрекеттерді іске асырса, бірақ сол мүлікпен билік ету
мүмкіншілігіне ие болмаса, істелген әрекет ұрлыққа қастандық сияқты
дәрежеленеді.
Қылмыс құрамына сәйкес қаралған аяқталу кезеңі туралы сұрақта
қарақшылық қылмысының аяқталу кезеңі айрықша құрастырылады.
Қорғалатын аймақтардан ұрлау қылмысының аяқталған кезеңін анықтау
барысы қиындықтар туғызады. Соңғы кезде қорғалатын аймақ шекарасынан
мүлікті шығару кезеңінен бастап ұрлықты аяқталған деп белгілейтін соттық-
тергеу тәжірибесі дұрыс позиция ұстанып отыр, өйткені дәл сол кезеңнен
бастап айыптының мүлікке билік ету мүмкіншілігі пайда болады. Мүліктің
қорғалатын аймақтардан қандай ара қашықтыққа шығарылғаны маңызды емес,
бірақ, тәжіребеде ұрланған мүлікті қатысушыға дуалдан лақтырған кезінде
ұсталып, оның әрекеті аяқталмаған ұрлық деп бағаланған оқиғалар да
кездеседі.[6]
Қорғалатын аймақтардағы мүлікті ұрлаудың аяқталу кезеңі заттың жалпы
өлшемінен және қолдануынан тәуелді болады. Егер ұрланып жатқан мүлік
тұтынылмаса және қорғалатын аймақ ішінде қолданылуы мүмкіншілігі болмаса,
мүлік қорғалатын аймақ шекарасынан шығарылғанша ұрлық аяқталмаған болып
есептеледі. Ал тұтынылатын мүлікті ұрлаған жағдайда ( мысалы, спирттік
сусындар) қылмыстың аяқталу кезеңі айыптының ұрланған мүлікке қатысты
ниетінен тәуелді болады. Егер ол осы мүлікпен қорғалатын аумақтың ішінде
билік етуге ниетті болса, онда қылмыс аяқталған деп саналады . Егер де
айыпты мүлікке қорғалатын аймақ шекарасынан тыс билік етуге ниеттенсе, онда
мүліктің табылуы аймақ ішінде ұрлыққа қастандық сияқты бағаланады.[7]
Егер адам ұрлыққа дайындалу іс-әрекеттерін немесе ұрлық істеуге
тікелей бағытталған дайындалу әрекеттерін тоқтатса, не жасырын түрде алған
ұрлық затын күзетілетін объектіден, аймақтан шықпай тұрып, осы қылмысын
ақырына дейін жеткізу мүмкіндігі бола тұрса да оны істеуден өз еркімен бас
тартып, ұрланған затты қайтарса онда кінәлінің әрекеті қылмыс істеуден өз
еркімен бас тарту деп танылып, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады (
ҚР.ҚК-інің 26- бабы ).
Мүлікті өтеусіз иелікке алу былай сипатталады: меншік иесінің
иелігінен шыққан мүлік үшін қоғамдық пайдалы еңбек түрінде немесе ұрланған
заттың бағасын төлеу түрінде қажетті эквивалент алмауы.
Иелікке алынған мүліктің орнын бөлшектеп толтыру ұрлыққа жауаптылықтан
босатпайды.
Ұрлық тек қана тікелей ниетпен іске асырылады. Айыпты адам заңсыз
мүлікті алып қойғанын түсінеді, өз әрекеттерімен меншік иесіне зиян
келтіргенін күні бұрын біледі және оны іске асыруды тілейді.
Пайдакүнемдік мақсат ұрлықтың міндетті белгісі болып табылады.
Пайдакүнемдік мақсат ұрлықтың белгісі ретінде заң шығарудағы ұрлықтың
анықтамасында тура аталған. Айыпты адам материалдық жағдайына мүдделес
тұлғалардан өзінің пайдасына және басқа тұлғалардың пайдасына материалдық,
мүліктік пайданы шығару талпынысын болжайды.
ҚР ҚК-інің 175-бабының 2-б. а т. де мүлікті алып қою тәсілінің
тәуелділігіне ұрлықтың алты түрі бекітілген : ұрлық, сеніп тапсырылған
бөтен мүлікті иелену, сеніп тапсырылған мүлікті жұмсап қою, алаяқтық,
тонау, қарақшылық.
Заң шығарушы қызмет жайын қолдану жолымен мүлікті иелікке алуды,
ұрлықтын дербес түрі ретінде танудан бас тартты, оны ұрлықтың үш түрінің:
иелену, ысырап ету және алаяқтылықтың дәрежелеуші белгісі ретінде
қарастырады.
Ұрлық құрамының конструктивті белгілерінің бірі қол сұғушылықтың осы
түрінің заты болады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс затының екі анықтамасы ең көп
таралған, осы екі анықтама маңыздылығы бойынша бір мазмұнды.
Бірінші анықтама: Қылмыстың заты ретінде қылмыскер өзінің қылмыстық
қол сұғушылықтарын жүзеге асыру барысында тікелей әсер ететін сыртқы
әлемнің материалдық заттары жатады.
Екінші анықтамаға сәйкес Қылмыс заттарына материалдық әлемнің заттары
жатады, осы заттардың себептері бойынша қылмыстық істер іске асырылады.[8]
Бірақ ұрлық затының ұғымы заңгерлік әдебиетте басқаша түсіндіріледі.
Ұрлық заты ретінде ақша және бағалы қағаздар да бола алады деген пікірге
ешкім қарсылық көрсетпейді.
Бірақ әдебиетте және сот тәжіребесінде мүлікті алуына құқық беретін
құжаттар, сонымен қатар көлік кәсіпорындарының, театралды- көріністік,
спорттық және басқа ұйымдардың халыққа арналған қызмет көрсетулерінің есеп-
қисаптарының билеттері, талондары, абонементтері және басқа белгілері,
ұрлық заты бола ала ма деген сұрақ осы уақытқа дейін даулы.
Сот тәжірибесі жолдық билеттерді, пошталық маркаларды ұрлық заты деп
санайды, өйткені олар көлікке ақының төленгендігін куәландырады, яғни
бақылаушыға көрсетілетін қағаздар болып келеді, сондықтан оларды иелікке
алып қою ұрлық ретінде қарастырылады. Мәтіні толтырылғаннан, мөртаңбамен
бекітілгеннен, компостирленгеннен және т.б. кейін қолданыла алатын
билеттерді немесе басқа да белгілерді ұрлау, егер ол келешекте оларды
өндіріп және алынған ақша қаражатын иелену мақсатымен іске асырылса, ол тек
ұрлыққа қастандық болып есептеледі.[9]
Мүліктік емес сипаттағы фактілерді куәландыратын құжаттар және басқа
заттар ұрлық заты ретінде бола алмайды. Заң шығарушы олардың ұрлануын
басқару тәртібіне қарсы қылмыс ретінде қарастырады, өйткені осы жағдайда
заңмен белгіленген құжат айналымының тәртібі бұзылады. Егер құжаттарды,
мөрлерді, мөртаңбаларды, бланкілерді иелікке алу, бөтен адамның мүлігін
өзінің пайдасына немесе үшінші тұлғалардың пайдасына өтеусіз айналдырып
қолдану мақсатымен жүзеге асырылса[10], ҚР ҚК-інің 325-бабының 1-бөлімінде
және 177 және 24-баптарында алдын ала ескерілген екі қылмыс жиынтығында
орын алады (құжаттарды, мөрлерді, мөртаңбаларды, бланкілерді ұрлау және
алаяқтыққа даярлық ). Айыптыға ойлаған істі іске асыру сәті түскен
жағдайда, яғни ол ұрланған құжатты қолдану барысында, мүлікті немесе
мүліктік қызмет көрсетулерді иелікке алса, аяқталған екі қылмыстың
жиынтығын көруге болады ( ҚР ҚК-інің 325 және 177 баптары).
Сайып келгенде, мүлікті алуына құқық беретін құжаттар, сонымен қатар
көлік кәсіпорындарының, театралды- көріністік, спорттық және басқа
ұйымдардың халыққа арналған қызмет көрсетулерінің есеп-қисаптарының
билеттері, талондары, абонементтері және басқа белгілері, ұрлық заты бола
ала ма деген сұрағын шешуде келесілерді белгілеу қажет:
1) көрсетілген тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің құн-ақысының
төленуін куәландыратын мәліметтердің барлығы ;
2) заңмен анықталған реквизиттердің және көрсеткіштердің барлығы.
Ұрлық затына қатысты даулы сұрақтарды қарастырып, қылмыс заты ұғымының
талдауына көшейік.
Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену және меншікке қарсы өзге де
қылмыстардың заты бөтен, яғни кінәлінің меншігінде тұрмаған мүлік болып
табылады. Бұл орайда заңсыз иелікке түсетін бөтеннің мүлкі қылмыс жасалған
кезде меншік иесінің өз иелігінде немесе осы мүлік сеніп тапсырылған басқа
тұлғалардың иелігінде немесе олардың иелігінде заңсыз тұруы
мүмкін.Тауып алынған немесе кінәлі адамның қолына кездейсоқ түскен бөтен
мүлікті иеленіп алуды бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену ретінде қарауға
болмайды.[11]
ҚР АК-інің 115-бабына сәйкес мүліктік игіліктерге және (мүліктік)
құқықтарға заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, бағалы қағаздар,
жұмыстар, қызмет көрсетулер, интелектуалды шығармашылық қызметтің
объективті нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және жеке-дара
бұйымдардың басқа құралдары, мүліктік құқық және басқа мүліктер жатады.
Ұрлық маңыздылығы боынша оның заты деп - заттарды, ақшаны, бағалы
қағаздарды, мүліктік құқықтарды тануға болады.
Зат - кез келген сырттай жанасып сезілетін газ күйіндегі, сұйық және
қатты күй-жағдайдағы заттар болуы мүмкін, сонымен қатар бүтіннің жанды және
жансыз бөлшектері болуы мүмкін. ҚР АК-інің 127-бабына сәйкес ақша – бұл,
Қазақстан Республинасының барлық аймақтарында белгіленген бағамен
қабылданылуға міндетті заңды төлеу құралы.
Мүлік ұрлықтың заты ретінде міндетті түрде анықталған нақты,
экономикалық, заңгерлік қасиеттерге ие болады. Физикалық қасиеті бойынша,
мүлік заттық болуы тиіс, кеңістікте сызылған сыртқы әлемнің материалдық
заты болуы тиісті. Бұл - қоғамдық өндіріс процессінде алынған материалдық
құралдар. Заттың талданатын қасиетінің жоқ болуына байланысты идеяны, ақыл-
ойды иелікке алу, әртүрлі игіліктерді, мүліктік сипаттағы құқықты алу ұрлық
деп мойындалмайды, бірақ мүлікті иелікке алусыз, мысалға, көлікте жүру үшін
қолдан істелінген жеңілдік билетімен жүру және сол сияқтылар ұрлық болып
есептелмейді.
Ұрлық заты ретінде мүліктің экономикалық қасиеті оның әрқашан белгілі
бір экономикалық құндылығы бар болатынын білдіреді. Әдеттегі құндылықтың
сипаттамасы - оның құны, ақшалық бағалануы. Сондықтан өзінің шаруашылық
құндылығын жоғалтқан заттар ұрлық заты болып табылмайды, осыған орайлас,
меншік иесінің қажетсіздік салдарынан лақтырып тасталған заттарды иелену
ұрлық болып саналмайды.
Құнды анықтау белгісі болып, нақты мүлік түрін даярлауға, өндіруге,
шығаруға немесе өсіруге салынған адамның еңбегінің өлшемі алынады. Заттың
экономикалық қасиеттерінің жоқ болуына байланысты табиғи күй-жағдайындағы
өсімдіктер немесе жануарлар әлемінің объектісін өз пайдасына немесе үшінші
бір тұлғаның пайдасына айналдыру ұрлық болып танылмайды. Мұндай табиғи
объектілер бағалана алмайды, себебі олар адам еңбегімен құрастырылмаған.
Егер де өсімдіктер немесе жануарлар әлемінің объектілерін өсіруге адамның
еңбегі қатысса, онда оларды өз пайдасына айналдыру ұрлық құрамын
құрастырады, мысалы, қандай да болмасын шаруашылыққа жататын торлы қорадағы
ақ түлкілердің, жасанды суаттағы балықтардың ұрлануы, бақта отырғызылған
шыршаларды, сәндік бұталарды, басқа да ағаштарды тартып алу.
Сонымен, заттың ұрлығының тағы бір қасиеті болып заңгерлік қасиет
табылады. Ол ұрланатын мүліктің айыптыға қатынаста әрқашан бөтен болуы
тиісті екенін білдіреді. Айыптының ұрланатын затқа нақты түрде де, долбар
түрінде де құқығы болмауы тиіс. Өзіне меншікті мүлік ұрлық заты болуы
мүмкін емес, сондықтан өзіне меншікті мүлікті заңға қарсы алынуы ұрлықты
құрастырмайды.
ҚР ҚК-інің 175-бабының ескерту мәтінінің мазмұны бойынша заң ҚР ҚК-
інің 175-179,180-баптарында қарастырылған қылмыстар құрамдарын ұрлыққа
жатқызады. Көрсетілген баптарда қылмыстық жауаптылық бөтен мүлікті алу
тәсілінен айрықша тәуелділікте сараланып жіктеледі. Бұл, заңның ұрлықтың
келесі түрлерін белгілейтінін білдіреді: ұрлық ( ҚР ҚК-інің 175-бабы ),
бөтен мүлікті иелену немесе ысырап ету ( ҚР ҚК-інің 176-бабы ), алаяқтық (
ҚР ҚК-інің 177-бабы ), тонау ( ҚР ҚК-інің 178-бабы ), қарақшылық ( ҚР ҚК-
інің 179-бабы ). Ерекше құнды заттарды ұрлығына жауаптылық ұрлық тәсілінен
тәуелсіз шабуылдайды ( ҚР ҚК-інің 180-бабы ).
1.2. ҰРЛЫҚ ( ҚР ҚК-інің 175-бабы )
Қазақстан Республикасының қылмыстық заң шығаруына сәйкес ұрлық - бұл
бөтен мүліктің жасырын ұрлануы.
Меншік ұрлық объектісі болып табылады.
Қаралатын қылмыстың заты - бөтен мүлік, яғни объективті айқын
құндылығы бар заттық әлемі түрінде ( заттар, тауарлар, бұйымдар, ақша және
т. б. ) және олар адам еңбегінің қатысымен жасалып шығарылуы немесе
өндірілуі тиіс, өйткені олардың ақшалай бағалануы керек.
Материалдық құндылығы жоқ зат немесе нәрсе, ұрлық заты бола алмайды,
себебі, олардың ұрлануы меншік иесіне материалдық зиян келтіруге қабілетті
емес. Сондықтан заңға қарсы жасалуына не өсірілуіне қоғамдық пайдалы еңбек
қатыспаған табиғат байлықтарымен иемдену ( орманмен, балықпен, жабайы
жануарлармен және басқаларымен ), меншікке қарсы қылмыстардың салаларына
жатпайды, ол экологиялық қылмыстарға жатады.[12]
Сонымен қатар, әрине, мұндай қылмыстарды, яғни, бөтеннің мүлігінің
ұсақ, ірі немесе ерекше ірі мөлшерлердегі ұрлығын мойындау тек қана тап осы
белгімен байланысты. Басқа жағынан алғанда бұл көрсеткіш қорғау
объектісінде көрінетін қылмыс зардаптары ұғымына қатысты болады.
Ұрлықтың объективті жағы белсенді әрекеттерден көрініс табады, осы
әрекеттердің тікелей көмегі арқылы тұлға бөтен мүлікті жасырын ұрлап
әкетеді.
Ұрлыққа тән белгі ұрлықтың жасырын тәсіл арқылы іске асырылуы, меншік
иесіне немесе мүлік иесіне, мүлікті күзететін не басқаратын тұлғаға,
сонымен қатар үшінші тұлғаларға білдіртпей, сездірмей ұрлау.
Әдетте ұрлық жасырын түрде іске асырылуы қылмысты іске асыру орнында
куәгерлердің болмауымен ескертілінген болатын. Бірақ, егер ұрлықты іске
асырылу, өз санасына мүліктің алыну фактісін қабылдамайтын немесе сондай
алынуды заңды деп есептейтін адамдар арасында болған оқиғаларда ұрлық
жасырын болып қалады.
Жасырын ұрлық сипаттамасын анықтағанда бар салмақты айыптының ниетіне,
яғни соңғының ұрлықты субъективті қабылдауына аудару қажет. Сонымен қатар
ұрлықтың барлығын мойындау үшін айыптының жасырын ұрлық жасауға ұмтылуы
және оның ниетіне бөтеннің мүлігін иемденудің жасырын сипатының кіруі талап
етіледі. Мүліктің заңға қарсы иемделген фактісін мойындайтын бөтен
адамдардың араласуына жол берілмейтіндей жағдаймен сәйкес қылмыс әрекеті
жасалғанда да ұрлықтың жасырын болуы тоқтамайды.
Айыпты өз әрекетінің қылмыстық сипаты белгілі болғанын білмеген
жағдайда іске асырылған ұрлау ұрлық болып қала береді, себебі, ұры өз
қылмысының жасырын екеніне сеніп, қылмыстық әрекетін жалғастыра береді.
Егер айыпты өз әрекеттерінің белгілі болғанын ұғынып, ұрлық жасау
әрекетін әрі қарай жалғастырмай, тоқтатса және ештеңе алып үлгермесе, олар
ұрлық жасауға қастандық деп сараланады, ал егер де ұры қандай болмасын
құндылықты иемденіп үгерсе, ол аяқталған ұрлық деп есептеледі.
Егер қылмыс куәгерлердің көз алдында іске асырылса, ұрлықтың жасырын
болғанын мойындау үшін, бұл адамдармен іске асырылып жатқан әрекеттің
қылмыстық сипатының ұғынылмауы талап етіледі. Мысалы, айыпты алдау
мақсатында өзін заттың иесі өкілдігі бойынша жұмыс істейтін адам ретінде
көрсетеді; куәгерлер айыпты әрекетінің заңдылығы туралы әсер алуы үшін, ұры
өз әрекеттерін сенімді іске асырады, ол еш қараусыз тұрған автокөлік роліне
отырады да жүре береді.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2003-жылғы 11-шілдедегі

туралы нормативті қаулысында былай делінген: ұрлықтың жасырын түрде болу
сұрағын шешуде, соттар жағдайды айыптының өзінің қабылдауынан шығуы тиіс.
Егер айыпты айналасындағыларға білдірмей әрекет жасадым деп есептесе, тіпті
меншік иесі немесе басқа да адамдар оның әрекеттерін байқап тұрса да,
ондай иемдену ұрлық сияқты сарапталуы тиісті. Иемдену мына жағдайда да,
жоғарыда көрсетілген адамдардың біреуі мүлікті иемдену оқиғасын көріп
тұрса, бірақ, оның қылмыстық сипатын түсінбесе, ұрлық сияқты сарапталады.
Егер ұрлық айыптының туысқандық, достық және басқа жеке басының
сипатындағы қатынаста араласатын адамдардың куәгер болу шартында іске
асырылса және соған байланысты айыпты өз әрекеттеріне тосқауыл қойылмайды
және ешкімге хабарланбайды деп есептесе, мұндай әрекеттер ұрлық сияқты
сарапталады.
Ұрлықтың объективті жақтарын талдауда әрекет пен келген қылмыстық
нәтиже арасындағы себептік байланысты анықтау қажет.
Теориялық көзқарас жағынан алғанда да, тәжірибелік көзқарас жағынан
алғанда да маңызды қызықтыратын сұрақ - ұрлық жолымен жасалған иемденудің
аяқталу кезеңі. Айыптының затты немесе нәрсені иемдену кезеңінен бастап,
ұрлық жолымен иемдену аяқталған ұрлыққа жататындығынан не жатпайтындығынан
маңызды сұрақтардың бір қатар шешімі тәуелді болады: қылмыстың саралануы
туралы, іске асырылған қылмыстан ерікті бас тарту туралы, қатысушылардың
ортасы туралы, ұрлықты тонаудан ажырату туралы, жазалау шегін анықтау
туралы сұрақтар.
Ұрлықтың аяқталу кезеңін қылмыстық әрекет дамуының алғашқы сатыларына
апару, тәжірибеде заң қызметінің бұзылуына ертіп әкеледі. Бір жағынан
алғанда, нақты ұрлыққа қастандықтың бар болуы орны аяқталған қылмыс деп
жарияланады және сол арқылы айыптының жауаптылығы дәлелсіз күшейеді,
өйткені жаза тағайындауда сот ҚР ҚК-інің 24-бабында көрсетілген жағдайларды
( айыптымен іске асырылған әрекеттердің қоғамдық қауіп-қатер дәрежесі мен
сипаты, қылмыстық ниетті жүзеге асыру дәрежесі және себептері, осыған
байланысты қылмыстың аяғына жетпеуі ) елемейді. Сонымен қатар, айыпты үшін
ерікті бас тарту мүмкіншіліктері тарылады, мұның, әрине, ешқандай
қажеттілігі жоқ және бұл ұрлыққа қарсы күресте тек жағымсыз мағынаға ие
бола алады.
Басқа жағынан, мүлікті иемдену кезінде ұрлықты аяқталған қылмыс деп
мойындау, қылмыскердің өз қарауы бойынша онымен қолдану мүмкіншілігінен
тәуелсіз, өте қауіпті және салыстырмалы түрде көп таралған ұрлықтармен
күрестің әлсіреуіне ертіп әкеле алады және ертіп әкеледі.
Сайып келгенде, аяқталған қылмыс деп айыптының затты нақты иемденген
кезеңіндегі емес, айыптының мүлік алу кезеңіндегі, яғни, сол арқылы онымен
өз қарауы бойынша қолдануға мүмкіншілік алу кезеңіндегі ұрлықты есептеу
керек.
Егер ұрлық күзетілетін аймақтарда іске асырылса, онда бұл қылмыстың
аяқталуы туралы сұраққа жауап иемденетін мүліктің сипатынан және айыптының
ниетінен тәуелді болады. Дәл осылай, егер күзетілетін аймақтан алып шықпай-
ақ айыптымен тұтынылуы мүмкін болатын мүлік ұрланса, және оның сондай ниеті
болса, ұрлық - мүлікті алу және оны заңға қарсы иемдену кезеңінен бастап
аяқталған қылмыс деп есептеледі. Айыпты ең алдымен бөтен мүлікті иемденеді,
содан соң оны алып шығаруға тырысады, себебі оны басқаша өз қарауы бойынша
қолданып пайдалана алмайды, ал айыптының күзетілетін аймақтан шығуы кезінде
ұсталынып қалған оқиғаларында, әрекет ұрлыққа қастандық сияқты дәрежеленуі
тиіс.[13]
Тәжірибеде кейде ұрлықтың басқа қылмыстарға ұласуы деп аталатын
фактілермен кездесеміз. Бұл мынадай оқиғаларда болады; жасырын ұрлық сияқты
басталған әрекет, өкімет өкілдерімен, мүліктің иелерімен немесе басқа да
адамдармен қылмыстың байқалуы барысында ашылады.
Егер осы жағдайда қылмыскер мүлікті ұстап қалу мақсатымен істеп жатқан
әрекетін ашық жалғастыра берсе немесе сол мақсатта көрсетілген адамдарға
шабуыл жасаса және зорлық-зомбылық қолданса, ұрлықтың тонау мен
қарақшылыққа ұласуын көреміз.
Ұрлықтың субъективті жағын сипаттайтын белгілерге: кінә, себеп және
қылмыс мақсаты жатады. Барлық бұл белгілер ұрлықты іске асырушы
қылмыскердің психикасында, яғни ішкі процессі туралы білуге мүмкіндік
береді және қылмыскердің санасы мен ерік-жігерінің іске асырылатын қоғамдық
қауіпті қылмыспен ( ұрлықпен ) байланысын көрсетеді.
Субъективті жағынан ұрлық - тура ниетпен іске асатын әрекет.
Бұл ұрлықтағы ниеттің былай сипатталатынын білдіреді; айыпты өз
әрекеттерінің қоғамдық қауіп-қатерін түсінеді, қоғамдық қауіпті
зардаптардың шабуылдауын күні бұрын біледі және олардың шабуылдауын
тілейді; ешқандай құқықсыз бөтеннің мүлігін иемденетінін және өзіне заңсыз
пайда келтіру мақсатында меншік иесіне зардап келтіретіндігін айқын
түсінеді.
Ұрлықты іске асыра отырып айыпты өз әрекеттерінің заңға қарсы
келетінін және оның мүлікке жасырын ие болатынын түсінеді. Пайдақорлық
ұрлықтың себебі болып келеді. Пайдақорлық себепсіз ұрлық жоқ. Ол ұрлықтың
субъективті себебі болып келеді. Бірақ бұл себептің мазмұны, оның
тереңдігінің, ұғымталдылығының және беріктігінің дәрежелері әр алуан болып
келуі мүмкін.
Мақсат – бұл ұрының ұмтылатын нысанасы, яғни, құқыққа қарсы әрекеттер
жасау арқылы жетілетін табыс. Мақсат себептен айырмашылықта қылмыста,
айыптының қоғамға қауіпті әрекеттерді іске асыра отырып ұмтылатын тікелей
нәтижесін сипаттайды. Мақсат пен себеп арасындағы айырмашылығы - олардың
процессті әр түрлі сипаттауына негізделіп құрылады.
Ұрлықтың себебі - қылмысты іске асырушы адамның нені жетекшілікке
алғандығына жауап береді, ал қылмыстың мақсаты іске асырылатын
әрекеттердің бағыттылығын, адамның іске асыруға ұмтылған нәтижені
анықтайды.
Қылмыстық нәтиже - бөтеннің мүлігін құқыққа қарсы иемдену - ұрымен
ұрлықтың, оның құрамының элементі ретінде болатын тікелей мақсаты сияқты
ұғынылады. Ол меншік иесінен бөтеннің мүлігін жасырын иемденуге ұмтылумен
және одан пайда түсіруімен сипатталады. Нақты ұрланған мүліктен пайда
түсіру ұрлық құрамының шектерінен тыс жатады. Ол қылмыстың өзі туындатқан
қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған.
ҚР ҚК-інің 175-бабының 2-б. келесі сараланған белгілер алдын ала
ескерілген:
а ) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б ) бірнеше рет;
в ) тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға заңсыз
кірумен жасалған ұрлық.
Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы ұғымы ҚР ҚК-інің 31-бабының 2-
б. беріледі. Қылмысты бірлесіп жасау жөнінде алдын ала сөз байласқан топ
осылай мойындалады. Бұл жерде адамдар тобымен іске асырылған ұрлық деп екі
немесе одан да көбірек адамдардың алдын ала бірігіп қатысу туралы сөз
байласып, іске асырған қылмысын түсіну қажет. Ұрлыққа қатысушы адамдардың
санын анықтауда алдын ала ойластырылған қылмысты бірлесіп іске асыру туралы
жалпы оқудан шығу қажет. Бөлек алғанда, мұндай адамдар осы қоғамдық қауіпті
әрекеттің субъектісінің белгілеріне ие болуы тиіс, сонымен қатар әрекетті
бірлесе, сөз байласа және әдейі істеулері қажет.
Және түрі бойынша бұл тек бірлесіп орындаушылық қана болуы тиісті,
яғни, екі адамнан кем болмайтын қатысушылпр тобы ұрлықтың объективті жағын
орындайды. Сонымен қатар олардың барлығы бірдей әрекеттерді орындағаны
міндетті емес. Олардың бірі ұрланатын мүлікке жету мүкіншілігін
қамсыздандырса, басқалары – мүлікті ұрлайды немесе басқа функцияларды
орындауы мүмкін. Сондықтан бұл белгі бойынша бір орындаушы және бір немесе
бірнеше қатысушылардың қатысуы бойынша ұрлықтың саралануы мүмкін емес. Сөз
байласуды барлық жағдайларда алдын ала ойластырылған деп мойындау қажет:
қылмыстың басталуына дейін де, оған дайындалу кезеңінде де немесе тікелей
қастандық алдында да. Келісім мен ұрлықтың басталуы арасындағы уақыт
аралығында шешуші мағына болмайды. Сөз байласу түрі бойынша ауызша, жазбаша
болады немесе ымдасу арқылы, үнсіз келісім беру арқылы да сөз байласуға
болады.
Егер бөтеннің мүлігін иемденуге тікелей бағытталған әрекеттер,
орындаушымен басталып қойса, онда келесі қосылған қатысушының іске қосылуы
сарапталған белгіні құрастырмайды, себебі бұл адамдарды ұрлықты бірге іске
асыру туралы алдын ала сөз байласқан деп есептеуге болмайды. Сол
сияқты, бастапқы кезеңде әр қайысысы өз бетінше бастаған, ал соңында
кездейсоқ кездесуден қылмыстық істері ортақ болған, бірнеше адамдардың
қылмыстық әрекетін осы белгі бойынша сараптауға болмайды.
ҚР ҚК-інің 175-бабына 3-ескертуіне сәйкес осы Кодекстің 175-181-
баптарындағы бірнеше рет жасалған қылмыс деп осы баптарда, сондай-ақ осы
Кодекстің 248, 255, 260-баптарында көзделген бір немесе одан да көп
қылмыстардан кейін жасалған қылмыс танылады.
Тұрғын, қызмет немесе өндіріс орындарына немесе қоймаларға заңсыз ену
жолымен іске асырылатын ұрлықтың жоғары қоғамдық қауіп-қатері төмендегідей
анықталады. Айыпты қылмысты іске асыру мақсатында жолында кездесетін
бөгеттерді жеңіп, мүлікке қол жеткізу үшін біршама күш жұмсайды:
жәбірленушінің мүліктің сақтығын қамсыздандыру мақсатында қолданған арнайы
тәсілдерінің барлығын,яғни, есіктерді, төбелік жабуды, құлыптарды
сындырады, көптеген жағдайларда меншік иесінің қолданған шараларын жоққа
шығаратын тәсілдер мен құралдарды қолданады.
Ену деп бөтен адамның тұрғын, қызмет, өндіріс орындарына немесе
қоймасына еш құқысыз, заңсыз кіруді түсіну керек, яғни, осы орындарда жұмыс
атқаратын немесе онда заңды негізде тұра алатын адамдардың ( сатушылардың,
күзетшілердің және басқаларының ) еркіне қарсы не олардың байқауынсыз кіру.
Басып кіру ену тәсілі сияқты айыптының мүлікті қолға түсіру мақсатында
бөгеттерді жеңе отырып кіруімен ұштасады; ол осы орындардың ішінде немесе
оны сыртынан күзететін адамдардың қарсыласуын жеңе отырып, төбелік
жабуларды қиратады, кілттерді іріктеп алу жолымен құлыпты ашады т. б.
әрекеттерді іске асыруға бел буады.
Осы не өзге де орындарға басып кіру қарапайым жолмен де іске асырылуы
мүмкін, егер бұл орын жабық болмаса немесе қызметкерлердің уақытша болмауын
қолдану арқылы.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2003-жылғы 11-
шілдедегі Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот
тәжірибесі туралы нормативті қаулысында: заңсыз кіру - бұл тұрғын үйге,
қызметтік, өндірістік үй-жайға не қоймаға ұрлық, тонау немесе қарақшылық
жасау мақсатында жасырын немесе ашық кіру деп түсіндіріледі.
Бұл саралаушы белгі ұрлыққа деген ниет нақты жасырын немесе ашық
заңсыз басып кіруге дейін пайда болған оқиғаларда орын алады.
Тұрғын-жайға немесе қоймаға алдап басып кіру
Тұрғын-жайға немесе қоймаға мүлікті ұрлау мақсатымен алдау арқылы ену
– бұл айыптының мүлік иесін немесе оның күзетшісін түрлі тәсілдермен,
айлалармен, амалдармен алдау арқылы, күзетілетін мүлікке қол жеткізуге
мүмкіндік алу ( сантехник, электрик ретінде немесе қолдан жасалған рұқсат
қағазды көрсету және т. б.). Сол сияқты айыпты мүлікті ұрлау мақсатымен
орын-жайды күзетші жабар кезінде сыртқа шықпай, сол орын-жайдың ішінде
жасырынып қалған жағдай да алдау арқылы орын-жайға ену деп есептеледі.
Негізі бар бұл әрекеттер лауазымды өкіл өкілеттіктерін иеленуіне
немесе жалған құжатты біле тұра қолдануға жауаптылық ескеретін ҚК-тің
баптары бойынша дәрежеленуі тиіс.
Егер айыпты көрсетілген орындарға кірмей-ақ ұрланатын заттарды
техникалық құралдарды немесе өзге де құрылғыларды қолдану арқылы шығарып
алған жағдайда да орын-жайға ену орын алады.
Егер айыпты тұрғын үйде, қызмет, өндіріс орындарында немесе қоймаларда
жәбірленушінің немесе мүлікті күзететін адамдардың ерікті келісуімен болса
немесе туысқандық, таныстық және басқа да жағдайларға байланысты осы
орындарда болған кезінде мүлікпен иемдену ниеті туындаған жағдайда оның
әрекеттері нақ осы саралаушы белгіні құрастырмайды.
Тұрғын-жай дегеніміз адамдардың тұрақты немесе уақытша тұруына
арналған немесе олардың демалуға, мүлікті сақтауға арналған ( бірақ, арнайы
қойма емес ) құрылыстарды айтамыз.
ҚР ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz