Публицистикалық мәтіндегі метафораның рөлі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Бөлім І. Әлемдік тіл білімінде метафораның зерттелуі.

  1. Метафораның зерттелу тарихы . . . 6
  2. Метафора классификациясы . . . 10
  3. Метафораның шығу көздері . . . 18

Бөлім ІІ. Публицистикалық мәтіндегі метафораның рөлі.

  1. Публицистика жанрлары . . . 20
  2. Газет мәтінінің басты ерекшеліктері . . . 29
  3. Публицистикада метафораның қолданылу ерекшеліктері . . . 54
  4. Ағылшын және қазақ баспасөз материалының негізіндегі газеттік публицистикалық метафораларды зерттеу . . . 58

Қорытынды . . . 65

Глоссарий . . . 67

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 68

Қосымша . . . 71

Кіріспе

Метафора қазіргі тіл білімінде бұрынғы кезге қарағанда күрделі әрі маңызды құбылыстардың бірі болып табылады. Метафора мәселесі адам санасын екі мың жыл бұрын ойландырғанымен, ол көбіне стилистикалық құралдардың бірі ретінде ғана қарастырылып келеді. Тек соңғы отыз жылдарда лингвисттер мен философтар метафораны лингвистика тұрғысынан зерттеуге кірісті.

Көптеген ғалымдардың мойындауынша қазіргі таңда тілі білімі саласында тіл мен ойлау арасындағы байланыс мәселесі жөніндегі пікірді қайта қарау жоспарлануда.

Соңғы отыз жылда екі мың жылдай өзіндік даму тарихы бар метафора ұғымына деген қызығушылық артуда. Бұның негізгі себебі ең алдымен мәтін терминінің терең мағынасында зерттеу, мәтіннің экспрессивтілігін жүзеге асыратын әртүрлі стилистикалық көркемдеуші құралдарды лингвистикалық тұрғыдан негіздеу мен түсіндіруге деген талпыныс болып табылады. Сонымен қатар зерттеушілерді тағы бір қызықтыратыны ол қазіргі таңда танда танымал мәтіндік кеңістік болып есептелетін публицистикадағы тіл мен сөйлеудің экспрессивтілігі мәселесі болып келеді.

Тіл - әлем туралы көзұарасымызды бекітудің негізгі формасы және осы білімнің зерттеу көзі. Тіл білімімізді айқындайтын бірден-бір құрал болғандықтан, адам әрекеті нәтижесінің жүйелеу және құру үрдісінде метафораның рөлі жөнінде мәселені қозғауға болады.

Метафораны зерттеудің өзі тек көркем әдеби мәтіндерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар экономика, психиатрия, әскери саладағы, философия тіліндегі метафора тенденцияларын да қарастырады. Ғылыми мәтіндегі (Н. Д. Арутюнова, Г. С. Баранов, Г. Г. Кулиев, С. С. Гусев), қарапайым мәтіндегі (Л. С. Билоус, В. Ф. Крюкова, Н. В. Позднякова), бұқаралық ақпарат құралдары мәтініндегі (А. Н. Баранов, Ю. Н. Караулов, М. Р. Желтухина, Е. И. Чепанова, Т. А. Ширяева) метафоралар жөніндегі ғылыми зерттеу жұмыстары өте көп. Бірақ соның ішінде толықтай зерттелмеген мәселелердің бірі метафораның публицистикалық, әсіресе газет мәтініндегі орны мен қызметі болып табылады. Берілген дипломдық жұмыс газет мәтіні форматындағы ағылшын тілінде жазылған публицистикалық мәтіндердегі метафораның орны, қызметі мен түрлерін сипаттауға негізделген.

Зерттеу өзектілігі адамның метафорикалық шығармашылығындағы тұжырымдамалық зерттеулердің, жаңа байланыс құралдарын зерттеу қажеттігінің, мәтіннің классификация және типология көзқарасы жағынан қарастырудың маңызы болып табылады.

Публицистикалық мәтіннің метафорикалық қасиеті бейнелілікті көрсетудің мүмкіндіктерінің бірі, өйткені, ол жалпы мәтіннің қосымша экспрессивті мазмұндылығына алып келетін семантикалық дамуымен тығыз байланыста. Осыған орай, публицистикалық мәтіндегі метафоралар негізінен үйлесімділік нәтижесінде пайда болады. Метафора газет мақалаларының авторлары үшін оқырмандарға айтайын деген ойларын жеткізуге көмектесетін құрал болып есептеледі. Публицистикалық жанрда жазылған мәтіндерде метафора өзінің табиғатына қарай тек қоғаммен ғана түсініледі, өйткені ол әлеуметтік - қоғамдық сипат алады.

Берілген дипломдық жұмысте біз өзекті де үлкен мәселенің бір аспектілерінің бірін қарастырмақшымыз. Бұл мәселені жалпы газеттік-публицистикалық жанрдың бейнелеуіш және көркемдеуіш құралдары мәселесі деп атап көрсетуімізге болады.

Публицистикалық жанрда қолданылатын бейнелеуіш және экспрессивти тәсілдердің ішінде метафоралардың орны бөлек, өйткені, олардың қолданылуы арқылы публицистикалық стильдің бейнелілік, танымалдылық, ой туғызатын пікір ұсыну, жағымды және жағымсыз экспрессияның көркемдеуіш құралдарының мәнерлілігі сияқты маңызды қасиеттерін қалыптастырады.

Аталмыш тақырып, яғни метафора жаңа ұғым емес. Метафораның зерттелуіне арналған көп және түрлі әдебиет көздері оның кең және көп аспектілігін дәлелдейді.

Қазіргі таңда метафораның публицистикалық мәтіндердегі орны жөнінде зерттеулер аз жүргізілген. Егер берілген функционалдық бағыттың көркем әдеби жанр аясында зерттеудің ескі дәстүрі болса, газеттік публицистикадағы метафора жеткіліксіз түрде талданған болып есептеледі. Мұндағы метафораның рөлі тіпті бағаланбайды, сонымен қатар экспрессемаға жатады, яғни стандар - экспрессия - стандарт (А. А. Брагина, Д. П. Вовчок, В. Г. Костомаров) жүйесіне сай келеді деп көрсетіледі немесе мүлде мойындалмайды. Осыған орай, Н. Д. Артюнова метафораның семантикалық екітүрлілігіне негізделе отырып, метафораның бұл түрінің сөйлем аясында коммуникативті міндеттерді орындауға арналмаған деп қорытынды жасайды. «Метафора ой тақырыбын көрсету үшін өте субъективті, ал тақырып мазмұнын білдіретін предикат үшін метафора түсініксіз әрі нақты емес. Метафораның ең негізгі орны тек қана поэзия жанрында болып табылады. - деп Н. Д. Артюнова өз ойын білдіреді. - өйткені, метафораның бұлыңғырлық пен субъективтілік қасиеті поэтикалық мәтінде ғана болатын аударудың көптілігімен сипатталады. ». Шынымен, газеттің өзінде де бәріне мәлім метафораның мағынасының астарлы жұмбақты семантикасы сақталады. [2, 29]

Өзінің эстетикалық мақсатта қолданудан басқа бағыттарда қолдануға кемделмегеніне қарамастан, метафоралар газет публицистикасында өте жиі қолданылады. Метафора публицистикалық мәтінде берілген ақпараттың құндылығын хабарланып тұрған мәліметтерді байланыстыру арқылы, қолданылып тұрған сөздердің ауыспалы мағынада берілуі арқылы арттырып, сендіру мен эмоционалды әсер ету сияқты газет публицистиканың негізгі міндеті ретінде қызмет атқарады. Газет мәтініне өзінінің табиғи және шектеулі енуінің негізінде метафора газет мәтінінің өзінде құрылған белгілі бір шарттарды орындауы тиіс. Метафораның контекстіндегі бұл шарттар да дипломдық жұмыста қарастырылып зерттелген.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - метафора ұғымын тілдік құбылыс ретінде қарастыра отырып, оның газет публицистикасында қолданылуының ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының мақсатына сай мынадай міндеттер қойылған:

  • Мәтінді құру және оны түсіну негізінде метафоризацияның рөлін анықтау;
  • Метафора тұжырымдамасының жалпы лингвистикалық сипатын қарастыру;
  • Ағылшын тілінде берілген публицистикалық мақаладағы метафораның ерекшеліктерін зерттеу;
  • Стилистикалық теориядағы метафораның маңызы мен оның негізгі түрлерін айқындау;
  • Метафораның ағылшын тіліндегі мақалаларында қолданылуының ерекшеліктерін зерттеу;
  • Метафораның мазмұндық маңызына талдау жасау.
  • Газет мәтінінде жазылған публицистикалық мәтіннің табиғаты, қасиеттері, категорялары, құрылымдық және лингвистикалық ерекшеліктерін анықтау;
  • Газет мәтінінде жазылған публицистикалық мәтінде қолданылатын метафорикалық бірліктердің функционалдық транспозиция, стилистикалық маңызы мен бейнелілігі критериялары бойынша зерттеп талдау;
  • Метафораның публицистикалық газет мәтініндегі рөлін сипаттау;
  • Газет мәтінінде жазылған публицистикалық мәтініндегі метафораның лексикалық-семантикалық топтарының түрлерін анықтау және олардың атқаратын қызметтерін зерттеу.

Зерттеудің жаңалылық негізі. Зерттеу жұмысының жаңалығы жоғары аталып кеткен міндеттер арқылы айқындалған. Дипломдық жұмыста газет мәтінінде метафора семантикалық-синтактикалық бірлік ретінде қызмет етеді деп көрсетілген. Газеттік публицистикалық стиль негізіндегі метафора мазмұнының рөлі анықталған. Сонымен қатар газет мәтінінде жазылған публицистикалық мәтіндегі метафорикалық бірліктердің рөлі, қызметі, түрлері мен ерекшеліктері зерттелген.

Дипломдық жұмыстың теориялық маңызы метафора теориясына, функционалды стилистика теориясына, мәтін теориясына қосқан үлесі болып есептеледі.

Зерттеу кезінде келесі әдістер қолданылды: мазмұндық талдау әдісі мен сөздік бірліктерді зерттеу әдісі.

Берілген зерттеу жұмысының теориялық негізін И. В. Арнольд, Н. Д., Арутюнова, М. М. Бахтин, М. Блэк, В. В. Виноградов, М. В. Никитин, В. Н. Вовк, И. В. Толочин, Г. Н. Скляревская, А. Ричардс сияқты лингвисттердің пікірлері мен тұжырымдамалары құрайды.

Дипломыдық жұмыстың құрылымы кіріспе, екі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Бөлім І. Әлемдік тіл білімінде метафораның зерттелуі.

  1. Метафораның зерттелу тарихы

Тіл білімнің әлемде өмір сүруі мен қалыптасуының маңызды құралдарының бірі. Іс-әрекет кезінде объективті әлемді бейнелей отырып, адам сөз құрамында білімнің нәтижесін бекітеді. Бұл білімдердің тілдік формада көрсетілген өзара байланысы әлемнің тілдік бейнесі деп аталады.

Әлемнің тілдік бейнесі адамның әлемге деген көзқарасы мен қатысын қалыптастырады. Ол Метафоралар біздің сөз саптауымыздың көп бөлігін құрайды. Біздер оларды өзіміз байқамай қарыс-қатынас кезінде көптеп қолданамыз. Метафора сөзсіз тілдегі жаңа сөздер жетіспеушілігін толықтырып, сөз мәйегін келтіруде белгілі бір қызмет атқаруда маңызы зор.

Сонымен метафораға анықтама беретін болсақ, ол (грек. Metaphora - ауыстыру) - сөз мағынасын құбылтудың бір түрі, құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. Метафораны сөз өнері (поэтика, риторика), эстетика, логика, философия, тіл (стилистика, лексикология, психолингвистика) ғылымдары зерттеді. «Метафора табиғатында жұмбақтылық бар» (Аристотель) . Сөз өнерінде метафораның символикалық, эмоционалдық ерекше мәні бар.

Метафора терминіне алғашқы анықтама берген Аристотель. Ол метафораны сөздің мағынасының бір түрден екінші түрге ауыстыру арқылы ұқсастық дәрежесіне ауыстыру деп айтқан. Аристотельдің пікірінше, метафора ақиқатты айта отырып, бірікпейтін заттарды үйлестіре білу құқығын береді. Сонымен метафора деп бұрыннан бар сөзді немес сөз тіркесін оның мағынасының белгілі бір жағын есепке ала отырып жаңа бір сөзбен байланыстыра қолдануды айтады.

Метфора мәселесі міне екі мың жыл бойы адам санасын толғандыруда. Сан ғасырлық метафора ұғымын зерттеу тарихында көптеген тіл білімінің бағыттары белгілі. Аристотельдің өзі негізін қалаған салыстырмалы-бейнелі бағыт қазіргі таңда метафора ұғымының бірнеше тұжырымдамаларымен түсіндіріледі: компаративистік, субстансивті және бейнелі-эмотивті (Г. С. Баранов) . Метафора құрудың негізінде жатқан «салыстырмалы қағиданы» сынағандар қатарына интеракционнисттік бағытты ұстанушылар М. Блэк және А. Ричард болып табылады.

тикалық бағыт негізінен өзара әрекеттесу теориясы (Дж. Серль, Ф. Уилрайт), ауытқу теориясы (С. Левин) және верификациялық теорияға бағытталған. Бірақ, метафораларды зерттеумен айналысатын жаңа заманғы зерттеушілердің (Г. С. Баранов, О. И. Глазунова, С. А. Хахалова) пікірі бойынша, жоғарыда айтылған тұжырымдамалар метафораның дамуына қосқан үлесіне қарамастан теоретикалық кемшіліктері жоқ деген сөз емес.

Қазіргі таңда метафораны зерттеумен айналысатын негізгі бағыттары танымдық, мәдениеттанушылық және семантикалық болып табылады. Г. С. Баранов бұл тұжырымдамаларды бір «метафораның семантикалық концепциясы» деген ұғымға біріктіріп, бұны ол «семиотикалық тұжырымдама семиотика негізінде жеке-дара синтактика, семантика, тика және когитология арқылы жеткен нәтижелерді семиозистің интегративті теориясы сияқты жалпылауға тырысады» деп түсіндіреді, өйткені, оның пікірінше, «семиотика аталмыш пәндерге қарағанда терең ғылым бола тұра, олардың жалпы өзара байланыстарын қарастырады». [3, 99]

Семиотикалық белгі мен мағына анықтамасына негізделе отырып, метафораның семиотикалық тұжырымдамасы «лингвофилософиялық рефлексия саласына тек қана лингвосинтактикалық, семантикалық, тикалық, тұжырымдамалық, танымдық жақтарын емес, сонымен қатар метафора құрудың әлеуметтік, психологиялық және мәдениеттанушылық аспектілерін енгізуге тырысады. Осы арқылы метафораның герменектикалық статусын зерттеу өзекті мәселеге айналады».

Метафораның танымдық теориясы Дж. Лакофф, М. Джонсон, Э. Маккомака, Дж. Карбонелла деген ғалымдардың аттарымен байланысты.

Дж. Лакофф және М. Джонсонның пікірі бойынша метафоралар біздің өмірімізді түгел дерлік қамтиды: тілімізді, ойымыз бен әрекетімізді. «Дәстүр бойынша метафораны тек қана тіл мен сөзге ғана тән ұғым деп қарастырады. Бұл жерде ой мен әрекет мүлде қатысы жоқ деп есептелінеді. Осы себепке орай көптеген адамдар метафоры қолданбай-ақ мәнерлі түрде ойларын жеткізеді деп ойлайды. Біз, керісінше, метафораның күнделікті өмірде тек қана тілде емес, сонымен қатар ой-сана мен әрекеттерге де еніп кеткенін айқындадық. Біздің қарапайым түсіну жүйеміз біздің ойлау және іс-әрекет жасау шегінде өз табиғаты бойынша түбегейлі метафорикалық болып табылады».

Бірақ қазіргі зерттеушілердің айтуынша, мұндай пайымдамалардан күллі адамзат танымы белгілі бір метафорикалық фильтр арқылы өткізіледі деген қорытынды жасауға болады. Демек, адамның ойлау әрекетінде алғашқы және жалғыз ғана орын алатын ол метафора болып келеді. Сонда метфорикалық емес бірліктердің жағдайы не болады? Олардың пікірінше, ондай бірліктер мүлдем жоқ. Бірақ зерттеу мәліметтері кері пікірді көрсетеді: бір сөйлемде екі түрлі метафорикалық және метафорикалық емес тәртіп үйлесе қолданылуы мүмкін, мысалы: How do spend your free time?

Э. Маккормак Дж. Лакофф пен М. Джонсонға қарағанда тілдің толықтай метафорикалық екен деген пікірлеріне ұарсы. Интеракционизм дәстүрін ұстана отырып, ол метафораның біздің әлем жайлы көзқарасымызды тереңдетіп, жаңа гипотезалар құруға көмектесетін танымдық үрдіс ретінде қызмет етеді деп есептейді. Сонымен қатар осы ретте метафоралар сана мен мәдениеттің арасындағы байланыс болып келеді. Зерттеуші негізгі және тасымалдаушы бөлімдері бары «компьютерлік метафора» деген жаңа термин енгізді.

Метафораның пайда болуының негізінде жатқан «семантикалық ілгерілеу» мәселесін шешу үшін ол адамзат миы мен компьютерлік құрылғының арасындағы ұқсастықты мойындайды. Бұл белгілі бір танымдық үрдістердің нәтижесінде метафоралардың пайда болуына алып келетін формалды семантикалық құрылғыларға әсер етуінен көрінеді. Бұл тұжырымдама бойынша адам санасы компьютерлік терминдер арқылы сипатталады. Бірақ бұл теорияда компьютерлік метафора не деген сұраққа жауап мүлдем жоқ. С. А. Хахалованың пайымдауынша, Э. Маккормактың теориясында компьютерлік метафораның таным қызметін мойындайтын дәлел жеткіліксіз. [4, 102]

Адам мен компьютердің ұқсастығы арасындағы пікірде олардың екеуініңде ойлау қабілеті мойындалады, бірақ рационалды және шығармашылықты ойлаудың екіжақты біртұтас өзіне экспрессивті, эмоционалды қасиеттері тән үрдіс кезінде адамды танымның белсенді субъектісі ретінде есептелінбейді. Ғалым метафораның танымдық теориясының бірқатар ережені ұсынады:

1. метафора таным аясында жүйелі;

2. метафора мәдени ортамен тығыз байланыста;

3. метафоризация кезінде «кеңістік метафорасы», «уақыт метафорасы», «шайқас метафорасы», «байланыс метафорасы», «болмыс метафорасы», «негіз метафорасы» деген ұғымдарды біріктіру тәртібінде тілдік пен танымдық сала ара байланысы байқалады;

4. метафорада мәдениет, синтаксис, семантика және таным өзара тығыз байланысты.

Бірақ осында ғалым метафораның танымдық теориясының кемшіліктерін де, оның ішінде бір сызықтық қатардағы метафорикалық және метафорикалық емес ұғымдардың ара қатынасы туралы нашар құрастырылған ережелер және метафораның нақты анықтамасының, сонымен қатар метафоралардағы семантикалық түрленулердің сипаттамасының жоқтығын айқындап көрсетіп кетеді.

Метафораның танымдық теориясының мызғымас артықшылығы метафораның өзінде тілдік аспекттің танымдық және мәдени аспектілермен бірігуіне арналған негіздің құруы болып табылады. Бұл тұжырымдама тілден тысқары адам әрекетінің, танымы мен мәдениетінің ерекшелігін айқындайды.

Метафора туралы мәдениеттанушылық көзқарас оның имманенті қасиетін әділ көрсетеді, өйткені ол метафораның мәдениет құралы болуына септігін тигізеді. Тіл мен мәдениеттің арасында өзара әрекеттесу орын алады. Бұның нәтижесінде тек мәдениет тілге әсер етіп қана қоймай, тіл де мәдениетке өз әсерін тигізеді. В. А. Маслова метафораны «мәдениетті көрсету құралы» ретінде қарастырады, өйткені «ол түпкі мәдени құндылықтарды айқындайды, себебі, метафора мәдени-ұлттық әлем тану негізінде пайда болады». В. Н. Телияның пайымдауынша, метафора адам әлемді көре алатын призманың рөлін атқарады, өйткені метафоралар ұлттық ерекше түр арқылы тілдің ішкі формасында, сонымен қатар мифологемаларда, архетиптерді және т. б. байқалады. [35, 25]

Метафораға қатысты мәдениетанушылық теорияның негізгі ережелерін мына тұжырымдармен беруге болады:

  1. таным аясында метафора жүйелі болып келеді;
  2. танымдық тілдік салаларда белгілі бір заңдылық бар;
  3. метафора мен мәдени ортаның арасында тығыз байланыс байқалады;
  4. нәтижесінде семантикалық тұжырымдамалық ауытқу пайда болады.

Дегенмен, берілген метафораны зерттеу бағытының теоретикалық кемшіліктері болып әртүрлі мәдени салт-дәстүрлерде метафораның спецификасының анықтамасының және сонымен қатар оның «тіл - белгі - мәдениет» трихотомиясындағы орнының жоқтығы есептеледі

Метафораны зерттеудің семантикалық бағытының негізінде екі субстанцияның салыстыру және белгілі бір салыстыру константасын орнату (tertium comparationis) факторы жатыр. Бұл жалпы салыстыру теориясын Н. Д. Арутюнова, Дж. А. Миллер, Ш. Сафранова және т. б. лингвисттер қолдады. Метафорада жасырын немесе тұспалданған қысқа салыстырудың бар екендігі туралы пікір берілген бағытты ұстанатын барлық ғалымдардың делік зерттеу жұмыстарында орын алады. Дж. А. Миллер метафора - бұл ұқсастықтарға қатысты жинақы теңеу деп есептейді

А. Вежбицкая болса, метафора қысқартылған теңеу деп пайымдайды. Бірақ, Дж. А. Миллерге қарағанда, ол метафора өзінің терең құрылымында ұқсастықты емес, метафорада семантикалық және формалды белгілердің біртұтас сақтай отырып, қарама-қарсы мағынаны көрсетеді деп айтады. [15, 63]

Метафораны зерттеудің салыстырмалы теориясын қолдайтындар метафораның терең құрылымын қарама-қайшылық, айырмашылық, ұқсастық сияқты көмес белгілермен сипаттайды. Зерттеушілердің жұмыстарын зерттей келе олардың пікірінше, метафораның ұқсасатыққа негізделген күрделі семантикалық құрылымы, қарама-қайшылықтары немесе оның көмек құрылымында ұқсастықты мойындамау белгілі бір заңдылыққа негізделген. Бірақ қазіргі зерттеушілердің айтуынша салыстырмалы теория шегінде метафоралардың көптеген түсіндірмелеріне қарамастан оның да кейбір теоретикалық кемшіліктері бар. Бұл кемшіліктер негізінен метафораның дефинициялық айқындығының, сонымен қатар «тіл және сөйлеу» жүйесіндегі метафораның құрылымының нақты лингвистикалық сипаттамасының жоқтығымен байланысты болып келеді.

Метафораның семантикалық бағытын зерттеушілердің бірі С. А. Хахалова. Оның пікірінше, метафора өзіне тән категориялық мағынасы мен категориялық белгілері бар санат болып есептеледі. Метафораның категориялық маңызы деп формативтің денотативті өзгерістің ерекшелігін білдіретін және координативті, коллокативті, субординативті және гиперонимикалық ұқсастық ұғымдарын байланыстыратын салыстыру маңызын айтады. Салыстырудың категориялық маңызы сөздің негізгі мағынасы көлемінде семантикалық белгілердің қайта топтастыру нәтижесінде пайда болады.

Метафорика категориясының санатты белгілері болып форматив белгісінің жалған денотатының шынайыға ауысуы есесптеледі. Метафорика категориясындағы жүйелік қағидасы зерттеліп жатқан құбылыстың басқа адамды қоршап тұрған әлем үрдістерімен барлық байланысын есепке алу білдіреді. Метафорикалық категорияның жүйелі-құрылымдық ұйымдастыру принципі өзінің басты ерекшелігін лексикалық, синтактикалық және мәтіндік деңгейдегі тілдің қызметінде қолданылатын метафорикалық бірліктерде көрсетеді. Бұл принципке негізделе отырып, метафораның категориялық концепциясының авторы метафора сөздер, метафора сөз тіркестері, метафора сөйлемдер деп метафораны бірнеше түрге бөліп, метафорикалық категорияның әртүрлі құрылымдық және лексикалық-семантикалық түрлер мен типтердегі метафорикалық бірліктерде жүзеге асырылатын шама деп есептейді.

Метафораларды зерттеу үшін релевантты критерий ретінде С. А. Хахалова функционалды транспозиция критерийі, стилистикалық маңыздылық критерийі және мәнерлі бейнелеу критерийлерін ұсынады. Оның көзқарасының даусыз артықшылығы болып метафораның барлық тұжырымдамаларын мойындауы, осы теориялардан пайдалы теоретикалық негіздерді қолдануы және әр тұжырымдама шегінде метафора құбылысын түсіндіре алуы болып есептеледі. Осының нәтижесінде, метафора, ғалымның пікірінше, белгілі бір категория ғана емес, сонымен қатар онтологиялық, функционалды дуализмді айқындайтын екі жақты болмысы негізінде қаланған құбылыс болып есептеледі.

Метафораның онтологиялық дуализмді С. А. Хахалова этникалық шығу тегінен тәуелсіз тілде сөйлетйтіндердің пайдаланатын туған тілінде қалыптасуының объективтілігімен бірге қарастырады. Осыдан метафораның салыстыру(семантикалық аспект) екені, сонымен қатар араларында семантикалық қозғалыстың ( тикалық аспект) жүретін екі субъектінің, екі ойдың бар екенін айтуға болады.

Метафораның функционалды дуализмі бір жағынан динамикалық танымдық үрдіс ретінде, екінші жағынан мәдени құбылыс ретінде анықталады. Бұл көзқарастардан метафораның шынайы ақиқатты тану (танымдық аспект) және мәдениет құралы (мәдениеттанушылық аспект) екені айқын көрінеді.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, тіл адамдарға және сол тілде сөйлейтін ұжымға қатысты қарым-қатынас құралы ретінде шығады. Қоғамнан басқа, тіл екі түрлі әлеммен байланысты: біріншісі адамдарды қоршаған заттар мен құбылыстар әлемі болса, екіншісі адаммен білдірілетін ұғымдар, ойлары мен сезімдер әлемі. әрекет барысында объективті шындықты бейнелей отырып, адам сөзде танымдық нәтижелерді бекітеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ және ағылшын газет беттеріндегі саяси метафораларды аудару ерекшеліктері
Публицистика жайында
Американдық газет мәтіні ұлттық-мәдени ақпарат көзі ретінде және оны аудару ерекшеліктері
Педагогикалық зерттеу практикасы бойынша есеп ( 7M02305 Қазақ филологиясы )
Қағаздан аудару
Әбіш Кекілбаевтың тілдік тұлғасы
Лингвистикалық ғылымдағы метафора
Т. Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасының тілдік ерекшелігі
Метафора түсінігі және ағылшын тіліндегі метафоралар
Метафора эквиваленттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz