Қазақстан Республикасының көші – қон процестердің ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кіріспе.

І Тарау. Миграция түсінігі теориялық - әдістемелік сипаттамасы.

1. 1. Көші - қон түсінігі және түрлері . . .

1. 2. қазақстандағы көші - қон процестерінің тарихи аспектілері . . .

ІІ Тарау. Қазақстан Республикасының көші - қон процестердің ерекшеліктері.

2. 1. Қазақстан республикасының сыртқы көші -қоны . . .

2. 2. Қазақстан республикасының ішкі көші - қоны . . .

2. 3. Көші -қон саласындағы мәселелер, қайшылықтар

және салдары . . .

ІІІ Тарау. Қазақстан республикасының көші - қон саясатының саяси приоритеттері.

3. 1. Қазақстан республикасының көші - қон саясатының концепсиясы . . .

3. 2. Қазақстан республикасының көші - қон процестерді құқықтық қадағалау . . .

3. 3. Көші - қон саясатының тиімділігін арттыру Қазақстанның тұрақты дамуының факторы ретінде . . .

Қорытынды: . . .

Пайдаланған әдебиеттер тізімі. . . .

Кіріспе.

І - Тарау. Миграция түсінігіне теориялық - әдістемелік сипаттама.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздің сонау ғасырлар қойнауында жатқан өткені мен бүгінгі тәуелсіздік туын көтеріп, егемендік жариялаған заманы арасында азаттық үшін жан қиярлық табанды күреске толы қаншама оқиғалар болғаны белгілі. Соның ішінде өткен 20 ғасыр отандық тарихымызға үлкен өзгерістер енгізген дәуір ретінде кіргенін тілге тиек ету керек. Бұл ғасыр қазақ елі үшін қанша қасірет пен зобалаңға толы ұақыт десек те, ғасырлар бойы бостандықты ту етіп, егемендік үшін күрескен халқымыздың мақсатына - тәуелділікке жеткен уақыты болды.

Бүгінгі таңда қауымдастыққа Қазақстан Республикасы өркениетті демократиялық даму жолын таңдаған, нарықтық экономикаға бел бұрған, зайырлы ел ретінде танылып отыр. Міне осы уақытта республика басшылығы жүйелі саясат ұстанып отырғандығы белгілі. Соның ішінде егемендіктің алғашқы жылдарынан қазіргі уақытқа дейін өз өзкетілігін жоғалтпай келе жатқан мемлекеттік саясаттың ең негізгі бағыттарының бірі - көші - қон саясаты болып табылады. Қай мемлекеттің болмасын көші - қон саясаты сол елге тән өзіндік ерекшелекпен құрылытынын білеміз. Мәселен, бұл ерекшеліктер мемлекеттегі халық санына, оның территориясының көлеміне, экономикалық хал-ахуалына және тағы басқа да көптеген факторларға тәуелді.

Міне, осы факторлардың әрқайсысының жеке маңыздылығына қарай көші-қон саясатанының мазмұны ашылды. Мәеселен, тұрғылықты халқы аз елдердің көші - қон саясаты халықты көбейтуге бағытталып, олар үшін осы саясаттың мазмұны маңызды болса (қазақстан ресей тағы басқа мемлекеттер), халқы көп мемлекеттер үшін (Қытай, Үндістан), керісінше, халықтың жалпы санын қысқарту саясаты маңыздырақ болары анық. Сонымен қатар территориялық фактор, яғни, мемлекеттің территориясының көлемі не құрлым үлкен болсы да көші - қон саясатына деген қатынас маңыздырақ болатынын айта кеткен жөн. Мысалы, мемлекет қанша жерден адам ресурсы тапшылығын басынан кешірсе де, өз территориясына зыңсыз келімсектердің келгенін қаламайды. Ал Қазақсан, Ресей Федерациясы және тағы басқа сияқты алып территориялы елдер үшін бұл өте өзекті мәселе. Екінші жағынан, территория көлеміне қарай халықтың пропорционалдық қатынасын құрып, оны сақтау көші - қон саясатының бірден - бір міндеті болып табылады. Міне, көші - қон саясатандағы осы сияқты басым бағыттарды іске асыру нәтижесі жалпы көші - қон саясатының тиімділігін анықтайды.

Ал енді Қазақстан үшін көші - қон саясатын құрудағы тағы бір ерекшелік - еліміздің көпұлттылығы болып табылады. Шын мәнінде көпұлтты қоғам Қазақстан тарихы даму барысында пайда болса да, оны кезінде Ресей және Кеңес империясының жүргізген орталық саясатының бір қыры ретінде қарастыруға толық негіз бар. Әрине, қазақтың «кел деген бар да кет деген жоқ» деген аталы сөзін ескерсек, еліміздің, әсіресе, бүгінгі дербес көші - қон саясатында миграциялық процестің оң сальдосын арттыру керектігі анық. Бірақ бұл елімізге шет жерден түрлі маргиналдарды тарту деген сөз емес, керісінші білімді, озық ойлы адамдардың Қазақстанға тұрақтануын қамтамасыз ететін жұйелі саясат болуы керек. Яғни, бүгінгі Қазақстанның көші - қон саясатының алдында нақты мақсат түр, ол - көші - қон процестерін реттеу, демографиялық дамуды қасмтамасыз ету, мемлекеттік қәуіпсіздікті нығайту және миграттардың құқығына жағдай жасау.

Міне, осы және басқа да мәселелер аталмаш тақараптың бүгінгі таңдағы өзектілігін арттыратыны анық. Демек, қазіргі заманғы әрбір мемлекеттің, әсіресе Қазақстан сияқты жас елдердің, мемлекеттің атрибуттарының біріне айналған көші - қон саясатын зерттеу, оның теориялық және тәжірибелік атарын ашу, ғылыми талдау негізінде нәтижелер мен ұсыныстарқарастыру отандық саяси ғылымның міндеттері болып табылады.

Көші - қон адамдардың тұрақты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп - қонуы, адамдардың белгілі бір аумақтың шекарасын асып, тұақты және уақытша тұрғылықты мекенге қоныс аударуы арқылы жүзеге асады. Халық әлеуметтік - экономикалық, экономикалық, саяси діни, әскери және басқа себептермен ұйымдасқан түрде және ұйымдаспаған түрде көшіп - қонуы мүмкін.

Қазіргі кезде қөші - қонды туғызатын себептердің ішіндегі ең бастысы экономикалық себеп болып отыр. Халықтың көшіп - қонуы ежелгі заманнан бері бар. Көші - қон алғашқы еңбек бөлінісімен (бақташылар пайпасынан бөлініп шығуымен), егіншіліктің дамуы мен, қолөнердің бөлінуі мен, халықтардың ұлы географиялық ашылымдармен, индустрияның дамуымен, (19 ғасыр басы) байланысты болды. Көші - қон адамзаттың дамуында, аумақтардың халықтар арасында қайта бөліске түсуінде зор рөл атқарды. Тұрақты тұрғылықпен мекенінің түпкілікті ауысуына байланысты қайтіп оралмайтын көші - қон тым ұзақ мерзімге қоныс аудару мен байланысты уақытша көші - қон жылдың белгілі бір кезеңінде орын ауыстырумен байланысты маусымдық көші - қон; басқа жердегі жұмыс, оқу орындарына ұдайы әрі - бері жүріп - тұратын қатынымылы көші - қон; елден сырт жерге көшіп кету, елге көшіп кету түріндегі сыртқы көші - қон; ел ішінде қоныс аударумен байланысты ішкі көші - қон түрлеріне бөлінеді. Ал ішкі көші - қон ауыл халқының көші - қоны және қала халқының көші - қоны түрлері ажыратылады.

1. 1. Көші - қон түсінігі және түрлері.

Көші - қон ұғымының қазіргі ғылымда бар типологиясына назар аударылып, шетелдік, ресейлік және орталық қоғамдық ғылымдағы түрлі теориялық ізденістерге авторлық талдау жасалды.

Жалпы Көші - қон феноменін зерттеу ауқымын үлкен тқрт топқа бөлуге болады.

Бұл теориялық ізденістердің бірінші тобына Көші - қон процессі халықтың өзіндік қозмалмалдығы ретінде қарастырылады, оның бір елдің ішінде орын ауыстыруы салалық, территориялық, кәсіптік және әлеуметтік қайта орнығуына байланысты болады.

Көші - қон феномені механикалық кәсіптік және салалық орын ауыстыру жиынтығы ретінде және осыған байланысты индивиттердің кеңістік жағдайының өзгеруінен халықтың бекітілген аймақтық құрылымдарының пайда болуымен анықталады.

Үшінші топқа кіретін зерттеулердің авторлары Көші - қон процесін сандық қатынасы жағынан бұқаралық және құрылымдық парадигмалар тұрғысынан күрделі болатын әлеуметтік демографиялық процесс ретінде анықтайды.

Зерттеулер жүесінің сонғы тобында Көші - қон процесі кеңістігінің кез - келген орын ауыстыру үрдісі ретінде және халықтың тез өзгеріп отыратын әлеуметтік - экономикалық жағдайларға жаппай бейімделуінің бірден - бір динамикалық тәсілі ретінде сипатталады.

Енді осы теориялық ізденістерді жекелеген ғылыми тұжырымдар мен көзқарастарға өз тарапымыздан талдау жасап көрелік. Шын мәнінде, Көші - қон процесін екі және одан да көп елдер арасындағы, бір елдің ішіндегі және жергілікті жердегі халыөтың орнын ауыстыру ретінде қарастыруға болады. Бірақ, бұл жағдай «орын ауыстыру» негізгі категория бола отырып, жалпы көші - қон процесіне қатысты анықтаушы категория болуы мүмкін емес. Негізінде, салалық, территориялық, кәсіптік және әлеуметтік қайта орнығу бір қаланың немесе ауданның ішінде, сондай - ақ мемлекет ішіндегі аймақтарда жүруі мүмкін.

Екінші топтағы зерттеушілерді қарастырсақ, демографтар арасында өте танымал болған көші - қон процесін халықтың механикалық орны ауыстыру деген тұжырымғы тән боламыз. Біздіңше, бұл теориялық ағым көші - қон процесінің нақты адамдардың қөзқарастарына, шешімдеріне және талаптарына деген өкілдерінің пайымдауынша, механикалық орын ауыстыру тұтастай мемлекет бақылауында болады және халыөтың көшіп - қонуына байланысты шешімдерді тек қана мемлекет қабылдай алады. Сонымен бірге, халықтың құрамына қатысты өзгерістер енгізуі ісі де мемлекет құзырында.

Үшінші топқа жататын зерттеулердегі көші - қон процесіне берілген анықтама, біздіңше, осы процеске дәл мағына береді, Расында да, көші - қон процесі тек халықтың құрамын ғана емес, сонымен қатар оның жекелеген элементтерінің арасындағы қатынастарды да өзгертуге қабілетті. Нақ омы үшінші ағым көші - қон процесіне қатысты ғылымға алғаш рет «әлеуметті» категориясын ендіргені тілгі тиек ету керек сияқты. Бұл категория көші - қон феноменінің шынай болып жатқан қоғамдық процестер жүйесінде зерттеуге мүмкіндік береді.

Төртінші топқа енетін еңбектердің авторы халықтың кеңістіктегі кез - келген орын ауыстыруын көші - қон процесі ретінде сипаттай отырып, көші - қон феноменінің нақты тарихи, әлеуметтік - экономикалық, саяси - әлеуметтік астарын қарастырмайды. Мәселен, С. И. Ожеговтың көзқарасы бойынша, көші - қон процесі - бұл халықтың орын ауыстыруы, (бір елдің ішінде, немесе басқа елге қоныс аудару . . . ) .

Әрине, бұл анықтаманы әмбебап ретінде қабыодай отырып, онымен келісуге болар еді. Бірақ, іс - жүзінде көші - қон феноменнің мазмұны ана ғұрлым кең.

1. 2. Қазақстандағы көші - қон процестерінің тарихи аспектілері (1917-1991) .

Қазақстан трихында халықтың жүріп өткен жолы мен тарихы әр түрлі кезеңдердегі оқиғаларды қамтиды. Солардың бірі - кеңестік замндағы көші - қондық үдерістер және оның зерттелу денгейі. Демек, өткен ғасырдағы кеңестік жүйе басшылары ұстанған ұлт саясатының халықтардың бір - бірімен өзара аралыс құралас күй кешкен тарихи тағдыры бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша қарастырып, зерттеу мен зерттелуді қажет етеді. Өйткені кеңестік қызылимперия тұсында тарихи - демография тұрғысынан ұлттарды зерттеуге тиям салған. Сондай - ақ, ол заманда әміршіл-әкімшіл басшыларға сын айтқандар мен зерттеу жұмысын жүргізген адамдар болса, олар құғынғы ұшыраған. Сөйтсе де сол тұста өзінің ашық пікірін білдіріп, ұлт мүддесін қорғау мақсатында күрес жүргізген қазақ зиялылары да болды. Бірақ тоталитарлық тәртіп басшылары оларды құғындап, түрлі айыптаулар тағудың нәтижесінде кеәбіреуін өлімжазасына кесуге дейін барды. Одан кейінгі уақытта қазақ халқының демографиялық жағдайына байланысты басып сын айтып, еңбектер жазуға ғалымдардың жүрегі дауламады. Тек тапсырыс, нусқау арқылы халық санағы мен статистикаға байланысты жазылды да, онда ары тарең зерттеулерге бара қойған жоқ.

Өткен кеңестік заманда тарих ғылымы саласында бірқатар тарихнамалық зерттеулер тек 70- жылдары жарық көре бастады. Ол кезеңде жарық көрген еңбектері мәселелерге таптық, партиялық тұрғыдан қарау, марксистік - лениндік методология негізінде баға беру, қайғылы да қасіретті оқиғалардан айналып өту тәрізді зерттеу тәсілдері орын алды. Сол себепті, шынайы тарихи ұстанымдар ауқымы да ғылыми еңбектерге сыни талдау жасаған тарихнамалақ тұындыларды жариялау кеңестік дәуірде мүмкін болмады.

Кеңестер Одағы ыдырағанға дейінгі кезеңде жарияланған еңбектердің көпшілігінде қазақстан халқының демографиялық даму ерекшеліктеріне емес, оның әлеуметтік мәселелеріне көбірек көңіл бөлінген. Мұның себебін Қазақстанның тарихи демографиясына кеңестік кезеңде баса назар аудара қоймаумен де байланыстыруға болады. Осыған орай, Н. Е. Бекмаханова «Вопросы истории» журналында жазған мақаласында: «Қазақстанның тарихи демографиясы жеткілікті дәрежеде зерттелмеуде. Өлке тұрғындарының санын, орналасуын, ұлттық құрамын санақ мәліметтері бойынша зерттеп, аймақтардың шаруашылығындағы ерекшеліктерді ашып көрсетудің қажеттілігі айқын сезілкде» - деп көрсеткен еді.

Мұндай пікір Қазақстанда ғана кеңестік дәуірде тарихи - демографиялық зерттеулер жүргізу артта қалған деген ой тұдырмаса керек. Жалпы мұндай жағдайдың барлық одақтас республикадағы тарих ғыдымына тән құбылыс болғанын сол тарихи кезеңде -ақ тарихшы в. К. Яцунский «О некоторых отстающих ученых нашей исторической науки» - деп аталатын мақаласында атап көрсеткен болатын.

Қазақстан халқының демографиялық даму мәселелерінің зерттелу денгейіне арналған алғашқы еңбектердің қатарына Н. Е. Бекмахановтың мақаласын жатқызуға болады. Бірақ бұл мақала төңкеріске дейінгі Қазақстан тұрғындарының демографиялық жағдайының тарихнамасына арналған еді.

Қазақсандық тарихнамалық зерттеулердің қатары 1960-1970 жылдары В. Ф. Шахматып, Г. Ф. Дахшлейгер, П. Г. Галузо, А. Н. Нұсіпов, Б. Сүлейменов секілді ғалымдардың іргелі еңбектерімен және мақалаларымен толыға түсті. Осы тарихнамалық еңбектерде Қазақстан халқының ХХ ғасырдағы әлеуметтік - демографиялық даму мәселелерінің зерттелу денгейі арнайы қарастырылмаса да, оған қатысты бірқатар еңбектерге талдау жасалып, пікірлер білдірілді. Кеңестік дәуірде ұжымдастыру, шаруалар мәселесіне және қалалардың өткен дәуірде ұжымдастыру, шаруалар мәселесіне және қалалардың өткен дәуірлердегі дамуына арналған тарихнамалық зерттеулерде де әлеуметтік - демографиялық үдерістердің ғылыми әдебиеттерде көрініс табуына шамалы болса да тоқталып өтілді.

Шынында аталған тарихнамалық еңбектердің авторлары кеңестік кезеңде орныққан ұстанымды, теориялыө қағидаларды басшылыққа алғандықтан, әлеуметтік - демеографиялық мі\әселелердің зерттелуінде пікірталас тұдыратын тұстарға кеңестік методологиялық тұрғысынан баға берумен шектелген.

Көші - қондық үдерістің Қазақстан халқының ұлттық құрамына әсері Е. Н. Гладышеваның «О взаимовлиянии миграции и национального состава населения (на материялах Казакстана) » атты мақаласында талданған.

Қазақстан хылқының кеңестік заманындағы демографиялық даму мәселелері Я. Р. Винниковтың «народы Союза» еңбегінде көрініс тапқан. Автор қазақ халықының санының Кеңес өкіметі орнағаннан бері өсу динемикасын халық санақтарының материалдары барынша көрсетіп, күштеп ұжымдастыру жылдарындағы қазақ халқының шығынын кеңестік идеологияға сай бүркемелеп қалауды басты назарда ұстады. Ол 1926 жылғы халық санағында қазақстардың саны артық көзсетілген, санақ кезінде қазақтар мен шектес орналасқан жарлардегі өзбектер, қарғаздар, қарақалпақтар және түркімендер қазақтар ретінде есептеліп кеткен дей отырып, кеңес өкіметінің 1931 - 1933 жылдардағы күштеп ұжымдастыру саясаты қазақ халқының демографиялық апатқа ұрындырғандығын жасырып қалды. Я. Р. Винниковтың мұндай қадамын 13 жылдан кейін демограф М. Тәтімов өз тұжырымдарымен былай деп баяндайды: «винников келесі болған 1939 жылға Бүкілодақтық халық санағында қазақтар санының 1926 жылғы халық санағы мен салыстырғанда азайып кетуін көршілес өзбектер мен қырғыздар, түркімендер мен қарақалпақтар санының 1926-1939 жылғы санақаралық кезеңде өте аз өсуін осы туысқан жақын халықтардың санын дурыс алмаудан еді деп қате түсіндірмект\ші болған. Винников осы пікір арқылы өзінің 1926 жылғы санақтың метериялдарымен таныс еместігін және санақтың негізінен этно - статистикалық бағытта жүргенін түсінбігіндігін көрсетті. Қазақ халқының осы санақ- аралық кезеңде үзақ демографиялық даму тарихында бұрын болып көрмеген шығыны мол ең қиын белестен өткенін оның білмеуі де ықтимал. Егер ол шандықты білсе, автордың әдейі бұрмалауы түсініксіз». Осылайша М. Тәтімов Я. Р. Винниковтың жіберген қәтелігін сынай отырып, кеңестік идеологияның үстемдік құрған шағында халқымыздың 1931 - 1933 жылдардағы демографиялық дамуындағы көлеңкелі тұстарын алғаш көрген ғалым болды. Сонымен қатар ғалым сол тарихи кезеңдегі демографиялық дамудағы ерекшеліктердің ашық айтылу керектігін талап ете отырып: «Қазақ халқының демографиялық дамуындағы отызыншы жылдарда болған қиыншылықтар нағыз партиялық тұрғыдан демография ғылымы негізінде ашық айтылуы керек. Ол өткенге өкіну емес, ол бүгінгі жарқын өмірімізді толық түсініп, көрсету үшін, ертенгі жас ұрпақтар үшін қажет», - деп жазды. Қазақстандағы көші-қон үдерістері жайында зерттеу еңбегін жазған авторлардың бірі Ә. Ғали еді. Оның зерттеу жұмысында 20 жылдардың екінші жартысындағы демографиялық ахуал баяндалған. Автор кеңестік казақ жерінен кеткендерден гөрі келгендер басым екендігі катап, олар Украина, Еділ жағалауы, Сібір, Батыс, РСФСР - дың Орталық аудандарынан және белорус, Кавказ, Орталық Азия, Қиыр Шығыстан қоныс аударылыр келгендер дейді. Сонымен қатар зерттеуші көші - қон қозғалысына тартылғандардың 80%- ы ауылды жерлерге қоныстанғандығын атап көрсеткен. Онда Қазақстан жерінде еуропалық бөліктен келген мигренттардың Қостанайға 15 % - ы, Ақмола мен Ақтөбеге 40%-ы және Семейге 24 % -ы орналастырылған. Мұндағы мақсат көшіріліп келгендерді табиғаты сәйкес келеді деген желеумен қоныстандырған. Ал Оңтүстік және Жетісу аймағына қоныстандырылғандарға табиғат жағдайы қолайлы болғанымен, жергілікті жердің халқы таныс емес еді.

Ә. Ғалидің Қазақстан этно - демографиялық сипаттамасы жайында жарық көрген ғылыми мақаласында кеңестңк кезеңдегі халықтың құрамы мен ерекшеліктері, сондай - ақ, көпұлтты мемлекеттің ұлттық құрамы жөнінде мұрағаттық деректер мен санақ материалдарына негізделген мәліметтер келтірілген. Автордың бұл зерттеу жұмысында кеңестік әміршіл- әкімшіл жүйе басшылары жүргізген өзгерістердің салдарынан

демографиялық апатты жағдайларға дұшар болған қазақ жұртымен басқа республикалардан қоныс аударып келген өзге ұлт өкілдерінің ұлттық құрамға әкелген өзгерістерін атаған. Демек, ғалым кеңестік дәуірдің тұсында қазақ халқының әлеуметтік - демографиялық мәселелерін батыл қарастырғандығы байқалды.

Зерттеушінің түрлі тарихи деректерге сүйене отырып жазған этнодемографиялық зерттеу мақаласында тұрғылықты халықтың құрамы мен үлес салмағы да қарастырудан тыс қалмаған. Мәселен қазақстар - 57, 1%, орыстар - 19, 6%, Украиндар - 13, 2%, белорустар - 0, 39% -ды құраса Орта Азиялық ұлттардың ішінде үлес салмағы жағынан 3, 38%-ды құрған өзбектер басым екендігін айқындаған. Сондай - ақ ол кезде қарақалпақтар - 18, 81%-ды құраса басқа халықтар ең аз мөлшерде 5% - ды, Яғни, Қазақстанның сол кездегі жалпы сандық көрсеткіші 6502699 адамды құрағандығы белгілі болған (1972 жылдың 1- қантарындағы көрсеткіш бойынша) .

Ал М. Тәтімовтың жас мемлекет Қазақстан Республикасының әрбір белсенді, әрі дербес демографиялық саясаты өзі үшін өмірі мен ұлттық мүддемен аймақтың қажеттілікті еш уақытта көзден таса етуге тиіс емес екендігін «Дербестігіміз - дефографияда» атты еңбегіне толығы мен тақталып кеткен. Автор сонғы 275 жалдардағы шытырман оқиғаларға толы тарихи кезеңімізде қазақ халқы өз жерінде тұрып төменгідей ғаламат адам шығындарын басынан өткеізген екендігін тізіп берді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Миграциялық процестерді мемлекеттік реттеу: жағдайы, мәселелері және басымдылықтары
Миграциялық процестердің Қазақстан Республикасының демографиялық эволюциялық дамуға әсері
Қазақстандағы демографиялық процестер туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалының зерттелуі
ҚАЗІРГІ МИГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУ: ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТ
Қазақстан мен Ресей арасындағы Көші - қон мәселелері
Қазақстан Республикасындағы еңбек миграциясының динамикасы мен себептері және оның елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсері
Миграцияның негізгі себептері
Қазақстан Республикасына шетел жұмысшыларын жұмысқа тарту мәселесі: халықаралық құқықтық қырлары
Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959 жылдар)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz