Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың лингводидактикалық тұғыры
Жоспар:
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
І. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ҒЫЛЫМЫНДА ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ
ЗЕРТТЕЛУІ
1.1. Дамыта оқыту мен тіл дамытудың
айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Морфологиялық тақырыптарды оқыту әдістемесінің зерттелуі ... ... ...
ІІ. МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАРДЫ ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ МӘНІ
2.1. Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың лингвистикалық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың дидактикалық

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3. Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың әдістемелік негізі ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде білім берудің, оны дамытудың
көкейкесті мәселелерін шешу нақты ғылыми-теориялық және өмірлік бағыттағы
реформаны қамтамасыз ететін, тұтас, интегративтік дамытуды жобалау мен
жасақтауды, ерекше оқу-тәрбие үрдісін, жоғары тиімділіктегі педагогикалық
технологияның пайда болуын талап ететін дидактикалық ғылымға тікелей
тәуелді. Елімізді парасат-пайымызға негізделген әрі ғылымды мол қажет
ететін материалдық өндірістері басым дамыған мемлекетке айналдыру белгілі
мақсатқа бағыт алумен айқындалалады. Мұндай міндетті шешу мұғалімдерден оқу
үрдісіндегі жаңа технологияны меңгеруді, педагогикалық жаңалықтарды
тәжірибеде батыл енгізуді талап етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті 2001 жылы 7 ақпандағы Тілдерді
қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында: Тіл дамуын табысты жүзеге асырудың неғұрлым маңызды
шарттарының бірі қоғамдағы жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі болып
табылатын тілдерді оқытудың толыққанды жүйесінің тұрақты қызмет етуін
ұйымдастырумен қамтамасыз ету болып табылады. Талап етілетін білім мен
дағдыны толық әрі терең игеру үшін барлық оқу орындарында жетекші пән болуы
тиіс, мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек,-
делінген. Сондай-ақ, Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның болашағы – қазақ
тілінде және Тіліміздің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда
да, білімде де дәл орыс тілінің қолданылуындай болып қолданылуы үшін қолдан
келгеннің бәрін істеу керек деген тұжырымдамалары да қазақ тілін оқыту
мәселелеріне айрықша көңіл бөлуді талап етіп отыр.
Қазіргі заман ағымына қарай білімнің күші бағаланып, оқу-ағартудың,
оның ішінде білімді адамның беделі өсіп келеді. Ал оқу-ағарту жүйесі –
ұлттық мәдениет, ұлттық сананың рухани даму көрсеткіші. Сондықтан, қазір
бұл саланың алдында дамудың ұлттық үлгісін жасау міндеті тұр.
Еліміздің егемендігін алуы нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық
салаларында, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан
демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы күнге дейінгі дағдарыстан
шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған
жолдардың бірі – білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Білім беру саласының
барлық жағынан жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (жаңа базистік оқу
жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен әдістемелік кешендерге көшу,
т.б.), жаңаша ойлауды қалыптастыру.
Педагогикалық технологиялар көмегімен күнделікті оқытудағы
педагогикалық оқу-тәрбие үрдісін алдын ала жобалау жолына ауыстыру, оларды
ізбе-із сыныпта қолдану көзделеді. Мұғалім үшін жазылатын дәстүрлі сабақ
жоспарларынан өзгеше жұмыс ретінде педагогикалық технологияда оқушылардың
оқу-танымдық әрекеттерінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие
үрдісінің жобасы жасалады. Ол мақсат нәтижелерінің нақтылығымен, білім
мазмұнының сұрыпталуымен, оны меңгерудің әдіс-құралдарының және оқу
түрлерінің біртұтастығымен анықталады. Мақсат қою мен тұтастықты сақтау
басты қағидалары ретінде анықталады [2; 37].
Қазіргі таңда алуан түрлі технологиялар пайда болуда. Қазақ тілі
пәнінің өмірдегі орны мен оған артылған міндеттерге байланысты мектепте
оқушыларды ізденімпаздыққа баулып, білімін тереңдету мақсатында дамыта
оқыту технологиясы жан-жақты шебер қолдануда. Оның тиімділігі мен
актуальділігі, кешенділігі мен өзекті тақырыптардың бірі екендігі мерзімді
баспасөзде, монографияларда, әдістемелік нұсқаулықтарда жарияланып жүр. Осы
сияқты мәселелердің барлығы да тақырыптың өзектілігінің дәлелі.
Тақырыптың зерттелу сипаты. Адам баласының психологиялық тұрғыдан да,
тұлғалық жағынмн жан-жақты дамуын зерттеген, оқытуда дамыта оқыту теориясын
жетілдіруге көп үлес қосқан ғалымдар Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин,
Л.С.Выготский, т.б. болып табылады. Дамыта оқыту технологиясының
авторлары – Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов.
Осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған әртүрлі авторлар оқушының
дамуының белгілерін атап көрсетеді. Мысалы: П.П.Белонский бұған индивидтің
абстрактіден нақтыға және керісінше, нақтыдан абстрактіге қарай қозғалыс
қабілетін жатқызса, Д.Н.Боговленский және Н.А.Менчинская оқи алуды, яғни
қысқа мерзімд жоғары үлгерімдерге жетуді, Н.Д.Левитов оқу материалын жылдам
меңгеру, өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру, негізгіні және көмекшіні
анықтай білу, оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға бере білу дағдысын жатқызады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты –
морфологиялық тақырыптарды (сын есімді) дамыта оқыту. Осы мақсатты орындау
барысында мынадай міндеттер алға қойылды:
- Дамыта оқыту мен тіл дамытудың айырмашылығын көрсету;
- Қазақ тілін оқыту әдістемесінде морфологиялық тақырыптарды оқытудың
жайын зерттеу;
- Морфологиялық тақырыптарды тақырыпаралық, тарауаралық байланыста
оқытудың лингводидактикалық негізіне көңіл бөлу.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, Қазақ тілін оқыту
әдістемесі ғылымында дамыта оқыту технологиясының зерттелуі және
Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың мәні атты екі негізгі
тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттелу сипаты, мақсаты мен міндеттері
туралы айтылады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымында дамыта оқыту технологиясының
зерттелуі атты бірінші тарау Дамыта оқыту мен тіл дамытудың айырмашылығы
мен Морфологиялық тақырыптарды оқыту әдістемесінің зерттелуі деген екі
тараушадан тұрады. Мұнда дамыта оқытудың тарихы мен оның негізгі мақсаты,
тіл дамыту процесінен негізгі ерекшелігі, морфологиялық тақырыптарды
оқытудың тарихы қарастырылады.
Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың мәні атты екінші тарау
Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың лингвистикалық негізі,
Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың дидактикалық негізі және
Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың әдістемелік негізі деген үш
тараушадан тұрады. Мұнда морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытуда
пайдаланылатын лингвистикалық материалдар, принциптер мен әдіс-тәсілдер,
және Сын есімді дамыта оқыту деген тілдік тақырып мысал үшін қарастыруға
ұсынылған.
Қорытындыда қазақ тілі сабақтарында дамыта оқытудың нәтижелері
тұжырымдалады.

1.1. Дамыта оқыту мен тіл дамытудың айырмашылығы
Даму сөзінің мәні:
Дамы – ет. 1. жан-жақты өсу, өркендеу.
2. қалыптасу, жетілу.
Даму – 1. дамы етістігінің қимыл атауы.
2. филос. Дүниеде болып жатқан өзгерістердің сипаты мен бағытын білдіретін
философиялық ұғым.
Дамыту – дамыт етістігінің қимыл атауы [1; 154].
Байқаймыз, қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде келтірілген анықтамалар
бізге дамыта оқыту деген ұғым – оқушыларға берілетін білім мазмұны құрғақ
жаттандылықтан аулақ болып, олардың ой-өрісін, білім, білік, дағдысын,
ғылым, өмірге деген өзіндік көзқарасын, дүниетанымын жан-жақты өркендету,
қалыптастыру, жетілдіру дегенге саяды.
Дамыта оқыту технологиясының авторлары – белгілі ғалымдар Д.Б.
Эльконин, В.В. Давыдов. Олар дамыта оқыту деп оқыту мақсаты, міндеттері,
әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды
атайды.
Ал Даму ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңару процесі, жаңаның
өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат
құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып,
өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың
зерттеулері баланың даму процесіне үш түрлі күш пен үш түрлі фактордың
қатысатындығын дәлелдейді.
1. Биологиялық фактор. Бұл ата-анадан ауысқан, туа бітті және өмір
сүру барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның
барлық жүйесі құбылысының ерекшелігін білдіретін, бала
организмінің ортамен қарым-қатынасының нәтижесі.
2. Әлеуметтік фактор. Бала өмір сүретін орта, ең алдымен
адамдардың ортасы. Бұл сондай-ақ баламен қарым-қатынас жасайтын
адамдардың сипаттары, мінез-құлық және ақыл-ой бейнелері,
олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары
мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын рухани орта.
3. Баланың өз белсенділігі. Даму процесіне әсер ететін бұл үшінші
күш болып саналады.
Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі
қаншама жоғары болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза
алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет
күткеннен нәтиже бермейді. Баланың организмі дамуы мен жеке бас ретінде
қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады [3; 3-7].
Дамыта оқытудың Д. Эльконин, В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген
мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған
орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру,
қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстыру
мынадай қорытынды жасауға негіз болады. Дәстүрлі сабақтардың әдістерінің
мәні төмендегідей 3 құрамдас бөліктермен анықталады:
1) Үлгіні көрсету;
2) Түсіндіру;
3) Бақылау, бағалау.
Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар
деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа
бағытталса, дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге
көтеруді мақсат тұтатын ұстанымдарға негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға,
есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді
пайдалана білуге үйретеді. Дамыта оқыту арнайы педагогикалық
технологияларды қажет етеді. Ол технологияларда баланы қоршаған ортамен
еркін қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі беріледі. Қарым-қатынастар:
жоспарлау, ұйымдастыру, мақсаттарды жүзеге асыру, іс-әрекетті талдау
кезеңдерінен тұрады. Әр кезең бала тұлғасының дамуына өз үлесін қосады.
Л. Выготский психика дамуында оқытудың жетекші орын алатындығын
теорияда дәлелдеп берді. Л. Выготский дүние жүзіне әйгілі психиканың даму
теориясында даму мен оқытудың байланыстылығын дәлелдеуге дамудың таяудағы
аймағы, дамудың өзекті аймағы деп жаңа идея ашқан болатын. Ғалым
тапсырманы орындауда баланың кез келген әрекетін өз бетінше орындауы және
ересектермен бірлесіп орындауы деп екі деңгейде қарастырды. Бірінші деңгей,
яғни баланың тапсырманы өз бетімен орындауын – өзекті даму аймағы, ал
ересектердің қатысуымен піспеген, бірақ пісіп жетілгелі тұрған екінші,
жоғарырақ деңгейдегі тапсырманы орындауын – дамудың таяудағы аймағы деп
атады. Дамудың алдында жүретін оқыту ғана жақсы оқыту бола алады. Дегенмен,
жай оқытудың өзі де ізсіз қалмайды. Бірақ, онда даму мардымсыз жүреді.
Оқыту қандай болса да, даму да сондай деп тұжырымдайды. Даму жай ғана
білім, іскерліктің артуы емес. Оқыту жаман болған жағдайда да білім,
іскерлік артады, бірақ оқушының ырықты зейіні, қабылдауы логикалық ес,
саналы ойлау мен шығармашылық қиял тәрізді танымдық үрдістері нашар дамып,
оқу-танымдық әркетке қызығу, интеллектуалды мүмкіндікті пайдалану сияқты
маңызды психикалық даму тыс қалады.
Өзекті даму алқабындағы оқыту дамудың алдына түсіп, дамуды қарқынды
жүргізеді. Мұндай оқыту өз мәнінде дамыта оқыту бола алады. Өйткені, оқыту
үрдісінде оқушы объект болумен қатар субъект болып, оқу әрекетіне түсу
нәтижесінде жоғарыда тыс қалған психикалық даму іс жүзіне асады.
Осы теориямен айналысқан Л. Занков жүйесін дәстүрлі оқыту жүйесімен
салыстыратын болсақ, Л. Занков жүйесі басқаша дидактикалық ұстанымдарға
негізделеді. Жүйедегі бүгінгі күннің өлшемімен қарағанда айрықша
көкейкестілігімен ерекшеленетін ұстанымдар мыналар:
- Жоғары қиындықта оқыту;
- Теориялық білімнің жетекші рөлі;
- Оқытудың тәрбиелік мәнінің болуы;
Бұл жүйенің қағидаларын дұрыс түсініп, жүрегімен қабылдаған әрбір
мұғалім өз сабақтарының дамытушылық функциясын өз бетінше арттыра алары
сөзсіз. Бұл жүйеде оқушының білімін бағалауға үлкен мән беріледі. Сабақ
барысындағы бағаның неғұрлым көп қойылуы шарт емес. Балалар барлық
тапсырмаларды орындауға ынта қойып, нәтижеге жетіп еңбегінің рахатын көруге
дағдыландырады. Сондықтан бағаның дұрыс қойылмауы нормаға айналған жағдайы
бар. Әділетсіз қойылған баға оқушыға кері әсер етіп, оның мінез-құлқының
өзгеруіне, оқуға, білімге деген ынтасының болмауына әкелетіні белгілі.
Сондай-ақ, дамыта оқыту жүйесінің бір кемшілігі: оқушының жаңа жүйеге
бірден төселіп кетуі қиынға соғады. Демек, бұлар – ойландыратын мәселелер.
Жаңа мазмұнды ескі әдістермен енгізуге болмайтындығы белгілі. Оқулық,
әдебиеттер қанша жақсы болғанымен онымен жұмыс жасайтын мұғалімдер оқытудың
жаңа тәсілдерін меңгермеген болса, оқулықтардың негізгі идеясы, дамытушылық
мәні іске аспауы мүмкін. Сол себепті мұғалімдерден жұмыстың жаңа тәсілдерін
қолдану талап етілуде.
Дәстүрлі оқытуда ұстаз еңбегінің жатықтығы мұғалімнің қойған
сұрақтарына оқушылардың тез дұрыс жауап берулерімен, тапсырмаларды
бұлжытпай орындауларымен, тыныш отырып тәртіп сақтауларымен өлшенетін. Ал
баланың екінші жан дүниесінде не болып жатқандығы, оның ойы, сезімдері
мұғалімді ойландыра бермейтін. Оған мүмкіндік те аз. Л. Занков жүйесіндегі
сабақтардың нәтижелілігінің басты көрсеткіштері: ойлай, пайымдай, нақтылай,
жүйелей, дәлелдей білу болып табылады. Егер балалар осы айтылған ой
операцияларын орындай алса, мұғалімнің нәтижелі еңбектенгені саналады [2;
36].
Дамыта оқыту мәселесі қаншалықты маңызды болса, оқушылардың тілін
дамыту мәселесі де соншалықты маңызды. Тіл дамыту жұмыстары кез келген
оқыту процесінің құрамдас бөлігі, жоғары нәтижеге жетудің жолы. Тіл дамыту
дамыта оқытумен байланысты болғанмен, олардың өзара айырмашылықтары бар.
Ғалым, әдістемеші, педагогика ғылымдарының кандидаты Б.Б. Жахина
өзінің Сөздің лексика-семантикалық тобымен байланыста тіл дамытудың
әдістемесі атты еңбегінде: Орыс тілін оқыту әдістемесінде тіл дамыту
жұмысын жан-жақты зерттеген әдістемеші ірі ғалымдар қатарына
И.И.Срезневский, В.П.Шереметевский, Ф.И.Буслаев, М.А.Рыбникова,
А.В.Текучев, А.Н.Гвоздев, А.М.Пешковский т.б. жатады- деп, тіл дамыту
мәселесін көтерген көптеген орыс ғалымдарының еңбектерін атап көрсетіп,
олар ұсынған принциптерге, дағдыландыру жолдарына тоқталады. Мысалы тіл
дамыту жұмыстарын бір жүйеге келтіріп негізін қалаған Т.А.Ладыженскаяның
принциптері мен жүйесіне мынадай пікір білдіреді: Ал тіл дамыту жұмыстарын
бір жүйеге келтіруге тырысқан, негізін жасаған – ғалым Т.А.Ладыженская.
Ғалым біріншіден тіл дамыту жұмыстарын жүргізудің принциптерін анықтады,
екіншіден Т.А.Ладыженскаяның ұсынысының нәтижесінде қалыптасатын дағдыларды
атап көрсетеді. Оның жұмысының мазмұнына мынадай баға береді: Көріп
отырғанымыздай, ғалым байланыстырып сөйлеудің яғни бала тілін дамытудың
жүйесін қарастырады. Негізінен, ол басты назарды сөйлеудің мазмұнды,
мағыналы болу жағына аударған. Себебі сөйлеудің мақсатының өзі оның
тақырыбына сай негізгі айтайын деген ойын жеткізу болса, ол үшін оның
мазмұнына мән беру аса қажет екендігі белгілі. Сонымен қатар, сөйлеуші
кімге арнап сөйлейтінін, не үшін, қандай мақсатта сөйлейтінін түсінуі
қажет [4; 11-13].
Ал қазақ тілін оқыту әдістемесі теориясының, тіл дамыту мәселесінің
негізін қалаушыларына Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, С. Жиенбаев, Х.Басымов,
Ғ.Бегалиев, Ш.Сарыбаев, Р.Махмұдов, С.Сыдықов, И.Ұйықбаев, М.Балақаев,
С.Рахметоваларды жатқызып, олар жасаған орасан зор еңбекті аталған
еңбегінде былайша бағалайды: Қазақ тілін оқыту әдістемесінде мектеп
мұғалімдерінің қажетін өтерлік, оқыту әдістері жайында бағыт-бағдар
көрсетерлік әдістемелік еңбектердің тарихы қазақ халқының алғашқы педагогі,
балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннен басталады десек артық
болмайды.
Ұлы педагогтің Киргизская хрестоматия, Махтубаты - қазақ
даласындағы тұңғыш оқулықтар.
Еңбектің құндылығы сол – берілген мәтіндердің бәрі дерлік баланы
адамгершілікке тәрбиелеумен қатар, оның сөздік қорын молайтып, тілін
дамытып, өмір тануын кеңейтіп, ақыл-ойын өсіріп, халық тілін меңгертуге,
сөйтіп балада әдеби тілдің нормаларын қалыптастыруға бағытталған.
Ағартушы-ғалым мәтіндер арқылы баланың тілін дамытудың маңызын ашып,
оны іс жүзінде дәлелдеген. Тіл сезімін дамыту,- дейді педагог –
оқушылардың мектеп қабырғасына келгендегі сөз қорын әрі қарай байыту, ал ол
оқытушылардан сабақ пен жаттығулардың әбден ойланған системасын талап
етеді.
ХХ ғасырдың басындағы оқу-ағарту, ғылым жолындағы өте биік тұлға –
Ахмет Байтұрсынов. Біріншіден, ол – бастауыш сынып оқулықтарының авторы,
екіншіден, қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша тұңғыш ғылыми еңбек жазған
адам. Оқулықтарға Тіл құралдың үш кітабы жатса, ал Баяншы, Тіл
жұмсар, Қай әдіс жақсы, Жалқылау әдісі, Жалқылауды жалпылау сияқты
еңбектері мұғалімдерге көмекші құрал ретінде жазылған. Сондықтан да Ахмет
Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістемесінің ірге тасын қалаушы да болып
саналады. Ол қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық мәселерін айқындауда
төмендегі мәселелерді көтерген:
1) оқыту әдістерінің маңызына тоқталып, олардың шығу тарихын,
олардың ұтымды жағын қарастырып, олар туралы алғаш пікір
айтқан;
2) тұңғыш рет үлестірмелі материалдарды қолданудың жолын көрсетіп, оны
оқулық бетінде жариялаған. Әдістің бұл түрі күні бүгінге дейін өз мәнін
жоймай, ізденімпаз, озат мұғалімдердің тәжірибесінде қолданылып жүр;
3) сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынов, көрнекілік әдісіне де ерекше
мән беріп, оны жасауға қойылатын негізгі талаптарды көрсеткен.
Олардан оқушы назарын ауытқытпауды, жалықтырмау, оқушыны
қызықтырып отыру, жазуға тез үйрету, оқушының сауатын ашуды
жеңілдету, тездету сияқты маңызды мәселелерді атауға болады;
4) ал тілдік тақырыптармен байланыста тіл дамыту әдістемесі
тұрғысынан келгенде, тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде жеңілден
ауырға қарай принципін басшылыққа алған. Мұнан ғалымның
дидактиканың заңдарын терең біліп, оны оқулықта шебер
қолданғанын білеміз. Біріншіден, ол ғалым ұсынған үлестірмелі
карточканың мақсатынан көрінеді.
Мәселен, 1-ші карточка ойын түрінде беріліп, сөзді шырпымен жазу
ұсынылады;
2-ші карточкада жазуға жаттығу, санақ үшін ұпай ойыны беріледі;
3-ші карточкада сөйлем құрастырып, сөздерді алмастырып қосып, алты
сөзден оннан аса сөйлем құрастыру мақсат етіп қойылады.
Бұдан біз ағартушының тіл дамыту жолында жеке сөздермен таныстыру
принципін ұстанғанын, осыдан барып жекелеген тақырыптар арқылы оқушылардың
сөздік қорын байытуды мақсат еткенін байқаймыз.
Екіншіден, А.Байтұрсынов бала тілін дамытуға аса қажетті материалдар
ретінде жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, жұмбақтарды береді де, осыдан кейін
сюжетті мәтінге көшеді.
Жаңылтпашты жаттап, мақал-мәтелдің мазмұнын ашып, жұмбақтың шешуін
таба білген балаға одан кейін берілген өтірік өлең, сюжетті қысқа
мәтіндердің мазмұнын түсіну қиындық келтірмесі сөзсіз.
Үшіншіден, ғалымның бала тілін дамытуда қолданылған әдістердің бірі –
сөз ұқсастығын пайдалану, яғни дыбыстардың алмасуынан сөз мағынасының
өзгеретінін таныту, мысалы, ол, олар, шаш, шаша, шашақ, керек, кезек,
терек, тезек, елік, есек, зор, Ораз, ор, ора, т.б.
Бұл жерде қайталау әдісінің материалды есте сақтауда маңызының зор
екенін, сөздерді ұмытпай есте сақтауы, жеке қолданыста, сөйлемде, жаттығу
кездерінде қолдана білулері үшін ең керек әдіс екенін байқаймыз.
Әрі оқушы дыбыс алмасқан сайын сөз мағынасының өзгеретінін, сонымен
қатар, кез келген дыбыс тіркесі сөз жасамайтынын, оның өзінің заңдылығы бар
екендігін берік есте сақтайды.
Сонымен қатар, ғалымның балаға сөз өнерін, тіл заңдылықтары мен
әдебиет заңдылықтарын қатар , бірлікте үйрету керек деген пікірі өте құнды.
Себебі, тіл дамыту мәселесін тек қана лексика-грамматикалық заңдылықтарды
үйретіп қана емес, сөзді қызмет ету аясында көрсету барысында ғана шешуге
болатындығы белгілі. Ғалымның сөзімен айтқанда: Тілдің міндеті – ақылдың
аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түйгенін
түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл
шама қадырынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын.
С.Жиенбаевтің Қазақ тілін методикасы атты еңбегінде мазмұндама мен
шығарма жаздырудың орны былай берілген: ...тіл дамыту жұмысы, оның ішінде
жазба сөзге жаттықтыру мектепте зор орын алады. Жазба сөзге жетілу үшін
істелетін жұмыстың ең маңыздысы – мазмұндама, шығарма жаздыру.
С.Жиенбаев алғаш рет мектепте жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының
ауызша, жазбаша болып бөлінетінінің жігін ашып, оның әрқайсысына жататын
жұмыс түрлері, яғни оқушылардың жазу тілі мазмұндама мен шығарма арқылы
жетілетінін, бұл жұмыстардағы ой жүйесі мен сөз қолданудың мәнін көрсеткен
әдістемеші.
Осы тұста тіл дамыту жұмыстарының маңызы жөнінде сөз қозғаған
әдістемешілер қатарына Х.Басымовты, Ғ.Бегалиевті де жатқызуға болады.
Х.Басымов грамматиканы оқытудың маңызына тоқталып, оны оқыту әдісін
баяндайды: Грамматиканы оқыту үстінде оқушылардың шығармашылық талантына
да көңіл бөлініп, көмек беріліп, баулып отырылады. Оқушылардың сөйлеу тілі
мен жазу тілі де қабаттасып грамматиканың әр тарауына ілесе, өз уақытында
жаттықтырылып отырылады. Орта, орталау мектепті бітірген кейбір оқушылардың
осы күнге шейін не өз ойын түсінікті етіп сөйлеп бере алмауы, не дөңгелетіп
ойын қағаз бетіне түсіре алмауы, грамматиканы оқытушының кемшілігінен деп
білуіміз керек,- дейді.
Ал ғалым Ғ.Бегалиев – бастауыш сыныпта тіл дамыту мәселесін ғылыми
тұрғыда алғаш рет көтерген ғалымдардың бірі. Оған 3-4 сыныптардағы тіл
дамыту негіздері деген еңбегі дәлел бола алады. Бұл еңбек тіл дамыту
мәселесінің ғылымда өз алдына мәселе ретінде қойылуының бастамасы болды.
Сондықтан да Ғ.Бегалиевті әдістеменің ірі маңызды мәселенің зерттелуіне жол
ашқан, оны ғылымда көтере білген, оның маңызын түсіне білген ірі әдістемеші
деп бағалаған жөн.
Ғалым Ш.Сарыбаев Қазақстан мұғалімі газітенде жарияланған
мақаласында: Тіл дамыту жұмыстарын жүргізудегі бірінші нысанам – оқушының
сөздік қорын арттыру, - дейді.
Осы ретте, тіл дамыту мәселелері, оны тілдік тақырыптармен байланысты
жүргізудің маңызы жөнінде ой қозғаған әдістемеші ғалымдар: Рамазан
Махмұдовтың Творчестволық диктант жүргізудің маңызы 1959 жылы және
С.Сыдықовтың Жаңа типті мектептердегі оқу процесі мен оқыту әдістері
жайында 1960 жылдары жарық көрген мақала, қолжазбаларын алуға болар еді.
Рамазан Махмұдов Мектеп жас өспірімдерге мемлекеттік программа
көлемінде ғылым негіздерін білдірумен қатар, олардың сөз өнерінде жетіліп,
тілдік мәдениетін арттыруға, айтайын деген ойын байланыстыра жазып беруге,
оны дәлелдеуге, оған қорытынды жасап жинақтай білуге, сөйтіп әдеби тілде өз
дәрежесіне сай жаза білуін қамтамасыз етуге міндетті. өйткені басқа
пәндердің қай-қайсының болса да, тиянақты оқылып үйренілуін мектеп
оқушыларының оқу, жазу, сөйлеу сияқты қабілеттерінің ойдағыдай жетілуі
арқылы жүзеге асырылады- дей келіп, творчестволық диктанттың оқушылардың
тіл байлығын, ой өрісін жоғары сатыға көтеруде маңызы күшті екендігіне, бұл
оқушыларды мазмұндама, шығарма, газет бетіне мақалалар жазуға
дайындайтындығына, дұрыс жазуға төселдіретіндігіне тоқталады.
Педагогика ғылымдарының кандидаты С.Сыдықовтың Жаңа типті мектептегі
оқу процесі мен оқыту әдістері жайында деген еңбегінде басқа мәселелермен
қатар, оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарына, тіл дамытуға тиісті
көңіл бөлінген. Ол оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының мынадай
түрлерін қолдануды ұсынады:
1) мұғалімнің сұрағына ауызша қысқа және тұжырымды жауап беру;
2) оқылған шығарма бойынша баяндау және шығарма жазу, творчестволық
шығарма жазып, іс қағаздарын құрастыру, хат жазу, т.б. жазбаша
жұмыстар;
3) кітаппен, оқулықпен жұмыс істеу, өздігінен оқу, берілген
сұрақтарға ауызша және жазбаша жауаптар әзірлеу, жоспар құру,
конспект, тезистер жасау, әдеби шығармаларды талдау, баяндама,
рефераттар жазу, т.б.
Тіл дамыту жұмыстарын ұтымды да сапалы ұйымдастыру тұрғысында
мұғалімдерге бірден-бір көмекші құрал ретінде ғалымдар И.Ұйықбаевтың
Оқушының ауызекі сөйлеу мәдениетін жетілдірейік, М.Балақаевың Қазақ тілі
мәдениетінің мәселелері, Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту деген
зерттеу еңбектерін жатқызуға болады.
И.Ұйықбаев тіл дамыту, ой дамытумен тығыз байланысты болатындығын айта
келіп: Оқушылардың ауызекі тілін дамыту үшін, ең алдымен, 1) олардың
сөздік қорын байыту керек; 2) әдеби тілде сөйлеудің нормасын, сөйлемдерді
дұрыс құрауды үйрету қажет; 3) ойларын байланыстырып айтып беру дағдылары
мен шеберлігін қалыптастыруға назар аударған жөн, - дейді.
М.Балақаев Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту деген еңбегінде тіл
дамыту жұмыстарын тілдік материалмен, атап айтқанда, грамматикамен
байланыста жүргізуді ұсынады. Ғалым: Оқушыға грамматика-лексикалық
тұлғаларды тек жаттап алатын дағдыға айналдырмай, олардың мағыналық
мазмұнына қанық болуға тиіс. Сонда ғана тілдегі заңдылықтар мен ережелерді
біліп, күнделікті өмірде пайдаланумен қатар, олардың стильдік
экспрессивтікғ эмоциялық, көркемдеу қызметтерін де түсініп пайдалануға
тиіс, - дейді.
Көріп отырғанымыздай, тіл дамыту мәселесі жайында қазақ тілін оқыту
әдістемесінде түбегейлі ірі еңбектер жоқ.
Дегенмен де, С.Рахметованың Бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін
дамыту (1969 жыл), Б.Баймұратованың Сәбилердің сөздік қоры мен сөз игеру
ерекшеліктері жөнінде (1970 жыл), Т.Әбдікәрімованың Бастауыш сынып
оқушыларының мәтін арқылы ауызша тілін дамыту (1993 жыл) сияқты
диссертациялық еңбектері бар.
Ғалым-әдістемеші С.Рахметованың кейін докторлық диссертацияға айналған
бұл еңбегінде тіл дамыту жұмысының күрделі де творчестволық процесс
екендігіне, оқушылардың лексикалық қорын байыту сансыз сөздер, сөз
тіркестері мен сөйлемдер үйрету және олардың есін дамыту арқылы бұл жұмысты
ұйымдастырдық деп ойлау қателескендік екендігіне, тіл дамытуда басты нәрсе
дәлдік, мәнерлілік, өрнектей түрлендіре алушылық екендігіне тоқталды.
Б.Баймұратова бала бақшадағы бала тілін дамытудағы ауыз әдебиетінің
ролін ашып көрсетеді.
Қай кезде де өзекті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей келе жатқан
Тіл дамыту жұмысының мәселесі 1970 жылы Алматы қаласында өткен қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімдері, әдістемешілер, лингвист ғалымдар қатынасқан
ғылыми әдістемелік конференцияда кең түрде қарастырылған еді.
Ғалым Ахмеди Ысқақов мәжілісте жасаған баяндамасында: Жаңа
программада тіл дамыту деп аталатын жұмысқа ерекше назар аударылып отыр.
Бұл жұмыс та өмір талабынан туған нәрсе. Қауымның жалпы мәдениеті
көтерілген сайын өмірдің сала-саласында қолданылатын тілдің де мәдениетін
көтеріп, сөйлейтін я жазатын адамнан ойды әрі айқын, әрі жатық, әрі әуезді
етіп құруды қалайды. Бұл үшін, әрине оқушының тілін, жазуша да, ауызша да
дамыту қажет,- дейді.
Бұдан соң ғалым баяндамасында қазақ тілі сабағында жүргізілуі тиіс
стилистикалық жұмыстарға тоқталады: Соңғы кезде балаларға ана тілінің
стилистикасын білдіру , ана тілінің байлығын игерту, оның мүмкіндіктерін
пайдалана да, жұмсай да алуға машықтандыру мәселесімен байланысты, жаңа
программаға Тіл мәдениеті және стилистика, Тіл ширату (Связная речь)
деп аталатын тақырыптар енгізіліп, олардың жүйесі, жүргізу тәртібі
көрсетіледі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі 1970 жылдары біршама жетістіктерге жетті.
Осы ретте К.Арғыновтың қазақ тілін оқыту әдістемесі мәселелері бойынша
қорғалған докторлық диссертациясын атауға болар еді.
Аталған еңбекте қазақ тілінің синтаксис саласын мектепте оқыту мен
пунктуациялық ережелерді меңгерту жолдары қарастырылады. Бұл еңбекте тіл
дамыту мәселесі арнайы сөз етілмегенмен, синтаксистік материалдарды игерту
тәсілдері мен грамматикалық жұмыс түрлері тілдік тақырыптармен байланысты
тіл дамыту жұмыстарын басшылыққа алар әдістемелік құрал бола алады.
Осы жылдары қорғалған О.Байқуатованың да әдістемелік тақырыптағы
диссертациялық жұмысында тіл дамыту жұмыстары жайында арнайы сөз
етілмегенмен, сөз, сөйлем туралы түсініктерді меңгертуде әңгіме, өздік
жұмыс, суретпен жұмыс сияқты әдістердің маңыздылығын көрсетеді, ал бұлар
тіл дамыту жұмыстарында қолданылатын негізгі тәсілдер екендігі белгілі.
Ал 1978 жылы Б.Кәтембаева, Б.Құлмағамбетова, Х.Арғыновтардың
авторлығымен ІҮ-ІХ сыныптарда тіл ұстарту, 1980 жылы Б.Құлмағамбетова,
З.Қалауованың Қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту деген сияқты мектеп
мұғалімдеріне бағыт-бағдар беретін көмекші құралдар жарық көрді.
1990 жылдардан тілдік тақырыптармен байланыста тіл дамыту мәселелері
қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының арнайы зерттеу объектісі бола
бастады. Мәселен, ғалым Н.Құрманова сын есімдерді оқытуға байланысты тіл
дамыту жұмысының маңызына тоқталса, Т.Әбдікәрімова тіл дамытудағы мәтінмен
жұмыстың маңызын, оның оқушы тілін дамытудағы ролін анықтайды, т.т.
Ал соңғы жылдары қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымында оқушылардың
жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын байытудың теориялық және әдістемелік
маңызы сияқты мәселелер зерттеліне бастады.
Бұдан қазақ тілін оқыту әдістемесінде тіл дамыту жұмыстарының мәселесі
толығынан қаралып бітті деуге болмайды, жоғарғы сыныптардағы қазақ тілін
оқыту әдістемесі әлі де толыға түсу керек екендігі байқалады [4; 11-22].
Мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мәселелер, ғалымдардың
пікірінше, оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне
қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру.
В.В. Давыдов дамыта оқыту қағидасын бүтін жүйе ретінде қарастыруды
ұсынды. Оның құрылымы мынадай: оқу қызметі, оқу мақсаты мен міндеттерінен,
оқыту әдістерінен тұрады. Оқыту әрекетіне оқу операциялары (ұғымдарды
түсіну), оқуды игеру, бақылау, оқылатын материалды меңгеру дәрежесі, ал
қабылдау әрекетіне дағдылар мен біліктер жатады.
Л.В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі 50-шы жылдарда дүниеге келді.
Ғалымның пікірі бойынша мектеп баланы психикалық тұрғыдан дамыта алмай
келеді. Ол, бірнеше жылға созылған іргелі зерттеулерінде білім берудің жайы
мен оны одан әрі дамытудың жолдарына талдау жасайды. Оның лабораториясында
алғаш рет даму-мектеп жұмысының басты өлшемі деген идея туып, дамыта
оқытудың өзіндік жүйесін жасады.
Л.В. Занков жасаған дамыта оқыту жүйесін жеке тұлғаны жеделдете,
қарқынды, жан-жақты дамыту жүйесі деп те атауға болады.
Оқу әрекетінің негізгі себебі танымдық қызығушылық болып табылады.
Үйлесімділік идеясы әдістеменің ұтымды және жеке, ақпараттық және
проблемалық, түсіндірме және ізденгіштік сияқты әдістерін үйлестіруді талап
етеді.
Дамыта оқыту оқушыларды әртүрлі қызмет түріне тартуды құптайды, сабақ
беруде дидактикалық ойындар, пікірталастарды, ойлау, қиялдау, есте сақтау,
тіл байлығын дамытуға арналған оқыту әдістерін қолдануды ұсынады.
Дамыта оқыту технологиясында сабақтың жалпы мақсаты мен ұйымдастыру
құралдары оның тақырыбында, мазмұнында көздеген жеке мақсатына байланысты
нақтыланады. Оқушыны оның потенциалдық мүмкіндіктеріне бағыштай отырып,
мұғалім бұдан бұрынғы оқыту кезінде қандай әдіс тиімді болғанын, бұл
процестің психологиялық ерекшеліктерінің қандай екенін және оқушының өз іс-
әрекетінің, қызметінің мәнін түсіну дәрежесін білу керек. Л.В. Занков
баланың жалпы дамуының барысын анықтаудың төмендегідей көрсеткіштерін:
- байқағыштық – көптеген маңызды психикалық функциялардың
дамуының бастапқы негізі;
- ойлаудың дерексіздігі – талдау, жинақтау, абстрактілеу,
жалпылау;
- практикалық әрекет – материалдық объект жасай білу [5; 183];
Елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени-этникалық, экономикалық
өзгерістер халыққа білім беру мен тәрбие ісінің мазмұнын түбегейлі
өзгертуде. Қазіргі кезеңде қоғамдағы ізгілікке, руханилыққа бетбұрыс және
оқу-тәрбие жұмысын оқушы жанына түсінетіндей етіп жеткізу талабы туындап
отыр. Осыған байланысты жаңа технологиялар арқылы оқушылардың ана тілінде
бай әрі әдемі сөйлеу мәдениетін дамыту тіл білімімен тығыз байланысты.
Лингвистика тілдің нормасын, яғни, сөйлегенде қолданылатын тілдік
құралдардың пайдаланылуын, оның ережелерін, қолдану тәртібін, стилін, т.б.
жан-жақты қарастырады.
Демек, жаңа технологияларды пайдаланып оқытуда тілдің танымдық,
қатысымдық қызметіне соқпай кету мүмкін емес. Себебі дамыта оқытудың
лингвистикалық негіздері берілетін тапсырманың танымдылық қызметіне
негізделеді. Сондықтан қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық
қабілетін арттыруда берілген материалды олардың өз бетінше талдап,
дәлелдеп, талқылап ой қорытуы тілдің танымдық қызметімен тығыз байланысады.
Оқушылар тілдің танымдық қызметі арқылы, біріншіден, өмірді, қоғамды,
ортаны таниды, екіншіден, оқушының ішкі пайымдауы қалыптасады, үшіншіден,
қоғамдағы өзгерістерге ойын еркін жеткізуге дағдыланады. Ал тілдің
қатысымдық қызметі арқылы оқушы тілді жан-жақты меңгеріп, әдеби нормаға сай
сөйлеу шеберлігін жетілдіреді. Бұл жерде ойды екінші адамға жеткізуде,
адамдар мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға қызмет ететін қатысымдық
тұлғалардың атқаратын қызметі ерекше екендігін есте сақтаған жөн. Яғни,
жаңа технология арқылы оқытудың лингвистикалық негізін қарастыру қатысымдық
тұлғалармен тығыз байланысты. Бұл жөнінде ғалым Ф.Оразбаева: Лингвистикада
тілдік тұлға туралы проблема қаншалықты күрделі болса, соңғы жылдары
жаңадан қалыптасқан қатысымдық тұлға жөніндегі мәселе одан да күрделі.
Әсіресе, қазақ тіл білімінде бұл теориялық тұрғыдан да, практикалық жағынан
да арнайы зерттеу объектісі болған жоқ.- деп, қатысымдық тұлғаларға
мынадай анықтама береді: Қатысымдық тұлғалар – тіл арқылы қарым-қатынасты
қамтамасыз ететін белгілі орта мен араласу жағдайында жүзеге асатын,
тиянақты ойды хабарлау және қабылдау қасиеті бар, ерекше деңгейге
көтерілген тілдік тұлғалардың қатысынан тұратын, қарым-қатынастық мәні бар
бірліктер [6; 51-54].
Демек, ғалым көрсеткен қатысымдық тұлғалар: сөздің, сөйлемнің, тұрақты
тіркестің, мәтіннің жаңа технологиялар арқылы қазақ тілін оқытуда атқаратын
қызметі зор. Жаңа оқыту технологиясы бойынша даралап, саралап дамыта оқыту
барысында тілдік материалды игертуде ескеретін жағдай тілдің барлық
аспектісінде сөз өзінің түрлі жақтарымен көрініс табатындығы. Тілдік қарым-
қатынаста жұмсалатын сөздің бірнеше қасиеттері бар. Бұл қасиеттер жаңа
технологияларды жүзеге асыруда ерекше орын алады:
1. сөз адам санасында бейнеленген ұғымның жарыққа шығуын қамтамасыз
етеді.
2. сөз басқа қатысымдық тұлғалардың жасалуына ұйтқы болады.
3. сөз өмір шындығын нақтылы мағына арқылы түсіндіре келіп, адам ойының
екінші біреуге жеткізілуіне әсерін тигізеді.
4. сөз адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыруға негіз болады.
Демек, сөз сөйлеу, пікір алысу үрдісіндегі басты тұлға. Сөз адамдардың
жаңа технологиялар, яғни, дамыта оқыту технологиясы арқылы тілдік қарым-
қатынас жасауына, пікірлесуіне, өзара түсінісуіне мүмкіндік жасайтын
қатысымдық тұлға болып табылады.
Дамыта оқыту технологиясының жүзеге асуына негіз болатын қатысымдық
тұлғалардың бірі – тұрақты тіркестер. Тұрақты тіркестер өзінің қолданылу
ерекшеліктеріне қарай, ойды жеткізуде, құбылысты суреттеуде, жағдай
баяндауда мәтінге ерекше бейнелілік пен әсерлілік әкеледі. Тұрақты
тіркестер қазақ халқының басқа ұлттан өзіндік бітім-болмысын айқындайтын,
қазақ халқының рухани мәдениетінің дамуына әсер ететін қатысымдық тұлға
болып табылады.
Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін жаңа технологиялар арқылы танып-
білуде қатысымдық тұлға ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдердің алатын орны
ерекше. Мақал-мәтелдер рухани мәдениеттің биік деңгейге көтеріліп,
сақталуына бірден бір себепші. Қазақ халқының бай мәдениеті оның түрі мен
мазмұны тек сөз арқылы, соның ішінде, мақал-мәтелдер және нақыл сөздермен
сабақтастыра игерту арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, қазақ халқының бүгіні
мен болашағын тануға негіз болады.
Дамыта оқытудың жаңа технологиясын игертуге негіз болатын қатысымдық
тұлғалардың бірі – сөйлем. Сөйлем – тілдік қатынастың жүзеге асуына тікелей
себепкер болатын ең қажетті тұлға. Сөйлем тілдік тұлға ретінде тиянақты
ойды білідрсе, қатысымдық тұлға ретінде ойды білдіріп қана қоймай, адамдар
арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыратын сөйлеу құралы ретінде
қолданылады.
Тіл адамзаттың бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы ретінде
қолданылады. Тілдік қатынас құралы ретінде жүзеге асуына әсер ететін
қатысымдық тұлғалардың ең жоғарғы сатысы – мәтін болып табылады. Мәтіндер
қатысымдық тұлғалардың, сөйлемдердің жиынтығы ретінде іске асады. Сөйлемдер
бірізділікпен аяқталып, автордың айтпақ ойын жеткізе отырып, мәтіннің
жүзеге асуына ұйытқы болады. Адамның күнделікті өмірдегі тірлігінің бәрі
мәтіндер арқылы жүзеге асады. Адамға тұрмысқа қажетті тамақтың рецепті, әр
түрлі хабарландырулар, ертегі, әңгіме, ғылыми мақалалар, газеттік мәтіндер,
оқулықтар, көркем шығармалар, т.б. сияқты мәтіндерді қолдану арқылы адам
өзінің күнделікті қажеттілігін қанағаттандырады, адамның өмірі мәтінмен
тығыз сабақтасып жатады. Мәтін мазмұны арқылы тек ауызша баяндауға ғана
емес, әдемі сөйлеуге, сауатты жазуға үйренеді. Оқушылар мәтінді өз бетінше
оқып, содан соң дауыстап оқуы тиіс. Мәтінді оқу арқылы ондағы жаңа
мәліметтермен танысады, ойын жеткізеді, көзқарасын білдіреді. Демек,
мәтіннің тілдік қатынаста алатын орны зор.
Қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының әр
кезеңіне сәйкес мектептің мақсаты мен міндеттерінің өзгеруіне байланысты
оқытуды ұйымдастыру процестері де өзгеріп отырады. Оқушының дамуы оған ішкі
және сыртқы ортаның ықпал етуінен туатын құбылыс болғандықтан, сөйлеу
процесінің негізінде лингвистикалық, логикалық, экстралингвистикалық
ұғымдардың қалыптасуы сабақ барысында жүргізіледі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі лингвистика, логика, педагогика,
психология ғылымдарымен тығыз байланысты. Жаңа технологиялар арқылы тілді
оқыту кезіндегі жүргізілетін әдістемелік жұмыстар лингвистикалық негізде
іске асырылады. Тіл ғылымының үздіксіз дамуы нәтижесінде әдістеме ғылымы
жетіліп, байып отырады. Мектепте оқытылатын қазақ тілі курсы лингвистика
ғылымына жаңадан енген теориялар және тілдік фактілер арқылы дамиды.
Қорыта келгенде, оқушы жаңа технологиялар арқылы тілді оқығанда
лингвистикалық заңдылықтар мен грамматикалық ерекшеліктерді үйренбей тұрып,
өз ойын дұрыс жеткізе алмайды, ана тілінде әдемі сөйлеу нормасын меңгере
алмайды. Сол себепті жаңа технологиялар арқылы оқушының сөйлеу тілін
дамыту, тілдік материалды меңгерту, сөздік қорын молайту лингвистикамен
тығыз байланыста болады.
1.2. Морфологиялық тақырыптарды оқыту әдістемесінің зерттелуі
Жалпы білім беретін орта мектептің он бір жылдық мерзімге
ұзартылуына, бастауыш кластың оқу мерзімі төрт жылға созылу мәселелеріне
байланысты мектепте берілетін білім негіздерінің программалары қайта
қарастырылып, жетілдірілді.
Реформа негізінде жетілдірілген қазақ тілі программасы Қазақстан
мектебі журналының 1986 жылғы 11- нөмірінде жарияланып, мұғалімдердің
талқысына ұсынылды. Бұл жетілдірілген қазақ тілі бағдарламасында фонетика,
зат есім, сын есімдер бөлшектенбей, тұтас бір жерде бір класта өтілу
ұйғарылды. Атап айтсақ, фонетика және зат есім түгелдей 4-сыныпта, сын есім
түгелдей 5-сыныпта ұйғарылған. Ал етістік бұрынғы үш жерде (үш сыныпта 4,
5, 6) оқытылуы, негізінен сақталған. Бұрынғы бағдарламада оқушының жас
ерекшеліктеріне байланысты етістіктің ішкі жүйесінің тізілісінде өзгеріс
болған еді. 4-8-сынып қазақ тілі бағдарламасындағы етістіктің берілуінде
етістіктің ішкі заңдылық жүйесін сақтау ескерілді. Жетілдірідген қазақ
тілінің жаңа бағдарламасындағы сөз таптарының сағатында біраз өзгеріс
болды.
Морфология бөлімінің объектілері ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеліп,
нақтыланған, осыған орай, морфологияны оқыту мәселесі де методикалық жақтан
қарастырылуы аз емес.
Атап айтсақ, Жиенбаев С. (Қазақ тілі методикасы, 1946), Сарыбаев Ш.
(Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері, 1956, 1959), Әлімжанов Д.,
Маманов Ы. (Қазақ тілі методикасы, 1965), Ұйықбаев И. (Қазақ тілінде сөз
таптарын оқытуға көмекші материалдар, 1957), Кәтенбаева Б., Нұрғалиева М.
(Морфологияны оқытудың методикасы, 1975), Еліктеу сөздерді оқыту, 1974;
Мұғалімдерге қазақ тілінен көмек, 1972; Қазақ тілі методикасының
мәселелері (1969) тақырыпты күрделі еңбектердің бәрінде де қазақ тілі
морфологиясының объектілерін оқыту мәселесі әрқилы әдіс-тәсілдермен,
индукция, дедукция және аналитикалық, синтетикалық, сұрақ-жауап әдістері,
салыстыру, әңгімелесу, ізденіс жасату, ойландырту, сөйлеу әдістері арқылы
оқытудың жолдары жан-жақты сөз болады. Қазақ тілі морфологиясының жеке
категорияларын оқыту жөнінде шыққан кітапшалар мен жинақтар, методикалық
көмекші құралдардың саны да біраз болды.
Республика, облыс, қала, аудан көлемінде өтілетін Педагогикалық
оқуларда озат тәжірибелі мұғалімдердің іс-тәжірибесі жөнінде жасалған
баяндамалардың көпшілігінде морфология тақырыптарының оқытылуы көлемді орын
алған. Мұғалімдердің едәуір еңбектері Мектепте қазақ тілі мен әдебиетін
оқыту мәселелері (1957,1958, 1959, 1961, 1963, 1972, 1974); Қазақ тілі
мен әдебиетін оқыту мәселелері (1982); Мектепте қазақ тілін оқыту
проблемаларын жетілдіру (1984) деген методикалық жинақтар әр жылдары жарық
көрді.
Қазақ тілін оқыту методикасы (1988 ж) атты еңбектің жалпы
редакциясын басқарған Б.Құлмағамбетова Грамматиканы оқыту - оқушының
сөйлеу, жазу дағдысын, мәнерлі оқуын, орфографиялық , пунктуациялық және
стильдік білім дағдыларының қалыптасуының, дамуының негізгі кілті болып
танылады - дей келіп, тілдің қоғам, ғылым, халық өмірінде, жалпы адамзат
өмірінде алатын орны зор екенін айтады: Мектепте оқытылатын білім
негіздерінің бәрі де тіл арқылы түсіндіріліп, тіл арқылы меңгертіледі.
Тілсіз бірде-бір ғылым негізін меңгеру, қоғамдық құбылысты тану мүмкін
емес. олай болса, тілді оқыту, оның ішінде ана тілін оқытудың міндеттері әр
халықтың мәдениетін, әдет-ғұрпын, тарихын танытудың негізгі құралы болып
есептелінеді [7; 149-150].
С.Қазыбаев Қазақ тілі методикасы (1990) атты еңбегінде
морфологиядан меңгерілетін білім мазмұнын былайша айқындайды: Қазақ тілі
грамматикасының күрделі тарауы морфология. Сөз құрамы және Сөз таптары
болып екі салаға бөлінеді. Сөз құрамы ІІ-ІІІ кластарда өтіледі. Екінші
класта программа бойынша түбір және қосымша, туынды сөз, сөздің түбірін
тапқызу жөнінде білім мен дағды беруге болады. Үшінші класта сөз құрамы
тарауынан біріккен сөздер, қос сөздер және қысқарған сөздер өтіледі.
Дегенмен сөз ұғымы жөнінде оқушылар І кластан бастап, әліппе кезеңінің
өзінде-ақ практикалық жағдайда мағлұмат алады.
Сөз құрамы ІІ-ІІІ кластарда грамматикалық терминдер арқылы оқытылады.
Программалық негізгі тақырыптарды өте отырып, балалар ІІ класта түбір сөз,
туынды сөз, қосымша және жалғау мен жұрнақ деген ұғымдармен танысып,
олардың анықтамаларын, қызметін түсінеді. Үшінші класта біріккен сөздер,
қос сөздер, қысқарған сөздердің ерекшеліктері, жазылу емлесін үйренеді.
Бұларға қоса оқушылар сөз формалары, олардың өзгеру, түрлену жолдары,
жөніндегі білімдерін ІІ-ІІІ кластарда сөз таптарын оқумен байланысты
тереңдете түседі. Мысалы, екінші класта зат есімді өтуге орай көпше зат
есім жасайтын көптік жалғауларды үйренсе, сын есімді оқығанда зат есім мен
етістіктен туынды сын есім жасайтын жұрнақтармен танысады, ал сан есімді
өткенде, реттік сан есім жасайтын жұрнақтарды меңгереді. Үшінші класта сөз
таптарын өткенде оқушылардың сөз құрамы, сөз бөлшектері (морфемалары)
жөніндегі білімдері әлдеқайда ұлғаяды. Олар тәуелдік, септік, жіктік
жалғауларымен, сондай-ақ әр сөз табынан туынды сөз тудыратын көптеген
жұрнақтармен танысады. Олардың сөйлемдегі сөздерді байланыстыру сөйлем
мүшесін жасау жолындағы әр алуан синтаксистік қызметінен ғылыми мағлұмат
алады [8; 64-85].
Байқаймыз, бұл еңбекте морфология мен сөзжасам ғылыми салаларының
аражігі әлі айқын ажыратылмаған. Бүгінгі күні қазақ тіл білімінде сөз
тудыратын жұрнақтар, аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздер
(біріккен, қос, қысқарған сөздер) сөзжасам саласы қарастыратын негізгі
объектілер болып табылады. Ал заттық, сындық, сандық, т.б. ұғымдарды
білдіретін сөздердің сөйлемде атқаратын қызметтерін алдын ала болжау
принципі арқылы оқушыларға таныту – бұл морфология мен синтаксистің бір
грамматика саласының құрамдас бөліктері екендігін ескеріп, оқытудың
ғылымилылық, жүйелілік принциптерін жүзеге асыру болып табылады.
Д.Әлімжанов Қазақ тілінің грамматикасы және оның маңызы атты
еңбегінде: Мектептерімізде оқылатын қазақ тілі грамматиканың оқушыларға
білім-тәрбие берудегі маңызы ерекше зор- дей келе, оқушылар оқу барысында
грамматиканың құрылысымен танысады, сөздердің түрлену жүйесі мен сөйлемде
өзгерісін, т.б. зерттеп біледі дейді. Ғалым грамматиканы оқу арқылы
оқушылар өзінің сөз қорларын молайта, байыта отырып, сауатты сөйлеуге,
дұрыс сөйлемдер құра алуға үйренеді; сол арқылы логикалық ойларын дамытады,
грамматикалық категорияларды танып, қызметтерін айқындай алады деген
тұжырымға келеді. Кейін грамматика туралы: Қазақ тілі грамматикасы өзінің
ғылыми мазмұны мен теориялық жүйесі жағынан морфология және синтаксис болып
екіге бөлінеді- дейді.
Ал Морфологияның кейбір категорияларын оқытудың әдістері деген
еңбегінде морфологияға мынадай анықтама береді: Морфология тіліміздегі
сөздердің құрамын, оның жасалу жолдарын, түрлену ерекшеліктері мен ондағы
өзгеру заңдылықтарын, сөздіктердің мағыналық жағынан түрленіп, өзгеруін
және молығуын зерттеп үйретеді де, морфология – грамматиканың көп
қолданылатын және оның барлық саласымен ұштасты, оларды қолдануға дәнекері
сияқты қызмет атқаратын ең бір тармақты саласы деген өте құнды пікір
айтады. Өйткені морофлогияны оқымай синтаксистен толыққанды мағлұмат алу
мүмкін емес және морфология қазақ тілінің барлық саларымен тығыз байланысты
екендігі дұрыс пікір. Мысалы, морфологиялық тұлғалар сөзге жалғанғанда
кейбір дыбыстар өзгеріске ұшырайды (тарақ - тарағым), кейбір сөздердің
мағынасы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz