Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы мұғалімнің рөлі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Мұғалімдік мамандықтың тарихи аспектісі.
1. Мұғалім мамандықтың шығу тарихи және оның қазіргі оқыту процесіндегі
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..
2. Мұғалімнің өзін - өзі тәрбиелеуі мен кәсіби дамуы.
3. Мұғалім педагогикалық әрекетінің субъектісі

ІІ тарау. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы мұғалімнің рөлі.
1. Шығармашылық қабілетті дамытудағы әдіс-тәсілдер.
2. Оқушыларды шығармашылыққа жетелеу жолдары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымшалар

І-тарау. Мұғалімдік мамандықтың тарихи аспектісі.
1.1. Мұғалім мамандықтың шығу тарихи және оның қазіргі оқыту
процесіндегі рөлі
Мұғалім мамандығы ертеден келе жатқан мамандықтардың бірі. Адамның
бойына жақсы адамғершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер - білімді ингеруі
тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы
түсінген халқымыз Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы, Тәрбиелік тапса адам
болар, оқуын тапса білім қонар деп үлағатты ұстаздың еңбегінің текке
кетпейтінін өсиет еткен. Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда Ұстазға
қарап шәкірт үшін өз еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ. Ұстазының
өзіне ұқсаған, талантты шәкірт болса, ұстазға ол үлкен абырой, зор
мақтаным. Халық педагогикасында жастарға арнайы: Ұстазыңды ұлы әкеңдей
сыйла, ол саған бойындағы бар асылын берді, өнер үйретті, әкең жасамаған
жақсылықты жасады, шын шәкірт болсаң, ұстазыңның үмітін ақта, жолын қу,
өнерін жалғастыр деген ақыл - кеңестер айтылған. Мұның бәрі берген,
сезімтал, ақыл - ой парасаты мол, жан-жақты білімді, өнегелі, өнерлі азамат
болуын кексеуден туған.
Сондықтан да мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда өзіндік
ерекшілігі мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге,
еңбек пен әлеуметтік іс -әрекетіне дайындау - мұғалімді көп іздендіріп,
ойландыратын жұмыстың ең басты түрі олай болса, мұғалім тәрбие мен оқытудың
тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс.
Сонда ғана мұғалім жаңашыл, оқушыларға тәрбие мен білім берудің теориясымен
практикасын дамытудың қозғаушы күші және шебері бола алады.
Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелікпен жүзеге
асырылатыны айқын. Мысалы, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы
түсініктен абстрактылы ұғымға біртендеп ауысу ережелерін және
6
оқушылардың жасымен дербес ерекшіліктерін еске алмайынша оқу және
тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан мұғалімнің алдындағы
басты міндет - оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз
шеберлігіне, еңбек ете білуге, шығармашылық қабілетін дамытуға үйрету және
тәрбиелеу. Ұстаз бүгінгі емес, ертеңгі болашаққа қызмет істейді.
Бүгінгі мұғалім осы заманға лайық па?
Мұғалім бейнесін суреттейтін болсақ, ол біріншіден 45 минуттың
қожайыны; екіншіден мектеп, аудан көлеміндегі барлық іс-шаралардың
ұйымдастырушысы, үшіншіден барлық тексерудің соңғы нүктесі. Мұғалім
мәртебесін көтерудегі іс-шаралардың қолға алғанымен, мұның гумандық
дәрежеде орындалуының ауылы алысырақ. Өйткені әр адамның біріншіден өзіне
деген көзқарасы өзгере қойған жоқ. Әркім өзіндік Мен дәрежесінде өзін
көрсетуге жете қойды деу артық, әлі де болса, тозарыдан келген жоспарға
сүйену орын алып отыр. Көп жағдайда мұғалімнің осындай халге ұшырауына тек
мұғалімнің өзі ғана жауапты. Мысалы: 20-25 жылдық еңбек стажы бар
ұстаздардың әлі де болса, өз әдіс-тәсілдерін талдаудан, өзіндік методикасын
жетілдіріп, өзіндік технологиясын жасаудың орнына дайын әдіс-тәсілдерін
енгізуіне, елдің аузында барды оңайлап өзіндік етуге құмар.
Cондай-ақ мұғалімнің мамандығына байланысты ресей, қазақ ақын-
жазушылардың ой пікірлері. Ыбырай Алтынсарин тәрбиеші ұстаз мұғалімдік өнер
жөніндегі айтқандарында да психологиялық түйіндер аз емес. Ол оқу-тәрбие
процесіндегі мұғалім рөліне айрықша маңыз берді, мектеп ісінің сан-
саласындағы жетістіктерді мұғалімнің білімі мен іскерлігіне, беделі мен өз
жұмысын жан-тәнімен сүйе білуіне байланысты деп түгінді. “Қазақ
мектептерінің бар келешегі – деп жазды ол, көбінесе, істің қазіргі
басталуына байланысты, сондықтан да мен қымбат көремін” – деп айтқан екен.
Ол мұғалімге мынадай міндеттер қойды: нағыз мұғалім
7
болуы үшін шәкірттердің өзіндік ерекшеліктерімен мықты сана қажет. Ол
үшін әдебиеттерді үнемі оқып, қадағалар отырмаса болмайды. Мұғалімге аса
сезімтал, бала жанын жазбай танитын адам болу қажет екенін айта келіп, ол
оқу тәрбие саласында ізденбейтін мұғалімдерге қатты ренжиді. “Мындайлар деп
жазды ол оқушыларды адастырады, сонан кейін қойылған сұраққа оқушылардың
жауап бере білмегеніне ренжіп, өздері де ашулана бастайды, тіпті оқушыларға
өшігуге дейін барады”. Осыдан кейін оқушыларды бұрыңғыдан да адастырады,
мүлде салыстырып оларды тіпті ешбір жауап бере алмайтын халге жеткізеді.
Сабақ беру методикасы төмен мұғалімдерді ол “Баламен түсінесе алуға шорқақ,
дарыны жоқ адам” деп сипаттайды. “Оқушыларды бағалағанда” деп жазды Ыбырай
Алтынсарин. Олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың
егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау
қажет”. Ол ұстаздан өте сезімталдықты балаға деген сүйіспеншілікті оның
жайын жазбай тануды қажет етеді. Шәкірттерді сүйе білген оқытушы ғана қатаң
талапты әрі өнегелі, беделді тәрбиеші бола алады деп атап айтқан. М.Дулатов
оқу тәрбие мәселесіне ғылыми тұрғыдан қаралған, атап айтқанда оқытудың жаңа
әдістәсілдеріне, шәкірттердің жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына ғылыми
дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән береді. Бұл
айтылғандарды оның “мұғалемдерге” атыы мақаласына (1915) “Қирағат” кітабына
жазған алғы сөзінен жақсы байқауға болады. “Балаларды – дейді ол оқыту өз
алдына бір ғылым Қирағаттың мақсаттың түсінбеген мұғалім үміт еткен пайданы
бере алмайды. Жас балаларды оқыған нәрсесі хақында ойлануға, оның
мағынасын, қасиетін сездіруге қалай үйретпек керек? Баланы оқыған нәрсесін
бір-біріне ұйқастырып ойлауына, оқып шыққаннан кейін жадында ретті һам
толық мағынасымен қалдыруға әдеттендіру керек” деп айтқан. Мыржақып Дулатов
“Бастауыш мектепте алған тәрбиенің – деп жазды ол - әсерлі, күшті, сіңімді
болуы, қай халықтың мектебінде болса да
8

оқу кітаптары ана тілімен, өз ұлтыңның тұрмысынан, табиғаттан жазылып,
баяндап оқытудың асыл мақсатына үйретуден, осылай біліп, баяндап оқытқанда
балқыған жас баланың ойына, қанына, ұлт рухы сіңісіп, ана тілін анық
үйреніп керекті мағлұмат алып шығады. Мұндай балалар бастауыш мектепті
бітіргеннен кейін қай жұрттың мектеп медресесінде оқыса да, қай жұрттың
арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды. Оқудағы мақсат
жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру
“Мыржақып Дұлатовтың 1921 жылы Ташкентте шыққан “Есеп құралы” қазіргі
кездегі математикадан оқу кітаптарын құрастырушылар үшін теңдесі жоқ үлгі
деуге болады”. Осы кітаптың алғашқы нұсқасы 1914 жылы Орынборда басылған
еді. Мұнда бастауыш сыныптардың ұғымына оралымды, көкейіне қонымды,
күнделікті қазақ өмірінен алынған қазақ психологиясына бесенеден танымал
есептер, тапсырмалар мен жаттығулардың төрт амалды “қосу, алу, көбейту,
бөлу” зердеге тез тоқып алуға жәрдемдесетіні дау туғызбайды. М.Дулатов
жазған “Қирағат” кітабы (1924) өзінің құрылысы жағынан бастауыш сынып
оқушыларына жеңіл, түсінікті тілде табиғатпен байланысты әңгімелерден
(жылдың төрт мезгілі, ол кездердегі жан-жануарлар мен құстар өміріндегі
ерекшеліктер, ел өмірі, тұрмыс-тіршіліг т.б.) тұрады яғни мында биология,
экология салт-дәстүрден хабар беру көзделген. Екінші бөлімінде балаларды
талаптылыққа, еңбек етуге, адамгершілікке баулитын ғибратты әңгімелер
топтап берілген екен. Жүсіпбек Аймаутовтың “Тәрбиеші, жетекші атты
еңбегінде баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс
жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін негізгі бөлімі –
дидактикаға ғылыми анықтама берген. Оның пікірінше, мұғалімнің айналысатыны
үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан бір
келкі әдістен табан аумай шектеліп қалуға болмайды. Сабақ беру
9
үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер.
Дидактика мұғалімге жалпы жол-жоба көрсетіп, жетекшілік етеді – сыннан
өткен тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды – деп оқыту, білім беру әдісінің
қатып семіп қалған догма емес, үнемі ізденуден туатын іс-әрекет екенін
дұрыс атап өтті. “Балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру үшін мұғалімнің
ұстаздық шеберлігі жоғары болуы және оның професионалдық еркіндікке ие
болуы керек” деген идеямен астарласып жатқанын байқау қиын емес. Сондай-ақ
“Білімге деген ынталанушылық – деп жазды ол - адам бойындағы ой еңбегі
күшінің қайнар көзі сондай-ақ көздерді көбірек ашу, бөгетсіз саулатып
ағызу, өркендету өнері – мұғалімнің бойына біткен қасиет болуы керек”.
Сондықтан да әрбір мұғалім, сабақ беру процесінде қызықты мағлұматтармен
балаларды шабыттандырып, олардың ынта-ықыласын, зейін-зердесін, білімін
меңгеруге бағыштау үшін төмендегі шарттарды орындауы тиіс. Олар: жаңа
берілетін білімді баланың білетін мағлұматтармен ұштастыру: жаңа білімді
таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына оқушылардың ынта-ықыласын аудару:
оқушыларға жаңа білімді меңгеруге бағыттайтын сұрақтар қою арқылы олардың
ынта-ықыласын ой-еңбегіне аудару, қажетсіз мағлұматтарды айтудан сақтанып,
баланың ынта-ықыласын, зейінін туғызатын қызықты нәрселерді ғана сөз ету:
баланың ішін пыстыратын бір келкі мағлұматтарды айтудан сақтану, салыстыру,
теңеу, ұқсату, қолдану, көрнекілікке көңіл бөлу, оған сай құралдарды алдын-
ала сайлап алу, өзгелерді ынталандыру үшін оқытушының үйрететін нәрсеге,
берілмек білімге деген өзінің де ынта-ықыласының күшті боуына байланысты
болады. Бастауыш сыныптарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу
арқылы олардың қабілеттерінің дамуына кең жол ашады. Мұғалім алғашқы күннен
бастап оқушының ыждағаты мен бейімділігін, оның қолынан не істеу
келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу
процесін осы негізге орайластыра жүргізгені
10

дұрыс. Кей бір мұғалімдер баланың оқу материалдарын тез ұға
алушылығымен ғана байланыстырады. Бұл жерде де мұғалімнің аса сезімталдығы
қажет, өйткені нерв жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты болып келетін
балалар да аз емес. Мұғалім жақсы үлгеретін оқушыларға талапты көбірек
қойып, қосымша тапсырмалар беретін болса “орташа” қабілеті бар балаларды да
бақылаудан тыс қалдырмаған дұрыс. Кей жағдайларда осындай балалардың табиғи
мүмкіндіктері жеткілікті болғанымен, мұғалімнің назарынан тыс қалып қояды
да, ол “орташа” оқушы болып кете береді. Сондықтан да оқушының келешегіне
зор үмітпен қарау керек. Мұғалім оқушылардың қабілеттерін дамытып отыруды
да ұмытпауы тиіс. Бұл үшін ол оқушыларға қоғамдық тапсырма береді, оның
орындалу сапасын тексереді. Сондай-ақ баланың ұқыптылығын, ыждағаттылығын
қадағалап, оның даму түсуіне бағыт көрсетіп отырады. Мектепте жүретін
барлық сабақтардың бала қабылдауын төмендегі шарттарды орындап отыруы тиіс:
1. көрнекі құралдарды (модельдер, суреттер, коллекциялар) пайдалануда
балалардың жас ерекшелігін мұқият ескеру жөн.
2. оқушы байқаудың, қабылдаудың мақсатын айқын ұғынып, қабылданатын
заттар мен құбылыстардың мәнісіне қалай да түсінгені мақыл мәселен,
бала әдебиеттегі көркем щығарманы қабылдағанда, мазмұндаудың тәртібін
түсіне білмейінше, оны мағыналы де қабылда алмайды.
3. Қабылданатын заттар мен құбылыстарды бір-бірімен салыстыруға, жаңа
материалды оқушылардың бұрыңғы білімдерімен үнемі байланыстырып
отыруға, әр түрлі объектілердің жеке жақтары мен ұқсастықтарын
ажыратуға көзделген басты мақсат пен жеке мәселелерді түсініп, айыра
алуына қатты зер салу қажет.
4. Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда оқу материалының
11
5. түрі, көлемі, ауыр-қиындығы еске алынып, бұларды қабылдаудың сапалы
болуы мұғалмнің дұрыс нұсқау бере біліуне де байланысты, мәселен сурет
көрмесін көрген оқушыларға кейін ондағы нәрселерді қайтадан айтып беру
міндеті қойылмаса, сол нәрседен санасында бұлдыр елес қана қалатын
болады.
6. Оқушылардың байқағыштық қасиетін тәрбиелеу үнемі есте болғаны жөн.
Қабылдау мен бақылаудың дәлдігін тәрбиелегенде баланың ауызша
сөзіндегі немесе жазғандағы қателерін өзіне түзеттіріп, оны қайтадан
дұрыс қабылдап үйренуге әдеттендіру қажет.
Соңғы жылдары біздің еліміздің жаңашыл мұғалімдердің шығармашылық
тәжірибесі жорық көре бастады. Олардың авторлары профессорлар Ш.А.
Амонашвилли және П.И. Иванов мұғалімдер В.Ф. Шаталов, И.П.Волков, Е.Н.
Ильин. Осы авторлардың арқайсысы оқу-тәрбие процесінің тиімділігі мен
сапасын арттыруда өздерінің ерекше әдістерін жасады. И.П.Волков “Бірінші
сыныптан бастап өз бетімен және шығармашылық іс-әрекеті негізінде
оқушылардың даму қабілетін және бейімділігін анықтауға байланысты сыныпта
сыныптан тыс жұмыстың белгілі жүйесін жасады. Бұл кіші мектеп жасындағы
балалармен шығармашылық сабақ өткізіп, олардың нышанын және қабілетін
анықтауға мүмкіндік туғызды. Білім беру саласында қажырлы еңбек етіп, үлес
қосқан Республикамыздағы жаңашыл мұғалімдерді атап кеткен жөн. Олар: Құрмаш
Нұрғалиұлы Нұрғалиев, Нұртазина Рафика Бекенқызы, Архимед Мыңбайұлы
Ысқақов, Григорий Максимович Курбатов. Сонымен іздену арқылы басты
мәселелерді жете біліп, зерттеу, жинақтау, оны насихаттау, іске асыру және
тәрбие жұмысын онан әрі жақсарта берудің сарқылмас көзі. Бұл жұмысқа
мұғалім жұртшылығы белсендікпен қатысып, зор үлес қосуға тиіс.
Ал орыс ғалымы В.А.Сухомлинскийдің айтуы бойынша, нағыз мұғалім
балаларды сүйетін, өз пәнін жетік меңгерген, психология мен
12
педагогиканы терең білуі тиіс. Тәрбиелік, жоғары мәдениеттілік, өз
пәніне, ең бастысы, балаға деген сүйіспеншілік мұғалімнен талап етілетін
басты мәселе деп атап кеткен. Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасында
балалардың мұғалімге деген жақсы көрушіліктен барынша шалғай жатқан
қорқыныш, сыйламау тек көру сияқты сезімдерді бастан кешіретіні жиі
кездеседі. Бұл мұғаліммен оқушының жеке бастарының ара ақтысы мен оқыту
әдістерінің санасына байланысты. Ізгілендіру принциптері оқытудың әдіс-
тәсілдеріне мынадай талаптар қояды:
- Мұғалімнің оқыту негізінде билік жүргізу әдісінен арылуы;
- Оқыту үрдісі негізінде - білім беретін мұғалім емес, осы білімді
қызыға қабылдауға дайын оқушы екендігі, балалардың оқуға деген ынтасын
көркейту, өз дербестігін дамыту;
- Оқу - тәрбие жұмысына ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын,
қасиетін дер кезінде айқындау. Ізгілік бағыттың негізгі идеялары;
- Оқушылармен ұнамды қарым-қатынас;
- Қысым көрсетпей, еркін ұстау;
- Оқушы еңбегін бағалау;
- Тұлғаны дамыту;
- Өзіндік көзқарас;
- Өзін - өзі сыйлау идеясы;
- Өз пікірін білдіру.
Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі - сапалы білім және жақсы тәрбие
алған шәкірттерінде. Мұғалімнің сабақтағы қолданған әдістері оқушыға әсер
етуіне қарай бағаланып, өз алабына сай орындалып отыруы тиіс.
Мұғалім үшін кәсіби біліктілігін арттырудың бір жолы – жеке
кітапханасының болуы. Мұғалім үнемі оқып, ізденіп жүргенде ғана мұғалім.
Халық педагогикасының алтын қазығы, тағылымы мол қағидаларын бүгінгі күннің
өршіл жаңалықтарымен ұштастырып
13
отырудың ұстаз үшін орны ерекше.
Білім беру жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау
институты қала мұғалімдерінің білімін жетілдіріп, оларға дер кезінде зор.
Ұжымның алдына қойған ауқымды мақсаттары мынадай:
- білім беру қызметкерлерінің кәсіптілік біліктілігін арттыру;
- білім беруде жаңа шын шеберлігі мен біліктілігін жетілдіру;
- мұғалімдердің біліктілігін артырудың мемлекеттік жүйесінің кеңінен
дамуын қамтамасыз ету.
- Білім беруде ғылыми - әдістемелік көмек ұйымдастыру.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін біліктілікті арттыру курстары, арнайы
семинарлар, семинар-практикумдар, мұғалімдердің өз бетінше білімін көтеру
жолдарын қамтамасыз етеді. Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін
арттыру және қайта даярлау институтында білім жетілдіру курстары педагог
кадрлардың біліктілігін арттыруда - бұл мектепті жаңарту мәсілелеріне
сәйкес оның кәсіби шығармашылық даму үрдісін ізгілендіру болып табылады.
Яғни, шығармашылық даму – адамның алға қойған мақсатын бұл шешуі.
Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі мен талантын шыңдаудың тағы бір жолы
– алуан түрлі сайстар өткізу. Бұл сайыстарда заман талап етіп отырған
оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы мен жаңа бағдарламаға сай
педагогикалық тәжірибелер, ғылыми зерттеу жұмыс түрлері көрсетіліп,
институт қорына кіруде. Осындай жұмыстардың түрлері арқылы мұғалімдердің
зерттеушілік мәдениетін көтеруге жол қойылды.
Мұғалім - мектептің жүрегі. Жүрек арқылы қан тамырлары тіршілік беріп,
жан бітіріп тұратын болса, мұғалімсіз ешқандай оқулық, кітап, әдістемелік
құралдарға жан бітпейді, яғни олар мұғалімсіз - жансыз дүние болып қала
береді. Сонымен катар адам қасиеттерін дамыту, бала бойына сіңіру мен
қалыптастыруда мұғалімнің алатын орны ерекше.
Мұғалімдер адам жанының хирургі деп бекер айтпаса керек.
14
Сондақытан ең алдымен мұғалімнің жеке тұлғасы мен оның кәсіптік
мәдениетіне айрықша көңіл аудару қажет. Біріншіден, қай қоғамда болмасын
мұғалім сол қоғамның белсенді мүшесі, белгілі бәр әлеуметтік топ болып
рухани өзгрістер мен жаңалықтардан тыс қала алмайды. Сол қоғам қажеттілігі
мен сұранысына, мемлекет жүргізіп отырған саясатқа тәуелді болатыны сөзсіз.
Осыған орай оқыту мен оның формалары да жаңғырып, заман талабына сай
өзгеріске түсіп отырады. Сол себептін де мұғалімдерді даярлау және міндеті
басты мәселе болып табылады.
1. Мұғалімнің шығармашылық еңбек етуіне қолайлы жағдай жасау.
2. Әлеуметтік жағдайына назар аударып, басқа жағдаяттар мен өзін ұжымды
еркін сезініп, талапты еңбек етуі мен іс-әрекетіне жауапкершілік
туғызу.
3. Мұғалімдердің білім жетілдіру институттары мен ғылыми орталықтардың
арасындағы байланысты тұрақты жүйені арттыру.
4. Заман талабына, қоғам сұранысы мен қажеттілігіне сәйкес әлемдегі және
бүгінгі озық іс-тәжірибе, жаңа технологиялар инновациялық әдістермен
ұдайы қаруландырып отыру.
5. Шығармашылық ізденісі мен еңбегіне толық еркіндік бере отырып, оқытуды
ізгелендіру мақсатындағы талап пен тілектеріне , өзіндік іс-
тәжірибесіне мүмкіндік туғызу.
6. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы үшін қажетті
бағыт - бағдар беру, кәсіптік шеберлігін арттырып отыруға бағытталған
түрлі курстар мен семинарлар, конференциялар өткізіп тұру қажет.
7. Мұғалімнің қоғамдағы белсенділігін арттыру үшін кәсіптік мәртебесі
және әлеуметтік беделіне үнемі көңіл бөліп отыру. Алдымен мұғалім
электронды ақпараттық құралдарымен жабдықталуы қажет.
8. Әлеуметтік қорғалуына, мұғалім мәртебесінің өсуіне әлеуметтік
15
9. жеңілдіктер мен ынталандыру жолдарымен қарастыру керек. Педагогтың
жеке тұлғасын қалыптастырудағы мектеп басшысының рөлі:
- ұжымдағы орнықты моральдік-психологиялық ахуал қалыптастыру;
- мектеп ұжымының алдындағы мақсат пен міндетінің айқындылығы, соған
байланысты ортақ іске жұмылдыра білдіру шеберлігі дәрежесінің болуы;
- жұмысқа қабылданған жас маман мұғалімінің психологиялық, этикалық
ерекшелікті нақты білуі керек;
- кәсіптік шеберлігінің артуына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, өз
білімін көтеруіне жағдай жасау, еркіндік беру. Кәсіптік санатының
өсуіне көңіл аудару;
- жаңа технологиялармен қарулануын, әдістемелерінің түрленіп тұруына
бағыт беру;
- еңбекке ынтасын арттыру жолдарын қарастыру. Әлеумеггік жағдайын
назарда ұстау;
- шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді ынталандырып отыру;
- өз мамандығына деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру;
- кадрлар тұрақтылығы, мұғалімнің процесіндегі жетекші рөлінінің орынын
басты назарды ұстау арқылы ғана мұғалімнің жеке тұлғасы мен кәсіптік
мәдениетін көтере аламыз.
Міне, осындай жағдайларды ескере келіп, мұғалімнің жеке тұлғасы, оның
кәсіптік мәдениетінің өрістеуіне жан - жақты көмек, көңіл бөлу, жағдай
жасалуын ескерген жөн.
Сондықтан да ұстаз алдындағы басты міндет - XXI ғасырдың есігінен еркін
енетін, дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін құрметтей білетін,
рухани дүниесі бай интеллектуалдық өрісі кең, білім жоғары,
16
құқықтық-құжаттык мәдениеті заман талабына сай белсенді ұрпақ
тәрбиелеу.
Білім қызметкерлерінің II съезінде Болашақта еңбек етіп, өмір
сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылар, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе
Қазақстан мемлекеті сол деңгейде болады. Сондықтан да Ұстазға жүктелетін
міндет ауыр деген болатын. Шынында да, қазіргі заман мұғалімінен өз
пәнінің ғана терең білгірі емес, тарихи танымдық педагогикалық-
психологиялық сауаттылықты, саяси экономикалық білімділікті талап етуде.
Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісінде еніп жатқан тұлға
ретінде ұлағатты бола алады.

17

1.2. Мұғалімнің өзін - өзі тәрбиелеуі мен кәсіби дамуы.
Мектеп реформасының талаптарына сәйкес мұғалімнің жеке басын жетілдіру
міндеті ерекше маңызды болып отыр, өйткені мектептені бүкіл оқу-тәрбие
процесі тиімділігінің табысты болуы көбінесе соған байланысты. Әрбір
мұғалім өз басының бағалы кәсіптік санасын, іскерлігі мен дағдысын
жетілдірудің, яғни өзінің кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айрықша маңызы
бар. Кезінде көптеген көрнекті педагогтар өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттігін
атап көрсеткен болатын. Мұғалім үшін қастерлі міндет өзінің жеке басының
тәрбиесін бүкіл өмірлік міндетіне айналдыруда - деп есептеді А.
Дистерверг.
Адамның өзін - өзі тәрбиелеуге қабілеті берілмей, оған үйрену керек.
Тарихта әр бір ұрпақ адамдары өз заманының талаптарына сай келуі үшін
өзін-өзі жетілдіруге тиіс болды. Әрбір адам өзін -өзі тәрбиелеуде ең
алдымен оның мақсатын, әдістері мен тәсілдеріне, нәтижесін технологиясын
меңгеру тиіс. Бұл өзін-өзі тәрбиелеудің компоненттеріне жатады. Оларға
тоқталмас бұрын өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші туралы айта кетейік.
Айталық, мектепке жаңа келген мұғалімде өз бетімен жұмыс істеуде көптеген
қиындықтар туады. Оларды жеңу үшін жас маман өзін-өзі жетілдіріп,
тәрбиелеуі тиіс. Ол үшін ең алдымен ол өз бойындағы сенімсіздктен арылуы
тиіс. Бұл кәсіби түрде өзін-өзі жетілдірудің алғашқы қадамы.
Қәсіби түрде өзін-өзі жетілдіру дегеніміз - ол қазіргі педагогикалық
талаптарға сай келу үшін өзінің кәсіби және жеке қабілеттерін дамыту.
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиеленуінің қозғаушы күші өзін-өзі жетілдіруге,
өзгертуге деген мұқтаждық. Бұл мұқтаждықтың басты себебіне мектеп
әкімшілігінің, ата-аналардың мұғалімге деген талаптарын жатқызуға болады.
Мектептегі талаптардың өзгеріп отыруы мұғалімнің үнемі өзін-өзі жетілдіріп
отыруын талап етеді. Өзін-өзі тәрбиелеу-өзіндік тұлғаңды өзгертуге
бағытталған жоспардан басталады. Бұл жоспардың негізінде
18
өзіңді даму деңгейінде қойылатын талаптармен салыстыру жатады. Осыған
негізделе отырып мұғалім өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған міндеттер жүйесін
белгілейді. Осыдан кейін ғана өзін-өзі тәрбиелеу процесі басталады.
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуге деген түрткілердің қалыптасуының
бірнеше жолдары бар. Оның біріншісінде мұғалімнің өзін-өзі тәриелеуіне
мектеп басшыларының талаптары, мектеп өмірінің стилі, яғни белгілі біреудің
әсері итермелесе, екіншісінде мұғалімнің өзіндік қасиеттері, жауапкершілігі
кәсіби мәртебесі итермелейді. Әрбір түрткінің жанында нақты мұқтаждық тұр.
Мұқтаждық болмаған жағдайда өзін-өзі тәрбиелеудің түткілеріне осы процеске
деген мұғалімнің қызығушылығын жатқызуға болады. Бұл жағдайда жағымды
эмоция үлкен роль атқарады. Өзін - өзі тәрбиелеуде мұғалім үлкен жұмыс
атқарады. Сол еңбектің жемісті нәтижесінен алған қуаныш сезімі мұғалімнің
есінде мәңгілік қалады.
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі үшін мектеп әкімшілігі де көмек көрсетіп
қолайлы жағдай тудыруы қажет. Мысалы: жас мамандар өздерінің тәжірибелі
әріптестерінің көмегімен өзін - өзі тәрбиелеудің кейбір элементтерін
үйреніп, өзінің еңбектерінде жақсы нәтижелер бере бастайды, өзінде
сенімділік артып тәжірибе жинақтай бастаған маман өзін одан әрі жетілдіруге
ұмтылады. Бұл өзін-өзі тәрбиелеуге деген тұрақты жағымды түрткілердің пайда
болуына көмегін тигізеді.
Өзін - өзі тәрбиелеудің түрткілерінің дамуында ең басты рольді мұғалім
қызмет атқаратын ұжым алады. Егер мұғалімді қоршаған адамдары өзін-өзі
үнемі тәрбиелеп отырғанын байқаса, ол да өзін тәрбиелеуге ұмтылады.
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуге деген түрткілер өзін-өзі кәсіби түрде
тәрбиелеуге бағытталған әрекет негізінде қалыптасады. Ғалым Рубинштейннің
айтуынша өзін-өзі тәрбиелеуде жақсы нәтижеге жетудің
19
басты белгісі: ол жақсы қасиеттерді жетілдіруге бағытталған әрекет
емес, өзінің өмірлік маңызды міндеттерді шешуге бағытталған әрекеттер
жиынтығы.
Мұғалімдер бір-бірінен кәсіби дайындығымен ғана емес, педагогикалық-
психологиялық ерекшеліктерімен де ерекшеленеді.
Әрбір мұғалімнің мінезінде оқушылармен қарым-қатынас, жұмыс стилін
анықтайтын кәсіби психологиялық ерекшеліктері болады. Оған әр жастағы
оқушылармен жұмыстың жемісті болуы байланысты. Педагогикалық-психологиялық
ерекшелік озіндік жұмыстың даралық стилінің қалыптасуында үлкен роль
атқарады. Сондықтан жұмыс істеу барысында мұғалім өзінің мықты және осал
жақтарын білуі тиіс.
Педагогикалық әдебиетте мұғалімдер типологиясының екі түрлі
классификациясы бар. Оның бірі белгілі педагог В.Н.Сороко - Росинскийдікі.
Ол мұғалімдерді қатынас стильдеріне қарай бірнеше түрге бөледі. Олар:
1. Педагог - теорик. Оларды нақты өмірден теория және жаңа ойлар басым
тұрады. Ондай мұғалімдер пәнде және оның әдістемесін жақсы біледі,
бірақ тәжірибеде осалдық көрсетеді, оқушылармен қарым-қатынаста нашар.
2. Педагог-реалист. Ол теориетик мұғалімге қарама - қайшы тұлға. Адамды
оның көңіл - күйін жақсы сезеді. Олардың осал жерлері өздерінің
тәжірибесін теориялық негізде жеткізе алмайды.
3. Педагог - утилитарист. Ол реалистпен ұқсас, адам жанын жақсы түсінеді.
Бірақ оқушыны ықпал ету объектісі ретінде ғана көреді. Оның мықты жері
өткен материалды сұрау немесе түсіндіру емес, керісінше бекіту және
қайталау.
4. Педагог - әртіс, олардың ерекшелігі шабыт және интуиция әрекет етуі.
Бұл олардың мықты және сол кезде осал жағы. Ол сабақты эмоциональды,
тартымды түрле өткізеді, бірақ ол оның көңіл –
20
5. күйіне байланысты болады.
Бұл аталған топтар таза күйінде көп кездеспейді. В.Н.Сороко
-Росинскийдің айтуы бойынша ешбір топқа да жатпайтын мұғалімдер кездеседі.
Екінші классификацияны педагогика ғылымдарының докторы Э.Г.Костяшкин
берді. Ол жасаған типологияның негізіне сабақтан тыс жұмысты алды. Ол төрт
типті белгіледі: инттелекіуалдық, эмоциональдық, еріктік және
ұйымдастырушылық. Әрбір мұғалімнің өз типологиясын білуі өзін - өзі
тәрбиелеу және жетілдірудің басты компоненті.
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу тұтас жүруі тиіс. Ең алдымен мұғалім
өзінің танымдық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік біліктерін жетілдіріп
отыруы керек.
Танымдық біліктерді жетілдіру ең алдымен ақыл - ойымен ойлауын
жетілдіру болып табылады. Оның негізгі жолы ақыл - ой операцияларын:
байқағыштықты, салыстыруды, талдауды, есте сақтауды, қиялды дамытатын
жаттығулар.
Коммуникативтік біліктілік - ол қарым - қатынас жасай білу үрдісі.
Қарым - қатынастың негізгі тәсілдері: мимика, жест, сөз. Бұл біліктілікті
жетілдіру үшін теориялық білім, одан кейін жеке дара практика және тәжірибе
керек. Оған үйренуге болады.
Ұйымдастырушылық білік - ол оқушылардың оқу - тәрбие жұмысын
ұйымдастыра алуы. Ғалым Л.И.Уманский бұл білікке төмендегі қасиеттерді
жатқызады.
1. Жалпы психологиялық ерекшеліктері тұлғаның мақсаттылығы және
ұйымдастыратын әрекетке дайындылығы.
2. Кейбір басқа да қасиеттері: белсенділігі, жұмыс қабілеттілігі, қарым
- қатынасқа бейімділігі.
3. Тар мағынадағы ұйымдастырушылық қабілеттері. Ұйымдастырушы-лықты
дамыту жолы осы компоненттердің даму деңгейін білу,
21
кемшіліктерін байқау. Оның негізгі жолы практика және жаттығулар. Оған
психологиялық әдебиеттерді оқып, басқа адамдардың тәжірибесін біліп
үйрену арқылы жетуге болады.
Мұғалімнің өзін - өзі тәрбиелеу жолдары өте көп. Ғалым С.Б.Елканов оған
өзін - өзі ұйымдастыруды жатқызады.
Өзін - өзі ақпаратпен қамтамасыз ету. Оған оқытудың әртүрлі формалары
мен түрлері жатады. Ол үшін мұғалім көп кітап және мерзімді баспасөз оқуы
тиіс. Әсіресе өз мамандығына байланысты баспасөз беттеріндегі жаңа идеялары
талдап өз еңбегінде қолдана алу керек.
Өзін - өзі талпыландыру. Өз-өзіне бұйрық берумен байланысты ол
мұғалімді өзін - өзі тәрбиелеуге итермелейтін қозғаушы күш болып табылады.
Өзін - өзі ұйымдастыру. Оған өзін - өзі байқау, бақылау, есеп беру,
талдау жатады. Бұл өзін - өзі тәрбиелеу процесіне кедерге келтіретін және
ынталандыратын факторлар бар. Мұғалімдер арасында жүргізген сауалнама
негізінде жасалған диаграммаға жүгінсек: кедергі келтіретін факторлардың
ішінен ең бірінші орынды бұрыңғы тәжірибеде болған оқулықтар мен
сәтсіздіктерге өкпе, одан кейін қаражаттың аздығы әсер етеді. Келесі
кезекте өзіндік инерция, ұжым адамдары және басшылармен бұл қатынастың
жоқтығы және денсаулық жағдайы. Оған қоса қоршаған адамдармен жағымсыз
қарым - қатынас әсер етеді.
Мұғалімдерді өзін - өзі дамытуға ынталандыруда ең басты орынды бұл
мәселеге басшылардың бұл қарым - қатынасы, жаңаны еңгізе алу мүмкіндігі, өз-
өзіңді оқыту мүмкіндігі алады. Одан кейінгі кезекте ұжымның әсері,
сенімділік, жұмысқа қызығушылық, жауапкершілік тұр.
Қазіргі кезде мұғалімдерге ескеретін жәйт бұл мамандыққа үлкен
талаптардың қойылуы, сол талаптарға сай келу үшін мұғалім өзін - өзі үнемі
жетілдірі отыру тиіс. Бұл мұғалімнің алдында тұрған басты міндет.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында
22

алдағы отыз жыл ішінде мемлекетіміздің қандай бағытта даму керек
екендігін белгілеп берді.
Әрине, осы міндетті болашақта іске асырушылар - жастар. Ал оған бағыт
беруші, жол сілтеуші білікті, шебер, парасатты ұстаздар.
Болашақ жастардың кемеліне келтіре тәрбиелейтін ұстаздар қаумының 3
жылда, 5 жылда бір білімін жетілдіріп тұрғаны абзал. Соған байланысты білім
жетілдіру курстары: педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, тәжірибе
алмасу жұмыстары көптен жүргізілуі тиіс. Білім жетілдіру - бұл мектепті
жаңарту мәселелеріне сәйкес оның кәсіби шығармашылық әлеуметінің даму
үрдісі. Демек, шығармашылық адамның алға қойған жаңа проблемаларын бұл шеше
білуінде. Бұл тұрғыдан алғанда білім жетілдіру курстарының орны ерекше.
Осындай курстарда арнайы семинарлар, семинар практикумдардың берері мол.
Мысалы: Білім беру мекемелерін стратегиялық жоспралау, Жалпыға білім
беретін мектептерді басқарудың жаңаша жолдары, Модульдеп оқыту
технологиясы, Оқу тәрбие үрдістерін диагностикалау т.б. тақырыптарда
семинарлар өткізілсе, ұстаздар қауымына көмегі көп болар еді.
Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі мен талантын шыңдаудың бір жолы -
алуан түрлі сайыстар өткізу. Мысалы: Жыл мұғалімі, Жыл директоры,
Бастауыш сыныптарда панорамалық сабақтар сияқты байқау сайыстар өткізілсе
жақсы болар еді. Көкірегі ояу, көзі ашық білімді жан заманда күшті.
Мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі - дейді
Ы.Алтынсарин. Мұғалім - зор тұлға. Ол күннің құдіретті сәулесі сияқты,
-дейді К.Д.Ушинский. Мұғалімге сенім білдірмесе, оқу игі жеміс бере
алмайды, - дейді Д.И.Менделеев. олай болса, ұлы ғұламаларымыз сыр шерткен,
ой толғаған осынау ұлағатты мамандық
мұғалімнің жеке тұлғасы қашанда биік болуы керек.
23
II - тарау. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы мұғалімнің
рөлі.
2.1. Шығармашылық қабілетті дамытудағы әдіс-тәсілдер.
Оқу материалын оқушылардың санасына қалай жеткізу керек. Балалар
білімдері іскерліктер мен дағдыларды игере алуы үшін олардың белсенді
танымдық қызметін қалай ояту керек? Оқушылардың оқуға деген онды қатынасын
тудырып олардың білімдерің сенімге айналдыруға қалай көмектесу керек?
Ынтасы баламды да, ынтасы жоқтарды да тірелдей қалай оқыту керек? Бұл
мәлемді мұғалім сабаққа даярлағанда күн сайын шешуіне іура келеді. Бұлардың
бәрі қалай болған күнде де оқы тудың мейлінше табысты әдістерін іздестіруге
байланысты болады. Оқыту әдістері деп нені түсіну қабылданған - оқыту
әдістері - оқыту міндеттерін шешуге бағытталатын мұғалім мен оқушының
бірлескен қызмет тәсілдері. Оқушыларды танымдық қызмет тәсілдерімен
қаруландыру — оқу әдісінің дамытушылық функциясын арттырудың аса маңызды
тенденциясы оқыту әдістерін құралдардан ажырата білу керек. Әдіс қызметпен
тығыз байланысты және қызметтен тыс өмір сүрмейді. Оқыту құралдары ретінде
оқулықтар, кітаптар, анықтамалықтар, оқу құралдары, техникалық құралдар,
сөздіктер көрнекі-құралдар пайдаланады. Олардың түрлі мақсаттар үшін
пайдалануы мүмкін. Қайсыбір қызметке еңгізіле отырып, олар қызмет мақсатын
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оқыту процесінде түрлі құралдарды
пайдалануды оқу әдісінің өзі өзгертеді. Сан алуан құралдарды пайдалану оқу
әдісінің құрылымын өзгертуге жеткізеді. Әдістің жеке бөлшектерін оның
құрамды элементік методикалық тәсілдер деп аталады. Мұғалім балаларға
қажетті білімдерді қамтамасыз ете алатын олардың ақыл - ой қызметін оятатын
бұлардың бойында оқуға деген ынтаны датымып қолдайтын әдістер мен
тәсілдерін таңдап алады. Әдістер үш топқа біріктіріледі:

28
1. Сөйлеу әдістері: әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу, оқулықпен және
кітаппен жұмыс.
2. Көрнекілік әдістері: бақылау, көрнекі құралдарды көрсету,
кинофильмдер мен диафильмдер.
3. Практикалық әдістер: ауызша және жазбаша жаттығулар, графикалық және
лабораториялық жұмыстар.
50 - жылдардың аяғы, 60-жылдардың басында орыс ғалымдары Е.Я.Голант,
С.Г.Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің
жаңа жіктеуін үш топқа бөлді:
1. Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіну, лекция, кітаппен
жұмыс.
Әңгімелеу. Мұғалім оқу материалын бірізділікпен баяндайды. Ол үшін
материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Фактыға негізделген мәліметтер
әңгімелеу түрінде сөз етіледі. Әңгімелеуде талдау, жинақтау тәсілдері
пайдаланылады, әдетте, әңгімелеу, бастауыш сыныптарда 10-15, ал жоғары
сыныптарда 20-25 минутқа созылады, әңгімелеу әдісі көбінесе тіл, әдебиет,
тарих, география сабақтарында қолданылады. Сабақтың қалған уақытында
оқушылар мұғалімнің басшылығымен әр түрлі жұмыстарды өз бетінше орындайды.
Әңгіме әдісі сабақта сұрақ - жауап формасы түрінде қолданылады.
Сондықтан мұғалім алдынала жоспар жасап, онда сұрақтардың жүйесін мұқият
ойластырады. Бұл оқушылардың білімін тақырып бойынша логикалык
бірізділікиен аныктауды қамтамасыз етеді. Әңгімені осылай өткізу
оқушылардың ойлау белсенділігін арттырады. Оларды басты және өте маңызды
мәселелердің мазмұнын, өзара байланысын анықтауға талаптандырады.
Оқушыларды болжауға бағыттайды, өз ойларын дәлелдеуге мәжбүр етеді. Әңгіме
әдісінің барлық процесі өтілген оқу материалын жүйеге келтіруге және
жинақтап қортыға мүмкіндік береді.
Түсіндіру. Мұғалім оқу материалын баяндауда оқушылардың
29
белсенділігіне, ынтасына, білім деңгейіне сүйенеді, материалдың
мазмұнын дәлелдейді, кейбір ережелердің, ұғымдардың, заңдардың мәнін ашады.
Материалды түсіндіруге түрлі құралдарды, есептер шығаруды, жазып алуды кең
түрде қолданады, оқушылар баяндау процесінде мұғалімнің сұрақтарына жауап
береді, байымдайды, дәлелдеуге тырысады.
Мұғалім түсіндіру әдісі бойынша оқушылардың іс-әрекетін басқарудың
барлық мүмкіншіліктерін пайдалана білсе, онда оқушылар жаңа материалды
қабылдай отырып, өткен сабақта алған білімін салыстырады, талдайды.
Мұғалімнің басты міндеті оқушылардың танымдық, іс-әрекетінің ішкі процесін
сезу, күдікті және қиын мәселелерді күні бұрын болжау, оларды болдырмаудың
жолдарын іздестіріп, оқушыларға көмектесу.
Лекция. Басқа әдістерге қараганда лекцияның көлемі, күрделілігі,
логикалық құрылысы жағынан өзгешелігі бар. Сондықтар лекцияны бастар
алдында оқушыларға нақты сұрақтардан тұратын оның жоспары ұсынылады. Лекция
сұрақтар бойынша логикалық бірізділікпен баяндалады. Әрбір сұрақтан кейін
қорытынды жасалады. Лекцияда кейбір тың, құнды ғылыми әдебиеттерде осы
уақытқа дейін жарияланбаған теориялар жөнінде нанымды түсініктер беріледі.
Оқушылар баяндалған материалдың мазмұнын, маңызды дәлелдемені, нақты
мысалдарды, ғылыми анықтамаларды, негізгі қорытындыларды жазып алады.
Лекция сабақтың 25-30 минут уақытын алады. Қалған уақытта оқушылар
тақырыпқа сәйкес мұғалімнің көмегімен өз бетінше түрлі жаттығу жұмыстарын
орындайды. Ең соңында мұғалім сабақты қорытындылайды.
Кітаппен жұмыс. Оқу жұмысында қолданылатын құралдарың бірі-оқулықтар.
Олар білімді терең игеру үшін пайдаланылады. Оқулықтардың көмегімен
оқушылар сабақта немесе үйде түрлі жаттығу жұмыстарын орындайды, алған
білімдерін толықтырады. Айта кету керек, бұған
30

бірнеше жыл бұрын баспадан шыққан оқулықтарда ғылым мен техниканың соңғы
жетістіктеріне байланысты кейбір тың мәліметтер болмайды. Сондықтан
оқушылар мұғалімнің көрсетуімен білімдерін толықтыру үшін жаңа ғылыми
мәліметтерді басқа баспа құралдарын іздестіру қажет. Олар: түпдеректер
материалдары, ғылыми кітаптар мен журналдар, энциклопедиялар, жинақтар,
анықтамалар т.б.
Оқушыларды кітаппен жұмыс істеуге қалай үйрету керек? Оқушы сыныпта
алған тапсырманы қарап, еске түсіреді, оны орындау үшін кітаптағы
материалды:
а) өзінің ақыл - ойын жұмылдырып, көңіл қойып, ықыласпен оқиды;
ә)негізгі материалды ұғу үшін кітапты тексті тез қарап шығады, яғни оны
алғаш рет алдын-ала оқиды, ойға салады;
б) соңғы рет кітап текстісін тиянақты оқиды, талдау жасады, басты
мәселелерді бөледі, маңызды ережелерді жазып алады (кітапты конспектілейді)
2. Көрнекілік әдістер тобына демонстрация, иллюстрация, бақылау әдістері
жатады.
Демонстрация әдісі тәжірибелерді, приборларды, препараттарды табиғи
объектілері, кинофильмдері т.б. демонстрациялауға байланысты. Мысалы,
сабақта кинофильмді пайдалану үшін оны алдын-ала қарап, қандай мәселелерді
фрагменттерге бөліп, оқушыларға түсіндіруді анықтау қажет. Сабақ соңында
фильм бойынша қорытынды әңгіме жасалады. Демонстрация әдісі әсіресе физика,
химия, биология сабақтарында түрлі приборларды, табиғи объектілерді
демонстрациялау үшін қолданылады. Иллюстрация әдісінің көмегімен оқушыларға
иллюстративті құралдары (плакаттар, карталар, суреттер, портреттер,
карточкалар) көрсетуге болады.
Бақылау әдісін пайдаланып, оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша өз
бетімен бақылау жұмысын жүргізеді. Бақылау жұмысы сынып
31
бөлімелерде химия, биология пәндерінен, мектептің оқу-тәжірибе
учаскесінде еңбек, ботаника пәндерінен берілген тапсырмалар бойынша
жүргізіледі. Бақылау мәліметтерін оқушы үнемі жазып отырады, ал оның
нәтижесі сабакта талқыланады.
3. Практикалық әдістер тобы. Лабораториялық, практикалық. Графикалық
жұмыстар, әр түрлі жаттығулар.
Лабораториялық жұмыстар. Бұл әдістер мектеп жағдайында пайдаланып,
арнайы құралдармен (микроскоп, өлшеу аспаптары, приболар, техникалық
құралдар т.б.) жабдықталған кабинеттерде мұғалімнің басшылығымен оқушылар
табиғи құбылыстарды, заттарды зерттейді. Мұндай зерттеу жұмысы оқушылардың
физика, химия және биология пәндерінен қабылдайтын білімін терең және берік
игеруді талап етеді.
Лабораториялық сабақтарда тақырып бойынша жаңа оку материалын ұғыну
үшін мынадай тәсілдер ескеріледі:
1) лабораториялық сабақ тақырып және сабақтың міндетін анықтау;
2) сабақты өткізу тәртібін түсіндіру;
3) сабақты нәтижесін жинақтап қорытындылау;
4) сабақтың нәтижесін талдау.
Лабораториялық жұмыстардың түрлері: бақылау, тәжірибелер, экспериментік
есептер шығару, өлшеу жұмыстары т.б. Мысалы, VIII сыныпта Электр құбылысы
тақырыбы бойынша физика сабағын өткенде мұғалім оқушыларды электр өлшеуіш,
электрлік қыздырғыш құралдарымен, ампеметр, вольтметр және аккумулятормен
таныстырады. Бұл құралдарды слесарь-электрик, электромонтер, электрмен
пісіруші, 50 - жылдардың аяғы, 60-жылдардың басында орыс ғалымдары
Е.Я.Голант, С.Г.Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге алып, оқыту
әдістерінің жаңа жіктеуін үш топқа бөлді:

32
1. Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіну, лекция, кітаппен
жұмыс.
Әңгімелеу. Мұғалім оқу материалын бірізділікпен баяндайды. Ол үшін
материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Фактыға негізделген мәліметтер
әңгімелеу түрінде сөз етіледі. Әңгімелеуде талдау, жинақтау тәсілдері
пайдаланылады. әдетте, әңгімелеу, бастауыш сыныптарда 10-15, ал жоғары
сыныптарда 20-25 минутқа созылады. Әңгімелеу әдісі көбінесе тіл, әдебиет,
тарих, география сабақтарында қолданылады. Сабақтың қалған уақытында
оқушылар мұғалімнің басшылығымен әр түрлі жұмыстарды өз бетінше орындайды.
Әңгіме әдісі сабақта сұрақ - жауап формасы түрінде қолданылады.
Сондықтан мұғалім алдын-ала жоспар жасап, онда сұрақтардың жүйесін мұқият
ойластырады. Бұл оқушылардың білімін тақырып бойынша логикалык
бірізділікпен аныктауды қамтамасыз етеді. Әңгімені осылай өткізу
оқушылардың ойлау белсенділігін арттырады. Оларды басты және өте маңызды
мәселелердің мазмұнын, өзара байланысын анықтауға талаптандырады.
Оқушыларды болжауға бағыттайды, өз ойларын дәлелдеуге мәжбүр етеді. Әңгіме
әдісінің барлық процесі өтілгн оқу материалын жүйеге келтіруге және
жинақтап қорытуға мүмкіндік береді.
Түсіндіру. Мұғалім оқу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық негіздері
Бастауыш сыныпта тіл дамыту жұмыстары
Дәстүрлі технологиялар мен инновациялық технологиялардың аражігі
Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ОЙЛАУЫ
Балалардың жаңа біліммен қаруланудағы белсенділіктері
Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау ерекшелігі
Ойын-оқушылардың танымдық үрдістерін қалыптастыру және дамыту құралы
Оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Пәндер