Мүлікті тәркілеу жазасының қолдану ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

М а з м ұ н ы

Кіріспе . . . 3-6

1 ТАРАУ. Мүлікті тәркілеу жазасының түсінігі және мақсаты

1. 1. Мүлікті тәркілеу жазасының түсінігі . . . 7-13

1. 2. Мүлікті тәркілеу жазасының түрлері және оның мақсаты . . . 14-31

2 ТАРАУ. Мүлікті тәркілеу жазасының қолдану ерекшеліктері

2. 1. Мүлікті тәркілеуді қолданудың тәртібі және шарттары . . . 32-44

2. 2. Мүлікті тәркілеу жазасының орындалу мәселелері . . . 45-60

3 ТАРАУ. Мүлікті тәркілеуден босату мәселелері

3. 1. Мүлікті тәркілеуден босату мәселелері . . . 61-66

Қорытынды . . . 67-73

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 74-76

К і р і с п е

Құқықтық мемлекетте және заңдарды ізгілендіру процесінде қылмыстық құқық ғылымының алдында теориялық және тәжірибелік бірқатар міндеттер орын алады. Олардың бірі болып - қылмыстық-құқықтық қағидалардың теңдігін барынша қолға алу және жасалған қылмысқа тағайындалатын жазаның әділеттілігін қамтамасыз ету. Оларды іс жүзінде жүргізу, біріншіден, мынаны білдіреді: қылмыс жасағандардың заң алдында тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез-келген өзге де жағдаяттарға қарамастан тең болуы, ал, екіншіден, кінәлі адамға тағайындалатын жаза қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі, оның сипаты мен ауырлығы, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктері т. б. сол сияқты жағдайларды ескере отырып, сәйкес болуы.

Ч. Беккарианың пікірінше: «егер рахатқа кенелу және қайғы-қасірет көру - тірі жандардың қозғалыс күшіндегі пайда болған сезімдері болса, онда адамдарды белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға итермелейтін мақсаттар болады, сол кезде заң оларға өз тарапынан марапаттаулар мен жазалар қолданады және осылардың арасындағы кері қатынастардың әсерінен жасалған қылмыстан кейін жаза өзінен-өзі пайда болады және бұл кеңінен таратылған» [1, 82] . Бұл атақты ғалымның келтірген пайымдамасы барлық уақытқа да тең қатысы бар және өзекті болып қала береді. Қазақстан өміріндегі экономикалық және әлеуметтік «өтпелі кезең» уақыттарында да жасалған қылмысқа сәйкес жазаны тағайындау мәселесі көлденең тұрады. Сондықтан заң шығарушының алдында ең басты міндет - жасалған қылмысқа сәйкес жаза тағайындау ғана емес, сонымен қатар ондай жаза барынша тиімді болуы және халықаралық заң күші бар актілерге, ҚР Конституциясына, қылмыстық құқықтың негізгі қағидаларына қайшы келмеуі керек. Қылмыстық жаза түрлерінің тиімділік шарттарының бір түрі - олардың тұрақтылығы, тарихи тәжірибелілігі және оның ұзақ өмір сүруі. Әр қоғамда, әр мемлекетте белгілі бір қылмыстық жазаның құрамы болуы шарт. Осы құрамның негізгі немесе «тұрақты» және «құбылмалы», өзгергіш түрлері біздің қылмыстық заңымызда да орын алғанын көреміз. Өзгергіш (құбылмалы) жазалардың бір түрі болып, заң шығарушы жазаның қосымша түрі ретінде бекіткен мүлікті тәркілеу жазасы танылады.

Тарихқа көз жіберсек, жазаның бұл түрі сонау Тәуке хан заманындағы «Жеті жарғы» заңдар жинағында орын алған болатын. Ол жазаның аты қазіргі қылмыстық заңда көрсетілгендей, «мүлікті тәркілеу» деп емес, «айып» немесе «құн» деген атаулармен берілген. Мүлікті тәркілеудің айып және құн жазаларымен ұштасатын жері кінәліні жеке мүлкінен айыру. Ол кезде мүліктің мемлекетке өтпеуі - үкім (шешім) мемлекет атынан емес, халық арасынан шыққан атақты да, даналы билердің кесуімен болған. Мүліктің (кінәліден алынған) белгілі бір бөлігі ғана сол билердің меншігіне өтіп отырған да, ал басым бөлігі жәбірленушіге өткен.

1998 жылы заң күшіне енген қазіргі қолданыстағы Қылмыстық кодексіміздің 73 санкциясында мүлікті тәркілеу жазасын жазаның қосымша түрі ретінде көрсетіп отыр. Бұл дегеніңіз жалпы санкциялардың 11, 4 пайызы. Сонымен қатар, заңға жазаның осы түрінің анықтамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізіп отырды. Мүлікті тәркілеу әлеуметтік-құқықтық сипаты жағынан, сонымен қатар мүлікті жалпы тәркілеудің Қазақстан қылмыстық заңдарында орын алуының қажеттілігі кезеңдер өте бере және қазір де ғалымдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің теориялық және ғылыми конференцияларда қызу пікір-талас жүргізу нысанына айналып келеді.

Қазақстан Республикасында сотталғандар жөніндегі мағлұматқа көз жүгіртер болсақ, қазіргі қолданыстағы кодекс бойынша сотталғандар саны мынадай. Елімізде 2007 жылы 58 394 қылмыскер сотталса, 1999 жылы 66 311, 2006 жылы 77 984, 2005 жылы 70 924, ал 2004 жылы 64 829 адам және 2003 жылы 50 271 адам сотталды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы статистикалық деректерге сүйене отырып, зерттеу тақырыбымыз - мүлікті тәркілеу жазасы болып отырғандықтан, біз осы жаза бойынша сотталғандар санын бөліп қарайтын болсақ, мынадай сандарды көреміз: 2002 жылы 5 992 қылмыскерге жазаның осы түрі тағайындалса, 2003 жылы 6 895, 2004 жылы 7 238, 2005 жылы 8 604, ал 2006 жылы 6 392 сотталушыға және 2007 жылы 4 780 сотталушыға тағайындалған болып отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жалпы сотталушыларға қосымша жаза ретінде тағайындалған мүлікті тәркілеу жазасының мынадай үлестеріне көз жеткізуге болады: 2002 жылы мүлікті тәркілеу жазасы үлесі 10, 2 пайызды құраса, 2003 жылы 10, 3; ал 2004 жылы 9, 2 пайыз, 2005 жылы 12, 1 және 2006 жылы 9, 9 пайызды және 2007 9, 5 пайызды құрап отыр. Бұл сандардан байқар болсақ, соңғы жылдардан басқа алдындағы 4 жылда мүлікті тәркілеуге сотталғандар көбейіп отырған да, ал соңғы екі жылы азая бастаған секілді. Талдауға қарасақ, мүлікті тәркілеу жазасы көбіне ауыр қылмыстарға тағайындалған, яғни барлық тәркілеу тағайындалғандардың 67, 1 пайызы (2003 жылғы мәлімет бойынша) . Мысалы, тонау (ҚР ҚҚ-нің 178 бабының 2, 3 бөліктері) қылмысы бойынша 2002 жылы барлығы 444 қылмыскерге тағайындалса, 2003 жылы 453; қарақшылық (ҚР ҚК-нің 179 бабының 2, 3 бөліктері) қылмысы бойынша 2004 жылы барлығы 1034 қылмыскерге тағайындалса, сол қылмыс бойынша 2005 жылы 1086; ұрлық (ҚР ҚК-нің 175 бабының 2, 3 бөліктері) қылмысы бойынша 2006 жылы барлығы 3 182 қылмыскерге тағайындалса, 2007 жылы 2050-ге жетіп отыр. Міне, осы сандарға қарап отырып пайдақорлық мақсатпен жасалған қылмыстар көбейіп бара жатыр ма деген ойға шомасың?! Соңғы жылдары қылмыстың пайдақорлық бағыты белең алды. Егер 1998 жылы жалпы сотталғандардан тікелей пайдақорлық мақсаттағы қылмыстарды (175/1, 2, 3; 176/1; 177/1, 2, 3; 178/1, 2, 3; 179/1, 2, 3; 181/1, 2, 3; статистика деректеріне сүйене отырып) жасап сотталғандардың үлесі 49, 6 пайызды құраса, 1999 жылы 44, ал 2000 жылы 42, 8 пайыз, 2001 жылы 50, 8; 2002 жылы 51, 6 пайызды және 2003 жылы 43, 1 пайызды құрап отыр. Міне, осы сандардан пайдақорлық қылмыстардың «жылдамдығы» соңғы 2003 жылы кеміп отырғанын байқаймыз.

Қылмыстылықпен күресте ең маңызды іс - оның алдын алу, одан сақтандыру [2, 4], ал пайдақорлық мақсатпен қылмыс жасап сотталғандарға пайдақорлық-қылмыстекті санасын жоюды бағыттауға байланысты тағайындалатын қылмыстық жаза түрі ретінде - мүлікті тәркілеу жазасының тиімділігіне сөз жоқ. Ал қылмыс (пайдақорлық) жасаудың себептері мың сан екені тағы талассыз. Сол себептер қылмыс жасаған адамға, құқық теориясының тілімен айтар болсақ, ол қылмыс субъектісіне, оның әр түрлі ерекшеліктеріне, қасиеттеріне (адами, мүліктік, құқықтық жағдайына және т. б. ) байланысты. Біріншіден, міне осы аталған жағдайлар қылмыстық кодексте қылмыстық жазаның қосымша түрі ретінде көрсетілген - мүлікті тәркілеу жазасының қылмыстық заңдағы орнын әдістемелік және теориялық анықтау, оның еркшелік- қасиеттерін біліп, оларды қылмыскрлерге тиімді әсер етудегі жұмыта ерекше ескеру қажеттілігінің ең басты көрсеткіші болып табылады. Екіншіден, мүлікті тәркілеу жазасының ерекшеліктері арнайы зерттеудің өзектілігі, жаңа Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару заңдарында орын алып отырған өзгертулер мен толықтырулар байланысты. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының 1998 жылы күшіне енген Қылмыстық кодекстің 51 бабындағы өзгертулер мен толықтырулар, белгілі бір баптардағы арнайы тәркілеудің алынуы, Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі арнайы тәркілеудің орын алуы, Қылмыстық-атқару кодексіндегі мүлікті тәркілеу жазасының орындалуы мен тәркілеуге жатпайтын мүлік Тізімнің осы кодекстегі орыны. Үшіншіден, бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы және қазіргі Қазақстан Республикасында қылмыстық жаза туралы біраз еңбектер жарыққа шыққаны жалпыға мәлім.

1 ТАРАУ. Мүлікті тӘркілеу жазасының түсінігі жӘне мақсаты

1. 1. Мүлікті тәркілеу жазасының түсінігі

Қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларының қатарында мүлікті тәркілеу жазасын сақтаудың пайдалылығына сенімді көз жеткізу үшін кейбір жалпы сұрақтарды анықтаудың қажеттілігі туып тұр. Оны дұрыс шешіп алмай, бұл жазаны қолдану тәжірибесін зерттеу қиындықтарға әкеп соқтыруы мүмкін. Жеке сұрақтарға өтпес бұрын, жалпы сұрақтарды шешудің қажеттілігін ескере отырып, егер жалпы мәселелерді шешуге ұмтылатын болсақ, онда әр қадам басқан сайын сөз жоқ жеке мәселелерге «сүрінетін» боламыз деуіміз орынды. Біздің зерттеуіміздің тақырыбына қатысты мұндай жалпы сұрақтар төмендегілер болып табылады: мүлікті тәркілеудің мазмұны, мақсаты мен атқаратын қызметі. Ал енді осының алғашқысы: тәркілеудің мазмұнына тоқталайық. Жазаның мазмұны деп - қылмыстық құқық теориясында немесе заңдарда орын алған түрлі құқықтық шектеулерді түсінеміз. Салыстырмалы түрде жақын уақыттан бері ғалымдар қылмыстық жаза жүйесіндегі сотталушылар үшін негізінде мүліктік (материалдық) құқықты шектеумен байланысқан жазалар тобын бөліп қарай бастады. Бұл жазалар мүліктік деген атауға ие болды [94, 90-98] . Мүліктік жазаларға зерттеу жүргізе отырып, Ю. Н. Загудаев бұл жазалардың түріне анықтама қалыптастырды. «Мүліктік жазалар, - деп жазады ол, - бұл Кеңестік қылмыстық заңда белгіленген, мемлекет атынан сотпен сотталушыға тағайындалатын белгілі шектеулер, бірінші кезекте олардың мүліктік мүдделеріне тікелей әсер ететін мемлекеттік күштеу шаралары» [95, 7] . Келтірілген анықтама өзкезегінде жазалардың елеулі белгілерін және мүліктік жазалардың ерекшеліктерін барынша дұрыс қамтып өтеді. Алайда бізге оны әлі де айқындау және біршама жеңілдету мүмкін деп табамыз. Осыған қоса, жоғарыдағы анықтама қисындылық (логикалық) ережелерін бұза отырып жасалған. Сондықтан осының салдарынан қолайсыз болып табылады, яғни есте сақтауға да қиын, оның мәні әр түрлі терминдердің үйінділерінің арасында жоғалып кеткен.

«Мүліктік жазалар» деген ұғымғы анықтама бермес бұрын, ресми қисындылық ережелері бойынша оның текті ұғымын айқындау қажет. Текті және өзіндік ерекшеліктерін анықтау барысында екі жүйелі кезеңнен өтуге тура келеді [96, 42] .

Бірінші кезеңде анықталатын ұғым көлемі бойынша тектік ұғымына барынша кең мағынада түсінік береді. Мүліктік жазаларға қатысты мұндай ұғым «жаза» ұғымы болып табылады.

Екінші кезеңде анықталатын тақырыптың осы текке жататын басқа тақырыптардан өзгешелейтін белгілерін көрсету керек. Басқаша айтқанда, мүліктік жазалардың басқа осы топқа жататын түрлерден қандай айырмашылығы бар екенін, яғни олардың ерекшелігін көрсету керек.

Мүліктік жазалардың бірінші айырмашылық белгісі - жазалау объектісі. Ал қылмыскерлер жалпы заңды құрметтейтіндерден білімімен де, ойлау қисындылығымен де емес, қоғамға қарсы бағытталған, қылмыс жасауға итермелейтін өзіндік қалыптасқан қажеттіліктер мен мүдделер, сенімдер мен құндылық бағдарларымен ерекшеленетіндіктен, жазалау-тәрбиелеу әсерінің объектісі - қоғамға қарсы мақсаттары, себептер, бағдарлары бар - қылмыскердің санасы болып табылады [97, 61] . Мүліктік жазалардың объектісі - қоғамға қарсы пайдақорлық ниеті бар (әрине, қылмыстекті) жеке адамның санасы болып табылады. Мүліктік жазалардың басқа да бір айырмашылық белгісі - кінәлінің санасына әсер ету әдісі және бұл жазалардың қолданылуының нәтижесінде жетуі тиіс - мақсат болып табылады. Мүліктік жазалардың әсер ету әдісі бірінші кезекте сотталушының материалдық (мүліктік) мүдделеріне қысым жасаудан тұрады. Мүліктік жазалардың негізгі міндетіне - сотталушының қоғамға қарсы пайдақорлық бағдарын жою қойылған. Осы айырмашылық белгілерін назарға ала, мүліктік жазаларды сотталушының мүліктік мүдделеріне қысым жасау арқылы оның санасының қылмыстекті-пайдақорлық бағдарын жоюға бағытталған жаза деп анықтауға болады. Мұндай анықтаманың айырмашылығы төмендегіден тұрады. Біріншіден, бұл терминологияға батып кетпеген. Мүліктік жазалар жаза тобына жатады деп көрсету, олар оның барлық жалпы белгілеріне ие болады деп ойлауға мүмкіндік береді. Сондықтан оларды тағы да атап шығудың қажеттілігі жоқ. Екіншіден, мүліктік жазалардың әсер етуі бағытталған - объект аталған. Үшіншіден, тек осы жазалар көмегімен жетуге болатын нәтиже дәл анықталады және бұл қандай жолмен іске асырылатыны көрсетіледі. Осындай түрде «мүлікті тәркілеу» ұғымының анықтамасын беруге болады. Бірақ бұл үшін мүліктікке жататын жазалардың аясын білу керек. Мүліктік жазалардың қатарына айыппұл да жататыны дау туғызбайды. Кейбір авторлар бұл жазалардың түріне түзеу жұмыстарын да жатқызады [98, 71] . Бұл көзқарасқа біздер қосылмаймыз. Түзеу жұмыстарында шынында да мүліктік құқықтық шектеулер бар, бірақ бұл құқықтық шектеулер аталған жазаның мәні болып табылмайды. Бұл әсер ету шарасында мүліктік жазаларға тән емес, бірқатар басқа маңыздырақ шектеулер бар.

Айыппұл мен тәркілеуден өзгеше, түзеу жұмыстарының ерекшелігі сол, бұл жаза, яғни түзеу жұмыстары жазаны еңбек арқылы өтеумен (бұл жазаның басты белгісі) байланысқан жаза болып табылады. Айыппұл мен мүлікті тәркілеу ғана Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығындағы жаза жүйесінде толықтай мүліктік жазалар ұғымына сәйкес келеді, ал басқа жазалардың рөлі бұл атауға тек жанама ғана [99, 12] . Тәркілеу мен айыппұлдың материалдық шығынның орнын толтыру барысындағы келтірілген зиянды өтеу міндеттерін жүктеуден негізгі айырмашылығы - бұл шараның соттаушыға материалдық шектеу апарып соқпайтындығына (сонымен қатар, бұл жазалар қазіргі қылмыстық кодексімізде өз орнын тапқан жазалар, ал келтірілген зиянды өтеу міндеттерін жүктеу жазасы бұрынғы кодексте бар болатын) [100, 45] . Тәркілеу мен айыппұлдың қолданылуы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті жоққа шығармайды.

Жоғарыда қарастырылған мүліктік жазалардың ерекше белгілерін ескере отырып, мүлікті тәркілеудің төмендегідей анықтамасын беруге болады. Мүлікті тәркілеу - сотталушыға тиесілі мүлікті мемлекет меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу жолымен, сотталушының қылмыстекті-пайдақорлық бағыттағы санасын жоюға бағытталған мүліктік жаза. ҚР ҚК-нің 51 бабының 1 бөлігінде мүлікті тәркілеудің белгілерінің ішінде мәжбүрлеп және өтеусіз деген сөздер бар. Мәжбүрлеу дегеніміз - мүліктің басқаға көшуі өз еркімен емес, екі жақтың келісімінің күші бойынша немесе бір жақты міндеттен емес, үзілді-кесілді заң шығарушы мен соттың көңіл білдіруі бойынша жүзеге асырылатындығын білдіреді. Өтеусіз - (ақысыз, тегін) қандайда бір баламасы (эквивалент) жоқ екенін көрсетеді. Тәркілеу реквизициядан (жеке адамдардың немесе қоғамдық ұйымдардың мүліктерін мемлекеттің өз қарамағына алуы) осынысымен ерекшеленеді. Тәркілеу - мүлікті иесіздендіру емес, сонымен қатар осы жағдайда белсенді тарап иесіздендірілген мүліктің иесі болып табылады. Ал бұның бастамашысы болып өздеріңізге белгілі - заң. Мүлікті тәркілеудің мазмұнын мүліктік сипаттағы құқықты шектеулер жиынтығы құрайды. Олардың көлемі нақты іс жағдайларына байланысты және әрбір жеке жағдайда бұл жазаның қолданылуы сотпен анықталады. Материалдық шектеулердің көлемі тәркілеудің толық және ішінара деген түрлерге бөлінуі өлшемінің қызметін атқарады. Тәркілеу арқылы сотталушының тәркілеуге жатпайтын, арнайы келтірілген заттардан басқа (қылмыстық-атқару кодексіндегі Қосымшада тізімі берілген), барлық жеке мүлкі, яғни ортақ меншіктегі оның үлесі алынғанда, ол толық болып табылады. Ішінара тәркілеудің мәні - барлығы емес, сотталушыға тиесілі тек сотпен анықталған бөлігінің (1/2; 1/3 және т. б. ) немесе нақты белгіленген заттардың алынуында жатыр. Біздіңше, ең дұрысы ішінара тәркілеуді тағайындағанда, сотта үкімде тәркіленетін заттардың тікелей аттарын атап шығуы керек. 1999 жылдың 26 мамырында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот Пленумының №1 «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» қаулысы ұсынып отырған мүліктің мөлшерін көрсетуде белгісіздік элементтер бар, өйткені бұл жағдайда төлем туралы мәселені шешу сот орындаушысының қарауымен жасалады, оны дұрыс деп тану қиын [56], яғни осы аталған қаулының 27 бөлігіндегі «Мүлікті» деген сөзден кейін «бүтіндей немесе ішінара» деген сөздермен толықтыруды орынды деп санаймыз. Сонда «Мүлікті бүтіндей немесе ішінара тәркілеген кезде оның мөлшерінің үкімде нақты көрсетілуін соттар есінен шығармауға тиіс, ал тәркілеу сотталған адамның жеке басына тиесілі мүлікке немесе жалпы ортақ меншікке оның үлесіне ғана жүргізілуі мүмкін» деген сөздер келіп шығады.

Мөлшері және көлемі бар жазаларды нақты орындау үшін оларды қолдану барысында белгілі бір бағдарлар (өлшемдер) қажет. Мұндай бағдарлар қылмыстық заң шығарушылықтың Жалпы бөлімінде жазалардың жекелеген түрлерін тағайындау тәртібі және шарттары жөніндегі нормаларда немесе қылмыстық кодекстің Ерекше бөлім баптарының санкцияларында белгіленген. Бірақ олар өкінішке орай әрқашан жеткілікті, сенімді емес, яғни нақты негізделмеген болып шығады. Айтылғандардың мүлікті тәркілеуге де қатысы бар. Қазіргі заң шығарушылықта толық және ішінара тәркілеудің ара-жігін ажырату туралы мәселенің шешілуін айтуға болмайды. ҚР ҚК-нің 51 бабында заң шығарушы мәселенің шешілуінің практикалық жалпы бағытын береді. Біздің қылмыстық кодексіміздің Ерекше бөлімінде тәркілеудің толық және ішінара бөлуді көрсету мүлдем жоқ, осыған орай ішінара тәркілеу өте сирек кездеседі. Жоғарыда айталғандарды ескере отырып, біздің қылмыстық кодексіміздің Ерекше бөлім баптарындағы мүлікті тәркілеу қарастырылған санкцияларға (әсіресе, міндетті тағайындау) толық немесе ішінара деген сөздермен толықтыруды көрсету дұрыс болар еді. Себебі жаза тағайындау кезінде бұл толықтырудың оң ықпалы тиетініне сөз жоқ. Егер қылмыстық кодекс бабының санкциясы қосымша жаза ретінде мүлікті тәркілеу міндетті түрдегі толық тағайындауды қарастырса, онда сот ҚР ҚК-нің 55 бабында көрсетілген шарттар бар болғанда, ішінара мүлікті тәркілеуді қолдана алады.

Қолданылып жүрген қылмыстық заңымызды талдау барысында мүлікті тәркілеу белгіленген қылмыстар қылмыстық кодекстің Ерекше бөлім баптарында мынадай жинақталып қарастырылғанын көрсетті:

1) 1 Тарау. Жеке адамға қарсы қылмыстар (жалпы санкциялардың 8, 10 пайызы) ;

2) 2 Тарау. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар (10 пайызы) ;

3) 4 Тарау. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар (22, 22 пайызы) ;

4) 5 Тарау. Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар (22, 22 пайызы) ;

5) 6 Тарау. Меншікке қарсы қылмыстар ( 45 пайызы) ;

6) 7 Тарау. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар (20, 89 пайызы) ;

7) 9 Тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар ( 24, 27 пайызы) ;

8) 10 Тарау. Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар ( 11, 90 пайызы) ;

9) 13 Тарау. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар (17, 39 пайызы) ;

Көрсетілген мәліметтерден көрініп тұрғаны, құрамында мүлікті тәркілеу жазасы бар ең көп санкция мөлшері (45 пайызы) «Меншікке қарсы қылмыстар» тарауында қаралған, яғни мүлікті тәркілеуді қолдану мүмкіншілігі бекітілген қылмыс қатары көбіне пайдақорлық ниетпен жасалған қылмыстарда қарастырылған, тек есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (ҚР ҚК-нің 259 бабы), сондай заттарды ұрлау немесе қорқытып алу (ҚР ҚК-нің 260 бабы), жоғарыдағы заттарды дайындау үшін пайдаланылатын шикізаттың, аспаптардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (ҚР ҚК-нің 263 бабы) қылмыстарды жасаған қылмыскерлер пайдақорлық ниетпен және сондай-ақ халықтың денсаулығына және қоғамдық қауіпсіздікпен байланысқан басқа да ниетте болуы мүмкін.

1. 2. Мүлікті тәркілеу жазасының түрлері және оның мақсаты

Мүлікті тәркілеу қосымша жаза болып табылады және қолданылып жүрген заңдар бойынша тек осы түрде ғана қолданыла алады. Мәселені талдағанда, негізгі және қосымша жазалардың ара-қатынасында мынаны ескеру керек, заң бұл жазалар түрінің арасында бағыныштылық жағдайын белгілемейді. Қосымша жазалардың дербес еместігі, біздің ойымызша оларда іс жүргізу сипаты бар және олар жөнінде тек әсер ету шаралары тағайындалғанда ғана айтуға болады. Алайда, тағайындалған кезде қосымша жазалардың дербес еместігінен, оларды орындау барысында көмекшілігі көрінбейді. Соңғысы ерекше маңызды, өйткені негізгі және қосымша жазалар арасында мақсаттары бойынша айырмашылық болуына жол бермейді. Сот заңды басшылыққа алып, қылмыстың салдарынан келген залал (зиян) мен қоғамдық мүдделердің бұзылуы арасындағы қайшылықты болдырмау мақсатында жаза (оның ішінде, мүлікті тәркілеу жазасы да бар) тағайындайды. Қылмыскер (оның қоғамдық қауіптілік дәрежесі ескеріле отырып) өзінің жасаған қылмысына қарай жазалануы тиіс. Сондықтан жаза түрлері бір мезгілде қажетті және әділетті болуға тиіс. Сонымен жазалаудың негізіне шындық пен әділеттілік алынады, ал оны іске асыру қажеттілікпен анықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қосымша жазаны қолдану мәселелері
Қылмыстық жаза жүйесіндегі айыппұлдың түсінігі мен қалыптасу тарихы
Соттың тәркілеу туралы өтінішхатты қарауы
Жалпы жаза ұғымы
Жазаның негізгі түрлері
Жазалар жүйесі ұғымы және оның маңызы
Қылмыстық жаза
Қылмыстық жазаны қолдану - тек қана соттың құзыреті
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар
Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz