Мұстафа Шоқай және Түркістанның біртұтастығы идеясы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...4-13 б.
І. Тарау. М.Шоқайдың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі.
1.1 Мұстафа Шоқайдың
өмірбаяны ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...14-18 б.
1.2 Мұстафа Шоқай және Түркістанның біртұтастығы идеясының
қалыптасуының
алғышшарттары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...19-27 б.
ІІ. Тарау. Мұстафа Шоқай және Түркістанның біртұтастығы идеясы.
2.1 Мұстафа Шоқайұлы: Қазақстан және Түркістанның қоғамдық- саяси
өмірі
жайында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..28-32 б.
2.2 Мұстафа Шоқайұлының Түркістанның Біртұтастығы идеясы,
түрікішілдік мұраты және оның
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ...33-38 б.
ІІІ. Тарау. Мұстафа Шоқай және Түркістан легионы: аңыз бен ақиқат.
3.1 М.Шоқайдың эмиграцияға кетуінің кейбір мәселелері ... ...39-41 б.
3.2 М.Шоқай және түркістандық соғыс тұтқындары ... ... ... ... .42-49
б.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..50-52 б.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 53-55 б.
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Халқымыздың ХХ ғасырда жүріп өткен жолы қандай
азапты, күрделі болса, бұл процесті зерттеуші мамандардың ой-елегінен
өткізіп, ғылыми тарих есебінде оқулықтар арқылы оқырманға жеткізу де сондай
ауыр жүрді. Тек егемен ел тізгінін қолға ұстап, еліміздің мемлекеттік
тәуелсіздік алуына байланысты өткен тарихымызды еркін қорытып, одан
объективті теориялық тұжырымдар жасайтын, тиым салынған ақиқатты бүкпесіз
айтатын, оған баға беретін уақыт жетті. Большевизмнің қас дұшпаны
болғандықтан, билікпен ымыраға келмей шет ел асқан Мұстафа Шоқайға таңылған
айыптар бұл кезеңде негізінен Түркістан легионы төңірегінде өрбитін еді.
Бұл жайында тіпті, социалистік реализмнің аясында көркем шығармалар
жазылып, қаралау науқанына түрлі бәйгелер беріліп жатты. Еліміз егемендік
алып, тарихтың ақтаңдақ беттері біршама ашылып, Алаштың ардақты ұлдары
ақталып жатқан тұста Мұстафа Шоқайға қатысты ойлар да басқаша өрбіп, жаңа
деректермен толысқан тарих көздері ақиқат сырларын аша түсті.
Дегенмен, Мұстафа Шоқайға және оның мұрасына сын көзбен қарайтындар
әлі де баршылық. Өйткені, әсіресе, қолына қару алып қан кешкен
ардагерлеріміз бен аға буын өкілдерінің бір кездері сыңаржақ идеологияның
біржақты және толассыз насихаты нәтижесінде қалыптасқан өзіндік түсініктері
бірден сейіліп кете қоймайтыны түсінікті. Міне, сондықтан, Алаштың ардақты
ұлы жайында ақиқатты білу үшін сезімге бой алдырмай, деректер көздеріне
жүгінгеніміз абзал.
Кеңес өкіметіндегі ең саясаттанған сала тарих ғылымы болды. Бұл
туралы Л.Троцкий "Сталинская школа фальсификаций" деген кітабында былай
деген болатын: В результате официальная история партии и революции
представляет собою сейчас свиток, исписанный во всех направлениях разными
писцами, мало заботившимися друг о друге, отчасти - одним и тем же писцом,
мало заботившимся о том, что им написано вчера" [1]
Кеңес дәуірінде ұлттық республикалардағы халықтардың тарихы екінші
орынға ысырылған болатын. Ұзақ уақыт бойы XX ғасырдағы Отан тарихының
мәселелері жалпыресейлік революциялық қозғалыстармен, большевизм тарихымен
бірігіп қарастырылды, сонымен бірге өлкенің әлеуметтік-экономикалық
жағдайы, оның халқының революцияшылдығы идеалдандырылды, метрополия
деңгейіне жеткізілді [2]. Қазақ тарихын жазуға үлес қосқан ағаларымыз 1937-
нің ойранында опат болғаннан соң, бұл дербес ғылым пән ретінде өмір сүруден
қалды, оқу орындарында ол Орта Азиямен араласып, КСРО тарихының бір
тарауынан аспады. КСРО көлемінде бір-ақ тарих-Ресей мемлекетінің тарихы
төңкеріске дейінгі және төңкерістен кейінгі кезең болып зерттелді. Оқу
орындарында тарих пәні КСРО халықтарының тарихы деп аталса да, кейін КСРО
тарихы деп түзетілді. Іс жүзінде орыс халқының тарихы зерттелді. Біртұтас
елдің біртұтас тарихы ғана болу керек деген империялық ұғым орнады. 1920-30
жылдардағы репрессия салдарынан С.Асфендиаров, М.Тынышпаев, Т.Шонанов,
Қ.Кемеңгеров кітаптары ғылыми айналымнан шығарылды. Тек ленинградтық ғалым
М.П.Вяткиннің "Очерктері" ғана Қазақстанның XVIII ғасырға дейінгі тарихын
қамтитын еңбек болатын. Сол кездегі көзқарастардан тұңғыш тарих ғылымының
кандидаты ғылыми дәрежесін алған Халел Әділгереевті атауға болады. Сөйтіп,
кітапханалардың каталогтарында "Қазақстан тарихы" деген жәшік тек
революцияға дейінгі орыс тарихшыларының шығармаларымен толықтырылатын. Ал,
1943 жылы шыққан "Қазақстан тарихы" осы тұста кеңес тарихнамасының үлкен
жетістігі болғаны анық. Мұнда ерте заманнан Кеңес-Герман соғысына дейінгі
аралықтағы біртұтас ел тарихы қамтылды[3]. Осы кітап авторларының арасынан
тек Е.Бекмахановты ғана қудалау жергілікті ұлт өкілдеріне қойылған шектеуді
білдіру еді.
Бұл туралы белгілі тарихшы І.Қозыбаев былай деді: "Речь идет о научном
наследии Бекмаханова его концепции характера национальных движений в XIX
веке - проблеме, не замыкающейся в узкокраеведческих рамках нашей
республики, а имеет, без сомнения, общесоюзное значение, позволяет по
новому взглянуть на ряд проблем истории дореволюционной России, где пока
возвышаются искусственно возведенные утесы догмагизма на месте былой
россыпи оригинальных идей и суждений, неординарных оценок и научных
гипотез. Следовательно, речь пойдет не просто о восстановлении исторической
науке, но и повод для размышлений, обсуждений актуальных проблем истории
народов СССР [1, 81 б.]
Деректер қай заманда да өзгермек емес. Тек қана субъектінің, яғни
адамның ойында әр түрлі айтылады, жазылады. Мәселен, бір дерек кеңес
идеологиясы бойынша бұрмалануы ықтимал, тіптен, Қазақстан тәуелсіздік
алғаннан кейін де екі тарихшы ол туралы өз еңбектерінде әртүрлі пікірлер
айтуы мүмкін. Бұған, әрине, уақыт төреші. Бұл жерде Мұстафа Шоқайдың
тұжырымдарын тілге тиек етуге болады: "Қазақ, орыс, өзбек тілдеріндегі
түркістандық газеттер мен журналдардан, кеңестік сипаттағы деректерді
пайдаланатын боламын. Кеңес Мемлекеттік Баспасының басылымдары және
партиялық конгрестердің хаттамаларынан цитаталар беремін. Мен кеңес
баспасөзінде көрінген, ешкім теріске шығара алмайтын мәліметтер туралы
айтатын боламын. Оны тек қана қабылдау немесе мойындау керек" [4].
Автордың сөзінен көрініп тұрғандай, дерек сол күйінде қала бермек.
Кеңес деректеріне Мұстафа Шоқай мен сол кезең тарихшылары екі түрлі қарады.
1998 жылды Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың "Ұлттық тарих жылы деп
жариялауы Отан тарихы ғылымының қоғам өміріндегі орнын одан әрі
жоғарылатты. Ұлттық рухтың ұлтжандылықтың күшеюі үрдісінде тарихшы
ғалымдарымыз алдыңғы шептен көріне алды. Тарих ғылымы теориялық-
методологиялық терең зерттеулермен жарақтана бастады. Кеңес дәуіріне
арналған ғылыми еңбектер көбейді. Жүріп өткен жолымызды ешқандай да
бұрмалаусыз, тура қорытудың бірден бір жолы-өз уақытында халқымыздың
болашағы үшін бар ғұмырын күресте өткізген зиялыларымыздың артында
қалдырған рухани мұрасын қалың оқырманның, әсіресе, жас ұрпақтың, қолына
жеткізу болса керек. Халқымыз үшін сондай ардақты есімдердің бірі-Мұстафа
Шоқайұлы. Еліміздің азапты тарихында М.Шоқайдың алатын орны қандай?
Жоғарыда Мұстафа Шоқайға таңылған айыптар Түркістан легионы төңірегінде
өрбитіні айтылды. Сонда соғыс атаулыға, қан төгуге және адамзатқа төніп
келе жатқан алапат ауру — фашизмге қарсы болған Мұстафа Шоқай, расында,
легион құруға ат салысып, қару кезенген бе еді? Бұл сауалдар біздің
тарихтану ғылымымызда өз шешімін тапты деп айта алмаймыз. Анығырақ
айтқанда, қазақ зиялыларының жүріп өткен жолы, әсіресе, 1917 жылғы қазан
төңкерісі қарсаңында қоғамдық-саяси қызметі әлі жазылмаған ақтаңдақтар
қатарына жатады. Бұл тақырыпты байыпты, жан-жақты және терең зерттеу
қажеттігі, біздің пікірімізше, ең алдымен бүгінгі қоғамдық практика
сұранысынан, соған сай тарих ғылымының таным құралы ретінде табиғи
болмысынан туындайды, кез-келген өркениетті елдерде тарих ғылымы сол елдің,
халықтың жүріп өткен жолын, әсіресе, күрделі тарихи өтпелі кезеңдері мен
сол кезеңдерде өзінің белсенді қызметімен қоғамдық дамуға пәрменді ықпал
жасаған түрлі қоғамдық күштердің, жеке тарихи қайраткерлердің өмір жолын
талдап, зерттеу арқылы прогреске қызмет жасап, өзінің гуманистік міндетін
орындап отырған.
Біз өмір сүріп отырған бүгінгі өтпелі кезең, әсіресе, осындай
мазмұндағы еңбектерге мұқтаж. Өйткені біз бүгінгі сонау 1917 жылы Ресей
империясына, оның отар шет аймағы Қазақстанға большевиктер ұсынған даму
жолының сәтсіз аяқталысының куәсі болып отырмыз. Міне осындай жағдайда
қазақ зиялыларының бірі М.Шоқай секілді халықтың қамын ойлап, өзі көтерген
қоғамдық мәселелер елдің тәуелсіздігін сақтап қалу мақсатында көзделгенін
көреміз. Демек, бұл тақырыпты зерттеу бізге ХХ ғасыр басындағы қазақ
халқының жан ашыры, отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы келген қозғалыс
көсемдерінің бірі екенін дәлелдеп, ғылыми тұрғысынан жауап беру. М.Шоқай
көтерген Орта Азиялық түркістандықтардың тәуелсіздік мәселесі бүгінгі күні
өз маңызын жоймай өзінің орнын алуда. Осыған мысал елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың жасаған жолдауындағы Қазақстан қазіргі әлемде деген
бесінші бөлімдегі сөзі:
Бұдан былайғы интеграциялануымыз біздің өңіріміздің тұрақтылығына,
прогреске, экономикалық және әскери-саяси тәуелсіздікке апаратын жол. Тек
осындай жағдайда ғана біздің өңірді әлем құрметтейтін болады. Тек сонда
ғана біз қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, лаңкестік пен экстремизмге қарсы
пәрменді күрес жүргізетін боламыз. Мұндай бірлестік, сайып келгенде, біздің
өңірде өмір сүріп жатқан қарапайым адамдардың мүдделеріне толық сәйкес
келеді.
Мен Орталық Азия Одағын құруды ұсынамын. Қазақстан, Өзбекстан,
Қырғыстан арасында жасалған мәңгілік достық туралы шарт осындай бірлесу
үшін берік негіз бола алады.
Біз осылай жасағанда ғана өзіміздің әрқашан бірге болуымызды аңсаған
арғы ұлы бабаларымызға лайық бола аламыз. Алайда алдымен патшалық империя,
кейіннен сталиндік ұлттық саясат осы бірліктен қорқып, өңірді әкімшілік-
ұлттық аумақтарға бөлшектеп тастаған еді. Ол кезде Бөліп ал да, билей бер
деген саясат үстемдік етті. Қазір бізге келесі ұрпақтарымыз үшін
өңіріміздегі тең құқылы халықтар жүруге тиіс жаңа жолды нұсқайтын сәт
туды[5].
Осыған орай М.Шоқайдың мына сөздері еске түседі:
Біздің мұратымыз-Түркістанда түрі жағынан да, мазмұны жағынан да ұлттық
болатын құрылымға қол жеткізу. Сонда ғана халқымыз өз жерінің нағыз қожасы
бола алады, Біздің саяси және ұлттық азаттығымыз ең алдымен біздің өз
ісіміз. Біз осы ұлы мақсатқа өз ішіміздегі ынтымақты күшейте отырып, біздер
сияқты ұлтының азаттығы жолында күресіп жатқан басқа да ұлттармен тізе
қоса қимылдағанда ғана тезірек жете алатын боламыз[6].
Кеңестік тарих ғылымында қазақ қоғамындағы ұлт зиялыларды ұлтшылдар
деген айыппен қудалап, қуғын сүргінге душар етті. Бүгінгі біз бұл
тұжырымның өмірлік шындықпен ара қатынасын, яғни, қазақ зиялыларының саяси-
қоғамдық қызметін, М.Шоқайдың тағдырын, шетелге кету себептерін, шетелдегі
қызметін, қандай мақсаттарға қызмет жасағанын анықтауға міндеттіміз.
Кеңестік тарих ғылыми революцияға дейінгі ұлттық интелегенцияның қоғамдық
қызметін өзара қиылыспайтын ұғымдар тұрғысынан, яғни буржуазиялық
ұлтшылдықтың немесе күні өткен феодалдық тәртіпті жақтаушылықтың
көрінісі есебінде бағалап келеді[7].
Олай болса, қазақ зиялыларының қоғамдық қызметінде бұл аталған
тенденциялар орын алды ма, жоқ әлде бұл аталған ұғымдар жаңа тарихи
жағдайда ұлт державалық пиғылдағы саяси топтардың патриоттық ұлт азаттық
күштермен күресте қолданған жаңа әдіс-құралдары ма еді?
Қазақ интеллигенциясы үшін азапты сауалдарға айналған бұл мәселелердің
шешімін іздеу бүгінгі өмір сүріп отырған тарихи кезеңді, алдымызда тұрған
міндеттерді тура ұғыну үшін де керек. Басқаша айтқанда, ХХ ғасыр басындағы
ұлт зиялылардың бірі М.Шоқайдың қоғамдық қызметін зерттеу. Бүгінгі ұрпақ
үшін оның қандай тарихи іс тындырғаны ғана маңызды емес, тура сондай
дәрежеде оның қайраткер адам ретінде кім болғаны да мәнді. Өйткені барлық
өркениетті қоғамдарда әрбір ұрпақ өзінің ерекшеліктерін тіптен тарихи
мақсат-мүдделерін тарихи контекстте ғана терең әрі толық түсіне алған.
Соның бірі тарих ғылымының өзі де өмір талабына сай күрделі, азапты
сауалдарға жауап іздеп сол жолда таным құралы есебінде күні өткен
әдістерден бас тартып, арылып, жаңа таным сатыларына көтеріліп, жетеле
түспей өзінің табиғи міндеттерін орындай алмайтындығы түсінікті. Осыдан 15
жыл бұрын 1993 жылы 5 қарашада Қазақстанның халық жазушысы Ә.Тәжібаев,
академиктер Әбділдин, М.Қозыбаев Қазақстан Республикасының президенті
Н.Ә.Назарбаевқа Ашық хат жолдап, М.Шоқай еңбегіне әділ баға беріп, оны
еске алу жайлы шараларды жүзеге асыруды сұрады. Сол жылы, яғни 1993 жылы 25
қарашада Қызылорда облыстық кеңесінің ХІІІ сессиясы М.Шоқайды Қазақстан
Республикасының азаматы деп тану туралы Республика Жоғары Кеңесіне ұсыныс
жасады[8].
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Мұстафа Шоқайдың 1919 жылдан кейінгі шет
елдердегі өмірі мен еңбектері, ұстаған саяси бағыты мақалалар шеңберінде
емес кітаптар көлемінде толық зерттеуді қажет ететін үлкен тақырып екені
аян. 1995 жылдың 16-18-қарашасында Түркістан қаласыңда өткен Казақ
диаспорасының бүгіні мен болашағы атты конференцияда айтылғанындай оны
қазақ ғалым-зерттеушілерінің өзі қолға алғаны дұрыс.
Кезінде Мұстафа ІІІоқай еңбектерін мол пайдаланған, қазір Германияның
Кельн қаласында тұратын Баймырза Хайт ол мақаласында Мұстафа ІПоқайды
Бұқарадан Германияға оқуға барған қарапайым студенттер қатарында
сипаттаған. Мақалада: Еуропада түрік ұлтшылдығының өмір сүрдіру
тақырыбында 1922 жылы Бұқара мемлекеті берген қаржымен Германияға оқуға
барған студенттер әрекеттері маңызды болды. Ол студенттер Түркістан
студенттер бірлігі ұйымын құрды. Студенттердің бір бөлігі неміс газеттері
мен журналдарында Түркістан мәселесімен байланысты мағыналы мақалалар
жариялады. Бұлардың арасында Мұстафа Шоқай ағылшын, француз, орыс және
поляк тілдерінде жазған мақалалары және Түркістан Советтік әкімшілік
астында деген кітабымен танылды[9]...-деп жазылған.
Мұстафа Шоқайдың шет елдердегі қызметі туралы әңгіме қозғағанда
алдымен оның осы шет елдердегі ізбасарлары болып табылатын өзбек ұлтынан
алдымен профессор, доктор Таһир Шағатай мен доктор Абдулуахап Оқтайдың атын
атамай өту мүмкін емес. Ол екеуі Мұстафа Шоқай қайтыс болғаннан кейін Жас
Түркістан басылымдары тізбегі атымен Түркияда 22 кітап шығарды. Ол
кітаптардың көбінен Мұстафа Шоқай жөнінде маңызды деректер табуға болады.
Сондай-ақ селбесе отырып Мұстафа Шоқайдың кайтыс болуына бір жыл толуына
арнап 1942 жылы Ыстанбұлда Мұстафа Шоқай алъбомын шығарған. 1950 жылы
Мұстафа Шоқайдың туғанына 60 жыл толуына арнап Tilrkistan Milli Hareketi
ve Mustafa Sqkau деген кітап жазып бастырған! 1951 және 1954 жылдары да
TurkistandaTiir-kciiliik ve Halkcilik деген екі кітап шығарады. Абай
Құнанбай мен Ахмет Байтұрсын, Міржақып Дулаттың суреттері басылған соның
екіншісінде суреті басыла отырып Мұстафа ПІоқайға ерекше тоқталған.
Аталған Жас Түркістан басылымдары тізбегінен 1959 жылы Ыстанбұлда
басылған және доктор Таһир Шағатай жазған Tiirkistan Kurtulus Hareketile
Ilgili Olaylardan Sahneler деген кітапта екінші дүние жүзілік соғыс
кезіндегі және одан кейінгі бірқатар окиғалар жөнінде назар аударарлық
мәліметтер бар. Әсіресе онда MerhumMustafaCokay in sonyazilarindan
birparca (марқұм Мұстафа Шокайдың соңғы жазғандарынан бір үзінді) деген
бөлім бар. Онда марқұмның соғыс тұтқындарымен болған әңгімелесулері, елдегі
жалпы жағдай және інісінің 1936 жылы тұтқыннан босатылып, 1938 жылы неміс
фашистерінің шпионы деген жаламен қайта тұтқындалғаны, содан кейін хабар-
ошарсыз кеткені жайында да соғыс тұтқындарынан мәлімет алғаны жөнінде
жазылған. Осы кітапта Мұстафа Шоқайға у беріліп өлтірілді. Өз ажалымен
өлген жоқ деген дауға да орын берілген. Соңдай-ақ онда: ...өмірінде ұзақ
жылдар істеген және бүгін біз аманатына күзетшілік етіп отырған
Түркістанның ұлттық бірлігі мен азаттық қимылының көсемі марқұм Мұстафа
Шоқайға сілтеме жасалғандар бізді осылайша түзетіп жасауға мәжбур етті...
[9, 13-14 б]. - деп көрсетілуі Таһир Шағатай мен Абдулуахап Оқтайдың
Мұстафа Шоқайдың жеке архивтерінің бір бөлігіне, әсіресе соңғы кезде
жазғандарына иелік еткендігін аңғартады. Профессор, доктор Таһир Шағатайдың
әйелі-Қазан татарларының ұлттық қайраткерлерінің бірі Аяз Ысқақидің қызы
профессор, доктор Сағдет Шағатай. Ол екеуінен қалған мол архив пен
Анкарадағы үлкен үйлер Жас Түркістан идеясы мен Қазан татарларына
арналған бір қорға берілуі өсиет етілген. Соңғы мәліметтерге қарағанда
Анкарада ондай бір қор құрылған. Енді ол қор өзінің алғашқы ісі ретінде
Жас Түркістан журналын үлкен төрт томдық кітап етіп 1500 таралыммен
шығаруды жобалауда.
Академик Қозыбаев өзінің 20 ғасырдың 80 жылдары соңынан бастап
жарияланған топтама еңбектерінде Қазақстан тарихының ақтандақ
мәселелерін, жабық тақырыптардың зерттелуіне, өз бағаларын алуларына күш
салды. Әсіресе, ұлт-азаттық қозғалыстар, кеңестік дәуірдегі Қазақстан
тарихының шындығы Қозыбаев зерттеулерінің басты нысандарына айналды. [10].
Алаш қозғалысының мәселелері 1990-2000 жылдары М.Қойгельдиев, К. Нұрпейіс,
Д. Аманжолова монографияларында жан-жақты сөз болды. Мыс, Қойгельдиевтің
Алаш қозғалысы атты еңбегінде 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындағы
Қазақстан тарихы дамуына байланысты мәселелер кең ауқымда қарастырылған.
Патша үкіметінің отаршылдық саясаты, ұлттық езгіге қарсы наразылықтың
күшеюі қазақ зиялыларының жан-жақты қоғамдық-саяси қызметі, Алашорда
үкіметінің құрылуы талданды.
К. Нұрпейісовтің монографиясында XX ғасыр басындағы Қазақстандағы
тұңғыш саяси партия мен оның үкіметі қызметінің негізгі кезеңдері рет-
ретімен, арнаулы сақтаулы қордан алынған жаңа құжаттарды едәуір мөлшерде
келтіре отырып ашып көрсетеді.
М.Қойгельдиевтің монографиясында XIX ғасырдың аяғы мен XX басындағы
Қазақстанның тарихи дамуына байланыста проблемалардың кең ауқымы қамтылған.
Кітаптың бүкіл арқауы басты мәселесі - Алаш қозғалысына арналған патша
өкіметінің отаршылдық саясаты, ұлттық езгіге наразылықтың күшеюі және қазақ
зиялыларының 1905-1916 жылдардағы қоғамдық саяси қызметі; ұлт зиялыларын
қудалау саясаты; қазақ газеті және 1908-1916 жылдарда тәуелсіздік
жолындағы күрес идеологиясының қалыптасуы; бірінші дүние жүзілік соғыс
жылдарындағы және 1916 жылғы ұлт-азаттық күрес кезеңіндегі қазақтың
демократияшыл зиялылары; Ақпан революциясының жеңісі және ұлт-азаттық
қозғалысының жаңа міндеттері; қазақ демократияшыл зиялыларының уақытша
үкімет жұмысына қатысуы; жалпықазақтық бірінші және екінші съездер, Алаш
партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы жан-жақты көрсетіледі.
Алаш идеялары Алашорда таратылғаннан соң да өмір сүре берді. 20-
жылдардан кейінде мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы күрес жалғастырыла
берді. Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, А-З.Уәлиді, Н. Ходжаев және басқалар
нақты автономияға ұмтылып, кеңестік қуыршақ республикалар табиғатына қарсы
күресті. Шетелде жүрген М.Шоқай Түркістанды азат ету идеясы жолындағы
күресті жалғастырды.А-З.Уәлиди (Тоған ) өз естеліктерінде 1921 жылдың
тамызында жәдидте партиясы, өзбекстандағы Ерік социалистік партиясы және
қазақтың Алаш партиясы бір тұтас Орта Азия мұсылмандарының ұлттық-
халықтың қоғамдық орталығы (қысқартылғанда - Түркістан ұлтық бірлестігі
) болып біріккен. Жалпы тұғырнама әзірленді. 1924 жылдың мамырында ұлттық
бірлестіктің шетелдік бюросы оның орталығы Түркияда болады деп шешіп, М
Шоқай оның Еуропадағы өкілі болып тағайындалды.
XX ғасыр басындағы қазақ халқының демократ ағартушысы.әрі қайраткер
тұлғаларының бірі - М.Шоқай жөнінде А.Шейгелияның естелігі. Мұстафаның
Париждегі, Лондондағы, Женевадағы және басқа Батыс орталықтарындағы
қызметінің сан қырлы да сапалы болғаны соншалық, оны есептеп жату мүмкін
емес,-деп жазады мемлекеттік думаның бұрынғы мүшесі Грузияның сыртқы істер
министрі. [11].
М. Қойгельдиевтің Қазақ демократиялық интеллигенциясының 1905-1917
жылдардағы қоғамдық-саяси қызметі деген диссертициялық еңбегінің II
тарауында М.Шоқай жайында арқау етеді. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың
бас кезінде (17 жылға дейін) Петербург университетінде 20-ға жуық қазақ
студенттері оқыған. Олардың қатарында М.Шоқай т.б. болды дейді. [7,29бет].
Шын мәнінде М.Шоқай Петербор университетінің заң факультетін тамамдайды.
[12].
Француз ғалымы, М.Шоқайдың досы Жозеф Кастанье қазақтардың наным
сенімдері туралы француз тілінде шыққан еңбегінде соңғы беттерінде түрік
тілдес халықтардың ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі, бұрынғы түркістан
Ұлттық Кеңесінің төрағасы ретінде М.Шоқайдың өмірбаяны сипатталады. Бұл
еңбек шетелде М.Шоқайдың алғаш жазылған өмірбаяны болып келеді. [13].
Этот Туркестанец был одновременно высоко образованным Европейцем,
который в единственном числе смог представлять свою страну. [14].
Ұлы Отан соғысы кезіндегі тұтқындардың жағдайымен, майдан мен тылдағы
идеологиялық күрестердің жағдайы туралы мәселелер-жалпы кеңестік
тарихнамада өз дәрежесінде зерттелмеген тақырып. Осы тақырып аясындағы П.С.
Беланның Правда о Гростуркестане и Туркестанском легионе [15]. деген
еңбегіне көңіл бөлдік. Аталған тарихшының еңбегіне құрметпен қарай отырып,
кейбір мәселелерімен толық келісе алмаймыз. Мұның себебі: Чокаев
работал и в качестве платного агента французской, английской и японской
разведок. С оккупацией Франции Германией он был арестован, но быстро нашел
общий язык с немецкими спецслужбами, вышел из тюрьмы и стал создателем ТНК
(Туркестанский комитет национального единства) [15, 305б], - деп жазып
М.Шоқайдың есімін халық зердесінен өшіру үшін сатқын деп айыптап,
опасыз деген айдар тағып, теріс баға береді.
Бұл тақырыптың таңдап алу себебім оның қазақ халқының жалпы түрік
тектес мұсылмандар қауымының теңдігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен асқақ
мұратты азамат екендігін кейінгі жас ұрпаққа паш ету. Бұл менің азаматтық
борышым, перзенттік парызым деп білемін.
Арманы асқақ жандардың бірі, өмірі жұмбаққа толы, бүгінгі ұрпақ біле
бермейтін қалтарысы мен құпиясы көп аса көрнекті тұлға, ұлтын сүйетін
зердей жанды ой еткізбей қою мүмкін емес.
Жұмыстың мақсаты. XX ғасырда өмір сүрген қазақ зиялыларының өмірімен,
қызметімен, олардың өз халқына жасаған баға жетпес орасан еңбектерімен
танысу. М.Шоқай сияқты қазақ зиялыларының еңбектерін бүгінгі, ертіңгі және
болашақ ұрпақтардың рухани асыл қазыналары деп тани отырып, М.Шоқайдың
қоғамдық-саяси қызметін жаңа ашылған деректер мен бұрыннан бар белгілі
деректер негізінде жаңа теориялық-методологиялық тұрғыдан қарастырып
зерттеу.
Ғылыми айналымға енген құжаттар мен материалдарды, қалыптасқан ой
пікірлер мен тұжырымдарды пайдаланып, жаңа деректер мен көзқарастар
негізінде М.Шоқайдың тарихтағы орнын анықтап қана қоймай оның Түркістанның
біртұтастығы жөніндегі пікірі өткен ғасырдың өзінде-ақ ұлтты біріктіруші
негізгі идея болғандығын атап көрсету. Сонымен қатар М.Шоқайдың Түркістан
легионын құруға еш қатысы болмағанын айғақтайтын деректер келтіру арқылы
ұлы тұлға Шоқай өмірінің кейбір қырларының әділ бағасын беруге көмек
көрсету.
Жұмыстың міндеті:
- Халық арасында таралған естелік әңгімелер арқылы қазақ зиялыларының
өмірлерінің беймәлім жақтарын зерттеу, олардың артында қалған ұрпақтарымен
байланыс жасау, солар арқылы аға ұрпақтың жарияланбаған мұраларын
іздестіру.
- М.Шоқай алғаш орыс революциясы және одан кейінгі жылдардағы қоғамдық-
саяси қызметіне, мемлкекттік думадағы жұмысына талдау жасау. Олардың осы
тарихи оқиғаларға қатысқандығын деректік материалдарға сүйене отырып, саяси
таным деңгей мен ұстанған бағыттарын анықтау.
- М.Шоқайдың бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстар арлығындағы
қызметіне талдау жасау.
- М.Шоқайдың эмиграцияға кетуінің кейбір мәселелері мен шет елдегі
қызметіне баға беру.
Зерттеу барысында, әрине бұл айтылған мәселелерден басқа да тарихи
сюжеттер қозғалады.
Жұмыстың деректемелік негізі. Осы уақытқа шейін Алаш қайраткерлерінің
қызметіне тән деректердің басым бөлігі бұл тақырыпқа арналған еңбектерді
жазуға тартылған емес. Оның мынадай себебі бар: Біріншіден: алаш
қайраткерлерінің қызметіне деген тар таптық- партиялық көзқарас деректік
материалдарға да өз салқынын тигізді. Соның нәтижесінде М.Шоқай қызметін
сипаттайтын архивтік құжаттар сапалы түрде қалтарысқа ығыстырылды, ал
олардың кейбірі зерттеу жұмыстарына тартылмағаннан бұрмалауға ұшырады.
Екіншіден Бірлік Туы, Қазақ, Сарыарқа сияқты басылымдар буржуазиялық-
ұлтшылдардың баспа органдары есебінде ғылыми айналымнан шығып қалды. Ал
Бірлік туы Мұстафа қамқорлық жасап, шығуына дәнекер болған еді.[16]. Бұл
басылымдар ұлттық инттелигенция қызметінің айнасы ғана емес, сонымен бірге
олардың кейінгі ұрпаққа қалдырған аманаты да еді.
Міне, осы орайда, мен өз жұмысымды М.Шоқайдың өзінің жазып, жарық
көрген зерттеу еңбектеріне сүйене отырып жаздым. Олар: Түркістан кеңестер
қол астында, Түркістанның қилы тағдыры, М.Шоқайдың екі томдық таңдамалы
шығармалары. М.Шоқайға байланысты мұрағаттық құжаттардың көбіне шетелде
сақталғандығына байланысты қолдана алмадым
( Ресей, Франция, Түркия, Ұлыбритания) т.б. батыс Европа елдерінде
зерттеу жұмыстарында энциклопедиялар, мәліметтік жинақтарды, қазіргі
таңдағы баспасөз жарияланымдарын біріктіріп отырдым. Жалпы бұл тақырыпта
мерзімді баспасөз материалдары басым болып келеді. Отан тарихы, Қазақ
тарихы, Қазақстан тарихы әдістемелік журналдары, Парасат, Қазақстан
мұғалімі, Ақиқат журналдары, Егемен Қазақстан, Арқа ажары, Ана
тілі, Степной маяк, Жас Алаш, Бұқпа газеттерінің тігінділері
қолданылды.
Жаңа методологиялық зерттеу түрғысынан Г.Назарбаева, X. Әбжановтың
Қазақстан: тарих пен тағдыр еңбегі қарастырылды. Кітапта - Отан
тарихының, қазақ қоғамындағы мәдениет пен интеллектуалдық әлеуметтің өзекті
мәселелері және қазақ зиялыларының тағдыры мен ой-пікірлері құжаттық
негізде ашылып берілген.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері. XIX ғасырдың аяғымен - XX ғасырдың
бірінші жартысы. Аталған уақыттың саяси, әлеуметтік- экономикалық өмірінде
үлкен өзгерістерге толы болды. Күрделі де, алуан өзгерістердің қазақ
қоғамының өміріне ене бастауы, Қазақстаның саяси өміріне өзіндік әсерін
тигізбей қойған жоқ. 1905 жылы қазақ қоғамы әсіресе, ұлт зиялылары азаттық
үшін белсенді саяси әрекетке көшті. Кейін отаршыл әкімшілік чиновниктерін
мойындамай, ұлттық мемлекет құру мақсатын қойды. Кейін нәубет ызғарлы, суық
жылдар келді. Соңында екінші дүние жүзілік соғысқа тап болды. Бұл кезеңде
де сауатты, оқыған адамдар үшін қуғын сүргін аяқталмаған еді.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. М.ШОҚАЙДЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ.
1.1 Мұстафа Шоқайдың өмірбаяны.
Көз аштырмаған қуғын-сүргіннен, азамат соғысы аласапыранының, 1920-
1923 жылдары аярлықпен жасалған ашаршылықтың азабынан тарихи тұрағынан
тысқары жерлерді: Түркияны, Қытайды, Иранды, Ауғанстанды, Монғолияны, Шығыс
араб елдерін Еуропа мен Американы паналауға мәжбүр болған түркістандықтар
(ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейін Ресейде Қазақстан мен Орта Азияның мұсылман
жұртын осылай атаған) тайлы-тұяғы қалмай 1990-1991 жылдардың арасында
Шоқайұлы Мұстафаның дүниеге келуінің 100 жылдығын һәм дүние кешуінің 50
жылдығын ардақтап атап өтті, сөйтіп барша Түркістан ұлттарының тәуелсіз
мемлекет, өз ыхтияры өзіндегі ел болуын көксеген жанды өздерінің көсемі,
дара батыры, Ақиқат жаршысы, Орта Азия мен Қазақстан хылқының Бостандығы
мен Теңдігін жан аямас жоқшысы тұтып, оның рухына бас иді. Қысқасы сонау
1990 жылдары қайта құрылу күндері, еліміз орныдауға ұмтылған идеяларды
Мұстафа сонау 1917 жылы ұсынған болатын. Сол себептен де оған түрікшіл,
исламшыл, ұлтшыл, әлемдік буржуазияның жансызы деген айдар тағылып,
ізіне НКВД тыңшылары түсті. Оның еңбектеріне ғана емес, тіпті есімін атауға
қатаң тыйым салынды, абайсызда аты аузына түсе қалған адам құрып кететін.
Шоқайұлы Мұстафа (1886-1941) отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы
жүргізілген қоғамдық қозғалыс көсемдерінің бірі, Түркістан халықтары
арасында тарихта тұңғыш рет демократиялық Европаның ортасында Түркістандық
саяси эмиграцияның қызметінің негізін қалаушы. Мұстафа Ақмешіттің (қазіргі
Қызылорда) перзенті, атасының арғы тегі қыпшақтардан тарайтын торайғырдың
белді ақсүйектеріне жатады. Ол атақты Торғай датқаның немересі, беделді де
бетті Шоқайбектің бел баласы, нағашы жұрты Хиуаны билеген қазақ хандарының
әулетінен өрбиді.[11, 14б.] Осының өзі ақ оның ата шаңырағының астына айта
қаларлық тәлім-тәрбие алғанын, Жеті жарғыны жадында тоқып өскенін
айғақтаса керек. Әкесі Шоқай дала қызықтары арасында ерекше мәдениетті елге
беделді би болған, отырықшылықпен айналысып, бау-бақша салдырып, егін
еккен, кірпіш үй салдырған. Анасы Бақты да текті жердің қызы екен. Әкесі
батыр болыпты. Түркістанды орыс отаршылары жаулап алуға кіріскенде, Бақты
да әкесімен бірге соғысқа қатысып, барлаушылық қызмет атқарған. Бейбіт
күнде өлең жазып, дастандар жырлаған. Мұстафа ауылында жүріп хат таниды.
Әліпті ә дегенде ата-анасынан үйренгенге ұқсайды. Отаршылдықтың
өктемдігін, қиянатшыл әділетсіздігін Мұстафа жастайынан көріп өседі. Өз
басы отаршылдықтың өрескел кеудемсоқтығымен Ташкентте, өте жақсы деген
бағамен гимназияны аяқтаған кезде бетпе-бет кездеседі. Гимназияда оған
берілмекші болған алтын медальді генерал Самсонов бергізбей, одан төмен
оқитын орыс баласына жазады. Бұған күміс медальді ұсынады. Бірақ Мұстафа
медаль алудан мүлде бас тартады. Александр Керенскиймен бірге маңдай алды
болып Ташкент гимназиясын тәмәмдаған соң Петербор университетінің заң
факультетін үздік бітіреді. Мұстафаның терең білім алып, саяси көзқарасының
қалыптасуы және қоғамдық қозғалысқа, халқының азаттығы үшін күреске қатысып
шыңдалуы Петербор университетінің заң факультетінде оқып жүрген кезінен
басталады. Ол гимназияда да, университетте оқып жүргенде де жергілікті
әкімшіліктен зәбір-жапа шегіп келген жерлестерінің атынан арыз жазып
олардың әділдікке жетуіне көмектеседі, тіпті, кейбір күрделі істер бойынша
сенат алдында мәселелер қоюына тура келеді.[12, 16 б]. Соңынан Уақытша
үкіметтің басына тұрған сол Керенский Мұстафа Шоқайұлына өз кабинетіндегі
министрдің портфелін ұсынады, ал Мұстафа бас тартады. Түріктер елі –
Түркістанның тарихын бес саусағындай білген ол мәдениеттің, саясат пен заң
ілімінің дамуына деген дара көзқарасын түркі ғана емес, сонымен бірге
тәжік, орыс, ағылшын, француз, неміс тілдерінде шырғасын шығармай баяндап
беруге қаптал еді. Әлбетте, оның Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының
саяси бюросында Түркістан халықтарының бірінші, әрі белгілі бір мерзім
ішіндегі бірден-бір өкілі болуының өзі де әбден табиғи, әрі заңды, өйткені
сол кездегі тарихи ахуалдың өзі, оқиғалар барысы жас Мұстафаны осы
соқтықпалы соқпаққа салған, Түркістан халықтарының теңдігі мен тәуелсіздігі
үшін, оларды қорлық-зорлық пен рухани құлдықтан құтқару үшін аса зор
жауапкершілікті арқалауға бар, болып көрмеген қан шеңгел құрылысқа қарсы
ауыр да айрықша күрделі идеологиялық және саяси күресте басын тігуге әзір
тұғыры заңғар тұлғаның алдағы тағдырына арна тартқан. Содан ол қазаға
ұшырағанша осы жолынан тайған емес. Жарғыда жазылмаған көне өсиеттен
жазған емес. Оның достары-қандас бауырлары қазақ ұлттық интеллигенциясының
аса көрнекті көш басшылары: Думаның мүшесі болған Әлихан Бөкейханов және
Ахмет Байтұрсынов, сондай-ақ Петерборда танысып, жақын тартып кеткен
Түркістанның басқа халықтарының марқасқалары да дәл өзіндей елім деген
ерлер еді. Шоқ жұлдыздай шағын ғана осы шоғыр күш біріктіріп, патшалықтың
Шығыстағы жазалаушы саясатына қарсы шайқасты. Думаның зорлық-зомбылық пен
жүгенсіздікті тоқтату шараларын белгілеуіне де, казак-орыстар мен
жазалаушылардың 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға көрсеткен айуандығын
тексеру үшін тергеу комиссиясын құруға да шешуші ықпал жасаған-Мұстафа
Шоқай. Тергеуге бейбіт халыққа жасалған жауыздық жауыздық жайлы құжаттар
мен деректер, тонау, әйелдерді зорлау, өлтіру жайында айғақтар табыстаған
да, қиратылған, өртелген, тоналған ауылдардың, қышлақтар мен қалалардың
санын көрсетіп, аттарын атап берген де-Мұстафа Шоқай. Құрылтай жиналыстағы
Түркістан халықтарының құқықтарын қорғау жөніндегі өкілдер комиссиясына
басшылық еткен де Мұстафа Шоқайдың өзі. Сонымен бірге Мұстафа Шоқай тобы
біртұтас Түркістан конференциясының құрамында Түркістан ұлттық
автономияларын құруға бел байлаған. Ресейдегі революциялық ахуал:
монархияның құлатылуы, 1917 Ақпан төңкерісі, Уақытша үкіметтің құрылуы оны
осындай ойға жетелеген. Алайда сол Уақытша Үкіметтің дәл өзі Түркістан
халықтарының өзін-өзі билеу құқына ашықтан-ашық қарсы шығып, империялық
саясатты жалғастыруды жақтаған. Осыған байланысты Мұстафа Шоқайдан қалған
естелік бар: ол Петербордан Түркістанға жүрер алдында өзінің төңкерістен
талай уақыт бұрынғы ежелгі танысы Петербор солдат және жұмысшы депутаттары
кеңесінің төрағасы, ІV Мемлекеттік Думадағы социал-демократтар партиясының
жөн сілтеушісі Н.С.Чхеидзеге кіреді. Чхеидзе оның алдағы жоспарының жай-
жапсарын сұрағанда Мұстафа Түркістанға автономия әперуге күш салатынын,
соның әзірлігімен айналысатынын айтқан. Сонда Мұстафаның жауабынан Чхеидзе
ыршып түседі: Құдай үшін, Шоқаев жолдас, отандастарыңызға автономия
жайында айта көрмеңіз, себебі, біріншіден, бұл туралы айту әлі ерте,
екіншіден, халқының мәдениеті мен заты мүлде басқа, тілі мен діні басқа
сіздің Түркістан сияқты елдегі автономия-тұп-тура оқшаулыққа бастайтын жол,
ал төңкерісшіл демократияшыл Ресейден тысқары оқшаулықтан сіздің халыққа
пайда жоқ.[17] Қысқасы, орыстың Орталық Азияда егеменді автономия
құруға, оның үстіне конфедерация құруға ырық беру ешкімнің ойы түгіл,
түсіне кірмеген. империялық саясат одан әрі жүргізілді.
Уақыт туғызған мүмкіндікті пайдаланып , еркіндікке қол жеткізер кезде
Түркістан мұсылмандары бірлік таныта алмай, екі топқа бөлініп бірі -
консервативті бағытты, екіншісі- прогресшіл бағытты ұстанады. Қазан
төңкерісінен кейін билікті алған Түркістан жұмысшы - шаруа кеңестерінің
үкіметі бұл ескі топты саяси бірлікке көлтірмеудің бар шарасын істеп
бағады. Екінші бағыттың басында тұрған Мұстафа Шоқай осы кезде құрылған
Түркістан автономиясының Уақытша үкіметінің Сыртқы істер министрі,
Мұхамеджан Тынышпаев отставқаға кеткен соң, оның орнына Бас министр
қызметін атқарады. Бұл кезде ол өлкелік Қазақ Кеңесінің төрағасы болытын.
Оған қоса 1917 жылдың шілде айында Орынборда өткен Бірінші Бүкіл қазақтық
Құрылтайдан соң құрылған Алаш партиясына мүше еді.
1917 жылдың наурызында М.Шоқай Ташкентегі Мұсылмандар конгресінде
құрылған мұсылман орталығын басқарды. Мұсылман орталығында автономия құруға
әзірлене бастады.
1917 жылдың Қазан төңкерісін Түркістандықтар қуана қарсы алды. Бірақ
бұл қуаныш ұзаққа созылған жоқ. Кеңес үкіметі де Түркістан автономиясына
үзілді - кесілді қарсы болатын.
1918 жылдың 22 қарашасында Қоқанда барлық саяси партиялар мен
қозғалыстардың Бүкіл түркістандық конгресі өтіп, онда Қоқан автономиясының
құрылғандығы жария етілді. Оның президенті болып Мұстафа Шоқай сайланды.
Осы жылдың желтоқсанында М.Шоқай Алашорда үкіметінің құрамына кіреді.
Ташкенттегі жұмысшы - солдат депутаттарының үкіметі өзін бірден бір
билік иесімін деп есептеп, Қоқоандағы Мұсылман автономиясына қарсы қанды
қырғын ұйымдастырады.Қоқандағы большевиктер ойранынан зорға қашып құтылған
Мұстафа Иргаш құрбанының бандыларының қолына түседі. Өліммен бірнеше рет
бетпе-бет келіп, әйтеуір аман қалады. Бұдан кейінгі басталған оның
эмиграциядағы өмірі де қиыншылыққа толы еді. Жай жерде қаржы-қаражатсыз
жүргеніне қарамай, тынымсыз саяси - ғылыми баспагерлік жұмыстармен
айналысады. Бұл - Мұстафа Шоқай ұлының өз халқының тәуелсіз болашағы үшін
білек сыбанып, ымырасыз күреске түскен жылдары еді.
1918 жылдың қантарында қарулы жұмысшы отрядтары мен қызылгвардияшылар
Қоқанды шабуылмен басып алған соң, М.Шоқай Грузияға кетті. Онда ол Кавказ
халықтарының демократиялық қозғалыстарына белсене атсалысады.
1920 жылы қызыл армия Грузияға кіргенде, М.Шоқай Түркияға қоныс
аударды, одан әрі Берлин асып, кейін Францияда тұрақтанады. Эмиграцияда
жүріп М.Шоқай кеңестік езгіден Түркістан халықтарының өмірін көрсетуге
арналған журналдар мен газеттер шығаруды ұйымдастырып, олардың жұмысына
белсене араласады. Стамбұл мен Парижде, Берлинмен Лондонда, Варшавада ол
Орта Азия туралы мақалаларын, теориялық зерттеулерін, тарихи және саяси
шолуларын жариялады. Ол ұйымдастырған Жаңа Түркістан және Жас
Түркістан журналары тиісінше Стамбұл ме Берлинде басылып тұрды. Ұлы Отан
соғысы басталысымен М.Шоқай тұтқындалып, Париж түбіндегі Компьен
концлагөріне жіберіледі. Осыдан екі апта ұсталған ол кейінен босатылады.
М.Шоқай үйінде ұзақ бола алмайды. Оны әуелі Германияға, кейінен Польшаға
және Украйнаға әкеліп, тұтқынға түскен түркістандықтармен жүздестіріледі.
Лагердің бірінде қазақтың ардагер ұлы 1941 жылдың 27 желтоқсанында дүниеден
өтті. [18]
Ол өмірінің сонында тамыз айының басынан қараша айының соңына дейі
немістің бірнеше лагерін аралап, тұтқындағы ондаған мың түркістандықтармен
кездеседі, оларды өлім тұзағынан құтқарып алуды өзінің бірден-бір борышы
санайды. Жаны күйзелген Мұстафа Германияның билік орындарына жолдаған
хатында: Сіздер-немістер өздеріңізді Еуропадағы ең мәдениетті халықпыз
деп санайсыздар. Егер сіздердің мәдениеттерінің менің көріп жүргендерім
болса, онда мен сіздерге тұтқындардың шеккен азабын көрулеріңізді тілеймін.
Сіздер XX ғасырда өмір сүре отырып, XIII ғасырда Шыңғыс ханның жасаған
зүлымдығынан асып түстіңіздер. Мәдениетті халық екендіктеріңізді айтуға
хақыларыңыз жоқ деп жазады. Осы хатты тапсырған СС офицері: Пікіріңді
тым тура атыпсың, мұның артықтау емес пе? дегенде Мұстафа : Егер сіздер
осыған байланысты маған ату не асу жазасын берсеңіздер қарсылығым жоқ.
Мұндай мәдени қоғамда өмір сүргеннен гөрі өлгенім артық дейді Мұстафаның
адал жары Мария Яковлевна арқылы бізге жеткен осынау деректер ұлтын сүйгөн
ұлы азаматтың ұлтшыл жүрегінің жерлестері тартқан азапты көріп қала
ауырғанын, жанының қалай күйзелгенін әлемге жариялап тұрғандай.
Ол 1941 жылы Берлиндегі Виктория ауруханасында құпияға толы жағдайда
қайтыс болды. Сүйегі Берлин қаласындағы мұсылмандар бейітінде жерлеген.
XX ғас басындағы қазақ халқының демократ ағартушысы әрі қайраткер-
тұлғаларының бірі - М.Шоқай. Ол өзінің бүкіл саналы өмірін туған халқының
санасын оятуға, қараңғылықтан құтқарып оқу білімге қол жеткізуге , қазақ
елін көркейтуге, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосуға
арнаған еді. Оның өмірі мен демократтары Ә.Бөйкейханов және басқаларының
идеяларын , көзқарастарымен тығыз байланысты. Осы қазақ зиялыларының бір
ғана мақсаты қазақ халқының санасының ояту болды. Олар қараңғылықтан жапа
шегін өз қолындағы байлығынан айырылып. отаршылдық езгіге түсіп, еңсесі
езілген халықты ояту үшін аянбай күресті.
С.Торайғыров: Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн балам , десе
А.Байтұрсынов: Қазағым елім, қайқайып белің, Сынуға тұр таянып, Тонауда
малың, қамауда жаның Аш көзіңді, оянып,- деді. М.Дулатов:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты өткізбей қараңғыда бекер жасты Жер
кетті.дін нашарлап, хал харам болды, Қазағым енді жату жарамасты ,- деп
айтты.
Ал, М.Шоқай болса қазақтың басында ауыр халі арылтып, санасына жарық
сәуле жағу үшін қазақтың мұң-мұқтажын баршаға жеткізу үшін қазақ
зиялыларының ой-пікірлерін мен көзқарастарын бір жерге түйістіру үшін 1927
жылы Жаңа Түркістан және 1929 жылы Жас Түркістан журналдарын шығарды.
Осы журналдар беттерінде қазақ зиялылары жандарына батқан ащы шындықты
айтып, қазақтың халі, жері туралы, теңсіздік туралы мәселелерді көтерді,
онда кеңестік жүйені сынаған бірқатар еңбектер жазды. [19]
М.Шоқай артында бай мұра қалды. Атап айтсақ, олар 1917 жылы Ташкентте
Ұлығ Түркістан, Қоқанда Жаңа Түркістан, 1919 жылы Тбилисиде Вольные
Горцы, На рубеже, 1921 жылы Ыстамбұлда Шөбиәме газетасы, сондай-ақ
Жаңа дүние, (1929), Жаңа Түркістан( 1927-1937), Түркістан (1935),
Орта Азия (1928) секілді француз, түрік, орыс тілдерінде кітаптар, Жас
Түркістан журналын, т.б. көптеген еңбектерін бастырып шығарды. [8, 102 б]
Гуманист - ойшыл , демократ , энциклопедиялық білім иесі Мұстафа Шоқай
ағартушы Орта Азия мен Қазақстан халықтары тарихы мен мәдениетінің
жоқтаушысы болды. Ағылшын, француз, неміс, түрік және араб тілдерін өте
жақсы меңгерді. Бүкіл ғұмырын ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ар -
абыройын қорғауға, шындық үшін күреске арнады. Оның жан-жүрегі өле -
өлгенше туған халқымен бірге болды.

қалыптасуының алғышшарттары.
1997 жылдың 10-шы қаңтарында Бішкек қаласында Президенттер
Н.Ә.Назарбаев, А.А.Ақаев және И.Ә.Каримов Қазақстан, Қырғызстан және
Өзбекстан мемлекеттері арасындағы Мәңгілік достық туралы шартқа қол қойды.
Бұл шын мәнінде тарихи оқиға болды. Ең алдымен, бұл шартты өмірге ұлы
мәртебелі Қажеттілік-көрші, түбі бір туыс мемлекеттердің, халықтардың
түпкілікті мүдделерінің ортақтығы еді. Басқаша айтқанда, бүгінгі жан-жақтан
аңталаған экономикалық және басқа ауыртпалықтан бірігіп шығудың бірден-бір
тура жолы осы өзара көп қырлы байланысты ғылыми, мақсатты негізге қою болып
табылатындығы анық. Жер үстіндегі түрлі аймақтардағы елдердің (Батыс
Еуропа, Латын Америкасы т.б) өзара интеграциялық байланыстарды нығайтып,
өркениеттіліктің жаңа сападағы сатысына жол іздеуі табиғи құбылыс. Сонымен
бірге, жоғары мәртебелі Президенттердің қолы қойылған бұл құжат Түркістан
аталатын тарихи кеңістіктегі көне замандардан келе жатқан іргелі дәстүрдің
қайта жаңғыруы болатын. Ол жөнінде Н.Ә.Назарбаев: Төрт жүз жылдай бұрын
қазіргі қазақ, қырғыз, өзбек ұлттары бір халық болып өмір сүрген. Тарих
талқысы үшке бөліп жіберген біз енді Кіндік Азия қойнауында қайтадан жаңа
мазмұндағы қатынас түзіп жатырмыз деп дәл көрсетіп айтты. Әрине, бұл түбі
бір туыс халықтарымызға берер пайдасы мол, сондай-ақ ертеңгі болашағы зор
тарихи оқиғаның терең тамыры мен сан қырлы маңызын ғалымдар айтар деген
пікірдеміз. Ал бүгінгі сөз тұтас Түркістан идеясының ХХ ғасырдың алғашқы
ширегіндегі өкілдерінің бірі Мұстафа Шоқайұлының осы идея жолындағы күресі
жөнінде.
Ресей империясының идеологтары Еділ мен Жайықтың шығыс жақ бетіндегі
түркі халықтарын өсіп-өркендеу жолына түскен дербес этникалық қауым, саяси
және мәдени күш ретінде көргісі келмеді, керісінше оларды империяның күшею
барысында өздеріне тән табиғи ерекшеліктерінен айырылған және біртіндеп
орыстануға тиіс тұрғындар қатарына жатқызды. Империялық орталық осы
стратегиялық мақсатты қамтамасыз ету жолында түрлі тарихи кезеңдерде түрлі
әдіс-айла, әрекеттерге барды. Империяның осы мазмұндағы саясатын арнайы
талдауға алған ғылыми еңбектер керек-ақ, бірақ, ондай зерттеулер әзірге
жарық көре қойған жоқ. Дегенмен бұл арада метрополиялық орталықтың түркі
халықтарын жаулап алу және орыстандыру барысында қолданған әдістерінің
қайсы-біріне тоқталуға болады. Әуелде орыс отарлаушыларының теперішін
көрген татар және башқұрт халықтары болды. Жаулап алушылар алдымен бұл
халықтардың жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттік жүйесін жойды.
Мемлекеттік тұтастық пен тәуелсіздіктің символдарын біржола жоқ етуге,
қоғамның өзін-өзі қорғай алу қабілетінен айыруға күш салды. Мұнда орыс
билігін орнықтыру барысында қолданылған шаралар- жаңа билікті қабылдағысы
келмеген татар, башқұрт және ноғай мырзаларын жер иеліктерінен айыру, ал
қайсыбірін ішкі Ресейге жер аударып, сонда ұстау, ал қабылдағандарына ғана
түрлі жеңілдіктер жасап, қолдау көрсету, билікке тарту түрінде жүрді.
Жергілікті билеуші топтан қалған үйлер, сарайлар, құнарлы жерлер ішкі
Ресейден қоныс аударған орыс помещиктеріне, көпестеріне және дін
қызметкерлеріне үлестірілді. Жаңа территориядан жер алып баюдан үміткер
түрлі бұзақы, азғын элементтерге, қожасының езгісінен қашқан босқын
шаруаларға түрлі заңдастырылған жеңілдіктер жасалынды, олардың жаңа
географиялық және этникалық ортада бауыр басып кетуіне қажет түрлі
экономикалық-саяси және мәдени шаралар іске асырылды.
Отарлаушы әкімшіліктің осы мақсатта қолданған іргелі шараларының
бірі, әрине, аталған халықтардың өмірінен ислам дінін ысыру еді. Метрополия
отарлау процесі барысында православиялық Ресейге қарсы ислам дінінің
қорғаныс ұйытқылық, рухани қарсылық ұйымдастырушы күш міндетін атқаратынын
жақсы түсінді. Сондықтан ислам дінінің түркі халықтары өміріндегі ықпалын
алдымен әлсіретіп, соңынан жоюға үлкен ынта қойды. Мәселен, тек 1742 жылы
ғана бір Қазан уезінде 546 мешіттің 418-нің қиратылғанын айтса да
жеткілікті.[20].
ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында өзінің басқару жүйесін Орталық
Азияға жая бастаған Ресей отаршылары татар, башқұрт және ноғай елдерін
бағындыруда қолданған әдіс-айласын енді жаңа елдерді бағындыруға да қолдана
бастады. Негізгі тіршілік көзі-атамекен жерден, ата салт-дәстүрден,
мәдениеттен айырылу қаупі енді осы елдерге де төнді. Міне, осындай
жағдайда Ресей отаршылдығы сияқты мемлекеттік деңгейде ұйымдасқан дүлей
күшке қарсы тұра алу үшін соған деңгейлес ұйымдасқан материалдық және
рухани күш қажет еді. Ондай күшті бәрі бірдей Ресей империализмінің
тәуелділігіндегі түркі халықтарын тұтас бір майданға біріктіру арқылы
қалыптастыру мүмкін еді. Түрікшілдік және исламшылдық (пантюркизм және
панисламизм) міне осы орыс отаршылдығына қарсы күрес арасында өмірге келді.
Басқаша айтқанда, пантюркизм мен панисламизм қорғанушылар идеологиясы
болатын.
Ресей империясында ХХ ғасырдың бас кезінде түркі халықтары арасында
ұлт-азаттық идеологиясы қалыптаса қоймаған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz