Мұхтар Шаханов поэзиясының қалыптасуы мен даму жолы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Филология факультеті
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Мұхтар Шаханов поэзиясының қалыптасуы мен даму жолы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. М. Шаханов поэзиясының көркемдік жүйесі . . . 10
1. 1. Ақын лирикасындағы стильдік жаңашылдық . . . 10
1. 2. Шаханов жырларының тақырыптық және құрылымдық ерекшеліктері . . . 22
2. ШАХАНОВ - эпик ақын . . . 43
2. 1. М. Шаханов поэмаларындағы азаматтық әуен . . . 43
2. 2. Ақын шығармаларындағы рухани-адамгершілік құндылықтар . . . 49
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ . . . 57
КІРІСПЕ
Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, оның қас - қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға түсіру, сыр ғып шерту келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Оны Мұхтар ақынның поэзиясынан танып, көруге болады.
«Мұхтар Шаханов өлеңдері - ұлттық поэзияның жаңа бір белеске көтерілгендігін, жаппай евроцентристік ағымға ойысқан заманда қазақтың қара өлеңінің шынайы қасиеттерінің қадірі артып, бұрынғыдан да толысып, кемелдене түскендігінің куәсі. »[1. 3] Ол қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын ұстанды, оны түрлендіре байытты, сөйтіп қалың қазақ оқырмандарының жүрегіне жол ашты. Сонымен қатар ақын қазақ лирикасын ХХ ғасыр әдебиетінің озық үлгілерімен құнарландырды. Білікті, парасатты ақын ретінде өз заманының ірі мәселелеріне қалам толғаса да, соның өзінде қазақ өлеңі мен ана тілінің ғасырлар қойнауынан нәр жинаған аталы дәстүрін бұзбай жарасымды табиғи дамытты. Ол бірде қоғамның керенаулығын бетіне басқан қатал сыншы, енді бірде бала мінезді кіршіксіз таза, аңқылдаған аңғал жан. Сөйтіп жыр әлемінде өз ойын, өз шындығын, жүйелі көркем тілде ақындық биік тұрғыдан тұтас шеберлікпен жырлай білген. Мұхтар сыршыл ыстық лирикасымен өз оқушыларының жүрегіне жол тапты, оларды жақсы жырдың ләззатына қандырып, өзінің менімен адамзатқа ортақ ақиқатты жырлап, қалың оқырманның жан жүрегін баурады.
Поэзиядағы көркемдік жүйенің жасалу және қалыптасу сипаты бүгінгі әдебиеттану ғылымындағы ерекше назар аударуға тиіс мәселенің бірі. Қашанда өмір шындығын көркем түйіндеп суреттеу, яғни тарихи-қоғамдық болмысты сол болған қалпында жалаң баяндап қана қоймай, көркемдік үлгіде ләззат аларлық дәрежеде жеткізе көрсету аса мәнді де маңызды. Осы ретте ауыз әдебиеті үлгілерінде, жеке ақындар шығармашылығында көркемдік жүйе қандайлық дәрежеде, олар өмір шындығын көркемдік шынайылық биігіне көтере алған ба деген мәселелер төңірегінде ойлансақ, мыналарға көзіміз жетеді. Бұған кейде онша мән берілмейді. Анығында бұрынғы және бүгінгі жеке ақындардың поэзиясына қарағанда, ауыз әдебиетінің туындылары деп саналатын “Қыз Жібек”, ”Айман - Шолпан”, сондай-ақ сол халықтық дәстүрден сусындай отырып, өз шығармашылықтарында оны жетілдіре, дамыта түскен ”Біржан-Сара”, ”Әсет пен Рысжан”, т. б. сияқты идеялық көркемдік мәні жоғары шығармаларда өмір шындығы анағұрлым кең, анағұрлым терең көрсетіледі. Мәселе сол өмір шындығы көркем өнердің биік талаптарына сай суреттеледі, эстетикалық ләззат береді. Адамгершілікке, бостандық пен теңдікке, ар-намысқа талпынған ақылды, тапқыр қазақ жастарының көркем образдарын, кесек мінезін жасаған. Олармен салыстырғанда ауыз әдебиетінің тұнығын ішкен жыраулар поэзиясының өкілдері, айтыс ақындары өмір деректерін әр көлемде қамтыса да шыншылдық, көркемдік сипаты жағынан төмен жататындығы жасырын емес. Алайда поэзияның осы шыншылдығы жетімсіз, көркемдік мотивтері кемшін тұсын Махамбет, Абай, Ыбырай, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Ілияс, Қасым өлеңдері төрт құбыласын түгендеді. Осының нәтижесінде поэзия өзінің өмірлік, сұлулық сипаты жағынан халықтың рухани дүниесін молықтыруға үлес қосты. Көркемдік биік сапаланумен, шыңғыртып айтқан шындықпен жазылған шығармалар әрқашанда халықтың, белгілі бір заманның кең тынысты рухани өмірінің айқын айнасы болумен бірге әдебиеттің даму тарихында жаңа дәуір жасалды. Бізде бұл поэзияда Абайдан, прозада М. Әуезовтың “Абай жолынан” басталғаны мәлім. Абай поэзияны идеялық, көркемдік жаңа биікке көтере отырып, оқушысына идеялық, эстетикалық тәрбие беруді, немесе шығармашылықты “өмір оқулығы” ретінде қызмет атқаруға жеткізді. Әрі ол өлеңдеріне мүлде жаңа міндет жүктеді. ”Түзетпек едім заманды” деп, көркемөнердің өмірді дамытуға, өзгертуге шешуші үлес қосуын, белсенді әрекет етуін, идеялық-көркемдік құрал дәрежесінде биіктеуін уақыттың үлкен талабы есебінде ұсынды.
Осы тұжырымдарды шығармашылығына мықтап өзек еткен Мұхтар Шаханов шығармаларының көркемдік қуаты, тақырып ауқымының кеңдігі, идеялық мақсатының тереңдігі, философиялық түйіні тұрғысынан мәнділігі, ұлттық болмысты, ұлттық психологияны, ұлттық көзқарасты бейнелеудегі шеберлігі жағынан өзіндік ерекшелігі бар. Ақын поэзиясы тақырыбының молдығы, көркемдік қуатының өзгешелігі, философиялық түйіндеулері, образ жасау шеберлігі жайында бүгінгі таңда аз айтылып жатқан жоқ.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ поэзиясында ешкімге ұқсамайтын өз дауысымен, өз болмысымен, өз үнімен жерқ етіп танылған Мұхтар Шаханов - қазақтың біртуар көрнекті ақыны. Асқан талантымен, айбынды ақындығымен, асқақ азаматтығымен ерекшеленген ақын қазақтың қара өлең жазирасындағы, қала берді әлем поэзиясындағы ірі тұлғаға айналды.
Мұхтар Шаханов туралы Ғабит Мүсірепов «Дарын танылады. Ар-намыс танылады. Бұл ақынымыздың әрбір шығармасын оқығаннан кейін, азды-көпті ойланбай қала алмайсың. Ой мен сезімге едәуір күш түседі . . . Тек автобуста келе жатып оқыма, шай ішіп отырып оқыма, басыңды жастыққа сала беріп оқыма! Өйткені оның әрбір жолы қадағалап оқуды керек етеді» . »[2. 302] десе, жазушы Ғабиден Мұстафин « . . . өз дәуірінің көкейтесті проблемаларын дөп басып, кең тыныспен толғай білетін, оқырманына таңдай қақтыра отырып, кейде пікір таласын тудыратын, аз уақыт ішінде өз соңына қаншама қалың жанкүйер ерткен Мұхтар Шаханов секілді ақын бұрын бізде кездеспеп еді» . »[3. 201] деп баға берді.
Ой маржанын бүкіл әлемінен, ал поэзияның бояуларын халықтық жырдан іздейтін Мұхтар Шаханов туған ел мен ару атамекеннің қасиетін, сағым көмкерген даланың құдіретті күшін, бабалардың өшпес рухы мен қайтпас ерлігін, адалдықты ту еткен асқақ жандардың ару махаббаты мен адал достығын жырлады.
Шаханов поэзиясы - ұлттық сананы сілкіп оятатын қуатты дәру, жан-жүйеңе ізгілік нұрын шашатын энергия көзі. Құт-береке құюшы құндылық. Осы орайда ешкімге ұқсамайтын өзіндік дара жолы, ақындық қолтаңбасы бар ақын шығармашылығын зерттеу бүгінгі әдебиеттанудағы өзекті мәселелердің бірі деп білеміз.
Жалпы өмір жолы мен шығармашылығы және қол жеткізген табыстарына шолу жасай отырып ақынның өмірі мен өлеңінің астасып, біртұтас бір ұғым болып кеткенін түсінеміз. Шаханов поэзиясының көркемдік жүйесіндегі ең бір негізгі арқау - оның өлеңі өміріне, өмірі-өлеңіне айналғандығы. Зерттеу жұмысымыздың өзектілігі де осы мәселеден бастау алады.
Зерттеу мақсаты: Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан ақын Мұхтар Шаханов поэзиясының даму ерекшеліктерін зерттеу. Сөйтіп оның ақындық ерекшелігін танытатын мәселелерді зерделеу. Алдымен оның поэзиясындағы жанрлық, тақырыптық, стильдік өзгешеліктерді таба отырып, олардың сырына, қалыптасу тарихына үңілу. Осы мәселелерді анықтай отырып, оның өз кезеңі әдебиетіндегі алатын орнын, шығармаларының танымдық-эстетикалық мәнін айқындау.
Зерттеу нысаны: Мұхтар Шахановтың шығармашылығы
Зерттеу пәні: Мұхтар Шахановтың лирикалары, поэмалары.
Зерттеу болжамы:
Егер Мұхтар Шахановтың лирикасы мен поэмалары төмендегідей көрсеткіштермен негізделсе:
- ақын шығармаларының мән-мазмұнын айқындайтын ғылыми ұғымдар мен зерттеулер жинақталса;
- ақынның өзіндік қолтаңбасын танытатын стильдік ерекшеліктер айқындалса;
- оның поэзиясының тақырыптық-идеялық құндылықтары айқындалса;
- өзіндік тілдік өрнектерін танытатын шығармалары теориялық жағынан зерделенсе;
- ақын поэзиясының көркемдік ерекшеліктері талданып, ұлттық руханияттағы өзіндік рөлі танылса, онда ақынның қазақ әдебиеті тарихынан алатын орнын белгілеуге болады.
Зерттеу міндеттері:
- Мұхтар Шаханов өлеңдерінің өзіндік стиліне шолу жасай отырып, ондағы негізгі рух ұлттық сипаттың басымдылығымен байланысты екендігін негіздеу;
- ақын лирикаларын тақырыптық жағынан топтай отырып, оның идеялық құндылығын анықтау;
- М. Шахановтың балладаларын талдай отырып, ақынның қазақ поэзиясында лириканың осы жанрын негіздеудегі рөлін көрсету;
- Шахановтың поэмаларын талдай отырып, оның эпик ақын ретіндегі ерекшілігін таныту;
- эпикалық туындыларын талдау арқылы, ақын шығармашылығының негізгі кредосы рухани-адамгершілік құндылықтарға сүйенетінін айқындау;
- жалпы, ақын шығармашылығының негізгі сипаттарын талдай отырып, оның қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орнының орасан екендігіне көз жеткізу.
Мәселенің зерттелу деңгейі: Ақын Мұхтар Шаханов өз оқырмандарын әлдеқашан тапқан жазушы. Оның шығармашылық лабароториясы поэзиясымен танысқан әр оқырманын бей-жай қалдырмасы анық. Осы орайда ақын поэзиясымен толық комплексті түрде талдаған зерттеу еңбектер жоқтың қасы деуге болады. Әрине, Шахановтың ақындығымен қатар азаматтық тұлғасы өз отанымыздың деңгейінен асып шет аймақтарға да кең таныс болды. Оның поэзиясы туралы, азаматтық бет-бейнесі туралы сан пікірлер айтылды. Алдымен осыларға көз жібертіп көрейік:
Мұхтар Шаханов туралы Ғабит Мүсірепов «Дарын танылады. Ар-намыс танылады. Бұл ақынымыздың әрбір шығармасын оқығаннан кейін, азды-көпті ойланбай қала алмайсың. Ой мен сезімге едәуір күш түседі . . . Тек автобуста келе жатып оқыма, шай ішіп отырып оқыма, басыңды жастыққа сала беріп оқыма! Өйткені оның әрбір жолы қадағалап оқуды керек етеді» . »[2. 302] десе, жазушы Ғабиден Мұстафин « . . . өз дәуірінің көкейтесті проблемаларын дөп басып, кең тыныспен толғай білетін, оқырманына таңдай қақтыра отырып, кейде пікір таласын тудыратын, аз уақыт ішінде өз соңына қаншама қалың жанкүйер ерткен Мұхтар Шаханов секілді ақын бұрын бізде кездеспеп еді» . »[3. 201] деп баға берді.
Заманымыздың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматов үзеңгілес келе жатқан інісі туралы былай деп толғанады: «Менің өмірімде екі Мұхтар болды. Оның бірі - әкемдей қамқор пейілді ұстазым, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов те, екіншісі - азамат ақын, көп жылдан бергі сырласым, іні-досым Мұхтар Шаханов. Менің түсінігімше, ол - кең ауқымды ізденгіш, ойшыл, Шығыстың даналығы мен Батыстың ұшқыр дүниетанымын бір арнада шебер тоғыстырған Азия құрлығындағы аса ірі ақындардың бірі. Реті келгенде айта кеткен жөн, Мұхтар - қазақ халқының қиын шақта жел өтінде ұстаған, ел ішінде ұлттық батыр қатарында мойындалған қайсар қанат перзенттерінің бірі . . . ». . »[4. 3]
Шаханов поэзиясы мен тұлғасы туралы шет ел азаматтарының пікірлерінің өзі бір төбе. Ақын шығармашылығының зерттелуі туралы айтпастан бұрын сол пікірлердің бірсыпырасын ғана беріп кетуді жөн көрдік.
«Орыс ақыны Андрей Вознесенский: «Для меня Олжас и Мухтар (Шаханов) стоят особняком. Их высоко ценит Отечество. Воистину счастлива нация, подарившая миру таких сыновей, таких поэтов, чье гражданское мужество придает особую пронзительность их таланту, чье горячее поэтическое сердце всегда чутко откликается на боль и страдания людей, кто всегда готов защищать интересы своего народа, не унижая и не умаляя достоинства других. »
Джеймс Биллингтон:( профессор, АҚШ Конгресі кітапханасының директоры) « . . . Шаханов как выдающийся поэт современности стоит на видном универсальном уровне. Он представляет собой совершенно светскую, просвещенную форму гуманизма, в которой соединены Восток и Запад. Именно такой формой является поэма Шаханова "Заблуждение цивилизации" - выдающаяся поэма-эпопея нравственных тревог, проникающая как шаровая молния из недр центральной Азии в "черные дыры" западноевропейского пространства. »
Феликс Кузнецов, академик, Ресей ғылым академиясының әлем әдебиеті институтының директоры) : «Его можно назвать в какой-то степени счастливым поэтом, хотя он прошел огонь, воду и медные трубы. Даже судьба к нему благосклонна: его мать родила тринадцать детей, среди которых выжил только он один. Его поэзия как классика художественного слова изучается в общеобразовательных школах и высших учебных заведениях. У него как у человека слова никогда не расходятся с делом. И как поэт своей правдивостью, прозорливостью и масштабностью он нам очень дорог. »
Рустан Рахманалиев (Калифорния Академиясының академигі, тарих және әлеуметтану ғылымдарының докторы) : «Дай бог, чтобы каждый поэт служил своей нации так, как Мухтар Шаханов. »
Джон Эшбери, . (америка ақыны) : «Мухтар Шаханов XXI века. - великий духовный реформатор»
Оскар Ариас Санчес. (Нобель сыйлығының иегері, Коста-Рика республикасының экс-президенті) : «Мухтар Шаханов - поэт глубоко казахский, но ему чужда национальная ограниченность, и я верю, его ожидает большое будущее, потому что поэт Шаханов от фоль клорных мотивов, сплавляя историческую и современную мудрость своего народа, страстно стремится взмыть и взмывает в высоту мирового духа. »
Евгений ЕВТУШЕНКО (орыс ақыны) : «Поэт Мухтар Шаханов - активная совесть своей запутавшейся эпохи. Вряд ли его оценят власти. Но я горжусь, что он мой друг. »» . »[5]
Осы айтылған пікірлердің өзі Мұхтар Шаханов шығармашылығына деген қызығушылық тек өз елімізде ғана емес екендігіне куә болады. Ақын шығармашылығы арнайы зерттеу объектісі ретінде жеке алынбағанымен, оның түрлі қыры зерттеушілердің назарынан тыс қалған емес.
А. Қ. Машақованың «Казахская литература в современной зарубежной рецепции » атты кандидаттық диссертациясының екінші тарауының бір тараушасы «Отзывы зарубежных писателей, поэтов и литературоведов по творчеству Олжаса Сулейменова и Мухтара Шаханова» деп аталып, тәуелсіздік алғаннан кейін оның шығармаларының көптеген шет тілдеріне аударылып, әлемдік аренада кең танымал бола бастағанына тоқталады. . »[6] Жапонияда, Германия, Швейцарияда, Турция мен Пакистанда Шотландияда, Францияда Швецияда өткен ақынның жыр кештері, кітаптарының презентациялары тек қана ақынның өзін ғана емес, жалпы қазақ поэзиясының халықаралық тұрғыда танымал болуға септігін тигізгендігін айтады.
Қазақ лирикасын зерттеген ғалым Бақыт Кәрібаеваның «Қазақ лирикасының поэтикасы» атты еңбегінде Шаханов шығармашылығын алпысыншы жылдар поэзиясының аясында, ақынның тұстастарымен салыстыра отырып зерттеледі. . »[7] Оның поэзиясындағы лиризм, ұлттық рух, стиль ерекшелігі, поэмаларының тақырыптық-идеялық құндылықтары мен эпикалық құлашына тоқталған.
Соңғы жылдары жарық көрген қазақ әдебиеті тарихының академиялық 10 томдығының 9 томының 60-жылдардағы поэзияны талдаған бөлімінде Шаханов поэзиясына да қомақты орын берілген. Онда М. Шахановтың бұл жылдары табиғатымен де, поэтикалық үйірімдерімен де жаңа қырынан көрінгендігі, оқырманға әнге жазған мәтіндерімен де, поэма, балладаларымен де, ойға құрылған шағын лирикаларымен де тез танылғандығын айта отырып, терең талдау жасалған.
Сонымен қатар Ж. Құлиев, Л. Сандыбай, Е. Сүйінов, Ш. Өсерова сынды т. б. зерттеушілердің жекелеген әр жылдары жазылған ғылыми мақалалары да ақын туралы зерттеулердің қатарын толықтыра түсті.
Мәселенің деректі көзі: Дипломдық жұмыстың дерек көзі ретінде «Қазақ әдебиеті тарихы» академиялық басылымының 9-томындағы материалдар және ғалым Б. Кәрібаеваның «Қазақ лирикасының поэтикасы» атты кітабы негізгі дерек көзі ретінде қолданылды.
Сонымен қатар Ж. Құлиев, Л. Сандыбай, Е. Сүйінов, Ш. Өсерова сынды т. б. зерттеушілердің жекелеген әр жылдары жазылған ғылыми мақалалары да жұмыстың теориялық бөлімінің жазылуына негіз болды.
Әдіснамалық және теориялық негіздері: Әдебиеттану ғылымының негізгі салалары бойынша жазылған құнды еңбектер, З. Қабдолов, С. Қирабаев, Қ. Алпысбаев, Қ. Әбдезов, Р. Тұрысбек т. б. ғалымдардың зерттеулері мен теориялық еңбектері, монографиялары басшылыққа алынды.
Зерттеу әдістері: Тақырып ерекшелігіне және жұмыс мақсатына байланысты дипломдық жұмысты жазу барысында түсіндіру, сипаттама, салыстыру, талдау, зерттеу әдістері қолданылды. .
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы:
- Шахановтың өмір жолына шолу жасала отырып, оның ақындығымен қатар қоғам қайраткері ретіндегі тұлғасына мән беріледі;
- Ақын поэзиясындағы азаматтық әуен, ұлттық рух сияқты халықтық
мәселелер талданып, олардың маңыздылығы негізделеді;
- Ақын шығармашылығының мақсат-міндеті анықталып, олардың қазақ әдебиеті тарихындағы маңызы анықталады;
- Шаханов поэзиясының тақырыптық ерекшелігі, стильдік саралығы талданып, ақынның өзіндік қолтаңбасының қалыптасу барысына шолу жасалады;
- Ақын поэзиясындағы жанрлық даму тенденциясы қарастырылып, оның қазақ әдебиетіндегі жанрлық үрдісті байытудағы орны анықталады.
Дипломдық жұмыста қамтылған мәселелер мектеп оқушыларының, филология факультеті студентттерінің білімін тереңдетуге септігін тигізеді деген ойдамыз.
Диплом жұмысының құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігіне тоқтала отырып, ғылыми жағына сипаттама берілді. Зертттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен практикалық мәні ашылды.
«М. Шаханов поэзиясының көркемдік жүйесі» деп аталатын бірінші тарауда ақынның өмір жолына, қоғамдық қызметіне қысқаша сипаттама беріле отырып, ақынның шығармашылық лабораториясына, соның ішінде лирикаларына зерттеу жасалды. Ақын лирикасының тақырыптық, стильдік, жанрлық ерекшелігі зерделеніп, оның қазақ әдебиетіндегі өзіндік алатын орнына баға беруге талпыныс жасалды. Сонымен қатар ақынның лирикалық өлеңдері мен балладаларындағы стильдік жаңашылдығы ерекше баса айтылды, сөйтіп ақынның қазақ поэзиясындағы жаңашыл ақын екендігі айтылады.
Зерттеудің екінші тарауы «Шаханов - эпик ақын» деп аталады. Аталған тарауда ақынның поэмаларына талдау жасалады. Оның эпикалық құлашына көз жібертіле отырып, поэмаларының құрылымдық, мазмұндық, стильдік ерекшеліктері негізделеді. Сонымен қатар ақын поэмаларында басым байқалатын азаматтық сарын, рухани-адамгершілік құндылық мәселелерінің көрініс табу ерекшелігіне талдау жасалады. Сөйтіп, ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы өзіндік орнын айқындауға қадам жасалды.
Қорытындыда болжамды дәлелдейтін негізгі тұжырымдары мазмұндалып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
І . М. Шаханов поэзиясының көркемдік жүйесі
1 . 1. Ақын лирикасындағы стильдік жаңашылдық
ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ поэзиясында ешкімге ұқсамайтын өз дауысымен, өз болмысымен, өз үнімен жарқ етіп танылған Мұхтар Шаханов - қазақтың біртуар көрнекті ақыны. Асқан талантымен, айбынды ақындығымен, асқақ азаматтығымен ерекшеленген ақын қазақтың қара өлең жазирасындағы, қала берді әлем поэзиясындағы ірі тұлғаға айналды.
Мұхтар Шаханов туралы Ғабит Мүсірепов «Дарын танылады. Ар-намыс танылады. Бұл ақынымыздың әрбір шығармасын оқығаннан кейін, азды-көпті ойланбай қала алмайсың. Ой мен сезімге едәуір күш түседі . . . Тек автобуста келе жатып оқыма, шай ішіп отырып оқыма, басыңды жастыққа сала беріп оқыма! Өйткені оның әрбір жолы қадағалап оқуды керек етеді» десе, жазушы Ғабиден Мұстафин « . . . өз дәуірінің көкейтесті проблемаларын дөп басып, кең тыныспен толғай білетін, оқырманына таңдай қақтыра отырып, кейде пікір таласын тудыратын, аз уақыт ішінде өз соңына қаншама қалың жанкүйер ерткен Мұхтар Шаханов секілді ақын бұрын бізде кездеспеп еді» деп баға берді.
Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, оның қас - қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға түсіру, сыр ғып шерту келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Оны Мұхтар ақынның поэзиясынан танып, көруге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz