Н. Ә. Назарбаев шығармаларындағы көркемдік айтылымдар


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Көкше» академиясы
Жакина Р.
Н. Ә. Назарбаев шығармаларындағы көркемдік айтылымдар
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050117- мамандығы - «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Көкшетау 2011
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Көкше» академиясы
«Қорғауға жіберілді»
кафедра
меңгерушісі А. Е. Абдрахманова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Н. Ә. Назарбаев шығармаларындағы көркемдік айтылымдар»
050117- мамандығы бойынша - «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Орындаған Жакина Г.
Ғылыми жетекшісі
филол. ғ. к. А. Т. Қажыбай
Көкшетау 2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І ЕЛБАСЫНЫҢ ЕГЕМЕНДІК ТУРАЛЫ ОЙ-ТОЛҒАМДАРЫ . . . 8
1. 1 Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаянынан қысқаша деректер . . . 8
1. 2 Тәуелсіздік - басымызға қонған бақ құсы . . . 13
1. 3 Тіл мен мәдениет - елдіктің басты нышаны . . . 22
ІІ МЕМЛЕКЕТ, САЯСАТ ЖӘНЕ ДІН ЖАЙЛЫ ОЙЛАРЫ . . . 33
2. 1. Қазақ рухы- Қазақстан мемлекетінің тиянақ, тұғыры . . . 33
2. 2 Дінім, ділім - елдігімнің айғағы . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . ……. . 62
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Ел басқару - аса күрделі шаруа. Өзіне болашағын сеніп тапсырған халқын шашау шығармай, ынтымақпен басқаруды аса күрделі өнер деп қарастыратын болсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - ел басқару өнерінің майталманы болып табылады. Елбасының ел басқарудан өзге сан түрлі өнегелі қырлары бар кендігі белгілі. Ел билеген дуалы ауыз ел ағасы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлының әр түрлі мінберлерде, өзінің төл туынды шығармаларында айтылған тұжырымды ой түйіндерін жинап, диплом жұмысы етіп шығарудың өзі зерттеудің өзектілігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әр жылдары әр жағдайларда халық арасында айтқан ұтымды да ұшқыр ойлары бүгіндері жалпақ жұртқа кең тараған деуге болады. Жалпы біздің қазақ жұртында ежелден бері ел бастаған көсемдер мен сөз бастаған шешендерден, дуалы ауыз билерден, қол бастаған батырлардан қалған саналы ойдан қапысыз сомдалып шыққан ұтымды да ұтқыр сөздер өте мол кездесетіні белгілі. Сонау Тоныкөк, Білге қағандар заманынан сыр шертетін тасқа қашап жазылған жәдігерліктеріміздегі сөз саптаулардың өзінен байыптап қараған жанға түркі жұртының айбынды ұлдарының отаншылдық сезімі лапылдап тұрғандай.
Ел билеген сарабдал саясаткерлерден қалған ой иірімдері мен сөз маржандары, қанатты сөздер сонау ықылым замандардан бері қарай адамзат баласының күнделікті рухани өміріне азық болып келе жатқандығына көне тарих куә. Қытай халқының ақыл-ойы, философиялық қарымының шыңы болып табылатын Күн-зы (Конфуций) өсиеттеп қалдырған әрбір даналық сөздер қытай халқының ұрпақтан ұрпаққа мирас ететін өмірлік ұстанымы болғалы қашан. Ежелгі грек ойшылдарының, атап айтқанда Аристотель, Платон, Сократ, Диогеннің шешендік сөздері де біздің дәуіріміздің рухани қазынасы болып отыр. Бұл дәстүр жалпы шығыс халықтарына, соның ішінде түркілерге де тән болғандығына «әлемнің екінші ұстазы» атанған ғұлама жерлесіміз Әбу Насыр Әл-Фараби еңбектері дәлел бола алады. Дана тұлға ел басқару ісі жайындағы, күні бүгінге дейін маңызын жоймаған тамаша ойлар жазып қалдырғаны белгілі. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігін» ел билеудегі тамаша үлгі боларлық құнды еңбек ретінде жер жүзінің патшалары оқып, өз іс-тәжірибелерін байытып отырған. Қазақ халқының ақыл-ойының шырқау шыңы болған би-шешендерінің үлгі-өнегелі сөздері, толғамдары халық жадында жаңғырумен бізге жетті.
ХХ ғасырдың өзінде өзіндік ой-тұжырымдарымен қала берді отанының, асса күллі әлемнің мәңгілік ой елегінде тұратын дара саясаткерлер түрлі елдерден көптеп туып шықты. Алты ғасыр бойы күллі Еуропа мен Батыс Азияға өз ықпалын жүргізген қаһарлы Оттоман империясы сырт жауларының әрекетінен құлап бөлшектеніп, анталаған қалың жаудың ортасында отаршылдық езгіге түсе бастаған түрік халқын тәуелсіздікке жеткізіп, қазіргі Түркия Республикасының негізін қалаған Мұстафа Кемал Ататүрік, Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде өзінің ақыл-парасатымен танылған Ұлыбританияның Премьер-министрі Уинстон Черчилль, Үндістан Республикасының көшбасшысы Махатма Ганди т. б. қайраткерлерді атауға болады.
ХХ ғасырдың соңында тарих тегершігі тағы да оңынан айналып, мемлекет құру мүмкіндігі туды. Бұл жолы ұлыстың ұлы ісінің басында болу бақыты Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еншісіне тиді. Президент XXI ғасырға Қазақстан Республикасын әлем таныған тәуелсіз мемлекет тұғырына қондырған тарихи тұлға атанып аттады.
Жаңа тәуелсіз мемлекет - дербес ел, дербес экономика мен дербес саясат қана емес. Төл бастаулардан нәр алған, мәдени һәм аралас-құраластыққа құшағы ашык, дербес рухани болмыс та.
Зерттеудің нысаны: Зерттеудің нысаны ретінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың әр жылдарда жарық көрген кітаптары мен мерзімдік баспасөз беттерінде жарияланған сұхбаттарындағы, электрондық ақпарат көздеріндегі материалдардағы ой оралымдары алынды. Елбасының әрбір кезеңдегі ситуацияларда айтылған ойлары, саяси қисындары мен азаматтық аңсарларынан жаңа тәуелсіз мемлекеттің рухани тіректеріне, қоғамдық әлеуметтік және экономикалық ұстындарына қатысты пікір-пайым арналары болып табылады.
Олардың негізгілері - елдік мұраттар, отаншылдық, татулық пен тұтастық, жалпы адамзаттық құндылықтар орайы. Әр кезеңде, әртүрлі жағдайларда айтылып, жазылған сөздердің астарынан Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бүгінгі көш бастаушы ретіндегі ізашарлық, қажыр-қайратының, оның стратегиялық және тактикалық ұстанымдарына негіз болған ой-жүйесінің өзегін аңғаруға болады.
Зерттеудің мақсаты:
-Н. Ә. Назарбаев шығармаларындағы ой оралымдарын жинастырып, бір ізге түсіру;
- Елбасының орамды ой оралымдарын тақырып бойынша бөліктерге бөлуді іске асыру:
- Елбасы ой-пікірлерінің мәнін қосымша деректермен байыта түсуді ескеру.
- диплом жұмысы барысында материалдың өзектілігіне, мезгілдік тұрғыда жаңалығына мән беру;
- Елбасы кітаптарындағы ой түйіндерін қалың жұртшылыққа, оқушыларға таныстыру.
Дипломдық жұмысымыз Елбасының шешендік ой-толғамдары жөнінде болмақ. Елбасы ойларын барынша жеткізу мақсатында үзінділерді көп ретте толығырақ беру мақсаты ұсталды.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: Зерттеудің әдіснамалық негіздері әдебиеттану ғылымының әдіснамалық зерттеу әдістеріне сүйенілді. Атап айтқанда, талдау, саралау, өзіндік ой-пікір түйіндеу, педагогикалық-психологиялық тұрғыда автордың айтайын деген ойының мәніне барлау жасау сияқты жұмыстар жүргізілді.
Зерттеу әдістері. Жұмыста баяндау, сипаттау, салыстыру, ой-пікірлерді жинақтау, қорыту, талдау, жинақтау, қорыту, сараптау т. б. зерттеу әдістері тиісінше қолданылды.
Зерттеудің теориялық маңызы:
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әдеби, ғылыми, публицистикалық еңбектерін жинақтап, тақырыптар бойынша сұрыптап, олардың мәні мен маңызына талдау жасалғаны жұмыстың теориялық маңызы болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Н. Ә. Назарбаев шығармашылығы бұдан бұрын диплом жұмысының өзегі ретінде әдебиеттану ғылымы тұрғысында алынған емес. Аталған жұмыс осы салада алғашқы дипломдық жұмыс болуымен және де Елбасының мемлекет, халық, тіл, діл, дін, саясат және т. б. жөніндегі ойларының осы еңбекте біршама топталуы жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеуде пайдалануына оңтайлы жағдай тууы ғылыми жаңалық бола алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы берілген.
Бірінші тарау «Елбасының егемендік туралы ой-толғамдары» деп аталады. Бұл тарауда тәуелсіздік және оны қолдан шығарып алмай нығайтудағы азаматтардың парызы мәселесі сөз болады.
Екінші тарауда Н. Ә. Назарбаевтың мемлекет, саясат және дін жайлы ойлары жайлы қарастырылған.
Диплом жұмысының қорытынды бөлімінде жалпы жұмыс мазмұны тиянақталып, ондағы негізгі ой-пікірлер дәлелденеді.
І тарау Елбасының егемендік туралы ой-толғамдары
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі тікелей басы-қасында болып, мемлекет құрудың тізгінін ұстап келе жатқан жылдар жүзінде жылдар өткен сайын жаңа асулардан асып нығайып, бекемдену үстіндегі тәуелсіздік жолындағы қадамдарымыз және осы жолдағы еске ұстайтын басымдықтар мен бағыттар, кемшіліктер мен жетістіктер турасында айтқан ой-пікірлері осы тарауда қарастырылады. Сонымен қоса Елбасының өмір дерегінен де осы тарауда қысқаша хабардар етіледі.
1. 1 Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаянынан қысқаша деректер
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының (мәтіні) авторы, Қазақстан Республикасының тұңғыш әрі қазіргі Президенті, экономика ғылымының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының, Ресей әлеуметтік ғылымдар академиясының толық мүшесі.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Осы ретте Нұрсұлтан Әбішұлының өмірге қалай келгендігі туралы мынадай деректі келтіре кеткен артық болмас.
Әбіш пен Әлжан Үшқоңырда танысады. Онда Әбіш үш жүз арестантқа жол шаптырып жатады. Сонда жүргенде ақ құба өңді Әлжанға көзі түсіп, бір жыл сөз салып жүріп, ақыры үйленеді. Содан бір бөлмелі үйде Әбіштің шешесі Мырзабала, жамағайын болып келетін Мәмбетбай ата мен Бүбәй апа, бесеуі бірге тұрады.
Жақсыны құдай бір шикі өкпеден қысады деген. Әсіресе, әкеден жалғыз Әбіш “Ең болмаса жүген ұстайтын бір ұл берші” деп Жаратқанға жалбарынумен жүреді. Екеуінің үйленгендеріне бес-алты жыл болғанмен, балалары тұрақтамай шетіней беріп, бір перзентті армандап зарығып жүргенде, әулие жағалап, Райымбек атаның басына түнеп қайтуға ниет етеді. Жарым түн ауғанда ақ киім киген ақсақалды қария келеді де, Әлжанға қарайды. Ол кісі сөйлеуге ишара білдірейін десе, үндеме дегендей қолын тіктейді. Содан жата береді. Бір кезде көзін ашса, әлгі адам жоқ. Бұл бірінші түн болатын. Екінші күні әлгі кісі тағы да келіп, жанына отырады да “Балам, ренжіме, ұлды боласың. Сол ұлдың артынан жалғаса береді. Бірақ балалардың атын ұйқастырып қойма” дейді де, алақанымен бетінен сипап, тағы да жоқ болып кетеді. Таң атқан соң болған жайды шырақшы шалға жеткізеді. “Әп, балам, құдай берген екен. Енді ауылыңа қайт” дейді ол. Содан көп ұзамай-ақ Нұрсұлтан ағаны көтереді.
Аяғы ауырлап, екіқабат жүргенде Әлжан апаның өзі де түс көреді. Үлкен теңізге суға түсіппін дейді. Суы керемет тұнық, терең де, ұзын екен. Сол судың түбінен ұзын мылтық көреді. Мылтықты алады да, малтып өтеді. Жүзгенде бір қолында мылтығы жүреді. Ол кісі мылтықты ер балаға балап, өмір жасы ұзақ, судай тұнық болады деп болжайды. Әлжан апа әр балада түс көріп, өзіне аян беріп отырған.
Әжесі Мырзабала Нұрағаны бес жасына дейін көлденең көзге көрсетпей өсіреді. Өте сүйкімді, балпанақтай балаға көз тиіп кетпесін деп кездемені үлкен жастықтың тысы сияқты төрт бұрыштап тігеді. Біреу келе жатқанда баланы тізесіне жатқызып, сол жабуды жаба салып, құйрығынан соғып отыратын көрінеді. Оған әбден немересі де дағдыланып алған, қыңқ етпей жата береді. “Апа, балаңыз неге теріс қарап қалған” деп сұрағанға, “Құдай бір бота берді, оның ернін жырық қып берді, бүгін баламыз ауырып қалыпты” дейді екен. Он айлығында немересі жүргенде апасы тағы да елдің тіл-көзінен қорқып, біреу келе жатқанда кішкене қапты аяғынан кигізіп, белінен буады екен. Сонда бала жүрем дегенде қапқа оралып, құлай бергеніне де көңілі көншімейді. Әбден аяқтанғанша деп баланы тауға алып кетіп, қып-қызыл матадан киім тігіп киіндіріп қояды. Бір күні шөптің арасында ойнап жүрген баланың үстінен ұшып жүрген бүркіт я қарақұсты көреді. Қараса, бала қазақ үйден алыстап кетіпті. Анасы жүгірейін десе, шөп тура белден келіп оратылады. Әйтеуір бір құлап, бір тұрып жетеді де, баласының үстін еңсесімен жаба қалады. Әй, енді төмен ұшып келіп, бүріп түсер ме екен деп қауіп қып аспанға қараса, жаңағы құстар ұшып кетіпті. Содан кейін балаға қызыл кигізгенді қояды.
Әсіресе, Әлжан апа Нұрсұлтанын қалай толғатып босанғанын жыр ғып айтатын көрінеді. Ол былай болыпты. “Сұлтаныма тура жеті күн толғаттым. Тамақ іше алмаймын, әл-дәрменім таусылған. Шамалғанда перзентхана жоқ, аудандық аурухана Қаскелеңде. Әбіш арбаны жегіп, үстіне жатқызды. Ол кезде тас жол жоқ, кедір-бұдыр, шиқылдап шұңқырға түскен сайын жаным көзіме көрінеді. Әйтеуір, ауруханаға жеттік-ау. Дәрігерлер жүгіріп жүр. Бір еңгезердей еркек келді де “босандыру керек, болмаса өліп кетеді” деді. Сөйтсе, бала ісініп кеткен, әрі салмағы 5 килоға жуық екен. Сонда әлсіреп жатып дәрігердің “мальчика поймал” деген сөзін естідім де, әрі қарай есімнен айырылып талықсып кетіппін. Екі-үш күнге дейін өзіме өзім келе алмаған соң, баланы да еміздірмеді. Бес-алты күн дегенде кіп-кішкентай сап-сары нәрестені әкеліп ұстата салды. Әлгі балаға қараймын, бірақ жүрегім тартпайды. Қасымда жатқан қазақтың келіншегінің нәрестесі балпанақтай. Әлгіге қарай беремін. Мен қараған сайын жаңағы келіншек жылайды. Ана жүрегінен сезімтал нәрсе жоқ, ертесіне шыдамай кетіп, оралған баланы ашып кеп жіберсем - қыз, жүрегім су ете түсті. Баланы орай-морай қалай дәрігерге алып жүгіргенімді білмеймін. Еркек дәрігерге барған бойда: “Сіз айтыңызшы, мен кімді тудым” дедім. “Қалай кімді, сіз ұл бала тудыңыз” деп саңқ ете қалды. Ол кісі дереу баланы алды да, жөргекті ашып кеп жіберді. Шынымен қыз. Дереу медбикелерді шақырып, “баланы табыңдар!” деп айғай салады. Сөйтсек, қасымда жатқан әйел бұған дейін жеті я сегіз бе қыз босаныпты. “Осыдан тағы қыз тусаң, үйге келме” деп күйеуі тепсінген көрінеді. Амалы құрыған әйел бір медбикемен астыртын келісім жасайды. Сөйтіп, өз баламды өзім алып, ананың қызын өзіне бердік. Нұрсұлтанымнан осылайша айрылып қала жаздаған жайым бар . . . ”
Нұрсұлтаннан кейін Әлжан қойны құтты болып үш жылдан соң тағы ұл туып, атын Айсұлтан қояды. Бала бірақ үш жасында шетінеп кетеді де, түсінде аян берген шалдың айтқаны айнымай келеді. Нұрсұлтан мен Сатыпалдының ортасында тағы да екі бала шетінейді. Сатыпалды туғанда баланы жеті кемпірдің аяқ арасынан өткізіп, оларға жеті қап тезек беріп, есіктен кіргізіп, терезеден шығарып сатып алған. Содан Әбіш аға “құдай енді бір қыз берсе” деп жүргенде 1950 жылы Әнипа туады. Кенжесі Болаттың атын Әлжан апа өзі қойып, осымен “болад” деген көрінеді. Сонда 43 жаста екен. Ол кісі жалпы он үш құрсақ көтеріпті. Әлжан мен Әбіштің жүрегінің кеңдігі ғой, Болатты бір жасында жоғарыда айтқан жамағайын Мәмбетбай мен Бүбәйдің бауырына салып беріп, өздерінің жанына алады. », -деп жазады журналист Гүлзейнеп Сәдірқызы. [2 4]
Осылай сәбилік шағы өткен жас Нұрсұлтан Шамалған орта мектебінде оқиды. Орта мектепті қазақша оқып бітіргеннен кейін Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанда металлургиялық комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын (1965), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1976) бітірген.
1989 жылдың маусым айынан 1991 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-хатшысы, 1990 жылдың ақпан айынан сәуірге дейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы. 1990 жылдың сәуірінен Қазақ КСР 12-шақырылған Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында Қазақ КСР-інің Президенті болып сайланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 1995 жылдың 29 сәуіріндегі бүкілхалықтық референдум нәтижесі бойынша оның Президенттік өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1998 жылдың 8 қазанында ҚР Парламенті ҚР Конституциясына сәйкес Президенттік өкілеттік мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдап, 1999 жылдың 10 қаңтарына жаңа Президент сайлауын белгіледі.
Қазақстан тарихында тұңғыш рет баламалы негізінде /4 үміткер / өткен осы сайлауда Н. Ә. Назарбаев алдағы жеті жылға Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
2005 жылдың 4 желтоқсанында өткен бүкілхалықтық сайлауда бес үміткердің ішінде Н. Ә. Назарбаев 90 пайыз дауыс жинап, тағы да жеңіске жетті.
Н. Ә. Назарбаев - бірнеше кітаптардың авторы. Атап айтқанда: "Тарих толқынында", "Ғасырлар тоғысында", "Сындарлы он жыл", "Бейбітшілік кіндігі", «Еуразия жүрегінде» т. б.
Нұрсұлтан Әбішұлының жұмыстан қалт ете қалған қолы бос сәттерінде өлең жазумен де айналысатыны белгілі. Өзінің ата мекені Үшқоңыр жайлауы туралы өлеңіне жазылған әнді бүкіл халқымыз кейінен шырқайды. Сонымен бірге Қазақстанның жаңа Әнұранына да Елбасының атсалысқанын білеміз. Қазақ даласының шұрайлы пұшпағы - жер Жаннаты Жетісудың ең атақты жайлауларының бірі Үшқоңыр өлкесі туралы Нұрсұлтан Әбішұлы былай деп тебірене толғаған:
Үшқоңыр Алатаудың қойнауыңда
Әкемнің ізі қалған жайлауыңда
Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлі еркелеп
Арқарың жайылатын аймағыңдаБұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар
Бабалар тұлпарының дүбірі бар
Бұл жерде Жамбыл-"Жәкең" өлең айтқан
Өнердің, ақындықтың тұғыры барШындарың Төле бидің қалпағындай
Жазира жасыл әлем алқабыңды-ай
Жуасы, қарақаты, бүлдіргені
Әжемнің шекер қосқан талқанындайКөрінер сонадайдан анық маған
Шыңында қырандары қалықтаған
Самғаған қыранына құмар қылып
Өсірген ұландарын алып даламАй, Үшқоңырым, туған жерім
Рахым нұры тұнған жерім
Ай, Үшқоңырым, тал бесігім
Жүрегімде мәңгі есімің [2 5]Майда самалы ескен Мұзарт таудың баурайын көз алдыңа елестететін, сөзіне әуені сайма-сай келіскен осынау ән «Мұзарт» тобының орындауында халықтың жүрегіне жол тартты.
Елбасының өмірбаяны бүгіндері көркем фильмге де арқау болғанын және оның сәтті шыққанын біз жақсы білеміз.
1. 2. Тәуелсіздік - басымызға қонған бақ құсы
«Біле білсек, осы он жылдағы еңбегіміздің ең басты қорытындысы - ел болғанымыз. Ел бола алғанымыз. Біз мемлекет құрдық. Құрғанда да аты бар да заты жоқ мемлекет емес, бүкіл адамзат танитын, танып қана қоймаған - мойындайтын, құрметтейтін мемлекет құра алдық. »
Елбасы өзінің бір ретте жұртшылыққа арнаған сөзінде бұрынғы өткен асыл ата-бабаларымыздың қаншама ұрпақ буынының армандаумен өткен осы бір асыл арманы, үмітті тілегі, тәуелсіздікке қол жеткізе алғандығымыз туралы осылай деген болатын
«Қазақстандық даму моделі» деген атқа ие болған еліміздің қазіргі қарқынды дамуы Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен тікелей байланыстырылады. Елордамыздың Алматыдан Ақмолаға қоныс аударып, бүгіндері өзінің сұлу көркімен көрген көзді таңдандыра бастаған әсем Астана да Президентіміздің тікелей бастамасымен, батыл шешімімен қолға алынған іс болатын. Және ол бүгін өзінің стратегиялық, экономикалық, геополитикалық тұрғыдағы тиімділігін таныта бастаған идея болып табылады. Әлемнің жоғары дәрежелі саясаткерлері мен өнер, мәдениет, дін қайраткерлерімен тең дәрежеде сөйлесе біліп, оларға жағымды әсер қалдыра алу да үлкен біліктілікті талап ететіндігі даусыз. Елбасымыздың осындай қырларын теледидардан тамашалап, басылым беттерінен оқып жатамыз. Бұл - тәуелсіз елдің әрбір азаматтары мен азаматшалары біздер үшін үлкен мәртебе екендігі сөзсіз.
Елбасымыздың отаншылдық рухтағы ой-толғамдары әр түрлі жағдайларда, әр түрлі орындарда туындап жататынына мына оқиға мысал бола алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz