Нар заман мен зар заман поэзиясында тарихи оқиғалардың көрініс беруі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I тарау. ХY - ХYIII ғасырлардағы тарихи хал - ахуал.
1. 1. Қазақ хандығы мен жыраулық дәстүр . . . 9
1. 2. Тарихи оқиға тудырған шығармалардың сипаттамасы . . . 15
II тарау. Нар заман мен зар заман поэзиясында тарихи оқиғалардың көрініс беруі.
2. 1. ХY - ХYII ғасырлардағы жыраулар поэзиясының тарихи рөлі . . . 26
2. 2. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес сарыны . . . 37
2. 3. Зар заман ақындарының шығармаларында Ресей отаршылдығының бейнеленуі . . . 48
Қорытынды . . . 60
Пайдаланылған әдебиет . . . 61
Қосымшалар.
Тақырыптың өзектілігі: Жыраулар мұраларында кездесетін оқиғалар тарихи шындықпен сәйкес келетіндігіне орай жұмыстың орасан зор өзектілігі туындайды. Өркениетке бет алған әр халық, ел өзін - өзі терең танып білуі керек. Өзінің қайдан шыққанын, кім болғанын, бүгінгіге қалай жеткенін, бастан не кешіп, не көргенін көзге елестете алмайынша, қазіргі деңгейге ненің арқасында ие болып, қандай тар жол, тайғақ кешулерді бастан өткергендерін білмейінше, халқымыз қанша тер төгіп, табан тоздырғанын, қан төгіп, жан бергенін терең сезінбейінше, кез - келген халық өзінің құнын, бағасын жете бағалай білмейді. Сондықтан да тәуелсіздік жолына түскен Қазақстанның зиялы қауымы халықтың өткен тарихын зерделеп, ғылыми негізде бір ізге түсіріп, танып - білуге шұғыл қадамдар жасауда.
Өткен кезеңдерге шегініс жасап, бір мезет соған мән берсек, ХY - ғасырда мемлекет ретінде танылған Қазақстанның тарихында ақтаңдақтар әлі де жетерлік. Соның бірі - халқымыздың жыраулар тарихының әлі де болса терең зерттелмей келгендігі. Солардың ішіндегі зерттелмей қалып отырған тың дүниесінің бірі - жыраулар әдебиетінің тарихилығы Соңғы жылдардағы қазақ жерінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер, республикамыздың тәуелсіздік жолына нық түсуі халқымыздың төл тарихының сан қырлары мен салаларына бүгінгі күнгі көзқарастар тұрғысынан қарап пайымдауды қажет етеді. Жыраулар әдебиетін айта берсе, жаза берсе бағзы заманның айнасы, елмен елдің алтын әрпінен жылнамасы дерлік.
«Әдеби зерттеу - әдеби зерттеу үшін емес», ел игілігі, ұрпақ мәдениеті үшін қажет. Ол белгілі ұлттың көркемдік мұрасын іріктейді, басым шығармаларды халықтың өзіне екшеп ұсынады. Міне осы салада тарихшылар мен әдебиетті зерттеушілер сан алуан зерттеулер жүргізді. Бірақ өмірбаяны әріден басталатын қазақтардың тарихи тектері мен мәдени мұралары түгелдей айтылып бітті деп қол қусырып отыруға әсте болмайды. Әлі де айтылмаған, сыры ашылмаған тарихи мұраларымыз баршылық. Қазіргі жыраулар мен ақындар олардың атқарған қызметтері туралы пікірлер қалыптасты деуге болады.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, жаңаша ой - пікірімен көзқарастың қалыптасу белесінде халқымыздың өткен жолы мен оның рухани түлеуін тану құралы ретіндегі тарих ғылымының көкейкестілігі, мән - мағынасы күрт кеңейіп толыға түсуде. Соның нәтижесінде, әсіресе жыраулар мен ақындар анықтамасы, оларға тән ерекшеліктер, өлеңдік түрлер, дәстүрлі әдеби орта сырлары тағы басқа ғылыми мәнді мәселелер айқындала түсті.
Ақтаңдақтар - қазақ әдебиетінің тарихын зерттеудің жеке бір проблемасы немесе, оның бүкіл даму жолын түгел қамтыған күрделі мәселе. Фольклордан бастап, қазақ әдебиетінің барлық тарихи кезеңдеріндегі даму жолында туған шығармалар мен ақындардың бірін барға санап, бірін өмірде болмағандай сызып тастап келгенде, жеткеніміз - осы. Социалистік емес қоғамдарда жасалған, сол кездегі халықтың ұғым- түсінігін, дүние танымын танытатын әдеби туындылар социалистік, коммунистік көзқараспен сұрыпталып, көбі ескілікті уағыздайды деген сылтаумен қолданудан шығып қалды. Осының нәтижесінде елдің тәуелсіздігін, сыртқы басқыншылыққа қарсы күрес идеясын жырлаған әдебиет «ұлтшыл» атанды. Әдебиет жасаушы ұлы қайраткерлер «буржуазияшыл», «ұлтшыл» «халық жауы» деген атақтар жамылып, жазаға тартылды. Бүгін қазақ халқы ұлттық тәуелсіздігін танып, егеменді ел болып жатқан тұста оның ұзақ ғасырлар бойы жасаған мәдени мұрасын түгендеп алу, оны бүгінгі заманның игілігіне жарату осы тұрғыда аса үлкен міндет болып отыр. Халық бастан кешкен өмірдің алуан түрлі сипаты мен тарихи дамудың өзгешелігіне сәйкес қазақтар да өз әдебиетін жаңартып, мазмұны мен түрі жағынан жаңа үлгі туғызып отырған. Қазақтың ұлт болып қалыптасып, дербес мемлекетке ие болу тұсында туған жыраулар поэзиясының ерекшеліктерін де осы тұрғыдан түсінген жөн. «Өнер алды қызыл тіл» деп халық бұл тұста да шешендері мен билерінің, жырауларының ұлағатты сөздеріне құлақ тосқан. Елдік тұтастықтың күн тәртібіне қойылуымен байланысты ең алдында бірлік сөзін айтқан шешендер, жыраулар зор беделге ие болған. Олар елдің ақылгөйі, көсемі, данасы ролін атқарған. Олардың ақыл сөзіне, үлгілі ғибратты ой - пікіріне ел билеушілер де ден қойған. Оны түсіну үшін Абылай алдындағы Бұқардың беделі мен құрметін еске алудың өзі жеткілікті. Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Тәтіқара жыраулардың шығармашылық өнерімен таныс адам олардың ой толғаулары халықтық афоризмге, өмір сыры жайлы философиялық толғамдарға бай екенін аңғарады. Олардың поэзиясы замана жайлы ойларға, болмыс тіршіліктегі өзгерістер жайын шерткен әлеуметтік мән - мағынаға толы келеді. Тәуелсіздік жолындағы күреспен байланысты туған жауынгерлік жырлар жыраулар поэзиясына жаңа азаматтық, қаһармандық пафос дарытты.
ХYIII - ХIХ ғасырларда қазақ әдебиетінде ұлттық тәуелсіздік тақырыбы айрықша мағынаға ие бола дамыды. Бір жағынан жоңғар шапқыншылары, екінші жағынан орыс отаршылары қысқан халық басындағы ауыр қайғы әдебиеттің де азаматтық биіктікке көтерілуіне тікелей жол ашты. Ел тағдыры, оны қорғаушы азаматтар тұлғасы, өзгерістердің әлеуметтік сипаты, патриоттық пен опасыздық, тұрақтылық, тұрлаусыздық, икемделгіш мінездер - барлығы ақындар тілінде тың бейне тауып, әдебиет тақырыбының байи, кеңи түскенін танытады. Кіші жүздің Ресейге қосылуы орыс әкімшілігінің Орта жүз бен орта жүздің жаулауын тездетті. Отаршылдық қилы - қилы проблемалар туғызды. Ең алдымен отаршылдық үкімет билігі жағдайындағы адам тағдыры күн тәртібіне қойылды.
Поэзия арқалы өнер. Оның тағдыры әлеуметтік ортамен тұтас. Ақын шабыты кез - келген жерде келмейді, кезі келген жерде келетіні белгілі. Поэзияның өрелі тұстары халық ғұмырнамасының соқталы кезеңдерімен орайлас. Дүниежүзілік тарих толысу үстінде. Әлемдегі бірде - бір халық өткенін толық меңгерді деуге болмайды. Сондықтан тарихи кезеңдерге поэзия тарихы арқылы зерде жүгірту, өткенді бағдарлау, әсіресе, қазақ баласы үшін, қажеттілік. Себебі: өткеніміз айғақты жазба мәліметтер мен айғақты деректерге жұтаң, оның есесіне, керісінше, поэтикалық мәдениетіміз көл - көсір, қатпар - қатпар . . .
Жыраулық поэзия - халық мәдениетінің төл басы ғана емес, іргетасы да. Халқымыздың дәстүрлі мәдени өрбуінің басты ерекшелігі - рухани мәдениеттің кейбір салаларының материалдық мәдениетке қарағанда біршама озық түсуі. Ал ілкі қазақ өнерінің тәжі - сөз өнері, поэзия. Алайда поэзия әдеби дәулет қана емес, философия тарихы, қазақи ой тарихының бастамасы. Ол - әлеуметтік, философиялық, тарихи, эстетикалық, адамгершілік ақыл - ойдың тоғысқан жері. Өмір өзегімен өрілмеген өлең - тұл. Сондықтан поэзия тағдыры әлеуметтік ортамен тұтас. Ақындар мен жыраулар дәйім заман ағымына орай домбыраларын күйлеп отырған екен. Бес ғасыр аясында қазақ әлеуметі қандай тағдыр кешсе, оның ізі ақын - жыраулар мұрасында анық таңбаланып тұр. Ғасырлар қойнауына неғұрлым тереңдеген сайын, қадым замана лебі солғұрлым анық өседі.
Жебелей жебе жүгірген
Ерлердің арғымақтан игі малы болар ма?!
Жағаласса жыртылмас,
Ерлердің жеңсізден игі тоны болар ма?!
Дулығалы бас кескен
Ерлердің алдаспаннан игі қолы болар ма?!
Осы шумақтың әлеуметтік тарихымыздың қай кезеңінде туғанын дәл басып айту оңай - ақ. Ата жауымен арпалыста қан кешіп жүрген хас батырдың «жағаласса жыртылмас жеңсіз тонды», «торғайкөз» ақсауытты армандауында жастық жалын мен романтикалық өркеуделік «жебелей жебе жүгірген» арғымақтық эпикалық әскери - соғыс тұлғасымен қабаттас. Мұндай түбегейлі патриоттық лептің себебі бар. ХIY - ХY ғасырлар шебінде көрініс көшпелі Қазақ ордасы ортағасырлық дала төскейіне
Алаң, алаң, алаң жұрт!
Ақ - ала ордам қонған жұрт!
Салп - салпыншақ анау үш өзен,
Салуалы менің ордам қонған жер . . .
деп жаһанға жар сала, аттың жалы, түйенің қомында орнады. Қоңсыларын ығыстыра, заңды несібесін талап ете келді. Сондықтан жаңа түлеген жас жамиғат - Қазақ хандығының жібек баулы байрағын сахара желіне желбірете нық орнатпақ болды. Жыраулар ұлыс ісінен жалтарғанды тезге салды, көнбеген жанның басына өлеңімен ылаң түсірді. Заманның саяси - әлеуметтік хал - ахуалына орай, поэзия өмірге белсене араласып кетті, ел ісінен оқшау тұра алмады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Көне дәуірлерден, ХY ғасырдан келе жатқан сондай қазыналарымыздың бірі жыраулар - жыраулар поэзиясы. Ұлттық сөз өнеріміздің тарихында, қазақтың рухани әлемінде ақын - жыраулар поэзиясы айрықша орын алады. Жыраулар мен ақындардың қоғамдағы рөлі, олардың шығармашылық ерекшеліктері хақында әдебиет пен тарих ғылымдарында бірқатар уақыттан бері әңгіме болып келеді.
Негізінен, жаугершілік уақыттарда туып, тарих көшіне ілескен жыраулық өнер «тұлпар мініп ту байлап, жауға шаптым айғайлап» замандардың атыс - шабыс дерегі емес - өткір, өр, сұлу өлең, аруақты бабаларымыздың арманы мен ардағы жатқан сиқырлы жыр дүниесі.
Қазақ әдебиетіндегі жыраулар өнернамасының пайда болу, туу себептері, оның толығу, даму, кемелдену кезеңдері; жекелеген жыраулардың өмірбаян деректерін жүйелеп, шығармашылық мұрасының сақталу, басылым, зерттелу жайы жөнінен, жырау поэзиясының көркемдік өзгешеліктері ұзақ уақыт бойы қазақ әдебиетінің бар мұрасын жиып, бағалап, саралап, бастырудың тұтас шаруасының аясында қамтылып келген іс. Қазақ әдебиетінің жүздеген, тіпті мыңдаған жылдық тарихы бар асыл мұрасының жасау тарихын жекелеген жыраулардың қазақ әдебиеті тарихындағы орны жайлы тұжырым, тоқтамдарды ілгеріде өткен, беріде жасаған қазіргі уақыттағы Ш. Уәлиханов, В. Радлов, Х. Досмұхамедұлы, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Ә. Қоңыратбаев, Ә. Марғұлан, Б. Кенжебаев, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев, Х. Сүйіншәлиев, З. Ахметов, Р. Бердібаев, Ә. Дербісәлин, Р. Сыздықова, М. Мағауин, Қ. Келімбетов, М. Жолдасбеков, С. Негимов, Б. Әбілқасымов, С. Дәуітов, Ш. Қуанғанов, т. б. ғалымдарымыздың еңбектерінен табамыз.
Қазақ поэзиясын ең алғаш классификациялаған Шоқан Уәлиханов қазақ өлеңін: жыр, жоқтау, қайым (айтыс) қара өлең, өлең деп беске бөлді. Жырау деген сөздің алғаш тасқа басылып берілуі де осы Шоқан зерттеуі сияқты. Түркі халықтарының мәдениет үлгілерін жинап, бастырушы әрі ғылыми жүйеге алғаш түсіруші В. Радлов қазақ өлеңінің тақырыптық, мазмұндық жақтан жіктеп отырып қайсыбір көркемдік өзгешеліктерін де нақты айқын тұжырымдайды. Жыраулар әдебиетіндегі қазақ тарихының жырлануы тарих деректерінің дамуына көптеген зерттеушілердің қызығушылығын тудырады. Сондықтан зерттелу деңгейі біршама қомақты. Қазақтың жыраулық өнері үлкен ауқымды тақырыпқа жатады. Қазақ жырауларының шығармашылығында қазақ тарихының қилы кезеңі рухани - мәдени дамуы көрініс тапқан.
Аталмыш тақырып аумағынан қатысты көптеген зерттеуші ғалымдар ғылыми жұмыстар жазғанын атап өткен жөн. Бірақ ғылыми еңбектердің көбісі әдебиет тұрғысында ғана жазылған. Сондықтан зерттеушілеріміздің жыраулар поэзиясын жалпылама қамтығанымен оның нақты ерекшелігі тарихи тұрғыда толық қамтылмаған. Проблемалардың жекелеген қырларын зерттеуге арналған, жыраулар өкілдерінің өмірбаяндық деректеріне, олардың саяси және дүниетанымдық көзқарастарына тереңірек бойлаған еңбектер шықты. Солардың ішінде жарық көргені Х. Сүйіншәлиев «Қазақ әдебиетінің тарихы» деген іргелі еңбегін атап өткен. Қарастырылып отырған тақырыптың көптеген мәселелері «Бес ғасыр жырлайды», «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет», «ХY - ХYIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» еңбектерінде қарастырылған. Арнаулы әдебиеттерде бұл мәселе ішінара зерттелгенімен, оларды тереңірек зерттеп бір жүйеге келтіру бүгінгі күннің міндеті болып табылады.
Зерттеліп отырған тақырып ұлт тарихы мен мәдениетін тұтас қарастыруымен маңызды. Тарихи дерек - дәйекке толы шығармаларда автор аталып отырған оқиғаның ортасында жүреді. Сол себепті де көзбен көргенін көңілмен түйіп тарихи шындықты көркем шындыққа айналдырады. Осыған байланысты диплом жұмысына қойылған міндеттер:
- Жыраулар шығармаларының - тарихи дерек ретіндегі рөлін көрсету.
- Жыраулық дәстүрдің мәнін ашу;
- Текстологиялық талдау жасау;
- Көркемдік шешім мен тарихи шындықты салыстыру;
- Нар заман мен зар заман поэзиясын сараптау;
Жұмыстың басты мақсаты: Жыраулар мұрасын тарихи деректің басты көзі екенін таныту.
Жыраулар халқымыздың тарихында елеулі негіз қалдырған тұлғаларымыздың бірі.
Жырау деген кім? Ол нені жырлаған? Қазақ жыршы, жыраулары мен дүниеүзілік жыраулар жырларындағы байланыс, олардың айырмашылығы.
Жырау - ауыз әдебиетінің ежелгі өкілдерінің бірі, ірі қоғамдық мәселелерді қозғайтын толғау жырларды шығарып айтушы. Жырау сонау көне замандардың өзінде, ең алдымен ақын ретінде танылған сияқты. Жыр, жыршы ұғымын қазақ әдебиетінде алғаш зерттеушілердің бірі, қазақтағы жырмен өлеңнің түр, мазмұн құрылысындағы айырмашылық белгілерін алғаш танып әңгімелеген - Құрбанғали Халид «Жыршы дегеніміз - ол өлеңшілердей емес, өз жанынан шығарып айтатын дарын қасиеті бар адам, ақындардың бір бөлімін «жыршы» дейді, ал жырдың қисынға құралған (қиыннан қиысқан) үш сөзден тұратын нақыл, өсиет сөздері басым» - деп көрсетсе, М. Мағауин «ХY - ХYIII ғасырлар әдебиетінде жүкті көтерген жыраулар болды. Жыраулардың ең сүйікті жанры толғау еді.
Д. Лихачев ХI - ХIII ғасырлардағы жанрлардың пайда болуы туралы айта келіп, мұның өзі фольклор мен жазба әдебиетінің екі аралығында туып келгенін дәлелдейді. Орыс әдебиетінің басы болып саналатын «Игорь полкі туралы жырдың» тууына да осы өреде танып бағалайды. Толғауларда жырау өзінің өмірін, болмыс жайлы ойларын, замана жайлы түйгендерін айтады, белгілі оқиғаларға көзқарасын білдіреді» - дейді.
Зерттеу жұмысының қамтитын мерзімі: ХY - ХYIII ғасыр аяғы. Аталған уақыттың әлеуметтік саяси өмірі үлкен өзгерістерге толы болды. Күрделі де әр алуан қайшылығы мол оқиғалардың қазақ қоғамына үлкен әсерін тигізбей қойған жоқ, осы уақытта жыраулардың ел болу, жер болу мәселесінде билеушілерге ақыл кеңес бере отырып өзінің ықпалын тигізді.
Зерттеудің географиялық шеңбері: Бүкіл Дешті - Қыпшақ немесе қазіргі Қазақстан территориясы аумағы.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Жыраулар жырларының зерттелу аясы кеңейіп, қазақ ақын - жыраулары өкілдерінің еңбектерінде көтерілген біршама мәселелер талданып, дереккөз ретінде орыны толықтырылды.
Зерттеудің методологиялық негізі: Негізгі тақырыбы жыраулар шығармашылығындағы гуманистік таным алынды. Мәселені тарихи қажеттілік ретінде, тарихи тағылым тұрғысынан қарастырдық.
I тарау. ХY - ХYIII ғасырлардағы тарихи хал - ахуал.
1. 1. Қазақ хандығы мен жыраулық дәстүр.
Таза мінсіз асыл тас
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz