Кескіндеме жанрының түрлері және тарихы. Мектептегі натюрморт сабағының өткізу әдістемесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе.

1. Кескіндеме жанрының түрлері және тарихы.

1. 1 Кескіндеменің түрлері және жанрлардың дамуы . . . 8

1. 2 Қазақстандағы натюрморт жанрының даму жолы . . . 13

1. 3 Акварель бояумен жұмыс істеу әдістері . . . 19

1. 4 Гуашь бояумен жүмыс істеу тәсілі . . . 25

1. 5 Майлы бояумен жұмыс істеу техникасы және материалдары . . . 30

1. 6 Шығармашылық жұмыстың мақсаты және ізденістері . . . 37

2. Мектептегі натюрморт сабағының өткізу әдістемесі.

2. 1 Натюрморт сабағын өткізу әдістемесі . . . 41

2. 2 Бейнелеу өнері сабағында көркемдеп қабылдаудың

педагогикалық негізі . . . 46

2. 3 Мектептегі натюрморт сабақтарына анализ . . . 49

Қорытынды.

Әдебиеттер тізімі .

Иллюстрациялар.

Фотосуреттер

Кіріспе .

Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның мемлекеттік бағдарламамен байланысы .

Натюрморт - бейнелеу өнері сауаттылығына үйретудің негізі оның мәдениеттанулық негіздерін зерттеудің өзектілігі бірнеше мәдени факторлармен және Қазақстан Республикасында қабылданған мәдени даму бағдарламасымен үндес өтіп жатқан процестермен айқындалады . Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында мемлекет тәуелсіздігін нық ұстап тұру мақсатымен жүргізіліп жатқан процестермен дәлелденеді . Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында мемлекет тәуелсіздігін мықты ұстап тұру мақсатымен жүргізіліп жатқан рухани шараларға қатысты ұлттық философия мен мәдениеттің өркендеуіне қолайлы жағдайлар туып, кеңінен жол ашылып тұр, оған Республика президенті Н . Ә . Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамын идеялық бірлігінде» атты еңбегінде : «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді . Өзінің тарихы, мәдени тамырларына қайта оралу - бұл әрине оң процесс . . . Қазақстанда ұлттық тілді, өнерді, мәдениетті . . . дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», - деген сөзі мұның бірден бір айғағы .

ХХ ғасырда мәдениет философиясы арқылы бейнелеу өнері өз алдына тәуелсіз ғылым ретінде қалыптасып, соның нәтижесінде бейнелеу өнері сынды философиялық ілім дүниеге келді .

Ал ұлттық бейнелеу өнері сауаттылығына келетін болсақ, ол халықтың ежелден жалғасып келе жатқан өзіне тән өнері, салт дәстүрі, әдет - ғұрпы, дүниетанымы есебінде қалыптасып жетіліп отыратыны белгілі .

Қазіргі уақытта бейнелеу өнерін оның мәдениеттанулық негізін дұрыс көрсете танып біліп, өнер түрлерін жинақтап, зерделі зерттеудің маңызы артып, жастарды сол ұлттық салт - дәстүрдің негізінде тәрбиелеудің қажеттігі өсіп отыр . Сондай қажеттіліктің бірі - бейнелеу өнері сауаттылығы, соның ішінде натюрморт жанры, оның тәлім - тәрбиелік, эстетикалық танымдық мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалана білу болып табылады . Оның үстіне бейнелеу өнерінің өзінің бай тарихы, терең мәдениеттанулық, философиялық мазмұны, өзіндік ұлттық сан - қилы ерекшеліктерімен қымбат, әрі құнды . Сондықтан да

оның мәдениеттанулық негіздерін көрсету, танып білу, жоғарғы оқу орындарында ұлттық тәлім тәрбие беру процесінде қажетті мәселелердің бірі болып табылады .

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ халқы өнерінің ғасырлар сынынан еленіп, бүгінгі таңға дейін жетілуі оның өміршеңдігін, мәдениеттегі өзіндік орнын қажеттілігін айқындап тұр . Ендігі жерде осы мұралардың құндылығын арттыру, дәстүр сабақтастығын жалғастыру оған дәнекер болу әрбір ұлттық мәдениетке көзінің қарашығындай қамқорлық жасар зиялы қауымның борышы мен парызы . Бейнелеу өнерінің оның сәндік ерекшелігі, түрлері халықтың салт - дәстүрімен біте қайнасып келе жатқан қазақтың рухани болмысы мен мәдени талғампаздығын танытатын ерекше бір құбылыс . Оны естен шығару, ұмыту мүмкін емес ендеше оны қайта жаңғырту, бүгінгі таңда ұлттық мәдениетте алатын орнын белгілеу, өмірге іс жүзінде енгізу аса қажет . Ұлттық құндылықтар деңгейінен жоғары көтеріп, адамзаттық құндылықтар қатарына қосу теңестіру біздің және баршамыздың да басты тілегіміз болса керек . Бар әдемі құндылақтарды сырттан іздемей оны өзіміздің аса мұраларымыздан іздеу оны жандандыру қалпына келтіру, мәдениеттанулық деңгейге көтеру оны танып білу бүгінгі таңдағы ең бір көкейтесті, өзекті проблемалардың бірі деп түсінеміз .

Зерттеу көздеріне анализ .

Зерттеу жұмысы барысындағы ізденіс біздің көзімізді мынаған жеткізді :

а) бейнелеу өнері пәнінің нәтижелі болуы балаларды көркемдеп қабылдауға дұрыс үйретуге тікелей байланысты екендігіне ;

ә) оның педагогикалық негізде меңгерілу жолын құрып, жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың осы бағыттағы дағдысын қалыптастыру керек екендігіне .

Сондықтан, бейнелеу өнері пәні бойынша осы көркемдеп қабылдаудың оқушы жас ерекшеліктеріне сәйкес жоғарғы сыныптағы білім ауқымын, оларды меңгертуге керекті педагогикалық негіз құрайтын жұмыс түрін айқындау қажеттілігі де туады . Әрине бұл болашақ ісі .

Зерттеу мақсаты мен міндеттері .

Таңдамалы алынған тақырыптың өзектілігінен және оны зерттеу қажеттіліктері мен зерттелу деңгейлерінен осы дипломдық жұмыстың басты мақсатын айқындау мүмкіндігі туады . Бейнелеу өнері оның ерекшелігі мен дамуы, салт - дәстүр, әдет - ғұрыптары, әшекейлеу әдістері оның түрлері және ұлттық мәдениетте алатын орнын мәдениеттануық тұрғыдан сарапқа салу, олардың мән - мазмұнын ашып, даму эволюцициясын қарастыру қажет . Осы мақсатты орындау жолында зерттеушінің алдында бірнеше міндеттер туындайдайды :

- Натюрморт - бейнелеу өнері сауаттылығына үйретудің негіздерінің өзіндік ерекшеліктеріне мазмұндық сипаттама беріп, тәлім - тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындау .

- Натюрморт бейнелеу өнері сауаттылығына үйретудің негіздерінің мәнін ашу, оны студент жастар арасында олардың санасында, ұлттық көзқарастарына қалыптастырудың критерийлерін, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау ;

Натюрморт бейнелеу өнері сауаттылығына үйрктудің негізі жеке тұлғаның көркемдік, эмоционалдық және руханм - интеллектуалдық жақтарын бірлестіре отырып, болашақ маман иелеріне тәрбие негіздерін тиімді меңгеруге ықпал жасау ;

Натюрморт - бейнелеу өнерінің бір саласы ретінде этникалық уақыттық кеңістік аясында құрастыру .

Бастауыш сынып оқушыларын бейнелеу өнері сауаттылығына яғни көркемдеп қабылдауға үйрету арқылы тиімділігін арттыру және оның педагогикалық негізін анықтау . Осы мақсатқа сәйкес орындалатын міндеттер белгіленді . Олар :

  1. Бастауыш сыныптағы және 5-6 сыныптағы оқушыларының бейнелеу өнері сабағында оның сауаттылығына үйрету, оны көркемдеп қабылдауға үйретуге қажетті философия, психология, педагогика ғылымдары тұрғысынан негізді айқындау .
  2. Мектепте жүргізілетін бейнелеу өнері пәнінің бүгінге дейінгі өтілу барысында талдау жасау .
  3. Айқындалған жұмыс жүйелерін байқау, анықтау және оны бейнелеу өнері сабағының жүргізілу тәжірибесіне енгізу .

Зерттеу орны .

Бастауыш сыныптар мен 5-6 сыныптардың оқу - тәрбие процесі .

Зерттеу пәні .

Бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сыныптар мен 5-6 сынып

оқушыларының көркемдеп қабылдауын қалыптастыру процесі .

Болжам .

Бейнелеу өнері сабағының білімдік және тәрбиелік міндетінің сапалы болуы - ең алдымен көркемдеп қабылдау жолын педагогикалық негізде меңгергенде ғана мүмкін :

  • егер кіші жастағы балалардың көркемдеп қабылдауын психологиялық және педагогикалық проблема деп қарап, оның теориялық негізін айқындасақ ;
  • осының негізінде бейнелеу өнері пәнінен өтілген сабақтарда эксперименттік байқау жүргізіп, көркемдеп қабылдаудың оқушыда дұрыс қалыптасқандығынан бейнелеу өнері пәнінің білімдік және тәрбиелік сапасының артқанына көз жетсе .

Ғылыми жаңалық .

Бейнелеу өнері сабағында оқушыға меңгерткелі отырған білім, білік пен дағдының нәтижелі болуы оның көркемдеп қабылдай алуына байланысты екендігін дәлелдеу ; ол үшін арнайы дидактикалық жұмыс жүргізудің керектігіне көз жеткізу және сол жұмыстардың жүйесін жасау, оның теориялық, педагогикалық негізін айқындап және ұтымды жолдармен тәрбиелік бағытын көрсету .

Практикалық маңызы .

Ұлттық ойлау жүйесінің, дүние танымдық қалыптасу заңдылықтарын, ерекшеліктерін анықтауда, оларды түсіндіруде көтерілген мәселенің қосар өзіндік үлесі аз болмас .

Ұсынылып отырған дипломдық жұмыс еліміздегі өнер тарихы мен философия тарихы, мәдениеттану сияқты ғылымдарды зерттеу мен насихаттау, білім беру және жаңа заман талабына сай ойлау мәдени сұхбат ерекшеліктерін талдау қабілеттілігін қалыптастыру ісіне де қатысты .

Жұмыста көрсетілген теориялық және практикалық жағдайлар болашақта өнер тарихы ғылымын зерттеуді жетілдіруге ықпал етеді . Дипломдық жұмыстағы қорытындылар мен негізгі шарттар арнайы курстарды дайындауда, мәдениеттану проблемасы және мәдени - этикалық мәселелер бойынша семинарлар мен лекцияларда қолдануға болады . Сондықтан да тақырыптың өзекті де, қажет екенін ескере келе еңбегімізде бейнелеу өнерін салт - дәстүрді және әдет - ғұрыптарды дұрыс пайдалану студенттердің сана - сезімін, ой - өрісін, дүниеге деген көзқарасын жетілдіру мақсатында алынды .

1. Кескіндеме жанрының түрлері және тарихы.

1. 1. Кескіндеменің түрлері және жанрлардың дамуы.

Живопись-бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиырсыз осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады.

Біреулері портреттер жазғанды ұнатады, екіншілері пейзажды, үшіншілері тарихи, соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнерінің бұлай сапталуы жанрларға бөліну деп аталады. Жанр сөзі (Genre-түр) немесе тек сөзінен шыққан. Живописьте мынадай жанрларға бөлінеді: анимастика, мифологиялық және моринизм.

Айта кету керек, тақырыптық картина көбінде жанр делінеді, ал картиналар деп аталады.

Натюрморт

Натюрморт-өнердің дербес жанры ретінде XVIII ғасырда Голландияда және кіші Фландрияда /қазір бұл Бельгияның бір бөлігі/ туып, кеңінен дамыды. Натюрморт бізге онда бейнеленген заттарды пайдаланған адамдардың өмірін де, суретшінің оларға деген көзқарасын майлы бояулармен, кою салынған голланд натюрморттарында көбіне сан түрлі тағамдар: нан, жемістер, әдемі кесілген майлы ветчина /шошқаның тұздап, сүрленген майлы еті/, жабайы аң-құстар, хрусталь бокалдардағы немесе күңгірт сәуле шашатын күміс кубоктардағы шарапты бейнелеу.

Мұнда картиналарды салдырған адам, рухани нәзік талап талғам дейтіннің иісін де білмейтін саудагер немесе қала шонжарлары суреттегі дәмді, мол тағамға ғана қызығатын, өйткені оның өмірінің басты қызығы да тамақ құлқыны болатын.

Сурет салуды меңгеруді тірі модельден емес, «өлі» қозғалмайтын модельден-натюрморттан /Француздың nature morte- өлі табиғат, натура деген сөзінен шыққан/ бастаған жақсы.

Натюрмортты ол тұруға шаршап, кетіп қалады, тұрған қалпын өзгертеді деп қорықпай-ақ оны түрлі нүктелерден мұқият зерттей отырып, қалағанынша ұзақ салуға болады. Онымен жұмыс істеу үстінде жас суретші заттардың формасын құруға, оның конструкциясын талдауға, олардың өзгеше ерекшеліктерін де, олардың арасындағы өзара байланысты да табуға үйренеді.

Пейзаж

Пейзаж / «Paysade» деген Француз сөзінен шыққан/- бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде /VII-Х ғасырларда/ Европадағыдан ертерек қалыптасты. Европалық живописьте ол XVIII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі XIХ ғасырдың соңына тұспа-тұс келеді.

Пейзаж- қайсыбір жерлерді жәй айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр.

Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Бұл торлаған аспан, теңіз толқындары, ормандар мен таулар жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сондай күйінде қалады.

Бірақ осы бір өзгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше көріп, түрліше бейнеледі.

XVIII ғасырдағы голланд суретшілерінің картиналарында теңіз үнемі дерлік романтикалық сарынсыз болып келеді, олар табиғат сұлулығын іңкәрлікпен қызықтауға биім емес. Олар үшін теңіз сауда мен жұмыс орны, тіршілік қарекетін іздестіретін кеңістік.

Біздің атақты маринисіміз Айвазовскийде теңіз-әрдайым дерлік үрейлі дүлей күш, мөлдірлеу құпия сырлы тұңғиық. Орасан зор толқындар қия жартастарға лап қояды. Адамдар, тіпті кемелердің өзі де-осынау қаһарлы, өлшеусіз қуатты стихияда өте кішкентай, дәрменсіз де қорғансыз. Оның картиналары әсем стихияға деген тәнтілікке, романтикалық сүйіспеншілікке бөленген.

Бір табиғи мотивтің өзі суретшінің қылқамынан мүлде басқа толысуға, басқаша түске ие бола отырып, шебердің талғамын, көзқарастарын, көңіл күйін береді.

Оның үстінде «Мәңгілік» табиғат тіршілігіне уақыт өтуімен бірге жаңа әуендер енеді, табиғат адамның әсерімен өзгеріп отырады. Темір жолдар, автомобиль жолдары, жоғары вольтті электр желілерінің сорайған діңгектері мен сымдары, аспанда ұшқан реактивтік самолеттің будақтаған ізі- осының бәрі бүгінгі күннің көрінісі. Мұны қазіргі заманғы суретшісі аңғармай тұра алмайды.

Пейзаж және натюрморт, әдебиетте, тақырыптық картинаның құрамдас бөліктері де болуы мүмкін. Бұл жерде олар көркем образды жасауда белсенді қосалқы роль атқарады.

Портрет

Көркем сурет және грамматика факультетінің студенттері живописьтегі портрет туралы алғашқы ұғыммен үшінші курстың басында танысады. Дегенмен, программа бойынша жүргізілетін бейнелеу өнерінің портрет жанры натюрмортқа қарағанда әлдеқайда күрделі, әрі маңызды бөлімге жатады.

Бұл жанр басқалардан бұрын пайда болды-3 мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған скульптуралық египет портреттері, екі мың жылғы бұрынғы мозайкалық рим және темпералық фалом портреттері енгізілді. Адамдар әрдайым өз бейнесін көргісі келеді, ал ежелгі египеттер тіпті қайтыс болған адамның жаны портреттке көшеді деп есептеді.

Үлкен шебердің шабыты қолымен жазылған әрбір портрет шынында да рух танғандай болады, портретке түсірілген бет-әлпетте ой, қайғы күйініш, қуаныш күрделі және кейде қиын бүкіл өмір жолының көрінісі жатады.

Портреттің бірінші және қажетті сапасы-оның түп нұсқасымен ұқсастығы. Бірақ бұл математиктер айтқандай, қажетті бірақ жеткіліксіз шарт. Адамның сыртқы белгілерінің арғы жағынан біз бейнелеушінің ой-арманын, қуаныш-күйінішін, ішкі жан дүниесін тап басып, сезінуге тиіспіз. Біз суретшінің оған қатынасын да сезінуге тиіспіз. Тек осылардың бәрі ғана бейнені портретерде, осылай ғана бейнеленген адамдар тіпті мүлде бізге бейтаныс болғаннын өзінде бізді көз салуға, ойға шомылуға және тебіренуге мәжбүр етеді.

Портрет өзінің сипаты жағынан алуан түрлі болады. Бір портрет адамды дәріптеу, оны барынша әлемдік пен сәндікте көрсету үшін жазылады. Бұл XVIII ғасырларда орыс өнерінде мейлінше кең таралған параттық портреттер /суретшілер Ф. Рокотов, Д. Левщкий, В. Боровиковский/.

Екінші портреттер адамды әдеттегі, күнделікті кейіпте көрсетеді. Бұл интиндік, психологиялқ портреттер деп аталады. Портреттік жанрдың ерекше түрі топтық портрет болып табылады. Мысалы: Рембрандтың «Синдиктер», «Түнгі күзет», И Репиннің «Құдіретті топ» композиторлары.

Портрет бейне бір портрет-картина сияқты болып, өз композициясына портреттеліп отырған адамнан басқа, пейзажды, алуан түрлі аксессуарларды және тіпті, мысалы, К. Брюлловтың «Салт атты қызы» немесе А. Герасимовтың «Ленин мінбеде» сияқты әйгілі және басқа сан түрі картинадағыдай, алыс пландағы басқа адамдардың бейнесін енгізуі мүмкін. Мұндай жұмыстар портрет пен тақырыптық картина арасындағы өшпелі жағдайға ие болады.

Портрет салу үшін студенттердің алдына көптеген күрделі мақсаттар қойылады: творчестволық ізденіс, композициялық шешім табу, дұрыс орналастыру, колорит, әр түрлі қозғалыстағы адамның өзіне тән мінез өзгешеліктерін көрсете білу және бояу түстерін көрнекті пайдалана білу Осының барлығы студентерден талғампаздықты, талмай ізденуді, ерен еңбекті талап етеді. Ал формат таңдап ала білу композициялық шешімнің ыңғайына қарай шешілуі қажет.

Тақырыптық картина

Тақырыптық картина-өмірді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын көрсететін қандай да бір шын мәндегі немесе фантастикалық көріністі бейнелейтін картинаны осылай атайды. Мұндай картиналар тарихтан бұрынғы замандардан өз бастарын алады-жартастар мен үңгірлепден алғашқы қауым адамының аң аулау сәтін және басқа да іс - әрекет түрлерін бейнеленген суреттер көптеп табылуда. Ежелгі Египет, Греция мен Рим замынынан қабырғана салынған живопистің тамаша үлгілері бізге дейін жетіп отыр.

Бірақ саноктың тақырыптық картина (яғни архитектурамен байланысты емес картина) тек Ренессанс дәуірінде ғана пайда болып, кең өріс алды. Тақырыптық картина даму үстіндегі әрекеті көрсетеді: оған көз тастай отырып бейнеленген сәтке дейін не болғанын және одан кейін не болатынын көрермен ойша сараптай алады немесе И. Крамской айтқандай, "бір холсты түсіндіру үшін . . . екнішісінің қажеті жоқ".

Тақырыптық картина болмысты мейлінше толық және терең бейнелеп көрсетеді, оның мүмкіндіктері шексіз әрі әр алуан ол тым үлкен және өте кішкентай болуы, сан қилы техникалық құралдар мен жасамды аса ұлы әлемдік оқиғалар туралы тұлғалы туралы баяндауы немесе тұрмыстық көріністі бейнелеуі мүмкін.

Натюрморт та, пейзаж да порттерттер де тақырыптық композицияның құрамдас бөлігі болу мүмкін.

Мазмұнының бағыты жағынан тақырыптық картиналарды өткен заман оқиғаларын баяндайтын тарихи картиналар, шайқастар мен әскери жорықтарды бейнелейтін батальдық картиналар және суретшілер өтіп бара жатқан өмірдің күнделікті көріністерін кейіптейтін тұрмыстық картиналар деп бөліну қабылданған.

Орыс өнерінде тақырыптық картина ХІХ ғасырды 2-ші жартысында мейлінше гүлденді. Бұл гүлдену орыс қоғамындағы революциялық өрлеудің тікелей нәтижесі болды. Көркем сурет академиясын бітірушілердің И. Крамской бастаған 14 алдыңғы қатарлы суретшілері Академиядағы керітартпа тәртіпке қарсы “бүлік” шығарып, диплом жұмысынан, сонымен бірге көптеген жеңілдіктерден бас тартты. Олар “көшпелі көркем сурет көрмелерінің серіктестігін” ұйымдастырды және отандық өнер тарихына “көшпелілер” деген атпен енді. Олардың өнері қоғамдық әуенділікке толы және айқын көрінген публицистикалық бағытқа ие болды. олар салтанатты портреттердің және іңжіл мен мифологиялық көріністерді бейнелеудің орнына өздері мен замандас халықтың өмірін бейнелеуге ден қойды.

Контраст көркемдік әсерліктің басты құралдарының бірі болып есептеледі. Тақырыптық картинада контраст қандай да бір тәсілдерді салыстырудан және түстік дақтардың орналасуынан ғана емес, сонымен бірге психологиялық және жеке - дара мінездемелерді салыструдан да көрінеді.

1. 2. Қазақстандағы натюрморт жанрының даму жолы .

Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін Қазақстан халықтарының көркем творчествосы негізінен күнделікті тұрмыста қолданылатын өнермен ғана байланысты болды.

Живопись, графика, мүсін өнері соңғы 50 жыл ішінде ғана өркендеді, өйткені өткендегі көшпелі тіршілік және жанды нәрсенің бейнесін түсіруге тиым салатын ислам дінінің ғасырлар бойғы үстемдігі қазақтың профессионалдық бейнелеу өнерінің тууына кедергі жасады.

Қазақстанда ұлттық дәстүрлері революцияға дейін-ақ қалыптасқан әдебиет пен музыкадан өзгеше, бейнелеу өнерінің жолы адам айтқысыз қиын болды. Октябрь революциясынық қарсаңында Қазақстанда өзінің төл-тума профессионал-суретшісінің болмағаны былай тұрсын, тіпті жаңа, жүйелі өнердің негізін қалауға қол ұшын берерліктей жақсы даярлығы бар орыс суретшілері де жоқ еді. Мұндағы орыс өнерінің реалистік дәстүрлерін сақтаған жалғыз суретші - сурет сабағының мұғалімі Н. Г. Хлудов болатын. Ол кейінірек, 1920 жылы ұйымдастырған бейнелеу өнері студиясында сабақ берді. Ол студияда суертші Н. Антонов пен мүсінші А. Пономарев та ұстаздық етті.

20-30-шы жылдарда Қазақстанның бейнелеу өнері живопись пен графиканың профессионалдық шеберлігін меңгеру жолында алғашқы қадамдар жасады. Жас суретшілер аяқ алысын байқатып, көзге көріне бастады, олар өздерінің әзірге бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпаған балаң шығармаларында бүкіл елді қамтыған алып істерді, жаңа құбылыстарды көркем бейнелеуге тырысты. Қазақстанда бейнелеу өнерінің өрісіне алғаш жол салған Н. Крутильников, Ә. Қастеев, Ә. Исмаилов, Б. Сарсенбаев, X. Ходкиков сынды суретшілер болды. 1928 жылы Семейде ұйымдастырылған ең тұңғыш көркем сурет көрмесі көшпелі көрме болды. Суретшілер бір жерден екінші жерге түйемен көшіп жүріп, халық арасында көркем өнерді кеңінен насихаттады.

Қазақстан суретшілерінің профессионалдық бейнелеу өнерінің қыры мен сырын тезірек және ойдағыдай меңгеруіне туысқан республикалар шеберлерінің, өте-мөте Москва мен Ленинград суретшілерінің тәжірибесі көп көмектесті. Отызыншы жылдарда Қазақстан суретшілерінің қатары арнаулы білімі бар талантты шеберлермен толықты. Мұның өзі 1933 жылы Қазақстан Суретшілер одағының ұйымдастыру комитетін құруға мүмкіндік берді. 1934 жылы Москвада, Шығыс мәдениеті музейінде қазақ суретшілерінің бірінші көрмесі, ал арада жыл өткен соң Алматыда Т. Г. Шевченко атындағы көркем сурет галереясы ашылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі натюрморт сабағының өткізу әдістемесі
Оқушыларды сыныптан тыс үйірме жұмыстарында майлы бояумен жұмыс жазудың қыр-сырына үйрету
Натюрморт жанрының дамуына қысқаша тарихи шолу
«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫ МАКЕТ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ» «ОҚУ ҒИМАРАТЫ» 100Х80 Х40, пвх
Бейнелеу өнерінің пейзаж жанрының жасалу барысы
Натюрморт бейнелеу өнерінің ерекше жанры
Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту әдістері Натюрморт
Жеке оқушылар суреттерін балалармен қосылып анализ жасау және салыстыру
Табиғатты бейнелеу сабағының әдістемесі
Пейзаж өнердің дербес жанры ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz