БАЛАЛАРҒА ҒАСЫР ІНДЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘСЕР ЕТУ АСПЕКТІЛЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

1 ЕСІРТКІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

1. 1 Балалар арасындағы маскүнемдік, нашақорлық зардаптары 8

1. 2 Ішімдік және нашақорлықтың әсерінен жасалатын қылмыстық әрекеттер 18

1. 3 Алкоголизмнің этиологиялық факторлары 19

1. 4 Жасөспірімдердің тәрбиесі мен дамуындағы мінез- құлық

ауытқушылықтар және оларды жою және алдын алу жолдары 21

2 БАЛАЛАРҒА ҒАСЫР ІНДЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘСЕР ЕТУ АСПЕКТІЛЕРІ

2. 1 Нашақорлықтың қалыптасу деңгейі 35

2. 2 Нашақорлықтың алдын - алу, емдеу 37

  1. Алдын - алудың педагогикалық шаралары 38

3 ОТБАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ

3. 1 Отбасылық әлеуметтік педагог. Оның қызметтік міндеттері 40

3. 2 Әлеуметтік педагог - отбасымен тәрбие жұмысын жүргізетін маман 41

3. 3 Отбасын әлеуметтік қорғау шаралары 43

3. 4 Отбасылық кеңес берудің мәні. Әлеуметтік - педагогикалық отбасылық кеңес беру әдістемесі 45

ҚОРЫТЫНДЫ 49

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 51

ҚОСЫМША 53

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: бүгінгі күні халқымыздың тәні мен жанын улап, қанына сіңіп үлгерген қауіпті кеселдердің бірі - маскүнемдік біздің елімізді қоса есептегенде бүкіл әлемде көкейкесті мәселеге айналған. Ішкіштер қатары жыл санап толығып, көбейіп, етек жайып барады.

Қазақстан демократиялы - құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Оның қазынасы - адам және оның денсаулығы. Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқатын жақсарту үлкен міндеттерінің бірі ретінде көрсетілген. Қазақта атадан балаға мирас болып келе жатқан «аурудың алдын ал» деген сөз бар. Ғасыр індеті аталған темекі, ішімдік, нашақорлықпен күрес бүкіл әлем жұртшылығын мазалады.

Салауаттылық өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекеттер - нашақорлық, темекі мен ішімдікке құмарлық. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз тұжырымдамасында: «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауы тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын» - деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрестің маңызын ашып айтты.

Нашақорлық әбжыландай сумаңдап, аяғын шалыс басқан әрбір жастың ой - өрісін, сана - сезімін улай бастады. Осынау улы дерт адамзат парасатының дамуын тоқтатып қана қоймай, оны бүтіндей құлдырауға да апарып соқтыра алады.

Нашақорлық грек сөзі, аудармасы «ессіздік». Дүниежүзінде оны «ақ өлім» немесе «тозаққа апарар тура жол» деп те атайды.

Адамдарды нашақорлыққа баулу - қылмыстың ең соры. Олар бірлі - жарым адамды ғана қан қақсатып қоймайды, бүкіл ел мен ұлттың тамырына балта шабады. Бұл біздің жас мемлекетіміз үшін соғыс апатымен тең.

Күні кешеге дейін нашақорлық деген атау қазақ ұғымында болған емес. Маскүнемдік те бізге жат еді. Қоғамдық орта да, табиғат та таза, тұнық болатын. Есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Қыздырмаға ілескен сорлы аз уақытта бір жола мәңгіреді. Есірткісіз бір сәт те тұра алмайтын халге жетіп, тірі өлікке айналады. Отан, ата - ана, құрбы - құрдас дегенді білмейді де, сезбейді. Олардың бұл дүниеден кешетіні - азап.

Рухани дүниенің азып - тозуына есірткі елеулі әсер етіп отыр. Оны сатушылар өз қара бастарының баюын ғана ойлайтын тоғышарлар, сатып алып, пайдаланушылар қу нәпсіге тізгін сала алмайтындар деп батыл айтуға болады. Бұл екі топ та адамзат баласының болашағы туралы толғанбайды. Толғану былай тұрсын, жұмыр жердегі Адам атты ақыл иесінің біржола құрып бітуіне зор ықпал етіп жатқанын біле ме екен олар? Нашақорлық - бүгінде қоғамдық, әлеуметтік дертке айналып, өрттей лаулап, әл бермей бара жатса, бұл сөз жоқ әлгі екі топтың әрекетінен. Сонда осы екі топпен қалай, қайтып күресуіміз қажет?

«Дәмін бір рет қана көрейінші, сосын жоламаймын» деген әуестіктің құлы болады. Сөйтіп, көпшілігі сол құлдықтың шырмауынан көзі жұмғанша шыға алмайды. Мұндай азғындаудан бір ел емес, екі ел емес, бүкіл дүниежүзінде қанша ел болса, сонша елдің бастары қасіретте жатыр.

Есірткі баяғы замандардан қолданылып келе жатқан дерт екені тарихтан белгілі. Біздің заманымызға дейінгі 2700 жылғы Қытайда анаша пайдаланылды деген дерек бар. Көкнәрді Египетте емдік және діни ғұрыптарда пайдаланғаны туралы грек тарихшысы Геродоттың да еңбектерінен кездестіруге болады. Ең алғаш рет есірткінің зиянын Шығыс ғұламасы Ибн Сина жазып көрсеткен. Көкнәр 19 ғасырда кеңінен етек алды. Ол үшін Англия мен Қытай арасында соғыс та болды. 20 ғасыр ортасында дамыған Батыс елдерінде нашақорлық пен есірткі айналымы қауіпті жағдайға жетті. Бұл жағынан АҚШ бірінші орынға ие болды. Есірткіге қарсы күрес 20 ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан бақылау Біріккен Ұлттар Ұйымының құзырына көшті.

Нашаға әуес болып, мыңдаған адамдар соның торына түсіп, шыға алмаушылардың саны көзге көрінбейтін жылдамдықта өсуде. Осы құбыжықтың тырнағына ілессең, құтылу оңай емес, сондықтан оның қолына түспейтін қандай әрекет жасау керек екенін адам баласы түсінуі ықтимал.

Соңғы кезеңде нашақорлықпен күресу барлық дүниежүзі елдерінің басты мақсаты, нашақорлық проблемасы жердің барлық қабатын солқылдатуда. Әлеуметтік және экономикалық жоспарда, психологиялық, физиологиялық тұрғыдан нашақорлық адамзаттың құлдырауына бейімделген. Нашақорлық бейімділігі - жазылмайтын аурулардан да қауіпті. Мұндай нашақорлар өзін - өзі «өлтіріп» қана қоймай, өзіне жанашыр жандардың да жүректерін жаралап, қинайды. Келесі дозаны алу үшін нашаға құмар адам өтірік, алдау, ұрлауға дейін барады. Бұл құмарын қандыру үшін нашақорлар әртүрлі заңға қайшы келетін істерге дейін барады. Психиатр, психологтарда емделгенімен бұл наша зардабынан құтылам деп, емделген 10 - 20 пайызы нашақорларға ем қонбай қайтадан темекі тартып кетеді. Статистика бойынша 25 жасқа дейінгі адамдар 90 пайызы жұмыссыз, нашақорлар екен. Осы нашақорлардың өз еркімен емделуге келгендердің саны 10 пайыздан аспайды.

Маскүнемдіктің не екенін білмейтін адам жоқ. Десек те, медицина тілімен айтқанда, бұл нендей кесел? Маскүнемдік - спиртті ішімдіктерді жүйелі түрде ішуден туындайтын ауру. Ішімдікті үнемі ішуге құмарлықтан, психиканың, ішкі ағзалар қызметінің бұзылуынан көрініс табады. Бұл сырқат кезінде жүрек - қан тамыры, жүйке және қан жасау жүйесі, тыныс алу, ас қорыту ағзалары, бүйрек зақымданады.

Созылмалы маскүнемдік - спиртті ішімдіктерді ұзақ уақыт шамадан артық ішу нәтижесінде пайда болатын ауру. Ол организмдегі тұрақты теріс өзгерістермен: жүйке жасушаларының өзгеруімен, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуымен қатар жүреді. Нәтижесінде зат алмасу бұзылысы салдарынан организм жүйелі түрде улана бастайды. Созылмалы маскүнемдік түптің түбі психикалық деградацияға алып келеді және психикалық сырқаттардан көрініс табады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне құлақ ассақ, барлық аурулардың 9 пайызының пайда болу себебі - ішімдік. Спиртті ішімдік ішу салдарынан түрлі қайғылы оқиғалар болады, адам өмірі қысқарып, өмір сапасы нашарлайды.

Мамандардың айтуынша, қыз зорлау, абайсызда кісі өлтіру секілді қылмыстардың көбі мас күйде жасалады. Осылайша адам санасын лайлайтын жынды су талай адамның, көбіне жастарымыздың тағдырына балта шабуда. Ал әлі туылмаған шарананың денсаулығына ішімдік ішетін әке мен ананың тигізетін зардабы тіптен ғаламат. Қалай болғанда да ішімдік біреуге жақсылық әкеліпті дегенді естігеніиіз жоқ.

Қазір көшеге шықсаң, көретінің - қолдарына бір - бір бөтелке сыра ұстаған жастар. «Сыраның құрамында алкоголь аз, оны қанша ішсең де маскүнем болмайсың» деген пікір қалыптасып кеткен. Ал шындығына келгенде, бұл да осал жау емес. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде «сыра маскүнемдігі» деген жаңа мәселе бас көтеріп отыр. Сөйтсек, сыра ішіп те ішкілікке салынып кетуіміз оп - оңай екен.

Мамандар «Сыра маскүнемдігі» әсіресе балалар үшін аса қауіпті деп санайды. Балалардың алкогольды алғаш татып көруіне себеп болатын жағдайлар әртүрлі. Бұл не кездейсоқ болады, не ересектердің өздері «тәбет ашу үшін» шарап ұрттатады, әйтпесе жәй қызығушылықтан өздігінен ішіп көреді. өздігінен ішіп көруге әсіресе ер балалар бейімдеу. Ересектеу балалар болса ішімдікті алғаш рет мейрамдарда, отбасы мерекесінде, қонақ келгенде ішеді. 14-15 жастағы жасөспірімдер ішімдік ішуге итермелеген себептердің ішінде «басқа балалардан қалғым келмеді», «достарым көндірді», «батылдық үшін», «басқалардан бөлектенбеу үшін іштім», деген сылтауларды жиі айтады.

Ішімдікке ауыз тигіздің болды - психологиялық кедергі жойылады. Бұдан соң бала достарымен, мүмкіндік болса, жалғыз өзі де іше беруге дайын.

Жасөспірімдерді емдеу аса қиынға соғады. Сәл мүмкіндік бола қалса, олар ішімдікке қайта салынады. Тіпті кейде есірткіге ұрынуы мүмкін. Маскүнемдікке шалдыққан ересектермен салыстырғанда жас араққорлар қайғылы оқиғалардан, төбелес кезінде жиі қаза табады, кейде өзіне қол салады.

Маскүнемдік туралы ғұламалар не дейді және де ертедегі спирт ішімдігіне салынған тыйымдар дерегіне көз жіберсек: «Мас болу - өз еркімен жындану деген сөз». Аристотель. «Спиртті ішімдіктер адамды айуан, аң етіп жібереді және қатыгездендіреді, жақсы ойлардан алаңдатады, топастандырады». Ф. М. Достоевский. «Шарап адам денсаулығын бұзады, ақыл - ой қабілетін бұзады, жанұя жағдайын және бәрінен бұрын адам жанын, тұқымын бұзады». Л. Н. Толстой. «Кедейлік және қылмыс түрлі психикалық аурулар, ұрпақтың құлдырауы - міне осылардың барлығын алкоголь жасайды». В. М. Бехтерев. «Маскүнемнен маскүнем туады». Плутарх. «Шарап маскүнемнен кек алады». Лернардо да Винчи. «Рюмка арқылы сағыныш - жеңілдікті, жүрексіз - батылдықты, шешімсіз - сенімдікті, қайғы - қуанышты іздеп және ақырында өлім табады». Б. Джонсон. «Жыл сайын көптеген адамдар суға қарағанда, сыра мен шарапқа әлдеқайда көп батады». М. Рубнер. «Біз сәтсіздікке шыдамағанда, біз шаршағанда, әлсірегенде, қалжыраған кезде ішімдік бізге қолын созады. Бірақ оның көмегі жалған: оның уәде берген рухыңды көтерем деген физикалық күші бос қиял» Джек Лондон.

Тыйымдар: Ежелгі Мысырда арақты тек құлдар ішкен. Ежелгі Римде 30 жасқа толмағандарға арақ ішуге мүлдем тыйым салынған. Англияда арақ ішкендердің мойнына қамыт кигізіп, қаланың орталық көшелерінен жүргізген. Үндістанда маскүнемдерге сиырдың қайнап тұрған зәрін ішкізген. Шарапты қолдануға Құранда да тыйым салынған. Ежелгі Римде ішкіш әйелдерді қудалаған. Ежелгі Грецияда шарапты ішуге 30 жасқа толғандарға ғана рұқсат берген. Спартада жастарға ішімдікті жиіркенішті қылу үшін әдейі шараптың кесірінен шошқалық күйге түскен құлдарды көрсеткен.

Жаппай ішкілікке салыну мәселесі ішімдік ішудің алдын - алудағы қоғам мен мемлекеттің рөлін күшейту жолымен шешіледі. Бұны әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Салауаттылық өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекеттер - нашақорлық, темекі мен ішімдікке құмарлық. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз тұжырымдамасында: «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауы тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын» - деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрестің маңызын ашып айтты.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Есірткі туралы мәлімет және түрлерін айқындау.

2. Балаларға ғасыр індетінің психологиялық-педагогикалық әсер ету аспектілерін зерттеу.

3. Алдын-алудың педагогикалық шараларын анықтау.

Зерттеу жұмысының объектісі: мектеп қабырғасындағы 6-7-8 сынып оқушылары.

Зерттеу жұмысының пәні: балалар маскүнемдігінің әлеуметтік, педагогикалық-психологиялық мәселелерін қарастыру.

Зерттеу жұмысының әдістері: Мақалалар, педагогтардың оқулықтары, педагогикалық-психологиялық, архивтік, және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; белгіленген міндеттерді шешу және ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу әдістерін қолдану. Сұхбаттасу, интернет желісі, материалдармен танысу, тексеру; тәжірибелік - эксперимент жұмысының мәліметтерін сандық және сапалық жағынан сараптап қорытындылау.

Зерттеу жұмысының болжамы: егер мектеп қабырғасы оқушыларымен сынып жетекшілер салауатты өмір сүру туралы тәрбие сағаттарын өткізсе, балалардың өмірге деген көзқарастары қалыптасар еді.

Зерттеу жұмысының құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Еңбектің соңында зерттеуде қолданылған әдебиеттер тізбесі және қосымшалар берілген.

1 ЕСІРТКІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

1. 1 Балалар арасындағы маскүнемдік, нашақорлық зардаптары

Есірткіге құмарлық ең қауіпті және апатты аурулардың бірі. Есірткіні пайдаланудың кезеңі қоғамдық факторлармен байланысты болуы мүмкін. Оның ішінде ең маңыздысы өзіңнің таныс топтарыңның арасында оларға еліктеу және абырой алу болады. Есірткі - қоғамның жас тобының тағдыры болуы кездейсоқ емес. Бұлар жасөспірімдер, кейде бұлардың ішінде өзін танытуға пиғылы қатты дамыған, жалпы массадан өзін бөлуге ұмтылатын және осыған жету үшін дұрыс жолды білмейтін балалар да бар.

Есірткіні пайдалану кезінде (әсіресе морфий және героин) эйфория, яғни жасанды қатты жағымды сезім пайда болады. Адам елес, қиял әлеміне енеді, яғни олар үшін ғана бәрі сұлу, әсем сияқты көрінеді. Бірнеше рет пайдаланғаннан кейін негізгі қажеттілік - жағымды сезім алу қалыптасады. Есірткінің зұлымдығы ол бастапқыда жүйке жұмысының жоғарғы қызметтері мен сұлулықты, әсемдікті «ойнайды». Бұл бірақ бірінші кезеңдерде ғана наркотикалық заттардың қатерлілігі сондай, олардың құрамы орталық жүйке жүйесін реттейтін химиялық агенттер, яки медиаторларға, биологиялық белсенді заттарға немесе гармондарға өте ұқсас.

«Кішкентай кесекті» татып көруге немесе «ине салдыруды» ұсынған кезде, онда тұрған ештеңе жоқ деп, көбісі шындығында солай деп ойлайды.

Қарапайым «шөптесінді» пайдалану жыл өткен сайын өсіп, одан зорын тартып көруге ұмтылатындар көбеюде. Осы кезде міндетті түрде анағұрлым күшті әсер ететін зат - кокаин, героин немесе морфийді ұсынатын «мейрімді жан» табыла қалады. [1, 40 б. ]

Әдетте адам нашақор болып екі - үш ай ішінде қалыптасады. Сондай - ақ ол үшін күнде ине салдыру міндетті емес - аптасына бір - екі рет салдырса жетіп жатыр. Бірақ адамдар есірткінің алғашқы егіндісінен кейін - ақ соған тәуелді болып қалатын жағдайлар да кезігеді.

Саған есірткіні достық ретінде ұсынатын секілді болып көрінеді. Шындығында, барлығы мұндай оңай емес. Есірткіні шығарудың ондаған жылдар бойы қалыптасқан жүйесі бар. Ірі есірткі бизнесі басында адами қалпын жоғалтқан адамдардың арқасында өмір сүріп жатқан бір топ адам тұрады. әрине, олар барлығына есірткі таратуға жағдайы келмейді. Сондықтан да оларды нашақорлардың өздері таратады. Жаңа тұлға бұл ортада «маймыл» деп аталады. Жыл сайын әрбір нашақор өзінің өмір сүру үрдісіне 5-17 адамды тартады. «Маймылдарға» есірткіні ұсына отырып, осы барлық мәселенің шешімі деп ұғындырады. Көптеген жасөспірімдер осы қармаққа жиі түседі. өздерін алдағандарын олар өте кеш түсінеді.

Есірткі бизнесіне тартылған адамдар соңғы кезде ауқатты отбасылардың балаларына көп көңіл бөлуде. Оларды өздеріне үйір етіп, «инеге» отырғызады. Бұл түсінікті. Олар басқаларға қарағанда ақшаны көп төлеуге мүмкіндігі бар. Басқалары, көп ақшалы болмағасын, алғашқыда өздерінің ата - анасын, кейін өзгелерді тонауды бастайды, кейін олар кішкене есірткі үшін тонауға немесе адам өлтіруге баруға дайын болады.

Қыздар жезөкшелікке салынып не болмаса қарақшылардың күніне айналады.

«Инеден секіргенше», инеге отырған оңай екені белгілі. Біреудің көмегінсіз өздігінен есірткіні пайдалануды қойып кеткен адамдар саусақпен санарлық қана, соның өзінде олар көп пайдаланбаған.

Есірткінің түрлері көп . Соның дені көкнәр өсімдігінен екі түрлі әдіспен жасалады. Мұның алғашқысы көкнәрдің ұрық қауашағы пісіп, жетілмей тұрып, әлі көк балауса шағында - ақ өткір кездікпен сызаттап жарған орнынан аққан сұйық қоймалжың шырынның күнге кептірілуінен жасалатын апиын сағызынан өндіріледі. Ал, екіншісі үшін шикізат ұрық піскен соңғы құрғақ қауашақ. Бұдан апиын, морфий, кодеин, героин секілді есірткі түрлері жасалады.

Меперидін мен методон деген түрлері лабораторияда қоспалардың қатысуымен дүниеге келеді. Екіншісі есірткіден зардап шегушілерді емдеу үшін емдік мақсатқа қолданылады. Героиннан сапалық құрамы жағынан әлсіз болуы ескерілсе керек. Ауруды басып, ұйқы келтіретін дәрі-таблеткалар құрамында оның өзіндік үлесі бар. [2, 27 б. ]

Героин - морфийді қолдан екінші қайтара өткізу жолымен жасалады. Медициналық мақсатқа қолданылмайды. Сол себепті де есірткінің бұл түрі өндіруге жатпайды, заңнан тыс. Онда есірткіге тән жағымсыз қасиеттің 90 пайызы сақталған. Мұның азғантай мөлшерін пайдаланудың өзі - ақ аса қысқа мерзімде оған деген құмарлық деңгейіне жеткізеді. Героинді қолдану оның ұнтақталған түрін иіскеу, ет пен тері арасына және тамырға егу арқылы жүзеге асады. Қан тамыры арқылы бір рет егудің өзі - ақ оған тәуелді болып қалуға жеткілікті көрінеді. Мұны зерттеген мамандардың жасаған қорытындысы осындай.

Оған бір рет тәуелділігін мойындаушының оның «тұтқынынан» босап шығуы мүмкін емес. Бойын құмарлық билеген жан елітіп рахатқа батуы үшін әр жолы есірткі мөлшерін арттыра түсуге мәжбүр. Мұның мөлшерін шамадан тыс қолданушының өкпесі дұрыс дем ала алмауынан жансыз денесі күндердің күнінде ауланың бір түкпірінен, не қараңғы бөлмеден, тіпті әжетханадан табылуы да ғажап емес. Қай жерде өкпесі қысылып, ауа жетпей, демі бітсе, сол жерде қалады.

Гашиш - қара базарда жасырын сатылатын есірткінің бір түрі. Ол дүниенің көп аймағында өсірілетін ұрғашы Үнді сорасының тамыры, жапырағы және гүлінен алынады. Есірткілік әсер туғызушысы өсімдіктің құрамындағы делта-9- тетрагидроканнабинол. Оның кепкен жапырағын орап темекі түрінде тарту кең етек жайған. Сыра ішуші алкоголь ішімдіктеріне неғұрлым жақындай түссе, гашиш те героин, кокаин тектес күшті есірткілерге «жасыл көше» ашады. Гашиш қолданушылардың көзіне төбешіктің тау, көлшіктің көл, керісінше де кішірейіп көрінуі мүмкін. Миға зақым келеді, сондықтан да жол оқиғасына ұшырауы кәдік. Гашиш шегушінің сол мезетте - ақ жүрек пен тамыр соғуы артып, жоғарылайды. Созылмала қан тамыр тұрақсыздығы (инфаркт) бар сырқаттың тамыры бітелуінің бір себебі осыдан. Көп уақыт апиынға салынушылардың тыныс жолы зақымдануынан жүрек, ми, бүйрек зардап шегеді. Гашиш денсаулықты бүлдіріп қана қоймай, жүйкеге әсер етіп, ашушаң да етеді. Медициналық мақсатқа қолданылмайтын апиынды пайдалану адамды жындандырып, тікелей өліміне де болған. [3, 58 б. ]

Кокаин - Оңтүстік Америкада өсетін кока өсімдігінің жапырағынан өндіріледі. Мөлдір тұз сияқты ақ ұнтақ. Шамамен 200 кілә жапырағынан жарты кілә кокаин алынады. Оны пайдаланушылар ұнтақ күйінде иіскеп, елтиді немесе суға ерітіп, қан тамырына егеді. Оның әсері іле - шала сезіледі: орталық жүйке жүйесі арқылы жүрек соғысы жиілеп, қан қысымы жоғарылайды, тыныс таралып, ауа жетпейді. Есірткі пайдаланушы соның салдарынан өзін де, өзгені де «ұмытып», уақытша бір «рахатқа» батуын батады. Мөлшерден артығырақ қолданса, сол «рахат» дүниесінен бақилыққа жол тартады.

Кокаинға салынушыларға ұйқысыздық, рухани жұтаңдық, өз - өзіне қол салуы сияқты келеңсіз құбылыстар көбіне - көп тән. Есірткінің жүрек еті мен сүйек қаңқасы бұлшық еттеріне тигізер уытты әсер - ықпалы басым. Кокаин пайдаланғандар 3-4 жыл ғана өмір сүреді. Күндердің күнінде олар жүрек жарылысынан өліп кетуі мүмкін немесе олардың мұрны жұқарып, пергаментті жапырақшаға ұқсайды, сөйтіп ол өлімге соқтыратын қан ағумен аяқталады.

Крэк - кокаиннің көбейтілген арзан түрі. Ұзақ уақыт зерттеген мамандардың пайымдауынша, кокаин героиннан да зиянды болса, ал крэктің зардабы одан үш есе екен. Иіскелмейді, темекі түрінде тартылады. Зиянының күштілігі сондай өлтіріп те жібереді. Ұзақ уақыт оны шегушілердің арасында рухани жұтаңдыққа ұшырап, ақыл - есінен айрылып, жынданушылар аз емес көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастарға ғасыр індетінің психологиялық – педагогикалық әсер ету аспектілері
Қашықтан білім беру үрдісіне -жаңа технологияларды белсенді енгізу
Мультимедиялық технологияның ерекшеліктері
Аутизм мәселесінің тарихы
Қыз баланың, бойжеткеннің, әйелдің гигиенасы
Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары
Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімдерінің базалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістері
Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары
Бастауыш мектеп оқушыларында валеологиялық мәдениет негіздерін қалыптастырудың жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz