Несие жүйесіндегі проблемалар, жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының несие жүйесінің даму бағыттары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің дамуы және тұрақтануының теориялық негіздері . . . 6

1. 1 Несие жүйесінің мәні, маңызы және құрылымы . . . 6

1. 2 Несие жүйесінің принциптері мен негізгі функциялары . . . 10

1. 3 Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің парабанктік секторының қалыптасуы . . . 19

2 Несие жүйесіндегі проблемалар, жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының несие жүйесінің даму бағыттары . . . 25

2. 1 Несие жүйесіндегі қалыптасқан проблемалар мен несие тәуекелін басқару жолдары . . . 25

2. 2 Қазақстан Республикасында несие мекемелерінің дамуы мен несиелеу жүйесін жетілдіру жолдары . . . 28

2. 3 Әлемдік несие жүйесінің дағдарысы және одан шығу жолдары . . . 33

Қорытынды . . . 37

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 40

Қосымшалар . . . 41

Кіріспе

Курстық жұмыста коммерциялық банктердегі несиелендіру проблемалары көптеген ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстанның өтпелі экономика кезеңіне тұспа-тұс келді деуге болады.

Қазақстан Республикасында 1995 жылдың қаңтар айынан бастап банк жүйесінде өзгерістер басталды, яғни республикада банк жүйесінің тұрақтылығы айқындалды. Мұның өзіне Ұлттық Банк талаптары және банктер арасындағы бәсекелестік негіз болды. Ұлттық Банктің негізгі міндеті - барлық банктердің сапалық қызметін көтеру және әлемдік стандартқа сай топтар құру.

Коммерциялық банктердің төлем жүргізуге мүмкіндіктерінің болмауын кәсіпорындарға ұзақ мерзімді несие бере алмауын қаржы жүйесінде бірқатар келеңсіздіктер туындатып қоймай, өндірістердің тұралауына әкелді. Экономиканың құлдырауы коммерциялық банктерге өзгеріс әкелді.

Қазіргі қоғамдық қатынастарға сәйкес нарықтық қатынастарға көшумен несиенің рөлі де өсті. Қазіргі уақытта банк кәсіпорындардың шаруашылық қызметін несиемен қамтамысыз етіп, нәтижесінде өндірістің ауқымы кеңейіп, оның жұмысы, қызметі, өнімі де ұлғайды.

Банк несиенің маңызы да коммерциялық қызметті қосымша қаржыландыру мен жаңа мүлік құру бағытында ұзақ мерзімді инвестицияны жүзеге асыруда кәсіпорындардың құрылымы несие ресурстарын пайдалануында артады. Қарыздар несие функциясын атқара отырып, түрлі формаларға ие және алынған қаржыны дұрыс мақсатқа жұмсауға көмектеседі. Кәсіпорын қарызды өзіне қолайлы формамен вексельдік формада немесе облигация түрінде ала алады.

Осы шартта бухгалтериядағы қарыздар мен несиенің дұрыс есебінің рөлі өсті. Несие есебінің дұрыстығы банк жетекшілігіне, оның көлемі мен құрылымына байланысты, мұның өзі алынған қаржыға анализ жасауға мүмкіндік береді. Несие операциялары банктік коммерциялық мекеме сияқты негізгі дәстүрлі қызметі болып табылады. Несие ұсыну оның кәсіпорын фирмалары, компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар, жеке тұлғаларды инвестициялық және тұтынушылық бағытта қаржыландыру басты экономикалық функциясы.

Банк негізгі кіріс көзін несие операцияларынан табады. Бірқатар банктерге ссудалық операциялар 70 пайызға жуық кіріс әкелді. Банктердің несие функциялары олардың қызмет көрсететін аймақтарының экономикалық хал-ахуалына байланысты, өйткені банктік несиелер жаңа кәсіпорындардың өсуі мен осы аймақтарда жұмыс орындарының артуы мен олардың экономикалық өміршеңдігін қамтамасыз етеді. Экономикалық тұрақтылықтың орнамауынан Қазақстандық коммерциялық банктер несиені бірнеше жылдық қысқа мерзімге ғана береді.

Қарастырылатын мәселенің маңыздылығы мен деңгейі. Несие жүйесінде несиелердің формалары мен әдістерінің несие қатынастарын тәжірибеде ұйымдастыруға ықпалы зор. Банк нарықтық қатынастардың субъектісі ретінде өзінің ресурстарына иелік етеді, ссудалар мен несие бойынша проценттік ставкалар ұсынады.

Несиелер банк пен клиенттің қарым-қатынасы негізінде қорытылады, яғни несие сомасы мен проценттік ставка өлшемі, оның ұсыну әдісі мен қайтару мерзімі несие келісім шарттарында айқын көрсетіледі. Несие тек несиені төлеуге мүмкіндігі бар тұғаларға ғана беріледі. Қазіргі уақытта несие механизмінде несиелендіру банктік бақылау жасауда қатаң талаптар жоқ деуге болады.

Несие қатынастары негізінде клиент пен банк үшін пайдалылық жатыр. Несиелердің жаңа заманғы үлгісінің ерекшеліктері мынадай:

- клиент банкті өзі таңдайды, яғни ол түрлі банктерден ссуда алуға құқығы бар, мұның өзі банктер арасындағы бәсекелестікті дамытады. Несие клиенттерге және басқаларға да беріледі. «Басқалар» дегеніміз банкте есеп шоты жоқ жеке тұлғалар.

- банк өзінің ресурстарына иелік етеді, сондықтан да ол ссуда ұсынуда шарттар қояды.

- несиелендіру жеке тұтынушылық, бір реттік несие ретінде жүзеге асырылады.

- банк беретін несие көлемі банктің кіріс көлеміне байланысты. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі құқықтық нормативтерді, бір адамға берілетін несие сомасын бекітеді.

- дәстүрлі несиелендіру принциптері - жеделдік пен қамтамасыз ету өз қалпын сақтайды.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Зерттеу мақсаты Қазақстанда несие жүйесінің қызмет көрсету нарығында банктік несиелендіруді дамыту жөнінде маңызды әлеуметтік-экономикалық мәнге ие ғылыми негізделген ұсынымдар мен ұсыныснамалар, оны шешуді қамтамасыз ететін ірі ғылыми мәселелердің жобасын әзірлеу.

Көрсетілген мақсаттарға жету үшін жұмыста келесідей міндеттер қойылған:

1. Несиелік қызмет көрсету нарығында банктік несиенің дамуының теоретикалық аспектілері мен әлеуметтік бағытын анықтау. Несиелік қызмет көрсету мен банк өнімдерінің теоретикалық мәнін негіздеу.

2. Банктік несие қызметін көрсетудің халықаралық тәжірибесі мен оны Қазақстанда пайдаланудың мүмкін болатын перспективаларын қарастыру.

3. Халыққа несиелік қызметті ұсыну, бөлшек нарықтың ерекшелігі мен заңдылығын зерттеу жөніндегі коммерциялық банктердің отандық тәжірибесін жария ету.

4. Халық пен коммерциялық банктер ара-қатынасындағы тәуекелдер факторлары мен оларды реттеудің жолдарын ашып көрсету.

5. Банк қызметіндегі халықтың қажеттілігін анықтауда әдістемелік тәсілдерді негіздеу.

6. Жеке тұлғалардың қаржылық жағдайын және оның несие қабілеттілігін талдаудың әдістемесінің жобасын әзірлеу.

7. Жаңа банктік қызмет көрсетулерді құру мен олардың бәсекелестік артықшылығы жөнінде банктің инновациялық саясатына маркетингтік тәсілдерді анықтау.

Банктердің жаңа несиелері мен қызметтерін құру жөнінде зерттеулердің әдістемелік жобасын әзірлеу, халыққа несиелік қызмет көрсету нарығында коммерциялық банктердің қызметіндегі маркетингтік бағыт зерттеу пәні болып саналады.

Несиелік қызмет көрсету барысында Республикадағы коммерциялық банктердің іс жүзіндегі тәжірибесі мен олардың халықты несиелеу мен несие тәуекелін басқарудың нарықтық стратегиясын құру зерттеу обьектісін құрайды.

Курстық жұмыс деңгейінде несие жүйесінде, несиелік қызмет көрсету нарығында банктік несиелендіруді дамыту мәселесін зерттеуде жұмыстың ғылыми жаңалығы анықталады.

Зерттеу барысында алынған біршама маңызды мәселелер және олардың ғылыми жаңалығы келесілерден тұрады:

  • кешенділік, үзіліссіздік, әлеуметтік жағдайға бейімделу қағидаларына негізделген; несиелеуден шығатын, халыққа қызмет көрсету нарығында коммерциялық банктердің маркетингтік стратегиясын құрудың теориялық аспектілерін зерделеу.
  • азаматтардың несие алу мүмкіншілігінің есебінен банктің несиелеу қызметіне халықтың әлеуетті сұранысын болжау мен анықтау жөнінде ұсыныс түрінде жоба әзірлеу.
  • банктің несие саясатының негізделген жолын жүзеге асыру, несиенің түрлері, соның ішінде тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиелеу жөнінде халыққа банктік қызмет көрсетудің жаңа түрлерін енгізу.

Зерттеу нәтижесін жүзеге асыру мен тәжірибелік мәні. Несие жүйесіндегі банктік несиелеудің теориясы мен тәжірибесі саласында зерттеу нәтижелерін ары қарай өңдеу үшін алынған қортындылар мен ұсыныстарды жетілдіру.

1 Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің дамуы және тұрақтануының теориялық негіздері

1. 1 Несие жүйесінің мәні, маңызы және құрылымы

Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтың ақшалай есеп айырсулары мен төлемдерінің едәуір көлемі жүргізіледі, сондай-ақ ол уақытша еркін ақша құралдарын, халықтың жинақ ақшалары мен табыстарын белсенді әрекет етуші капиталға айналдырады, көптеген әр алуан несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.

Өндіріске қатысты екінші кезекте бола тұра, несие жүйесі оған үнемі және едәуір дәрежеде ықпал етті. Ол ақша жинақтарының масштабын бірнеше есеге кеңейтеді, ақша құралдарының бір саладан екінші салаға құйылуын қамтамасыз етіп, сол арқылы өндіріс тиімділігінің өсуіне ықпал етеді.

Несие жүйесінің ролі мен маңызы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік салымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталының қалыптасуындағы банктік ссудалардың үлесі, жалпы төлем айналымы және тағы да басқалары.

АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі, банктік операциялардың шаруашылықтың өндірістік және тұтынушылық аясын қамтуы, несиелік мекемелер жүйесінің әр алуандығы және тармақтылығы, қаржылық капитал топтарының қуаты бойынша әлемнің басқа елдерінен алда келеді.

Американдық несие жүйесінің әрекет ету ауқымы жөнінде төмендегі цифрлар түсінік бере алады. Несие мекемелері арқылы қолма-қолсыз есеп аудару жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлемдік айналымның басым бөлігі 80-жылдардың басына қарай 60-65 трлн доллар деп бағаланған.

Несие жүйесі арқылы американдық шаруашылықта қолданылатын ақша капиталының орташа есеппен ¾ бөлігі өтеді.

Несие мекемелері арқылы айналатын ақша қаржыларының орташа жылдық соммасы 1989 жылы 700 млрд долларды құрды.

Несие жүйесі өз қызметін атқарған кезде несиелік қатынастар туындайды. Несиелік мекемелер және әр түрлі субъектілер арасында қайтарымдылық және төлем шарттары негізінде уақытша еркін ақша қаражатын жинақтау және қайта бөлістіру жөніндегі экономикалық байланыстары несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.

Бірақ несиелік қатынастардың мазмұны ақша капиталының жинақталуымен және оны заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уақытша пайдалануына берумен ғана шектелмейді. Несиелеу процесінде өндірістік құнға, яғни ұдайы өндірістің ақша айналымына арналған төлем құралдарының қосымша массасы қалыптасады. Төлем айналымының үлкен ағымы несие жүйесі арқылы өтеді, төлеушілер мен несиелік мекемелер арасында, несиелік мекемелер мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырады.

Несие жүйесі елдегі ақша айналымын реттейді, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтерді көрсетеді, соның нәтижесінде несиелік экономикалық қатынастар туындайды.

Несиелік қатынастардың екі түолі сипаты бар және шаруашылық субъектілері үшін де, несие жүйесі мекемелері үшін де, бірдей дәрежеде қажет болады. Несие мекемелерінде ақшаны сақтау - несиелік ресурстардың құрылуын, ал оларды экономика мен халықтың қажеттілігі үшін орналастыру - несие беруді білдіреді.

Екі жақты қатынастар мыналардың арасында болады: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер арасында, әр түрлі мемлекеттердің несиелік мекемелері арасында.

Жоғарыда анықтағанымыздай, несиелік қатынастар несие экономикалық категориясының әрекет етуі кезінде ақша формасында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісін несие формасы сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастардың формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік қатынастардың формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және олардың дамуын ынталандыруы тиіс. өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар мазмұнының және несие формасының өзгеруіне әкеледі.

Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауарлық несие коммерциялық несиенің алғашқы негізін қалайды. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің ссуданы бір-біріне беруі кезінде бұл несие ақша формасына өзгереді. Оның мәнісі мынада, яғни алушы субьект несие берушіге алынған тауарлық несиенің дәлелі ретінде вексель, кепілдік қағаздарды немесе басқа құжаттарды жазып береді, несие беруші оларды ақша формасында ссуда алу үшін банкке ұсынады. Бұл жерде несиелік қатынастардың жүргізуші субьектілері ретінде шаруашылық субьектілері және банк саналады. Оның мазмұнындағы өзгерістер салдарынан несиелік қатынастардың тауарлық формасы ақша формасына ұласады. Осылайша, тауар формасы негізінде несиенің, ең алдымен банктік несиенің ақшалай формасы туындайды және дамиды.

Несиелік қатынастардың, несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынада несие жүйесі түсінігін құрайды.

Тар мағынадағы несие жүйесі - бұл несие-қаржы қатынастарын ұйымдастырушы, ақша жүйесін реттеуші және елде басқа да қаржы қызметтерін көрсетуші несие мекемелерінің желісі.

Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да несиелік мекемелердің, несиелік операцияларды жүзеге асыруды ұйымдастырудың құқықтық формалары мен тәсілдемелерінің жиынтығымен сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастырудың екі жүйесі бар: банктік және банктік емес институттар шеңберінде. Сәйкесінше несиелік жүйенің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік мекемелер және мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.

Несие жүйесі несиелік операциялардың көлемінің функционалдық мамандануымен және несиелік мекемелердің санымен, сонымен бірге шаруашылықты жүргізудің жекелеген субьектілеріне ұсынылатын қаржы-несие қызметтерінің санымен сипатталады.

Қазіргі кездегі несие жүйесі бұрынғы жүйеден төмендегі белгілер бойынша өзгешеленеді:

  1. банктік капиталдың және банктік монополиялардың шоғырлану және орталықтануы;
  2. несиелік мекемелердің әр алуан түрлері арасындағы бәсекенің күшеюі;
  3. банктің капиталдың өнеркәсіптік капиталмен байланысуы және қаржылық капиталдың калыптасуы;
  4. несиелік, соның ішінде монополистік мекемелер қызметінің ғаламдануы мен интернационалдануы және континент аралық халықаралық несиелік монополиялардың пайда болуы.

Экономикалық тарихи-экономикалық дамуының әрбір сатысына несиелік істі ұйымдастырудың өзі типі, несие-ақша қызметіндегі сәйкес сұраныстарға жауап беретін несиелік жүйенің өз құрылымы сәйкес келеді. Мысалы, КСРО-ның жоспарлық орталықтандырылған экономикасына Мемлекеттік банк басқарған несиелік жүйенің қатаң орталықтанған құрылымы сәйкес келеді, нарықтық экономика үшін басқасы, яғни банктік және банктік емес мекемелердің демонополизацияланған құрылымының қең желісі сәйкес келеді.

Қазіргі кездегі несие жүйесінің күрделі, көп буындық құрылымы бар. Егер несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтер сипатын жіктеменің негізі етіп алсақ, онда қазіргі кездегі несиелік жүйенің үш маңызды элементін бөліп көрсетуге болады:

  1. Орталық ( эмиссиялық ) банк;
  2. коммерциялық банктер;
  3. мамандандырылған несие мекемелері (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік және тағы басқа) .

Шаруашылық буындардың ұсынатын несие-қаржы қызметтерінің функционалдық мамандануы, көлемі мен санына сәйкес несиелік жүйенің ядросын банктік жүйе құрайды, ал несие институттарының қызметін үйлестіруші ортақ орган болып - Орталық банк есептеледі.

Орталық банк - бірінші деңгейдегі басты мемлекеттік банк, мемлекеттік, халықтық және ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз кез келген елдің ақша-несие институты. Орталық банк - бұл « банктердің банкі ». ол заңды және жеке тұлғалармен операцияларды жүргізбейді. Оның клиенттері - коммерциялық банктер және басқа несиелік мекемелер, сонымен бірге үкіметтік үйымдар, оларға әр алуан қызметтер ұсынады.

Орталық банк тікелей ықпал ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін банктік мекемелерге ғана қатысты орындайды. Орталық банк несиелік жүйенің басқа буындарына негізінен тек жанама ықпал етеді, ол несиелік және ақшалай операциялардың, нарықтың әр алуан секторларының, қаржы-несие қызметтерінің өзара байланысынан көрініс табады.

Коммерциялық банктер ссудалық капитал нарығының әр түрлі секторларында әрекет етуші көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибеде танымал қаржылық операциялар мен қызметтердің басым бөлігін орындайды. Коммерциялық банктер дәстүр бойынша кез келген елдің несие жүйесінің базалық жүйесі ролін атқарады.

Олар бұрынғысынша үкіметтің, іскер топтардың және миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын жинақтаушы қаржы орталығы болып табылады. Ссудалық және инвестициялық операциялар арқылы коммерциялық банктер әр түрлі қарыз алушылар үшін өз қорларына жол ашады. 2005 жылдың басына қарай Қазақстанда 35 банк әрекет етті.

Мамандандырылған қаржы-несие мекемелері (оларды басқаша парабанктер деп атайды) нарықтық экономикадағы несиелік жүйенің маңызды және объективті қажетті буыны болып табылады. Бұл мекемелерсіз экономиканың әр түрлі буындарында және халыққа көрсететін несие жүйесінің қызметтері толық болмай қалады.

Парабанктік мекемелер не клиенттердің белгіленген типтеріне қызмет көрсетуге, не банктік қызметтің бір-екі түрін жүзеге асыруға бағытталады. Олардың қызметі көп жағдайда нарықтың шағын сегментіне қызмет көрсетуге, арнайы клиенттерге қызметтерді және де арнайы қызметтерді ұсынуға негізделеді.

Бұл мекемелер үшін екі жақты тәуелділік тән болады: бір жағынан, несиелік-есеп айырсу операцияларын жүзеге асырумен байланыса отырып, олар Орталық банктің сәйкес талаптарын негізге алуы тиіс; екінші жағынан, белгілі бір қаржылық, сақтандыру, инвестициялық немесе басқа операцияларға мамандана отырып, олар сәйкес ведомстволардың реттеуші ықпалына түседі.

АҚШ-тың несие жүйесі өте дамыған болып табылады, оған өнеркәсібі дамыған елдер бағдарланады, ол орталықсыздандырылған деп есептеледі және өз құрамына Федералды резервтік жүйені (елдің орталық банкі қызметін атқарады), 15 мың коммерциялық банкті, инвестициялық және жинақ банктерін, ссуда сақтаушы ассоцияцияларды, қаржылық компанияларды, несиелік кооперативтерді, сақтандыру компаниялары мен зейнетақы қорларын, әлеуметтік сақтандыру қорларын, өзара несие қоғамдарын, сақтандыру депозиттері институттарын және т. б. кіргізеді, олар 55 мыңнан астам деп есептеледі.

АҚШ-тың несие жүйесіне қарама-қайшы Жапондық несие жүйесі орталықтандырылған деп сипатталады. Оған 13 ірі коммерциялық қалалық, 64 аймақтық банк, ұзақ мерзімді несиелік 3 банк және 7 траст-банк кіреді. Орталық банк - Жапон банкі. Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің тізімі шамамен АҚШ еліне ұқсас келеді.

КСРО күйрегенге дейін Қазақстанның өзіндік несие жүйесі болмады. Оның аумағында дербес филиалдар емес, қатаң орталықтандырылған, абсолютті монополиялық банктік және банктік емес мекемелердің бөлімшелері әрекет етті. Мұндай несие жүйесі өзінің төмен тиімділігін көрсеткенін атап өту керек. Осы жағдайларда 80-жылдардың ортасында екі деңгейлі несие жүйесін құру ұмтылысы жасалды. Жоғары деңгейде КСРО Мемлекеттік банкі, екінші деңгейде бес мамандандырылған банк тұрды. Банктік емес несие институттары жүйесі іс жүзінде болмады.

Қазақстанның несие жүйесі 1999 жылдан бастап өз егемендігін алғаннан кейін қалыптасты.

Қазақстанның несие жүйесі орталық банк - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінен, екінші деңгейлі 35 банктен, олардың ішінде 2 мемлекеттік (Қазақстан Даму банкі, Қазақстан Құрылыс-жинақ банкі), 83 несиелік серіктестік (оның ішінде 50 ауылдық), 157 микронесиелік ұйымдар, 75 ломбард, «Қазпошта» акционерлік қоғамы бастаған пошталық-жинақ жүйесі, 36 сақтандыру компаниясы, 16 мемлекеттік емес жинақ ұлттық қоры, 6 жаңа инвестициялық қор, Қазақстанның мемлекеттік қоры және басқалардан тұрады.

Сонымен Қазақстан Республикасының несие жүйесі 3 буыннан тұрады. Олардың әрқайсысының да нарықтық экономикадағы алатын орыны орасан зор. Қазақстандағы несие жүйесінің тәжірибесін зерттей келе бұл тәжірибелердің озық шетел тәжірибелерінен алынғандығы анықталып отыр. Қазақстан Республикасының ішкі құрылымдық және географиялық орналасу ерекшеліктері - ескеріліп, экономика салаларын несиелеу барысында несие жүйесінің буындары коммерциялық банктермен, несиелік серіктестіктермен және баса да несиелік мекемелермен бүгінгі таңда қолданылуда. Осы несие жүйесіндегі жағымды және кедергі болатын факторлар анықталып ұсынылып отыр.

1. 2 Несие жүйесінің принциптері мен негізгі функциялары

Несие жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі негізінде белгіленген принциптер жатыр. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, банктік емес инститтуттармен үйлестіре отырып, банк жүйесінің екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша-несие саясатының біртұтастығы, несиелік мекемелер жүйесін барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия, Орталық банктің автономиясы.

Банк ісіне мемлекеттік монополия ұғымы мемлекеттің банктердің құрылуы мен жойылуын бақылауға, банктік операцияларды жүргізу ретін және ережелерін заңды бекітуінің айрықша құқығы ретінде түсіндіріледі. Ұлттық банк Қазақстан Республикасы аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктер мен олардың филиалдарын тіркеу кітабын жүргізеді. Ұлттық банк рұқсатты беру кезінде орындалатын банктік операциялардың шеңберін анықтайды.

Нарықтық экономиканың ерекшеліктері банктік емес мекемелермен олардың компаниялары, несиелік одақтары, зейнетақы қорлары, ақша нарығының өзара қорларымен үйлескен әр түрлі деңгейдегі банктік жүйенің қажеттілігін талап етеді. Бұл институттардың барлығы негізінен халықтың жинақтарын жұмылдыруға және оларды ипотекалық тұтыну несиесіне қолдануға маманданады.

Өзара жинақтау банктері «өзара» кәсіпорындар типі бойынша ұйымдастырылған, оларды арнайы кеңес басқарады. Олар халықтың салымдарын жұмылдырады және оларды жылжымайтын мүлік пен бағалы қағаздар кепіліне инвестициялайды, сонымен бірге коммерциялық және тұтынушылық ссуданы ұсынады.

Қарыз-жинақтау бірлестіктері халық жинақтарының салымдық операцияларымен айналысады және оларды жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін (тұрғын үйді сатып алу үшін активтің 2/3 бөлігі) пайдаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық бақылау
Қаржылық дағдарыс жағдайында Қазақстандағы қаржы мекемелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету
Әлемдік қаржы және экономикалық дағдарыс
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
Қаржылық дағдарыс жағдайындағы қаржы жүйесін дамытудын негізгі бағыттары
Әлемдік қаржы дағдарысы
Бағалы қағаздар нарығындағы дағдарыстар
Еліміздегі қаржы нарығының интеграциялануы және олардың даму болашағына сипаттама бере отырып олардың қазіргі кезеңдердегі тенденциялары мен ерекшеліктеріне сипаттама беру
Қаржы секторын тұрақтандыру туралы
Бүкіл әлемдік қаржылық дағдарыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz