Темірбанк АҚ-ның несиелендіруін талдау
Жоспар.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . . 3
1. Несилендірудің негізгі теориясы
1.1 Несиенің мәні және
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 6
1.2 Несиенің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 8
1.3 Несиенің формалары және олардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.4 Несиенің
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .21
2. Темірбанк АҚ-ның несиелендіруін талдау
2.1 Темірбанк АҚ-ның қысқаша сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.2 Темірбанк АҚ-ның несиелендіруін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 8
2.3 Темірбанк АҚ-ның қаржылық жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ...37
3. Несиелендірудің жетілдіру жолдары
3.1 Аймақтық кәсіпорындарды инвестициялаудың жетілдіру жолдары ... ...46
3.2 Темірбанк АҚ кәсіпорынның нақты экономикалық
секторын инвестициялау перспективалары және
мәселелері ... ... ... ... ... ... . 53
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..67
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...72
Кіріспе.
Кәсіпорынды несиелендіру банк қызметінің дәстүрлі түріне жатады.
Қазіргі таңда кәсіпорынды несиелендіру жүйесі банк несиенің қайтарымды
жоғарғы деңгейін кепілдендіретін фирмаға айналады. Дүниежүзілік
тәжірибенің ұстанымынан, несиені сенімді қайтаруды қамтамасыз ету кепілді
құқығын және міндеті мен кепілін толығымен сақтандыру жүйесі болып
табылады. Несиелік механизм берілген формаларды өзіне қоса отырып, банкке
өзінің тәуелсіздігін нығайта отырып, несиелік тәуекелділікті төмендетуге
мүмкіндік береді. Несиелік жүйенің қызмет атқару механизмі несиелік
есептік қатынастан және несиелендіру әдіс формаларынан, сонымен ұйымдық –
құқықтық формаларды жүзеге асырады. Несиелік операциялар мекемелік
құрылымның өзгеру әсерінен әрқашан ауысып отырады.
Коммерциялық банктің қызметінің негізгі түрі кірісті алу көз қарасынан
несиені ұсыну болып табылады. Несиелік операцияларға әртүрлі қаражаттарды
қоса отырып банк басқармасы несиеде клиенттердің толығымен бір уақытта
қанағаттандыру кезінде, бірінші кезекте кірісті алу деп санайды.
Банк басқармасы несиелік портфельдің ішкі қаражаттарды орналастыру
туралы, яғни саудалық – өнеркәсіптік компанияларды, қозғалмайтын мүлікті
және т.б. сауданы бөлшектеп несиелендіру мәселелерін шешу қажет. Мұндай
орналастырудың негізінде салыстырмалы несиенің кірісіне қызмет етеді,
сонымен қатар шектеулі есептегі несиенің түрлеріне сұранысы қауіпсіздікпен
немесе заңмен орнатылады. Банк қаражатын әртүрлі активтерге орналастыру
кезінде жеткіліктіжоғарғы кірісті алу талғамына және заңмен реттелетін
актілердің жоғарғы пайдалылық деңгейін қолдауына байланысты болады.
Несие – бұл кең мағыналы, несиелік мекемелер қатынастарының әртүрлі
формаларының қолма – қолдығын банк қаражатын топтастырудың пайда болу көзі
сияқты олардың салыстырмалық бір формасын ұсынады. Несие – несиелік шотты
ашу кезінде пайда болған несиелік мекемелердің қатынас түрлерінің бірі
болып табылады. Сонымен қатар несиелік мекеменің қатынасы банктік несиенің
шегі мен ғана емес, кәсіпорынға қарыз беруші немесе қарыз алушы болып,
олардың нсиелік қатынасын вексельмен тіркейді.
Несиелік мекеменің, несиелік қорлардың және несиелік қатынастың
жиынтығы несиенің кең мағыналық түсінігін құрайды.
Несиелік жүйе тар мағынада – яғни бұл мемлекетте басқа қаржылық қызмет
көрсететін және ақша айналымымен реттейтін несиелік – есептік қатынасты
ұйымдастыратын несиелік мекеменің желісі.
Әрбір тарихи – экономикалық деңгейде даму несиелік мекемелердің жұмыс
түріне, несиелік жүйенің құрылымына несиелік – қарджылық қызмет көрсетуге
сәйкес келеді. Қазіргі таңда банктердің несиелік процесі несиені қайтаруда
экономикалық мекемелердің қабылдауына ұсынуын қолданады.
Бұл қабылдаулардың жеке қызметі мекемелік несиелік процесі бойынша
жинақталады, сонымен қатар оны несиелендіру процесіне сәйкес реттеуі
несиелендіру механизмі деп аталады.
Қазіргі таңдағы несиелік жүйе қиын, көп буынды құрылымды иеленеді.
Несиелік мекемелер қызметін топтастыру кезінде өздерінің клиенттерін
мінезін қабылдаса, онда қазіргі таңдағы несиелік жүйесінің маңызды үш
элементін бөліп көрсетуге болады: Орталық (эмиссиялық) банк; коммерциялық
банк; мамандандырылған несиелік мекемелер (сақтандырылған, жинақталған,
ипотекалық, трасталық және т.б).
Жұмыстың маңызы мынада, заңды тұлғалардың несиелендіру мекемелердің
тиімділігісіз мемлекетте экономиканың дамуы мүмкін емес. Қазіргі таңда
заңды тұлғалардың 95 % несие алу тәжірибесіне сүйенеді. Жылдан – жалға
несие беру рәсімі қиындап, қатаң шарттары алға қойыла бастады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты екінші деңгейдегі банктердің несиелендіру
мекемелерінің мазмұнын ашу болып табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес келесі тапсырмалардың орындалуын қажет етеді:
- Неселендіру элементтерін зерттеу;
- Несиелендірудің негізін ерекшелеу;
- Темірбанк АҚ несиелендіру өрісінің қызметін талдау;
- Несиелендіру мекемелерін жетілдіру бойынша кепілдемені өндеу.
Дипломдық жұмысымды алыс және жақын шетел экономистерінің еңбектерін,
Қазақстан Республикасының банктік құқығын, сонымен қатар Темірбанк АҚ
қызметінің нәтижесін қолдану арқылы жаздым.
Жұмыстың жазылу процесінде диалектикалық әмбебап әдістерін танып, білу
сияқты жеке – ғылыми әдістерді: логикалық, тарихи, салыстыру құқығын,
қадағалау, суреттеу, статистикалық, әлеуметтік әдістерді қолдандым.
Дипломдық жұмысты жазу барысында монографиялар, оқулық жеңілдігі,
баптар, заң актілері, Темірбанк АҚ – ның жылдық есебін қолдандым.
Зерттеу объектісі Темірбанк АҚ болып табылады.
Зерттеу құралы – Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі
банктердің несиелік операциялары болып табылады.
1. Несилендірудің негізгі теориясы.
1.1. Несиенің мәні және қажеттігі.
Несие — нарьқтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен катар,
мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің, пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың
айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау — бұл тауардың бір қолдан
екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде
несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы — бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды.
Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал
айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған
негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай
түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақиіп мен несиенің әр түрлі ұғымды
білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз
емес, несие — бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың
уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы — сол
қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация,
субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға
(қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете
отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты
бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып,
уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға
айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие — бұл
банктің қаражатын құрайтын кезі ретінде барлық несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың
жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда — бұл
ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие — кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты
элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар
субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар
субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші — қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз
беруші — бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады.
Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық
субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы — бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік
қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер
болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе
жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты
төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас
туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ
азаматтық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте ауқымды ұғым.
1.2 Несиенің құрылымы.
Несиенiң кұрлымы белгiлi бiр мәнге айналган және несиелiк қатынастар
танымының сатысы ретiнде көрiнедi. Ол несиеде тұрақты өзгерiссiз калады.
Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу обьектiсi ретiнде,
бәрiнен бұрын оның субьектiлерi болып табылатын элементтерден тұрады.
Несиелiк мәмiледе катынас субьектiлерi қарыз берушi және қарыз алушы
болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндiрiсiмен тауар
айналысы негiзiнде жүредi.
Сатып алу — сату процесінде тауарларды өткiзу сатушының олардың
ақшалай эквивалентi әр уақытта тез арада алуына мүмкiндiк бермейдi, сатып
алушы тауарды белгiлi бiр мерзiмнен кейiн төлеуi мүмкiн. Бiр тауар
иеленушi қолма — қол тауарды сатады, ал басқасы акшаның өкiлi немесе
болашақтағы ақшанын өкiлi ретiнде бола отырып тауарды сатып алады. Сатушы
— қарыз берушi, ал сатып алушы борышқор болады. Кредитор және қарыз алушы
бiр полюсте эквивалент мерзiмiнiң ұзартылуы, ал басқасында оның төленуi
жүзеге асатын жағдайлардың барлығына қатысады.
Кредитор ретiнде храмдар қоғамдағы шаруашылық жүргiзушi
субьектiлерiнiң едәуiр байлықтарын жинақтайтын шаруашылық пен тұтыну
мақсаттарына қызмет көрсететiн өзгеше банкирлiк үйлер бар.
Кредитор — қарызды ұсынушы. Қарыз беру үшiн кредитордың қармағында
белгiлi бiр қаражаттар болуы керек. Оның көздерi өз қорлары, ресурстары,
өз кезегiнде қайтарымдылық негiзiнде ұдайы өндiрiс процесiнің басқа
субъектiлерiнен алынған ресурстар бола алады. Қазiргi уақыттағы
шаруашылықта кредитор — банк қарызды тек өз меншiгiндегi ресурстар
есесбiнен ғана емес, оның шоттарында сақталуы, сонымен катар акция және
облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар есебiнен де бере
алады.
Банктердің құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүредi. Банкирлер
басқа барлық кредиторлардың өкiлi болды. Банктер ұжымдық кредиторлар
ретiнде бола отырып, несиелеу үшiн шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын
ресурстарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кейбiр
жағдайларда босаған ресурстар болып табылатын құндылықтар да қарызга
берiледi. Коммерциялық несие кезiнде кредитор сатылуға жататын тауарларды
қарыз алушыға бередi.
Кредитор ретiнде басқа шаруашылық иесiне белгiлi бiр мерзiмге ресурс
берушi тұлға болады. Қағида бойынша кредитор ерiкті түрде болады. Қарыз
алушы несиенi белгiленген мерзiмде қайтармаған жағдайда несиелiк
келiсiмнiң ерiктiлiгi бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң
қатынастарға әкеп соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы
несиенiң мерзiмiмен анықталады. Несиенiң мерзiмі өз кезегiнде ұдайы
өндiрiс процесiнің барысына байланысты.
Қарыз алушы — несиелiк катынастың несиенi алушы және алған қарыздарды
қайтаруға мiндеттi жағы болып келедi. Борышкор және қарыз алушы бiр-бiрiне
жақын, бiрақ шамасы бiрдей түсiнiк емес. Борыш — мiндеттi жалпы сипатайтын
анагұрлым кең түсiнiк. Несиелiк мәмiлеге сейкес борышқор туралы айту
керек, өсiмқорлық несиенiң формасы ақсүйектердiң көбiнесе жер иелерiне
ақшалай қарызды беруi. Банктердiң құрылуы мен қарыз берушiлердiң
шоғырлануы жүредi.
Қазiргi уақытта банктерден шаруашылық ұйымдар және мемлекеттiң өзi де
қарыз алушылар ретiнде болады. Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы ол
несиелiк мәмiледе төмендегiдей ерекшелiктерге ие.
Бiрiншіден - ол қарызға берiлетiн қаражаттардың меншiк иесi болып
табылмайды, олардың уақытша иесi ретiнде болады; өзiне тиiстi емес, бөтен
бiреудiң ресурстарымен жұмыс iстейдi.
Екiншіден - қарыз алушы қарызға арналған қаражаттарды айналыс
сферасында да өндiрiс сферасында да пайдаланады. Кредитор өндiрiске
тiкелей қатыспай-ақ фазасы кезiнде де карызды ұсына алады.
Үшіншіден - қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын
аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен
жеткiлiктi түрде есеп айырысумен қоса қайтарымды толық өтеу үшiн ұдайы
өндiрiс процесiн өркендете түсу керек.
Төртіншіден - қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана
қайтарып қоймай, сонымен қатар қарыз пайызын да төлейдi.
Бесiншiден — қарыз алушы өзiнiң кредиторы қойган талаптарды орындауға
тәуелдi болады. Қарыз алушының кредитордан экономикалық тәуелдi болуы
қарызға алынған қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретiнде өз
мақсаттары мен мүделерiнiң бiрлiгiн көрсетедi. Несиелiк қатынастар
шеңберiнде кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкiн; кредитор
қарыз алушыға, қарыз алушы кредиторға айналады.
Кредитор мен қарыз алушының өзара әрекеті карама – қарсылықтардың
бiрлiгi сипатында болады. Несиелiк қатынастың қатысушылары ретiнде
кредитор және қарыз алушы оның қарама - қарсы жағында тұрады.
Кредитор қарызды берушi жақ, қарыз алушы — берiлген қарызды алушы жақ,
бүтiннiң шеңберiнде олардың әрқайсысының өздерiнiң ұдайы өндiрiстегi
ерекше жағдайларына байланысты өз мүдделерi болады. Кредитор анағұрлым
жоғары қарыз пайызына мүдделі болса, қарыз алушы — анағұрлым арзан несиеге
мүдделі.
Сондай — ақ несиелiк қатынастар құрылымының элементi, яғни кредитордан
қарыз алушыға берiлетiн және қарыз алушыдан кредиторға қарай керi
қозғалатын объектi болып табылады. Беру объектiсiне қарыздық күн жатады.
Ол күннің ерекше бөлiгi ретiнде болады.
Несиелiк қатынас iшiндегi күн ерекше қосымша тұтыну құнына ие.
Шынында, ақшаға немесе тауарға тен тұтъiну кұнынан басқа күн кредитор мен
қарыз алушы арасындағы қозғалыс жасай отырып, ұдайы өндiрiс процесiн
жылдамдатудың ерекше қасиетiн алады.
Қарызға берiлген кұнның өте маңызды жағы оның авансылану сипаты.
Несиелік қағида бойынша күннің қабылдануына мүмкіндік тұғызып, қарыз
алушының иелiгiне түсуi керек. Осы мағынада несие қарыз алушының
шаруашылығында қарызға алған кұнның жұмыс iстеуi кезеңiнде онда жасалуы
тиiс табыстарды болжап бiледi. Іс жүзiнде қарыз алушы кредиторға несие
беру жөнiнде өтiнiш жасағанда; сол сәтте қолында еркiн ақшалай қаражаттын
болмауынан ғана емес, сонымен қатар ол табыс алуға мүдделi екендiгi және
сол табысты алдағы толемдер үшiн пайдалану мумкiндiгiн ескередi. Сонымен
бiрге қаражаттарды авансылаудың кез-келгенi несие болып табылмайды.
Несиенi орналастыру қозғалысындағы маңызды кезең. Кредитор өзiнiң
ресурстарын анағұрлым тиiмдi формада орналастырғанына сенiмдi болуы керек.
Банктер кредитор ретiнде аяқтаушы кезеңнiң талаптарына сәйкес несие бередi
— қарыздың қайтарылуы оның тиiмдi пайдалануы. Қарыз алушының несиенi алуы
қарызға берiлген кұнның белгiлi бiр уақытқа ұсынылғанын бiлдiредi. Несиенi
пайдалану процесiнде берiлу объектi ретiнде оның тұтыну құны өткiзiледi.
Ресурстардың босауы қарыз алушының шаруашылық процесiнде құнның шеңбер
айналымы актiнiң аяқталуымен сипатталады. Сондықтан несие қозғалысының бұл
кезеңi оның шеңбер айналымының келесi жаңа фазасын өтеуi үшiн материалдық
алғы шарт болып табылады.
Несиенiң қайтарылуы уақытша алынған құнның қарыз алушыдан кредиторға
өткенiн бiлдiредi. Несие қозғалысының соңғы сатысы - құнды кредитордың алу
актiсi болады.
Осылайша, несие қозғалысының заңдылықтарын талдау процесiнде бiз бұл
қозгалыстың барлық сатылары қарызға берiлген құнның толық шеңбер
айналымының бөлiктерi ретiнде өзара байланыста және өзара шартты екенiн
көремiз.
Несиелiк ресурстар және олардың қалыптасу көздері. Нарық жағдайында
банктердiң ресурстық потенциалын есiру меселелерi және оның қамтамасыз
ету бiрiншi дережелi маңызға ие. Несиелiк ресурстар халық шаруашылығының
уақытша бос ресурстары мен жинақтары (ақшайлай және тауарлай ) формада
және банктiк жүйенiң арнайы несиелеу үшiн арналған қаражаттарының
жиынтығы. Несиелiк ресурс аақшалай ресурстардың бiр формасы.
Коммерциялық банктер қарыз беру процесiнде пайдалану үшiн жинақтайтын
несиелiк ресурстар келесi көздер есебiнен құралады; депозиттер банкаралық
қарыздар; депозиттiк емес көздер; коммерциялық банктердiң меншiктi
қаражаттары.
Несиелiк ресурстардың аталып кеткен көздерiн ретiмен қарстырайық.
Нарыктық экономикаға өту және банктiк жүйенi басқару құрылымындағы
және көздерiне көрiнiс тапты. Несиелiк ресурстардың анағұрлым тұрақты
бөлiгi больп депозиттiк қаражаттар табылады, олар әр түрлi белгiлер
бойынша жiктеледi. Депозиттердiң салым ретiнде орналастыру мүмкіндігінің
ең төменгi шегi деген ұғым жоқ. Тәжірибе жүзiнде ең жоғарғы шегi бар,
өйткенi банк Орталық банк анықтайтын өз қаражаттары мен мiндеттемелерi
арасындағы нормативтiк арақатынасты сақтауға мiндеттенеді.
Депозиттер деп әдетте клиенттердiң банкке белгiлi бiр талаптарының бар
екенiн куәландыратын банктiк шоттардағы жазулар немесе клиенттердiң
банктердегi келiсiмдер және шарттар бойынша салымдар формасындағы ақшалай
қаражаттар түсiнiдiрiледi. Депозиттiк операпиялар негiзiнде банктердiң
несиелiк ресурстарының көп бөлiгi құралады. Банктiк депозиттер жүйесi
ағымдық салымдарды (қажет уақытында талап ететiн салымдар), заңды және
жеке тұлғалардың мақсатты және мерзiмдi салымдарын қамтиды.
Банктiк тәжiрибеде депозиттер бiрнеше критерийлер бойынша жiктеледі:
алыну формалары, салымшылардың категориялары, мақсатты бағыты, және
табысытылық дәрежесi бойынша. Депозиттердi және депозиттiк операцияларды
ұйымдастырудың халықаралық тәжiрибесi шоттар формаларының көптiгi мен
ерекшеленедi. Депозиттiк шоттар жүйесiн құру үшiн база ретiнде шетелдiк
коммерциялық банктердiң тәжiрибесi пайдалануы мүмкiн.
Қажетті талап етілмелі депозиттер шоттарда сақталынатын қаражаттардың
сипатына және тиiстiлiгiне байланысты былайша бөлiнедi:
кәсiпорындар және ұйымдардың, фирмалардың, компанияларыдың және тағы
басқа да заңды тұлғалардың есеп айырысу және ағымдық шоттарындағы
қаражаттар заңды тұлғалардың жекелеген шоттарындағы меншiктi қаражаттары;
есеп айырысудағы каражаттар басқа банктермен есеп айырысуларға байланысты
корреспондентер шоттарындағы қаражаттардың несиелiк қалдығы
Қажет ететiн уақытында талап ететiн депозиттердiң ерекшелiктерi
мынада: бiрiншiден ақшаларды алу және салу кез - келген уақытта ешқандай
шектеусiз бөлiктеп те, толығымен де жүзеге асырылады; екiншiден ақшалар
шоттан қолма – қол формада да, чек арқылы да алынуы мүмкiн; үшiншiден шот
иесi банкке шотты пайдаланғаны үшiн тұрақты айлық мөлшерлеме түрiнде
немесе әрбiр жазылған чекі үшiн комиссиялық алым төлейдi; төртiншiден банк
қажет уақытында талап етiлетiн депозиттер бойынша орталық банкке
депозиттерге қарағанда ең төменгi резервтi жоғары сәйкестiкте сақтауға
мiндеттi. Қажет уақытында. талап етiлетiн депозиттердің негiзгi
артықшылығы жоғары тиiмдiлiгi. Оларды төлем қаражаттары ретiнде тiкелей
пайдалану мүмкiндiгi болып табылады.
Мерзiмдi депозит - анық белгiлi бiр мерзiмi бар, ол бойынша тұрақты
пайыз төленендi және әдетте салымды мерзiмiнен бұрын алуға шек қойылады.
Мерзiмдi депозиттер жеке тұлғалардың, компаниялардың, кәсiпорындардың және
ұйымдардың банктерде шоттарға алдын ала белгiлi бiр мерзiмге, әдетте 1-
айдан кем емес, орналастырған қаражаттарын бiлдiредi.
Мерзiмдi депозиттердiң ерекшелiктерi мыналар болып табылады;
бiрiншiден, шоттардағы қаражаттар есепе айырысуға арналмаған және оларға
чектер жазылмайды; екiншiден, шоттардағы қаражаттар жай айналады;
үшiншiден, мерзiмдi депозиттер бойынша пайыз төленедi (бұл кезде пайыздык
мөлшерлеменiң ең жоғарғы деңгейi жекелеген кезеңдерде Орталық банк арқылы
реттелуi мүмкiн), төртiншiден мерзiмдi депозиттер үшiн қажет уақытында
талап етiлетiн депозиттерге қарағанда мiндеттi резервтердiң анағұрлым
төлем формасы белгiленедi.
Бiздiң банктiк жүйеге қатысты мерзiмдi депозиттердiң бiршама көп
көрсететiн формасы - бұл жеке тұлғалардың жинақ салымдары. Олардың
қаражаттары белгiлi бiр шектеулермен алынуы мүмкiн.
Қазiргi уақытта нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде
депозиттердi жiктеу екi жағдайды ескеруге негiзделген: 1) депозиттердің
мерзiмi, 2) салымшылардың категориясы. Аталып өткендей депозиттердің
мерзiмi бойынша оларды потенцииалда банктiк ресурстар ретiнде
пайдалануымен байланысты ерекшелiктерi бар. Салымшылардың категорияларына
байланысты, әдетте шоттарыдың келесi түрлерi бөлiнедi: жеке тұлғалардың,
корпорациялардың, акпионерлiк компаниялардың, орталық үкiметтің үкiмет
органдарының, қаржылық мекемелердiң, шетелдiк салымшылардың шоттары.
Сонғы уақытта депозиттердiң кейбiр категорияларының арасындағы анық
шекара жойылуда, депозиттердiң әр түрлi түрлерінiң қасиеттерін
бiрiктiретiн гибридтiк шоттар пайда болуда.
Банкаралық қарыздар - банктiң ресурстық потенциалының тұрақтылығын
қолдау үшiн ресурстық қалыптастырудың маңызды көзi. Банкаралық несиелеу
банктiң тиiмдiлiк тенденциясын қолдау мақсатында жүзеге асырылады және
негiзiнен қыска мерзiмдi сипатта болады. Банкаралық қарыздар
корреспонденттiк қатынастар шеңберiнде жүредi және банк ресурстарының
басқа кездерiне қарағанда қымбат болады.
Банкаралық қарыздардың ерекшелiгi мынада : бiрiншiден, банкаралық
ресурстар банкаралық акша нарығынан тартылады, екiншiден, әдетте,
банкаралық несиелердi тарту клирингтiк орталықтағы корреспонденттiк
шоттардың ақшалай қаражаттардың қалдықтары шегiнде жүзеге асырылады.
Банкаралық ақша нарығында депозиттердi берудің және қайтарудың iс
жүзiнде кез - келген комбинациялы мерзiмдерiмен бiрге жасайтын несиелiк
мәмiлелердiң әр түрлi шарттары кең тараған. Осылайша қысқа мерзiмдi қарыз
болып бiр күндiк қысқа ақшалар деп аталатын немесе овернайт депозитi
болып табылады. Бiр күндiк ақшалар ақша нарығында жоғары сұранысқа ие,
сондықтан, бұл қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлеме кейде анағұрлым ұзақ
мерзiмдi несиелiк ресурстар бойынша мөлшерлеме денгейiнен бiрнеше есеге
асып кетедi.
Банкаралық ақша нарығында бос несиелiк қаражаттар жетiспеген жағдайда
коммерциялық бакн Орталық банктен қысқа мерзiмдi несие ала алады, банктiк
жүйеде қызметтiн орындайды және коммердиялық банкке өтiмдiлiктің уақытша
дағдарысын жеңуде көмек керсете алады. Банкаралық несиелiк ресурстардың
екiншi денгейдегi банктер арасындағы қозғалысы, айналымдағы ақша массасы
көлемiнiң өзгеруiне әкелмейдi. Өйткенi коммерпиялық банктер мәмлелердi тек
таратылған несиелiк ресуртар және Орталық банктiң ақша эмиссиясы негiзiнде
ғана жасайды.
1.3. Несиенің формалары және олардың жіктелуі.
Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде
несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несиеніц формасы — бұл несиелік қатынастар құрылымының олардың негізгі
қызметтерің яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде
берілетін несиені — коммерциялық ал ақша түріндегі несиені банктік деп
атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан
туады.
Коммерциялық несие — бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген
тауарын білдіреді.
Коммерциялық несие — бұл вексель айналысының пайда болуына себеп
болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл
формасының басты мақсаты — тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ
одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен
бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды
сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай
жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы
уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме — вексель
қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
- қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
- коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
- қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен
байланысты;
- коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік
пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
- қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік
мәміленің заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін
төленетін ақы тауар бағасының құнына ңосылады.
Банктік несие — бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай
түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие — бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік
қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік
қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік
несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз
алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы
ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады.
Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты — бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді.
Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржы институттарға берілетін несиелер.. Каржылық
институттарға берілетін несиелер:
- мақсатты қорларға;
- банктерге;
- қаржы-несиелік мекемелеріне.
2.Қаржылық емес агентерге берілетін несиелер. Қаржылық емес
агенттерге берілетін несиелер:
- ауыл шаруашылығына;
- саудаға;
- дайындау ұйымдарына;
- жабдықтау-сату ұйымдарына;
- кооперативтерге;
- жеке кәсіпкерлерге.
3.Тұтыну мақсаттарына берілетін несиелер. Түтыну мак,сатына
берілетін несиелер.
II. Мерзіміне қарай:
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- орта мерзімді (1 жылдан 3 — 5 жылға дейін);
- ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
- негізгі қорларға жұмсалатын;
- айналым қаражатына жұмсалатын.
IV. Қамтамасыз ету дәрежесінеқарай:
Қамтамасыз етілген:
- кепілхатпен,
- кепілдемемен;
- кепілдікпен.
Сақтандырылған.
Қамтамасыз етілмеген:
-сенім (бланктік)несиесі.
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1)Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақта Стандартты
несие — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ
қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
2)Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, Күмәнді
несиелер — қайтарылу уақыты кешіктірілген,
мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел тұғызатын несиелер. Соңғы
қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес,
күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмэнді, 2-санатты күмәнді, 3-
санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты
күмәнді.
3) Үмітсіз несиелер — қайтару уақыты кешіктірілген,
мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
VI.Валютамен берілуіне қарай: Валютамен берілуіне қарай:
- ұлттық валютамен;
- шетел валютасымен.
VII.Берілу шартына қарай: Берілу шартына қарай:
1. Тұтыну несиесі — бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу
үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
2. Ипотекалық несие — бұл қозғалмайтын мүліктерді
(тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.)
кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.
3.Овердравт несиесі — клиенттің шотынан қаражатты шегеру,
дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа
мерзімді несиенің формасы.
4. Овернайт несиесі — өтімділікті колдау мақсатында бір түнге
берілетін банкаралық несиенің түрі.
5.Онколъдық несие — кредитордың алғақы талабы
бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.
6.Банкаралық несие — банктердің бір-біріне беретін
несиесі.
7.Ломбардтық несие — тез іске асатын бағалы заттарды немесе
бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
8.Лизингтік несие — құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты
берілетін несие.
9. Рамбурстық несие — шикізаттарды ішке алып
кіру және жартылай фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа
шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
10. Сенім несиесі — банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті
жоғары клиенттерге берілетін несие.
11. Маусымдық несие — жабдықтаушының қаржыландыру уақыты
мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға
арналған несие.
VIII. Несиелеу объектісіне қарай:
- меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
- материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына:
- сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды
экспорттау мен импорттауға;
- азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар
және басқа да мүліктер алуына;
- ломбардтық, кепілдік және ссудальщ операцияларға;
- театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы
маусымдық үзілістерге;
- күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
- тез өтелетін тиімділігі жоғары шараларға.
Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды
ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз
байланысты: бір жағынан, тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі
өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші
жағынан, халықты несиелеудің өсуі, сұраныстық төлем қабілеттігін
ұлғайтады. Мұндай тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру
жағдайында пайда болуда.
Тұтыну несиесінің дамуы әр түрлі елдерде әр қалай дәрежеде
қалыптасуда. Италия мен Жапонияда халықтың, қарызының жалпы сомасы, сол
елдің ішкі жиынтық өнімінің 10%-ын, Германия мен Францияда — 30 о-ын, ал
Ұлыбритания мен АҚШ-та 60%-ын құрайды екен. Бұл елдердің
тәжірибелерінде тұтыну несиесін ең қымбат тауарларды: автомобиль, электр
тұрмыстық құралдарды, жиһаздарды және т.с.с. сатып алу барысында жиі
пайдаланады. Бұл елдердің тұтыну несиесінің жартысынан көп белігі
автомобилдерді сату үлесіне тиеді.
Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиенің бір
бөлігі ретінде, оның басты бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей
байланысты болып келеді. Сондықтан да, несиенің бұл формасының
экономикасы дамыған елдерде кеңінен пайдалануының екі түрлі
себебі бар: біріншісі, субъективті, яғни бұл несие халыққа ең жоғарғы
деңгейде материалдық игіліктерге қол жеткізуге қолайлы жағдай жасаса;
екіншісі, объективті, яғни кез келген қоғамның дамуының басты бір
экономикалық мәселесі — бұл дайын өнімді өткізу десек, ендеше тұтыну
несиесін қолдану аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Тұтыну несиесі
көптеген елдердің экономикасында маңызды рөл атқарады, сондықтан да, оны
мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді түрде реттеп отыру қажет. Мұндай
реттеуді екі түрге бөледі: берілу және пайдалану деңгейінде реттеу. Берілу
деңгейінде мемлекет тұтынушыларды ынталандыруға тиіс.
Қазақстанда тұтыну несиесі кеңінен дамып отырған несиеге жатады.
Екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде тұтыну несиесінің мынадай түрлері
қолданылуда:
- автомобилдік несие;
- ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;
- тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
- кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу жәнс
т.с.с) берілетін несие.
- Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомобильдерді
банк несиесі көмегімен алуға болады.
- Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады
- жиһаз;
- сантехника;
- аудио-видео және тұрмыстык, техникалар;
- компьютер және оргтехника;
- басқа да тұтыну тауарлары.
- Тұрғын үйді жендеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс
және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.
1.4. Несиенің қызметтері.
Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен
сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай
қызметтерді атқарады:
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың шоғырлануын жеделдету;
- ғылыми-техникалык, прогресті жеделдегпу.
Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттың экономикасының
толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің
көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал
ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржынық қайта бөлу қызметінен
айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен
аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм
негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шыгындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне
асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды.
Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы
арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда
қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне,
сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары
өздерінің меншікті қаражатқа деген
жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл
дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс
шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды. Ал келесі қызметі, яғни
несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы.
Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық
мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын
емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша
айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер,
вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл
қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығымен қатар, айналыстағы ақша
массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың түрақты дамуына
жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде
несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға
мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-
техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да,
несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік
қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай-
ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де
аса қажет болып табылады.
2. Темірбанк АҚ – ның несиелендіруін талдау.
2.1 Темірбанк АҚ-ның қысқаша сипаттамасы.
“Темірбанк” акционерлік қоғамы 1992 жылы 26 наурыз айында Қазақстан
Темір Жол тарапына қызмет көрсетуге мамандандырылған банк ретінде құрылған.
1996 жылы 21 наурыз айында Қазақстан Республикасы заңына сәйкес ашық
акционерлік қоғам ретінде қайта тіркелген. Банк, Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкімен берілген банктік лицензиясы бойынша шетел валютасымен және
теңгемен операциялар жүргізу, бағалы металдармен жұмыс жасады. Осыдан
басқа, банк костодиалдық, брокерлік және дилерлік қызмет көрсетуге,
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздары бойынша Ұлттық Комиссиясымен
берілген лицензияға иемденеді.
Банктің басты кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Қазақстанда банктің
18 филиалы бар. Банктің орташа персонал тізімі ағымды жылда 1,058 адамды
құрады. Банк өз клиенттеріне жалпы банктік өызмет көрсетеді, заңды және
жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау, несиелеумен айналысады, костодиалдық,
брокерлік және дилерлік қызметтер ұсынады, шетелге және Қазақстан бойынша
төлем аударымдарын жүзеге асырумен айналысады.
Банк кіші бизнес даму қорының қызметіне қатысуға уәкілетті банк болып
табылады.
2001 жылы 6 қазанда Нидерландыда тіркелген және банкке толығымен
қарайтын “Темір Капитал Д.В.” және 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан
Республикасында тіркелген және банкке толығымен қарайтын “Темір Лизинг”
акционерлік қоғамы қызметтерін банк қадағалайды.
Банк тарихы.
2003 жылы 11 шілде айында банк, Қырғызстан Республикасында тіркелген,
“Инексибанк” Жабық Акционерлік Қоғамының 44,5% жарғылық қорын иемденеді.
Банктің тіркелген бас кеңсесі келесі мекен жайда орналасқан: Алматы
қаласы, Абай даңғылы 6874.
“Темірбанк” АҚ 1992 жылы 26 наурыз айында құрылған, бас кеңсесі Алматы
қаласында орналасқан. 2003 жылы 1 қазанда банк Қазақстан бойынша 18
филиалға және 35 есептік-кассалық бөлімдерді иемденді. Қызметкерлер саны
1116 адамды құрайды. Актив көлемі бойынша банк елдегі ірі банктердің
ондығына кіреді.
“Темірбанк” АҚ-ң негізгі клиенттері – олар, кіші және орта
кәсіпорындар, импорт сферасындағы қызметкер, ауылшаруашылық және тағы да
басқа. Кіші және орта кәсіпкерлер дамуы мақсатында, банк , Европалық,
Азиялық және Халықаралық банктерімен өткізетін реконструкция және даму
программаларына қатысып отырады.
2003 жылы Қыркүйекте “Темірбанк” АҚ Global Refund компаниясымен
келісім құрған, сәйкесінше Қазақстанда tax-free чегін өтеу бойынша жалғыз
агент болып табылған.
“Темірбанк” АҚ 2003 жылы төртінші рет болған, ТМД және Балтық
елдерінде Алматы банктердің конференция ұйымдастырушы ретінде танымал. Бұл
форумды ТМД және шетел арасында 19 елдің 300 делегаты қатысқан.
2003жылы “Темірбанк” АҚ төрт елдің (Қазақстан, Қырғызстан, Латвия және
Ресей) коммерциялық банктерінің арасында тығыз қарым-қатынасы туралы
келісімге отырған. Банкаралық альянстық жаңа қатысушысы болған: Диалог-
оптим банкі (Ресей), Инексимбанк (Қырғызстан), Темірбанк (Қазақстан) және
Траста Коммерцбанк (Латвия).
Жаңа одақтың мақсаты:
– Халықаралық қаржы нарығында және ТМД нарығында стратегиялық серіктестік;
– Қызмет көрсету аясында жағрафиялық ұлғайту;
– Жаңа банктік технологияны енгізу;
– Банктік тәуекелділіктің минимизация механизмін ізірлеу.
Осыдан басқа банк-қатысушылар бір-бірінің капитал құрылымына қатысуға
және альянс құратын нарық мүшелеріне заңды негіздеме өткізетін екі жақты
құжаттар қатарына қол қояды.
2003 жылдың маусым айында банк “Коммеск-Өмір” сақтандыру компаниясымен
бірігіп, сыйақы пайызынан басқа, өз салымшыларына төлемсіз медициналық
сақтандыру ұсынған. Осылайша, банк Қазақстанда осындай қызмет көрсететін
бірінші банк болды.
Сол жылы “Темірбанк” АҚ акцияны сату-сатыпалу келісіміне қол қояды,
нәтижесінде акцияның 46 пайызы қосымша эмиссиясына ие болып, Қырғызстанның
Инексимбанкінің ірі акционері болған. “Темірбанк” АҚ Қырғызстанға келуі, ол
Республикада кіші және орта кәсіпорындардың бизнесінің өсуі белгіленіп,
Қазақстандағы жұмыстарына “Темірбанк” АҚ маманданады және де екі ел
арасында сауда операцияларының көлемінің өсуіне әкелді.
“Темірбанк” АҚ 2003 жылы наурыз айында өз банктік тәуекелділігін 1
млн. долларға сақтандырған. Банктің бұл сақтандыру полисі (оның жалпы атауы
– “Bankers Blanked bond” немесе жай ВВВ) банктің сенімділігі, қауіпсіздігі
және іс беделі болып табылады. Marsh сақтандыру делдалы арқылы AIG
Халықаралық сақтандыру компаниясынан қаржылық сақтандыруды алған.
2003жылғы 1 қаңтар айындағы жағдайы бойынша, Price Waterhouse Coopers
аудиторлық компаниямен банктің тәуекелділігін басқару және корпоративтік
басқару жүйесінің халықаралық стандартқа сәйкестігін тексерген. Осы
тексеріс нәтижесінде банктің негізгі тәуекелдігін басқару, тағы да ішкі
қадағалау және ішкі аудит жүйесі жалпы қабылданған тәжірибеге сәйкестігі
расталған.
2002жылы желтоқсан айында “Темірбанк” АҚ өзінің жарғылық қорын 9,2
млн.АҚШ долларына көбейткен. Капиталдың көбеюі екі кезеңге бөлінген:
бірінші кезеңде – Қазақстан Республикасында ішкі қор нарығында зейнетақы
қоры мен активті басқару компаниялар арасында банктің жай дауыс беретін
акциялары орналастырылған, екінші кезеңде – Европалық қор нарығында
глобалды депозитарлық қол хаттар орналастырылған. Нәтижесінде “Темірбанк”
АҚ өзінің депозитарлық қол хатын халықаралық қор нарығына орналастырып,
Қазақстан бойынша Казкоммерцбанк және Тұран Әлем Банктен кейін үшінші банк
болған.
Акцияны орналастыру нәтижесінде “Темірбанк” АҚ төленген жарғылық қоры
екі есеге көбейіп, 2 млрд. 825 млн. теңгені құрады.
2002 жылы қыркүйекте банктің 100 пайыздық еншілес компания “Темір
Лизинг” АҚ құрылған. “Темір Лизинг” өтемпаздық құрылғылар, арнайы техника,
ауылшаруашылық техникасын және транспорттық қаражаттарды лизингке ұсынған.
Компания, жағрафиялық орналасуына қарамастан, Қазақстан территориясында
өтетін проекттерді қарастырады.
2002 жылы банк менеджменті бөлшек қызмет көрсету нарығына шығу туралы
шешім қабылданған. Осымен байланысты банк 2002 жылдың мамыр айынан бастап
халықаралық VIZA International төлем жүйесінің ассоциацияланған мүшелігін
алып, өзінің карточкаларын шығаруға кірісті, және AMERIСAN EXPRESS
компаниясымен келісімге отырып, өз клиенттер арасында осы компанияның төлем
чектерін таратқан. Сонымен бірге бөлшек және ипотекалық несие
программаларын әзірлеп, іске асырған.
2002 жылы мамыр айында 15 млн. доллар сомасында екінші рет
синдицирленген қарыз алынған. Банк өзінің корпоративті клиенттер
контрактілерін қайта қаржыландыруға тартылған қаражатты қолданған.
“Темірбанк” командасы болашақта синдицирленген қарыз нарығында жұмыс
істеуге мәжбүрлі.
“Темірбанк” халықаралық капитал нарығында активті. Жаңа команданың
келуімен 2001 жылы сәуір айынан бастап банк синдицирленген несиені тартып,
төртеуін орналастырған.
2001 жылдың тамыз айында банк Ресей банкіне Қазақстанның
синдицирленген несиенің бірінші ұйымдастырушысы болды, ал үш ай өткен соң,
өзінің бірінші синдицирленген несиенің 10 млн. доллар сомасын алған.
Осы жылдың сәуір айында акционерлер жиынының шешімі бойынша банк
басқармасының өкілі мерзімінен бұрын қысқартылған. Қазақстан және шетел ірі
қаржы институттарында көпжылдық тәжірибесі бар Олег Кононенко басқармаға
қайта сайланған. Бір жыл ішінде жаңа команда өзінің капиталын және валюта
балансын екі есе көбейткен. Тәуекелділікті басқару бойынша өлшенген саясаты
арқылы несие портфелі сапасы жақсарып, депозиттік базасы және клиенттің
ағымды шотындағы қалдықтар өсті.
2003 жылы “Fitch IBCA” халықаралық рейтингтік агенттігі Темірбанкке
қысқа мерзімді несие В рейтингін және ұзақ мерзімді В рейтингін қосқан.
2003 жылдың 16 ақпан айында “Темірбанк” “Қазақстандық жеке тұлғалар
салымын сақтандыру қорының” (куәлік №0000006) қатысушысы болды, ол
Темірбанктің ақшалы жедел салымға орналастыру сенімділігін куәландырады.
Осы жылдың тамыз айында “Темірбанк” “KBC Bank” Бельгия банкімен ұзақ
мерзімді несиелік келісімге 3,6 млн. Евро сомасына қол қойған. Бұл
келісімнің мақсаты – экономика секторында нақты проекттерді қаржыландыру.
2004 жылы “Темірбанк” акциясының оныншы эмиссиясы 400 млн. теңгеге
шығарылған. Осындай дәрежемен банктің жарғылық қоры 1,4 млн. теңгеге
жеткен. Жарғылық капитал көлемі бойынша “Темірбанк” Қазақстандағы
банктердің бірінші ондығына кірген.
2005 жылы Қазақстандық өор биржасында А категориялы листинг
“Темірбанк” акцияларына қосылған.
Осы жылы желтоқсанда Thomson Bank Watch рейтингтік агенттігі
Темірбанкке несиелік рейтингті қосқан: жергілікті валютамен “LC – 3” қысқа
мерзімді рейтинг, В - ұзақ мерзімді, яғни Қазақстан Республикасында
тәуелділік рейтинг деңгейінде. “Темірбанк” Қазақстан бойынша халықаралық
несие рейтингін алған төртінші банк болды. 2005 жылы осы рейтинг
агенттігімен екінші рет дәлелденген.
2006 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі халықаралық
стандартқа көшу бойынша “Темірбанк”АҚ бірінші банктік топқа қосқан.
2006 жылы акционерлер жиынында жарғылық қорды көбейту туралы екі рет
шешім қобылданған, нәтижесінде 2006 жылы ақпан айында төрт есеге көбейіп, 1
млрд. теңгені құрады.
Нарық жағдайында жиі ауыспалы талапта банктің бір қалыпты жұмыс жасау
клиенттермен жақсы бағаланып, сенімділігі арта түсті. 2007 жылдың басында
банктің жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі 18 % құрады. 2007 жылы
наурыз айында банктің мемлекеттік ауция пакетін өткізу туралы басқарма
шешім қабылдаған, нәтижесінде банк толығымен жеке меншік болған.
“Темірбанк” АҚ өз клиенттері – заңды және жеке тұлғаларға әр-түрлі
қызмет көрсететін универсалды қаржы институты болып табылады. Қызмет
көрсету тізімі: теңге және шетел валютасымен есептік-кассалық қызмет
көрсету, заңды және жеке тұлғаларды несмелендіру, құжатты операциялар,
банк-клиент электрондық жүйеде қызмет көрсету, валюта айырбастау, чектер,
депозитарлық қызмет көрсету, сейфтік қызмет көрсету, банкаралық
несиелендіру және қатысу. Банк персоналы білікті мамандардан тұрады.
2.2 Темірбанк АҚ – ның несиелендіруін талдау.
Банк заңды тұлғалардың қызметіне барлық несиелердің түрлерін ұсынады:
- Қайтарымды қаражаттың толықтырылуын несиелендіру;
- Инвестициялық мақсатты несиелендіру;
- Сауданы қаржыландыру (кепілдің және аккредивтердің шығуы).
Қайтарымды қаражатты толықтыруын несиелендіру (қысқа мерзімді
қарыздар):
- Валюта: KZT, USD, EUR.
- Мерзімі: 1 жыл.
- Сыйақы ставкасы: USD, EUR – да 15 % жылдық, KZT – 19 % жылдық.
- Мақсаттың тағайындалуы: компанияның қайтарымды капиталын толтыру,
материалдарды және шикізаттарды алу.
- Өтелуі: негізгі қарыз - квартал сайын жарты жылмен, ай сайын %
көлемі.
- Қамтамасыз етілуі: клиенттің көз қарасы бойынша (қозғалатын және
қозғалмайтын мүлік, шоттағы ақша ағымы, құрама кепіл және т.б).
- Сыйақы ставкасының мөлшері – алғашқы қызмет етуге жатады.
Темірбанк АҚ – ның бағытталған несиелік саясаты шағын және орта
бизнес өкілдерінің қызмет көрсетуін дамыту және кеңейген түрі болып
табылады. Темірбанк АҚ – ның қазіргі таңда шағын және орта бизнеске
несиенің бірнеше түрін ұсынады:
Несиелендірудің шарты:
Несиелендіру мерзімі 1 айдан 10 жылға дейін (несие мақсаты бойынша);
Несие сомасы: 100 доллар және одан да жоғары.
Несие валлютасы: доллар, теңге, еуро;
Қамтамасыз ету сапасында қозғалмайтын мүлік, автотранспорт, ТМЦ,
құрама қарыз, үшінші тұлғаның кепілі қабылданады.
Несиелер бизнестің қызмет көрсетуін кеңейтуге және дамыту беріледі.
Темірбанк АҚ – ның шағын және орта бизнесінде субъектілер
несиелендіру шегінде халықаралық қаржылық институттарымен қызметтеседі.
Халықаралық қаржылармен мекемелермен жобаларын сату шегінде банк
клиенттерге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz