КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ КӨРСЕТЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ ( МЫСАЛ РЕТІН ТУРАН ӘЛЕМ БАНК АҚ )
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
ТАРАУ1. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Несиенің маңызы және оның нарықтық қатынастардағы рөлі
1.2. Несиелендіру принциптері мен негізгі функциялары
1.3. Қазіргі заманғы несиелендіру мәселелері
ТАРАУ 2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ КӨРСЕТЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ(МЫСАЛ РЕТІН
ТУРАН ӘЛЕМ БАНК АҚ)
2.1. Банк туралы жалпы мағұлмат
2.2. Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау
2.3. Халыққа банктік қызмет көрсетудің ұйымдастырылуын талдау
3. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БАНКТЕРДЕГІ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ЖАҢАШАЛАНДЫРУ
ЖОЛДАРЫ
3.1 Ақпарат алудың көзін арттыру жолдары.
3.2 Банктерді жетілдірудегі тәуекелін басқаруды жетілдіру
3.3 Банктердің бағдарламасын жетілдірудегі ерекшелігі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыста сөз болатын коммерциялық банктердегі несиелендіру
проблемалары көптеген ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстанның өтпелі
экономика кезеңіне тұспа-тұс келді деуге болады.
Қазақстан Республикасында 1995 жылдың қаңтар айынан бастап банк
жүйесінде өзгерістер басталды, яғни республикада банк жүйесінің тұрақтылығы
айқындалды. Мұның өзіне Ұлттық Банк талаптары және банктер арасындағы
бәсекелестік негіз болды. Ұлттық Банктің негізгі міндеті-барлық банктердің
сапалық қызметін көтеру және әлемдік стандартқа сай топтар құру.
Коммерциялық банктердің төлем жүргізуге мүмкіндіктерінің болмауын мен
кәсіпорындарға ұзақ мерзімді несие бере алмауын қаржы жүйесінде бірқатар
келеңсіздіктер туындатып қоймай, өндірістердің тұралауына әкелді.
Экономиканың құлдырауы коммерциялық банктерге өзгеріс әкелді.
Қазіргі қоғамдық қатынастарға сәйкес нарықтық қатынастарға көшумен
несиенің рөлі де өсті. Қазіргі уақытта банк кәсіпорындардың шаруашылық
қызметін несиемен қамтамасыз етіп, нәтижесінде өндірістің ауқымы кеңейіп,
оның жұмысы, қызметі, өнім де ұлғайды.
Банк несиенің маңызы да коммерциялық қызметті қосымша қаржыландыру
мен жаңа мүлік құру бағытында ұзақ мерзімді инвестицияны жүзеге асыруда
кәсіпорындардың құрылымы несие ресурстарын пайдалануында артады. Қарыздар
несие функциясын атқара отырып, түрлі формаларға ие және алынған қаржыны
дұрыс мақсатқа жұмсауға көмектеседі. Кәсіпорын қарызды өзіне қолайлы
формамен-вексельдік формада немесе облигация түрінде ала алады.
Осы шартта бухгалтериядағы қарыздар мен несиенің дұрыс
есебінің рөлі өсті. Несие есебінің дұрыстығы банк жетекшілігіне, оның
көлемі мен құрылымына байланысты, мұның өзі алынған қаржыға анализ жасауға
мүмкіндік береді. Несие операциялары банктік коммерциялық мекеме сияқты
негізгі дәстүрлі қызметі болып табылады. Несие ұсыну оның кәсіпорын
фирмалары, компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар, жеке тұлғаларды
инвестициялық және тұтынушылық бағытта қаржыландыру басты экономикалық
функциясы.
Банк негізгі кіріс көзін несие операцияларынан табады. Бірқатар
банктерге ссудалық операциялар 70 пайызға жуық кіріс әкелді. Банктердің
несие функциялары олардың қызмет көрсететін аймақтарының экономикалық хал-
ахуалына байланысты, өйткені банктік несиелер жаңа кәсіпорындардың өсуі мен
осы аймақтарда жұмыс орындарының артуы мен олардың зкономикалық
өміршеңдігін қамтамасыз етеді. Экономикалық тұрақтылықты орнамауынан
Қазақстандық коммерциялық банктер несиені бірнеше жылдық қысқа мерзімге
ғана береді.
Қарастырылатын мәселенің маңыздылығы мен деңгейі. Несиелердің
формалары мен әдістерінің несие қатынастарын тәжірибеде ұйымдастыруға
ықпалы зор. Банк нарықтық қатынастардың субъектісі ретінде өзінің
ресурстарына иелік етеді, ссудалар мен несие бойынша проценттік ставкалар
ұсынады.
Несиелер банк пен клиенттің қарым-қатынасы негізінде қорытылады, яғни
несие сомасы мен проценттік ставка өлшемі, оның ұсыну әдісі мен қайтару
мерзімі несие келісім шарттарында айқын көрсетіледі. Несие тек несиені
төлеуге мүмкіндігі бар тұлғаларға ғана беріледі. Қазіргі уақытта несие
механизмінде несиелендіру банктік бақылау жасауда қатаң талаптар жоқ деуге
болады.
Несие қатынастары негізінде клиент пен банк үшін пайдалылық жатыр.
Несиелердің жаңа заманғы үлгісінің ерекшеліктері мынадай:
- клиент банкті өзі таңдайды, яғни ол түрлі банктерден ссуда алуға
құқығы бар, мұның өзі банктер арасындағы бәсекелестікті дамытады. Несие
клиенттерге және басқаларға да беріледі. Басқалар дегеніміз банкте есеп
шоты жоқ жеке тұлғалар.
- банк өзінің ресурстарына иелік етеді, сондықтан да ол ссуда
ұсынуда шарттар қояды.
-несиелендіру жеке тұтынушылық, бір реттік несие ретінде
жүзеге асырылады.
-банк беретін несие көлемі банктің кіріс көлеміне байланысты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі құқықтық нормативтерді, бір
адамға берілетін несие сомасын бекітеді.
-дәстүрлі несиелендіру принциптері-жеделдік пен қамтамасыз ету
өз қалпын сақтайды.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Зерттеу мақсаты Қазақстанда
халыққа несиелік қызмет көрсету нарығында банктік несиелендіруді дамыту
жөнінде маңызды әлеуметтік-экономикалық мәнге ие. Ғылыми негізделген
ұсынымдар мен ұсыныснамалар оны шешуді қамтамасыз ететін ірі ғылыми
мәселелердің жобасын әзірлеу.
Көрсетілген мақсаттарға жету үшін жұмыста келесідей міндеттер қойылған:
1. Халыққа несиелік қызмет көрсету нарығында банктік несиелендіруін
дамуының теоретикалық аспектілері мен әлеуметтік бағытын анықтау. Халыққа
несиелік қызмет көрсету мен банк өнімдерінің теоретикалық мәнін негіздеу.
2. Халыққа банктік несие қызметін көрсетудің халықаралық тәжірибесі
мен оны Қазақстанда пайдаланудың мүмкін болатын перспективаларын қарастыру.
3. Халыққа несиелік қызметті ұсыну, бөлшек нарықтың ерекшелігі мен
заңдылығын зерттеу жөніндегі коммерциялық банктердің отандық тәжіриебесін
жария ету.
4. Халық пен коммерциялық банктер арақатынасындағы тәуекелдер
факторлары мен оларды реттеудің жолдарын ашып көрсету.
5. Банк қызметіндегі халықтың қажеттілігін анықтауда әдістемелік
тәсілдерді негіздеу.
6. Жеке тұлғалардың қаржылық жағдайын және оның несие қабілеттілігін
талдаудың әдістемесінің жобасын әзірлеу.
7. Жаңа банктік қызмет көрсетулерді құру мен олардың бәсекелестік
артықшылығы жөнінде банктің инновациялық саясатына маркетингтік тәсілдерді
анықтау.
Банктердің жаңа несиелері мен қызметтерін құру жөнінде зерттеулердің
әдістемелік жобасын әзірлеу, халыққа несиелік қызмет көрсету нарығында
коммерциялық банктердің қызметіндегі маркетингтік бағыт зерттеу пәні болып
саналады.
Халыққа несиелік қызмет көрсету барысында республикадағы коммерциялық
банктердің іс жүзіндегі тәжірибесі мен олардың халықты несиелеу мен несие
тәуекелін басқарудың нарықтық стратегиясын құру зерттеу обьектісін
құрайды.
Дипломдық жұмыс деңгейінде халыққа несиелік қызмет көрсету нарығында
банктік несиелендіруді дамыту мәселесін зерттеуде жұмыстың ғылыми жаңалығы
анықталады.
Зерттеу барысында алынған біршама маңызды мәселелер және олардың ғылыми
жаңалығы келесілерден тұрады:
- кешенділік, үзіліссіздік, әлеуметтік жағдайға бейімделу қағидаларына
негізделген; несиелеуден шығатын, халыққа қызмет көрсету нарығында
коммерциялық банктердің маркетингтік стратегиясын құрудың теориялық
аспектілерін зерделеу.
- азаматтардың несие алу мүмкіншілігінің есебінен банктің несиелеу
қызметіне халықтың әлеуетті сұранысын болжау мен анықтау жөнінде ұсыныс
түрінде жоба әзірлеу.
- банктің несие саясатының негізделген жолын жүзеге асыру, несие және
депозит нарығында, соның ішінде тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиелеу
жөнінде халыққа банктік қызмет көрсетудің жаңа түрлерін енгізу.
Зерттеу нәтижесін жүзеге асыру мен тәжірибелік мәні. Халыққа несиелік
қызмет көрсету нарығында банктік несиелеудің теориясы мен тәжірибесі
саласында зерттеу нәтижелерін ары қарай өңдеу үшін алынған қорытындылар
мен ұсыныстарды жетілдіру.
ТАРАУ1. БАНК НЕСИЕСІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Несиенің маңызы және оның нарықтық қатынастардағы рөлі
Нарықтық қатынастар несиелік қатынастармен байланысты. Сондықтан да
міндетті рынок шарттарын қалыптастырудың бірі-қаржы мен несиені түпкілікті
жаңарту. Бұл реформаның басты міндеті-орталықтандырылған ақша ресурстарын
тарату жүйесін қысқарту және қаржы рыногіндегі жаңа қозғалысқа көшу.
Қаржы нарығының құралуы ауыл шаруашылығын басқарудағы несие
институттарын рөлінің өзгеруін, экономикалық қатынастар жүйесіндегі несие
рөлінің өскендігін көрсетеді. Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшуі
несиеде ссудалық капитал қозғалысын, яғни ссудаға ұсынылатын ақша капиталын
реттеді.
Несие ақша капиталы трансформациясын қамтамасыз етіп, кредиторлар мен
несие берушілер арасындағы қатынаста көрініс табады. Оның көмегімен
кәсіпорынның кірістері мен ақша капиталы ссудалық капиталға айналды, ол
уақытша қолданылыс төлеміне беріледі. Капитал өндіріс қаржысы түрінде бір
саладан басқаға ауыса алмайды. Бұл процесс ақша капиталы қозғалысы
формасында жүзеге асырылады. Сондықтан да несие рынок экономикасында ең
алдымен бір саладан екінші саладағы кіріс нормаларын теңестіру үшін қажет.
Несие капиталдың бір сала өндірісінен басқаларға көшуіне және өндіріс
капиталының тұрақтануына ықпал етеді. Ол жеке капиталдың шектелуін жүзеге
асырады. Несие кәсіпорындарының қорын ұстауға, нарықтық қатынастар
құрылымындағы маңызды шарттар-өндіріс тауарлары процесіне қызмет көрсетуге
қажет. Үкіметтік кепілдік пен жеңілдіктер ұсына отырып, мемлекет банктердің
кәсіпорындар мен салаларды несиелендіруіне мүмкіндік береді.
Мемлекет несиені капиталдық салымдар үшін, тұрғын үй құрылысы, тауар
экспорты, артта қалған аудандарды көтеру мақсатына қолдана алады.
Несиесіз шаруа қожалықтарын, шағын бизнес кәсіпорындарын құруды, ішкі,
сыртқы экономикалық кеңістікте кәсіпкерлік қызметті енгізу мүмкін емес.
Несиенің көмегімен түсім капиталының жедел процесі жүреді. Ол сондай-ақ
кәсіпорындарды акциялау негізінде мемлекеттік және мунициапалды меншіктерді
жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруда рөл атқарады.
Несие жүйесі акция таратуда маңызды орын алады. Қазақстанның нарықтық
экономикаға көшуін, оның функциясының көтерілуін, қажетті
инфроқұрылымдардың құрылуын несие қатынастарының әрі қарай дамуы мен
қолданылуынсыз қамтамасыз ету мүмкін емес. Несие нарықтық экономикада және
несие қатынастарда қажеттілік туғызып отыр.
Несие латынның kreditum (ссуда, қарыз) сөзінен шыққан. kreditum
аудармасы-сенім, сенім білдіремін. Кең ауқымда несие сөзі-байлам, заңды
тұлғалар мен жеке тұлғалардың қарыз, ссудаға байланысты келісімі.
Кредиторлардың бірі басқаға белгілі бір мерзімнен кейін қайтарып беруге
ақша ұсынады. Несиеде қарыз келісімшарты шығады. Жаңа заман талабына
сай ссудалар ақша несиесі түрінде ресімделеді, несиелік қатынастар
барлық ақша қатынастарының бөлімі болып табылады. Несие формалары оның
басқа құрылымдарымен тығыз байланыста, сондықтан да несиенің формалары мен
түрлерін қарастырмас бұрын оның құрылымына көз жүгіртейік.
Несие құрылымы.
Құрылым-несиеде өзгермейді, тұрақты. Несие бір-бірімен байланысты
элементтерден тұрады. Бұл элементтер оның қатынастарының субъектілері болып
табылады. Несиеде субъектілер кредитор ретінде орын алады. Кредитор ең
алдымен тауар қатынасында көрініс табады. Тауарды сату-сатып алу процесінде
сатушылар үнемі бірден ақша эквивалентін ала алмайды, сатып алушы үнемі
тауарға бірден төлем жасай алмайды, төлем жасау белгілі бір уақыт ішінде
жүзеге асырылады. Осылайша сатушы кредиторға айналады, ал сатып алушы
қарыз. Бұл жерде несиелендіру келісімшартын сөз еткен жөн. Келісімшартта
оның құқықтары мен міндеттері белгіленеді. Бұл келісімшарт екі жақты, онда
бір жақтың құқығы екінші жақтың міндеттерімен сәйкес келеді.
Кредитордың міндеттері.
Несиелік келісімшарттың негізінде кредитор несие алушыға келісімшартта
белгіленген шарттар бойынша ақша ұсына алады. Келісімшартта ақшаның көлемі
мен берілу мерзімі көрсетілуі тиіс. Бұл шарттар жүзеге асатын болғандықтан,
банкке заңды міндеттер жүктемеуге ықпал етеді. Кредитор ақшаны ұсынып,
келісімшарт жасауға міндетті. Кредитор ақша беруде толық немесе жартылай
беруге құқылы. Кредитор ақша беруде жауапты тұлға. Егер кредитор себепсіз
несие беретін болса, онда ол несие алушының алдында міндеттерін
орындамағанына жауапты болады. Кредитор несие алушыға ссуда шотын ашуға
және бір мерзімде ақша беруге міндетті.
Несие алушының міндеттері.
Несие алушы несиені толық немесе жартылай алудан бас тартуға құқылы,
бұл жөнінде кредиторға мәлімет жасап, келісімшартта, заң мен басқа құқылық
актілерде көсетілуі тиіс. Соған сәйкес несие алушы несие сомасын қабылдауға
үнемі міндетті емес. Ақша алған күннен бастап несие алушы банк
несиелендіруінің қағидаларын ұстанып, несиенің белгіленген мерзіміне сәйкес
пайыздарына төлем жасап отыруы, банкке қажетті несие есебін бақылауға
ұсынуы тиіс.
Несие алушыға активтерді сату немесе басқа кредиторларға ссуда бойынша
беру рұқсат етілмейді.
Несиелендіру келісімшартында тағы екі субъектінің көзқарастары
қаралады. Бірінші болып міндеттері орындауды қамтамасыз етуші қатысушы
табылады, егер ол несие алушы болмаса. Бұл жерде гарант, сақтандырушы,
тапсырушы, үшінші тұлға-кепілге алушы. Бұл тұлға ең алдымен міндеттердің
орындалуын қадағалайды, егер міндеттер орындалмаса ол құқықтар мен
міндеттерді өзіне алады.
Тапсырушының кредитор алдындағы міндеті тапсырушы келісімшартына
байланысты. Егер келісімшартты немесе арнаулы нормативтік актілерде
тапсырушы мен несие алушының қарыз екендіктері көрсетілмесе, онда кредитор
тапсырушы мен несие алушыға талаптар қоюға толық құқығы бар. Толық
орындалған немесе міндеттер ғана кредитордың талаптарын өтей алады. Егер
жауапкершілік орнықса, онда кредитордың ең алдымен қарыз адамға талап қоюға
мүмкіндігі бар. Тапсыру мерзімі келісімшартта көрсетілуі тиіс және ол
негізгі міндеттердің қолданылуы мерзімінен төмен болмауы керек. Егер
берілген мерзім көрсетілмесе, онда кредитор тапсырушыға талаптарын 1-2 жыл
ішінде ғана ұсына алады.
Банк жүйесіндегі екінші субъект-құқық иеленуші. Банктік
несиелендірудің басқа иелендіру түрлерінен айырмашылығы-ол тек банк
есебімен ғана жүзеге асырылады. Сондай-ақ банкте және оның клиенттері
болып табылатын салымшыларына осы ретте қосымша міндеттер туындайды.
Бүгінгі күннің ең маңызды мәселелерінің бірі - салымшылардың банк
несиесіне деген қызығушылығын ояту болып отыр. Салымшылар мен банк
жұмысының қиындығы сол, олар тұрақтылық жағдайын орнатуы тиіс.
Тауар айналымы кредитор мен несие алушы қатынасы туындауының бірден
бір базасы емес.
Кредитор мен несие алушы үнемі бір жерден көрініс табады. Кредитор-
ссуда ұсынатын несиелік қатынастар жағы. Ссуда ұсынатын, яғни шынайы түрде
уақытшы қолданылысқа ұсынатын субъектілер кредитор бола алады. Ссуда беру
үшін кредитор міндетті түрде белгіленген қаржыны өз орнымен тарата
алатындай болуы қажет. Оның көздері-жеке жинақтар, ресурстар, басқа
субъектілерден қарыз алу.
Қазіргі заманғы шаруашылықта банк-кредитор ссуданы тек өзінің жеке
ресурстары есебінен емес, сондай-ақ өзінің шотында сақталған және акция мен
облигацияларды тарату негізінде ұсына алады.
Банктердің құрылуымен несие концентрациясы пайда болады. Кәсіпорындар
мен халықтың ақша ресурстарын тарта отырып, банкирлер ұжымдық кредиторларға
айналады. Несие алушы несие алып, ссуданы қайтаруға міндетті несиелік
қатынастар жағы. Қосымша ресурстарға тұтынушылығы өскен жеке тұлғалар несие
алушылар болды. Банктердің құрылуымен кредиторлар концентрациясын ғана
емес, несие алушылар тобының көбейгендігін айтуға болады. Банктер дәстүрлі
түрде ұжымдық несие алушыларға айналады, олар өздеріне емес, басқаларға
қарыз береді.
Біріншіден, несие алушы қаржының жеке иегері емес, ол тек оның
уақытша иесі ғана, несие алушы өзіне қатысы емес өзгенің ресурстарын
пайдаланушы.
Екішіден, несие алушы ақшаны өндірісте де қолдана алады (материал
алудан, өндірісті кеңейтуге).
Үшіншіден, несие алушы алған ақшаны өзі мақсат еткен шаруашылыққа
жұмсай алады. Мұндай ақшаны қайтару үшін несие алушы өзінің қызметін
ұйымдастыра білу қажет.
Төртіншіден, несие алушы қарызды қайтарып қана қоймайды, ссудалық
процентке де төлем жасайды.
Бесіншіден, несие алушы кредиторға бағынышты, өйткені кредитор өз
талаптарын орындайды.
Кредиторға тәуелділік несие алушыға алған ақшаны өз орнымен жұмсауға
мүмкіндік береді. Алған ақшаны қайтарған күнде де несие
алушы кредиторға тәуелді күйінде қалады, ол барлық ақшаны уақытында қайтару
міндетті.
Кредитордан тәуелді қарыз беруші несиелік байламда біржақты тұлға
болып қалмайды. Қарыз берушісіз кредитор да болуы мүмкін емес. Қарыз беруші
уақытша пайдаланылған ресурстарды алып қана қоймай, оны
қолданып, өзінің қарызынан толығымен есеп айырысуы қажет. Бұл жерде қарыз
беруші-ресурстарды қолдануды жүзеге асырады. Кредиторлар мен қарыз
берушілерден кейін несиелік қатынастар құрылымының элементі кредитордан
қарыз берушіге берілетін объект болып табылады. Бұл жерде баға рөл
атқарады. Ең алдымен, ол қолма қол бағаға ие. Несиелік
қатынастар бағасы оның қозғалысымен көрініс табады. Несие тек
кредитор, қарыз беруші ғана емес, несиенің құрылымы
оның элементтерінің бірлігін көрсетеді.

Экономикадағы несиелік қатынастар әдістемелік негізде, оның
прициптерінің элементтері ретінде ссудалық операциялар рыногіндегі кез
келген операцияларды тәжірибелік ұйымдастыруда қатаң қадағаланады. Бұл
принциптер несие дамуының алғашқы сатысында көрініс тапты, одан әрі жалпы
мемлекеттік несие заңнамасында көрініс тапты.
Несиенің қайтарымдылығы.
Бұл принцип кредитордан қаржылық ресурстарды қарыз алушы оны
қолданғаннан кейін уақытында қайтару міндеттілігін көрсетеді. Ол сондай-ақ
белгілі бір ссуданы несиелік ұйым шотына ақша аударуға сәйкес жүзеге
асырылады. Ол банктің несиелік ресурстарын уақытында қайтарылуын қамтамасыз
етеді.
Несиелендірудің отандық тәжірибесінде орталықтандырылған жоспарлы
экономика талаптарына сәйкес қайтарымсыз ссуда деген түсінік қалыптасты.
Несиелендірудің бұл формасы кең тарап, әсіресе аграрлық секторда және
мемлекеттік несиелік мекемелерге ссуда ұсынуда көрініс тапты, оның қайтару
қарыз алушының қаржылық жағдайына байланысты жүзеге асырылды.
Қайтарымсыз ссудалар бюджеттік субсидиялардың қосымша формалары болып
табылады, ол бюджеттің есеп бөлімінің тұрақты фальсификациясы болды.
Рыноктік экономика талаптарына сәйкес қайтарымсыз ссуда деген түсінік
жоспарлы жеке кәсіпорын түсінігіне сәйкес келеді.
Несиенің жеделдігі
Ол белгілі бір мезгілде, несиелік келісімшартта немесе құжатта
көрсетілген мерзімге сәйкес жүзеге асырылады. Егер бұл талаптар бұзылса,
қайтарым пайыздары көбейеді, ал одан әрі талаптар бұзылса, қаржылық
талаптарды ұсыну сот тәртібімен жүзеге асырылады. Оң қолдық ссудалар
несиелік келісімшартта анықталмайды. Сонымен қатар оң қолдық несие туралы
келісімшартта оның төлем жасау мерзімі көрсетілмесе де көрсетілген
прициптерді қадағалау қамтамасыз етіледі.
Несиенің ақысы. Ссудалық пайыз.
Бұл прицип бойынша қарыз алушы банктен алған несиелік ресурстарды
уақытында төлеуге, оны қолдану құқы беріледі. Несиеге төлем жасау қарыз
алушы мен кредитор арасындағы қосымша шотқа байланысты қолдануға сәйкес
жүргізіледі. Қарастырылған прициптерді орындауда үш негізгі функция бар:
-Жеке тұлғалар кірісі мен заңды тұлғалар кірістерін тарату;
-Ссудалық капиталды сала, салааралық және халықаралық деңгейде тарату
арқылы өндірісті ұйымдастыру;
-Экономика дамуының кризисті шартында-банк клиенттерінің ақша
жинақтарын антиинфляциялық қорғау.
Ссудалық пайыз мөлшері.
Ол ссудалық капиталда алынған жылдық кіріс сомасы
қатынастарымен анықталады.
Несиенің рөлін айқындай отырып, несие төлемі
жоспарлы экономикада қолданылады, несиелік ресурстардың көп
бөлігі мемлекеттік банк мекемелерінде уақытында, пайыссыз негізде
төлем жасауға бағытталады.
Дәстүрлі механизмнен айырмашылығы-несие бағасы ссудалық капитал
рыногінде сұраныстың көбейгендігін көрсетеді және ол бір
деңгейдегі факторларға тәуелді:
- Нарықтық экономиканың дамуы (ссудалық процент көбейеді, бір
уақыттарда төмендейді);
- Инфляциялық процесс деңгейі;
- Мемлекеттік несиенің бағыты, ол орталық банктің есеп саясаты
арқылы коммерциялық банктердің жұмысын үйлестіру шаралары арқылы жүзеге
асырылады;
- Халықаралық несие рыногіндегі жағдай;
- Жеке және заңды тұлғалардың ақша жинақтау динамикасы
(олардың қысқаруына орай ссудалық процент көбейеді);
- Өндіріс динамикасы, ол потенциалды қарыз алушылар
категориясына сәйкес несиелік ресурс қажеттілігімен анықталады;
Несиенің қамтамасыз етілуі.
Бұл прицип бойынша кредитордың мүлкін қорғау несиені ссуда немесе
қаржылық кепілдік арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы экономикалық тұрақсыздық, отандық талаптар негізінде актуальды.
Несиенің бағыттық маңызы.
Кредитордан алынған несиелік операциялардың көп түрлері таратылады.
Несиелік келісімшарт бөліміне сәйкес тәжірибелік көрініс табылады, ол
берілген ссуда бойынша негізі бағыт бекітіледі. Сондай-ақ бұл шарттарды
қадағалау банктік бақылау жасау процесінде көрініс табады.
Берілген міндеттеменің бұзылуы несиені мерзімінен бұрын
төлеу немесе айыппұл негізінде көрінеді.
Несиеннің дифференциалды жағы.
Бұл принцип несиелік ұйымдардың потенциалды қарыз алушыға
дифференциалды қатынасын анықтайды. Оны тарату негізі банк арқылы жүзеге
асырылады.
Қоғамның экономикалық жүйесінде несиенің орны мен рөлі ең алдымен оның
орындайтын функцияларымен анықталады.
Таратылым функциясы.
Нарықтық экономика талаптарына ссудалық капитал рыногі тәуелсіз
қаржылық ресурстар бір шаруашылық қызметтен басқаларға бағытталады. Несие
экономиканың шағын қозғаушысы, қосымша қаржылық ресурстар капиталының
дамыған объектілерін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік несие жүйесінде несиелік ресурстарды сала мен аймақта
қолданады. Олардың дамуы жеке шаруашылық субъектілерімен жүргізіледі.
Бұл функция да несиеде қаржылық ресурстар уақытша өндіріс және сауда
капиталы ретінде белгіленеді. Шаруашылықтың субъектілері шығындар мен қатар
қаржылық ресурстар жетіспеушілігін анықтайды. Сондықтан да ссудалар жеке
мүлік ретінда қарыз алушылар категориялар негізінде таратылады.
Капитал концентрациясының жеделдігі.
Капиталдың концентрация процесі экономика дамуы тұрақтылығы қажетті
шарты және шаруашылық субъектісі болып табылады. Бұл сауалды
шешуге түсімнің қосымша массасы қамтамасыз етіледі.
Тауар айналымға қызмет ету.
Бұл функция процесі тауарлық, қолма қол ақша жеделдігіне әсер етеді.
Ақша айналымы жүйесіне вексель, чектер, несиелі карточкалар, т.б. кіреді.
Олар жеке қолма - қол операцияларды қамтамасыз етеді, сондай- ақ сыртқы
және халықаралық рынокте экономикалық механизмді жеделдетеді.
Ғылыми-техникалық прогресс жеделдігі.
Соңғы жылдары ғылыми техникалық прогресс кез келген мемлекет пен жеке
шаруашылық субъектілерінің экономикалық дамуының анықтаушы факторы болып
табылады. Несие рөлі ғылыми техникалық ұйымдар
қызметімен өлшенеді. Несие инновациялық процестерді ғылыми
өндірістер мен технологияларға енгізуде жүзеге асырылады.
Шығындар кәсіпорындар мен банктік ұзақ мерзімді
ссудаларымен қаржыландырылады.
Сонымен, несие дегеніміз - кредитор мен қарыз алушы
арасындағы экономикалық қатынас.
Рыноктік экономика талаптарына сай несие келесі
функцияларды орындайды;
А) уақытша тәуелсіз ақша жүйесіне аккумуляция;
Б) қайтарым негізінде ақша жүйесін тарату;
В) несиелік операциялар құру (банкнот пен қазыналық билеттер);
Г) ақша айналымы көлемін зерттеу;
Несиенің негізгі принциптері-жеделдік, қайтарым.
Несиелендіру қиын процесс болып табылады, ол бірқатар сатылардан тұрады.
І. Бағдарлама, ол елдер мен аймақтар макроэкономикалық жағдайлар
бағасы ретінде көрінеді. Банк-кредитордың ссуда алушылармен
жұмысқа дайындығы, сыртқы нормативтік құжаттар негізінде беріледі.
Жүргізілген зерттеулермен банк жетекшілігі белгілі бір мерзімге несие
саясаты бойынша меморандум қабылдайды. Бұл құжаттарға мыналар қажет:
а) Банк несиелік жұмыстарының негізгі бағыттары, нақты несиелік қызмет
көрсеткіштері (нормативтер мен лимиттер).
ә) Несие мен депозиттер қатынасы;
б) Жеке капитал мен активтер қатынасы;
в) Несиелік портфель сегменттерінің лимиттері (бір сала
бойынша кәсіпорын несиенің лимиті, жекеменшік иелігі, несиелендіру түрлері
және т.б.). лимит өлшемі 25 пайыздан кем емес.
д) клиенттік лимиттер;
- акционерлер үшін;
- қарт адамдар үшін;
- жаңа клиенттер үшін;
- бөгде адамдар үшін;
е) несиелендірудің географиялық лимиттері (филиалдар үшін
сапалы несиелік жұмыстар, белгіленген аймақтарда операциялар жүргізу талап
етіледі).
ж) жұмыста кепілдік, рәсімдеу стандарттары, баға маржасы, т.б. талап
ету.
з) құжаттық рәсімдеу мен несие алудағы талаптар;
и) несиелік маржылар мен механизмдердің деңгейін оның өзгеріс шешімін
қабылдауда жоспарлау.
2. Сыртқы банктің несиелік жұмыстары бойынша нормативті құжаттар
мыналарда көрініс табады;
а) несиелік процестерді ұйымдастыру;
б) қарыз алушыдан құжаттар мен несиелік келісім-шарттар сызбасы мен
стандарттарын талап ету;
в) баға анықтамасын жүргізу.
Осы құжаттарды қабылдау арқылы ғана ішкі банктің
жұмысқа, несиелендірудің екінші бағанына дайындығын сөз етуге болады.
I. Екінші саты - банктік ссудаларды ұсыну.
Әрбір банктегі қабылданған бағыттарға сәйкес несиелік құрылымдар
қызметкерлері ссуда алуға тапсырыс беруді жүзеге асырады. Несиелендіру
түрлері арқылы (инвестициялық, қысқа мерзімді, жеке тұлғаларды
несиелендіру, заңды тұлғаларды несиелендіру, тұтынушылық, жеке
кәсіпкерлерді несиелендіру) қажетті құжаттар дайындалады. Бұл жерде
несиелік құрылым қызметкері құжат ұсынғандығы, рыноктік мүмкіндіктер мен
операциялар жөнінде экономикалық анализ жүргізуі тиіс.
Осындай жұмыс жүргізу үшін қызметкерден маркетинг туралы білімі,
макроэкономика туралы білімі, ауыл шаруашылығы дамуының салалық, аймақтық
тенденциясы талап етіледі.
Анализ жүргізу негізінде несиелендірудің оңтайлы әдісін таңдау,
несиелендіру мерзімі, ссудалық ставка түрі, ссуданы төлеу талап етіледі.
Қазіргі заманғы банк тәжірибесінде қамтамасыз ету проблемасы жетекші
мәселелердің біріне айналып отыр. Бірақ Қазақстанда банктердегі
тарату кризисі мен банккроттық несиелік құрылымдар қызметімен қамтамасыз
етіледі.
- кепілдік;
- банктік кепілдік;
- тапсырыс;
- қарыз алушыны несиеге төлем жасамандығы үшін жауапкершілік сақтандыру;
Барлық қарызгердің міндеттері туралы берілген тәсілдер ссуда алушыны
өз міндеттерін уақытында орындауға мүмкіндік береді. Сондықтан да
міндеттемелермен қамтамасыз ету қарыз алушымен байланысты.
Ссуда шаруашылық операцияларды жүзеге асыру үшін берілуі қажет.
Қамтамасыз ету- банктің несие алу үшін қаржылық проектісі. Егер кредиттік
байламдар негізі қарызбен байланысты болса, банк үшін кредиттік жүйе тиімді
болмақ.
Қазақстандық банктерді несиемен қамтамасыз ету мәселесі бірінші орында
тұр. Мұның өзі банк операциялары негізінде арнайы информациялық
агенттіктерде жүзеге асырылады.
Несие уақытында қайтарылмаса, банк нарықтық бағаны қарыз алушының
уақытында төлем жасауын қамтамасыз етеді.
Банк үшін кәсібі нарық қызметкерлерімен тығыз байланыс оның сапалы
қызметін арттырады. Профессионалдар тауарға сапалы зерттеу жүргізуде қарыз
алушыға тауардың сызбасын ұсынады. Білікті эксперттер банкке төмен сапалы,
ақауы көп тауарларды төмен бағаға ұсынады.
III. Несие ұсынудағы маңызды шаралар.
Несиелік процестің үшінші сатысы -қолданылған несиеге бақылау жасау.
Ссудаларды қолдану банк төлемдерін шаруашылық-қаржылық қызмет үшін
ұсынылады.
Ссудаларды қолданудың ең басты шарты-несиелік кірісті банк төлемін
немесе проценттік ақшаны төлеу.
Банк несие беруді қарыз алушыларға өзінің тұрақтылығын көрсете алады,
кірістік мүмкіндіктерді пайдалана алады. Несиені төлеу банкке өте қымбатқа
түседі. Сондықтан да несиелік саясат барлық кіріс ресурстарын дұрыс
қолдануға бағытталады.
Ссудаларды төлеу қиындығы бірдей көрінеді. Бұл процесс белгілі бір
уақыт аралығында көрінеді. Банктің тәжірибелі қызметкері қаржылық қиындық
процестерінің белгілерін байқап үлгеріп, түзетулер негізе алады. Шара
қолдана отырып, осы процестен шыға алады. Банктің шығындары қарыз бен
проценттерді уақытында төленбегендігіне ғана байланысты емес, банкке
келетін шығындар басқа да жағдайларға байланысты;
- мерзімі өскен және төленбеген несиелер салымшылар
мен инвесторлардың сенімсіздігін туғызады;
- әкімшілік шығындар көбейеді, проблемалық ссудалар ерекше
несиелік тұлғаны қажет етеді;
- білікті мамандардың басқа жұмысқа ауысуы да операция түсімін
төмендетеді;
- осылардың барлығы банкті банкротқа ұшыратуы мүмкін, қарыздың
өтелмеуі банкті тығырыққа тірейді.
Ссудаларды төлеу қиындығының негізгі себептері мыналар:
1. Банк қызметкерлері жіберген қателіктер қатаң түрде бақылауға алынуы
тиіс. Ең жиі кездесетін заң бұзушылықтар:
-қарыз алушымен дұрыс қарым-қатынас жасамау;
-қаржылық анализдің дұрыс жүргізілмеуі;
-ссуданың дұрыс құрылымының болмауы;
-ссудамен қажетті қамтамасыз етілмеу;
-ссуданың құжаттық рәсімдеріндегі қателіктер;
-ссуданы төлеу кезінде қарыз алушыға дұрыс бақылау жасалмауы;
-жетекшілердің мәселелері;
-банкпен қатынастың тез өзара өзгеруі, байланыс жасамау;
-қызметкерлердің ауысуы;
-жаңа кәсіпорындардың құрылуы;
-қаржылық есептердің дұрыс құрылмауы;
-тауар бағасының бекітілмуі;
-нарықтық талаптардың төмендеуі;
-операциялық бақылау жасалмау;
-маңызды клиенттерді жоғалту;
Қарыз алушының басқа іскер адамдармен қарым-қатынасының өзгеруімен
банк мыналарды аша алады;
-қарыз алушыдан тауарға төлем жасауда жеңілдіктер ұсыну;
-сақтандыруларды тарату.
Банк қарыз алушы төлемдерді кешіктірсе оның жеке мүлкін тәркілеуге
құқығы бар.
2. Ссуда алуда компания жұмысындағы кедергілер:
- дұрыс жетекшілік жасалмау;
- тауар сапасының төмендігі;
- болашақ рынок бағасындағы қателіктер, жарнамалық компания
жоспарының жоқтығынан маркетингтің болмауы;
- қаржылық компанияларға бақылау жасалмау.
- несиені уақытында төлеу қиындарға жол бермеуге талпыныс жасалмауы.
Егер қарыз алушының қаржылық ахуалы нашарласа төленбеуі мүмкін. Бұл
жағдайларды болдырмау мына жолдармен шешіледі:
- қаржылық есептер анализі;
- қарыз алушы адаммен жеке контактілер;
- басқа банк бөлімдерімен мәліметтер алмасу.
Несие қызметінде қарыз алушы банктен баланс, кіріс пен шығыс есептері
туралы құжаттар талап етуге құқылы.
Банк мыналарға назар аудару тиіс:
- қаржылық есептердің мерзімінде ұсынылмауы;
- дебиторлық төлемнің көбеюі;
- қордың төмендеуі;
- қысқа мерзімді активтердің төмендеуі;
- қысқа мерзімді төлемдердің өсуі;
- таратылу коэффициентінің төмендеуі;
- актив сомасында негізгі капитал бөлімінің көбеюі;
- сату көлемінің төмендеуі;
- мерзімі өткен қарыздардың өсуі;
- коммерциялық несиелендіру талаптарының өзгеруі.
Банк үшін клиенттер оның филиалдарымен, жетекшілік ететін кадрлармен
тығыз байланысты болуы қажет. Банк қызметкерлері мына фактілерді есте
ұстауы тиіс:
- қарыз алушының позициясын көрсету. Сондай-ақ банк позициясында
көрсетуі қажет.
Несие қызметкерлері компания өкілдерімен кездесу
ұйымдастырып, мәселелерді талқыға салуы тиіс. Бұл үшін банк клиентпен
жұмысты әрі қарай жалғастыруы қажет.
Егер клиентті өзгерту мүмкін болса, келесі жоспарды енгізуге болады:
- активтерді сату;
- шығындардың қысқаруы;
- маркетингтік стратегияның өзгеруі;
- жетекшілер мен белгіленген жаңа тұлғаларды ауыстыру.
ІV. Несиелік процестің төртінші сатысы -банктік ссудаларын қайтарымы.
Ссудаларды қайтару сома пайыздарына сәйкес жүзеге асырылады.
Егер қарыз алушы ссуда процентін төлеп, тек кредиттік істі жабу ғана
қалса, ол банкте перспективалық несиеге ие болады.
Егер ссудалар қайтарылмай, пайыздар төленбесе, онда банктің несиелік
құрылымдарының барлық қызметкерлері осы несие проблемасын шешуі тиіс.
3. Қазіргі заманғы несиелендіру мәселелері
Несиелік рынок түрлі төлемдер арқылы жүзеге асырылады. Несиелік
байламдар несиелік институттар, яғни қарыз алу арқылы бағалы қағаздар
рыногында сату мен сатылуды белгілеуде көрінеді.
Несиелік нарықта кәсіпорын өзінің инвестициясын қаржыландыру үшін
қарызға ақша алады, сондықтан несиелік рыноктың басты мәселесі-тұрғындар
жинағын инвестицияға жіберу.
Бұл салалық және универсалды банктердің пайыздық ставкаларының
теңгерілуі жатады. Несиелік рынокте анализ жасау кезінде банктерді
универсалды және салалық деп екі топқа бөлеміз.
Осыған байланысты несиелік мемлекеттік және
коммерциялық құрылымдағы ставкалар бөлімінің градациясын қорғау қажет,
қазіргі уақытта орталықтандырылған қаржы мемлекеттік кәсіпорындарының
тәжірибесі сақталмақ. Коммерциялық банктердегі бірден-бір мәселе несиеге
төлемнің жасаланбауы. Банктер мүны ссудаларды қайтаруды қамтамасыз ету
әдісімен шешуге ұмтылады. Қамтамасыз ету әдісі қарыз алушының кредитор
алдынғы несие төлеу жөніндегі кепілдік міндеттерінің түрлері мен формалары.
Тәжірибе жүзінде кәсіпорынның өндіріс бойынша шығындары
несиелендіріледі. Ұзақ мерзімді несиелендіру жеке тұлғалар арқылы жүзеге
асырылады. Жапония, Германия сияқты елдерде ірі өндірістік компаниялар мен
банктер өзінің бағыттарын анықтай отырып өз тұтынушыларына сапалы қызмет
көрсетеді. Тұтынушылардың сапалы тауарға деген өтініші көбейеді. Осыған
байланысты рынок талаптарына сай баға динамикасы түрақтанады, олардың
санының өсуі сапалы тауарға деген қажеттіліктің туындағанын көрсетеді.
Ұсыныс көбейген сайын тауар өндіруге көбеймек, ал несиелендіру жеке
кәсіпорындардың емес, қоғамның пікірімен сәйкес келеді. Осыған байланысты
банк клиенттің төлем қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Аймақаралық бәсекелестік негізінде қаржылық қызметтер барлық елде
бірдей деуге болады. Бәсекелестіктің күшеюі банк
кірістерінің қысқаруына әкеледі. Дәстүрлі рынокта банктер өзінің
несиелік саясатын ұстануға мүдделі. Банктер үазқ мерзімді, қысқа мерзімді
маркетингтік стратегияларды банк байламдарында автоматизация үшін
жаңа технологияларды енгізуді жеделдетуді ұсына алады.
ТАРАУ 2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ КӨРСЕТЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ(МЫСАЛ
РЕТІНДЕ ТҰРАН-ӘЛЕМ АҚ)
2.1 Банк туралы жалпы мағұлмат.
Тұран Әлем банк АҚ өз қызметі дамуының 80 жылдық тарихы бар. ТӘБ
құрылуы 1925 жылы алғаш республика аумағында құрылған СССР Қазақстандық
Өнеркәсіп-Құрылыс банк негізінен бастау алады. Бұл банкімен барлық уақытта
кеңестік Қазақстанның индустриалдық және құрлыс саласын байланыстыруға
болатынын атап өту керк, оның республиканы модернизациялау мен дамуына
қосқан үлесі мен жеткен жетістігін, сонымен қатар Алматы қаласы,
Қазақстанның бұрынғы сол жылдардағы астаналары оны есінде сақтайды.
Өндірістік- Құрылыс банкінің арқасында республикада белгілі Шымбұлақ және
Медеу тау кешені жүргізіліп, оңтүстік астананың Орталық стадионы мен
Республика сарайы салынған. Сонымен қатар Өндірістік - Құрылыс банкінің
көмегімен Балқаш түсті - метал, Ұлба Титан-Магни комбинаты және басқа ірі
өндірістік және қазып шығаратын обьектілер салынды.
1991 жылы СССР экономикасының құлдырау кезеңі мен Қазақстанның тәуелсіз
мемлекет болып қалыптасу уақытында, СССР қазақстандық Өнеркәсіп-Құрылыс
банк Тұран банк акционерлік банкі деп атын өзгертіп және Басқарма
төрағасына Бейсенов Ораз Макаевичті тағайындады.
Тұран-Әлем банкінің құрылу жүйесіне жататын екінші банк, Кеңес Одағы
кезінде елдің барлық сыртқы сауда операциясына қызмет көрсеткен
Қазақстанның Сыртқы сауда банкісінің мұрагері - Әлембанк. Сол кезде
Сыртқы сауда банкінде посткеңестік аумағындағы ең үздік халықаралық
мамандар жұміс істеген. 1992 жылы Қазақстанның Сыртқы сауда банкісі
Қазақстан Әлембанк болып өзгертілді. Оның төрағасына Иришев Берлин
Кенжетаевич тағайындалды.
1997 жылы қаңтарда Қазақстанның екі ірі және тәжірибелі банктері -
Қазақстан Әлембанк және Тұран банк қосылып Тұран Әлем Банк ЖАҚ болды.
Акционерлердің жалпы жиналысында Тұран Әлем Банк ЖАҚ Басқарма бастығына
Татишев Ержан Нұралдымович таңдалды. Соның арқасында ТӘБ Қазақстанның
қаржы нарығында бірінші позицияны иеленетін, елдің маңызды банктерінің бірі
болып табылады. ТӘБ 2003 жылы Тұран Әлем Банк АҚ болып атын өзгертті.
Өкінішке орай 2004 жылы 19 желтоқсанда Тұран Әлем Банк АҚ Төрағасы
Татишев Ержан жазатайым жағдайда қайғылы қазаға ұшырады. Жеті жылдық
басшылығында Татишев ТӘБ алдыңғы қатардағы көрсеткіштерге жеткізді. Тұран
Әлем Банк Қазақстанның барлық экономикасын үзіліссіз байланыстырды,
сонымен қатар басқа жоғары экономикалық параметрлерді, елдің шегіндегі
қаржылық нарықтардың экспансияларын, кіші және орта бизнесті несиелеу,
ипотека салаларында ол елдің даму стратегиясын анықтаған және анықтайды. Ол
Қазақстан экономикасының қалай дамитынын, және одан банк жүйесі қандай орын
алатынын көрсеткен адамдардың бірі болатын. Ержан Нұралдымович нәтижелі
болу үшін банктің қандай болуы керек екендігін білді. Ол өз ұжымының басқа
мүшелерін – ең төменгі сатыдағыларға дейін барлығын жұмылдырып, Тұран Әлем
Банкінің жетістікке жетуін, оның нарыққа және клиенттерді тартуға
икемділігін көздеп жұмыс жүргізуді талап етті. Ержан Татишевтің аты Тұран
Әлем Банкінің гүлденуімен мәңгі байланысты.
2005 жылы қаңтарда Тұран Әлем Банк АҚ директорлар кеңесінің жиналысымен
Басқарма төрағасына бірауыздан Садуақас Мамештегі тағайындалды. Бұған
дейін ол ТӘБ Басқарма төрағасының орынбасары, 1999 жылы және көп жылдар
Қазақстандық қор биржасының Биржалық кеңес Төрағасы лауазымына қайта
таңдалады, бұл оның беделділігі мен жинақылығымен бизнесмендерге танымал
екендігін куәландырады.
ТӘБ жаңа басшысының келуімен банк саясаты бұрынғыша қалып – ТМД қаржы
институттарының көш басшысы ретінде біртіндеп дамуын жалғастыруда.
Алдынғы жоспарлар орындалған. Тұран Әлем Банкіге бұрын орындалған
міндеттерді толықтыратын жаңа кезең келді. Атап айтқанда, егер 1997 жылы
негізгі көрсеткіштері бойынша ТӘБ нарықтық үлесі 7% құраса және банк
рейтингте 6-8 сызықты иеленсе, ол 2002 жылы бар жоғы 5 жылдың ішінде
экономикалық параметр бойынша 2 орынды шапшаң иеленді. Қазір ТӘБ
Қазақстанның басқа коммерциялық банктерінен көп оза отырып өзінің алдынғы
қатардағы орнын сақтауда. Дамуының алғашқы кезеңінде ол әмбебап қаржы
институты ретінде бекіді, банк өнімдеріне сұранысты ынталандыруды
жалғастырып және нарықтағы өзінің көшбасшылығын сақтап қала алды.
Тұран Әлем банк ашық акционерлік қоғам формасында тіркелген. Банк
Қазақстан Республикасы заңдылық актілеріне сәйкес заңды тұлға болып
табылады, жеке балансы, банк есеп - шоты бар, өзінің атына мүліктік және
жеке мүліктік емес құқықтарды ала алды, сотта жауапты бола алады. Банк
Қазақстан Республикасында тіркеліп, ҚР Ұлттық банкінің банктік
операцияларын жүргізуге лицензия берілген.
Банк өз қызметінде Конституция ҚР заңнамаларына, ҚР нормативтік
-құқықтық актілеріне, сондай-ақ Жарғыға жүгінеді.
Банк Қаулы негізінде жүретін, Банк Басқармасымен бекітілген банк
берген сенімхаттар, есеп - кассалық бөлімдер құруға құқылы. Банк Ұлттық
банктің келісімімен есеп - кассалық бөлімдерді аша алады. Басшылар
Кеңесінің шешімімен Банк ҚР территориясында, сондай - ақ одан тыс
жерлерде өзінің филиалдарын құруға құқылы. Банк филиалдары заңды тұлғалар
болмағандықтан, банк үкіметі бекіткен Қаулыға сәйкес жұмыс істей алады.
Банк қызметінің мерзімі шектеусіз.
Банктің басты мақсаты кіріс кіргізу.
Банк органдары:
- Жоғарғы орган - акционерлердің жалпы жиналысы
- Басқарма органы - Басшылар Кеңесі
- Орындаушы орган - төраға басқаратын Басқарма
- Бақылау органы - ревизиялық комиссия
Акционерлердің жалпы жиналысында келесі мәселелер талқыланады:
- Банк жарғысының қосымшасына өзгерістер енгізу
- Банк қоғамы типін өзгерту
- Банктің өз еркімен қайта құрылуы немесе таратылуы
- Банктің Басшылар Кеңесін сайлау оның сандық құрамы мен өкілеттілігінің
тоқтатылуын анықтау
- Банктің жарғылық капиталы өлшемін өзгерту
- Банктің ревизиялық өкілдерін сайлау және т.б. мәселелерді қарау.
Акционерлердің ортақ жиналысындағы мәселелер ҚР заң актілеріне
сәйкес Банктің Басшылар Кеңесі қарауына жіберілмейді.
Акционерлердің ортақ жиналысы банктің Басшылар Кеңесіндегі ішкі
қызметтерге байланысты сұрақтарды талқылауға толық құқылы.
Банктің Басшылар Кеңесі банк қызметіне жетекшілік етуді
жүзеге асыратын Банк мекемесінің органы болып табылады.
Банк Кеңесінде мынадай мәселелер қаралады:
- Банк қызметіндегі бағыттарды анықтау;
- Банк акционерлері жылдық жиналысындағы шешімдерді қабылдау;
- Акционерлердің жиналысын өткізу үшін күн тәртібін белгілеу;
- Акционерлер жиналысындағы сұрақтар бойынша күшіне енген
заңнамаларға сәйкес шешім қабылдау
- Банк Басқармасын сайлау;
- Дивиденттер төлеу тәртібі көздерінің өлшемін шешуді қабылдау;
- Резервтік қордың өлшемі мен таза кірісті қолдану тәртібін анықтау;
- Филиалдардың ашылуы (жабылуы) туралы шешім қабылдау;
Басқарма - Банктің орындаушы органы болып табылады, Банктің атынан Банк
Жарғысында бекітілген заңдар бойынша жұмыс жүргізеді, штаттарды бекітеді,
шешім шығарып, оның банк қызметкерлерінің тарапынан орындалуын
қадағалайды. Басқарма Банк Басшылар кеңесімен 7 адамнан 3 жылға сайланып,
Басқарма төрағасынан және Басқарма мүшелерінен тұрады. Басшылар кеңесінің
шешімімен Басқарма мүшелерінің өкілеттілігі уақытша тоқтатылуы мүмкін.
Басқарма Төрағаның немесе оның мүшелерінің тәртібімен шақырылады.
Басқарма акционерлер кеңесі, Басшылар кеңесі шешімдерінің орындалуын
қамтамасыз етіп, акционерлер кеңесі мен банк Басшылары кеңесінің кез -
келген мәселелері төңірегінде шешім шығарады. Басқарма банк
акционерлері кеңесінде бекітілген банк қызметінің негізгі бағыттары
туралы жобаларды Басшылар кеңесінің қарауына жібереді. Басқарма
банктің ішкі қаржы - шаруашылық қызметі мен оның құрылымдық бөлімдері
туралы құжаттарын бекітеді. Басқарма жылдық есеп, баланстық есеп, түсім,
шығындар жөнінде акционерлер кеңесінде есеп береді. Сондай-ақ филиал
Банк Басқармасы шешімдеріне сәйкес банк операцияларын Жарғыға
сәйкес теңге немесе шетел валютасында жүзеге асырады.
Филиал қызметі қажеттілік, аймақ спецификасы негізінде, сондай - ақ
филиал кадрлары квалификациясы деңгейімен анықталады. Банк операцияларының
барлық түрлері ҚР Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде жүзеге асырылады.
Басқарма төрағасы банктің жоғары жауапты тұлғасы болып табылады, банк
Басшылар кеңесімен сайланып, банк қызметіне жетекшілік етеді.
Басқарма төрағасы Банктің атынан сенімхатсыз әрекет ете алады.
Ревизия комиссиясы Банктің қаржы - шаруашылық қызметіне бақылау
жүргізуді жүзеге асыратын орган болып табылады, акционерлер кеңесінде
сайланады. Ревизиялық комиссия акционерлер кеңесі, Басшылар кеңесі, жеке
инициатива немесе акционерлердің талаптары бойынша банк қызметіне тексеру
жүргізуді жүзеге асырады. Ревизиялық комиссия міндетті тәртіп бойынша
жылдық қаржылық есебіне тексеріс жүргізді.
2.2. Қарыз алушының несиеқабілеттілігін талдау.
Қарыз алушының несиеқабілеттілігін талдау өткен кезеңдегі
статистикалық және бухгалтерлік есебі, несие пайдалану кезіндегі оның
қаржылық жағдайына болжам туралы жиналған мәліметтер негізінде жүргізіледі.
Жоғарыда көрсетілгендей, қарыз алушы несиені алу үшін банкке
негізделген жазбаша арызымен барады, онда мыналар қысқаша жазылып
көрсетілген: несиенің мақсаттық бағыты, оның сомасы, пайдалану мерзімі,
нақты өтеу мерзімі, сонымен қатар несиеленетін шаралардың және оны жүзеге
асырудың эконмикалық тиімділіктерінің қысқаша сипаттамасы. Арыз үш данада
толтырылады: бірінші және екінші данасы өткізбе үшін, ал үшіншісі
несиеленуші қызметкеріне қалады. Арызға келесі материалдар тіркеледі:
- несиеленетін шаралардың жоспарланған шығындары есебінің өнімді
өткізуден күтілген түсімдер және айналым активтері қозғалысының
техникалық-экономикалық негіздемесі;
- бухгалтерлік және статистикалық есептер, шығысы және табысы
туралы декларация және қарыз алушының несие қабілеттілігі мен
қаржылық жағдайын анықтайтын басқа да мәлеметтер;
- Банктік тәжірбиеде қабылданған несиені уақытында қайтаруды
қамтамасыз ету міндеттемесі мерзімді міндеттемен өтеу мерзімі
келген кезде клиент шотынан ақшаны сөзсіз аударуға банкке құқық
беретін кепілдік, кепілзат және т.б.
Қазіргі кезде барлық банктерде арнайы уәкілетті орган құрылған. Осы
уәкілетті орган несиелерге байланысты көп мәселе бойынша шешімдерді
қарастырады немесе қабылдайды, тек ерекше жағдайларда ғана басқарманың
қарауына ұсынылады. Несиелік комитеттің құрамына басқарма өкілдері,
несиелік және заң, валюталық және коммерциялық бөлімдері, сонымен қатар
банктің қаржылық директоры кіреді. Құжаттар пакеті несиелік бөлімге
беріледі. Несиелік бөлім және басқа бөлімшелер банкте бекітілген мерзімде
заңды тұлғаның жобасына зерттеу жүргізеді. Оның нәтижесінде сараптама
қорытынды жасалыады. ол шамамен алты бөлімнен тұрады., оларда қарыз алушы
кәсіпорын туралы ақпарат жобаға қысқаша мінездеме, юобаның қаржылық бағасы,
қаражаттың қайтарылуын қамсыздандыру және тәуекелдерді талдау.
Бірінші бөлімде қарыз алушы кәсіпорын туралы ақпарат қамтылады. Онда
қызмет көрсететін банктің сілтемесі мен компанияның туындау және даму
тарихы, есеп айырысу, валюталық шартының нөмері және олар бойынша
айналымдар, компания құрылтайшылары және олардың жарғылық қордағы үлестері,
жарғылық қордың өтелінген мөлшері және оның қалыптасу көздері, қарыз
алушының ұйымдастырушылық және құқықтық статусы, тіркелу уақыты және орны,
компанияның деректемелері және заңды мекен - жайы, негізгі қызмет түрлері
қарастырылады. Компания басқарушының білім дәрежесі, қызмет ету тізімі,
бұрынғы жұмыс орны, бизнесті жүргізудегі стажы, осы компаниядағы жұмыс
тәжірбиесі. Сонымен қатар мұнда компанияның барлық қызмет түрлерінің
сипаттамасы қамтылады, негізгі қордың барлығы, қарыз алушының меншігінің
құрылымы, несиелік тарих және қарыз алушының жағдайына қаржылық баға,
несиеқабілеттілікті бағалауда негізгі мезет - қарыз алушының жағдайына
қаржылық баға беру. Оның мақсаты - шаруашылық субьектінің қаржылық және
мүліктік жағдайына, оның қызметінің нәтижелеріне толық сипаттама:
- кәсіпорнынның қаржылық тұрақтылығын - өтімділігін анықтау;
- меншік және тартылған қаржылық ресурстарды пайдаланудың
тиімділігін зерделеу.
Қаржылық - шаруашылық есепті талдау бағдарламасын екі кезеңде қарауға
болады.
- шаруашылық субьектінің қаржылық және экономикалық жағдайына
алдын - ала шолу жасау;
- қарыз алушы кәсіпорынның экономикалық әлуетіне талдау және баға
беру (қаржылық және мүліктік жағдайын бағалау)
Алдын - ала шолудың мақсаты - балансты қарапайым есептеу арқылы тексеру
және қаржылық есепті талдау мақсаттылығын анықтау үшін тиісті құжаттарды
тексеру.
Бірінші кезеңге мыналар жатады:
- құрылтайшылық құжаттарды және банктік деректемелерді тексеру;
- бухгалтерлік есепті және құжаттауды кешендік тексеру,
- есеп беру формаларының толтырылуын, барлық қажет
деректемелерін, жауапты тұлғалардың барлығын тексеру;
- банк баланс валютасын тексеру, бақылау арақатынастары мен
аралық қорытындыларының дұрыстығы, сонымен қатар берілген
балансқа баланс қосымшаларының сәйкес келуін тексеру;
- кәсіпорынның қаржылық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz