Нығмет Ғабдуллин – қазақ драматургиясын зерттеуші


Мазмұны
I. КІРІСПЕ . . . 2
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 5
2. 1. Нығмет Ғабдуллин - қазақ драматургиясын зерттеуші
2. 2. Шеберлік сыры
III. ҚОРЫТЫНДЫ . . .
IV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазан төңкерісіне дейін қазақ елінің ұлттық театры да, ұлттық драматургиясы де болмағаны мәлім. Халықтың дені дала жайлап, көшпелі тіршілікке бейімделген жұртта ол кезде сахна өнерінің орнығып, өркендеуіне мүмкіншілік жағдайы да жоқ еді. Драматургияның қанат жайып өсуі үшін ең алдымен оған бой жаздырар өнер орны - театр керек. Бұрынғы әдебиетімізде поэзия дамығанда, проза да өсуге өріс тапқанда, ал драматургияның тіпті қарасы көрінбей келуінің басты бір үлкен себебі, міне, осында, яғни, ұлттық театрдың болмауында деп білеміз.
Рас, төңкерістен бұрынғы әдебиетімізде драматургиялық шығармалар жасауға ниет қылған бірен-саран талапкерлер болған. К. Тоғысыв деген адам қазақ жұрттың тұрмысынан алып «Надандық құрбаны» атты пьеса жазып, бұл шығармасын ол әуелі (1914 жылы) «Айқап» журналында жариялап, соңынан (1915 жылы) Уфа қаласында жеке кітапша етіп бастырып шығарған. Қазақ тұрмысынан жазылып, 1915 жылы «Айқап» журналында басылған, қазақ тілінде жарияланған екінші пьеса - А. Лиханов деген автордың орыс тілінде туған «Манап» атты шығармасының аудармасы.
Қазақ әдебиеті тарихын ықыласпен зерттеген ғалым Ы. Дүйсенбаев «Драматургиялық шығармалардың революциядан бұрынғы кейбір нұсқалары туралы» деген еңбегінде (Қазақ ССР Ғылым академиясының хабарлары) 1955 ж. ) қазақ драматургиясын тудыруға өздерінің әл-қатарынша әрекет еткен кейбір авторлардың есімін атайды, олардың бір кездерде жазылған, ауыл жастарының сауық кештерінде ойналған, бірақ бүгінде түпнұсқалары сақталмаған азын-аулақ пьесалары жөнінде дәлелді айғақтар арқылы мағлұмат береді.
Қазақ совет әдебиетінде шын мәніндегі драматургия Кеңес революциясынан кейін ғана туып, еркін көктеп дамуға мүмкіндік алды. Ескі дүниені төңкеріп тастаған ұлы революция патшалық Россияның қол астындағы езілген халықтардың басына бостандық әперіп, қолын бақытқа жеткізумен қатар, бұрынғы «бұратана» ұлттардың өмір тіршілігіне, тұрмыс күйіне зор жаңалықтар әкелді. Қазақ елі өміріне Кеңес жеңісі әкелген сондай үлкен жаңалықтардың бірі - сахна өнері, театр мәдениеті еді.
Әрине, ұлттық сахна өнеріміз бір күнде орныңа қалған жоқ, оның жас тарихына лайық қалыптасу жолы, өрлеу сатылары бар. Міне, осы жолда, қазақ совет әдебиетінің, бүгінде жұртшылығымыз қадірлеп отырған аса көрнекті өкілдерінің сіңірген қызметі айрықша зор; Ғабит Мүсірепов - сол қайраткерлердің біреуі.
Жазушы өзінің драматург ретінде қадамын кеңестік жаңа тақырыпқа арнап пьеса жазудан бастады. Бейімбет Майлинмен бірігіп, «Шабуыл» атты драма жазды (1931 ж) . «Шабуыл» пьесасы - Ұлы Октябрьдің Қазақстан топырағында қалай өтіп, қазақ еңбекшілерінің қалай қатысқанын көрсетуге арналған пьеса, - дейді Ғ. Мүсірепов осы шығарма туралы.
Ғ. Мүсірепов 1934 жылы қазақ халқының тамаша лиро-эпосы «Қыз Жібек» жырының халықтық нұсқасына сүйеніп, «Қыз Жібек» пьесасын (либретто) жазды. Халық ауыз әдебиеті шығармасының негізінде реалистік пьеса жасауға талаптанған драматург, бұл пьесасында жырдың фольклорлық үлгісінің финалын өзгертіп алғанымен, түпкі нұсқаның қалпын онша бұзған жоқ.
Қазақстан жазушыларының ІІІ съезінде қазақ совет драматургиясы туралы жасалған баяндамасында М. Әуезов Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» пьесасын: «Қазақ драматургиясының ғана емес, соңғы он бес жыл ішіндегі бар қазақ әдебиетінің көркем шығарма туғызу жолындағы биік белінің бірі», - деп бағалады. Аса көрнекті кеңес драматургі А. Корнейчук «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» пьесасын советтік драматургияның қырқыншы жылдардан кейінгі уақытта жасалған үздік үлгілерінің қатарында айрықша атап көрсетті. [А. Корнейчук. 3 томдық шығармалар жинағы, М., 1956, 3 -том, 325-бет] .
Драмалық тартысы, оқиға шиеленісі қабат-қабат, архитектоникалық бітімі шебер қалыптасқан, поэзиялық мәнерге бөлінген «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» пьесасы арқылы өзінің шебер драматург екенін жақсы әйгілеген Ғабит Мүсірепов онан кейінгі жылдарда тарихи және советтік тақырыпта елеулі-елеулі пьесалар жазды.
Ол 1941 жылы қазақтың өткен ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген әйгілі әнші ақыны Ақан сері Қорамсаұлы туралы «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясын жазды. Бұл шығарма Ғабиттің драматургтік шеберлігін айрықша танытты және автордың ғана емес, жалпы қазақ совет драматургиясының аса елеулі табысы болды.
Ғ. Мүсіреповтің революция тақырыбына арналған келесі драматургиялық шығармасы - «Тұтқын қыз» пьесасы. Автор бұл шығармада революцияның дауылды жылдарында ақтардың қолына қапыда тұтқынға түсіп қалған қазақ қызының ерлігін, биік адамгершілік қасиетін суреттейді.
Ғ. Мүсірепов творчествосында Ұлы Отан соғысының ерлік тақырыбы үлкен орын алады. Совет жауынгерлерінің майдандағы қаһармандық батырлығы тамаша сипатталған «Қазақ солдаты» романы және басқа әңгімелерімен қатар, жазушы Ұлы Отан соғысы тақырыбына арнап драматургия саласында - «Полковник Чудов» (1943) және М. Әуезовпен бірігіп «Қыныптан қылыш» (1945) пьесаларын жазды. «Полковник Чудовта» ер жүрек совет жауынгерлерінің майдандағы батырлығы, олардың сын сағатта шыңдала түскен ұлы достығы суреттеледі. Ал «» Баспасөз салалары бойынша әлемдік өркениет биігіне көтерілді. ҚазақтыҚыныптан қылышң - атақты генерал Панфилов дивизиясы өмірінен алынып жазылған шығарма. Мұнда сол даңқты дивизия қаһармандарының бастарынан өткен әр түрлі күрделі хал сипатталады.
Ғабит Мүсірепов - дүниежүзілік классикалық әдебиеттің ұлы өкілдерінің драмалық шығармаларын және кеңестік драматургияның үздік үлгілерін қазақ тіліне шебер аударушы жазушыларымыздың бірі. Ол Шекспирдің «Антоний мен Клеопатра», Мольердің «Сараң», А. Островскийдің «таланттылар мен табынушылар», Я. Галанның «Таң алдында», Л. Леоновтың «Шапқыншылық», К. Симоновтың «Орыс адамдары», А. Софроновтың «Москвалық салт» пьесаларын қазақ тіліне аударды. Көркем сөздің ұстасы Ғабит бұл шығармаларда түпнұсқаның мәнерлі болуын, тілдік-өрнек-нақышын, қазақ оқырмандары мен көрермендерінің жүрегіне жылы тигізіп, шебер жеткізе алады. Қазақ кеңес драматургиясының өсу жолында, қазақ әдебиетіндегі аударма өнерінің жетілуінде, майталман жазушының бұл аудармаларының өнегелік, тәрбиелік мәне үлкен.
Көркем әдебиеттің өркендеуіне ықпал ететін жағдайдың бірі - әдебиет мәселесі жайында, қаламгер еңбегі тұрғысында толғанған ойлар, барды танып, жоқты көрсетіп, табысқа жетудің жолын меңзеп айтқан маңызды сындар болмақ. Ғабит Мүсіреповтің қазақ драматургиясы мен ұлттық театр өнеріміздің келелі проблемалары жөнінде терең ойлар түйген сын пікірлері - өз алдына үлкен бір сала.
Қазақ кеңес драматургиясының даму тарихын, өсу жолындағы асу-белдерін, жетістік табыстарын анықтап тануда Ғ. Мүсірепов драматургиясын жан-жақты зерттеудің үлкен маңызы бар деп білеміз.
II. 2. 1. Нығмет Ғабдуллин - қазақ драматургиясын зерттеуші
«Пьеса - драма, комедия-әдебиеттің
ең қиын формасы», - дейді Горький.
Қиын болатын себебі бар. Проза мен лирикада автор кейіпкерлердің әрекеттерін, олардың жан-дүниесіндегі құбылыстарды, жүректегі сезімдерін өз тарапынан еркін түсіндіріп отыра алады. Ал, драматургияда авторға мұндай мүмкіншіліктер жоқ және кейіпкерлердің іс-әрекетіне де, шығарманың көлеміне де қатаң шек қойылады. Пьесада дәл қазір өтіп жатқандай боп көрінуге керек. Сол оқиғалар сипатынан кейіпкерлердің өткен өмірін де, келешегін де білеміз. Автор пьесада драматургияның қатаңталабына оқиғаны бағындырады, бірақ геройлардың іс-әрекетінің даму заңдылығын берік ұстауға тиіс.
Драматургияның осындай қатаң шарты драматургтен зор шеберлікті талап етеді.
Драматургиялық шығармада оқиғалар біздің көз алдымызда дәл қазір өтіп жатқандай боп көрсетілуі үшін оған ерекше күшті сюжет керек. Пьеса кейіпкері іс-әрекет үстінде көрінуге тиісті. Егер геройдың характері оның іс-әрекеті арқылы айқындалмаса, кейіпкер тек оқиғаларды баяндауыш ғана боп қалса, драмалық шығармада оқушы мен көрушіні қызықтырарлық қуат болмайды. Ал, қызғылықсыз пьеса, Алексей Толстойдың бейнелеп айтқанындай, «идеялардың, ой-пікірі мен образдардың мазары» боп шығады.
Драмалық шығарма адам жанының терең сырларын ашуға тиіс, «адам оқиғаны, өз қалауынша, бірде олай, бірде былай етіп, бірде олай, бірде былай тәмәмдап, оқиғаға үстемдік жүргізеді» (Белинскии) .
Драма кейіпкері, Белинский сөзімен айтсақ: «Өзіне ғана тән ерекшелік сипаты бар жеке адам». Ұлы сыншы бұл пікірді ірі характерге байланысты айтады. Адам өмірінің кез келген жағдайы драмаға өзек бола алмайды. Осы туралы ұлы Дидроның - драма адам өміріндегі ең маңызды, өнегелі, дүйім жұртқа қызықты жағдай ғана бейнеленуі керек», - деген сөзі бүгінде де зор мәнге ие. Көркем өнер шығармасы өмірдің жалпыға бірдей қызғылықты жағдайын суреттегенде ғана мағыналы болатындығын Чернышевский де айтқан. Пьесада жырланған сезімдер, толғанған күйлер, жалпы жұртқа бірдей қызығылықты мәні болса ғана, оқушы мен көрушінің жанын тербеп, көңіліне толқын салады, ой-арманын ұштайды. Бұдан кеп шығатын қорытынды мынау: ақиқат өмірдің кез келген құбылысы драматургиялық шығармаға объекті бола алмайды. Пьесаға арқау болу үшін ақиқат өмір құбылысының өзінде «қажетті драматургиялық элементтер болғаны керек» деп, әдебиет зерттеушісі Е. Холодовтың айтқаны әбден орынды.
Драматургиялық шығармада кейіпкерлердің сипаттарын олардың күрес үстіндегі іс-әрекеттері айқындайды. Драмалық герой белгілі бір мақсат үшін күреседі, оның осы мақсаты биік болса, соған орай, іс-әрекеті де маңызды болса, характердің күші ерекше зорайып көрінеді.
Драматургия өмірде болған оқиғаларды сол күйінде көрсете салуға тиісті емес, шешімі табылмаған жайларды шешу, дағдыдан теріс ауған құбылыстарды түзеу жолындағы күрес үстіндегі ірі іс-әрекеттерді бейнелеуі керек. Өйткен, көркем өнердің міндеті - өмір келбетін көрсетіп қою ғана емес, Чернышевский айтқандай, «өмірді ұғындыруға да, өмір құбылыстарына үкім шығаруға да» тиісті ол. Өмірдің драмантизмін көрсететіндей ірі іс-әрекеттерді бейнелегенде ғана пьеса реалистік сипат алады.
Кеңес революциясымен нұрланып, идеялық жаңа бағытта даму жолына түскен кеңестік драматургия жиырмасыншы-отызыншы жылдарда ерекше өркендеп, кеңес әдебиетінің даңқын көтерген тамаша пьесалар дүниеге келді. Осы жылдары жазылған М. Горькийдің «Егор Булычов және басқалар», «Достигаев және басқалар»; В. Маяковскийдің құрылыс-бітімі, мәнер-ырғағы ерекше «Баян», «Клоп» пьесалары кеңестік драматургияны тың өріске шығарады.
Кеңестік драматургияның, әсіресе орыс әдебиетінің бұл зор табыстары туысқан республикалар әдебиетінде, әсіресе бұрын драматургия жанры өркендей алмаған ұлттар әдебиетінде осы жанрдың қалыптасып, дамуына үлкен ықпал жасайды.
Қазақ әдебиетінде Октябрь революциясынан кейін ғана жаралған ұлттық драматургиямыздың алғашқы қарлығаштары С. Сейфуллин «Бақыт жолында», М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесалары.
Бұрыннан қалыптасқан дәстүрі жоқ драматургия жанры бізде бірден өркендеп кете алмады. Октябрьден кейін алғашқы жылдарда драматургия қазақ совет әдебиетінде ең кенжелеу дамыған жанр болды деген пікірді біз де құптаймыз.
Драматургия әдебиеттің ең қиын жанры болуының және бір себебі - оның театр өнерімен сабақтасатындығында. Драматургияның өсуі театр өнерінің өркендеуіне ықпал етеді. Міне, сондықтан, драматургия шығармасына да, мұны жасаушы драматургке де жүктелер жауапкершілік айрықша зор болмақ.
Октябрь жеңісінен кейін Қазақстанның мәдени өмір саласында алға қойылған ең басты міндеттерінің біреуі - қазақтың ұлттық театрын ұйымдастыру үшін оның сахнасына шығарарлық пьесалар жасау міндеті болатын. «Қазақтың театр өнері біздің заманымызда басталғанына біз қуанамыз, - деп жазды Мұхтар Әуезов. Бірақ сол қуанышпен бірге бұл сияқты ірі өнердің келешегі үшін жауапты екенімізді де ұмытпауымыз керек. Сондықтан бұл мәселеге үлкен сақтықпен кірісіп, көп ойланып, ептеп басу керек» [М. Әуезов. Уақыт және әдебиет. А., 1962, 28-бет] .
Жазушы бұл арада - үлкен сақтық, көп ойлану, ептеп басу- деген сөздерді тегін айтып отырған жоқ. Драматургияның қиындығын, театр сахнасына қажетті пьеса жазу ісіне ірі дайындықпен, жеткілікті біліммен келуге керектігін ескертеді.
Сонымен, Ғ. Мүсірепов драматургияға қадам басарында әуелі прозада қаламын ұштап алып, әрі театр өнерін өркендетудің практикалық істеріне белсене араласып, жаңа жанрға жақсы дайындықпен келген. Бұл - бір жағдай. Назар аударатын екінші бір жай - Ғ. Мүсіреповтің алғашқы әңгімелерінің өзінде -ақ, шығармадағы шиыршық атқан оқиғалар өрісінен, қаһармандар арасындағы шиеленіскен тартыстан, шарт-шұрт айқасып қалатын әрекеттерден, кейіпкерлердің тілінен - әр адамның мінез -құлқын дәл білдіретін диалогтардан жазушының драматургияға икемі ап-анық көрініп тұрады. Максим Горький творчествосын зерттеуші көрнекті оқымысты Б. Михайловский Горькидің алғашқы әңгімелерін «Драмалық новелланың тамашы үлгілері» деп баға берген еді.
[Творческие искания молодого Горького М. Л. 1949, 60-бет] . Сонда оның айрықша атап айтқаны - Горький әңгімелеріндегі конфликтінің және кейіпкерлер сөзінің драматургия шығармасына сай келіп жатқан келісімі болатын. Дәл осы пікірді Ғабит Мүсіреповтың алғашқы әңгімелері турасында айтуға болады.
Қазақ совет драматургиясының өсу жолын сөз еткенде, бәріміз де мына бір мәселені ең алдымен атап көрсетіп отырмыз: қазақ әдебиетінде бұрын өрісі болмаған драматургия жанрын қалыптастырып дамытуда, сондай-ақ ұлттық сахына өнерін өркендету де, осы үлкен жүктің салмағын өз арқаларына түсірген сөз зергерлері бұл жаңа өнерді көктетудің екі бұлағын дұрыс тауып, түзу бағыт ұстады. Ол қос бұлақтың бірі - драматургиялық шығарма жасауға қызықты күресі, тартысы қою, мол материал берген жаңа өмір тақырыбы болса, екіншісі- халықтың сан ғасырлар бойы қасиеттеп сақтап келген, өзі жасаған бай әдеби мұрасы еді. Қазақ драматургтері, міне, осы қос арнадан өз шығармаларына берік арқау тапты.
Осы кезеңнен бастап жаңа әдебиеттің жаңа жанрының ең басты, ең ардақты тақырыптары болды. Мұны игеруге қазақ қаламгерлері құлшына кірісті. Сол алдыңғы легтк Ғабит Мүсірепов, Бейімбет Майлинмен бірігіп, «Шабуыл» пьесасын жазған еді. Бірақ жаңа тақырыпты бірден меңгеріп кету жеңіл болмады. Мұның басты себебі -М. Әуезовтың дұрыс атап көрсеткендей, жаңа адамды толық білудің жеткіліксіздігіне сабақталып жатыр. Жаңа қаһарманның сахнада көрсетілген образын бейнелеу үшін, жалаң ұранға ұрынбай, адамның іштей жаңаруының рухани дүмпулерін, жан-дүниеде болатын сапалық өзгерістерді, неше алуан толқынды күйлерді терең ашуға керек.
Әр халықтың өз тарихының ұзақ жолында жасаған көркем қазынасын еш заманда рәсуә етпейді, ерекше қадірлеп, әрқашан да дәуірдің кәдесіне жаратып отырады.
Қазақ әдебиетіндегі асыл мұра - халық фольклоры шығармаларының негізінде жазылған пьесалар ұлттық драматургиямыздың қалыптасып, өсу жолының үлкен өрісін танытатыны рас. Біздің әдебиетте халықтық жыр, аңыз негізінде туған тұңғыш драмалық шығарма - «Еңлік- Кебек». Ең алғаш 1917 жылы жазылып, қазақ сахнасында енді орнар үлкен бір жаңалықтың, - театрлық мәдениеттің алғашқы ұшып келген қарлығашындай боп, бірінші рет кең жайлауда, киіз үйде ойналған осы пьесаға жалғаса, тақырып жағынан үндесе, кейіннен бірнеше пьесалар туады. М. Әуезов «Айман-Шолпан», «Қобыланды», «Бекет батыр», «Қалқаман-Мамыр», Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», Жұмат Шанин «Арқалық батыр», Сағыр Қамалов «Ер Тарғын», Ә. Тәжібаев «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез», Ш. Хұсайынов «Алдар Көсе», Ә. Әбішев «Қамбар», Қапан Сатыбалдин «Аягөз ару» секілді пьесалар жазылды.
Ауыз әдебиеті шығармаларының негізінде туған бұл пьесаларды драмалық құрылысы және жазылу мәнері тұрғысынан қарағанда, екі жікке ажыратуға болады. Негізі өзегі ауыз әдебиетінде жатқанмен, драматургияның биік талабына сай жаңаша бітім, өрнек тауып, - түпкі төркінге - драмалық оқиғаны ширата түсетін, дәуір келбетін танытатын соны әрекеттер қосып, жаңа сапады туған шығармаларды бір топқа жатқызар ек; ал ауыз әдебиетіндегі үлгіні драматургиялық қалыпқа ғана түсіріп, түпкі төркінді жөнді өзгеріске ұшыратпай, оқиғалардың фольклордегі желісін қуалай жазылған шығармаларды екінші топқа қосар едік.
Бұл екінші топқа қосатын пьесалар - жазушыларымыздың үйрену кезіндегі, ауыз әдебиеті тақырыбынан алып, реалистік шығарма жасау жолындағы бастапқы байқаулар, алғашқы тәжірибелер болатын. Біздің әдебиетімізде бұрыннан қалыптасқан, бекіген дәстүр жоқ драматургия жанрының өсу-жетілуінің бастапқы шағында мұндай тәжірибеге соқпай өту қиын еді.
Ғабит Мүсіреповтің «Қыз Жібек» пьесасын біз екінші топқа жатқызамыз. Әуелі музыкалық драма деген атпен тауып, кейін операның либреттосына айналған бұл пьеса - қазақ халқының көркем тілді ғашықтық жырларының аса бір асылы - «Қыз Жібек» дастанының негізінде жазылған. Жазушы жырдың халыққа ең әйгілі вариантын таңдап, бұдан әмеңгерлік мотивті алып тастап, асыл адамгершілікті дәріптейтін қасиетін арттырып, махабат бостандығы идеясын тереңдете түседі.
Бұл шығарма адамгершілік сұлу сезімді - кіршіксіз, таза махаббатты толғайды. Ал махаббат сезімі мәңгі жас, оның ыстық лебі ешқашанда суымайды.
Жібек алты ағаның арасындағы жалғыз өскен, үлде мен бүлдеге оранып ержеткен байдың қызы. Байлықты белшесінен кешіп жүріп сән-салтанат құрам десе, әкесінің дәулеті соған жетеді. Бірақ махаббат азаттығын аңсаған Жібектің көңілін байлық-дәулет алдарқата қоймайды. Ыстық сезімді, кіршіксіз таза жүрегі болғанымен, күші әлсіз ару бұл қатал заңнан шошынып қорқады. Іштегі мұң шерді құрбыларына ғана шағады. Көзінен бұршақтап жас төгеді. Әділетсіз заңға қарсылығы осы ғана.
«Жәй таныс сырласыма, мұңдасыма
Көз таныс заманының тұлғасына
Еркі жоқ, есепте жоқ, ескеру жоқ,
Неткен күн арнап туған қыз басына?. .
Несі ерсі, кімге қорлық, сол да көп пе,
Еркімен өзі қонса ұясына?»
Жібек заман сиқын, қыз басына теңсіздік көріп отыр. Ол өз қасіретін ойлап қамыққанда, барша құрбы-достарының да жүрегіндегі шерді есіне алып мұңаяды.
Жібек - мөлдір сезімнің, шынайы арманның иесі; оның жалғыз ғана аңсағаны - бас бостандығы, махаббат азаттығы. Ол осы аңсағанына жетемін деп дәмеленіп талпынған еді, бірақ оның жақсы арманын зұлымдық қиып кетті. Ал, заманның қара күшіне қарсы кеп айқасар қайрат Жібекте жоқ. Сондықтан оның қолынан бар келгені қарғыс қана.
«Елді құртқан қарақшы,
Ел болып сені қарғасын.
Үрім-бұтақ, зәу- затың
Мендей болып зарласын.
Қаңғырып қалсаң далада,
Қасыға бір жан бармасын!
Зарлаған мен қарғаған
Алдына салып айдасын!»
деп, қарғыс айтады ол Бекежанға. Жазықсыз ару өстып қана зұлымдықтан өш алған болады.
Еркіндікті аңсаған Жібекті мерт қылған - қатыгез заман; сол қара дүниенің Базарбайдай, Бекежандай қатал күш иелері. Базарбай тас жүрек адам, ол ешқандай мейрімді, аяушылықты білмейді. Базарбайлар заманның аяуды білмес қатаң заңы бар. Сол тәртіп берік сақталуға керек. Базарбайлардың үкімі осы. Төлеген әке рұқсатынсыз жар таңдап, Базарбайлар заманының тәртібін бұзады. Сондықтан да Төлегеннің әрекетін Базарбай сұмдық көріп, қарғыс айтып, қатал үкім қылады, - Төлеген Жібекке аттанғанда оның қасына ешбір серік ерттірмейді. Қауіп-қатері мол алыс сапарға Төлеген қамкөңілмен амалсыз жалғыз аттанады. Қатал әке өз баласын шын өлімге жібереді. Төлеген ата салтын бұзып, заманның дәстүріне қарсы қылық жасады. Бірақ сұм заманның қара күші оны ілгері аттатпады, желкесін қиып жіберді. Адал аңғал Төлегенді қаражүрек Бекежан алдап соғып, қапыда мерт қылады.
Бекежан -сол Базарбайлар заманының қолшоқпары. Оның жүрген жері бүлік, лаң.
«Қанды қолмен, жасырман,
Құс ұшырман басымнан.
Қаны тамған қанжармын . . . »
дейді Бекежан өзі де.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz