ОҒЫЗНАМЕ ДАСТАНЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМұНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 3

І ТАРАУ
“ОҒЫЗНАМЕ” ДАСТАНЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ

1. ”Оғызнаме” дастанының
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 “Оғызнаме” дастанындағы тарихи шындық
іздері ... ... ... ... ... ... ... . .14

ІІ ТАРАУ
“ОҒЫЗНАМЕ” ДАСТАНЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

2.1 Дастанның құрылысы мен сюжеті және тіл көркемдігі ... ... ... ... .25
2.2 “Оғызнаме” дастаны және қазақ
эпосы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...40

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..56

К І Р І С П Е

Оғызнаме дастаны – түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін
генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық туынды.
"Оғыз қағанның" атауы жайыңда әр кезде әртүрлі пікірлер айтылып келді.
Бірқатар зерттеушілер оны күні бүгінге дейін "Оғыз-наме" деп атайды.
Шыңдығына келсек, “наме” сөзі парсы тілінде “хат”, “өтініш”, “трактат”,
“кітап” деген мағына беретіні мәлім. Сол себепті "наме" сөзі көбінесе жазба
түрінде өмірге келген, авторы белгілі шығармалардың тақырыбына қосылып,
оған анықтамалық мағына береді. Мәселен - "Шахнаме" – "Шах туралы кітап",
"Мұхаббат-наме" – "Махаббат жайындағы дастан", "Бабур-наме" –"Бабыр кітабы"
т.б.
Ал енді Оғызнаме дастаны ғуелде ауызша жасалып, бертін келе ІХ-Х
ғасырларда қағазға түсірілген. Бұл көне заман мұрасын ұзақ жылдар бойы
зерттеген түрік ғалымы Н.С.Банарлы оны батырлық жырлары қатарына қосып,
Оғызнаме дастаны деп атайды (1,17). Бұл пікірге ғалым "Оғыз қағанның"
тақырыбы мен сюжетін, қаћармандарын және олардың әрекетін, баяндау
тәсілдері мен тілдік құралдарын егжей-тегжейлі зерттеу арқылы келіп отыр.
Дәл осы арада біз дастанның басты қаћарманының аты болып келетін "оғыз"
сөзі туралы айта кеткенді жөн көрдік.. Бұл сөзді Еуропа және орыс ғалымдары
"огуз" десе, ал, араб және парсы тілдеріңде "ғузз", қазақша "оғыз",
әзербайжан тілінде – "огуз" деп жазылын жүр. Көне түркі тіліңде "оғуз" сөзі
– уыз, уыздас, сүттес, емшектес, яғни бір емшектен сүт емген деген мағына
берген. Ежелгі ғұндардың кейінгі ұрпақтары бертін келе "оғуз" деген жиынтық
атпен де мәлім болған.
“Оғыз қаған” дастанында негізінен Оғыз батырдың әскери жорықтары, түркі
елін сыртқы жаудан қорғаудағы ерлік істері, ел басқарудағы даналығы
мадақталады. Түркі халықтарының ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілерінің біріне
саналатын “Оғыз қаған” дастанын шетел және орыс, отандық ғалымдар жан-жақты
зерттеу істерімен айналысты.
Дегенмен Оғызнаме дастанының түркі халықтары фольклорынан алатын орны,
батырлық жырының түркі тілдес халықтар әдебиетіне тигізген әсері, әсіресе,
оның дәстүр жалғастығы негізінде қазақ әдебиетіне тигізген ықпалы күні
бүгінге дейін арнайы зерттеу объектісі болған емес. Сол себепті де
“Оғызнаме” дастанының кґркемдік ерекшелігі” деген тақырыпта диплом жұмысын
жазуға бел байладық.
Алға қойған негізгі мақсатымыз - “Оғызнаме” дастанының жанрлық,
құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, оның көркемдік ерекшелігіне
талдау жасау, дастанның өзіне дейінгі ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану
дәстүрін, кейінгі әдебиеттегі дәстүр жалғастығын айқындап, нақтылау.
Көптеген зерттеуші ғалымдар атап көрсеткендей, ХІІІ-ХV ғасырлар туындысы
саналатын бұл шығарма Париждің ұлттық кітапханасында сақталып қалған бірден-
бір қолжазба негізінде жарияланып, аударылып, зерттеу объектісі болып
келеді. Біз де осы нұсқаның қазақ тіліндегі аудармасын басшылыққа
(аударғандар: Ә.Дербісалин, М.Жармұхамедов, ө.Күмісбаев) ала отырып, өз ой-
пікірімізді білдіреміз (2).
Дипломдық жұмыс құрылымы: кіріспеден, екі тараудан және тараулар іштей
жіктелген бөлімдерден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
І Т А Р А У
ОҒЫЗНАМЕ ДАСТАНЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ

1.1 ”Оғызнаме” дастанының зерттелуі.
Оғызнаме дастаны түрік тектес халықтарға ортақ, құнды ескерткіштердің
бірі.
Оғыз қаған туралы аңыз-әңгімелер мен тарихи шындық жайында кезінде
француз ғалымдары Паул Пелльо, Е.Блоше, П.Ру, италия ғалымы Этторе Росси,
Германия ғалымдары Н.Д.Диц, М.П.Хоутсма, Л.Лигети, орыс ғалымдары
В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, И.Н.Березин, Ю.Немет, Н.Я.Бичурин, В.В.Бартольд,
А.М.Щербак, А.Н.Кононов сияқты зерттеушілер сан алуан құнды пікірлер
айтқан.
Қазақ тіліне аударып, тілдік жағынан зерттеуге көп еңбек сіңірген
Қ.өмірәлиев, әдеби-тарихи ескерткіш ретінде Ғ.Марғұлан, М.Жолдасбековтер
зерттеген. В.В.Бартольд пен француз ғалымы П.Пелльо: "Бұл дастан қазақ
сахарасынан шыққан болуы керек" деген тұжырым жасаған.
Оғызнаме эпосының ауызша тараған нұсқалары негізіңде кейінірек қайта
жазылған екі түрлі нұсқасы бар. Бірі ұйғыр әрпімен көшіріліп жазылған
Оғызнаме дастанының осы нұсқасы Париждің ұлттық кітапханасының қорында
сақталып келеді. Ал, екіншісі араб әрпімен жазылған.
Париждің ұлттық кітапханасындағы ұйғыр қолжазбасы деп аталып кеткен
бұл мұраны орыс зерттеушісі А.М.Щербак қайсыбір көне сөздердің жазылуындағы
кеткен жаңсақтықтарға қарап, түпнұсқа емес, бұл қолжазба соның бірінші, яки
екінші көшірмесі болу керек деген пікір ұсынады (3).
Ал қолжазбаның ұйғырша жазылу ерекшеліктерін сөз еткенде, оның ұйғыр
тілінің әдеби (жазба) нормаларынан айтарлықтай өзгешелігі бар екенін айтып,
бұған, ең алдымен, ғйгілі Алтун Ярук шығармасын негіз етіп алады Сондай-ақ
А.М.Щербак П.Пелльоның Шефер қолжазбасы (ұйғыр қолжазбасы) ең алғаш 1300
жылдар шамасында Тұрфанда жазылған, ал кейінгі орфографиялық тұрғыдан
өзгерген түрі (XV ғ) жергілікті қырғыздар (қазақтар) тарапынан жасалған
деген болжам келтіре отырса да, бұған өзгерістер енгізген жергілікті
қырғыздар емес, басқа түрік тектес халықтар (қарлұқтар) болса керек,
өйткені мұнда ж дыбысын қолданудан басқа қырғыз тіліне жақындастыратын
өзге белгілер жоқ - деген үзілді-кесілді тұжырым жасайды. П.Пелльоның
қолжазбаға жергілікті қырғыздардың қосқан үлесі туралы ойы белгілі
шығыстанушы В.В.Бартольдтың бұдан ертеректе айтқан пікірімен өзара ұштасып
жатыр. В.В.Бартольд кезінде Н.А.Аристовтың Түрік халқы мен тайпаларының
этникалық құрамы туралы жазбалар және олардың саны жөнінде мәлімет деген
кітабына жазған рецензиясында: Аңыздың авторы ұйғыр емес сияқты, қайта бір
кездерде оғыздар ұзақ жылдар бойы тұрған қазақ даласының тұрғыны - деген
еді (3,37).
Оғыз батыр туралы аңыздардың араб әрпімен жазылған нұсқасының авторы -
атақты тарихшы, белгілі әскери қолбасшы, Хиуаның ханы Әбілғазы бин Араб
Мұхаммедхан (1603-1663). Тарихшы-ғалым ретінде Әбілғазының жазып қалдырған
екі еңбегі бар. Бірі - "Шежіре-й терекіме" ("Түрікмен шежіресі"), екіншісі
- "Шежіре-й түрік", "Түрік шежіресі"(4). Бұл екі шығармасы да Оғыз хан
жайында деуге болады. Бұлар Оғыз батырдың ерлік жорықтары, оның ұрпақтары
атқарған игілікті істері, Оғыз тайпаларының шығу тегі, тұрмыс-тіршілігі,
әдет-ғұрпы, т.б. туралы болып келеді. Әбілғазы жазған "Түрікмен
шежіресінің" түпнұсқасы бізге сол күйінде жетпеген. Бұл шығарманың әр
уақытта, әр жерде, әр түрлі хұснихатшылар тарапынан көшірілген жеті нұсқасы
сақталган. Белгілі орыс түркологі А.Н.Кононов соның бәрін жинап, егжей-
тегжейлі зерттеді, ғылыми негіздегі мәтінін әзірлеп, бір ізге түсірді, әрі
оны орыс тіліне аударып шықты. Әбілгазының "Түрікмен шежіресінде" жер
бетінде адамзаттың пайда болуы, Оғыздың туылуы, патшалық етуі, оның
жорықтары, Оғыз батырдың өз еліне оралып, үлкен той жасауы, Оғыз ханының
үлкен ұлы Күн ханның таққа отыруы, оның өзіне қарасты жиырма төрт аймақты
інілері мен балаларына бөліп беруі, Оғыз ұрпағының таңбасы мен тамғасы,
т.б. туралы ғажаыып хикаялар айтылады Мұның бәрі бірдей аңыз емес. Шежіреде
түркі елінің ежелгі тарихына тікелей қатысты нақты деректер де көп. Соның
бәрін автор тарихшы ретінде ғана емес, көркем сөз зергері ретінде де шебер
бейнелеп әңгімелеп береді.
Әбілғазы өз шығармасының жазылуы жайыңда айта келіп: "бұл кітапты біз
"Түрікмен шежіресі" деп атадық. Бізге дейін түріктердің тарихын
жазғандардың бәрі халыққа өзінің таланты мен өнерін көрсету үшін араб
сөздерін араластырып, сондай-ақ парсы сөздерін қосып жазды, түркі тілін
ұйқасты қара сөзге айналдырын жіберді. Біз оңдай ешнәрсе істеген жоқпыз.
өйткені бұл кітапты оқитын яки тыңдайтын кісі, әрине, түрік болатыны хақ.
Әрбір адамға түсінікті болу үшін түрікпен түрікше сөйлесу керек қой" деп
жазады (5,36).
Әбілғазы шежіресін тілдік тұрғыдан жан-жақты зерттеген ғалым
Б.Әбілқасымов Оғыздың тарихи тұлғасына белгілі дәрежеде тоқталып өтеді
(6,32-33).
Оғызнаме дастанын зерттеу ісіне, әсіресе, Түркия елінің ғалымдары көп
еңбек сіңірді деуге болады. Ғйтсе де түрік ғалымдарының зерттеулері соңғы
кезге дейін бізге беймәлім еді Ал қазір Н.Атсыз, Н.Банарлы, Ф.Көпрүлузаде,
Б.Аталай, Б.Рифат сияқты түрік ғалымдарының Оғызнаме дастаны туралы терең
ойлы зерттеулері қолымызға тиіп отыр. Оғызнаме дастаны мен қазақтың
батырлық жырлары арасындағы әртүрлі байланысты зерттеуге қазақтың
Ғ.Дербісәлин, М.Жармұхамедұлы, ө.Күмісбаев Н.Келімбетов сияқты
зерттеушілері де өзіндік үлес қосқан (2,3-32).
Ал, Оғызнаме дастанының ұйғыр әрпімен жазылып, Париж ұлттық
кітапханасында сақталып келген нұсқасын тілдік тұрғыдан зерттеп, оған
ғылыми түсініктеме берген ғалым - түркі тілдерінің көрнекті маманы
А.М.Щербак болды. Ол Оғызнаме дастанының транскрипцияланған мәтінін
дайындады, оны орыс тіліне жолма-жол аударма жасады.
Әрине, Оғыз батыр жайыңдағы аңыздардың жоғарыда біз айтқан екі нұсқасы
сюжеті жағынан бір-біріне жақын. Дегенмен әрқайсысының өзіңдік
ерекшеліктері де бар. Мәселен, Оғыз қағанның билік пен байлықты өз
балаларына бөліп беру эпизоды екі нұсқада екі түрлі суреттеледі. ұйғыр
әрпімен жазылған нұсқасында алтын садақ пен күміс жебелердің бар екенін ұлы
Түрік түс көріп біледі. Ал "Түрікмен шежіресінде" садақ пен жебені нөкерлер
құмға көміп тастаған болып шығады.
Әбілғазы "Түрікмен шежіресін" жазу үстінде атақты Рашид-ад-Диннің "Жами
ат-тауарих" ("Шежірелер жинағы") атты еңбегіңдегі кейбір мәліметтерді
пайдаланған. Сонымен бірге, тарихшы-ғалым біздің заманымызға дейін
сақталмаған, яғни бүгінгі ғылымға белгісіз бірқатар шежірелермен кезіңде
жақсы таныс болған сияқты. "Түрікмен шежіресі" оғыздар жайындағы нақты
тарихи деректерге мейлінше бай екені даусыз.
Оғызнаме дастанының біз атап кеткен екі нұсқсынан басқа да бірқатар
варианттары бар. Мәселен, Оғыз жөніндегі деректер атақты тарихшы
Хондамирдің (1475-1535) "Хуласат ал-ахбар" ("Тарихи мәліметтер жинағы")
атты еңбегіңде де бар. Ал, еңді Стамбул нұсқасында Оғызнаме аңызы "Қорқыт
ата кітабымен" біріктіріліп берілген. Шынында да Оғызнаме мен "Қорқыт ата
кітабының" кейбір тұстары өзара үндесіп жатады. Оғызнаме жырының бұлардан
басқа да көптеген нұсқалары бар. Әйтсе де соның бәрі біз жоғарыда атап
айтқан екі нұсқаның біріне - не ұйғыр әрпімен көшірілген Париж нұсқасына
немесе араб әрпімен көшірілген Әбілғазы нұсқасына әкеліп саяды. Оғызнаме
дастанының ұйғыр әрпімен көшірілген нұсқасы тарихи шежіреден гөрі көркем
шығармаға жақын. Сондықтан біз енді негізінен Оғызнаме дастанының ұйғыр
әрпімен көшірілген нұсқасын әдеби-тарихи тұрғыдан танып-білуге әрекет
жасадық.
Міне, Оғызнаме дастанының осы біз айтып отырған нұсқасы тілі көркем,
көріктеу құралдары сан түрлі, композициялық құрылысы ширақ жасалған,
бейнелі, қанатты сөздерге бай болып келеді. Оғызнаме дастанының Париж
ұлттық кітапханасында сақталған нұсқасы көлемі жағынан онша үлкен емес.
Қолжазба небәрі 21 парақ немесе 42 бет болып келеді. Әрбір бетке 9 жолдан
ғана жазылған. Мұның өзі кездейсоқ жғйт емес, Оғызнаме дастаны өзінің
композициялық құрылысы жағынан жазба әдебиеттің ғажайып үлгісі болып
табылатын "Күлтегін" жырына өте-мөте ұқсас деуге болады. Тегінде түркі
халықтары ауыз әдебиетінде шығарма сюжетін баяндап айтып берудің
қалыптасқан өзіндік жүйесі болған сияқты. Бұл дәстүр эпостық туындыларда
ғана емес, сонымен бірге, жазба әдебиетте де өз жалғасын тапқан. Бұған
Оғызнаме эпосы мен "Күлтегін" жырын өзара салыстыра отырып көз жеткізуге
болады. "Күлтегін" жырында суреттелетін күллі оқиғалар да рет-ретімен
жүйелеп, мазмұндап, бірнеше топтамаға (цикл) бөліп-бөліп берілген. Мәселен,
мұнда Бумын қаған, Істемі қағандардың таққа отыруы, ел-жұртын басқаруы,
айналасындағы жаулармен соғысуы, жеңісі, қартайып о дүниелік болуы, бірақ
"ұлдары әкесіндей болмағаны", біліксіз қағандардың ел басқарғаны, жеңілісі,
ақыры ел билігіне Білге қаған мен Күлгегін батырдың келуі жеке-жеке тошама
бойынша баяндалады.
Дәл сол сияқты Оғызнаме дастанында да әрбір циклдың өзі үш элементі
қамтиды, олар: біріншісі - оқиғаның басталуы; екіншісі - оқиға желісінің
ұлғайып, өрістеуі; үшішпісі - оқиғаның түйіні, қорытындысы.
Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда, зерттеуші Қ.өмірәлиевтің Оғызнаме
дастанын сюжеттік желісіне орай, шығарманың ішкі табиғатына сғйкес түрде 17
циклға бөліп қарастыруы ерекше назар аударады (7,203-213). Мұнда әрбір
циклға қойылған тақырыптың өзі-ақ сол циклда айтылатын оқиғаны толық
аңғартып тұрған сияқты. Атап айтқанда: Оғыз қағанның тууы мен балалық шағы
баяны; Оғыз қағанның жігіт болуы және ерлік көрсету үшін аттану баяны; Оғыз
қағанның үйлену баяны; Ай, Күн, Жұлдыз, Тау, Көк, Теңіз деген балаларының
тууы баяны; Оғыздың қаған болуы және үлкен той жасауы, төрт тараптағы
елдерге елшілер жіберуінің баяны; Оғыз қағанның Урум қағанға қарсы
аттануы(ның) баяны; Оғыз әскерін көк бөрінің бастап жүруі(нің) баяны; Оғыз
қағанның Урум қағанмен соғысы баяны; Урум қағанды жеңуі және елін қарату
баяны; Оғыз қағанға Урусбектің ұлы Сақлаптың тарту-таралғымен келу баяны;
Оғыз қағанның Етіл суынан өтуі Етіл суынан өту амалын тапқан үлуғ Орду
бекке Оғыз қағанның "Қыпчақ" деп ат беру баяны; Оғыз қағанға көк бөрінің
екішпі рет келуі баяны; Оғыз қағанның Шауқартаң атының жоғалуы және ол атты
белгісіз ердің Мұзтауынан табуы баяны; Оғыз қағанның тағы ілгері жол шегуі,
жолай бір алтын сарайға кездесуі, осы сарайды ашқан ерге "Қалач" деп ат
беруі баяны; Оғыз қаған қолын көк бөрінің үшінші жолы бастап жүруі баяны;
Одан әрі Оғыз қолының Шүршіттермен соғысуы, жеңуі баяны; Оғыз қаған қолына
ұрыста көп олжа түскені баяны; Олжаны алып жүру үшін қаңға жасаған шеберге
"Қаңғалуғ" деп ат бергені баяны; Оғыз қағанның Көк бөрі бастап Сынду,
Таңғут, Шағам жұрттарына аттануы және ол жұрттарды жеңуі баяны; Оғыз
қағанның күн түстіктегі Барақа деген жердегі Масар қағанға қарсы аттануы,
Масар қағанды жеңуі, өз жұртына қайта жүруі баяны; Оғыз қағанның аян
айтатын жырауы Улуғ Түріктің түс көруі және бұл түсін Оғыз қағанға айтып
жоруы баяны; Оғыз қағанның балаларын аң аулауға жұмсау баяны; Балаларының
жолай алтын жай және үш күміс оқ тауып алуы, оны аталарына алып келуі
баяны; Оғыз қағанның ұлы құрылтай шақырып, бектерін, ел-жұртын жиып той
беруі баяны; Балаларына жұртын бөліп беруі баяны; Оғыз қағанның өсиет сөзі
(8,36).
Оғызнаме дастанының Қытай ғалымдары да белгілі дәрежеде тексеріп,
зерттеу істерімен айналысты. Атап айтқанда, қазақша нұсқасын баспаға
әзірлегендер Пекиндегі Орталық ұлттар Университетінің белгілі түркологі,
профессор Гың-Шымин мен доцент Мәкен Ілекенов. Бұл кісілер кітаптың сөз
басында Оғызнаме дастаны туралы өз көзқарастарын ортаға салып: "Бұл
дастан түркі тілдес халықтарға ортақ мұра" деген ойларын дәлелдеуге күш
салған. 1980 жылы профессор Гың-Шымин мен доцент Тұрсын Аюп"Оғызнаменың"
ұйғырша нұсқасын да жариялаған болатын. Бұл нұсқаны баспаға әзірлегендер
Осындағы алғысөз орнына жазылған Көне ұйғырлардың тарихи дастаны
"Оғызнаме" туралы" деген мақала арқылы бұл дастанды көне ұйғырлардың тарихи
дастаны дейді. Осыған қарап, зерттеушілердің профессор Гың-Шыминнің
"Оғызнаменың" ұйғырша, қазақша екі нұсқасын шығаруға да қатысып, жазған
пікірінің "екі түрлі пікір" деп ойлауға болмайды.
Ескі ұйғыр (хүйгу) түркі тайпаларының бірі. Оның үстіне профессор Гың-
Шымин ескі ұйғырдың бүкілдей әзіргі ұйғыр болуы екі талай дейді.
“Оғызнаменың” ұйғырша нұсқасына жазылған алғысөзде: "Оғызнаме ұйғыр
халқы арасында таралған, қаћармандарға бағышталған жоқтау түріндегі тарихи
дастан. Оның ескі ұйғыр жазуымен жазылған нұсқасынан біреуі ғана болып, ол
қазір Францияның Париж қаласындағы Халық кітапханасында сақтаулы" - деп
жазылған. Ал қазақша нұсқасында Пелльоның 1930 жылғы Хазар журналында
жариялаған мақаласынан сілтеме алып: "Біз "Оғызнамедағы" кей сөздің
басындағы "й" дыбысының "ж" түрінде – жол, жалбар, т.б. болып
дыбысталатындығынан Парижде сақтаулы тұрған қолжазбаны көшірушінің "ж"
диалектісінде - (қазақ тілі, қырғыз тілі секілді) сөйлейтін адам екенін
аңғарамыз. Біз Франциялық Пелльо мырзаның бұл нұсқа XV ғасырдың ар жақ, бер
жағында Жетісу жерінде көшірілген деген пікіріне қосыламыз" деп жазылған.
Әрине, алдыңғы пікірдің айтылуы сол бір тарихи жағдайдағы зерттеу өрісінің
тарлығынан болса керек. Анықтап айтсақ, сол кездегі жағдай "Оғызнамены"
шетелдердегі зерттеу жағдайымен бірлестіре отырып, жан-жақтылы зерттеуге
мүмкіндік бермеген. Бертінде шыққан қазақшасындағы қойылған пікірлер
алдыңғы пікірді терістейді әрі кейбір олқылықтарды толықтырады.
Ал осындағы сөз болып жүрген екіұдай пікірдің бірі ескі ұйғыр - (хүйгу)
дегенді кейбір зерттеушілеріміздің бүкілдей қазіргі ұйғыр деп жаңсақ
түсінуінен туылған ойдың салдары. Ескі ұйғыр қазіргі ұйғыр ұлтын
қалыптастыруға негіз болудан тыс, өзге де түркі тектес халықтардың
қалыптасуына өзіндік септігін тигізген, яғни қазіргі басқа түркі ұлттарының
құрамына да ескі ұйғырлар кірген. Тарихи шындыққа жүгінер болсақ, ескі
ұйғыр хандығы жаңа эраның 744-жылы түрік хандығының орнын басып, Монғолия
үстіртінде құрылғандығы белгілі. Ал енді "Оғызнаме" "XV ғасырда парсы
тіліне, IX ғасырда араб тіліне аударылған. IV ғасырда үйсін мемлекетінің
территориясында оғыз-қыпшақ тілінде ру шежіресі түрінде көне аңызға
негізделіп, жазылған эпикалық шығарма" (9,439). Олай дейтініміз, профессор,
түркі халықтарының ежелгі жазба әдебиетін зерттеші ғалым ө.Күмісбаев өзінің
"Оғызнаме" атты мақаласында: "Бұл вариантты (Париж нұсқасы айтылып отыр)
жете зерттеген ғалым А.М.Шербак ұйғырша дегенмен, ұйғырдың (ескі ұйғыр
айтылып отыр) жазба әдеби тілінен айырмашылығы бар дегенді айтады. Басқа
ұйғыр документтерінің тілімен салыстырады. Париж нұсқасы түпнұсқа емес
деген жорамал айтады. Дәлел келтіреді"- дей келіп, "Шаджара и тюрк"
(түріктер шежіресі) Шефер вариантына қарағанда (Париж нұсқасы айтылып отыр)
ескілеу, көнелеу секілді, Әбілғазының қолына біз мүлдем білмейтін, бізге
жетпеген нұсқаның түсуі мүмкін" деген жорамал айтады.
Осы пікірлерге негізделгенде Париж нұсқасының ең алғашқы нұсқа емес
екендігіне одан әрі көз жеткіземіз де, "Оғызнаме" ескі ұйғыр хандығынан
бұрын бар дастан деген қорытындыға келеміз. Бұған айтар тағы бір дәлеліміз,
соғды жазуы негізіндегі ескі ұйғыр жазуы мөлшермен жаңа эраның 850 жылдары
жарыққа шыққан. Ал "Оғызнаме" VI ғасырда Парсы тіліне аударылып жүрсе, оның
үстіне Пелльо дастанды XV ғасырдың ар жақ, бер жағында Жетісу өңірінде
көшірілген деп отырса, ескі ұйғыр жазуымен жазылған Париж нұсқасын қайтып
алғашқы нұсқа деуге болады?! "Оғызнаменың" ұйғырша, қазақша басылымдарында
Париж нұсқасы Әбілғазыныкіне қарағанда арырақта жатқан сияқты, деген ортақ
пікір айтылған. Олай болса, Әбілғазы нұсқасына Ислам дінінің таңбасы
басылғанына қарап, оны бірден олай жорамалдауға болмайды. өйткені,
арабтардың осы күнгі Орта Азия – қазақ сахарасын жаулап алуы IX ғасырдан
басталады. Көп жылдарға жалғасқан кескілескен соғыс арқылы арабтар
жергілікті халықты "ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен" бағындырып,
ислам дініне кіргізді. Жергілікті халықтың одан бұрынғы мәдениетінен
белгілі дәрежеде қол үзді, өздерінің араб мәдениетін, араб әліппесінен
тартып, жергілікті халықтарға зорлап таңды. Халық өзінің ауыз әдебиетіне
құрани-исламият қағидаларын кірістіріп айтуға мғжбүр болды. Мүмкін,
Әбілғазы нұсқасы осындай жағдайдағы "Оғызнаме" болуы ғажап емес. Ал
Париждегі нұсқа көшірілген XV ғасырда Орта Азия, қазақ сахарасы әлі де
дерлік ислам дініне кіріп болмаған. Сонда Париж нұсқасын көшірген жетісулық
адам сол кезде әлі де ислам дініне кіре қоймаған топтікі болауы да мүмкін
ғой (10,43).
Тағы бір материалда "ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы ("Оғызнаме"
А.М.Шербак 1959 жыл.) Араб әрпімен жазылған (арабта сақталған нұсқасы болуы
мүмкін) Е.Н.Наджип транскрипциялап аударған ("Оғызнаме" 1961 жыл
Е.Н.Наджип) ұйғыр нұсқасына қарағанда араб нұсқасы әлдеқайда толық,
құрылысы түсінікті, дұрыс сақталған (11,79). Осыған қарағанда Париж
нұсқасынан гөрі араб нұсқасының әріде екендігі күмғн тудырмайтын сияқты.
өйткені, Арабтар IX ғасырдан бастап Орта Азиядағы жергілікті халық
мәдениетін талан-таражға салғанда "Оғызнаменың" әлде-қалай бірер оқымысты
қолы арқылы арабқа өтіп кеткен болуы мүмкін ғой. Егер осылай болған болса,
онда XV ғасырда көшірілген Париж нұсқасынан гөрі IX ғасырда Арабқа өтіп
кеткен нұсқа, әрине, уақыт жағынан әріректе болатыны дау тудырмайды.
Париж нұсқасының түпнұсқа емес немесе бергі нұсқа екендігі жөнінде күні
бүгінге дейін талас көп, көзқарас біркелкі емес. Бұл әлі де терендей,
жалғасты зерттеуді күтіп тұрған мәселе. Мұның бәрі, сөз жоқ, бұл шығарманың
тууы мен жазылуына, мейлі, авторы ретінде болсын, мейлі, кейінгі көшіріп
жазушы ретінде болсын Шығыс Түркістан мен Сыр, Жетісу бойының, яғни бүгінгі
кең-байтақ қазақ даласының тұрғыны, дәлірек айтсақ, бүгінгі қазақ халқын
құрайтын тайпалардың бірінен шыққан белгілі бір ғұламаның елеулі үлес
қосқанын аңғартады. Осы жғйт аталған дастанның сөздік қоры мен дыбыстық
(фонемалық) жүйесінен де, бейнелердің жасалу ерекшеліктері мен стильдік,
мазмұндық сипаттарынан да мол байқалады.

1.2 “Оғызнаме” дастанындағы тарихи шындық іздері.
Оғызнаме дастанында сипатталатын басты қаћарман Оғыз туралы әр тұста
жазылған тарихи деректер де аз емес. Әбілғазы ханның Шежіре-и түрк (Түрік
шежіресі) еңбегі соған дәлел. Мұнда Оғыз қағанның тууы мен өсіп ер жетуінен
бастап, оның ел басшысы болып Самарқан, Бұхара, Хорасан арқылы Иран, Сирия,
Египетке жасаған жойқын жорықтары, 116 жасқа келіп қайтыс болар шағында
үлкен той жасап, екі ғйелінен туған алты баласына жаулап алған жерлері мен
есепсіз мол байлық-жићаздарын мұра қылып үлестіріп бөліп бергені кеңінен
баяндалады.
"Оғызнаменың" негізгі оқиға желісінің өзі бас кейіпкердің жорық
барысының мерзіміне құрылады да, сол дғуірдегі халықтардың салт-санасы,
мифологиясы т. б. қабысып, іштесіп жатады. Мұның өзі дастанның түркі тілдес
халықтардың талай заманғы әдеби ізденісінің негізінде дүниеге келгенін
дәлелдейді (12,35).
Оғызнаме жырының дәл қай ғасырдағы оқиғалардың куәсі екендігі жөнінде
әр түрлі пікірлер бар. Зерттеуші Қ.өмірәлиев: Оғызнаме ежелгі ғұндардың
ұрпақтары Ашина-түріктердің тарихи аренаға шыққан кезінен бұрын VI-V
ғасырға дейінгі жерде-ақ түпкілікті жасалып болса керек" (7,73), - деген.
Ал, Ә.Қоңыратбаев (13,47), М.Жолдасбеков (14,127) ІХ-Х ғасырлардағы Оғыз
мемлекетінің құрылуымен, Х.Сүйіншәлиев Қарахан мемлекетінің тарихымен
байланыстырады.
Негізі, "Оғыз қаған жырының" негізгі желісі, оған ұйытқы болған кейіпкер
Оғыз - өгіз тотемінің пайда болу замандарынан шығып, хатқа түскенге дейінгі
аралықтағы түркі тайпаларының тіршілігіне қатысты көптеген аңыздарды
жинақтау, екшеу сатысынан өтіп келген. Оған VІІІ-Х ғасырлардағы қыпшақ,
оғыз, қарлұқ, қаңлы ру-тайпаларының қалыптасу оқиғалары да кіреді.
Шәкәрімнің "Түрік, қырғыз – қазақ ћғм хандар шежіресінде" Оғыздың хан
болған уақыты біздің пайғамбарлардан 3400 жыл бұрын дейді: "Оғыз хан өлген
соң, Күн хан болды, онан соң Ай хан болды, онан соң Жұлдыз хан болды, оның
орнына баласы Меңлі хан болды. Онан соң Деңіз хан болды, онан соң баласы Ел
хан болды. Осының уақытында жоғарғы татар ханы Сүйінішпен соғысып, Сүйініш
хан жеңіп, Мағолды қырып, қалғанын құлданып, мағол атын бір жола жоғалтты.
Сол соғыста қолға түскен Елханның баласы Қиян менен інісі Негіз тұтқыннан
қашып, қалған мағол мен малдарын жиып алып, бір қиын таудың ішіндегі
айналасы жартас, кең дараға барып тығылды. Ол дараның атын Ергенеқон қойды.
Ергенеқон ішінде тұрған кездегі хан аталарын ешкім білмейді. Бірақ
шыққандағы хандары Қиян нәсілінен Бөртенеш деген кісі еді" (15,47). Сонымен
Шғкәрім шежіресі бойынша, Оғыз хандығы Көкбөрі заманынан 8-9 ата бұрын өмір
сүрген болады. Яғни Мөде заманынан бұрын. Тағы бір деректерге назар
аударайық.
Ең соңғы зерттеулер Оғыз қаған оқиғасының шығу уақытын, тіпті б.з.б.
5000 жылдықтарға, шумер тайпаларының заманына алып барады. өте қызықты
болжалды айтушы – бүкіл өмірін Фараби ойшылды зерттеуге арнаған ғалым Ақжан
Машанов. Ол кісінің ойынша Оғыз хан жырының тууы сиырдың жыл басы болуымен
байланысты. Бес мың жыл шамасы бұрын жыл басы қазіргідей тышқан емес, сиыр
болған. өгізхан – Оғыз хан заманы – сол заман дейді. Шумерлердің тас
кітабында мынандай мәлімет бар екен: "Қазір жыл басы – сиыр, онан бұрын
өткен замандарда жыл басы – Барыс болған. Әрбір екі мың жыл шамасында жыл
басы бір мүшелден екінші мүшелге ауысып отырады" (16,172). Шумерлер өздерін
Кеңгірлер деп атаған. Шумер тілінің түркі, оның ішінде қазақ тіліне
ұқсастықтары бар екенін "Ақын мен әліп" кітабында Олжас Сүлейменов айтқан
болатын. Шумер жыл санауының да қазіргіден аса көп айырмашылығы болмаса
керек.
Бұдан шығаратын қорытындымыз: "Оғыз қаған жырына" негіз болған аңыздар
түгелімен Мөде заманында емес, оданда көп заман арғы дғуірлерде туған
болады.
"Оғыз қаған жыры" ХІІІ-ХІV ғасырда хатқа түскен. "Оғыз қаған жыры" -
оғыз руларының ата-тегін бір адамнан шығару идеясынан туған жыр. Тарихи
негізі бар әдеби образ жасаған (Қ.өмірәлиев). Бұл жырды алғаш
зерттеушілердің бірі Н.Я.Бичурин ғұн державасының қағаны Мөде (б.з.б. 209-
174 ж.) Оғыз хан атымен белгілі екендігін айтқан.
Оғыз елінің өз тарихына келсек, олар қыпшақ, қаңлы, қарлықтармен бірге
жасасқан рулар екенін көреміз. Рашиделдин мен Әбілғазының (XVI ғ.)
айтуынша, Оғыз хан төңірегіне топтасқан елдің жалпы атауы - Алаша хан елі
еді (17,354).
Әбілғазының түріктер шежіресінде Оғыз ханның алты ұлынан төрт-төрттен
жиырма төрт ұрпақ тарап, тұтас бір тайпа елге айналады. Оғыздың тақ үшін
таласыңда оның жағына шыққан рулар: ұйғыр, қаңлы, қыпшақ, қарлық, ағачир
болған. "Оғыз қаған жырында" айтылатын Оғызға қызметімен жаққан кісі
аттарына сғйкес келеді.
Қаңлы руының атын қаңқамен байланыстыру қаңлылардың ерте заманда өз
алдына саяси одақ жасап, тіршілік құрған дғуірінен хабар береді. Ежелгі
қаңлылардың "Еңсегей" жырында Дүбін мерген елдің билері шақырғанда: "Мен
жанды нәрсеге мініп бара алмаймын, маған күйме керек", - дейді. Содан
Еңсегейге арнап арба жасап, оны қаңқа дейді. Қаңқаны жасаған кісі Қаңқалы
аталады.
Біздің заманымыздан бұрын V ғасырдағы скифтердің арба жасап мінгенін
Геродоттан білетінбіз. XIV ғасырда Қыпшақ өлкесіне келген араб саяхатшысы
Ибн-Батута да қыпшақтардан күймелі арба көрген. Оны былайша суреттеген:
"Дешті-Қыпшақта" арба төрт дөңгелекті, оған екі я бірнеше ат жегеді.
Арбаның ағаштан қиып жасаған әр түрлі күймесі болады. Күймені ішінен
киізбен не матамен қаптап қояды. Күйменің ішінде отырған кісі тыстағы
адамды көре алады, тыстағы кісі ішіндегі адамды көре алмайды. Күйменің
ішінде ұйықтауға да, тамақ ішіп, жазуға да болады" (17,48).
Бұдан Қыз Жібектің "Көк күймесінін" тарихы заманымыздан бұрын
басталғанын көреміз. "Қаңқаға" байланысты аңыздар осыны аңғартады.
"Оғыз қаған жырында" әңгіме болатын қағарлық-қарлық тайпаларының шығу
тегінің елесі. Қарлықтар ерте кезде Алтай тауының батыс бөлігі мен
Тарбағатайды мекендеген. Қарлықтың болат, жүз (сғбек), ташлы рулары болған.
Сғбектен Түркі қағанаты дғуірінде Тоңұқұқ жырау шыққан. Кейбір аңыздарда
қазақтың үш жүзінің негізі осы үш тайпадан шығады. Қарлықтар 766-940
жылдары тоғыз оғыздармен одақтасып, елеулі саяси күшке ие болған.
Қарлықтардың ол кездегі мекені Шу маңыңдағы Суяп, Тараз қалалары болған
еді.
Ал шүршіт, қалаштар қазіргі Балқаш, әрісі Қытай өлкесіндегі рулар екені
белгілі. "Оғыз қағандағы" рулар аты түгелімен XI-ғасырдағы түркі филологы
Махмұд Қашғаридің кітабында бар.
Оғыз жорығындағы Алтын қағанды Қ.өмірәлиев: "Мөде бірінші рет аттанып
барып шабатын Дун-Ху жұртының, Оғыз хан бірінші рет аттанып барып шабатын
татар жұрты қағанның прототипі ретінде қарастырады. Ал үрүм қағанмен соғысы
ғұндардың - Аттиланың Еуропаға жорықтарын еске түсіреді. үрүм қаған – кісі
атына айналған Рим империясының аты (7,85).
Урусбек үрім қағанмен жақын адам болып көрінеді. Академик А.А.Кунниктің
айтуынша, түркі тайпаларының Оңтүстік Россияға келуі ғұн заманынан
басталады. М.Қашғаридің көрсетуінше, түркілердің батыс көршілері – Урус,
одан соң Сақлаб, одан – Рум.
Махмұд Қашғаридің "Диуани лұғат-иттүрк" кітабында Қалаш руларының шығу
тегін былай таратады: Ескендір Зұлқарнайннан үріккен елдің соңында 22 адам
жүру-жүрмеуді ақылдасып отырады (бұл 22 тайпа оғыздар болатын). Оларға тағы
екі адам қосылады: Жұртта тұрақтай алмайды. Біздің жерге де тұрмайды,
кетеді. Біз бәрі-бір өз жерімізде қаламыз. Қалаж - осында қалыңдар", -
депті. Сонымен олар Қалаж атанып кетіпті. Қалаждардың негізі солай. Олардың
бар болғаны екі-ақ ру" (18,2).
"Оғыз қаған жырында" Оғыздың анасының аты – Айқаған, әкесі айтылмайды
(Ал Әбілғазының шежіресінде әкесі – Қарахан). Көне заманда түркілердің
салтында қыздардың атына хан, төре, бек, сұлтан деген атаулар қосылып
айтыла берген. Мысалы: Ханзада – Бегім, Рабиға – Сұлтан Бегім, Ай-Бегім аға
аттары "Бабыр намада" айтылады. Сондықтан Оғыз анасының Айқаған аталуы
таңданарлық нәрсе емес.
Жырда Көк Тәңірімен, көк бөрі тотемімен байланысты оқиғалар бар. Оғыздың
жорықтарын көкжал бөрі бастап отырады. Жеңіске жетуіне болысады. Бұл исі
түркі тайпаларының өз тегін көк бөріден таратуына байланысты. Бұрынғы
заманда түркілер өз байрағына бөрінің басын салған, жорыққа шыққанда
аттарына бөрінің басын кигізген. Осы бөрі басы "Оғыз қағанда" көкжал бөрі
болып бастайды.
Оғыз алған екі қыз да көк Тәңірінің бұйрығымен жолығады. Тіпті олардың
өңдері де көк түсті, көздері көктен де көгірек, шашы теңіз толқынындай
(көк). Алғашқысы нұрдан пайда болады. Нұр – түркі аңыздарына ортақ,
нысаналы мғні бар нәрсе. Ол - Тәңірдің құдіреті. Қазақ аңыздары: "Дың
сұлу", "домбауылда" сұлу қыздар күннің нұрынан жүкті болады. Оғыздың
алғашқы ғйелі көктен түскен Күн сұлуының нұр-сғуледен пайда болуы біз
ойлағандай жабайылық қиялдан емес, даналық ой-санадан туған. "Нұрдан
жаралу" желісі бүкіл шығыс сюжетіне құрылған қазақ қиссаларына ортақ болып
келеді. Ислам дінінде Мұхаммед пайғамбардың нұры жайлы сюжеттер бар.
А.Машанов Әл-Фарабидің табиғат жаратылысы туралы ойларынан мынадай қызықты
пікір табады: "Бүкіл дүние ғаламы басында бір шапаты ауданда болған нұр
сғуледен – жарық сғуледен кеңеюден жаралған", - дейді әл-Фараби. Бұл қағида
ертеден келе жатқан тарихи-табиғи, діни кітаптарда болған. Соларды талдай
келіп, қазіргі дүниені бақылай келіп, әл-Фараби осы қағиданы дұрыс деп
қабылдаған. Дүниенің сол бас құрылысында болған жалғасы ешуақытта бірінен-
бірі бөлініп, байланыссыз ажырап кетпейді.
Дүниені құраушы сғуле шоғырлары, зат бөлшектерінің аралары кейде
жақындап, кейде алыстап отырған. Бірақ араларын жалғастырған сғуле көпірі -
сад ешқашан жоғалмаған. "Сад" - деген сөздің арабша мағынасы көп. Оны әл-
Фарабидің түсінуі - қолдануы жалғастырушы, тіркеуші жіп, жабушы, толтырушы,
шөктеуші, қорғаушы мағынасында. Басқаша айтқанда, дүниеде, бос орын жоқ.
Қатынассыз нәрсе жоқ дүние шекті нәрсе, оның әрбір мүшесі өзінің көрікті,
заңды орнын алған, біртұтас құрылыс – космос" (16,60).
Қазір дәл электрондық өлшеулер арқылы алғаш дүние жаралғанда, пайда
болған нұр сғуленің қалдығы табылыпты. Сол қалдық сғуле - шығыс ұғымындағы
әл-Мисақ (қазақша: Әлімсақ) екен. Көне дғуірдегі грек философиясы
жаратылыстың негізін төрт нәрсеге (принципке) негіздесе, шығыс ойшылдары
бес енеге (пешенег - деген қыпшақтардың аты содан шыққан болуы мүмкін)
тірейді: ол: от, су, ауа, жел, жер.
Бұрынғы діни кітаптарда дүние-ғалам тәңірдің нұрынан жаралыпты, Адамнан
бұрын періштелер де нұрдан, оттан жаралған. Адам топырақтан және алланың
нұрынан жаралған. Бұл - жай сөз емес. "Қазіргі ғылым барлық ғаламның ту
баста бір кішкене өте тығыз заттың жаралуынан тараған деген түсінікке
тоқтап отыр" (16,97).
"Оғыз қаған жырындағы" Қат - жалмауыз аң бейнесі. "Қорқыт атадағы"
Төбекөзді еске түсіреді. Қат (қият) ел-жұртты жеп қоймаған соң, бөрі белді,
аю кеуделі, өгіз санды Оғыз шығып, оны женеді. Жоғарыда айтылған "Домбауыл"
аңызында күн нұрынан жүкті болған хан қызын әкесі алтын қайық жасатып,
нөкерлерімен бірге суға ағызып жібереді. Оны домбауыл мерген мен оның
серігі Дуа соқыр көреді. Дуа соқыр 40 шақырым жердегі қараны айырады екен.
Екеуі ақылдасып, қайықтың сыртын Дуа соқыр, ішін Домбауыл алмақшы болады.
Домбауыл: "Қия атайын ба, кесе атайын ба?" - дейді. Дуа соқыр: "Қия ат!" -
дейді. Домбаул мерген қия атады. Содан бері олардың тегі "қият", "қиян"
аталыпты. (Ғ.Марғұлан). Бұған қарағанда, Оғыздың Қият аңмен соғысы оғыз-
қият рулары арасындағы болған соғыстардың ізі болса керек.
Қазақ аңыздары өзінің шығу тегін үш оқтан таратып, содан үш жүзге
бөлінген дейді. Алаша ханның екі баласының бірі - Сейілханнан түрікпенді,
Жайылханнан - қазақ пен қарақалпақты шығарады. "Оғыз қаған жырындағы"
Оғыздың балалары бозоқ және үш оқ болып бөлінуі осы аңыздан шықса керек.
Қазақ аңыздарында Сейілханның балаларын - Көндігер, ал қыпшақтарды - Құбаң
(кумандар) дейді. Көндігер - Сырдан күнбатыска ауған тайпалар аты. Мысырға
ауып барған Мамлюктерді көндігер деп атаған. Жалпы, оғыздар қазақ халқын
құрауға қатысқан рулардың бірі болып есептеледі.
Жырда Қорқыттың өлім туралы ойларының дерегі көрінеді. Мысалы, өлген
Қияттың үстіне қонып, оның ішек-бауырын жеп отырған сұңқар құс Оғызды ойға
қалдырады. өмірдің өтпелі екендігін ойлайды: Бұғыны, аюды жеген жалмауыз
Қиятты енді сұңқар жеп отыр. Қиятты найза өлтірді, сұңқарды жай оғы
өлтірді.
Жырда айшықты, образды сөздер көптеп кездеседі. Мысалы, сұлу қызды
көрген кезде жігіттер "сүттен қымызға айналын кетеді". Сүттің бұрқырап ашуы
мен ғашық жігіттің көңіл-күйі әдемі салыстырылған. Сұлу қыздың меңі алтын
қазықтай. Алтын қазығы – Темірқазық жұлдызы. ұлық Орда бек - "үздік",
"ұғымтал" ер.
Оғыздын ақылшысы ұлық Түрік "Қорқыт атадағы" Тоңұқұққа жақын бейне. Ол –
ақ сақалды, ақ шашты, шексіз өнерлі кісі, әрі түсімел, яғни түс жорушы,
сғуегей. Ол қазақ жырауларын еске түсіреді. "Оғыз қаған жырын" шығарушы
ұлық Түріктің өзі болуы мүмкін".
Жырдын композициялық құрылымы эпостық жырларға тғн:
1. Баланың тууы, тез өсуі
2. Алғашқы ерлігі
3. үйленуі
4. Жорықтары
5. Еліне қайтып-оралуы.
Оғыздың жорықтары VІІІ-Х ғасырлардағы казақ жеріндегі ру-тайпалардың
орналасу жүйесінен хабар береді. Тарихшы Н.Мыңжанның зерттеулері бойынша,
VІІІ-Х ғасырлардағы оғыздар мемлекеті Қарлұқ мемлекетімен тұстас өмір
сүрді. Ежелден Алтай таулары мен Тарбағатайды мекендеген қарлұқтар түрлі
соғыстар нғтижесінде VІІІ ғасырдың орта тұсында Жетісу жеріне ығысуға
мғжбүр болған. Шу бойындағы Суяп, Тараз қалаларының төңірегіне орналасты.
Кейін келе 766 жылдары Түргеш қағандығын құлатып, Қарлұқ мемлекеті құрылды.
Бұл мемлекеттің шекарасы шығысында Жоңғар Алатауы, батыста Сырдарияның орта
тұсы, солтүстікте Балқаш, оңтүстігі Ыстықкөлдің арасы болды. 940-жылдан
Қарахан мемлекетіне қарады.
Ал Оғыздардың ежелгі мекені Ыстықкөл болатын. Түрлі соғыстардан кейін
Сыр бойының төменгі ағыстарына, Аралға ауысты. Еділ-Жайықты өзіне қаратты.
Одан кейін кейбір бөліктері Кавказға қарай кеткен. X ғасырдың аяғында Орыс
князьдарымен бірігіп, Еділ Бұлғариясын да жеңді (Оғыздың жырда үрүс (Русь)
бекпен достық қарым-қатынаста болуы осы оқиғаның ізі болуы мүмкін. Хорезмді
жаулап алды. Сонымен Оғыз қаған жорығын былай елестетуге болады деп
ойлаймыз: Оғыз қаған әскері мұзтау арқылы (Алтай жағы) Еділге қарай жүріп,
күшті көрші Византия-үрүм қағанмен соғысып жеңеді. Еділ-Жайықтағы
Бұлғарияны, ежелгі қыпшақ руларын бағындырып, Сыр бойымен кері шегініп,
Сырдың орта ағысындағы қалың қаңлыларды қаратады. Одан әрі шығысқа қарай
қарлұқ тайпалары және сол жердегі қалаштарды да қосады. Одан кейін қазіргі
Қытай жеріндегі таңғұт, шүршіт, массар, барақаларды қаратады.
Оғызнаме дастанында негізінен Оғыз батырдың әскери жорықтары, түркі
елін сыртқы жаудан қорғаудағы ерлік істері, ел басқарудағы даналығы
мадақталады. Түркі халықтары ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілерінің бірі
саналатын Оғызнаме дастанының идеялық мазмұнын терең пайымдау үшін оғыз
тайпалары туралы кейбір тарихи деректерді еске түсіру қажет.
Сонымен, оғыздар - ертедегі түркі тайпаларының бірі. Олар көбінесе
дерлік Сырдарияның төменгі ағысы мен Қаратау бөктерін мекеңдеген. ұзақ
жылдар бойы көршілес тайпалармен соғысын, Арал теңізінің батысы мен Каспий
теңізінің солтүстік жағалауын өздеріне қаратып алады. Кенгар-печенек
бірлестіктеріне қарсы ІХ-Х ғасырларда жүргізілген осы соғыстардың оқиғалары
"Оғыз қағанның" сюжеттік желісіне негіз болған. X ғасырда Оғыздардың саяси
бірлестігі - Оғыз мемлекеті құрылғанда асханасы Сырдың төменгі ағысындағы
Жаңакент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болған. Оғыз тайпалары
бірлестігі 965 жылы Киев Русымен одақтасып алады да, екі жаққа бірдей қатер
төндіріп тұрған қуатты Хазар қағандығына қарсы соғыс ашады. Ақыры
хазарларды жеңіп, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауын да жаулап
алады. Арадан жиырма жыл өткен соң оғыздар орыс князьдарымен біріге отырып,
Еділ мен Кама өзендері бойындағы бұлғарларды да тас-талқан етіп жеңіп
шығады.
Міне, бұл зор жеңістердің бәрі Оғыз мемлекетінің күш-қуатын, саяси
беделін бұрынғыдан да арттыра түседі. Оғыздардың жаужүрек ерлігі туралы
алуан түрлі аңыздар тарайды. Оғызнаме дастаны - оғыздар жайындағы осындай
аңыз-ғфсаналар желісіне құрылған эпостық туынды. Тарихи деректер бойынша,
қышпақтардың қатты тегеуірініне төтеп бере алмаған оғыздар XI ғасырдың орта
шенінде Дешті Қыпшақтан батысқа қарай ығысып кетеді. Бірақ олардың бәрі
бірдей қоныс аударған жоқ еді. Қазақстан жерінде қалып қойған Оғыздар бірте-
бірте қыпшақ, қаңлы, тағы басқа түркі тектес тайпалармен араласын, солардың
эпикалық құрамына біржола сіңісіп кеткені мәлім.
Бұл ежелгі дғуірдің әдеби мұрасынан алғашқы қауымдық құрылыс пен ғуелгі
орта ғасырда орын алған тарихи оқиғалардың ізін айқын аңғаруға болады.
Мұңда тіпті жеке адамдардың есімдері, нақтылы жер-су аттары, түрлі ру-
тайпалар атаулары, т.б. бар. Оғызнаме дастанындағы жеке адам есімдері,
этникалық және жағрафиялық атаулар туралы көптеген ғылыми еңбектер
жазылған. Мәселен, атақты тарихшы-ғалым Н.Я.Бичурин нақты деректер келтіре
отырып, Оғыз - есімі тарихтан жақсы мәлім Туманның үлкен ұлы Мөде деп
біледі. Ал, Мөде белгілі адам. Мөде ғұндардың билеушісі - шаньюн атағын
алады. Ғұндар кезінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін мекендегені
мәлім. Мөде тұсында ғұндар құдыретті мемлекетке айналады. Сөйтіп, Оғыз
қаған - ғұндардың ғміршісі Мөденің әдеби бейнесі деген болжам бар.
Ал, енді Шығысты зерттеуші белгілі неміс ғалымы Иозеф Маркварт Оғыз
туралы мүлдем басқаша пікір айтады. Ол Оғыз бейнесінен Шыңғысханның
тұлғасын көреді "Мұнда Шыңғысханды (яғни Оғыз қағанды) түркі халықтарының
жауы емес, қайта досы етіп, әдейі бұрмалап көрсеткен" деп жазады.
Белгілі орыс ғалымы Г.Н.Потанин: Оғыз қаған белгілі бір тарихи бейне
емес, эпостық қаћарман деген пікір айтады. Соңдай-ақ Оғыз қағанды Александр
Македонский немесе қазақтың алғашқы хаңдарының бірі Жғнібек деп болжам
жасаған ғалымдар да бар.
Оғыз қағанды белгілі бір тарихи адам бейнесіне телу, яғни оның тарихтағы
нақты прототипін іздеп табу мүмкін емес. Әрине, Оғыздың әдеби бейнесі
аркылы белгілі бір тарихи адамдардың реалдық іс-әрекеті көрінген болуы
ықтимал. өйткені Оғызнаме дастаны белгілі бір тарихи оқиғалардың желісі,
сүрлеуі, ізі бойынша жазылғаны анық. Оғыз қағанның анасы - Ай қаған
бейнесін ғалымдар көбінесе дерлік от басының қамқоршысы үмай-ана бейнесімен
байланысты түрде алып қарастырады. Ал, Оғызнаме дастанындағы Қыпшақ бек,
Қағарлық бек, Қаңлы - түркілердің белгілі ру-тайпаларының жинақталған
бейнелері болуы да мүмкін. Орыс бек - Киев князьдарының бірі болса керек
деген болжам бар. Ежелгі орыс жылнамаларының бірінде Киев Русынің
печенектеріне қарсы күресі туралы айта келіп, Орыс бектің есімін шежіреші
ауызға алады. Оғызнаме дастанында кездесетін нақтылы жағрафиялық атаулар
да аз емес. Мәселен, Шағам - Шам (Дамаск), Сінду - Индия, Итилмуран - Еділ
өзені, Тераң муран - Терең өзен, Терең өзен - Днепр өзені деген болжам
айтылып жүр.
Оғызнаме дастанына негіз болған түрлі аңыз-әңгімелер мен нақты тарихи
деректер арасында тығыз байланыс бар екенін аңғару қиын емес. Оғыз батыр
жайлы шежіре-аңыздарда айтылатын тайпалар көне дғуір тарихынан жақсы мәлім.
Сондай-ақ Оғыз батыр жайлы ауызша аңыз-әңгімелердің сюжеттік желісі мен
Оғызнаме дастанының сюжеттік желісі арасындағы ортақ сарындар да
зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Бұл туралы, әсіресе, зерттеуші
Құлмат өмірәлиев ұтымды пікірлер айтқан (7,41-52).
ІІ Т А Р А У

“ОҒЫЗНАМЕ” ДАСТАНЫНЫҢ КөРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

2.1 Дастанның құрылысы мен сюжеті және тіл көркемдігі.
Жырдың композициялық құрылысында да көптеген өзіндік ерекшеліктері бар.
Ең алдымен, бірінен бірі туындап дамитын оқиғалар жүйесі бірыңғай Оғыз
қағанның төңірегіне топтастырылған. Айталық, Оғыздың туылуы мен өсіп ер
жетуі, үйленуі, ел берекесін кетірген Мүйізтұмсықты жекпе-жекте жеңіп
өлтіруі, байлық пен мүлік, жићаз үшін жасаған сан қилы қанды жол жорықтары,
сол басып алған ел-жұртты өз мұрагерлеріне бөліп беруі сияқты ірі-ірі
оқиғалар сол Оғыз қағанның тікелей қатысуымен іске асып отырады. Осы кесек-
кесек оқиғаларды жанамалай ашып толықтыратын азды-көпті қосалқы жғйттер де
бар (Қыпшақ, Қаңлы, Қаћарлы аттарының берілу тарихы, т.б.), бірақ бұлар
дастандағы басты мақсат қаћарманның ерлік істерін асқақ жырлауға
бағындырылған.
Оғызнаме дастанының құрылысында осы күнге дейін зерттеушілер байқамай
келген бір үлкен ерекшелік бар. Ол: мұндағы қара сөздермен қоса кейіпкерлер
диалогтарында 7-8 буынды жыр үлгісіндегі (тақпақ мғндес) өлең жолдарының
ара-тұра ұшырасып отыруы дер едік. Оғыз қағанның бағынбаған көрші елдерге
жорыққа аттанар алдында ұлан-асыр той жасап, алғашқы таратқан жарлығы
мынадай болып келеді:
Мен сенлерга болдум қаған,
Алалың ия таки қалқан.
Тамға бизгғ болсун буян,
Кок бори болсынғыл уран.
Тэмур идалар бол орман,
Ау иерда иурсунун қулан.
Таки талуи таки муран,
Кун ту болғыл кок курикан (3,32-33).
Немесе Оғыздың Мұзтаудан сүйікті атын ұстап әкелген бекке айтқан мына бір
сөздерін оқып көрелік. Бекке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқыт ата кітап
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің Махаббатнаме дастаны
Қазақ жазба әдебиетін дәуірлеу мәселесі
Қазақстан Түркиямен байланысы
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
Түркия Оңтүстік - Шығыс Еуропа жерінде орналасқан мемлекеті
Құтты білік дастанының нұсқалары
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастанының көркемдік ерекшеліктері
ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІ
Пәндер