Одағай сөздердің этимологиялық негіздері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Одағай сөздердің этимологиялық негіздері

Жоспар

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

І тарау. Одағай - ерекше сөз табы.

1. 1 Одағай сөздердің этимологиялық тұрғыдан зерттелуіне шолу . . . 5

1. 2 Түркі мұраларындағы одағай сөздердің қолданысы . . . 18

ІІ тарау. Одағай сөздердің жасалуындағы ерекшеліктер

2. 1 Одағай сөздердің экспрессивтік-эмоционалдық

мағынасына интонацияның әсері . . . 21

2. 2 Одағай сөздердің грамматикалық ерекшеліктері . . . 36

Қорытынды . . . 45

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 49

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Түркі халықтарының және олардың тілдерінің өзіндік даму тарихы бар. Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан үнемі даму үстінде болады. Алайда түркі тілдері сан ғасырлық даму жолында өзіндік формаларын сақтап қалған. Осындай мәселелер бүгінгі түркология ғылымында зерттеу нысанына айналып та жүр.

Қазіргі тілімізде әлі де болса зерттеуді қажет ететін ерекше сөз таптарыныңы бірі - одағайлар. Одағай сөздердің этимологиясы дыбыстық құрамы, лексикалық мағынасы және тұлғалық ерекшеліктері тұрғысынан өзгешеленеді. Оның үстіне қазіргі қазақ тілінде одағай сөздердің шығу тегіне қатысты зерттеулер жоқтың қасы.

Одағай сөздердің шығу тегі түркі халықтарының тарихы, дүниетанымы, ой-өрісі, дүниеге көзқарасы, өмір сүру салты, мәдениеті және психологиясымен байланысты. Мұның өзі одағай сөздердің этимологиясын нақтылауды қажет етеді. Тақырыптың өзектілігі де осында.

Зерттеудің нысаны . Одағай сөздер.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты - қазақ тіліндегі одағай сөздерді қазіргі түркі тілдерімен және түркі жазба ескерткіштері тілімен салыстырмалы - тарихи әдіс тұрғысында зерттей отырып, этимологиясын айқындау.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін міндеттерді шешу көзделді:

- көне түркі ескерткіштері тіліндегі одағайларды жинақтау;

- орта ғасыр жазба ескерткіштері тіліндегі одағай сөздерді жинақтау;

- жаңа түркі дәуірі жазба ескерткіштері тіліндегі одағай сөздерді анықтау;

- ең жаңа түркі дәуірі жазбалары тіліндегі одағай сөздердің қолданысын анықтау;

- түркі жазба ескерткіштер тіліндегі одағай сөздерді қазіргі түркі тілдеріндегі одағай сөздермен салыстыру;

- одағай сөздерінің тимологиясын айқындау.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері . Зерттеу барысында салыстырмалы- тарихи әдіс, диахрондық, синхрондық әдістер және ретроспективтік тәсіл қолданылды.

Зерттеудің дереккөздері. Зерттеу жұмысының материалдары көне түркі (“Күлтегін”, “Тоныкөк”, “Білге қаған”), орта ғасыр жазба ескерткіштерінің (М. Қашқаридың Диуани лұғат ит-түрігі”, Ж. Баласағұнның “Құтты білігі ”, Қ. А. Ясауидың “Диуани хикметі”, А. Йүгенекидің “Ақиқат сыйы”, Құтбтың “Хұсрау-Шырыны”, Хорезмидің “Мұхаббет-намесі”, С. Сараидің “Гүлістан бит-түркиі” т. б. ) аудармаларынан, жаңа түркі жазба ескерткіштері тілі бойынша теориялық еңбектерден, сөздіктерден, энциклопедиялық еңбектерден, мерзімді баспасөз беттерінде (газет, журналдар) жарық көрген ғылыми мақалалардан, ғылыми-теориялық конференция жинақтарынан алынды.

Зерттеудің негізгі тұжырымдары.

- одағай сөздер көне түркі жазбалары тілінде сирек кездеседі;

- одағай сөздер ортағасырлық жазба мұраларында жиі қолданылады;

- түркі жазбаларында қолданылатын одағай сөздер қазіргі қазақ тілімен салыстырғанда фонетикалық өзгерістерге ұшыраған;

- қазіргі қазақ тіліндегі одағай сөздер басқа да қазіргі түркі тілдерінде де кездеседі.

Жұмыстың құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Одағай - ерекше сөз табы.

  1. Одағай сөздердің этимологиялық тұрғыдан зерттелуіне шолу

Одағайлардың дамуы тілдің өзімен тығыз байланысты, өйткені адамның көңіл - күйін, сан түрлі сезімін сөзбен айтып жеткізе алмаған жағдайда, тек қана одағай сөздерді қолдану арқылы, дәл түсіндіре аламыз [1, 290] .

Ең алғашқы кезде одағайлар тіл пайда болмастан бұрын адамның әр түрлі эмоциялық күйін және адамның еркіндігін білдірген. Мысалы, Ах! Ух! Ой! Және т. б. Кейін тілдің даму заңдылығынан осы одағайлардан ахылау, ухілеу, ойбайлау сияқты сөздер туған. Кейінгі создер одағайлық дыбыстардың негізінде сөзжасам заңдылығына байланысты дами бастаған. Осының негізінде сөздің дыбысталуы мен адамның эмоционалдық жағдайы арасындағы байланыс жанама негізде болып қалды. Тіл дами келе сөздер тек адамның эмоционалдық көңіл - күйін, сезімін білдіріп қана қоймай, адамның жадында туатын басқа да құбылыс атауларын білдіре бастады.

  1. XVIII ғасырда одағай теориясы, яғни тілдің пайда болуының негізі - одағай деп тану И. Гердердің енбектерінде көрініс тапты. Тіл білімі тарихында бұл «Тітіркену теориясы» деген атауға ие болды [2. 21] .

Тілдің пайда болуын И. Гердер одағай теориясы негізінде түсіндірген. «Тіл - табиғи жан айқайы» деп атаған. Мұндай айқай басқа адамдарда көңіл білдіру сезімін туғызады. Сондықтан еңалғашқы адамдардың тілі - сезім тілі. Сана - сезімінің арқасында адам өз - өзін бақылай алады. Бұдан адамның сөйлеу тілі калыптаспастан бұрын одағайлар туған деген қорытындыға келеміз.

Одағай теориясында тілдің пайда болуына адамның ішкі жан дүниесі және оны қоршаған орта құбылыстары әсер еткен.

Одағайлар адам баласының өзі және оның жасаған ортасы, жан - жақтағы құбылыстармен қарым - қатынасы нәтижесінде пайда болған. Осыған дәлел ретінде «Одағай теориясын» атауға болады. Ең алғашқы адамдар тілінде сыртқы орта құбылыстарына тітіркену негізінде ой! Ай! Одағайлары туған. Сол сияқты одағайлар ауыр еңбекте, жанашырлық жағдайда, қайғы - қасіретте, жүрек жібітерлік сезімде, қуанышты сәттерде және осы құбылыстарға адамның көз - қарасын, сезімін білдіру кезінде қалыптасқан. Ең алғашқы одағайлар дыбыстар түрінде болған. Мысалы, О! А! Е! Және т. б. Кейін осы дыбыстардың негізінде басқа да одағайлар туып, соның негізінде тілдің дамуына жол ашылған. Бұл дыбыстар адамда еріксіз түрде, белгілі бір құбылысқа тітіркену негізінде туып отырған. Сондықтан да біз тілдің пайда болуын одағайлармен байланыста қарастырамыз. Одағайлар тілімізде сонау ежелгі дәуірлерден бері қолданылып келе жатқан тарихи категория болып есептеледі.

Одағайды дұрыс түсіну үшін одағай терминің құрлысына, құрамына талдау жасап алу қажет. Басқа түркі тілдерінде одағай термині түрліше аталады. Алайда мағыналык жағынан байланыс сақталған. Мысалы, ұйғыр тілінде одағай - ымлық деген атауға ие. Бұл көп жағдайда дағайдан туындаған создер. Мысалы, көптеген түркі тілдерінде ымлық - одағайдан «ым» және қосымша «- лық» немесе этимологиялык жағыннан түсініксіз (Мысалы, сырдық, нида) сөздер. Сонымен қатар кейбір түркі тілдерінде одағай терминін атау үшін орыс ілінен ауысып келген «междометие» термині де қолданылады [3. 361] .

Ең алғаш одағай термині Г. В. Архангельскийдің граматиясында қолданылған. Бұл жерде одағай терминін «одағайлан у» етістігі негізінде түсіндірген. «Одағай» терминіне этимологиялық талдау жасасақ, бұл термин үш құрамдық бөлікке (о, деген, ай) бөлінеді. О! - одағай, деген - етістіктің деу (айту), ай - одағайдан туындаған экспрессивтік - эмоционалдық шылау [3. 362] .

Одағай сөздерінің негізгі қызметі - бұл адам көңіл - күйінің неғұрлым қысқаша түрде берілуі. «Одағай - объектінің қоршаға ортаға деген көңіл - күйінің белгісі» - деп жазған В. В. Виноградов [4. 745] .

Одағай сөздер адамның барлық көңіл - күйіне қатысты сөздерді қамтиды. Қоршаған ортаның адамға әсері оның бас бөлігінде пайда болып, ол сезім, ой, бейімдік т. б. түрінде көрініс табады. Осы түрінде одағай «Мүлтіксіз күш» деген атауға ие болады [5. 341] .

Одағай термині мен оның қызметі арасында тығыз байланыс бар. Одағай сөзінің өзі жеке - дара, бөлек, оңаша деген мағыналарды береді. Одағайға қатысты қазақ тіл білімі ғалымдары арасында әр түрлі пікір қалыптасқан.

М. Балақаев, Т. Қордабаев одағайға: «Кісінің сезімін, көңіл - күйін, еркін білдіретін, дербес грамматикалық тұлғалары жоқ сөздер» деген анықтама берген [6. 165] .

Осы пікірді Ж. Түймебаев та қолдайды. Ж. Түймебаев: «Сөйлеушінің шындыққа, болмысқа қатысын көңіл - күй, сезім арқылы білдіретін сөздерді одағай қатарына жатқызамыз» деген анықтама берген [7. 82] . Одағайлардың атап көрсету қызметі жоқ. Оған арнайы грамматикалық категория тән емес. Көмекщі создердегі грамматикалық мағына үстеу қызметі де одағайда кездеспейді.

Ш. Бектуров пен М. Серғалиев сиякты ғалымдарымыз да одағайға қатысты өз пікірлерін білдірген. Олар одағайға: «Тұлғаланып, өзгермейтін адамның ішкі сезімін, көңіл - күйін білдіретін сөздер» деген аныктама берген. Олар одағайды: 1. Сөйлеуші адамның назарын өзіне аудару үшін қолданылатын одағайлар (Әй! Е! Ие! Ой! Мә! Оһ! А! Ә! Уа!), окінішті білдіретін одағайлар (О, дариға - ай! Қап! Оһ, дүние - ай! Апырмау! Әттеген - ай! Бай - бай! Пай - пай!), таңдану, сүйсінуді білдіретін одағайлар (Ахау! Уа, шіркін! Бәсе! Бәрекелді! Пәлі! Уа! Уай!), өшігуді білдіретін одағайлар (Қап, бәлем - ой!) деп жіктеген [8. 129] .

Одағай сөз табына жататын сөздер адамның күйін, сезімін білдіру мақсатымен ғана емес, сонымен қатар басқа біреуге бұйыру, ишара білдіру немесе малды, үй хайуанаттарын шақыру (шөре - шөре, моһ - моһ, әукім - әукім), айдау, қорғау мақсатында да қолданылады [9. 564] .

Одағай - адамның сезімі, көңіл - күйі, еркімен байланысты дыбыстық ишараттарды білдіретін, өзгермейтін сөздер табы. Одағай атауыш сөздерге де, көмекші сөздерге де жатпайды. Олардың атауыш сөздерден айырмасы - номинативтік мағынасы, ал көмекші сөздерден айырмасы - байланыстырушы қызмет атқармайды.

Одағай зат туралы, оның сыны, саны, қимылы туралы ұғымды атап білдірмейді. Сөйлемде жарыса, қабаттаса айтылып, сөйлеушінің көңіл - күйін білдіру арқылы ондағы негізгі мағынаны толықтырып, күшейтіп отырады, бірақ басқа сөздермен грамматикалық қарым - қатынасқа түспей, оқшау сөз ретінде жұмсалады [10. 230] .

Басқа түркі тілдері ғалымдары арасында одағайға қатысты әр түрлі анықтамалар, болжамдар жасалуда.

Одағай - әр түрлі көңіл - күй, сезімді білдіріп, сөз табы қызметін атқарады [11. 130] .

Одағай - эмоционалдық қобалжу мен күтпеген сезімдерді білдіретін сөз табы [12. 167] .

Н. П. Дыренкова Б. Х. Тодаева берген анықтаманы қолдай отырып, ол мына типтес одағайға қатысты анықтама береді: «Одағай әр түрлі сезім элементтерін білдіретін сөз табы» [13. 122], ал Саков: «Одағай - адамның ішкі жан дүниесіндегі өзгерістерді білдіретін сөз табы» деген анықтама берген [14. 151] .

Л. Харитонова: «Одағай - өзгеріске ұшырамайтын, түрлі сезімдер мен жан толқуларын білдіретін сөздер табы» деген анықтама берсе [15. 70], қазақ грамматикалық еңбектерінде: «Одағай - адамның ішкі жан жағдайы мен сезімдерін білдіретін сөз табы» деген анықтама берілген [16. 168] . Осы пікірді М. Балақаев та қолдап, ол да ішкі жан жағдайды білдіретін сөздерді одағай деп атаған [17. 111] .

Қазақ тіл білімінде тоғыз сөз табы бар. Солардың қатарына одағай тоғызынш орынды иеленген. Морфологиялық категориялардын ең көлемдісі және басқа категорияларға ұйтқы, негіз болатыны - сөз табы категориясы, яғни сөздің лексика - грамматикалық табы. Сөз табы категориясынның өзіндік туу, даму тарихы бар, яғни ол да өз басынан неше алуан өзгерістерді өткерген. «Қанша адам болса, сонша ой туады» делінген халық даналығында. Сөз табының өзін әр ғалым әр түрлі жүйелеп жіктеген. Одағайдын сөз табында алатын орнын да әр ғалым әрқалай топшылағанын жоғарыда берілген мағлұматтардан көрдік.

Сөздерді тапқа бөлу тіл білімінің өз алдына дербес ғылым болып қалыптасуынан бұрын, яғни б. з. б. IV - V ғасырдан Платоннан басталады.

Қазақ тіл біліміндегі сөздерді тапқа бөлудің алғашқы соқпағын салған түрколог - Н. И. Ильминский. Осы сан совет дәуіріне дейін жарияланған еңбектердің барлығында сақталған. Морфологияны сөз ететін қазақ тілінде жазылған алғашқы оқулық 20 - жылдардың алғашқы жартысында дүниеге келді. Осы оқулықта қазақ тіліндегі сөздерді алдымен атауыш сөздер, шылаулар, одағай сөздер деп үш топқа бөліп, оларды ішінара жіктеген. Одағай сөздер еліктеуіш, лептеуіш деп екі түрге бөлінген [18. 167] .

Бұл жерде ғалым Т. Қордабаев барлық лепті сөздер мен еліктеуіш сөздерін одағай қатарында қарастырған. Алтай грамматикасының авторлары, сонымен қатар Саков, Де. Соссюр, В. А. Богородицкий, Н. П. Дыренкова т. б. болған. Олар одағай сөздер мен лепті сөздерді синонимдес деп қарастыру дұрыс емес. Себебі, кез келген лепті сөз одағай бола алмайды. Алайда лепті сөздерінің ішінде одағай сөздерг тән экспрессивтік - эмоционалдық қасиетке ие сөздер де жоқ емес [3. 362] .

А. Байтұрсынов одағайды ілездік одағай (лап, шап, жалт, қалт, бырт), еліктеу одағай (шыр - шыр, сықыр - сықыр), шақырыс одағай (әй, а) деп бөледі [19. 216] . Бұл жерде А. Байтұрсынов та еліктеу сөздерін одағай сөздер құрамы қарастырған, бірақ бұл дұрыс емес. Себебі, еліктеу сөздерінің бойында экспрессивтік - эмоционалдық сипат жоқ.

Сөздерді тапқа бөлуде орныққан үш принцип бар. Олар: семантикалық, синтаксистік, морфологиялық [20. 38] .

Қазақ тілі грамматикасында сөздерді семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай 3 - ке бөлген. Олар: атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер. Одағай сөздер шығу ерекшелігіне қарай атауыш сөздермен де, көмекші сөздермен де семантикалық байланысы болмайды және сол себептен, сөйлемнің мүшесі болмайды, бірақ олар бүтіндей сөйлемнің орнына балама ретінде (Бәле! Қане!) жүре береді [21. 40 - 41] .

Ш. Бектұров қазақ тіліндегі сөздерді таптастырғанда, мағыналық, морфологиялық, синтаксистік принципке жүгіне отырып, атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер деп жіктеген [22. 100] .

Дәл осы еңбегінде Ш. Бектұров одағайлардың сөйлем мүшесі ретіндегі қызметін, яғни одағайларға жұрнақ жалғану арқылы басқа сөз таптарының жасалуын (уралау, ойбайлау, уралаушы), ал, де, деп, дейтін етістігімен тіркесіп барып, сөйлем мүшесі қызметін атқаруын (моһ - моһ деп - пысықтауыш), жеке сөйлем орнына қолданылуын (қане, міне), одағайлардың субстантивтеніп, түрлі қосымшалар арқылы сөйлемнің қалыпты мүшесінің қызметін атқаруын (аһлап - уһлеп) саралап, осы қызметтерін сүйеніп, оның сөз табына жатқызылып жүргенін сөз еткен [22. 177 - 178] .

Алайда одағайлар сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді. Сондықтан одағайлар синтаксистік жағынан оқшау сөздер деп аталатын топқа жатады. Бірақ, одағайлар сөйлемде білдіретін жалпы ойға қатысы бар [9. 564] . Одағайлар өздері жарыса, қабаттаса айтылатын сөйлемнен дауыс ырғағы арқылы оқшауланып, бөлініп тұрады. Мысалы, Қап, барлық еңбектері далаға кетті - ау! (Ғ. Мүсірепов) [23. 278] .

Зерттеушілер сөз таптарының жалпы грамматикалық сипаттамасында олардың морфологиялық белгілері (бір сөз табындағы сөзді басқа сөз табындағы сөзден ажырататын грамматикалық формаларының белгілі бір жүйесі) маңызды рөл атқаратындығын атап өткен және морфологиялық жағынан түрленбейтін сөздер. Мысалы, одағайлар мен үстеулер деп бөліп қарастырған [24. 169] .

Одағай сөздерінің мағыналық жағынан да, морфологиялық жағынан да, синтаксистік қызметі жағынан да өздеріне тән ерекшеліктері бар. Осымен байланысты одағайлардың жалпы сөз таптарының ішінде алатын орны ерекше. Одағай сөздер мағына жағынан заттың (субстанцияның) өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы да ұғым бермейді. Одағайлар сөйлемде не тұрлаулы, не тұрлаусыз мүшелердің қызметтерін атқармайды, сөйлеудегі басқа сөздермен синтаксистік қарым - қатынасқа түспейді. Сонымен қатар, Одағай сөздер түрлі шылау сөздерге де ұқсамайды, өйткені шылау сөздердің өздеріне тән лексикалық мағыналар болғанымен, сөйлемдег басқ мағыналы сөздермен селбесі оларды өзара байланыстыратын грамматикалық дәнекер болып қызмет атқарса, одағайларда бұл қасиет жоқ.

Қорыта айтқанда, одағайлар өздеріне тән ерекшеліктері бар сөз табы:

1. Олар адамның сезімін дәл береді. Адам бойындағы эмоциялық қорының барлығы осы қысқа сөздер арқылы беріледі. Осы арқылы одағайлардың көркем шығармадағы қызметі ашылады.

  1. Одағайлар сезімді білдіруден басқа, олардың бойында бағалау сәті бар.

Одағайлар арқылы болып жатқан іс - әрекетке оң және теріс жағынан баға беруге болады. Мақұлдау, қуаттау, алғыс, ризалық мағынасын білдіретін одағайлар оң баға беру үшін, ал жиіркеніш, жактырмау, табалау, ыза, сөгіс мағыналарын білдіретін одағайлар теріс баға беру үшін қолданылады.

3. Басқа сөздер сөйлемде атауышты қызмет атқарса, ал одағайлар тілде білдірушілік қызмет атқарады.

4. Одағайлар құрамында мағыналық жағынан диффузиялық болып табылатың сөздердің көп болғанымен ерекшеленеді. Бір одағай түрлі мағынада қолданыла береді.

5. Одағайлар басқа сөз түрлерінен өзінің эмоционалдық - экспрессивтік бояуға бай екенімен ажыратылады.

6. Одағайлар метонимия жасауда да қызмет атқарады. Ауызекі сөзде: «Біз ауылға жақындай бергенде, шеткі үйдің бірінен ойбай шықты» деп айтыла береді. Мұндай қолданыста «Ойбай» сөзі дауыстың, сол дауысты шығарушыны орнына жүреді, яғни заттанады [25. 51] .

Түркілер дүние жүзінің төрт бұрышына тегіс тараған, ескі тарихы, мәдениеті, әдебиеті дамыған халықтар. «Мал - дүние қанша жисаң да, таусылады, тозады, жазылған сөз мәңгілікке қалады», - деп Ж. Баласағұн атамыз айтып кеткен болатын Яғни, осы түркі ата тегіміздің ескерткіштерде жазып қалдырған мұралары арқылы біз сол дәуір тарихымызды, мәдениетімізді, әдебиетімізді тани аламыз. Түркі халқының жазба мұрасы сонау VI ғасыр тереңінде жатыр. Осы ата тегімізден қалған мұралар тіліндегі одағай сөздерінің қолданысын анықтау тіл білімі морфология саласының түйінді мәселелерінің бірін шеше аламыз. Одағай сөздерд көне жазба ескерткіштердің қай - қайсысынан да кездестіре аламыз: А! Анант! Ай! О! Аһ [26. 353] . Алайда көне түркі жазбалары тілін зерттеуші Ғ. Айдаров көне түркі жазба ескерткіші - «Күлтегінде» одағай сөздерінің кездеспейтіндігін айтады. Басқа ескерткіштерде «Анант» сөзі кездеседі. Көптеген түркологтар бұл сөзді одағай түрінде қарайды [27. 134] . Алайда, бұл қате пікір. Өйткені көне жазба мұралар тілінен одағай сөздерді кездестіре аламыз. Көне түркі «Күлтегін» ескерткішінде О! Одағайы кездеседі [28. 160] . Бұл одағай аталған ескерткіште үндеу мағынасында қолданылған. Үндеу мағынасында А! Одағайын да ұшыратамыз. Көне түркі ескерткіштерінде А! Одағайы сөз басында кездеспейді А Кісі аттарымен постпозициялық қатынаста байланысады. Бұл жағдайда үндеу қызметін атқарады. Мысалы, Ананта а! Оңра артміс отда бу чамбуді він улуста, м(а) ғаради (алт(ы) ғ іліккан бар арті: - О, анант, өткен заманда ғаламшардың бір қаласында Магаради атты хан өмір сүрген [26. 173] .

Көне түркі мұраларын зерттеуде В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский, В. Томсен, В. Банг, Г. И. Рамстедт, Ю. Немет т. б. ғалымдар көп еңбек еткен. Алайда көне түркі жазба мұраларындағы одағай сөздер жөнінде әлі де арнайы зерттеу жүргізілмеген [34. 148] .

Осы берілген мағлұматтардан біздің көретініміз, көне түркі ескерткіштерінде одағай сөздер көп кездеспейді. Алайда сол кездердің өзінде одағай сөздер (А! О!) қолданыс тапқан, бірақ олар санаулы ғана және байқайтынымыз, ол кезде тек түбір, негіз одағайлар ғана қолданылған.

Япырмау, қайда сол күндер! (Абай) дегендегі япырмау деген өкінгендікті, арманды білдіреді.

Екіншіден, адамның көңіл күйі құбылмалы болатындықтан, одағай сөздердің көпшілігінің мағыналары да құбылмалы я ауыспалы, демек, көп мағыналы болып келеді. Одағай сөздің дәл мағынасы сөйлемде айтылатын ойдың жалпы сарынына байланысты болады. Өйткені одағай сөздер сөйлемде айтылатын оймен жарыса, қабаттаса айтылатын сезімді білдіреді. Ендеше, сөйлемде айтылатын ойдың жалпы аңғарына қарай, демек, бірде сүйсіну, бірде кею (ренжу), бірде күдіктену, бірде өкіну сияқты алуан түрлі сезім құбылыстарына қарай, одағай сөздердің айтылу ырғақтары да (интонациясы) құбылып отырады. Мысалы: Уай, жарандар, мен бір ақыл айтайын ба (Ә. Әбішев) ; Өй, мұны қайдан алдың? (Ә. Әбішев) ; Ә, жаңа түзеді! (Ә. Әбішев) ; Ә-ә, мұнда ма едіңдер? (бұ да) ; Әй, кім барсың (бұ да) ; Уай, қой деймін, бала! (бұ да) деген сөйлемдердегі айтылған ойдың мағыналарына, аңғар-сарындарына қарай, одағай сөздер де, дауыс ырғағы арқылы, сөйлеуші адамның көңіл күйін жарыстыра, қабаттастыра білдіріп тұр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз таптары жүйесіндегі атауыш сөздер
Қазақ тіліндегі фузия құбылысы
Академик Шора Сарыбаев және одағай жөніндегі зерттеулер
Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы
ГРАММАТИКАЛЫҚ ІЛІМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ (Қ.ЖҰБАНОВ ЕҢБЕКТЕРІ БОЙЫНША)
Сыр өңірі жазушыларының тіліндегі жергілікті қолданыстар
Қазақ тіл біліміндегі еліктеуіш сөздер
Тіл біліміндегі еліктеуіш сөздердің теориялық ілімнің пайда болуы
Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер (дөрекі сөздер,одағайлар, орыс тілі элементтері, қарғыс сөздер)
Шет тілдер сөздерінің сөздігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz