Оқушылардың өзін-өзі дамыту мен тәрбиелеуін қалыптастыру


КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
«ПСИХОЛОГИЯ » кафедрасы
Қорғауға жіберілген күні: « » 2008 ж.
Кафедра меңгерушісі : Р. Р. Бирюшев.
ШАЙКЕНОВА БОТАГӨЗ ЖАБАЙҚЫЗЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Оқушылардың өзін-өзі дамыту мен тәрбиелеуін қалыптастыру
Ғылыми жетекші:
аға оқытушы Болатбекова. Н. Ж
Көкшетау 2008
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Оқушыны өмірлік даярлауда тәрбиенің рөлі.
1. 1. Тәрбие негізі туралы пікірлер . . . 7
1. 2. Тәрбие берудегі отбасымен мектептің өзара байланыстылығы . . . 15
1. 3. Отбасындағы тәрбиенің кейбір мәселелері . . . 24
1. 4. Өзін-өзі адамгершілікке тәрбиелеу . . . 36
ІІ. Оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеуді үйрету түсінігі және мәні
2. 1. Оқушыны өзін-өзі тәрбиелеуді үйрету түсінігі және оның қызметі мен өзін-өзі тәрбиелеудегі негізгі әдістер мен құралдар . . . 39
2. 2. Өзін-өзі тәрбиелеу процесінің мазмұны . . . 48
2. 3. Өзін-өзі тәрбиелеуді үйрету кезінде оқушыға тұлғалық бағыт беру . . . 51 2. 4. Оқушының ұжымдағы мінез-құлқын өзін-өзі тәрбиелеуі . . . 53
Бастауыш метептің өзін - өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу жолдары бойынша іс - тәжірибелік жұмыстар . . . 56
Қорытынды . . . 70
Қолданылған әдебиеттер . . . 73
Кіріспе
Өзектілігі. Тәрбие түсінігі, мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Тәрбиені өcin келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындау деп анықтаймыз. Ал, бұл дайындықты арнайы ұйымдастырылған тәрбие қызметінің барысында icкe асыруға болады, сонымен бipre ол балалардың күнделікті үлкендермен араласа жүріп, тұрмыстық ic-әрекетке үйренумен де орындалуы мүмкін. Бipaқ аталған екі жағдайдағы тәрбиелік әрекеттер әpтүрлi мағынаға ие болатыны cөзciз. «Қоршаған орта тәрбиеледі», «Отбасының тәрбие жемісі», «Мектеп тәрбиесі адам қылды», әрине, «Өзін-өзі тәрбиеледі» деп нақтылап айтатын болсақ, онда бұл бip мақсатты сияқты әрекеттердің өзара теңгерілмейтінін байқаймыз. «Қоршаган орта тәрбиеледі» немесе «Отбасы тұрмысы тәрбиеледі», «Өзін-өзі тәрбиеледі» деумен жеке адам дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты бағдары болмаған ықпалын тyciнeміз. Ал енді «Мектеп тәрбиесі» десек, әңгіме басқаша, бұл ретте арнайы ұйымдастырылған және саналы icкe асырылатын тәрбиелік қызметті білеміз.
Мұғалімнің тәрбиелеу жетістіктерін бала өзін-өзі тәрбиелеуге үйренгенде көре аламыз. Бұл тәрбиелеудің ең биік шыңдарының біоі болып табылады, өйткені бала отбасының, мектептің тәрбиесін ала отыра, өзін өзі тәрбиелеуге тырысады, барлық тәрбие түрінен бұл ең саналы және баланың өз еркімен жүргізілетін тәрбие нысаны.
Мұғалімнің тәрбиесі әрі қарай мектептен тыс уақытта, мектеп бітіргеннен кейінгі уақытта баланың өзін-өзі тәрбиелеуімен жалғасу керек, сонда ғана балаға берген тәрбие толық жүзеге асады деп айтуға болады.
Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеу үшін оларға бағыт беретін, үйрететін мұғалімнің қолынан келетін нәрсе көп және ол оқушының тәрбиелі болуына өзінің толық үлесін қосу керек, соның ішінде өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету.
Жұмыстың мақсаты - оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуді үйрету кезіндегі мәселелерді анықтау, оларды шешу жолдарын білу
Қазақстан Республикасы қоғамының тарихи дамуында өркениеттілікке бағыт алу кезеңінде тұр. Елімізде болып жатқан әлеуметтік экономикалық, рухани, мәдени өзгерістер тәрбие, білім беру саласындағы мемлекеттік саясатпен тығыз байланысты.
Мұнда тәрбие, білім беру негізіне әлемдік және отандық тәрбие, білім беру тәжірибесі, сонымен қатар ұлттық және жалпыадамзаттық өркениеттік қазыналарды алу көзделініп отыр.
Осыған орай бүгінгі таңда жас ұрпақты жеке тұлға етіп дамытуда жаңаша көзқараспен қарау, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру басты нысанаға айналуда.
Нарық экономикасының талабына сай, өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын бағалайтын, білімді, рухани байлығы мен мәдениеттілігі жоғары, адамгершілік, жаңаша ойлау қабілеті бар, дені сау, өз елінің болашағына жауапты ғасыр тұлғасын тәрбиелеу - тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының дәуірлік міндеті. Қазіргі кезеңде жаңа қоғам адамын тәрбиелеудегі басты нысана - адамның адами тұлғалық қасиетін сақтап қалу. Бұл педагогика ғылымының адамгершілік идеясы болуы керек деп есептейміз.
Демек, жаңа тұлғаны тәрбиелеуде, ең алдымен, әрбір жеке адамның дамуы үшін оның өзіндік табиғи табиғатын танып білу, сонымен қатар барлық интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту негізгі қағида болуы тиіс.
Қазіргі жағдайда адамға қажетті білім көлемі күрт артып отыр Сондықтан оқушыны өзініңбелсенді оқу әрекеті арқылы өз білімін үздіксіз толықтырып отыруға үйрету аса маңызды Толыққанды өзіндік оқу әрекетін қалыптастыру үшін мектепте оқушының өзіндік білім алуды қажетсінуін ояту және таным әдістерімен таныстыру керек
Оқушыларды өзіндік бақылауға бейімдеу мәселесі Білім заңында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының егемендігі жағдайындағы білім беру үрдісінің жаңартылуы тұрғысынан көкейкестіленіп отырЗаңда осы заманғы білім беру жүйесінің басымдық міндеттері тұлғаның рухани және физикалық мүмкіндіктерінашу, адамгершіліктің берік негіздерімен салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке даму үшін жағдай туғызу арқылы интеллектіні байыту жатады деп көрсетілген
Ежелден адамзат мәдениетінің тарихи дамуында адамды адамдық деңгейге көтеру(Әбунасыр әл Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Қадырғали Жалайыри, Қожа Ахмет Яссауи, Мұхамед Хайдар Дулати т. б. ) қазақ ғұламаларының тәлім - тәрбиелік идеяларынан басты орын алған.
Мәселен, Әбунасыр әл Фараби өзінің «Әлеуметтік- этикалық трактаттары», «Философиялық трактаттары», «Бақытқа баратын жолды көрсету» атты т. б. трактаттарында. Адам баласы жаратылыстың бүкіл жан иесі атауының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп адамды оқып үйренуге, тынымсыз ізденуге, өзін - өзі жетілдіруге шақырады» - деген. Сондай - ақ ой алабы Абай өзінің барлық еңбектерінде адамның адамдық қасиеті, «толымды адам, адам бол» концепциясын ұсынған. Адам бойында қалыптасатын ең құнды адамдық қасиеттерді талаптылық, еңбексүйгіштік, терең ойлылық, адамға деген сүйіспеншілік, мейірімділік, адалдық, ұлттылық, әділділік, имандылық, табандылық, сенімділік, ұлтжандылық, әдептілік т. б. дәріптеген. Бұл қасиеттер- ғасырлар бойы дәріптеліп келе жатқан адамның тұтастық тұлғасының негізі. Осыған орай еліміздің жаңа мыңжылдық табалдырығында тұрған кезеңінде адамзаттың асыл адамдық мұраларын жас ұрпақ бойына дарыту басты міндет болып саналады.
Адамның тұлғалық қалыптасуы әлеутеттік жағдайларға тәуелділігі ертеден - ақ дәлелденген. Бұл туралы психолог, педагог ғалым Л. С. Выготский өзінің зерттеулерінде ерекше мән берген. Ол адам- әлеуметтік ортаның негізгі бір құрамды бөлігі деп есептейді. Өз тарапынан орта мүлде өзгермейтін, қатып қалған, еш нәрсе әсер етпейтін дүние емес, ол үнемі адамдық ойлы қарым - қатынаста болатындығын айта келіп, орта адам үшін әлеуметтік орта болып есептеледі де, адамға әлеуметтік тәжірибесімен табиғи ықпал жасайды деген пікірді ұсынады. Л. С. Выготский әлеуметтік ортаны шартты түрде адамдар қарым - қатынасының жиынтығы деп есептей келе, әлеуметтік ортаның ерекше өзгерлігі жаңа мазмұны, түрлері тәрбиенің өте икемді, қажетті құралы бола алатындығын дәлелдейді.
Сонымен Л С. Выготский әлеуметтік орта көптеген әр түрлі қырларымен, құрамды бөліктерімен үнемі үздіксіз диалектикалық тұрғыда дамып отыратын динамикалық прогресс деп тұжырымдайды. Бұл пайымдаудан адамның ортамен қарым - қатынасы жай ғана қарым - қатынас емес, белсенді іс - әрекетті сипатта болатындығын. Сонымен қатар әлеуметтік орта үнемі адамның дамуына үйлесімді бола бермей, қарама қайшылықтарда да өмір сүретіндігін аңғаруға болады.
Әлеуметтік - мәдени ортаның болашақ ұрпақтың тәрбиесіндегі маңызы туралы әлемдік деңгейдегі көптеген ғалым- педагогтар, соның ішінде 20 - 30 жылдардағы қазақтың ұлы зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, кеңестік дәуірдегі көрнекті ғалымдар Н. К. Крупская, С. Т. Шацкий, А. С. Макаренко т. б. сөз етіп, жеке тұлғаның қалыптасында ортаның ықпалына зор мән берген. С. Т. Шацкий педагог пен ортаның өзара байланысы туралы былай дейді: Педагогикалық еңбек қоршаған ортамен байланысты болады. Сондықтан бала мектепте оқығанда екі ортада, екі бағытта тәрбие алады. Бір жағынан, орта да оған ықпал жасайды. Ал екі ортаның мүддесі, бағыты бала тәрбиесінде көп жағдай сай келмейді. Мектеп бір бағытта үйретіп жатса, ал орта оған қарама - қайшы бағытта ықпал етеді. Сондықтан сол ортада не болып жатқанын біліп, араласып отыру керек. Жас ұрпақ бойында жалпыадамзаттық, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда отбасы, мектеп, ауыл- аймақ, кітапхана, жоғары оқу орны, театр, кино, ғылыми көпшілік ұйымдар, теле, радио хабарлары, туристік - спорттық мекемелер, көше, достары, құрбы- құрдастары әсер етеді және әрбір жеке адам үшін оны қоршаған басқа адамдар әлеуметтік орта болып есептеледі. Бұлардың бәрі қосылып, жас ұрпаққа ықпал жасайтын әлеуметтік - мәдени орта әрбір жасөспірімнің балалық кезеңінен бастап тұтас тұлғалық бейнесінің болуына, өмірлік көзқарасына, дүниетанымына, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді.
Мұғалімнің тәрбиесі әрі қарай мектептен тыс уақытта, мектеп бітіргеннен кейінгі уақытта баланың өзін-өзі тәрбиелеуімен жалғасу керек, сонда ғана балаға берген тәрбие толық жүзеге асады деп айтуға болады.
Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеу үшін оларға бағыт беретін, үйрететін мұғалімнің қолынан келетін нәрсе көп және ол оқушының тәрбиелі болуына өзінің толық үлесін қосу керек, соның ішінде өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету.
Жұмыстың мақсаты - оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуді үйрету кезіндегі мәселелерді анықтау, оларды шешу жолдарын білу.
Тақырыбы: « Оқушылардың өзін өзі дамыту мен тәрбиелеуін қалыптастыру»
Зерттеу мақсаты : Оқыту, тәрбиелеу әрекеттестік жасауындағы өзін- өзі бағалауының қажеттілігінің маңызын көрсету .
Зерттеу міндеттері: 1. Жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеуі туралы ғылыми теориялық әдебиеттермен танысу, саралау.
2. Балалардың ұжымдағы және отбасындағы оқушының өзіндік орны.
3. Жеке тұлғаның қоғамдағы орны қызығушылықтары.
4. Өзін - өзі тәрбиелеуінің ерекшеліктерін анықтау үшін тестерді, сауалнамалар қолдану.
Зерттеу обьектісі: Бастауыш сынып оқушысының өзін- өзі тәрбиелеуінің психикалық - педагогикалық ерекшеліктері.
Зерттеу кешені: Шучье ауданы Кенесары ауылы Қаныш Сатпаев атындағы орта мектеп
Зерттеу пәні: Оқушының дамуындағы өзін -өзі тәрбиелеудің жолдары, әсер ететін жағдайлар.
Ғылыми болжам : Өзін- өзі тәрбиелеу оқушының өзінің табыстары мен сәттіліктерін, оқу мақсатына қарай дамыту сипатын бағалауға мүмкіндік береді.
Зерттеу әдістері : Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, сауалнамалар.
І. Оқушыны өмірлік даярлауда тәрбиенің рөлі.
1. 1. Тәрбие негізі туралы пікірлер
Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихының даму барысында жан-жақты дамыған адамгершілікті тұлға тәрбиелеуге ерте кезден-ақ зор мән берген. Мәселен, бала дүниеге келген кезден бастап айтылатын: бесік жыры, тұсау кесер, атқа мінер, санамақ, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштар, ертегілер т. с. с. Халықтық-педагогика арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге байланысты біршама теориялық-практикалық тәжірибе жинақтау қажет. Ол үшін бастауыш сынып мұғалімдері тәрбиенің басты ұстанымдарын-жалпы адамзаттың құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне салт дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптастыруы тиіс. Міне, осы ұстанымдарды жүзеге асыру "Бастауыш мектеп" тағы да басқа журналдар мен газеттерде қарастырылып, жүргені баршамызға аян.
Тәрбие туарлы сөз қылғанда бұдан бұрын өмір сүрген атақты ағартушылардың педагогтардың тәрбие жөніндегі пікірлерін еске түсірсек дұрыс болар. Атақты ойшыл шетел педагогтары тәрбие туралы былай деген.
Джон Локк адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші рөлін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы жетіледі деген сыңар жақ қортытындыға келді. Локк бойынша, бала жаны табиғаттынан - ақ тақта сияқты тап-таза болды, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол таза ақ тақтаға жазуы тиіс.
Платон былай деген: "Адамдық талаптардың биік мақсаты жоғары
адамгершілік мінез болып табылады"
"Тәрбиелеушінің өзі-ақылдың, үлкен ұстамдылықтың, мейірімділіктің, биік адамгершілік көзқарастың иесі болуға тиіс" деген М. П. Драгоманов .
Белгілі орыс педагогтары тәрбие әдістерін жасау үшін 40-жылдардың соңында 50-жылдардың басында көп күш салды. Тәрбие әдістері проблемасын шешуде зор үлес қосқан педагогтар Н. К. Гончаров , Т. Е. Конникова, И. Т. Огордников, Н. И. Болдырев, И. С. Марченко, Г. И. Щукина, В. А. Сластенин т. б.
И. С. Марьенконың анықтамасы бойынша, тәрбие әдісі-бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау. А. С. Макаренко "Балаға адам сияқты қаруды үйрену керек, мейлі әлі әлсіз, көмек қорғауды керек ететін болсын, мейлі әлі күрескер, жасаушы болуға дәрменсіз-ақ болсын, әйткенмен ол адам, оның үстіне болашақтың адамы . К. Д. Ушинский ескерткен болатын. Оқу еңбегінің күрделілігі, оның нәтижесі бірден айқындалмауында, оқушыларға әрдайым көріне бермеуінде.
Атақты ойшыл ағартушымыз Абай Құнанбаев отбасынан бастап дұрыс жолға тәрбиелеу керек екенін ескертті. Сол үшін толып жатқан тәлім-тәрбие дәстүрлерін ұсынып, жақсылыққа жеткізерлік ақылдар айтты. Өз өмірімен адалдыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу үлгісін көрсетіп отырды.
"Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады. Ата - анадан, ұстаздан, құрбысынан, әсіресе, солардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады" деген.
ХХ ғасырдың басындағы жарық жұлдыздардың бірі Мағжан Жұмабаев келер ұрпақтың қамын ойлап былай деген "Әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы-ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың балаға тәрбие беру туарлы ескіден келе жатқан жеке жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолдынып келе жатқан тақты жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті".
Жүсіп Баласағұнның "Болса тәртіп, бала өседі сомдалып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып" дегені, есі кіріп тілі шыққанан кейін баланы тым шолжаңдатбай, адамгершілігі мол, әдепті, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп тәрбиеле деп айтқанын түсінуге болады.
Қазақтың тұңғыш ағартушысы Ы. Алтынсаринның шығармаларында көтерілген өзекті мәселе - жастарды түрлі жақсы қасиеттерге баулу, жаман істерден жирендіру. Оның еңбектерінің бірінші беттерінен-ақ балаларды адамгершілікке, әдептілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, әділдікке, тапқырлыққа, мейірімділікке, оқуға шақырған әңгімелер мен өлеңдер жиі кездеседі.
Психологтер мынаны анықтады: бастауыш мектеп жасындағы балалар сыртқы ықпалды өте қабылдағыш, үйреткеннің, айтқанның бәрінің шындығына, адамгершілік нормалардың сөзсіздігі мен қажеттігіне сенгіш келді, бұл жастағылар өзгелерге қойылатын адамгершілік талаптар жөнінде ымырсаздығымен, мінез-құлықтары еркіндігімен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер бастауыш кластағы мектеп оқушыларының оқып, тәрбиелетендігінің кепілі болып табылады. Балаларды жүйелі және дәйекті түрде адамгершілікке тәрбиелеу үшін нақ осы жастарда зор мүмкіндіктер туады.
Ұрпағымыз адамгершілік тәрбиеге зәру адам.
Әдептілік-мәдениеттілік пен имандылықтың белгісі
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен, қайырымдылығымен, адалдылығымен ардақталады. Қазақ халқы ерте кезден - ақ әдептілікті жоғары бағалай білген. Отбасында жастарды кішіпейілділікке; ізеттілікке; имандылыққа; инбатттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Халқымыз өз ұрпағын:
«Әдептілік, ар-ұят
Адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез тағы жат-
Надандықтың белгісі», немесе
«Әдепті бала арлы бала-
Әдепсіз бала - сорлы бала»; - деп әр жастың
әдепті, сыпайы, инабатты болуын қалаған. Әдеп сақтау - адамдар арасындағы қарым-қатынас ережелерін орындап жүру, яғни әулет, әлеумет, қоғам мүшелерін қалыптасқан әдептілікті бұзбауға міндеттейді. Қазақ тәлімінде әдептілікті бұзған адамға рудың, әулеттің атынан сол әулеттің өкілі өз пікірін айтып тіпті тиым салуға да ерікті болған. Өйткені әдеп сақтау - әулеттік дәстүр. Әдеп сақтау халықтық рәсімге, жол - жоралыға, тәртіпке құлдық етіп, амалсыз бағыну емес, сол заңдылықтарды құрметтеу, қастерлеу.
Күні бүгінге дейін ауыл сыртында әңгіме дүкен құрып отырған қарияларға өз шаруасымен кетіп бара жатқан адамдар аттан түсіп, арнайы сәлем береді. Көшеде жасы үлкен кісі кездессе, оны таныса да, танымаса да амандасады, олармен тілдеседі. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария келіп сәлем береді» деген де аталы сөз бар. Мұндайда жасы үлкен кісі келген адамнан ел-жұрт амандығын сұрасып, жасының үлкендігін бұлдамай, өзінің кішіпейілдігін көрсетеді. «Кішіпейіл болғаннан кішірейіп кетпейсің» дегендей, мұның да үлкен тәрбиелік мәні бар. Сәлемдесу, амандасу адамның әрбір жан иелерінің бір-біріне ізет, сый-құрметін көрсетеді.
Отбасының, қоғам тәрбиесі аналарға байланысты екеніне ерекше мән берген халқымыз қыздың көркіне ақыл-ойы мен мінез-құлқының сай болуын қадағалаған.
«Қыз қылығымен сүйкімді»,
Қыз өссе - елдің көркі, «Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» деу арқылы, инабатты, ізетті қыздарды бүкіл ауыл-аймақ болып тәрбиелеуді меңзейді. Сәлемдесумен қатар ертеден келе жатқан асыл дәстүріміздің бірі - үлкенді сыйлау адамгершілік борышты өтеу болып табылады, әдептілік - ізеттік, кішіпейілділік, көпшілдік деген сөз.
Сайф Саран: «Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскен соң қайран жоқ», деп ұрпағын жастайынан ата-баба дәстүрімен сусындап, нәр алуына мән берген. «Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені» дейді халық. Әдеп, адамшылық - амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі - сәлемдесу. Халқымыз осы рәсімге ерекше мән берген. Расында да, қазіргі кезде жөн - жосығымен сәлемдесе білу - үлкен өнер, бұл - адамның кісілік қасиетін бір - бірімен сәлемдескенде «мал жаның аман ба?» деседі. Осы салт қазір қала тұрмысында, ел арасында әлі күнге дейін сақталған. Өйткені, мал-жан амандығын сұрасу қазақ этносының негізгі тыныс тіршілігінен туындаған мәселе. Жан амандығы тікелей мал басының амандығына қатысты екенін көшпелі ғасырлар бойы өзінің өмір сүру тәжірибесінен жақсы білген. Сонымен қатар сәлемдесу әдеп салты да уақыт өте келе азды - көпті өзгеріске ұшырап отырған, ол заңды да. «Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді» деген аталы сөз бар. Өйткені сәлемдесу - кісіліктің белгісі.
Білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі - оқушылармен жүйелі түрде сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын жүргізу. Бұл жұмыстарды пән мүғалімдері, ата-аналар жүргізеді. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өз қалауымен, олардың белгілі бір өнер түріне бейімділігін ескере отырып қйымдастырылады.
1. «Адамнан үлкен емессің» (пікір алысу)
2. «Сен» деме (өлең жолдары арқылы сыпайлыққа тәрбиелеу)
3. «Әдептілік - әлемдік айдарынан мақал - мәтелдер, нақыл сөзден» (жарыс өткізу)
«Балалар елдің баласы сәнінен емес, Сәлемінен танимын» деген екен қариялар олай болса, сендерге сәлемдесу, амандасу жолдары туралы айтып берейін.
¥лтына жанашыр азамат осыны нысана етуі тиіс. Әдетте бізді қазіргі оқушылардың тіпті көпшілік жерде өзін - өзі дұрыс ұстауды қойып, дұрыс амандаса да білмеуі.
¥лдар үшін.
1. Үйге үлкен адам келгенде орынан тұр.
2. Одан кейін қос қолыңды ұсынып «Ассалаумағалеикум аға» немесе «ата» деп алдынан шық.
3. Келген адам жасы кіші болса кішісі ұмтылып қос қолын ұсынып амандасады. Әрине «Ағалейкум салам» - деп жауап беруі тиіс.
Қыз балалар үшін .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz