Мұғалімнің басшылығымен сабақ барысында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үрдісі


Тақырыбы: «Мұғалімнің басшылығымен сабақ барысында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үрдісі»
Мазмұны
Кіріспе . . . 2
І. Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері.
1. 1. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мәні туралы педагогикалық ой-пікірдің даму тарихы . . . 8
1. 2. Өзіндік жұмыс дербестік таным әрекетінің ұйымдастыру формасы ретінде . . . 17
1. 3. Мұғалім педагогикалық әрекетті ұйымдастырушы және басқарушы субъект . . . 22
ІІ. Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімнің ролі.
2. 1. Бастауыш сынып оқушыларының өздігінен жұмыс істеу қабілетін
дамыту жолдары . . . 30
2. 2. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда мұғалімнің кәсіптік шеберлігі . . . 37
2. 3. Эксперименталды оқыту жүйесіндегі оқушылардың өзіндік жұмыстарының нәтижелері . . . 41
Қорытынды . . . 66
Қосымша
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе.
Зерттеудің көкейтестілігі.
Білім беру ХХІ ғасырдағы Қазақстанның даму стратегиясындағы негізгі басылымдылықтардың бірі болып табылады.
Еліміз егемендігін алғаннан кейін, қазіргі нарықтық экономика кезеңінде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-ахуалының артуын жүзеге асырудың аса маңызды құралы қоғамның барлық саласын, соның ішінде жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде орта білімді дамытуға кеңінен жол ашылды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы 1999 жылғы 11 маусымындағы заңының 4-ші және 8-ші баптарының негізінде әрбір Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес білім беру жүйесін дамыту және білім алу үшін тиісті әлеуметтік- экономикалық жағдайлар жасау арқылы интелектіні байытуға, халықтық, ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге, қоғамдық-саяси экономикалық және мәдени өмірге саналы көзқарасын қалыптастыруды бойына сіңіру болып табылады.
Осы заңның 41-ші және 38-ші баптары: Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке және шығармашылық қабілеттерін ашып, оны дамытуға жәрдемдесуге міндетті, Білім беру ұйымы баланың қалауын, жеке басының бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, таңдауға құқысы бар, -деп, педагог пен ата-аналарға арналып, мектеп пен ата-ананың алдында зор жауапкершілік жүктейді. /1/
Қазіргі кездегі білім беру оқушыға, оның өз бетімен дамуына және танып білуіне деген көзқарасты күшейтуге, оқушының қоршаған ортаға және өзіне деген назарына, оны өмірдегі өз орнын таба білуге негізделген.
Сондықтан, қоғам адамдардан, неғұрлым жаңа қабілеттіліктер мен білімдерді, біліктер мне дағдыларды, ойлаудың жаңа стилін, интеллектуалды белсенділік, инициативтілік, тапқырлық, алғырлық, мәселені жаңа қырынан көре білу қабілеті, тапсырмаларды шешуде балама шешімдерді таба алу сияқты тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру мәселесінің өзектілігі тереңдей түседі. Әрине, белсенді субъектіні қалыптастыру психологиялық-педагогикалық ғылымдарда негізгі мәселенің бірі болғанымен, қазіргі күні әлі соңына дейін шешімі табылмаған сұрақтары да жеткілікті.
Жас жеткіншектерді тәрбиелеу халықтың ертеден келе жатқан өзіне тән салт-дәстүрлері, ұлттық өнері, әдет-ғұрпы негізінде жетілетіні белгілі. Сондай-ақ, жанұяның, ұжымның, ұлы адамдардың өнеге- өсиет сөздері мен еңбектерінің алатын орны да ерекше. Халқымыздың әр заманда ғұмыр кешкен Әл-Фараби, Асан Қайғы, Қабанбай, Бөгенбай,
Абылай, Қазыбек, Әйтеке би және т. б. ата- бабаларымыздың өмір жолынан ерлік пен батылдықтың, табандылық пен ұстамдылықтың теңдесі жоқ өнегесін көруге болады.
Олай болса, ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани мәдениетімізді жинақтап, зерделеп, ой елегінен өткізудің, оның тәлім-тәрбиелік мол тәжірибесі негізінде жас өспірімдерді тәрбиелеудің қажеттілігі арта түседі. Сондықтан, болашақ ұрпақты даярлау барысында ұлттық мектебімізді жаңа жүйемен, білім беруді жетілген жаңаша әдіс-тәсілдермен жүргізуіміз керек, яғни баланың талантына, дарынына, талап-тілегіне қарай ұлттық тәрбие, салт-
дәстүр, бабалар тарихын негізге ала отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталу керек.
Жалпы, қазақтың халық педагогикасының, ұлттық мәдениетін қалауда зор үлесін қосқан қазақтың халық ағартушы-педагогтары Ы. Алтынсарин, Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов және т. б. Олар болашақ ұрпақтың имандылық, адалдық, ақыл-ой өрісі қасиеттерін тәрбиелеуге талпынған және халық даналығын жоғары бағалаған.
Бүгінгі таңда ғылым мен техника қарқындап өсіп отырған шақта мектеп бағдарламасы мен оқулықтарына, олардың барлық жетістіктерін енгізу мүмкін емес. Осы себептен де мектеп ертеңгі білімнің негізін қалап, оқушылардың өздігінен ізденіп, білім алуларына мүмкіндік жасауы тиіс. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығуға болады.
Осыған орай, мектеп бітіруші әрбір оқушы ғылым негіздерінің жаңалықтарымен хабардар болып, кейін сол алған білімі мен іскерлігін одан әрі дамытуға тиіс. Бұл өскелең өмір талабы.
Оқушылардың білімі олардың өздерінің ізденісінің нәтижесі болуы үшін, осы ізденістерді ұйымдастыру, басқару және танымдық әрекеттерін дамыту керек. Өзіміз білетініміздей, Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты жан-жақты жетілген білімді адамды тәрбиелеп шығару және мұғалімнің оқушылардың қабілеттерін түбегейлі дамытатындай, оны оқуда өзіндік жетістіктерге итермелейтіндей қолайлы жағдай тудыруы.
Соңғы жылдары дидактика төңірегіндегі оқушылардың танымдық белсенділік әрекетін және оқыту үрдісіне өзіндік жұмыстарды жан-жақты арттыру мәселесі жөнінде озат мұғалімдер тәжзірибесіне сүйене отырып, бірнеше мәні, мағынасы зор ғылыми зерттеулер пайда болды. Сабақ үстінде оқушылар мүмкіндігінше өздігінен жұмыс жүргізіп, мұғалім тек бұл жұмыстың үстінен басқарып, оны орындауға тапсырманы алдын ала даярлап отыру керке деп есептеген озат мұғалімдер.
Психологиялық зерттеулердің қорытындылары ( В. В. Давыдов, Л. И. Раев, А. В. Скрипченко және т. б. ) мен озық тәжірибелі педагогтардың көрсетулері бойынша өзіндік жұмыс, оқыту үрдісінің жүйесін, құрылымы мен функцияларын білімді меңгерудің кең мүмкіншілігін дамытады. Білім берудің негізгі бөлігі - оқушының өз бетінше жұмыс жүргізе алуында болып отыр. Мұның өзі оқу үрдісінің ұйымдастырылуы мен оқыту әдістемесінің жетістіктерімен сабақтас болады.
Бастауыш мектеп оқушыларымен өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесін зерттей келе Б. Г. Ананьев, Б. Н. Богоявленский, М. Н. Скаткин
және т. б. педагогтар мен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшелігі- олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды. Себебі сабақ қанша сапалы болсын немсесе мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсендік, әрекет болмаса жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.
Өз дәрежесінде жете мән берілмей келген өзіндік жұмыс жасауға соңғы жылдары сапалы түрнде бетбұрыс жасалуда. Оған дәлел- оқушыны дамытуға бағыттала құрылған жаңа бастауыш білім мазмұны, соның негізінде жазылған жаңа оқулықтар. Себебі бұнда оқушының өз бетімен білім алып, дамуына жете мән беріле бастады. Кезінде өзіндік жұмыстың бала дамуындағы ролін жете көре білген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ зиялыларының бірі- ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынов.
А. Байтұрсыновтың оқу-ағарту саласындағы негізгі көзқарастары оның «Бастауыш мектеп», «Қазақша оқу жайынан», «Мектеп керетері» атты мақалаларында ашылған. Соның ішінде ерекше қөңіл аударарлық мәселе - бұл автордың «Қазақша оқу жайынан» атты еңбегінде айтқан пікірі.
Автордың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт- бағдар беріп отыру ( Ақ жол) .
Бұдан А. Байтұрсыновтың 20-30-жылдардың өзінде-ақ кейінгі жылдары Ресей ғалымдары В. Давыдов пен Л. Занковтың дамыта оқыту теориясының негізі болған дербестік танымдық әрекеттің рролін көре біліп, оның бала дамуындағы маңызын өз кезінде қозғағандығын байқаймыз.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мәні туралы педагогикалық ой-пікірдің даму тарихы тамырын тереңге жіберіп көне заманнан бастау алады. Сократтың өзі-ақ оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігі мен іздемпаздылығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен-ді. Сонау қайта құру дәуірінде оқушылардың өз бетінше ойлауын дамытуды ұсынып, іске асырған. Оқытуды жандандыру құралы ретінде өзіндік жұмыс туралы Ф. Бэкон, Ф. Рабле, Д. Локк, Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, Д. Дидро, И. Г. Песталоций, А. Дистерверг және т. б. педагогтар, психологтар мен философтардың еңбектерінде құнды пікірлер келтірілген.
Революционер-демократтардың педагогикалық теорияларында өз бетінше тануды тәрбиелеуге үлкен мән берілген. В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский еңбектерінде өз бетінше танудың маңыздылығын көруге болады. « Егер біздің балаларымыз шын мәнінде білімді адам болғысы келсе, - деп жазды ол, -өз бетінше ізденіп оқу арқылы білім алуға тиіс» ( Чернышевский, 1940) .
Оқушылардың өзіндік жұмысына көптеген педагог, ғалымдардың атап айтсақ, П. И. Пидкасистый, С. Л. Рубенштейін, К. Я. Геленд, Ю. С. Пименов, Т. И. Шамова, Л. Ф. Жеребятъева, Л. С. Выготский, Р. Кузине, М. М. Мұханов, А. Байтұрсынов, М:Жұмабаев т. б. ой-пікірлерін білдірген.
М. Жұмабаев оқыту процесінде қарапаймнан күрделіге көше отырып, өз бетінше оқуға, өз бетінше білім алуға үйрету қажеттігін көрсетеді. Ол: «бала заттарды, көріністерді ұқсас сындары бойынша тап-тапқа бөліп үйренсін. Жеңілден ауырға көшуді естен шығармауға керек, көріністердің, ойлардың араларындағы байламды һәм олардың қайсысына себеп екенін тауып үйренсін. Бұл балаға мысалдардан ереже -заң шығартқызып үйрету сықылды істермен болады», -деп жазды. / 9/
Бастауыш сыныптарда өзіндік жұмысты ұйымдастыруда оның мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы, оқушыны шығармашылывқ бағытта жұмыс істеуге бағытталу, сондай-ақ бағаланып марапатталуы сияқты мәселелерге жете мән беріледі.
Оқушы білімінің тиянақтылығының ең басты шарты- материалдың ойланып меңгерілуі болмақ. Егер, жаңа сабақ мұғалімнің баяндалуы арқылы түсіндщірілсе, оқушының барлығы естігені арқылы ойлана ала ма? Әрине, оқушының бір бөлігі естуі бойынша -ақ ойланып, тиісті қорытындылар жасайды, бірақ бәрі де солай етеді дей қою қиын. Сондықтан, өзіндік жұмысының ең басты қажеттілігі- огқушыны ойға жетелеуінде, ойланта отырып, өзіндік қадам жасатуында болмақ. Оқушылардың өзіндік қадамы, өзіндік ойының қалыптасуы оны шығармашылық жұмысқа жетелейді. Шығармашылық еңбек алдымен оқушыға қанат бітіреді, қиял береді. Ғылым, білімді меңгерущді мақсаттандырады, өзінің барар жерін, жеңер қиындығын, шығар биігін айқын етеді. Оқушылардың білім жүйелерін меңгерудщегі сан алуан өзіндік қадамдары бірігіп, біртұтас дүниеге айналады.
Өзіндік жұмыс- бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың өзіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес.
Бастауыш мектепте өзіедік жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай- бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялжау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады. Сол себепті де тиімді ұйымдастыра білген мұғалімдерге оның берерлік маңызы зор.
Қазіргі психология және педагогика дәлеледегендей, белсенді тұлғаның дамуы кез-келген әрекетке бола қоймайды, ол тек ұжымдық сипаттағы әрекетке, шығармашылық элементтері мол, адамның назарын аударатын және сана- сезімді оятатын, индивид үшін жеке маңызы бар әрекетте болады.
Педагогикалық үрдісте осы жағдайды іске асыруы, психологиялық шарттарды есепке алмай, оның жасалмайтынын оқу әрекетін ойдағыдвай табысты ұйымдастырылуы мүмкін болмайтынын білдіреді.
Оқушылар белсенділігін қалыптастыру мәселесінің өзектігі қазіргі кездегі мектеп жұмысының ерекшелігімен білінеді:
- қоғамдық әлеуметтік тапсырысымен белсенді, шығармашылық тұлға қалыптастыру және дамыту қажетитілігімен оқыту міндеттерінің күрделенуі;
- білім мазмұнының күрделенуі;
- қарқынды техникалық прогресске байланысты ғылыми ақпараттың тез жинақталуы мен дамуы болады. Бұл оқушыларды оқу-танымдық әрекетке белсенді түрде өзін-өзі білімдендіруге дайындау қажеттілігін тудырады.
Осы ерекшеліктердің аясында дидактика өз назарын оқыту мен оқуды белсен, дірну мәселелерінде ұстайды. Бұл жағынан оқу мотивациясы мекемелеріне арналған зерттеулер құнды болып табылады. Бұл, ең алдымен, Л. И. Божовичтің, В. Р. Ильиннің және Г. И. Щукинаның еңбектері. Авторлар оқудың белсенділігін қамтитын танымдық мүдде мен танымдық қажеттілікті жан-жақты және терең зерделеген.
Соңғы кезде оқушылардың танымды мәселелері белсенді түрде әзірленуде. Ол М. А. Даниловтың, Г. И. Пидкасистыйдың, Н. А. Половникованың және т. б. еңбектері.
П. И. Пидкасистыйдың айқындауынша « Өздігінен білім алу - өз бетінше жасайтын іс-қимыл, өз іс-әрекетін ұйымдастыруы. Белгілі бір оқыту жағдайында өздігінен білім алу, оқушыны тану процесіне жетелейтін және оны бекітіп, тиянақтаудың ядролық ролін атқаратын генетикалық талшық».
П. И. Пидкасистый: «Өзіндік іс-әрекеттің мәнін бейнелейтін негізгі белгісі- оқушының мұғалімнің көмегінсіз жұмыс істеуі емес, оның дидактикалық дәреже ретінде көрінуі, оқушы әрекетінің мақсаты, сонымен бірге өзінің сол әрекетті басқару қызметін білдіруінде», -деді. /15/
Оқуды белсендірудің теориясы мен практикасын дамытуға оқыту әдістерін жетілдлірумен байланысты зерттеулер зор мағынаға ие болды. Ол А. Н. Алексюктің, Ю. К. Бабанскийдің, М. Н. Скаткиннің зерттеулері. Оқуды белсендірудің маңызды құралы оқушыларды жалпы оқу біліктілігіне үйрету болып табылады. Педагогикадағы бұл аспектіні Л. П. Аристова, Г. И. Шамова әзірлеуде, олар өз зерттеулерінде оқушылар оқуын белсендірудің құралдар жүйесі мен оны қалыптастырудың жолдарын айқындайды.
Т. И. Шамова : «Оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту және дамытудың қолайлы жағдайы мұғалімнің оқу материалын дайын түрде беруі емес, керісінше оқушының өздік іс-әрекетін ұйымдастыру болып табылады», - деп жазды. / 21/
Бұл өзекті мәселе маған диплом тақырыбын алуға негіз болды.
Зерттеу объектісі: сабақ барысында оқушылардың оқу - танымдық әрекетін белсендіру процесі.
Зерттеу пәні : оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мұғалімнің шеберлік қызметінің рөлі арқылы іске асу жолдары.
Зерттеудің мақсаты: мұғалімнің басшылығымен өзіндік жұмысты орындау барысында оқушыларды барысында оқушыларды оқу-танымдық әрекеттің белсенді субъектісі ретінде қалыптасу шарттарын белгілеу.
Зерттеу міндеттері:
- Өзіндік жұмыс мәселесінің қалай және неге байланысты өзгеоетінін айқындау және оқушылардың оқу-танымдық әрекетін белсендіруде оның мүмкіншілігі немен белгіленетінін білу.
- Өзіндік жұмыс пен дербестік әрекеттің ерекшклігін белгілеу және олардың арасындағы елеулі байланыстылықты айқындау.
- Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда мұғалімге қойылатын талаптар мен мұғалімнің кәсіби келбетін белгілеу.
Қойылған міндеттерді шешу үшін мынадай педагогиканың ғылыми-зерттеу әдістері қолданылады: бақылау, әңгіме, сауалнама алу, пікірсайыс, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т. б.
Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, белгіленген міндеттерді шешу және ғылыми болжамда текесеру үшін зерттеу әдістерін қолданады.
Өзіндік жұмысты дербестік таным әрекетін ұйымдастыру формаларының бірі ретінде қарау, мұғалімнің көмегінсіз орындалатын, оның осы құрылымы келесі зерттеу болжамын қисындап мазмұндауға мүмкіндік береді: егер, мұғалімнің басшылығымен жұмыс барысында шығармашылық сипаттағы дербестік әрекетке жүйелеп кіріссе, өздігінен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады. Онда оқушылардың танымдық белсенділігі мен дербестілігін дамыту өзіндік жұмысты орындау процесінде де маңызды шарт болып табылады.
І. Оқу-тәрбие процесіндегі оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері.
- Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мәні туралы педагогикалық ой-пікірдің даму тарихы.
Кейбір ғалымдардың « оқушылардың өзіндік жұмысына» берген анықтамалары мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің ұйымдастырылуына сүйенсе, кейбіреулері оқушылардың оқу әрекетінің мазмұндылығын оның негізгі белгісі ретінде санайды.
Әдеби қайнарды талдау негізінде оқушылардың өзіндік жұмысының тамыры тереңнен екендігі байқалады. Ежелгі римдік философ Плутарк, Тацита, Квинтилиана еңбектерінде және Платон мен Аристотельдің трактаттарында дамыған жанжақтылық және үйлесімділік принциптеріне сай тұрғызылған тәрбие теориясын ежелгі гректер құрған.
Бұл теорияда адамның ақыл - ой тәрбиесіне, сондай-ақ ойлаудың дербестігін дамытуға ерекше мән берген. Бұл әдісті спартандық мектептерде қолданды.
Афиндік философ Сократ оқу барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуінде және танымдық әрекетіне арнайы басшылық қажет деген ойға келді. Ол бірінші болып эвристикалық әңгімелер арқылы оқушылардың танымдық дербестігін жандандыруда оқытудың арнайы әдістерін құрады. Сократ өз оқушыларымен әңгімелесуде эвристикалық сұрақтар жүйесін ертерек тиянақтап дайындаған. Сөйтіп ол танымдық дербестікті оқытуды жандандыру амалы ретінде қарастырады. Кейін келе бұл идеяны ежелгі римдік философтар дамытады.
Орта ғасыр тәрбиесінің мақсатына догмалық оқыту оқыту жүйесі сәйкес келген, бұл оқытудың мәні оқу материалын механикалық түрде жаттауда болған. Оқушылардың жалпы дамуына және олардың танымдық дербестіктің дамуына әсер етпесе де догмалық оқыту бірнеше жүзжылдықта үстемділік жасаған.
Қайта құру дәуірінде оқытудың догмалық әдісіне көп сын жасалды және оқушылардың өз бетінше ойлауын дамытуды ұсынды.
Оқушылардың өз бетінше танымдық әрекеттерін дамытудың оқытудағы әдістерінің негізін салған Я. А. Коменский. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруда- шеберлі мұғалімдер мен тартымды әдістер қажет деп жазды.
« Мен өз оқушыларымда білімді меңгеру барысындағы негізі ретінде өз бетінше жұмысты бақылап-байқауда, сөйлеуде, практикада, қолданыста үнемі дамытып отырамын»- депті. Я. А. Коменский жаңа материалды түсіндірмей тұрып тақырыпқа қызығушылығын ояту үшін әрі қызықты, әрі пайдалы бір мәлімет беруді, немесе оқушыларға сұрақтар мен тапсырмалар беріп, бүгінгі мен өткенді өз бетінше байланыстыра алатындай жағдай тудыруды ұсынды.
ХVII - XIX ғасырлар шенінде өздік жұмыстың теориясын дамытуда И. Г. Песталоции мен А. Дистервергтің, оқушылар танымының дербестігін оқытудағы белсендіру құралы деген ойды тереңдететін көзқарастары үлкен роль атқарады.
Песталоциидың айтуынша - әрбір сызық, әрбір өлшем, әрбір сөз, пісіп толған бақылаудың негізінде туған сананың өнімі.
А. Дистерверг оқушылардың белсенді білім алуларында баланың танымдық қызығушылығын дамытудағы икемділігі мен машықтарын қалыптастыруда танымдық дербестіктің ролін жоғары бағалаған. Ол оқыту процесінде ақыл-ой қабілеттерін дамытудағы ең негізгі құралы ретінде баланың өз бетінше жұмыс істеуі деп есептеген. Ол баланың қызығушылығында, сезімдік танымға құштарлығында байқалады. Заттармен біртіндеп танысу барысында сезімдерді жаттықтыру керек әрі сақтау керектігін жазып өткен.
И. Ф. Гербарттың пікірінше оқытудың негізгі мақсаттарының бірі танымдық қызығушылықты дамыту болып табылады. Оның айтуынша,
оқыту тым жеңіл болмау керек, «себебі аса жеңілділік іске зиян келтіреді».
Революционер-демократтардың педагогикалық теорияларында танымдық дербестікті тәрбиелеуге үлкен мән берілген. В. Г. Белинский оқытудың индуктивтік әдістерін қалады, себебі ол оқылатын материалдың өз бетінше түсіну машықтарын дамытуға себеп болады.
«Анализден синтезға көшу, мысалдардан ереже шығару- бұл оқытуда нағыз пайдалы жүйе», - деп жазды ол.
Өз бетінше танымның маңыздылығын Н. Г. Чернышевский еңбектерінде де көруге болады. « Егер біздің балаларымыз шын мәнінде білімді адам болғылары келсе - деп пайымдады ол, - олар білімді өз бетінше жұмыстар арқылы алу керек».
Сонымен революционер-демократтардың еңбектерінде оқушылардың өзіндік жұмысы екі жақты теориялық позицияда қарастырылады: а) тәрбиелеу мақсатында, б) оқыту процесін жандандыру құралы ретінде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz