Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе. 3

I -тарау Оқу тәрбие процесінде оқушылардың өзіндік

жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми - теориялық негіздері.

1. 1. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мәні туралы педагогикалық

ой пікірлердің даму тарихы . . . 7

1. 2. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың аспектілері . . . 11

1. 3. Өзіндік жұмыс түрлері . . . 16

II - тарау Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын

ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі.

2. 1. Бастауыш сынып мұғалімі қандай болуы . . . 23

2. 2. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі жолдары мен

шарттары . . . 27

2. 3 Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілетін арттыру . . . 32

ІІІ- тарау Өзіндік жұмыс түрлерін бастауыш сыныптарда қолдану.

3. 1. Өзіндік жұмыстың түрлерін қолданудың тиімділігі . . . 36

Қорытынды . . . 52

Қолданылған әдебиеттер . . . 53

Зерттеу объектісі: сабақта оқушылардың оқу - танымдық әрекетін белсендіру процесі.

Зерттеу пәні :мұғалім- оқушыларды оқу процесінде өздігінен істейтін түрлі жұмыс дағдыларына үйрету.

Зерттеу мақсаты : оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән- мағынасын, міндеттерін, негізгі түрлерін психологиялық ерекшеліктерін және оларды ұйымдастыру жолдарын қарастыру.

Зерттеу болжамы : мұғалім оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда өзінің басшылық әрекетін олардың талап - тілектеріне сәйкес ойдағыдай ұштастыра білуі қажет. Сонда мұғалімнің басшылық әрекеті кемімейді, қайта күрделеніп, арта түседі. Егер оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренбесе, оның оқуы жемісті болмайды, ол жиі сәтсіздікке ұшырайды, басқалардан гөрі, оқуда артта қала береді.

Зерттеу міндеттері : 1. Оқушылардың өзіндік жұмысына тән сипттарды анықтау.

2. Оқушылардың дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу.

3. Олардың алған білімінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз ету.

4. Өзіндік жұмыс пен дербестік әрекеттің ерекшелігін белгілеу және олардың арасындағы байланысты айқындау.

5. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда мұғалімге қойылатын талаптар мен шарттарды сақтауы.

Кіріспе

Бастауыш білім- үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыларға белгілі бір көлемдегі білім, білік - дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды өзіндік жұмыс істеу арқылы жан- жақты дамыту -бүгінгі күннің талабы.

Еліміздің өркениетті елдер қатарына жету, әлемдік білім беру кеңістігіне ену, білім сапасын көтеру, оқушылардың біліктклігін ойлау мәдениетін қалыптастыру, жеке адамның ішкі әлемін, өзіндік түсінуін, өзіндік дамуын қамтамасыз ету, оқуда белгілі бір нәтижеге жету- бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырғандығы белгілі.

1980-1990 жж. әлемдік білім беру жүйесі, «ғаламдық дағдарысқа» ұшырағаны мәлім. Білім сапасының күрт төмендеуі, барлық елдерде, соныменен қатар Қазақстанда да күрделі өзгерістерді енгізуді қажет етті. Барлық білім беру буындарында, әсіресе жоғарғы оқу орындарында түрлі реформаларды енгізу қажеттілігі туды.

Сондықтан қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалуда, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Сол себептен педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісінде елеулі өзгерістер болып жатыр. Білім беру продагмасы өзгеруде, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда. Ол туралы білім беру заңында, орта білім беру тұжырымдамасында, Елбасымыздың 2030 стратегиялық бағдарламасында білім беру негізгі приоритеттік бағыт болып көрсетілгені тегін емес, өйткені, еліміздің болашағы іскер, білімді, шығармашылығы мол адамдарға тікелей байланысты. Осы орайда Н. Ә. Назарбаевтың: « . . . жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін дағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысына жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру; . . . осы мақсатқа жету үшін қарқынды ғылыми зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру керек», - деген сөзі бүгінгі педагогикалық үрдісте басшылыққа алынған жөн. Себебі, еліміздің болашағы - бүгінгі балалар. Ал олардың қандай азамат болып шығуын қадағалау қазіргі мектептерге, мұғалімдерге тікелей жауапты жұмыс. Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оны жан-жақты дамуын қамтамасыз ету. Ал бұл міндеттердің табысты шешімін беру жеке адамның дамуы, қалай өсетінін білумен байланысты. Педагогика үшін мәнді мәселелердің бірі жеке адам түсінігінің өзін айқындап алу шынында да тәрбие аясы «жеке адам» нені білдіреді. Бұл түсініктің «адам» түсінігімен ара қатынасы қандай?

Ең алдымен ескертетін жағдай адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі- биологиялық, екіншісі- әлеуметтік. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күнінен бастап дамыумен қалыптасуында көрініс бере бастайды. Адам туылғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып табылады, жеке тұлғалыққа жету әлі ертерек. Адамның биологиялық кемелденуі және өзгеру процесі оның дамуының жастық сатылары мен мінез-құлығында көрініп осыдан балалық, жасөспірімділік, ересектік және қарияалық табиғи белестерін ажыратамыз.

Бірақ адамның табиғи дамуы көп санды әр сан алуан әлеуметтік саналар мен қасиеттерді қабылдаумен тығыз байланыста бірге дамып барады. Бұл адамды қоғамдық тіршілік иесі ретінде сипаттайды. Адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барыснда өзінің қоғамдық мәнін ойлататындай көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қалыптастырады әрі дамытады. «Адам» түсінігі осыдан биологиялық және әлеуметтік (қоғамдық), сапа менен қасиеттердің бірлігін білдіреді.

Ал «жеке адам» түсінігін алатын болсақ ол текқана әлеуметтік сана мен қасиеттерді игерген тұлғаны танумен байланысты. Бұл тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі санасы, әр түрлі әдептерімен ерекшеленеді.

«Жеке адам» дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік салалар мен қасиеттер жиынтығын білдіріеді. Көне грек ойшылы Сократтың өзі де оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігі мен іздемпаздылығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен еді. Сонау қайта өрлеу дәуірінде оқушылардың өз бетінше ойлауын дамытуды ұсынып, іске асырған. Өзіндік жұмыс туралы Ф. Бекон, Ф. Рабле, Д. Локк, Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, Д. Дидро, И. Г. Песталоций, А. Дистерверг және тағы басқа педагогтар, психологтар мен философтардың еңбектерінде құнды пікірлер айтылған.

Революционер - демократтардың педагогикалық теорияларында өз бетінше тануды тәрбиелеуге үлкен мән берген. В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский еңбектерінде өз бетінше танудың маңыздылығын көруге болады. «Егер біздің балаларымыз шын мәнінде білімді адам болғысы келсе, -деп жазды ол, - өз бетінше ізденіп оқу арқылы білім алуға тиіс» (Чернышевский, 1940)

Сондай-ақ бұл жұмыста оқушылардың өзіндік жұмысына көптеген педагог, ғалымдардың атап айтсақ П. И. Пидкасистый, С. Л. Рубенштейн, К. Я. Геленд, Ю. С. Пименов, Т. И. Шамова, Л. Ф. Жеребятъева, . Л. Толстой,

Л. С. Выготский, Р. Кузине, М. М. Мұқанов, А. Байтұрсынов, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаевтар келтірілген.

Бүгінгі жалпы білім беретін мектеп қоғамының алға қойған көкейтесті міндеттерін жүзеге асыру үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін, қабілеттерін дамытатын дүние жүзілік деңгейдегі жоғарғы мәдениетпен қажетті білім қорын жинақтаған өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасайтын жеке тұлғаны тәрбиелеуі тиіс. Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз бетімен әрекет жасауға үйрету, бүгінде көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша 21 ғ. іске ауысуға тиісті өзекті мәселесі болып табылады. Р. Г. Лемберг, Е. Я. Голант, Л. В. Занков және тағыда басқа көрнекті ғалымдардың еңбектерінде өзіндік жұмыс оқушылардың өзін-өзі бақылауын қалыптастыру, ақыл-ой тәрбиесін беру құралы ретінде анықталады. Соңғы онжылдықта өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық әдіс проблемалары көптеген ғалымдардың еңбектеріне арқау болып әр түрлі бағытта қарастырылды:

  • оқуды белсендіру құралы ретінде (Б. П. Есипов; П. И. Пидкасистый) ;
  • оқушылардың танымдық белсендігін қалыптастыруға бағытталған теориялық тұжырымдамалар (И. Я. Лернер; М. И. Махмутов; Н. Н. Половникова) .
  • дербестік- өзіндік ұстаным, рухани- практикалық білім ретінде (Л. П. Буева; С. Т. Зырянов) .
  • дербестік- жеке тұлғаның қасиеті мен сапасы ретінде (К. А. Абульханова-Славская; К. К. Платонов) .

Көрнекті психологтар Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов зерттеулерінің нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық мүмкіндіктері айқындалды. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру проблемеларымен А. Х. Аренова, Н. Н. Светловская, А. Я. Савченко айналысты. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс проблемасын талдау бұл зерттеліп отырған мәселенің толығымен тұтас педагогикалық үрдісте жүзеге асырылатынын көрсетіп берді. өзіндік оқу іс-әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушылардың өзіндік шағармашылық іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Өзіндік іс-әрекеттің ең басты қажеттілігі - оқушыны ойға жетелеуде ойланта отырып, өзіндік ойының қалыптасуы шағармашылық жұмысқа жетелейді. Шығармашылық еңбек алдыменен оқушыға қанат бітіреді, қиял береді. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік оқу іс-әрекеті ұғымын дамытуда біз философиялық категориялар бірлігінде қалыптастырамыз: іс-әрекет бұл жалпыға ортақ танымдық іс-әрекет -оқу; оқушылардың өзіндік іс-әрекеті-жеке. Іс-әрекеттің негізінде танымдық іс-әрекет дамиды. Танымдық іс-әрект өзіндік оқу іс-әрекетіне айналып, жеке тұлғаның интегративті білімін қамтамасыз етеді.

Ғылыми-педогогикалық зерттеулерде өзіндік жұмыс ұғымына бірнеше анықтамалар берілген:

  • оқыту үрдісіне енгізілген оқушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің тікелей қатынасуынсыз орындалатын жұмыс; бұл жайында оқушылар саналы түрде тапсырманы мақсатына қол жеткізщуде өздерінің күштерін пайдалану және танымдақ іс-әрекеттерінің нетижелері арқылы тырысады( Б. П. Есипов) .
  • оқушылардың тапсырмаларды еш көмексіз, мұғалімнің бақылауынсыз орындауы (Р. М. Микельсон) .
  • өзіндік оқу іс-әрекеті дегеніміз - бұл дидактикалық ұғым, ғылыми практикалық міндеттерді өз бетімен қою, оның шешімін табудың өздік тәсілдерін болжау және анықтау, жеке тұлғаның өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі бағалау негізінде педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзара іс-әрекетінде қалыптасқан жеке тұлғаның интегративті білімі (А. Х. Аренова) .
  • өздігінен жұмыс істеу ол адам бойындағы құнды қасиеттердің бірі оны тәрбиелеп, жетілдіріп қалыптастыру қажет (Ш. А. Амонашвили) .
  • бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі оның білімділігінің, шеберлігінің керек орны, өздігінен алатын тәжірибені білімнің ұзақ жолы қысқару үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай өтуі үшін, керек білімін кешікпей кезінде алып отыруы үшін, балаға жұмысты және шағындап берумен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру (А. Байтұрсынұлы) .

І- тарау. Оқу тәрбие процесіндегі оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми - теориялық негіздері.

1. 1. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мәні туралы педагогикалық ой - пікірлердің даму тарихы.

Афиндік философ Сократ оқу барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуінде және танымдық әрекетіне арнайы басшылық қажет деген ойға келеді. Ол бірінші болып эвристикалық әңгімелер арқылы оқушылардың танымдық дербестігін жандандыруда оқытудың арнайы әдістерін құрады. Сократ өз оқушыларымен әңгімелесуде эвристикалық сұрақтар жүйесін ертерек тиянақтап дайындаған. Сөйтіп ол танымдық дербестікті оқытуды жандандыру амалы ретінде қарастырады. Кейін келе бұл идеяны ежелгі римдік философтар дамытады.

Оқушылардың өз бетінше танымдық әрекеттерін дамытудың оқытудағы әдістерінің негізін салған Я. А. Коменский. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруда шеберлі мұғалімдер мен тартымды әдістер деп жазды. «Мен өз оқушыларымда білімді меңгеру барысындағы негізі ретінде өз бетінше жұмысты бақылап- байқауда, сөйлеуде, практикада, қолданыста үнемі дамытып отырамын»- депті. Я. А. Коменский жаңа материалды түсіндірмей тұрып тақырыпқа қызығушылығын ояту үшін әрі қызықты, әрі пайдалы бір мәлімет беруді, немесе оқушыларға сұрақтар мен тапсырмалар беріп, бүгінгі мен өткенді өз бетінше байлыныстыра алатындай жағдай тудыруды ұсынады.

XVII-XIX ғаырлар шенінде өздік жұмыстың теориясын дамытуда И. Г. Песталоции мен А. Дистервергтің оқушылар танымының дербестігін оқытудағы жандандыру құралы деген ойды тереңдететін көзқарастары үлкен рөл атқарады.

Песталоцийдің айтуынша әрбір сызық, әрбір өлшем, әрбір сөз, пісіп толған бақылаудың негізінде туған сананың өнімі.

А. Дистерверг оқушылардың белсенді білім алуларында баланың танымдық қызығушылығын дамытудағы икемділігі мен машықтарын қалыптастыруда танымдық дербестіктің рөлін жоғары бағалаған. Ол оқыту процесінде ақыл-ой қабілеттерін дамытудағы ең негізгі құралы ретінде баланың өз бетінше жұмыс істеуі деп есептеген. Ол баланың қызығушылығында сезімдік танымға құштарлығында байқалады. Заттармен біртіндеп танысу барысында сезімдерді жаттықтыру керек әрі сақтау керектігін жазып өткен.

И. Ф. Гербарттың пікірінше оқытудың негізгі мақсаттарының бірі танымдық қызығушылықты дамыту болып табылады. Оның айтуынша, «оқыту тым жеңіл болмау керек, себебі аса жеңілділік іске зиян келтіреді».

Революционер - демократтардың педагогикалық теорияларында танымдық дербестікті тәрбиелеуге үлкен мән берілген. В. Г. Белинский оқытудың индуктивтік әдістерін қалады, себебі ол оқылатын материалдың өз бетінше түсіну машықтарын дамытуға себеп болады. «Анализден синтезге көшу, мысалдардан ереже шығару - бұл оқытуда нағыз пайдалы жүйе» - деп жазды.

Өз бетінше танымның маңыздылығын Н. Г. Чернышевский еңбектерінде де көруге болады. «Егер біздің балаларымыз шын мәнінде білімді болғылары келсе - деп пайымдады ол, олар білімді өз бетінше жұмыстар арқылы алу керек».

Сонымен революционер - демократтардың еңбектерінде оқушылардың өзіндік жұмысы екі жақты теориялық позицияда қарастырылады:

а) тәрбиелеу мақсатында,

б) оқыту процесін жандандыру құралы ретінде.

К. Д. Ушинский балалардың ойлау заңдылықтарын негізге ала отырып мынадай тұжырымға келді- оқытуда білімді меңгеру барысында міндетті түрде оқушылардың өздік жұмысын ескерііп отыру керек, себебі, өзіндік ойлар өз бетінше алған білімдерінен шығады. Сонымен қатар оның айтуынша, оқыту процесінде оқушылардың өзіндік деңгейін жүйелі түрде жоғарлатып отыру керек. Жаттығулардың жүйелілігі мұғалімнің, оқушылар қабілетіне қарай орындап отырған жаттығуларына қатысуынан байқалуы керек. Балаларда сөйлеу қабілеті дамыған сайын, оқытушы оларға аз көмектесіп, тапсырмаларды өз бетінше орындай алатындай етіп әзірлеу керек деп жазды. Орыстың ұлы педагогінің идеясын көптеген әдіскерлер іске асырғысы келді.

Ф. И. Буслаев орыс тілін оқыту әдісіне оқушылардың өздік ойлауын дамытуға көп мән берген.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының проблемаларын ХХ ғасырдың басында прагматикалық педагогиканың өкілдері (Д. Дьюй, Б. Боунд, У. Килпатрик, Х. Рагг) зерттеген.

Педагогикадағы бағыттың негізін қалаушы Д. Дьюй мектепте оқушылардың ақыл-ой әрекетімен практикалық іс әрекетінің байланысының орнауын жақтады, сонымен қатар ол ақыл -ойдың өздік жұмысының белсенділігінсіз таным жоқ екенін айтып кетті.

С. Френің айтуынша әлемнің барлық педагогикалық оқулықтарына қарағанда баланың бойында ақиқат көп болады, бала өз тұлғасын өзі құрайды; ал мұндағы мұғалімнің қызметі оқушы бойындағы органикалық тән қасиеттерді айқындауға көмектесу.

20-30 жылдарда француз педагогы Р. Кузиннің педагогикалық көзқарастары кең тараған. Ол оқыту процесінде еркін топтың жұмыс әдісін ұсынады, оның мәні оқушылар 3-5 адамнан топтар құрайды. Бұл топтарға мұғалім белгіленген уақытқа тапсырмалар мен тақырыптар дайындайды. Тапсырмаларды өз бетінше орындайды, мұғалім тек бақылайды, керек кезінде кеңес береді.

50-70 жылдарда әлеуметтік шарттарға және психология жетістіктеріне байланысты бұл теория едәуір толқтырылды.

Сабақта оқушылардың танымдық әрекетін белсендіретін құрал оқушылардың өзіндік жұмысы болып табылады, бірақ мұғалім жетекшілік жүргізуі шарт екені көптеген эксперименттер нәтижесінде дәлелденген.

Р. М. Микельсон: « Өзіндік жұмыс мұғалімнің бақылауымен ешқандай оқушылардың тапсырмаларды орындауы деп түсінеміз», деп жазған. Дидактикалық әдебиеттерде өзіндік жұмыстың басқа да анықтамалары бар. Мұнда оқушылардың өзіндік жұмысы деп, «максимум белсенділікті қолданатын, шығармашылықты, өзіндік пікірі бар, талап әрекеттерінің орындалуын» - айтады. Психологиялық тұрғыдан алғанда, ол белсенді процесс, ол мидың аналитикалық - синтетикалық іс-әрекетіне қатысты өтеді

(Б. П. Есипов ) . Оқушыға өздігінен білім алу үшін оның мұғалімнің қатысуынсыз орындайтын жеке тапсырмаларды орындау үшін арнайы уақыт бөлінуі қажет. Оқушы оны сапалы түрде орындау үшін қабілетіне сай берілген есепті ынталанып, ақыл -ойын толық жұмсап шешуге тырысуы керек. Ал П. И. Пидкасистыйдың айқындауынша «Өздігінен білім алу -өз бетінше жасайтын іс- қимыл, өз іс- әрекетін ұйымдастыруы. Белгілі бір оқыту жағдайында өздігінен білім алу, оқушыны тану процесіне жетелейтін және оны бекітіп, тиянақтаудың ядролық рөлін атқаратын генетикалық талшық», - деп есептейді белгілі ғалым П. И. Пидкасистый.

Жалпы педагогиклық және әдістемелік сұрақтарды жан-жақты қарастырғанда оның психологиялық жағы оқу әрекетінің позициясынан аз қарастырылған. Осы проблемаларды қарастырылуда алғы шарттарды анықтайық.

Біріншіден оқушының өзіндік жұмысы сабақтағы оқу әрекетінің дұрыс ұйымдастырылғанының нәтижесі, ол оның бос уақытында өз бетінше дамуын, ізденуін тудырады. Сондықтан да мұғалімнің ұйымдастырған және басқарған оқу жұмысын меңгеруде өз бетінше әрекет тудыруда.

Екіншіден, берілген дәлелдемелердің жиынтығында өзіндік жұмыс үй жұмысынан кеңірек мағынада берілген, яғни келесі сабаққа дайындалу үшін үйге берілген тапсырмаларды орындау. Өзіндік жұмыс сабақтан тыс уақытта да жүреді. Жалпылап алғанда қандай да болсын материалды қабылдауда оқушының сабақ үстіндегі де, сабақтан тыс уақытта да өз бетінше жұмыс істеуі.

Үшіншіден, аталған барлық ерекшеліктерімен сипатталған өзіндік жұмыс оқушылардың оқу әрекетінің өзгеше түрі деп қаралу керек. Бұл оқу әрекетінің жоғарғы түрі, сыныптағы оқушының жұмысымен байланысты өз білімін көтерудің бір түрі. С. Л. Рубенштейн бойынша, нағыз өзбеттілік әрекеттердің саналы себептілігін және олардың дәйектілігін ұйғарады. Өзгелердің ықпалына және сендірулеріне көнбегендік қисық мінезділікке жатады, ал ерік өзбеттеліктің нағыз көрінісі, себебі адамның өзі солай не басқаша істеуге объективті негіздері қарастырылады.

«Танымдық өзбетіншілік»- бұл тұлғаның өздігінен білім алу нақышымен және ең алдымен ұмтылысымен сипатталатын қасиеті, бұл өз алдына өзбетіншелікті ақыл-ой сапасы ретінде қарастыру дегенді білдіреді.

«Оқушылардың өздік жұмысы-өз бетінше ойлауының талабы, шығармашылықты максимум белсенділігін көрсете отыра орындайтын іс-әрекеті», - деп Р. Б. Среда айтып өткен. К. Я. Геленд, «Өздік жұмыстың негізгі белгісі - оқушылардың тапсымалардағы, ақыл-ой және практикалық әрекеттерінің белсенділігінде », - деп көрсетті.

«Бақылау біліктілігін көрсету және практикада өз бақылауларын тексеру, бақылаудан тұжырым жасау, оқытудың негізі болып табылады». Ю. С. Пименов айқындауынша «Өздік жұмыс - жан- жақты игеруде және бағдарламалық білімдердің тереңділігінде, осының негізінде шығармашылық ойлаудың нақыштарының дамуы мен жетілдіруінен радикалды меңгеруден құралатын іс-әрекет».

П. И. Пидкасистый болса былай деді: «Өздік жұмыс оқушылардың өз бетінше әрекетін ұйымдастырудың амалы ғана болып табылады».

П. И. Пидкасистый: «Өзіндік іс-әрекеттің мәнін бейнелейтін негізгі белгісі - оқушы мұғалімнің көмегінсіз жұмыс істеуі емес, оның дидактикалық дәреже ретінде көрінуі, оқушы әрекетінің мақсаты, сонымен бірге өзінің сол әрекетті басқару қызметін білдіруінде », - деді. «Өзіндік жұмыс - оқушының, сәйкес оқу тапсырмаларын орындауда белгілі бір әректтің тәсілін көрсететін түрі»- деп М. Г. Гарунов пен П. И. Пидкасистый жазды.

Ал философиялық сөздіктерде өздік жұмысқа мынадай анықтама берілген: «Өз бетінше білім алу білігі - оқулықпен жұмыс істеу үшін, талдау үшін, құбылыстар мен заттарды сәйкестіру мен салыстыруға, деректер мен түсініктерді жүйелеуге және жалпылауға қажет психологиялық және практикалық әрекеттердің негізі».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімнің рөлін айқындау
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Оқушылардың өзіндік жұмысына тән сипттарды анықтау
Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы
Сыныптан тыс оқыту тәрбие жұмысының негізі
ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҢЫЗЫНА ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ӘДІСІНЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
Мұғалімнің басшылығымен сабақ барысында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үрдісі
Оқыту заңдылықтары
Бастауыш сынып оқушыларына математика пәнiнде өзiндiк жұмыстарды ұйымдастыру
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz