ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛИНГВОЕЛТАНУЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 2

1 ӨЗГЕТІЛДІ АУДИТОРИЯДА ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ЛИНГВОЕЛТАНУЛЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ РӨЛІ

1. 1 Лингвоелтанулық аспекті мен мәдениеттің ұғымы және ерекшеліктері . . . 6

1. 2 Лингвоелтану жалпыбілім беретін мектепте шетел тілін оқыту мазмұнының негізгі компоненттерінің бірі ретінде . . . 10

1. 3 Бар оқыту материалдарын талдау және талдау негізінде оларды іріктеу . . . 15

1. 4 Лингвоелтанулық аспекті шетел тілін үйренудегі негіздеу (мотивация) құралы ретінде . . . 22

2. ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛИНГВОЕЛТАНУЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1 Орта мектептегі шетел тілі курсының мазмұнына лингвоелтанулық аспектіні енгізу . . . 27

2. 2 Шетел тілі сабағында лингвоелтанулық біліктілікті қалыптастырудағы мұғалімнің рөлі және әдістемелік тәсілдері . . . 31

2. 3 Мұғалімге орта жалпы білім беретін мектептегі шетел тілі сабақтарында оқушылардың лингвоелтанулық біліктілігін қалыптастыру бойынша жаттығулар жүйесі . . . 37

2. 4 Лингвоелтанулық аспектіні ескере отырып сабақты жоспарлау негіздері . . . 45

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 54

КІРІСПЕ

Жұмыстың тақырыптық өзектілігі , Мәселенің өзектілігі, оның қазіргі міндеттерді ескеру негізінде теориялық және әдістемелік тұрғыдан қарастырылмауы, білім беру саласындағы педагогикалық маңыздылығы зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Өзгетілді аудиторияда шетел тілін оқытудағы лингвоелтанулық материалдармен жұмыс әдістемесі» деп алуға негіз болды.

Бүгінгі күні біріншіден қоғамның мектепке қоятын негізгі талаптардың бірі - мәдениетаралық коммуникациялық актілерде, бәрінен бұрын сөйлеушінің сөзін дұрыс қабылдау және өзгетілді аудиторияда тілді қолданушыларға арналған, түпнұсқалық мәтіндер арқылы, коммуникативтік біліктілігі бар мәдениет адамын тәрбиелеу және қалыптастыру болып табылады. Оның ішінде

Екіншіден, өзгетілді аудиторияда шетел тілін оқытудағы лингвоелтанулық материалдардың әдістемелік жұмысы толық зерттелмеген. Оқушылардың ағылшын тілін үйренудегі ұлттық-мәдени компоненттің мазмұнын меңгеру - оларды тілін үйреніп жатқан елдің мәдениетіне тартудың негізгі шартының бірі болып табылады. Бұл оқушының әлеуметтік-мәдени тұлғасының дамуына, оны жалпыадамдық құндылықтарға таруға арналған үлкен мүмкіншіліктері бар, мәдениеттің өзгетілдік қарым-қатынасын жүзеге асыру жолы.

Оқу мен тәрбие жүйесін толық тіл үйренушінің ішкі мүмкіншіліктеріне сай дамыту - бүгінгі күннің негізгі талабы. Осы ретте білім беру саласына әдістеме және оқыту әдіс- тәсілдеремен бірге толық нәтиже жылдам жеткізуді мақсат ететін оқытудың инновациялық технологиялары да енгізіліп отыр. Жастардың дүниетанымының қалыптасуы гуманитарлық пәндерге қойылатын талапқа сай ізгілендіру ұстанымын орнықтыру, білім мазмұны, оқыту түрлері, оқыту әдістерін, тіл дамыту үшін түрлі қызығушылығын арыттыратын амал- тәсілдері жетілдіріп, оқу үдерісіне түбегейлі өзгертулер мен жаңа бағыттағы толықтырулар туралы жаңаша мақсаттар мен міндеттерді шешу қазіргі өркениет талаптарына, әлемдік деңгей көлеміндегі білім кеңестігіне қол созу екені даусыз.

Саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегі және басқа салалардағы қарқынды дамып келе жатқан байланыстар шетел тілдерін үйренудің жаңа әдістерінің коммуникацияның нақты жағдайларына біртіндеп бағытталуына себепші болады. Тілді үйренудің соңғы шешімі ретінде, коммуникативтік біліктілікке ұмтылу деген тек қажет өзгетілдік техниканы игеру ғана емес, сонымен қатар теңбе-тең үйрену және бірін-бірі түсіну үшін қажет тілге байланысты емес орасан зор ақпаратты игеру болып табылады, өйткені қоршаған орта туралы негізгі мәліметті білмейінше соңғы айтылғанға қол жеткізу мүмкін емес. Тілін үйренуші елдің мәдениетімен танысу бұрынғы көне заманнан бері келе жатқан негізгі міндеттердің бірі.

Діни мәтіндерді түсіндіру секілді, классикалық тілдерді оқытудың мәдениетпен таныстырусыз мүмкін екендігі ойға сыймайды. XIV ғасырдың аяғынан бастап тірі тілдерге оқытуда ауызша тілмен бірге сол елдің өмірімен де таныстыру да қатар жүргізілетін.

Әсіресе бұл неміс лингводидактикалық мектебіне тән еді. Біздің елде тілді үйрену процесінде сол ел туралы берілетін әртүрлі мәліметтер елтану деп аталады, Германияда - мәдениеттану (kulturkunde), Американың оқу орындарында тіл мен теория курстары бар, Францияның әдістемелік мектебінде «тіл және өркениет» (langue et civilisation) түсінігі бар. Ағылшын әріптестеріміз linguacultural studies - «лингвомәдениеттік зерттеулер» теориясын пайдаланады. Уақытша мемлекеттік білім беру стандарты шетел тілдерін оқытудың мақсаттарының қатарына базалық деңгейде «оқушылардың шетел тілдеріне, осы тілде сөйлейтін халықтың мәдениетіне сүйіспеншілікпен қарауға» тәрбиелеу енгізілген. Шетел тілін оқып-үйрену (лингвоелтану, елтану) сол елдің мәдениеті, тарихы, өмірі және дәстүрі жайында білімді жорамалдайды.

«Лингвоелтану» теориясы бұл бағыттың, бір жағынан, тілге үйрететінін, екінші жағынан - осы тілде сөйлеуші ел туралы мәлімет беретінін айқындайды. Алайда, негізгі объекті ел емес, сол елді мекендеушілердің тілі, жалпылама түрде - олардың мәдениеті болғандықтан, «мәдениеттану» жөнінде айтқан дұрыс болар еді. Бірақ «Лингвоелтану» теориясы шетел тілдерін оқыту практикасына барынша сіңісіп кеткен, сондықтан, мүмкін, оны сол қалпында қалдыру керек шығар. Алайда дәстүрлік елтану мен лингвоелтану арасындағы айырмашылықты айыра білу қажет.

Егер елтану барлық тілдерге бірдей қоғамдық пән болса, ал лингвоелтану - тек жеке пән ретінде емес, тілдік семантика бірлігімен жұмыс процесіндегі тілдік практика бойынша сабақтарда оқытылатын, филологиялық пән болып табылады.

Зерттеу жұмыстың мақсаты : өзгетілді аудиторияда шетел тілін оқытудағы лингвоелтанулық материалдарының жұмыс әдістемесін ұсыну.

Зерттеу нысаны : өзгетілді аудиторияда шетел тілін оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні : өзгетілді аудиторияда шетел тілін лингвоелтанулық бағытта оқыту әдістемесі.

Осы негізгі мақсаттан төменгідей зерттеулік міндеттер туындайды:

- өзгетілді аудиторияда шетел тілін оқытуды ерте бастау ерекшеліктерін анықтау;

- шетел тілін мәдениеттанымдық бағытта оқыту арқылы өзгетелді аудиторияда қалыптасатын құзіреттіліктерді айқындау;

- өзгетілді аудиторияда шетел тілін оқытудағы лингвоелтанулық компоненттердің маңыздылығын қарастыру;

- лингвоелтанулық материалдар мен оларды сұрыптау белгілерінің ерекшеліктерін анықтау;

Жетекші идея: Мектеп оқушыларына шетел тілі сабағының оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың білімге қабілетін теориялық негізін зерттеп, анықтау арқылы ғана біз білімге бейім тұлғаны қалыптастыра аламыз.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі: Психология, педагогика, философия ғалымдарының шығармашылық туралы тұжырымдамалары, ғылыми еңбектері, баланың даму ерекшеліктері, оның ғылыми негіздері.

Зерттеу әдістері :

- шетел тілдерін оқыту, педагогика, психология, лингвистика әдістемелері

бойынша әдебиеттерді зерделеу және талдау;

- оқу процессін қадағалау;

- оқулықтарды талдау;

- тәжірибелік сабақтар, сұрастырулар, тестілеу;

Зерттеу көздері : Қазақстан Республикасының заңдары: «Білім заңы», Қазақстан Республикасының орта және жалпы білім беру мектептерге арналған жалпыға міндеті стандарты», мектеп оқу кешендері. Ресейдің, Қазақстанның және Шетел елдерінің көрнекті психологтарының, педагогтарының зерттеу бағытымызға байланысты еңбектері.

Зерттеу жұмыстың теориялық мәні: Шетел тілін өзгетілді аудиторияда кітап материалдарды негізінде мәдениеттанымдық бағытта оқытудың әдістемелік негіздері бұрын - соңды зерттеу нысаны болмағандықтан, ұсынылып отырған зерттеу жұмысы жоғары жалпы орта білім беретін шетел тілін өзге ұлт өкілдеріне оқытудың әдістемелік негіздері ілімінің дамып, қалыптасуына игі әсер етуі және ғылыми зерттеулердің жүргізілуіне бағыт- бағдар сілтеп, жаңа ізденістердің дамуына септігін тигізеді және оқушыларының психологиялық ерекшеліктерінің шығармашылық қабілеттің дамуына әсері сұрыпталып жазылды. Оқушылардың бейнелеу өнеріне байланысты шығармашылық қабілеті - критериялар, тест көрсеткіштері, өлшемдері мен деңгейлері арқылы анықталды;

Зерттеудің кезеңдері :

Зерттеу жұмысының тақырыбы анықталып, зерттеу мәселесіне сәйкес психологиялық, педагогикалық еңбектерге талдау жасалынды. Баланың жас ерекшелігіне байланысты психо-физиологиялық дамуына бақылау жүргізілді. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарына бақылау мен тәжірибе жүргізіліп, қорытындысы жасалынды.

Сауалнама жүргізу, әңгімелесу, бақылау. Зеренді селосындығы №2 орта мектептерінде жүргізілген эксперименттік ғылыми зерттеу нәтижелерінің қорытынды көрсеткіштерін дайындау. Ғылыми жұмысты жүйелеп қорытындылау.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Зерттеу жұмысының нәтижелерін шетел тілін өзгетілді аудиторияларында оқытудың әдістемелік заңдылықтары мен ұстанымдарын, әдіс- тәсілдерін жетілдіру үшін жалпы білім беретін мектебінде шетел тілін оқыту сабақтарында оқулық, сөздік жасауда қолдануға болады. Оқушыларының қабілетін зерттеуге қолданған әдістер мен ғылыми зерттеуден алынған нәтижелер жалпы білім беретін орта мектептердің оқу бағдарламасына, шетел тілі пәнін оқытуда оқушылардың мұғалімдеріне және ізденушілерге пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, және 50 атаулы әдебиеттерден тұрады.

Кіріспе бөлімінде тақырыптың таңдалуы түсіндіріледі, зерттеудің өзектілігі, оның мақсаты, міндеттері, зерттеулік және тәжірибелік жұмыстар әдістері анықталады.

Өзгетілді аудиторияда шетел тілдерін оқытудағы лингвоелтанулық компоненттерінің рөлі атты бірінші тарауда өзгетілді аудиторияда шетел тілдерін оқытудағы лингвоелтанулық компоненттердің ұғымы мен мазмұнының мәні, оқытуды ерте бастаудағы оның рөлі мен орыны қарастырылады.

Шетел тілі сабағында оқушылардың лингвоелтанулық біліктіліктерін қалыптастыру ерекшеліктері атты екінші тарауда шетел тілдерін тереңдете оқытатын мектептерде ағылшын тілін оқытуда лингвоелтанулық компоненттерді практикалық енгізу қорытындылары, сонымен қатар мектептерде бүгін қолданылатын оқу материалдарына жасалған талдаулар келтіріледі.

Қорытындыда жалпы теориялық және тәжірибелік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдамалар мен ұсыныстар беріледі.

1 ӨЗГЕТІЛДІ АУДИТОРИЯДА ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ЛИНГВОЕЛТАНУЛЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ РӨЛІ

1. 1 Лингвоелтанулық аспекті мен мәдениеттің ұғымы және ерекшеліктері

Тілді үйренушілерге олар үшін жаңа мәдениетпен таныстыру әдістері зерттелетін, шетел тілдерін оқыту әдістемесінің аспектісі лингвоелтану деп аталады. Ғылыми түсінік бойынша мәдениет деп адамның қандайда бір әлеуметтік қызметінің қорытындылары мен процестерінің жиынтығын атайды және оны табиғатына, яғни адамға байланысты емес өмір сүрудің сыртқы жағдайларының жиынтығына қарсы қояды [1, 8] . Сонымен, адамды қоршаған нақты болмыс табиғат пен мәдениет түрінде берілген. Кең мәдениеттану фоны лексиканың лингвистикалық дағдылары мен ептіліктерімен (лексиканың баюы, аудармашылық дағдылары, фразеологизмдерді қолдана білу) бірге, тілді үйренушіні өзгетілдік мәдениеттің нақты аспектілерімен таныстырады. Мұндай кезең оқушыларға кездесетін көптеген қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді.

Лингвистикалық елтану деген арнайы сұрыпталған, тілін үйренуші елдің мәдениетін қоршаған, біртектес тілдік материал, сонымен қатар - бұл баламасыз фондық лексика, ымдар, мимикалар және күнделікті жүріс-тұрыстың сөзсіз тілдері. Баламасыз лексикаға ерекше орын беріледі. Ол бар, себебі ол ұлттық нақтылықты (реалияны) білдіреді.

Елдің мәдениеті мен тілін үйрену кезінде бұл реалияларды білу маңызды. Оларда басқа тілдерде жоқ ұлттық-мәдени компоненттердің болуы сөздің лингвоелтанулық материалға тәуелділік белгісі болып қала береді. «Тіл қарым-қатынас құралы ретінде және ұлт нышаны ретінде» деген антиномиядан шыға отырып, лингвоелтанудың мақсаты, оқушыларды тілмен ұлт нышаны ретінде таныстыруды жүзеге асыра отырып, оларға тілді қарым-қатынас құралы ретінде игеруге көмектесу екенін көруге болады.

В. Г. Томахин. «Белгілі тілдік және этникалық ортақтықтың мүшелері иелі, фондық білім лингвоелтанудың негізгі объектісі болып табылады, сондықтан бұл ғылымда шешілетін проблемалар әлеуметтік лингвистика міндеттерін жартылай жабады» [2, 83] .

Аталған таныстыру «танымдық міндеттер» негізінде жүргізіліп отырған жоқ, бұл тек оқушылардың коммуникативтік компетенциясын қалыптастыру үшін қажет. Сонымен, лингвоелтану, «сөйлеушілердің коммуникативтік компетенциясын қамтамасыз ету мақсатында ұлттық-мәдени ақпаратты алып жүретін тілдік материалды іріктеу және таныстырумен» айналысатын «өзгетілді аудиторияда шетел тілін оқыту әдісінің тарауын» ұсынады. Бұған лингвоелтанулық теорияның авторларының «елтану», «жалпы елтану» және «лингвоелтану» терминдерін анықтағанын қосу керек.

Бірінші термин ел туралы оқу материалы ретінде, екіншісі аталған елтанулық материалды қоғамтанулық әдістеме көмегімен оқытуды, ал лингвоелтанудың үшінші термині осы елтанулық материалды филологиялық әдістеменің көмегімен оқытуды білдіреді.

Әр ұлттың, әр халықтың тек өзіне тән реалиясы - материалдық мәдениеті, тарихи фактілері, ұлттық батырларының аты, мифологиялық жануарлары бар [3, 30] . Бірақ «салыстырмалы лингвоелтанулық реалияда өз мағынасы жағынан туған тіліндегі сәйкес сөзден айырмашылығы бар, тілін үйреніп жатқан елдің тарихына, мәдениетіне, тұрмысына байланысты заттар мен құбылыстарды білдіретін сөздерді атау құпталған»[4, 13] .

Реалияда тіл мен мәдениет арасындағы жақындық ерекше байқалып тұрады: қоғамның материалдық және рухани өмірінде жаңа реалия пайда болса, ол тілде де жаңа реалияның пайда болуына әсер етеді. Реалияның басқа сөздерден өзгешелігі -оның заттық мазмұнының ерекшелігінде, яғни берілген заттың, құбылыстың реалиясының, бір жағынан ұлттық, екінші жағынан, уақыттың тарихи бөлшегімен тығыз байланыста болуы.

Реалияға ұлттық және тарихи колоритке тән деп айтуға болады. Және дыбыстық құбылыс ретінде тілін үйренуші елдің мәдениетімен тығыз байланыста болады[5, 25] . Тілдер мен мәдениеттерді салыстыру кезінде төмендегіні атап айтуға болады:

1. Реалия тек бір тілге ғана тән, басқасында ол болмайды: америкалық - drugstore - дәріхана-дәмхана (закусочная) / қазақша баламасы жоқ, америкалық - sponge bath - денені сулы ысқышпен (губка) сүрту / қазақша баламасы жоқ.

2. Реалия екі тілде де болады, бірақ олардың біреуінде қосымша мағынасы болады: америкалық - clover leaf - жоңышқа жапырағы: автожолдың жоңышқа жапырағы тәріздес түйіскен жері бар қиылысуы / қазақша - жоңышқа жапырағы.

3. Әр қоғамда ұқсас сөздер әртүрлі реалиялар арқылы жүзеге асырылады: америкалық - sponge - губка / қазақша - ысқыш (мочалка) (ваннада, моншада жуынған кезде) .

4. Әр қоғамда ұқсас реалиялар әртүрлі мағына береді: cuckoo’s call - көкектің үні американдықтардың халықтық ұғымында қыздың тұрмысқа шығуына неше жыл қалғанын білдіреді, орыстарда - қанша жыл өмірі қалғанын білдіреді [6, 50] .

Шетел тілін үйренген кезде біз топонимдер және антропонимдер секілді, лингвоелтанулық объекті болып табылатын, ұғымдарды кездестіреміз және өзгетілді аудиторияда шетел тілін оқыту кезінде бұл құбылыстарға ерекше назар аударған жөн. Топонимдер (жағрафиялық атаулар) жерге қоныстану және территорияны игеру тарихын көрсетеді. Сондықтан лексиканың осы бөлігі тек филологтарды ғана емес, сонымен қатар тарихшылар мен этнографтарды да қызықтырады.

Аталған елдің жағрафиялық атауы елден тыс жерлерде де белгілі болуы, барша әлем тілдерінде тұрақты сәйкестікте болуы да мүмкін, алайда бұл объектілерге қатысты байланыстар тек ұлттық мәдениетке тиесілі болып, және басқаларға белгісіз болуы мүмкін. Антропонимдер де (кісі аттары) лингвоелтанудың объектісі болып табылады. Бәрінен бұрын бұл тарихи тұлғалардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің аттары. Басқа реалияларды төмендегідей топтауға болады:

1. этнографиялық реалиялар. Тұрмыс реалиялары:

а) киім, аяқ киім: Adidas - expensive and fashionable sports clothes;

ә) тағам, сусындар: Coca-Cola; hamburger;

б) тұрмыстық орындар: pub - a place, not a club or hotel;

в) демалыс, уақыт өткізу, спорт, ойындар: ; baseball; cricket; rugby;

г) дәстүрлер, мерекелер: Thanksgiving day;

д) өсімдіктер мен жануарлар, қоршаған ортаны қорғау: daffodil; national park [7, 35] .

2. қоғамдық-саяси реалиялар. Үкімет, қарулы күштер.

3. жасөспірімдерге білім беру және тәрбиелеу жүйесінің реалиясы: girls guide, public schools, Scout Association.

4. мәдениет реалиясы:

а) әдебиет: Burns, Robert; Shakespeare, William;

ә) кино және театр: Chaplin, Charlie; The Globe Theatre; Star Wars;

б) бейнелеу өнері: the National Gallery;

в) музыка: AC/DC - on Australian heavy-metal group; Beatles;

г) бұхаралық ақпараттар құралдары: BBC; The Independent; The National Geographic; The Times.

Шетел тілін білім беру жүйесінде оқытудың әдістемесін, оның қағидалары мен салыстырмалы сипаттамаларын төмендегідей атап көрсетуге болады.

1. шетел тілін оқытудың қазіргі әдістемесі:

  • коммуникативтік әдістеме;
  • жоба әдістемесі;
  • интенсивті әдістеме;
  • іс-әрекеттік әдістеме;

2. шетел тілін оқытудың қазіргі заманғы әдістемесінің әдістемелік ұстанымдары. Коммуникативтік әдістеме:

  • қарым-қатынас арқылы шетелдік мәдениеттің барлық аспектілерін игеру ұстанымы;
  • шетелдік мәдениет аспектілерін өзара байланыста оқу ұстанымы;
  • шетелдік мәдениет аспектілері мазмұнын модельдеу ұстанымы;
  • оқу үдерісін оны кванттау (оқу үдерісінің құраушыларын (мақсаты, құралы, материалдары, т. б. ) бөлу) және бағдарламалау негізінде басқару ұстанымы; шетел тілін оқытуды ұйымдастырудағы жүйелік ұстанымы;
  • шетел тілін ситуация негізінде өзара қарым-қатынас ретінде оқыту ұстанымы; шетел тілін игеруді жеке даралау ұстанымы;
  • шетел тілін игеруде оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауын және сөздік ойлау іс-әрекеттерін дамыту ұстанымы;
  • шетел тілін оқытудағы функциональдылық ұстанымы; шетел тілін оқытудағы жаңалықты ұстанымы.

Жоғарыдағы келтірілген шетел тілін оқыту қазіргі заманғы әдістемесі мен әдістемелік ұстанымдарының салыстырмалы сипаттамасын білу оқытушы үшін қажетті шарт болып табылады:

- әдістеменің ерекшелік белгілері

- әдістемелердің ұқсас белгілері;

- әдістемелердің оң және теріс жақтары.

Ғылыми-зерттеулік еңбектерде шетел тілі сабағының негізгі құрылымдық бірлігі ретінде мыналарды атап көрсетеді: фонетикалық жаттығу; жаңа тілдік материалмен танысу; жаттықтыру; сөз тәжірибесі; сабақты қорыту.

Сонымен, шетел тілін үйренуді тілін үйреніп жатқан елдің мәдениетінен бөліп алуға болмады, нақтырақ айтқанда, оқыту процесіне лингвоелтануды енгізу шетел тілін үйренудің бастапқы мақсаты - теңбе-тең мәдениаралық біліктілікті қамтамасыз етуі қажет.

1. 2 Лингвоелтану жалпыбілім беретін мектепте шетел тілін оқыту мазмұнының негізгі компоненттерінің бірі ретінде

Шетел тілін оқыту әдістемесінде мазмұн мәселесі ең өзектілердің бірі болып қала бермек. Оқыту мазмұнының (ОМ) қоғамның әлеуметтік тапсырысымен қарым-қатынасының маңызы зор. Оның дамуымен, сонымен қатар әлемде орын алып жатқан тарихи өзгерістерге байланысты оқытудың мақсаттары да, жалпы мазмұндары да өзгеріп жатты. Шетел тілі мамандарына сұраныстың өзгеруіне байланысты оқыту мазмұнындағы акцент грамматикалық-аудармашылық әдістер негізіндегі тілдік аспектілерді үйренуден ауызекі сөйлеу және оқушының коммуникативтік біліктілігін қалыптастыруға ауысты.

Қазіргі кезде шетел тілін білу норма (компьютерлік, экономикалық және саяси терминология шетел тілі негізінде) және шетел тілі туралы халықаралық қатынас тілі деп айтуға болады. Мемлекеттік білім беру стандартының авторлары Қазақстандық орта оқу орындарында шетел тілін оқытудың мақсатын кеңейтіп, қатысымдық құзырлықты (компетенция) құру деп қарастырады. Құнанбаева С. С. еңбегінде қатысымдық құзырлық өз бойына мына компоненттерді қосады деп баяндайды [8] :

  • сөйлеудегі, тыңдаудағы, оқудағы және жазудағы қатысымдық іскерліктер,
  • тілдік білімдер және дағдылар,
  • әлеуметтену мен мәдени-әлеуметтенуді қамтамасыз ететін лингвоелтану және елтану білім, біліктері.

Қазіргі Жалпыеуропалық күйді қалыптастыру заманында шетел тілінің мектеп пәні ретінде рөлі артқан сайын, тек тілдің өзіне ғана емес, сонымен қатар сол тілде сөйлеушілердің мәдениетіне деген қызығушылық артып отыр. Осы тараудың міндетіне, жаңа тарихи жағдайларда оқыту мазмұнын жеңілдету мүмкіншіліктерін іздестіру үшін, оқыту мазмұны ұғымын және оның компоненттерін зерттеу енгізіледі. Қазіргі уақытта, әдістеме саласында жүргізіліп жатқан түрлі зерттеулерде бұл мәселе жеткілікті шешілді деп ойласақ та, оқыту мазмұнына ықпал ететін қандайда бір факторлар бар ма, оқыту мазмұнын толықтыру резервтерін табуға бола ма екен? Бірақ, жаңа өзгерістер енгізуден бұрын, оқыту мазмұны деген ұғымның өзін түсініп алу, оны талдап, зерттеушілердің түрлі тәсілдері мен қөзқарастарын салыстыру қажет.

Өзгетілді аудиторияда шетел тілін оқыту әдістемесінде осы кезге дейін бұл пәннің оқыту мазмұны (ОМ) туралы ортақ пікір жоқ. Бұл мәселе бойынша бірнеше көзқарас бар. Әдетте жалпы оқыту мазмұны «оқушыны оқытуға тиісті барлық материал» деп түсіндіріледі. Кейбіреулердің ойынша, оқыту мазмұнына нақты тілдік материалды білу (лексика, грамматика, орфография), дағдылар мен машықтар, ауызекі сөйлеу мен оқу тематикасы, мәтіндер, туған тілінде жоқ тілдік ұғымдар жатады.

Оқыту мазмұны, сонымен қатар, ұйымдастырылған оқу материалы мен оны оқу процесінің бірігуінен құрастырылған, күрделі диалектикалық бірлік ретінде де қарастырылады. Осы тұжырымдамаға сәйкес өзгетілді аудиторияда шетел тілін оқыту мазмұны төменгіден тұрады:

1. әдістемелік материалдың негізгі бірлігі (сөздер, біріңғай сөйлемдер, мәтін, мәтін тақырыптары) және жаттығулардың негізгі түрлері енетін, оқу пәнінің мазмұнынан;

2. педагогикалық процестен, яғни өзгетілдік білімді, дағдыларды және шеберлікті қалыптастыру процесінен;

Егер оқыту мазмұнының барлық компоненттерін тізетін болсақ, осы тұжырымдама шеңберінде тілдік материал, мәтін, тақырып, жаттығулар, дағдылар және шеберлік туралы айтуға болар еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қостілділіктің шетел тілін оқытуда мәні мен мазмұны
Ағылшын тілі сабағында аутенттік материалдарды пайдалана отырып сөйлеу қабілетін қалыптастыру
Шет тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибеде тексеру
Жалпы білім беру мектептерінің ортаңғы сынып оқушыларына аутентикалық материалдарды қолдана отырып ағылшын тілін проблемалық жағдайда оқыту
Психологиялық мониторинг мәліметтері негізінде оқушының оқу процесін оңтайландыру және жекешелеу
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың маңызы
Ағылшын тілі сабағында аутенттік материалдарды қолдана отырып сөйлеу қабілетін қалыптастыру
Лингвистикалық біліктілікті қалыптастыру барысында жоба әдісін қолдану
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ТИІМДІ ОРЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЕРКІН СӨЙЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz