Оқу тәрбие үрдісінде ойындардың маңыздылығын көрсету


Мазмұны
Кіріспе
І Тарау Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытудағы ойынның алатын орны мен маңыздылығы туралы ғалым, педагог-
психологтардың ой пікірлері
1. 1 Ойындардың психологиялық-педагогикалық
сипаты
1. 2 Ойындар арқылы оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытудың ерекшеліктері
ІІ Тарау Ойын арқылы оқыту мен тәрбиелеудің жолдары
2. 1. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудағы
ойындардың алатын орны мен маңызы
2. 2. Ойындар арқылы оқушылардың эмоциялық жағдайларын дамытудың
мәні
2. 3Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға бағытталған сабақ жоспары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Қазіргі заман оқушыдан әр сабақта бұрынғы біліміне жаңа білім қосып қана қоймай, оны өзі игеріп, жан- жақты ізденіп, үнемі даму үстінде болуын қалайды, яғни жас жеткіншектің салауатты, саналы, білікті, білімді болуын талап етеді.
Ендеше, әлеуметтік ортаға бейімделген өзін-өзі дамыта алатын тұлғаны қалыптастыру және оны одан әрі дамыту мұғалімнің негізгі міндеті десек, бұл талап оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруды басқа көзқараспен қарауды талап етеді.
Ел басшымыз Н. Ә. Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деген сөзіне сүйенсек әр мұғалім, әр тәрбиеші барынша өздігінен білім алып, өзін жетілдіріп отыру қажет.
Оқушылардың білімді толық меңгеріп, бір уақытта дамып, тәрбиеленіп отыруы үшін мұғалім өз сабақтарын түрлендіріп, түрлі әдіс- тәсілдер мен технологияларды қолданып отырғаны жөн. Оқыту мен тәрбиелеу үздіксіз бөлінбейтін процесс.
Сондықтан мұғалім қандай да әдістер мен тәсілдерді таңдаған уақытта біріншіден тәрбиелік және тиімділік жақтарын ескеріп отырғаны жөн. Менің ойымша, осы әдістердің бірі қимыл- қозғалыс арқылы жүзеге асатын ойындар.
Баршамызға белгілі, адамның тұлғалық қалыптасуы, қоршаған ортамен, болмыспен танысуы балалалық шағында өте қарқынды болады. Күннен- күнге өсіп келе жатқан жас организмнің ең негізгі қажет ететін факторларының бірі қимыл- қозғалыстар, ойындар.
Ойын оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру құралы. В. А. Сухомлинский «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналадағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз- ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген.
Әрине, ең алдымен оқушылардың ойынның өткізілу түрі қызықтырады, ал содан соң ғана, егерде білмесе ойынға қатыса алмайтын, оқу материалы.
Ойын барысында оқушылар өздері де байқамай әртүрлі жаттығуларды орындай бастайды. Ойын баланы іздену жолына бағыттайды, жеңіске деген қызығушылығын оятады, ал осыдан шыға келе олар жылдам, жинақы, шапшаң, тапқыр болуға, ойын шартын сақтай отырып, тапсырмаларды нақты орындауға тырысады.
Ойындарда, әсіресе топтық ойындарда, жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттері де қалыптасады. Балаларда жауапкершілік, толық сезімдері қалыптасады, тәртіп, күш- жігер, мінез- құлық тәрбиеленеді.
Көру, есту, қимыл- әрекет көрнекіліктердің әдістері, сұрақтың қызық та, тиімді түрлері, жұмбақтар, әзіл есептері, ахуал жағдайлары, сайыстар балалардың белсенді ойлау әрекетіндамытуға көмектеседі. Ойын барысында бала ойы үнемі дамып, жетіліп отырады, ұшқарлана түседі.
Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін өзімнің сабақтарымда ойын элементтерін кең түрде пайдаланамын.
Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері- түсіндіріп отырған материалымды оқушыларым аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекшім екендігіне көз жеткізіп отырмын. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты кез келген ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындайды.
Ойын оқушылардың оқу материалын толық меңгеріп, тілін дамытуларына, ойлау қабілеттерін жетілдіруге мол мүмкіндік береді. Өз бетімен жұмыс істей білуге дағдыландырады. Ойланғыштық, іздемпаздық қабілеттерін арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі.
Мұнымен қатар сабақ үстінде ойын элементтерін қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырады, оған белсенді түрде қатысып түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.
А. С. Макаренконың «Жақсы ойын- жақсы жұмысқа тең» деген сөзімен толық келісемін. Себебі, сабақтарымда ойын технологияларын немесе ойын элементтерін кіріктіріп, оқытылатын материалмен ұштастырған уақытта проблемалық жағдайлар туады. Ал сол дағдайларды шешу үшін оқушылар ойынның ережелерін сақтай отырып, ойынға бірден еніп кетеді. Қызығушылықтары артып қайтседе, басқалардан бұрын жеңіске жетемін деген оймен алдында тұрған міндеттерді орындауға құлшынады. Тапсырманың барлығы әр баладан ой қозғалысын, күш- жігер, талпыныс пен шығармашылықты талап етеді. Ал мұның барлығы еңбек. Балаланың бойындағы барлық қабілеттері бірдей жұмыс атқарса ғана ол жетістікке жете алады.
Зерттеу мақсаты: Оқу тәрбие үрдісінде ойындардың маңыздылығын көрсету
Зерттеу міндеттері: 1) Ғалым, педагог-психологтардың көзқарастарына талдау жасау.
2) Ойындарды дұрыс қолдану жолдарын көрсету.
3) Оқу тәрбие үрдісінде ойындарды қолдану әдістерін, жолдарын көрсету, ұсыныстар жасау.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының ақыл - ойы мен мінез - құлқының психологиялық дамуының ерекшеліктерін ойын арқылы айқындау.
Зерттеу объектісі: Ойындардың маңызы.
Ғылыми болжам: Егер оқу-тәрбие үрдісінде ойындар кеңінен қолданылса, онда оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға болар еді.
Зерттеу орны: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Зеленобор мектеп- гимназиясы.
I Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытудағы ойынның алатын орны мен маңыздылығы туралы ғалым,
Педагог-психологтардың ой пікірлері.
1. 1 Ойындардың әлеуметтік-психологиялық сипаты
М. Ф. Стронин айтуынша «Ойын - ұйымдасқан сабақ, ол эмоциялық және ой күштерін жұмсауды талап етеді. » Ойын әрқашан не істесем? Не айтсам деген сұрақтарға шешім қабылдауды талап етеді.
Атақты неміс психологы Ф. Шиллер былай деген «Адам тек адам болғанда ғана ойнайды және ойнағанда ғана адам болады.
Ойын -пайдасыз сияқты және сондай - ақ қажетті іс- әрекет, өмірдің ең тамаша құбылыстарының бірі. Өмір құбылыстарын еріксіз еліктіре және өзіне тарта отырып ойын ғылыми ой үшін аса күрделі және қиын мәселе болып қалуда.
Ойын дегеніміз - ол балаға қатысты және ғылымға мүлде түніксіз бе? Бәрінен бұрын ойын, адам мен бала ойынына қатысты айтылған соң - бұл маңызды іс әрекет, яғни түрткі бірлігімен біріктірілген мәнді әрекеттер жиынтығы. В. Вундтің айтуынша, Ойын - ол еңбек баласы.
Индивидтің ойыны сол түрдің болуымен негізделетін іс- әрекетпен тығыз түрде байланысты келеді. Жануарларда ол өмір сүру инстиктінің негізгі формасымен байланысты. Еңбек пен ойынның бұл байланысы ойын мазмұнынан басталады. Әдетте олардың барлығы практикалық ойындық емес іс- әрекеттің қандай-да бір түрін жаңғыртады.
Ойын мен еңбек бір-бірімен байланысты, бірақ еңбек әрекетінің өндірістік, техникалық мазмұны шектелмеген және өндірістік техникалық операцияға ұқсамайды. Еңбек сияқты ойынның шығу барысында қоғамдық мәні жануарлардың өмір сүру әрекеті, яғни табиғатқа бейімделуі оны өзгертуі сияқты еңбек әрекетінің спецификалық сипаты болады.
А. С. Макаренконың дәлелдеуінше, жаман ойын, жаман жұмысқа ұқсайды.
Еңбекпен байланысын және еңбекпен сәйкестігін түсіну үшін, ойынды еңбекпен бірге және одан ажыратып қарастыру қажет.
С. Л. Рубинштейн дәлелдеуінше, бала кез келген рөлді ауысып қана қоймай сол рөлге ене отырып, ойларын кеңейтеді деген.
Ойын пайдасыз сияқты және сондай-ақ қажетті іс әрекет, өмірдің ең тамаша құбылыстарының бірі. Өмір құбылыстарын еріксіз еліктіре және өзіне тарта отырып, ойын ғылыми ой үшін аса күрделі және қиын мәселе болып қалуда.
Дж. Родари атап өткендей, Белгілер бойынша қарым-қатынас жасау, сөз арқылы қарым-қатынастан кем емес. Кейде бұл бала мен қарым-қатынас жасаудың жалғыз ғана жолы болуы мүмкін. Кейбір бала тек қуыршақпен ғана тіл табысады.
Ал орыстың атақты ғалымы К. Д. Ушинский ойынды зерттей келе былай деген, Ойында бала дамып келе жатқан адам, өз күшін сынап өзінің шығармаларын еркін басқарады . . .
Еңбек пен ойын әрекеттерінің арасындағы негізгі айырмашылығын жеке құбылыстардан емес, өз іс-әрекетіне қатынасынан тұрады.
А. С. Макаренконың көрсетуінше, Ойын-балалар өмірінде өте маңызды зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да, сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде, жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен тәрбиені ойын арқылы алады.
Д. Б. Эльконин пікірінше, Ойын терапиясының әсері, жаңа әлеуметтік қарым-қатынас практикасымен анықталады, онда рөлдік оын баланы ересектермен және құрдастарымен теңестіреді, ерікті және бірлескен қатынасты, агресия және мәжбүр ету қатынасына кері қоюы, түбінде терапиялық әсер етеді.
Еңбектенудің арқасында адам тікелей қажеттілік немесе тікелей қызығушылықты қажет ететін нәрсе соны ғана жасамайды, не істеу керектігін, шығармашылық қажеттілігі нені қалайтындығын тікелей қызығушылық пен қажеттілікке тәуелсіз нәрселерді жасауға тура келеді. Ойын ойнаушы өз әрекетінде тәуелсіз, яғни практикалық немесе қоғамдық міндет деп бөлмейді. Өз еңбек әрекетінде жүрген дәрігер «ауруды емдейді», себебі кәсіби немесе қызметтік міндет осыны талап етеді; дәрігер болып ойнап отырған бала тек қасындағыларды « емдейді», себебі оны сол қызықтырады. Ойында өмірге деген тікелей қатынас көрінеді. Ол тікелей талаптанудан, тікелей қызығушылық пен қажеттіліктерден пайда болады.
Н. Құлжанованың көрсетуінше, Ойын - оның шын тіршілігі - төңіректегі нәрседен өзіне қызықтысы ғана көзіне түсіп, ықылас тартады.
Тікелей талаптану әрине өзінше жанама түрде болады. Олар дамып келе жатқан - бәрін ішіне жиып алған индивидтің тереңінен емес, олар оның әлемінен және ең басынан, баланың өзі еңгізілген, барлық адамзаттың өзара әсер етудегі байланысынан туындайды. Ол өзінің жан-жағындағы адамдардың көп бейнелі әрекетін көріп соның негізінде жатқан білімдер мен дағдыларды әрекеттің практикалық тиімділігін қамтамасыз ететін күрделі техниканы игеру жағдайына жетіп, сол әрекет пен іс әрекетті қызықтыратын жерлерін өзінше уайымдайды. Баланың өз анасының рөлімен байланысты жерлері көп, қоршаған қамқорлықтың барлығы соған тәуелді екендігін, әрине, бала сондай қамқоршы, жұмсақ, мейірімді ең күшті болуды армандайтынын көреді. Бала, әрине дәрігер сияқты қалай емдеуді білмейді, оған латын асханасының құпиясы да мәлім емес, бірақ ол дәрігерді тыңдау керектігіне, үйде ауру адам болса, оның көмектесуін, құтқаруын, ауырын жеңілдетуін тілеп, дәрігерді асыға күтетінін жақсы біледі - сөйтіп, баланың - үлкеннің де, кішінің де тыңдайтын, оларға көмектесетін, ауруынан жазып, науқасы мен қалғысынан құтқаратын адамның орнында болғысы келмейтіні анық. Бала, әрине, аэропланды игере алмаса да, күрделі техника тілін білмесе де, барлық әлем ұшақтары туралы айтылғанда, олардың назар аударарлық адамдар, батырлар екендігін қалай білмейді, балаға сондай батырдың көпшіліктің сүйіктісі болуы, әрине, ұнайды. Бала ролге байланысты қызығушылықты сезінеді, өмірде ата-анасы, дәрігер, ұшқыш, жауынгер, отан қорғаушы, пайызды басқаратын машинист т. б. болуға қызығады. Ойын әрекеті - спецификалық пайдакүнемдіктің нәтижесінде емес, тікелей қызығушылықтың күшімен басатын әрекет Я. Корчак былай деген, . . . «бала ойыны ол ересектердің маңызды әрекетіне еліктеуі. Еліктеуі? Жоқ, одан да үлкендеу және бағалылау».
Ойынның мәнін анықтайтын бірінші жағдай - ойын түрткісі практикалық ойын болмайтын жоспардағы әрекет беретін пайдакүнемдік емес, ойын ойнау шының, бала үшін мәнді әр түрлі күйзелістері болып табылады. Индивид үшін ойын барлық ойындық емес іс-әрекет сияқты мәнді мақсатпен мотивтеледі. Бірақ ойын табылмайтын іс-әрекетте барлық мақсаттың мәні өте жанама түрде болады:тәжірибелік, іскерлік өмірдегі адамның тура мақсаты барлық ішкі мазмұны бойынша инивид үшін мәнді, сол әрекет арқылы адам оңай жолдармен қажеттілігін қанағаттандыратын, сол әрекеттің ішкі мазмұны мен тікелей байланыспайтын әрекетке ниеті болуы мүмкін. Орыс психологі Р. С. Немов айтуынша, Ойын баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту және құрастыру құралы. Ойын әрекетінің түрткісі тұлғаның қоршаған ортасына тікелей қатысынан: ойын әрекетінің барлық кездерінің мәні өзінің ішкі мазмұнына тікелей қатысынан көрінеді. Ойын әрекетінде адамдардың тәжірибелік әрекетінің мүмкіндіктері субъект әрекетінің түрткісі мен тура мақсат арасында жоқтығын көрсетеді. Индивид үшін ойын процесі тек ішкі мазмұн мәнді мақсаттағы әрекет арқылы жасалады. Ойын әрекетінің осы ерекшелігі және негізгі таңғаларлық жайт - шығармашылықтың жоғары формасымен салыстырмалы түрдегі жайттың бірі.
Ойынның осындай мотивацияға қатысты ерекшелігі ойын әрекеті тәсілдерінің негізгі ерекшелігімен немесе операцияның жасалуымен байланысты.
Бала ойын жоспарынан жасайтын әрекетті, тәжірибелік жоспарда адамзат жүзеге асыру үшін техника мен ғылымның даму процесінде олардың жүзеге асуының күрделі тәсілдерінің тәжірибелік нәтижелілігін жасап шығарады. Жан-жақты білімді қажет ететін барабар қолдану үшін бұл техниканы меңгеру арнайы кәсіби дайындықпен қоса оқу әрекетінің міндеттерін құрастырады. Бұл техника балаға қол жетпес, ойынның мағынасы мен әрекетін орындау үшін қажет емес техника, сәни ойын әрекетінің адам іс әрекетіндегі спецификалық түрткілерін атқарады, ол әрекет құралдары мен тәсілдерінен шыққан мақсаттың болашақта жүзеге асуына байланысты емес, немесе ойындың емес тәжірибелік жоспарда жүзеге аса тындығы анықталады. Ойын іс-әрекетінде әрекет оперативті тәсілдерге қарағанда семантикалық және айқын жерлерде көрініс береді. Олар ниеттеніп бекіген кезде, түрткідегі әрекет мазмұнының олпылық мақсатқа қатынасынан көрінуі мүмкін. Мұндай жүйе ойын әрекетінің белгіленуі деп аталады. Әрекеттің осы жүйесінде ойын жоспары орындалуында маңызды жақтары сақталып, маңызды емес жақтары бөлініп шығарылады. Ойын әрекеті әрекеттің түрткісі мен мақсатын анықтайтын заттың шарттарымен сәйкестеліп және тәжірибелік шарттарға, әрекеттің заттық нәтижесі тәуелді болғанда сәйкестелмейді. Мұндай міндеттерге сәйкес өзгеруінде, ойын әрекеті баланың мүмкіндіктері мен сол сәйкестіктерге қарай ауысады. Осы ерекшеліктер күшімен, бала сұранысы мен қажеттіліктерін бой көрсету арасында, қарама-қайшылықты шешетін оның іс-әрекетінің мотивизациясын анықтайтын және оның оперативті мүмкіндіктерінің шетін көрсететін, ойын іс-әрекеті болып табылады. Ойын - бала мүмкіндіктерінің сұранысы мен қажеттіліктерінің пайда болу тәсілі.
Ш. Амонашвили пікірінше, Оқытудың мәжбүрлік түрін аттап өту үшін оқушылардың өз еркімен таңдай алу сезімін дамыту керек, бұл баланың ойын әрекетінің негізі. Бұл жағдайды туғызу үшін, оқыта - дамыту мақсатын ойынға жақын түрінде құрастыру, қарым-қатынас орнату, өзара әрекеттестік құрастыру, ол ең негізгісі. Ойында сияқты оқушыға гуманды, тұлғалық жағынан жақындау немесе билет жағынан. Бұл ойын түрлі оқушылардың жақындайды да, танымдық күшін белсендетеді.
Дамудың әр кезеңінде балаларға әр түрлі ойын түрлері тән. Бала дамуына қатыса отырып, ойын да дами береді. Ойын әрекетін жүйелендіру үшін, ойын әрекетінін мәні мазмұнына бағыну сияқты негізгі шартына заттар қанағаттандырылық балаға сол затпен қатынас жасау жолы берілуі қажет, ал заттар барлық шарттарды қанағаттандыра алуы мүмкін. Осыдан кейін ойындағы көзге түсетін нәрсе; жоғарыда көрсетілген ойын іс-әрекетінің ішкі ерекшелігіне ойын әрекетін орындау үшін қызмет ететін ойындық емес тәжірибелік әрекетті сәйкестендіріліп жүйендірілетін заттар, ойын мазмұнын анықтайтын бала үшін қажетті болып табылатын мүмкіндік. Ойын әрекеті процесіндегі бұл заттар, ойын әрекетінде орындайтын қызметті анықтайтын мәнділікті жасап шығарады. Нәтижесінде ойынның бұл ерекшеліктері, оның қиялдау шарттарына өту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл мүмкіндік бала нәрсені шындыққа айналдырғанда, қиялында, ойлау шарттарында болғанда қалыптасады. Ойынның бастапқы түрінде бұл өту кезеңін қиялдау шарттарына толығымен қоса алмайды. Бала есікті өзі алғаш ашқанда, оны қайта-қайта ашады, ол қиялдау шарттарын туғызбайды; керісінше, шынайы күйде қалады. Бірақ ойын, спецификалық мағынада, шынайы шарттардың, ойынның өзгеруінің қиялға ауысуынан басталады. Қабілеттілік, қиялдау жоспарына айналып, әрекет құралады, яғни ойынның алғышарттары басталады. Ойын өрістеу үшін ол қалыптасады.
Ересектер мен бала ойыны, қиял іс-әрекетімен байланысты, қоршаған шындықты өзгертудегі қажеттіліктерді, бағыттарды көрсетеді. Ойындағы шындықтың шығармашылық өзгеруіндегі бұл қабілеттілік ойында туындағанда алғаш қалыптасады. Осы қабілеттілік пен шындықты өзгертуді бейнелеу арқылы ойынның негізгі мәні жасалады.
Сөйтіп ойын қиялдау жағдайына өткенде шындықтан бөлініп қала ма? Ия немесе жоқ. Ойында шындықтан алшақтау да бар, сонымен бірге оған кіру де болады. Сондықтан да онда ерекше жалған, шынайы емес дүниеден кету, қашу жоқ. Ойын тіршілігі мен әрекетте іске асыратының барлығы шындықтан шығады. Ойын бір шарттарда туындайды және шындықтың бір жағын қамтиды. Ойында ол үшін маңызды емес нәрселер шынайы болмайды; онда заттарға деген шынайы қатынас жоқ және мұндайда ойнаушы ешқандай иллюзиямен алданбайды, ал оған мәнді нәрселер - онда нағыз шынайы; онда ойналатын нағыз сезімдер, тілектер, ойлар шынайы, шешілетін мәселер де шынайы.
Мысалы, бәсеке, спорттық ойындарда кім тапқыр, кім күштірек - бұл нақты қарама-қарсылықты, табысты, нәтижесіздікті шақыратын, ойында өз шешімін табатын ойнаушының нақтылы қасиеттері туралы шынайы сұрақ болып табылады.
Г. Дүкенбаева дәлелдеуінше, Ойын - баланың жан серігі іспеттес. Сезім, ниет, тілектің жалғандығы туралы сұрақ ойында нақты күмән туғызып, ойнаушының өзінің емес, ойнап отырған рөлдің ниет, тілек сезімдері емес пе, оңай болса, олар шынайы емес, қияли жалған сезім болып табыла ма деген сұрақ туындайды. Ойнаушы орындайтын рөлдің сезімі, тілегі, ниеттері - ол өзі іске асыратын рөлдің сезімі, тілегі, ниеті, ал өзі жаңа қиялдау шарттарында болады. Қиялдану - ол тілек өзіне ойша қойған шарт қана, ал сезім сол қиялда сезінілетін сезім, ол сол шындықта сезінілетін жалған-жалған сезім. Бала рөлдерді ойнағанда бөтен тұлғаға жалған түрде еніп қана қоймай, сонымен бірге рөлге еніп, оның тұлғасын кеңейтеді, жетілдіреді, дамытады. Бұл жағдайда бала тұлғасының тек қиялын, ойлауын, еркін дамыту үшін ғана емес, баланың тұлғасын дамытуға ойынның мәні зор. Ж. Б. Қоянбаевтің айтуы, балалар ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шындай түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz