Төменгі сынып оқушыларын оқытудағы ойын технологиясының тиімділігі


ТАҚЫРЫБЫ: Төменгі сынып оқушыларын
оқытудағы ойын технологиясының тиімділігі
Мазмұны
І. Кіріспе . . . 3
1. 1. Төменгі сынып оқушыларының ойындарының тарихы . . . 5
1. 1. 1. Алты жастағылар ойыны . . . 10
1. 1. 2. Халық ойындарының педагогикалық негіздері . . . 14
ІІ. 1. Бастауыш сыныпта ойын технологиясының тиімділігі . . . 23
2. 1. 1. Ойын арқылы оқушылардың
белсенділігін арттыру . . . 30
2. 1. 2. Модульдік оқыту технологиясындағы ойындары арқылы оқуышыны жан-жақты дамыту . . . 37
2. 1. 3. Қазақ тілі және ана тілі пәндерінде ұлттық
ойындарды пайдалану нәтижелері . . . 49
2. 2. Сабақта қолдануға арналған дидактикалық ойындар . . . 54
2. 2. 1. Гуманитарлық пәндерге арналған оқыта үйрету ойындары . . . 56
2. 2. 2. Математика сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану нәтижелері. 65
2. 2. 3. Екінші, үшінші және төртінші сыныптарға арналған
логикалық жаттығулар . . . 67
Қосымша материал . Тәжірибеге негізделген сабақ жоспарлары
Қорытынды . . . 69
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 71
Тақырып: Төменгі сынып оқушыларын оқытудағы ойын технлогоиясының тиімділігі.
Өзектілігі: Бастауыш сыныпта сабақ беру барысындағы болатын қиыншылықтарды жеңу жолдарының бірі - ойын технлолгоиясы. Себебі, бастауыш сынып балаларының негізгі іс-әрекеті - ойын. Біз бұл технологияның тиімді екенін өз практикамызда қолдану арқылы жүзеге асырдық.
Зерттеудің объектісі: Ойын техологисының қаншалықты тиімділігі мен оның қандай түрлері бар. Қай ойынды қандай сабақта және оны қалай пайдщаланған тиімді екенін бақылау.
Зерттеудің пәні: Оқу сапасын көтерудегі тиімді технологиялар, ал зерттеу бұйымы - ойын технологиясының тиімді жақтары.
Зерттеудің мақсаты: Ойын технологиясының тиімділігін зерттеу. Осы мақсатқа сай төмендегі міндеттер туындайды:
- ойындарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жүйелеу;
- ойынды пайдалану мақсатын анықтап алу;
- қазақ тілі пәндерінде грамматикалық ойындардың тиімділі жақтарын анықтау;
- логикалық жаттығулардың бала ойының дамуына әсерін анықтау;
- математика сабағында сөзді есептерді шығару барысында қандай ойындарды қолдануға болатынын анықтау.
Қорғауға ұсынылатын тақырыптар:
- Бастауыш сыныпқа келген балалардағы кездесетін кейбір кемшіліктерді (р-л; с-ш; л-у әріптерін айырып айта алмау сияқты) қалай шешуге болады.
- Ана тілі сабақтарында оқушылардың сөздік қоры мен тіл байлықтарын қалай дамытуға болады.
- Математика сабағындағы сөзді есептерді шығаруда қандай ойын түрлерін пайдаланған тиімді.
- Қазақ тілі пәнінен грамматикалық қате жібермеуге қандай тәсілмен үйреткен тиімді.
Болжам: Бұл тақырыпты алу барысында сабақта ойын технологиясының тиімділігін болжау үшін Ортағаш орта мектебінің 2-сыныбына тәжірибе жүргіздім. Сондағы байқағаным, егер бір сабақта 3-тен артық ойын қолданса бала шаршай бастайды және бір ойынды бірнеше сабақ бойы қолданса нәтиже солай болады. Болжау барысында байқағаным, әр сабақты мұғалім өз шеберлігіне қарай ойын түрлерімен түрлендіре отырып жүргізсе сабақ нәтижелі болмақ.
Жаңалығы: Әрбір сабақта қолданатын олйын баланың жас ерекшелігіне сай жан-жақты қарастырылып, зерттелген болуы керек. Ойын баланы жалықтырмайтындай болса және бір ойын бірнеше рет қайталанбаса тиімді болады.
Бұл тақырыпты алып, зерттеу барысында мынадай нәтижеге жеттім.
2-сынып 1-2-тоқсан нәтижесі төмендегідей болса:
3-4-тоқсандарда мынадай нәтижеге жетті:
1. 1. Төменгі сынып оқушылары ойындарының тарихы.
Қазақ халқының рухани байлығын, оның ішінде ұлт ойындарын алғаш рет қағаз бетіне түсіріп, әлем жұртшылығына паш еткен бізге белгілі Италия саяхатшысы Плано Карапини ХІІІ ғасырда Жетісу, Тарбағатай өлкелерінде болған кезде осы өлкедегі халықтың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинап, жазып қалдырған.
Одан кейінгі кезеңде біз тағы да сол Италия жұртының аяулы ұлдарының бірі Марко Полонның, орыс саяхатшысы П. И. Рычковтың, орыс ғалымы П. С. Паластың, венгер зерттеушісі А. Вамберидің, неміс этнографы Р. Карчуктың, неміс ғалымы А. Гумбольдтың, поляк халқының зиялы өкілдері А. Янушкевич, С. Гросс, Б. Зеленский және басқалардың түрлі деректерді жинап тасқа бастырып, жүрек жарды ниеттерін білдіргендерін зор ілтипатпен еске аламыз.
Солай бола тұрса да тіпті, ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін халқымыз жасаған басқа да рухани байлығы секілді ұлт ойындары да өзінің баға жетпес қызметін, орындап, ел есінде сақталып келді. Содан бері жаңа ұрпақпен жаңарып, дамып, толысып бізге дейін жетті. Кейінгі жаңа толқын, жастар және әр ұлт және әр ұлт зиялылары халықтық ойындар бойынан өзгеше бір қасиет тауып, өркен жайып келе жатқан елдің керегіне жарату, әлем жұртшылығына таныту мақсатында сол кезде шығып тұратын күнбе-күнгі басылым беттерінде үзбей жариялап, өз пікірлерін білдіріп тұрады. Солардың арасынан Е. А. Покровскийдің, А. И. Ивановскийдің, Н. И. Гродековтың, Е. А. Алекторовтың, Ә. Диваевтың, А. Левшиннің, Н. Пантусовтың, Ф. Лазеровскийдің, П. И. Пашиноның, Г. С. Загряжскийдің, А. Шиленің, О. Әлжаноывтың т. б. еңбектерін атап өтуге тиіспіз.
Әр ұлт өкілдерінің кезінде көшпенділератанған елдің тұрмыс-тіршілігі, мен ойын-сауықтарына көңіл бөлуі, оны зерттеуі, тегін еместі. Біздің пікірімізше оның себебі, біріншіден, ойын атаулының ешкімді де, еш уақытта да жайбарақат қалдыра алмауынан болса, екіншіден, ойынның шекара дегенді білмей, тілі біреу болғандықтан әр халықтың сәбилік кезеңімен орайлас келіп, тілі біреу болғандықтан әр халықтың сәбилік кезеңімен орайлас келіп, рухани жақындастыра түсетіндігінде, үшіншіден, ойын арқылы халықтар арсындатүсіністік орнап, өзгелерді танып білуге деген ынтасын арттыруында, төртіншіден, ойын-интерноционалдық тәрбиенің жаршысы, халықтың психологиялық ахуалын білудің, зерттеудің құралы, ұлт ойындарының этнографиялық материал ретінде пайдаланатынынан да болса керек.
Олай дейтініміз халықтың ұлт ойындары туралы алғашқы пікір айтушылар мен оның жеке нұсқаларынжинаушылар, көшпелі халықтан өздерінің мынадай өрелі өнерді күтпегендерін сөз етеді. Неміс ғалымы А. Гумбольдтың достарына жазған бір хатындағы пікіріне көңіл аударып көрейік: «Мен қазақ ауылында болған кезім өмірімнің аса бір қуанышты кезеңі деп есептеймін. Себебі, көшпелі халықтың біздерге көрсеткен сый құрметі мен ойын-сауықтары естен шығатын емес . . . мен өмірімде осындай қысқа уақыт ішінде үлкен тарихтан осынша материал жинап көрген емес едім, бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болуы керек», - деп ағынан жарылған.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын аралаған поляк халқының өкілі А. Янушкевич қазақ халқының тұрмысын әр қырынан суреттей отырып, олардың өнерінің, ойын-сауықтарының өзіне қатты ұнағанын айта келіп былай деді: «Кешкісін біздің үйде бір қазақ болды. Ол әр түрлі аңдар мен құстардың, әсіресе түйенің, құланның, бүркіттің дауысын айныптай салады. Бұны одан артық айнытпай салу ешкімнің де қолынан келмес еді».
Халық жасаған рухани мұралар сан алуан. Солардың ішінде тіл дасыту, ой-өрісін кеңейту, ойлау мүмкіншілігін байытутілегінен туындайтын жаңылтпаш, балалар ертегілері, балалар ойыны, ойын-сауықжоралғыларын туғызады. Осылардың бәрі, сайып келгенде, тәрбие мүмкіншілігін арттырып, оның ауқымын кеңейте түседі.
Осыдан болар, кезінде М. О. Әуезовтың қазақтың ұлттық ойындары туралы айтқан мына сөздер ойға орала береді: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсіуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған». М. Әуезовтың бұл пікірімен толық келісе отырып, қазақ өмірінінің өткеніне көз жіберсек, әрбір күзгі, қысқы шаруашылықтың табысты аяқталуынан кейін, сәтті аяқталған аңшылықтан соң, немесе ел шетін басып кірген жаудан кек алып, жеңіске жеткенде, ас бергенде, халық мерекелері, ойын-сауықтар өткізген.
Бірінші сынып оқушыларының мектепке дейінгі ең негізгі іс-әрекеті - ойын. Оқытып-үйрету барысында олар біртіндеп ойын іс-әркетінен таным іс-әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланыоатын дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздзейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты - бағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайлы түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай, іріктелініп алынған нақты мазмұнмен анықталады.
Әдістемелік әдебиеттерде берілген және мұғалімдердің тәжірибелерінде пайдаланылып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда, олардың бәрі дерлік бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ оқушылардың (негізінен 7 жасарлар) жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан белгілі ойын түрлерін сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, ғылыми тұрғыдан негізделген дидактикалық ойындар мен қызықты жаттығулар жүйесін және пайдалану әдістерін әртүрлі дидактикалық тұрғыда жүзеге асырамыз.
Дидактикалық ойынды пайдалану жиілігін мұғалім анықтайды және шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез-келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдыруға болады. Бірақ ойын процесі мен оқу процесі бір-біріне етене ұластырып, ұйымдастырған жөн. Бала ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайжы. Осы шарт орындалған дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі.
Ойынды ұйымдастырудың өзі қандай да бір дидактикалық мақсат пен міндетке бағындырылуы керек.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңдегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға оны қолданудың теориясы мен практикасының мұғалімнің жетіп игеруіне, шеберлік танытуына ойынға қажетті материалдың жиыниығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.
Сабақ материалына лайықтанған ойынды алып, тек қана орындай алатын іс-әрекетімен шектелу жетькіліксіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан-жақты ойластырылуы керек. Мәселен, ойынды жарыс түрінде өткізу, аралық және ауытқу нәтижелерін көрсету үшін сигналды карточкаларды, т. б. әртүрлі шартты белгілерді; кеспе цифрлар мен таңбаларды, жұлдызшаларды және т. б. пайдалану. Сонымен бірге, ойын түріндегі көрнекі құралдарды да сабақтың қай кезінде өткізілуіне орай өзгертіп тұру керектігін ескерткен жөн.
Мысалы, жаңа материалды баяндау кезінде ұйымдастырылатын ойындарды оқушылар нақты заттар мен заттар тобын немесе олардың суретін пайдаланып, практикалық тұрғыдан жұмыс істеу керек болса, ал өткенді тиянақтау кезінде ұйымдастырылатын ойындарда көрнекіліктің шектеулі болуы мүмкін, ендеше есептеу тәсілдерін дауыстап айтуға немесе оны іштен қайталап отыруға баса көңіл бөлінеді.
Дидактикалық ойындар жайында жоғарыда келтірілген пікірлер, ұсыныстар мен нұсқаулар бастауыш сыныпта пәндерді оқыту әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі дидактикалық ойындардың сабақ процесінде тиімді пайдалану үшін негізгі қорытындылармен мұғалімдердің танысуына және сол бағытта олардың шығармашылық ізденісіне бағыт-бағдар сілтеуге, жалпы алғанда, пәндерді оқытудың әдістеріне ерекше мән берудің қажеттілігін сезінуге мүмкіндік береді. әрине оны қолданудың нәтижелі болуы, мұғалімнің ойының мазмұнын анықтауға қажетті түрлері тақырыптар бойынша оларды пайдалану әдістемесімен келтірілген. Алайда олардың кейбіреулерін мектепте қажетті материалдардың тапшылығынан өткізу мүмкін болмаса, мұғалімдердің тәжірибесінде жинақталған немесе басқа әдістемелік әдебиеттерде келтірілген және ұстаздардың шығармашылық ізденістерінің жемісі болып табылатын басқадай практикалық ойындармен алмастыруға болады. Беріліп отырған ойындардың міндеттілік сипаты жоқ. Олардың мазмұны мен түрлерін және ең тиімділігін ұстаздардың өздерінің таңдап алуына толық еркіндік беріледі.
Тұжырымдай келе, бастауыш сыныпта оқытуда ойын технологиясын пайдалану өте ерте кезден басталғанын байқаймыз. Бірақ біздің ендігі мақсатымыз, ол ойын техологияларын жаңаша өмірге лайық етіп, өзгертіп, әр сабақта пайдаланудың тиімділігін анықтау.
1. 1. 1. Алты жастағылар ойыны
Алты жасар бала ойыға психологиялық дайындықпен кіріседі. Ол қайсыбір ойыншықты өзінің қалауымен еркінше алады, белгілі бір сюжетті ойластырып, ойынға құрбыларын тартады, содан соң бәрі бірлесіп, өздері белгілеген ереже бойынша әрекет етеді. Ойын баланың өз еркіне негізделген ырықтылығын туғызады, ол баланың сезімін оятып, адамгершілік қасиеттерін жетілдіреді. Ойын үстінде бала өзін-өзі жеңуге дағдыланып, шынайы қанағат сезіміне бөленеді, жеке адам ретінде қалыптасады.
Ойын қарекеті зейіннің, естің, ойлаудың, қиялдың, бүкіл танымдық процестердің дамуына әсер етеді. Ойын баланың ойын ережесінде мынадай талаптардың қамтылуын көздейді: бала құрбыларымен бірлескен ойында дамып отыратын сюжетке байқампаз болуы тиіс, ол қайсыбір кішкене тастың (ағаш жаңқасы, титімдей қағаз, т. б. ) нені білдіретінін есте сақтауы тиіс, ол аяқ астынан күтпеген жағдайға тап болған сәтте не істеуі керек екенін тез байыптауы тиіс; ол жоқ затты немесе қиялындағы жағдайды көз алдына елестете отырып, ойынға қатысушы басқалардың мұның ұсынысын қабылдап, оның ойластырған ісіне қанағаттанатын болатындай әрекет ете білу тиіс. Сөйтіп, ойын қаракетінде бала саналы мақсат көздей алатын психикалық процестердің ырықтылығы қалыптасады.
Ойын жағдайында балалар жай есте сақтау жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есінде сақтайды. Бала ойын үстінде саналы мақсатты (зейін тоқтату, есте сақтау, еске түсіру) шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі балладан ойыншық заттарға, ойналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала алдағы ойын жағдайының талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса оны құрдастары ойыннан шеттетеді. Құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажеттігі, олардың эмоциялық қолдауына ие болу қажеттігі баланы мақсатты түрде зейін қойып, есте сақтауға мәжбүр етеді. Мақсаткерлік, ерік күшін бағындыра білу - жеке басты дамытуға қажетті қасиет. Ойын мақсатсыз бос ермек емес. Көп уақытқа созылатын, баланы қалжырататын жаттығулар, жіптен секіру, бұғалық тастау, допты секіру сиқты ойын түрлерін меңгеру өзінің оң нәтижесін береді. Балалар ойнай жүріп, белгілі ережелерге сүйеніп, әлгіндей заттар арқылы іс-әрекетті игеру міндетін орындайды. Ойнай жүріп, бала қаншама күш-жігер жұмсайды десеңізші!
Ойын жағдайы, сондай-ақ, баланың ақыл-ой қарекетін дамытуға үнемі ықпалын тигізеді. Бала кез келген күтпеген жағдайға қашан да дайын болып, оны дәл сол жерде дұрыс шеше білу тиіс, ол ойын атауына сәйкес жоқ заттың орнын басатын нәрсемен әрекет жасай білуі тиіс. Орын басатын зат ойлау үшін тірек болмақ. Сол затқа сүйену негізінде бала нақты зат туралы ойлауды үйренеді. Ойды дамытудың мәні мынада: бала тікелей қабылданатын көрнекі жағдайда зат арқылы әрекет етуді біртіндеп тоқтатады да, заттар туралы ойлауды, ойын жоспарында оларды пайдаланып, әрекет етуді үйренеді. Сөйтіп, ойын баланы түсініктер жоспарына сай ойлауға баулиды.
Сонымен бірге ойын тәжірибесі, әсіресе ойын жөніндегі нақты өзара-қарым-қатынастар ойлаудың айрықша қасиетінің негізін құрайды, мұның өзі басқа адамдардыңкөзқарасын қабылдауға, олардың мүмкін болатвн мінез-құлқын болжап білуге және осының негізінде өз мінез-құлқын түзеуге мүмкіндік береді. Бұл арада әңгіме рефлексиялық ойлау жөнінде болып отыр.
Рефлексия - бұл адамның өзінің жеке іс-әрекеттерін, қылықтарын, мотивтерінталдау және оларды жалпы адамзаттың байлықтарымен, сондай-ақ басқа адамдардың іс-әрекетімен, қылықтарымен, мотивтерімен салыстыру қабілеті. Мұны адамдардың әдеттегі тілімен айтсақ, былайша тұжырымдауға болады: «Мен жайында сенің не ойлайтыныңды білемін» немесе «Сен жайында менің не ойлайтынымды сен білесің». Бұл тұжырымдарда қалжың емес, басқа адамның бойындағы мотивтерін, сезімін, жай-күйі мен ниетін ұғуға деген және осыларды өз мінез-құлқында қатеріне алуға деген адам қабілетінің шынай сипаттамасы бар. Рефлексия адамдар арасында оң мінез көрсетуге игі ықпал жасайды.
Рефлексияның дамуында ойынның ықпалы күшті, өйткені ойында адамдармен араласу процесін қамтитын іс-әрекеттің қалай орындалуынбақылауға нақты мүмкіндік жасалады. Айталық, ауру бала ролінде ойнай отырып, балдырған ауру кездегідей «жылайды», «азап шегеді», артынша бұл ролді ойнаушы ретінде өзіне-өзі риза болады. Ролді ойнау кезіндегі екі жақты позиция - орындаушы мен бақылаушы - өз мінез құлқын өзіне әрекеттес басқа біреудің жеке тәжірибесімен, әлдекімнің бейнесімен салыстыру қабілетін дамытады. Ролдік ойында адамға тән шынайықабілет ретінде рефлексияны дамытудың, өзіндік іс-әрекетті, қажеттерімен салыстырудың орасан зор мүмкіндіктері бар. Рефлексияға қабілеттілікте басқа адамда түсіну, сезіну мүмкіндігінің сыры жатыр.
Бала ойын үстінде бір затты екінші бір затпен жиі алмастырады. Орын басушы зат жоқ заттың белгісі ретінде көрінеді. Сонымен бірге, бала өзіне әр түрлі роль жүктеуді үйренеді. Заттардың орнын алмастыру мен өзіне әр алуан ролдерді жүктеу қабілеті қиялы дамудың негізін қалайды. Мектеп жасына дейінгі сәби шағында ойынды орын алмастырудан және орындайтын ролден бастай отырып, 5-6 жасар бала енді іс-әрекетті нақты жоспар арқылы емес, қиялдағы жоспар арқылы жүзеге асыруға кіріседі. Бес-алты жастағылар өз қиялында әр алуан жағдайларды туындатады. Ойын бұл жағдайда ішкі планда өтеді. Бала көңілін алаңдататын құрбыларынын оқшауланады, оңаша бір жерге тығылып алып, ниеті ауған, жүрегі қалаған жаққа қиял құсыжетегінде кете барады. Қиялдау қабілетін дамыту баланың пайымдауына жатпайтын нәрселерді, басқалардың не жөнінде айтқаны туралы көз алдына жақсы елестетуіне мүмкіндік береді. Қиялдау балаға естігенін ұғынуға және оны көз алдына елестетуге көмектеседі.
Баланың жеке басының дамуына ойынның өз ықпалы бар. Ойын арқылы бала ересек адамның мінез-құлқы және қарым-қатынасымен танысады, ал бұлардың бәрі оның өз мінез құлқының үлгісі болады. Ойын арқылы бала өз құрдастарымен қатынас жасау дағдыларына ие болады. Ойын баланы еліктіре отырып, өзіне жүктелген ролге қатысты ережелерді орындауға итермелей отырып, сезімін жетілдіруге, ерік-жігерін реттеуге себін тигізеді.
Бала ойын арқылы өз-сана сезімі құрылымының негізін құрайтын жеке басының қадір-қасиетінұғынады. Ол ролді ойындарда беделге ие болуға талаптанады., өзінің жынысына сай келетін ролді иемденеді. Ойында өзін юалдырғанның орнына қойып, ойын ережелері мен міндеттерін меңгереді. Құрбыларының арсындағы ойында беделге ие болу қажеттігі принципті жаңа негізде шешім тбады: егер үлкен адам тарапынан баланың жетістіктерін қолдапотыруға тырысушылық байқалса, онда бал мен құрдастар арсында күрделі қарым-қатынас орнау негізінде жарыс және өзара көмек сәттеріне жол ашылмақ.
1. 1. 2. Халық ойындарының педагогикалық негіздері.
Ұлттық ойындар - халық педагогикасының құрамдас бөлігі. Ұлттық ойындар пайдалану арқылы оқушыларды тәрбиелеу процесін жетілдіру және оның ғылыми-педагогикалық негіздері туралы айту үшін, ұлт ойындарына қатысты мәселені анықтап алуды жөн деп білеміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz