Бастауыш сынып оқушыларының танымдық ерекшеліктерін зерттеу жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық ерекшеліктерін зерттеу жолдары ”

МАЗМҰНЫ

Кіріспе (3 бет)

1- тарау Балалардың танымдық ерекшеліктерін дәстүрлі сабақ түрлерімен дамыту.

1. 1 Таным процестерінің педагогика-психологиялық негіздерінің

дамуы және қалыптасу жолдары . (9 бет)

1. 2 Танымның философиялық негіздері және оның

қоғамдағы алатын орны . (35 бет)

  1. Таным белсенділігінің бағыттары дәрежелері және белгілері

мен компененттері. (40 бет)

2- тарау Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру

  1. Танымдық белсенділікті арттырудағы әдістер жүйесі (47 бет)

2. 2 Танымдық белсенділіктің даму деңгейлерін анықтаудағы тәжірибелік зерттеулер. (51 бет)

2. 3 Танымдық белсенділікті арттыруды ұйымдастыру жолдарының

тәжірибедегі көрінісі. (55 бет)

2. 4 Танымдық белсенділікті қалыптастырудағы оқыту формалары

және тәжірибелік тексеру қорытындысы. (74 бет)

Қорытынды (82 бет)

Қолданылған әдебиеттер тізімі (85 бет)

Қосымшалар (87 бет)


КІРІСПЕ

“ Х Х І ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет, ”-деп Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында білім беру саласының алдына үлкен міндеттер қойды. Бұл міндеттердің мақсаттарын ол “Қазақстан - 2030” еңбегінде былай деп көрсетеді: “Әлемдік білім беру кеңістігінде ықпалдасқан және еңбек рыногында бәсекеге қабілетті мамандар дайындауды қамтамасыз етуші білім беру жүйесінің ұлттық моделін қалыптастыру”. (1)

Қазірдің өзінде білім беру жүйесінде күрделі реформалық өзгерістер жүзеге асырылуда . Еліміздің саяси-экономикалық даму деңгейінің жоғарылауына байланысты жалпыға бірдей білім беру талаптары да өсуде.

Қазақстан Республиласының “Білім туралы” заңының 8-бабында

білім беру жүйесінің басты міндет і былай көрсетілген: “Білім беру

жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар,

ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптасты-

руға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. ” (2)

Сондықтан 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру бағдармаларының сапасын арттыру керек.

Әсіресе, мектепті жаңа сипат пен санаға ие болып отырған әлеуметтік ортаға нақтылы кіргізу тұжырымдамасын жан-жақты қарап және іске асыра отырып, қысқа мерзім ішінде білім беруді инфрақұрылым тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін шешу дәл қазіргі уақытта өте маңызды болып отыр.

Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттың ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты.

Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі тәсіл-дерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде

шығармашылық ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын

жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Білім алу балалардың ойлауын дамытудың міндеттері шарт болып табылады.

Ойлау әрекеттерінің қалыптасуы мен жетілуі ойлаудың негізін құрайды.

Бала қандай білімді игеріп, оларды қалай пайдалана білетіндігі оның қандай ойлау іс-әрекеттерін игеру сыртқы бағдарлау іс-әрекеттерін игеру мен бойға дарытудың жалпы заңы бойынша өтеді. Осы сыртқы іс-әрекеттердің қандай және оларды бойға дарытудың қалай өтетіндігіне байланысты баланың қалыптасып келе жатқан ойлау іс-әрекеттері, не бейнелер іс-әрекеттері формасын, не сөзбен сан сияқты белгілер, іс-әрекеттер формасын қабылдайды.

Ойша бейнелері мен іс-әрекет жасай отырып нәтижесін көз алдына елестетеді және осы жолмен өзінің алдында тұрған міндетті шешеді. Бұл өзімізге таныс көрнекі бейнелі ойлау. Белгілер мен іс-әрекеттерді орындау нақтылы заттардың баламасы ретінде пайдаланады. Белгілер мен іс-әрекетті жасаудың көмегімен атқарылатын ойлау дерексізденген ойлау болып табылады. Дерексізденген ойлау логика ғылыми зерттейтін ертегілерге бағынады, сондықтан да логикалық ойлау деп аталады. Бейнелеу ойлау - мектеп жасына дейінгі бала ойлауының негізгі түрі. Мысалы, күні бүрын белгіленген қашықтыққа жету үшін зырылдай жөнелген шарды домалатып барып көлбеу бетке орналастыру қажет болатын ойында балалар әр жолы оны әуелі бір орында, кейбір екінші орында орнатып байқап көре отырып дұрыс шешімі кезіккенше байқап көру арқылы қолдарын жеткізеді. Байқап көру арқылы тапқан шешімді балалар естерінде сақтай алады.

Жаңаша нәтиже беретін мәселелерді шешуді көрнекі бейнені ойлаудан жаңа түрі қалыптаса бастайды. Мұнда көрнекі схемалық деп атауға болады. Ойлаудың көрнекі схемалық формасы баланың іс-әрекетіне тілеген ниетіне байланыссыз-ақ объективті өмір сүретін байланыстар мен қатынастарда бейнелеуге бірнеше рет мүмкіндік береді. Көрнекі схемалық ойлау бейнелері сипаттй сақтайды. Бірақ бейнелердің өзі басқаша болып келеді, онда жекеленген заттар мен қасиеттерінің арасындағы байланыстар мен қатынастар сипатталады.

Білім беру мен оқыту теориясының әдіснамалық негізі-таным теория

сы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы

ілім болып табылады. Бұл теория білім беру мен оқытуды арнайы

ұйымдастырылған іс-әрекет ретінде қарастырады. Білім беру және

оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының

бірі-танымдық белсенділік пен саналылық.

Оқушылардың белсенділік танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі-

білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету

қажеттігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білу болып табылады Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс-әрекетінде танымдық белсенділкті қалыптастыру талабы туындайды.

Зерттеудің мақсаты. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруды теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемесін жасау.

Зерттеудің міндеттері:

1. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру проблемасын теориялық тұрғыда қарастыру және оны қазіргі кезеңде дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау.

2. Орта мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру моделін құру.

3. Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін қалыптастырудың нақты әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.

4. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудағы тәжірибеден бұрынғы оқушылар таным деңгейін анықтау

5. Оқушылардың танымдық белсенділігін анықтау мақсатындағы тәжірибелік сауалнамалар құру

6. Жүргізілген тәжірибеге негіздей отырып, оқушылардың

танымдық белсендігін арттыру жолдарын жасау

Зерттеу объектісі. СҚО Қызылту ауданы Карл Маркс ауылы 2 сынып. Дүниетану, ана - тілі, математика пәндері. 2008-2009 оқу жылы

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; белгіленген міндеттерді шешу және ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу әдістерін қолдану; бастауыш сынып оқушылардың оқу үрдісін бақылау; оқушылармен әңгіме жүргізу, сауалнама алу; алдыңғы қатарлы педагогикалық тұрғыда саралау; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру; тәжірибелік - эксперимент жұмысының мәліметтерін сандық жағынан сараптап қорытындылау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні.

1. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру теориялық негіздері айқындалып, оларға берілген сауалнамалар бір жүйеге келтірілді және негізгі ұғымдардың анықтамасы нақтыланды.

2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың моделі жасалып, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері айқындалады.

Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі:

- Қазіргі жағдайда орта мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың әдістемесі жасалынды;

-Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасалды;

-Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың теориялық әдістемесі, қорытындылары, зерттеу нәтижелері мектеп мұғалімдер қызметінде, педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру институттарында, осы саладан білім, іскерлік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.

Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:

-Оқушылардың танымдық белсенділігін ұғымының мәні:

-Оқушылардың танымдық белсенділігінің қалыптасу моделі, өлшемдері мен көрсеткіштері, мүмкіндік болатынын деңгейлері:

-Қазіргі кезеңде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесінің мазмұны мен нәтижелері:

-Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыратын педагогикалық шарттар негізделеді: оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғалық-бағдарлық оқыту технологиясын қолдану, мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасындағы ынтымақсыздықтың болуы, бастауыш сынып оқушыларының қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бейімдеу.

Зерттеу пәні. Бастауыш сыныптағы дүниетану, ана - тілі, математика пәндері.


1. Балалардың танымдылық ерекшеліктерін дәстүрлі сабақ түрлерімен дамыту.

1. 1 Таным процестерінің педагогика - психологиялық негіздерінің дамуы және қалыптасу жолдары. .

Танымдық белсенділіктің үш дәрежесі бар:

1 - дәреже - жаңғыртушы белсенділік - шәкірттің материалды жады-

лап, қайта жаңғыртуға, оны үлгі бойынша қолдануға, меңгеруге ұмты-

лысымен сипатталады. Белсенділіктің 1 - дәрежесіндегі көрсеткіш -

оқушының бойында білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы.

2- дәреже - түсіндіруші белсенділік - оқушының оқығанын зерделеуге, оны өзіне белгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда пайдалану жолдарын меңгеруге ұмтылысынан көрінеді. 2-дәрежеге тән көрсеткіш оқушының бастаған істі аяғына дейін жеткізуіне ұмтылуынан, қиындыққа тап болғанда оны жеңудің жолдарын қарастыруынан байқалатын үлкен дербестігі.

3- дәреже - шығармашылық белсенділік - оқушының тапсырманы

шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталады.

Бұл дәреженің ерекшелігі - мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық

ынтаның негіздері мен әр алуандығы. (17)

Дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс,

оның барысында жеке көзқарастар мен сенім жүйесі дамиды, жеке

адамның әрекет жасауына бағыт береді. Ерте балалық шақтың бала-

ларды қоршаған болмысқа дұрыс түсінікті тәрбиелеу, оларды табиғат

құбылыстарымен таныстыру қажет. Әрине, бала қоршаған ортамен

өзі-ақ танысады. Дегенмен отбасы, балабақша және мектептің жұмы-

сы балада болмысқа деген белсенді танымдық қатынасты оятуға

бағытталуы керек.

Жас балдырған үлкен адамға ұқсанқырамайды. Мәселен оның білімін үлкендердің білімімен салыстыруға болмайтындықтан да емес, қарапайым күнделікті бақылауларынан баланың сезінуі, ойлауы үлкен кісілердей емес екендігін білеміз. Сәбидің сезімдері күшті, бірақ көбіне тұрақсыз болуы мүмкін. Бүгін құштар болған нәрсесін ертең ұмытып кетуі ғажап емес. Үлкендердің астарлап сөйлегенін балалар түсіне бермейді. Жас бала өзінің қызықтырмаған істі зорлап орындай алмайды.

Бала психологиясы жалпы психологияның жас салаларының бірі. Ол жақында ғана ХХ-ғасырда болды, мұны жазушы Эллен Кей “бала ғасыры”-деп атаған. Бала психологиясының пайда болуы мен одан әрі дамуына табиғаттану жетістіктері едәуір көлемде мүмкіндік берді. Чарлз Дарвиннің “түрлердің пайда болуы жөніндегі” аты шулы еңбегі эволюциялық теорияның-тірі организмдердің пайда болуымен дамуы жөніндегі мәселе нәрестенің ересек адамға айналуы, мүлдем табиғи түрде туды. Баланың дамуының алғашқы зерттеушілері физиологтармен дәрігерлер болғаны мәлім.

Көптеген ғасырлар бойы адамдар балаларды не нәрсеге және қалай оқыту, оларды қалай тәрбиелеу керек екендігін ойлап келген. Бірақ баланы түсіну, білу үшін оның айналасындағы дүниені қалай қабылдайтыны, оны қалай жадында сақтайтыны, ойлайтыны, қайғыратыны жөнінде қамқорлық жасаушылар аз болған. Мұндай мәселелер тіпті тумаған. Баланың психикасын педагогтар - ғалымдар мен тәжірибе жүргізушілер (практиктер) ешбір ерекшеліктерді көрмеген. Олар балаға жетілмеген ересек адам ретінде қараған. Өзінен - өзі болып жатқан түсінікті нәрсе оның күйзелісі, қабілеті де үлкен адамдардағыдай тек аз көлемде ғана деп есептелген. Бала материалды жадында аз көлемде сақтайды, оған материалды көбіректе жиі қайталау қажет. Ол сонда ғана жадында ұстайды, оның бір нәрсеге өз зейінін шоғырландыру мүмкіндігі аз, үлкендерге қарағанда ол тез шаршағыш келеді, оның сезімі күштірек, бірақ уақыты жағынан қысқарырақ, ойлау қабілеті аумалы тағыда басқа мүмкіндігі аз. Басқаша айтқанда, бала - сол ересек адам, тек кішірейген түрде, кәмелетке жеткен адамға қарағанда, балада бәрі де кішкене, ал басқа бір нәрселер мәселен: қиқарлықтар, қозулар, ширақтықтар, онда көбірек болады.

Француз педагогы Жан Жак Руссо “Бала кішкентай ересек адам емес ” - деп жалпы қорытынды жасады. Ол үлкен адамға қарағанда басқаша ойлайды, сезінеді, қабылдайды. Бірақ кейінірек үш ғасырдан кейін көптеген зерттеулер балалардың қабілеттері, олардың байқаулары, еске сақтауы, пайымдаулары, күйзелістері осыған сәйкес үлкен адамдардың көріністерінен сан жағынан біраз айырмашылығы болса, сонша едәуір сапалық ерекшеліктері болатынын сенімділікпен көрсетіп берді. Сонымен бірге олар әр түрлі жас ерекшеліктегі топ балаларында да әр алуан.

Психологияның міндеті - психикалық даму заңдылықтарын ашу және оның өсіп келе жатқан адамның жан - жақты дамуын басқарудың бүкіл процесін жетілдіру үшін пайдалану болып табылады.

Сонымен қорыта айтқанда, бала психологиясы - баланың психикалық даму факторлары мен заңдылықтарын: оның іс - әрекетінің дамуын, психикалық процестерінің және сапаларының дамуын, оның жеке басының қалыптасуын зерттейтін ғылым.

Баламен психологиялық және педагогикалық жұмыс істер алдында ең алдымен балаға табиғатынан не берілгендігін және ортаның ықпал етуінен не алғандығын психологияда адамның мінезі туғаннан болатындығын (темпераментті) органикалық талаптарға байланыстырып және әлеуметтік талаптарға байланыстырып реттей білу керек. Мұндай кезде психодиагностика өткізуді талап етеді, оның орындалуы адамның қасиетіне және психо - педагогикалық эксперимент қалыптастыру саласына байланысты. Егерде эксперимент кезінде зерттелушінің оқу қасиетімен тәрбиесін қалыптастыруға болмайтындығы дәлелденсе, онда (организмнің) ағзаның жетілуі, биологиялық деңгейде көрінеді және кеңейеді, сондықтан бұл сапаны немесе қасиетті биологиялық тума қабілет деп есептеуге болады. Адамның тума қабілет дамуы, қабілеттілігіне айналуы, оқыту мен тәрбиенің бір есебі, бұл білім психологиясыз шешілмейтін есеп.

Тума қабілет құрамына және саласына көп процестер кіреді, яғни адамның жағдайы мен қасиеті.

Керек қабілетін жинап, қабілеттілік олардың даму деңгейін іске асырады. Даму қабілетінің психологиялық білім құрылысы оқу мен тәрбие жұмысына әдістерді дұрыс таба білуге, оларды қалыптастыру заңдылықтары қажет.

Мектепке дейінгі естиярлар мен ересектердің ойлауының көрнекі схемалық сипаты олардың іс-әрекетерінің көптеген ерекшеліктерінен көрінеді. Осындай көріністердің бірі бала суретінің схемалық, онда негізінен бейнеленетін заттардың негізгі бөліктерінің байланысы көрсетіледі, дара белгілері болмайды.

Мұндай түрде жүйелі түрде сурет салуға үйретілмеген балаға тән. Балалар ойлауының схемасының екінші көрінісі - олардың түрлі кейіптегі схемалық бейнелерді өте оңай да тез түсініп, оларды табысты пайдалануы. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар 5 жастан бастап бір рет түсіндірген соң бөлменің жоспары деген не екенін ұғына алады және жоспардағы белгіге қарай отырып бөлменің ішінде жасырылған затты тауып алады. Олар заттардың схемалық бейнелерін таниды, картаға ұқсас схемалар т. б пайдаланылады. Осыған ұқсас тапсырмаларды дұрыс шеше білу бейнелері негізінде, пайымдаудан белгілерді пайдаланылатын пайымдауға яғни дерексіз, логикалық ойлауға көшуді қажет етеді.

Бұл уақытта бала бір затты белгілеуге өзге бір заттың суреттің сөзінің көмегімен оның орнын ауыстыруға болатындығын түсіне бастайды.

Логикалық ойлау кейінірек бейнелі ойлаудың негізінде қалыптасады. Ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Бейнелі ойлау мектепке дейінгі баланың өмір жағдайлары мен іс-әрекетіне, ойында, сурет салуда, құрастыруда, төңірегіндегілермен қарым-қатынас жасауға оның алдында пайда болатын міндеттерге жоғары дәрежеде сәйкес келеді. Міне сондықтан-да мектепке дейінгі шақтағы бала бейнелерге негізделген, үйренуге берілген келеді. Барлық осы жайдайларды есепке алу мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелі ойлауын дамытуға ерекше назар салуды қажет етеді.

Дерексіз логикаға ойлауға келсек, оның қалыптасуын баланың ғылыми білімдердің кейбір негіздерімен таныстыру қажет болғанда пайдалану керек. Соның өзінде де баланың ойлауын қалайда бүтіндей логикалық етіп шығаруға тырысудың қажеті жоқ.

Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін

арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.

Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының ерекше көрінісі. (20)

Егер баланың психологиялық даму деңгейінің көтерілуі жүргізілсе, онда баланың оқуы және тәрбиесі бағалы болады. Бұл деңгейді анықтай білу керек және даму немесе қате жүргізіліп жатқанын кейбір мөлшермен оны салыстыру керек. Мұндай ғылыми кезде нормаларын психологтар атқарады, орындайды, сарап жасап шығарады, олар баланың психологиялық тест әдістерін мектепке ұсынады, жүйеленген тест қолданылғанда, баланың қалай жетілуін айқындайды және уақытында педагогикалық, психологиялық қажетті шараларды пайдалануын, жетіспеген қасиеттерді түзетуге бағыттайды.

Педагокикалық және психологоиялық тәжірибелік оқу жұмысында бір бөлігінде дұрыс жетілген бала және дамуы бөгеленген баланы, дарынды баланы анықтау. Соңғы екі категориядағы балалар өздерінен нақты зейінді талап етеді. Қатарынан қалғандар мектеп бағдарламасын нашар қабылдайды, нашар меңгереді, ал дарындылар өз мүмкіндіктерін дамыту үшін толық пайдалана алмағандығының себебінен болады.

Психологиялық педагогикалық мәселенің негізгі қиындығы, психологтың қатысуынсыз дұрыс шешілмеуі мүмкін. Бұл себеп баланың дамуынан, оқуынан, тетелестерінен артта қалуымен айқындалады, ал дарынды балалардың дамуына жақсы мүмкіндіктердің жоқтығының болмауы. Мұнда сонықтан мұғалімге білікті, білімді психологиялық көмек қажет. Қай тәжірибеде болмасын баланың оқу және тәрбие жұмысында мұғаліммен психологтың бірігіп жұмыс атқаруын қажет етеді: олардың бірікпей жеке-жеке жұмыс істеуі жұмыстарының жетістігіне апармайды.

Баланың қолынан келмейтіні көп. Бірақ біз тек сәбидің әлі де қолынан келмейтініне, әлі де істей алмайтынына ғана көңіл аударар болсақ, онда біз ересектерге тән жаңа қасиеттердің, сапалардың қайдан пайда болатынын ешқашан түсінбес едік. Сондықтан баланың бойында не бар, ол не істей алады, жасы өскен сайын ол қалай өзгеріп, нені үйреніп келеді дегенді анықтау әлде қалай маңызды.

Баланың дамуы үлкендерді үнемі таңдандырады, әр қуанышқа бөлейді. Ол бүгінгісі кешегісіне, ал ертең бүгінгісіне ұқсамайды.

Жаңа туған сәби қандай болады? Ол бағым-күтімсіз бір күнде өмір сүрерлік қабілеті жоқ, өздігінен қозғала да алмайтын, тамақтану да қолынан келмейтін, айналасымен қарым-қатынас жасауға да мүлдем дәрменсіз тірі жан.

Енді мына біздің алдымызда үш жасар бала дерлік. Бұл өзінің ерекше ішкі дүниесі, өзіңдік тілегі, әдеті, талғамы бар, көп жағдайда өз дербестігін көрсетіп, оны табандылықпен сақтай алатын адам. Ол жүруді, қолын сілтеп әр-түрлі қимыл жасауды ғана емес, сонымен бірге киімдерді, ыдыс-аяқты, жиһазды, қарындашты, кішкене күрекшені, адам жасаған басқа да көптеген дүние-мүлікті қолдану тәсілдерінде игереді. Үш жасар бала сөйлей біледі, 1000-нан астам сөз біледі, грамматикалық жағынан байланысқан сөздер құра алады, айналасындағылардың бәріне қызыға қарап, сан түрлі сұрақ қояды. Ойнаған кезде көбіне үлкендерден көргенін істеп, соны өзінше қайталайды. Ақыл-ойының жетілуі жөнінен ол ең бір дамыған жануарлардан әлде қайда озық. Адамға ұқсас маймылдардан өздері шеше алмайтын міндеттерді шешу балаға қиындық келтірмейді, ол ойлаған кезде өзінің жартусыз тәжірибесін ғана емес, үлкендердің біртіндеп үйреткендерін де пайдаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары
Оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту
Бастауыш мектептің оқыту процесі
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу және дамыту әдістемелері
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының оқу - танымдық құзыреттілігін қалыптастырудың теориясылық негіздері
Бастауыш мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабағында танымдық қызығушылығын дамыту
Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz