Тұлғаның мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе.

I тарау.

Мектеп оқушыларын алғашқы кәсіби еңбекке баулуды дамыту жолдары.

1. 1 Оқушыларды еңбекке даярлаудың педагогикалық-психологиялық әдістерін анықтау.

1. 2 Кәсіби бағыт-бағдар беру тәсілдері.

II тарау.

Тұлғаның мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру жолдары.

2. 1 Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен жоғары оқу орнының арасындағы сабақтастық.

2. 2 Кәсіби мамандыққа бейімдеу жұмыс түрлері.

2. 3 Мамандықты таңдау жұмыстары бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан.

Абай.

«Неге арналсаң, соны істе!» деген алғашқысында сәл сөз сияқты көрінсе де, бұл мағынаның астында асса әлеуметке, қала берсе әр адамға маңызы зор терең мәселе жатыр. Мәселені дұрыс шешу үшін ғылым жолымен зерттеу керек.

Әлеумет тұрғысындағы зор кемшіліктің бірі - әлеуметтік мүшесі, әр адам «өз орнында» қызмет етпеу. Естеріңде болсын: Адам қалай болса солай сүйреуге көне беретін тулақ емес, қалай қақса солай домалайтын «алланың» добы да емес. Адам - өзінің ыңғайымен, еркімен қызмет ететін зат. Кісі іштен туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады. Басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсе талап, ыңғай, қабілет яки зеректік болады. Кімде - кім өзіне біткен ыңғайына қарай, өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. «Өз орнында» істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Сондықтан әр адам сүйегіне біткен икемділігіне қарай қызмет ету керек. Ол үшін адам өзінде қандай талант, қандай зеректік, қандай қабілет, бір сөзбен қандай қасиет барлығын білу қажет. Дәл деп айтқанда, әр адам өзін - өзі тану керек.

Адамның өзін тану, өз жолын табуы өте қиын. Бұл қиындық әсіресе жастардың басында: Олар тәжірибесіз, олар көңілі, ойы құбылмалы, толқымалы, сондықтан өзін сынай алмайды. Өмір жолдары тараулы.

Республикада мемлекеттік құрылыс түбегейлі өзгеріп, жаңа түрдегі қоғамдық қарым - қатынастар біртіндеп орын алып, жаңа мазмұндағы әлеуметтік тапсырыстар туындап отыр. Осы орайда білім беру беделін көтеруде жаңа көзқарастар қалыптастыру қажеттілігі туындайды.

Елімізде жүзеге асырылып жатқан жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің реформасы жастарды еңбекке баулу жөніндегі принциптерді мақсатты дамытуға негізделіп отыр және ол кәсіпті саналы түрде таңдауды, кәсіптік бағдар беру жұмысын жетілдіруді алға қойды. Өзінің мақсаты жағынан кәсіптік бағдарлау еңбек ресурстарын үйлесімді бөлуге, жастардың өмір жолын таңдауына, кәсіпке бой үйреніп, зиялылардың лайық ізбасарларын қалыптастыруға елеулі ықпал жасауға тиіс.

Қазіргі кездегі еліміздің экономикалық және әлеуметтік мәдени жағдайына сай, қоғам өмірінің барлық салаларында өзін-өзі жетілдіріп, әлеуметтік мүмкіншілігін дамытатын білікті маман тәрбиелеу өзекті мәселе болып отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында ғылым мен практика жетістіктерін жеке адамды дамытуға, шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін, интелектін дамытуға бағыттау нәтижесінде кәсіби білікті маман тәрбиелеу міндеті көзделген. Демек, қоғам дамуының қазіргі кезеңінде мектептерде оқыту үрдісін жетілдіру, болашақ мамандардың ізденімпаздығын, дербестігі мен шығармашылығын дамыту өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан оқушылардың мектепке оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындайды.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің негізгі мақсатының бірі жоғары сынып оқушыларын олардың қабілетіне, қызығушылығына, қоғамның сұранысына сай белгілі бір мамандық түріне баулу болып табылады.

Сондықтан да кәсіпке баулу бағдарламаларын түзу кезінде негізгі қағидаларды, ережелерді жүзеге асыру мәселелері көзделеді. Олар:

  • жалпы білім дайындығы базасында алғашқы кәсіпке баулу және олардың өзара байланысын ескеру;
  • оқушылардың нақты кәсіпті игеруі барысында оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыру;
  • кәсіпке баулудың политехникалық сипаттылығы;
  • оқушылар дайындығының барлық сыныптардағы оңтайлы үйлесімділігі мен мектеп оқушыларының көпшілік кәсіпті таңдауына, қоғамға пайдалы еңбекке бағыттау, жоғары сыныптарда белгілі бір мамандықты меңгеру мәселелері;

Мамандық таңдауға әзірлеу - жеке адамды жан - жақты әрі жарасымды дамытудың ажырамас бөлігі, сонымен бірге ол оқу - тәрбие процесінің жүйесінде адамды идеялық саяси, адамгершілік, еңбек, ақыл - ой, эстетикалық және дене тәрбиесі жағынан жетілдіріп қалыптастырудың бірлігі мен өзара тұрғысынан қарастырады. Кәсіптік бағдар - әрбір жеке адамның ерекшеліктерін, сонымен қатар халық шаруашылығының, оның салаларының, экономикалық аймақтардың қажеті мен мүддесін есепке алып, еңбек ресурстарын үйлесімді бөлудің, жастарды кәсіпті еркін және өз бетімен таңдап алуға даярлаудың ғылыми негізделген жүйесі.

Мамандықты ұғынымды таңдау жағдайы өте маңызды, себебі ол тұлғаның өмір бойы қалыптасатын негізгі оқиғалардың бірі, әрі тұлғаның әрі қарай даму жолдарына әсер етеді. Сондықтан жасөспірімдердің кәсіби өзіндік анықталуы мен мамандық таңдаудағы өзіндік бағалау мен іс-әрекетті өзіндік саналы реттеудің ерекшеліктері жайлы мәселелерін қазіргі заман талабына сай зерттеу соның шеңберіндегі зерттеулерді жүйелеуді қажет етеді. Осыған байланысты, біздің зерттеудің негізгі мәселесі туындайды. Неге кейбір жасөспірімдер мамандықты өзіндік талдау негізінде таңдайды, өз мүмкіндіктерін мамандық ерекшеліктерімен арақатыстырады, ал басқалары көптеген басқа кездейсоқ жағдайлардың әсерінен таңдайды деген сұрақтарға жауап беру. Өйткені мамандық таңдау - өмір жолы.

Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі, жар таңдап, отау құру, сөйтіп жұрт қатарына енуімен өзектесіп жататын мәселенің бірі - мамандық таңдау.

Мамандық таңдаудың орасан зор маңызы бар. Адам еңбекте қуанышқа бөленетіндей, оған жиырыла қарамайтындай болуы керек. Адамның өзі істейтін ісіне ынтасы болса ол өз жұмысын етене жақсы көретін дейтіндей болса - сонда ғана өз еңбегінен рақат, қуаныш таба алады, сонда ғана ол қажып - талмай өз еңбегін кемеліне келтіре арттыра алады, сонда ғана ол өз еңбегі саласында құнды нәрсе бере алады, сонда ғана мамандық жанына жай келеді. Мамандықты дұрыс таңдап алудың іс үшін де, қызметтердің өзі үшін де, өндіріс үшін де зор маңызы бар. Соңғы кезекте жүргізілген зерттеулер жастардың мамандық таңдай білуге байланысты ой -пікірлері мен тебіреніс - толғаныстарында бұл мәселенің қоғамдық әлеуметтік жағынан гөрі жеке бас мүддесіне көбірек қатыстылығы байқалып жүр. Әрине, бұл қазіргі нарық экономикасына көшу кезіндегі өтпелі кезең тудырған жәйт болса керек. Жеке мүдде қазіргі кезде ел-жұрт психологиясына елеулі әсер етіп тұрған фактор екендігі белгілі. Заман талабы жастардың тек мал шаруашылығы, өндіріс, құрылыс маманы ғана болмай, сауда, алыс-беріс, бизнес ісіне де көптеп мамандануын қажет етіп отыр.

Қоғамда да, өзіне де пайдалы еңбек ету адамның қалыпты және жақсы өмір сүруіне жағдай жасайды. Осы проблеманы шешу үшін жастар есейе бастаған кезде мамандықты саналы таңдауы қажет.

Мамандық - адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін білім мен практикалық дағды жиынтығы. Мамандық таңдау - күрделі процесс. Бұл процесте адам өзінің өмірдегі жолын қателеспей табу үшін ойланады, ізденеді. Қажетсіз мамандық болмайды және де мамандық адамдардың белгілі бір қажеттіліктерін өтейді, олардың дұрыс, қалыпты өмір сүруіне жағдай туғызады. Мектеп бітіріп, қолына кәмелеттік аттестат алған кейбір жастар еңбекке араласқанда іске икемсіз, орашолақ келеді. Мамандар қанша үйретсе де, олардың сөздеріне аса көңіл қоймай, енжар, самарқау қабылдайды. Соның әсерінен көптеген қиындық көреді, бір жұмыстан екінші жұмысқа жиі ауысып, тұрақсыздыққа бой ұрады.

Үлкен өмірге енді аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Жоғары сынып оқушыларының мақсаты негізінен мамандық таңдауды болашағым деп түсінуінде. Олардың еркін, ешкімнің ықпалынсыз, өз танымының, қызығуының балалық армандарының орындалуын өзіндік еншісі деп түсінуге болады. Тәуелсіз елге білікті маман даярлау мәселенің алғашқы дайындығына икемдеу орта оқу орындарынан бастау алады. Оқушылардың кәсіп таңдау негізінде көбінің ата-аналарының ақыл - кеңесіне сүйенетіне немесе біреудің ықпалымен таңдалынған мамандық не талапкерлердің мамандықтарды таңдаудағы жүйесіздігі, оқушының болашағына, оның дүниетанымы мен қызығуына шабылған балта деп есептеуге тура келеді. Сондықтан өзінің көңілі сүймеген мамандыққа баруларына байланысты оқуды тастап кетуі, болашақта мамандықтары бойынша жұмыс істемеулеріне негіз болады. Әрине, оқушының туа біткен дарынына немесе жастайынан бейімделген іскерлігіне, тіпті болмаса өзі аңғармаған талантына байланысты бағдар беріп, ынталандыруға болады. Бірақ үгіт жүргізіп, жаңадан ашылып жатқан мамандықтардың мағынасын жете түсіндірмей, оқушының танымдық қызығушылығын шет қалдырып, басқа игіліктер үшін итермелеуге болмайды.

Қазіргі таңдағы өркениет өресіне сәйкес менеджер, маркетолог, эколог сияқты түрлі жаңа мамандықтар мен мектеп қабырғасында негізі қаланбаған туризм, кибернетика, мәдениеттану тағы басқа жас ғылымдар қалыптасуда. Сондықтан да, оқушыға аталған мамандықтар мен ғылымдар аумағында түсініктер беріп, олардың немен айналысатындарын және қандай пәндермен байланыстылығын жете түсіндіруді қажет етеді.

Әрине, тұлғаның кәсіби бағыттылығын қалыптастыру - болашақ іскер маманды тәрбиелеудің негізгі шарттарының бірі және кәсіби бағыттылықты қалыптастыру проблемасы жоғары сынып оқушылары үшін өзекті мәселе. Айтылған проблемаға оқушылардың көзқарасы, оқу, сабақтан тыс әрекет формаларының барысында қалыптасады. Жасөспірімдердің ой - өрісі, дүниеге көз қарасы, оқу және тәрбие процесінде жан - жақты жетіле бастайды. Олардың дамуы мен қалыптасуына қоғамтану, тарих, әдебиет пәндері болымды әсер етеді. Жасөспірімдер әдебиеттерді көп оқиды, әлеуметтік орта мен қарым-қатынас жасайды. Отан үшін өмір сүріп, жұмыс істеудің қажет екендігін түсінеді.

Зерттеу мақсаты: Жеке тұлғаны қалыптастыруда мамандық таңдаудың атқаратын ролін анықтау. Мамандық таңдаудың мәнін тереңірек түсінудің қажеттілігін көрсету.

Зерттеу міндеті: 1. Мамандық таңдау туралы ғылыми-теориялық әдебиеттермен танысу, саралау.

2. Мамандықтардың заман талабына сай қажеттілігін белгілеу, себептерін көрсету.

3. Жеке тұлғаның қызығушылығын арттыратын мамандықтарды анықтау.

4. Оқушылардың қабілетін, танымдық қызығушылығын анықтау үшін сауалнамалар, тестерді қолданып мамандыққа бейімділігіне қарай бағыт-бағдар беру.

Зерттеу объектісі: Оқушылардың мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру.

Зерттеу пәні: Оқушыларға мамандық таңдауына бағыт-бағдар берудің әдістері, тәсілдері, түрлері.

Ғылыми болжам: Егер оқушылардың белгілі бір мамандыққа бағыт-бағдары дұрыс анықталса, онда олар өздері қалаған маман иесі болуға мол мүмкіндіктері бар болар еді.

Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, сауалнамалар, әдістемелер.

  1. Оқушыларды еңбекке даярлаудың педагогикалық-психологиялық әдістерін анықтау.

Оқушылардың кәсіби құндылық бағдарларын қалыптастыру туралы зерттеу жұмысын бірнеше ғалымдар зерттеп, оларға сипаттама берген. Мамандық таңдау жолында жастарға көмек көрсетуге, алғашқы тәжірибе Америкада істелді. Бұл жұмысқа басты болған Бостон профессоры Парсонс. Бастауыш мектепті бітірген балалардың келешектегі ниеті туралы кеңесуге Парсонс бір кедей ауданның шәкірттерін жинаған. «Келешектің тұтқасы» болады деп үміт күткен жастардың көбі болашақта не істерін білмейтін болып шыққан. 1908 жылы Босттон қаласында мамандық таңдаушыларға тегін маслихат беретін ұйым жасалады. «Өнер таңдау» деген еңбегінде Парсонстың қоятын мәселесі: «ақылды мәслихат беріп, жетекшілік етіп, керекті білім үйретіп, адамның еңбегін, жігерін пайдасыз орынға қалай жұмсатқызбау еңбектің зая болып желге кету себебі: бірінші өмірге жеңіл оймен қараудан; екінші өзінің кім екенін түк білмеуден, басқаша айтқанда, өзінің күшін, ыңғайын, талабын, ынтасын, кемшілігін олардың себебін білмеуден; үшінші мемлекеттің жалпы шаруашылық жайымен оның бар жағында, әрбір аудандардың жайымен таныстығы аз болудан туады» дейді.

Ресей ғалымдарының бірі Харламов «еңбек тәрбиесінің жүйесіндегі ең басты мәселенің бірі оқушыларға мамандық таңдауға бағдар беру, оларға өзіндік кәсіби мамандық таңдауда дұрыс көмек беру» деп атап кеткен. Бұл жұмыстың өзіндік бірнеше бағыттары бар. Бірінші, оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыру. Бұл бағытта әңгіме, лекция және баяндамалардың маңызы зор және де мамандық иелерімен кездесу өткізу, экскурсия жасау. «Кім және қандай боламын?» атты кеш өткізу. Бұл шараны атқарғанда ата - аналарды, сонымен қатар әр түрлі мамандық иелерін шақырып қатыстыруға болады. Ал екінші бағытта оқушылардың кәсіби бағдарын анықтау үшін, оларды өндіріс және ауылшаруашылық ұйымдарына экскурсия жасату. Үшінші бағытында оқушыларға өндірістік салаларындағы мамандықтар туралы кәсіби бағдар бере отырып, өндіріс орындарында жұмыс істеуге жағдай жасау.

Кәсіптік бағдар беру жұмысына өз үлесін қосқан ғалымдардың бірі Газарян Спартак Суранович. Ол мектепте кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастыруда мұғалім - басты тұлға деп атап көрсетті. Бұл орайда 9 - 11 сынып оқушыларының мамандық таңдауы, өздерінің қалап алған мамандықтарының сырын жан - жақты білуі үшін мұғалім өткізетін сынып сағаттарының пайдасы өте зор. Сынып сағатын бұрын оқушылардан жазбаша түрде қай мамандықты қалайды, оны не үшін таңдап алды деген сұрақтарға жауап жаздырып, анкета толтырады. Содан кейін «Мен сүйген мамандық», «Менің келешегім», «Мен ұнататын жұмыс» тақырыбында шығармалар жазылады. Бұл оқушылардың өзінің таңдаған мамандығы жайлы білуіне, ой - өрісін дамытуына көмектеседі. Осындай әдістермен әр оқушының бағыт - бағдарын білгеннен соң, сынып сағаттарын соған сәйкестендіре жүргізу керек. «Алдыңда сан тарап - бірін таңда» деген сияқты тақырыпқа өткізуге болады. Сынып сағатында оқушылар өздерінің жүрек қалауы бойынша қабырға газетін шығаруға болады, әр түрлі мамандықтарға байланысты мәселелер туралы ой - пікілерін жазады. Сынып сағаты болған күні оқушылардың ата - аналарынан әр түрлі мамандық иелерін мектепке қонаққа шақыруға болады. Оқушылар олардың алдында өздері ұнатқан мамандық туралы, оны не үшін таңдағаны жайында айтып береді. Сона соң таңдаған мамандықтарының иелеріне сұрақ қойып, біраз жайды сұрап алады. Сынып сағатына орай стенділер, фотоальбомдар пайдалынады.

Жүсіпбек Аймауытов өзінің «Псикологие 1 (жан жүйесі) мен өнер таңдау» деген еңбегінде «Әр адам әлеуметке мүше болғандықтан, әлеумет ісіне көмектес болуға міндетті. Көмектес болу үшін өнер (мамандық) таңдау керек. Әрбір өнер белгілі мінсіз қасиетін тілейді. Ондай қасиеті болмаса, қызмет жемісті болмайды. Белгілі бір өнерге арналып, бейім бола туған адамда ондай қасиет анық байқалады. Қай адам қандай кәсіп істейтіндігі сыртқы түрінен де көрініп тұрады.

Өнерге ыңғайлы болу үйренумен, машықтанумен, жүре табылмайды. Адам іштен туа өнерге бейім бола туады. Менің табиғатым нені қалайды? Ындыным нені сүйеді? Ішімдегі даусым мені қайда шақырады? Менің «менмендігімді» сыртқа шығаратын ең басым, күшті ыңғайым, талабым қайсы? Адамның өзге сипаттарының бәрінен жетілетін талабы осы болу керек. Өмір жолының тоғысында тұрған әрбір адам осылай істелуі тиіс. »

Қазіргі таңдағы осы мәселе бойынша Қазақстанның жас ғалымдары да зерттеулер жүргізіп жатыр. Солардың бірі Бейсенова Ж. Ж. жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзіндік анықталуындағы мамандық таңдаулары мен өзіндік ерекшеліктерін зерттеген. Ол жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзіндік анықталуындағы өзіндік бағалау мен іс - әрекетті саналы өзіндік реттеу ерекшеліктерін және кәсіби бағдарлану мен мамандық таңдауға байланысты саналы дайындықтың ішкі субъективті факторларын зерттеу арқылы, тұлға мен оның іс - әрекетінің күрделілігі, көп мәнділігі адамның белсенділігінің психологиялық реттеу ерекшелігі мен іс - әрекетінің өзіне тән сипатымен шарттанады. Кәсіби өзіндік анықталу, негізінен мектеп бітірушілердің мамандықты таңдауға дайындығын талдау жасаумен шектеледі. Кәсіби өзіндік анықталу процесі мамандықты таңдаумен шектелмейді.

1 Қазіргі терминологияда қолданылып жүрген психология деген атауды автор псикологие деп жазыпты.

Мамандықты таңдауды нақтылау мәселесі уақыт өткен сайын адамның өмір сүру барысында пайда болып отырады. Кәсіби өзіндік анықталу процесі жасөспірімдік кезеңде аяқталмайды. Себебі, оқушыларда кәсіби ниеттенудің орнықсыздығына әкеледі. Сондықтанда кәсіби өзіндік анықталу процесін жүйелі басқару қажеттігі туындайды. Мамандықты саналы таңдау жоғары сынып оқушыларының өзінің психикалық ерекшеліктерін байқауына және оның өзіндік бағалау ерекшеліктеріне байланысты. Жоғары сынып оқушыларына дер кезінде дұрыс кәсіби бағыт бағдарды ұйымдастыра білу, кәсіби таңдауларына жетекшілік жасау, көмектесу олардың жеке бастарының сапалы өзгерістеріне әкеледі, яғни еңбекке, адамдарға деген қатынастары өзгереді, кәсіби қызығуларыныңары қарайғы дифференциясы өтеді, өмірлік болашақ туындайды. Соның негізінде олардың өзіндік сана сезімдері мәнді өзгереді: өзін еңбек субъектісі ретінде түсінуі қалыптасады, еңбекке, сол мамандықты меңгеруге қатысты мүмкіндіктерін бағалаулары жасалынады. Осыған байланысты Жұпаргүл Жұмабайқызы зерттеу мақсатына орай келесі зерттеу міндеттерін қойды:

  • кәсіби өзіндік анықталу мен өзіндік бағалау мәселелерін теориялық зерттеу;
  • жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдарлануына байланысты, қызығулары, кәсіби информациялығы, кәсіби жоспарлары, мамандық таңдау мотивтері, кәсіби өзіндік анықталу мәселелерін теориялық - эксперименттік зерттеу және оларды қалыптастырудың психологиялық - педагогикалық негізін жасау;

Тұлғалық таңдау мен өзіндік детерминация сұрақтарын қамтыған бұл жұмыста мектеп бітірушілердің кәсіби өзіндік реттеу жүйелерін, адекватты жоғары өзіндік бағалауды дамыту кәсіби өзіндік анықталудың негізгі мазмұнына жағымды әсер етіп, мамандық таңдау мотивтерін нақтылайды. Мамандық таңдауды анықтайтын факторлардың ішіндегі ең маңыздысы сол кәсіпке деген нақты көрінген қызығулар жүйесі жатады. Сонымен, жасөспірімдердің өзіндік бағалау ерекшеліктері мен мамандық таңдаулары өзара байланыста бола отырып, кәсіби өзіндік анықталуға мәнді әсер етеді деп көрсете кетті.

Мамандық таңдаудағы ең басты мәселе бірі еңбекке даярлау. Соған байланысты Әли Мүсілімов «Оқушыларды еңбекке даярлаудың ғылыми - педагогикалық негіздері» атты еңбегінде егер білім саласын дамытуға бағытталған әдіснамалық, педагогикалық теорияларды басшылыққа ала отырып, оқушыларды кәсіби еңбекке даярлаудың жаңа технологияларын пайдаланса, тұжырымдамалары мен бағдарламалардың, білім стандартының талаптары оқу - тәрбие үрдісінде дұрыс қолданылса, онда оқушыларды кәсіби еңбекке даярлау жүйесі өзінің жаңа сапалық деңгейіне көтеріледі, өйткені әр баланың жеке бастың құндылықтары мен бейімділігі, еңбекке деген ынта - ықыласы ескеріліп, олардың іскерлік қабілеттерін дамытуға психологиялық, педагогикалық тұрғыда зер салынады - деп атап кетті.

Бүгінгі таңдағы әлеуметтік - экономикалық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты жағдаяттар білім беру ұйымдарының түлектеріне елеулі жоғары талаптарды жүктейді. Соған байланысты Бортко Т. Г «Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы жоғары сынып оқушыларын бағдарлы оқыту» еңбегінде шығармашылық іс -әрекет тәжірибесімен қаруланған, бүгінгі өзгермелі жағдайларда бағдарлана алуға дайын адамды дамыту керек деп есептейді. Педагогикалық - психологиялық әдебиеттерде білім мазмұнын бағдарлы саралаудың мәні «оқушылардың орнықты мүддесі, қабілеттілігі, бейімділігі аясында олардың осы қасиеттерін таңдап алған бағыттарында мүмкіндігінше дамыту мақсатымен мамандыққа бағыттау болып табылады. »

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік бағдардың тәрбиелік сипаты
Мектепте кәсіби бағдар беруді жүзеге асырудың формалары
Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу
Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру
Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің теориялық негіздері
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің жұмысын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Кәсіптік бағдар берудің психологиялық мәселелерін анықтау
Кәсіби бағдар берудің мазмұны
Қазіргі тәрбие құндылықтары бейнесінде оқушыларды еңбекпен тәрбиелеу
Жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдарына тұлғалық ерекшеліктерінің әсерін қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz